"Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi ұйымдардың қаржылық көрсетілетін қызметтердi сатып алуының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 960 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 393 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi ұйымдардың қаржылық көрсетілетін қызметтердi сатып алуының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 960 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:

      "1-2. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыйақы алу мақсатында уақытша бос бюджет қаражатын Ұлттық пошта операторындағы және (немесе) екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге және басқа да қаржы құралдарына орналастыруына мемлекеттік қазынашылықпен келісу бойынша жол беріледі.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі О. Бектенов