Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақсуат ауданының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі;
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Петропавл қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі;
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Үлкен Нарын ауданының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі;
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Марқакөл ауданының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі;
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Мақаншы ауданының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі;
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Жаңасемей ауданының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) міндеттері:
өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, арыздары мен шағымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының петицияларын өз құзыреті шегінде қарау;
жолданымдарды қабылдау және тіркеу, оларды және оларға қоса берілген құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу, формалды қателерді жоюға және қоса берілетін құжаттарды толықтыруға мүмкіндік беру;
әкімшілік рәсімге қатысушыға оның әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;
әкімшілік рәсімге қатысушыны өткізілетін тыңдау орны мен уақыты туралы күні бұрын хабардар ету;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік рәсім бойынша шешім қабылдау алдында әкімшілік рәсімге қатысушыны тыңдау;
әкімшілік актіні Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік рәсімге қатысушының не оның өкілдерінің назарына жеткізу;
Министрлік ведомстволарының, олардың аумақтық органдарының, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру;
Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің және Үкіметінің тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;
қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.";
225) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
226) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
226) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы нұсқамалар береді және олардың орындалуын бақылайды;";
335) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"мыналарды:
мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандарын;
асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктердің нысандарын және оларды беру (жою) тәртібін;
асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) тәртібін;
асыл тұқымды жануардың жеке карточкасының, сондай-ақ селекциялық процеске тартылған ауыл шаруашылығы жануары карточкасының нысаны мен оларды толтыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
411), 412), 413) және 414) тармақшалар мынадай редакциядан жазылсын:
"411) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласында ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік саясатты, ғылым және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы ғылыми-технологиялық саясатты іске асыруға, тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруге қатысады;
412) тиісті салада іргелі және (немесе) қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыруға қатысады;
413) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастырады және олардың тиісті салада іске асырылуын жүзеге асырады;
414) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тиісті салада орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар жөніндегі есептерді бекітеді;";
416) тармақша алып тасталсын;
417) тармақша мынадай редакциядан жазылсын:
"417) ұлттық ғылыми кеңестердің құрамдарына қосу үшін кандидатуралар бойынша ұсыныстарды ғылым саласындағы уәкілетті органға енгізеді;
мынадай мазмұндағы 418-1) тармақшамен толықтырылсын:
"418-1) ғылыми-техникалық кеңесті құрады және оның ережесін бекітеді;";
419) және 420) тармақшалар мынадай редакциядан жазылсын:
"419) базалық қаржыландыру субъектілері мен іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбелерін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды ғылым саласындағы уәкілетті органға енгізеді;
420) ғылымды қаржыландыру қағидаларын әзірлеуге қатысады;";
мынадай мазмұндағы 420-1) тармақшамен толықтырылсын:
"420-1) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;";
482) тармақша алып тасталсын;
483) тармақша мынадай редакциядан жазылсын:
"483) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салалық біліктілік шеңберлерін әзірлейді және (немесе) жаңартады;";
мынадай мазмұндағы 483-1), 483-2), 483-3), 483-4), 483-5), 483-6) және 483-7) тармақшалармен толықтырылсын:
"483-1) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
483-2) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жібереді;
483-3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша жыл сайынғы негізде ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастырады;
483-4) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
483-5) реттелетін салалардағы кәсіптік стандарттарды әзірлейді және (немесе) жаңартады;
483-6) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды бекітеді;
483-7) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 508-135), 508-136), 508-137), 508-138), 508-139), 508-140), 508-141) және 508-142) тармақшалармен толықтырылсын:
"508-135) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлердi дамыту жөніндегі ұсыныстарды дайындайды және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;
508-136) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлейді және бекiтедi, паспорттардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органда тiркелуiн (қайта тiркелуiн) жүзеге асырады;
508-137) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және өздерінің қарауындағы осындай аумақтарды кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердің жобаларын мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудi қамтамасыз етіп және осы негiздемелердi кейiннен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның бекiтуiне енгiзе отырып әзiрлеудi ұйымдастырады;
508-138) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзiрлеудi ұйымдастырады және бекiтедi;
508-139) өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылықты жүзеге асырады, оларды күзетудi, қорғауды және қалпына келтiрудi, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз етедi;
508-140) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзуге қатысады;
508-141) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органға ғылыми табиғи объектілерге "Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік" мәртебесін беру туралы ұсыныстар енгізеді;
508-142) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері саласындағы ашық ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді;";
Министрліктің және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы 102-1-тармақпен толықтырылсын:
"102-1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақсуат ауданының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі";
мынадай мазмұндағы 165-1-тармақпен толықтырылсын:
"165-1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Петропавл қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.";
мынадай мазмұндағы 254-1 және 254-2-тармақтармен толықтырылсын:
"254-1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Үлкен Нарын ауданының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.
254-2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Марқакөл ауданының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.";
мынадай мазмұндағы 278-2 және 278-3-тармақтармен толықтырылсын:
"278-2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Мақаншы ауданының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.
278-3. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Жаңасемей ауданының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.".
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |