Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 18 маусымдағы № 457 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорынан қаражат төлеудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 15 сәуiрдегi № 342 қаулысы.
2. "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қарашадағы № 1126 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" 2003 жылғы 31 наурыздағы № 1051 Жарлығын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 27 маусымдағы № 623 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы.