Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік):
1) азаматтардың денсаулығын сақтау;
2) медицина және фармацевтика ғылымы, білім беру және өнеркәсіп;
3) дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы және оның айналысын бақылау;
4) медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасын бақылау;
5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, техникалық регламенттерде және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау;
6) тамақ өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі;
7) биологиялық қауіпсіздік салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";
88) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"88) бюджеттік жоспарлау жөніндегі және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдармен келісу бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына бюджет қаражатын жоспарлау және бөлу қағидаларын, медициналық көмек көрсетуге арналған қаражат бойынша есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 323-72), 323-73), 323-74), 323-75), 323-76), 323-77), 323-78) және 323-79) тармақшалармен толықтырылсын:
"323-72) денсаулық сақтау саласындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
323-73) азаматтарға құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік препараттарды босату құқығы берілген лауазымдар мен ұйымдар тізбесін есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және ветеринария саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындау;
323-74) ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесіне сәйкес айқындалатын ресми статистикалық және өзге де ақпаратты ашық қолжетімді орналастыру арқылы қоғам мен мемлекетті денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз ету;
323-75) мерзімінен бұрын жазылып шыққан ретінде сот қаулысымен шығарылғандардан басқа, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты мәжбүрлеп емдеуде болған адамдардың психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымнан шығарылғаннан кейін демеп емдеуден өту тәртібін айқындау;
323-76) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша зерттеулер, консалтингтік көрсетілетін қызметтер құнының тәртібін айқындау;
323-77) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік тапсырма құнының тәртібін айқындау;
323-78) заңды тұлғаларға трансферттер бөлу арқылы бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына шығыстарды жоспарлау, бюджет қаражатының пайдалану туралы есептілік жасау тәртібін, оның нысандары мен ұсынылу мерзімдерін, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды бюджеттік жоспарлау жөніндегі және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;
323-79) нысаналы жарнаның пайдаланылуы туралы есептілікті жасау тәртібін, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы жарнаны пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындау;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |