"Қазгидрогеология" ұлттық гидрогеологиялық қызметі" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 313 қаулысы.

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес" Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазгидрогеология" ұлттық гидрогеологиялық қызметі" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – КеАҚ) құрылсын.

      2. КеАҚ қызметінің негізгі нысаналары жерасты су ресурстарын басқаруды цифрландыру, гидрогеология және геосүзілу модельдері саласындағы дерекқорларды және тұрақты жұмыс істейтін геоақпараттық жүйелерді, цифрлық, картографиялық дерекқорларды және Жерді қашықтықтан зондтау деректерін қолдана отырып, оларды басқару жүйелерін құру болып айқындалсын.

      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміндегі республикалық мүлік есебінен КеАҚ жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) КеАҚ жарғысын бекітуді;

      2) басқару органдары құрылғанға дейiн КеАҚ атынан мемлекеттiк тіркеуге арналған құжаттарға қол қоюға, қаржы-шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға және үшiншi тұлғалардың алдында оның мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттi тұлғаны сайлауды;

      3) КеАҚ-ны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      4) Қазақстан Республикасы Су шаруашылығы және ирригация министрлігіне КеАҚ-ның мемлекеттік акциялар пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын беруді;

      5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі​
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 23 сәуірдегі
№ 313 қаулысына
қосымша

"Қазгидрогеология" ұлттық гидрогеологиялық қызметі" коммерциялық емес акционерлік қоғамының жарғылық капиталын қалыптастыруға арналған республикалық мүліктің тізбесі

Р/с

Атауы

Мекенжайы

Ауданы, шаршы метр

Кадастрлық нөмірі

1.

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының жертөле қабаты

Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Пушкин көшесі, 25/5

280,2 м2

21:324:062:1468:1

2.

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының 1-ші қабаты

285,1 м2

3.

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының 1-ші қабатына жапсаржай

64,9 м2

 
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 23 сәуірдегі
№ 313 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-214-жолмен толықтырылсын:

      "21-214. "Қазгидрогеология" ұлттық гидрогеологиялық қызметі" коммерциялық емес акционерлік қоғамы".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік саны 408-2-жолмен толықтырылсын:

      "408-2. "Қазгидрогеология" ұлттық гидрогеологиялық қызметі" коммерциялық емес акционерлік қоғамы".

      3. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысында:

      Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-2) "Қазгидрогеология" ұлттық гидрогеологиялық қызметі" коммерциялық емес акционерлік қоғамы".