Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы N 863 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 318 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы ереже;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 10.07.2024 № 541 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 10.07.2024 № 540 қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі мемлекеттік қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне берсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министр
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 4 қазандағы
№ 863 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру және ирригация аясындағы (бұдан әрі – реттелетін сала) бақылау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруда және іске асыруда, басқару процестерін үйлестіруде басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:

      Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті;

      Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 10.07.2024 № 540 қаулысымен.

      3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Министрліктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты.

      10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

      12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілетттері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру;

      2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың Министрліктің құзыретіне жатқызылған қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      3) Министрліктің құзыретіне жатқызылған салалардағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;

      4) су ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және қалпына келтіру;

      5) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласында ақпарат тарату және ағарту жүйесін дамыту;

      6) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету, су ресурстарын басқару саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

      7) реттелетін салада мемлекеттік басқару және мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

      8) су қорын сақтау;

      9) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша басшылық ету және салааралық үйлестіру;

      10) су ресурстарын басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру;

      11) су ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру;

      12) су ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

      13) өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан ақпарат сұрату;

      өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатқызылмаған мәселелер бойынша дербес шешімдер қабылдау;

      Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне Министрлік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      өз құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді және нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды қабылдау;

      нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу немесе осындай актілердің бастамашыл жобаларын уәкілетті органдардың қарауына беру;

      орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға олар қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;

      Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдік және жергілікті сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тарту;

      халықаралық шарттар (келісімдер) жасасу жөнінде ұсыныстар енгізу, шет елдердің тиісті ведомстволарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізу, шарттар (келісімдер) жасасу;

      реттелетін салаларда орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен меморандумдар (келісімдер) жасасу;

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтар мен міндеттер;

      2) міндеттілігі:

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, Заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;

      жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қабылдау және қарау;

      тексерілетін субъектілерді тексеру санының, сондай-ақ тексеру парақтарына және оларға қабылданған әкімшілік ықпал ету шараларына сәйкес анықталған бұзушылықтардың ведомстволық есебін жүргізу;

      заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) реттелетін салада стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады;

      2) реттелетін саладағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді;

      3) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес қызметке функционалдық талдау жүргізеді;

      4) шағымдалатын мәселелер шегінде су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның тексеру нәтижелері туралы актісіне шағымдарды қарайды;

      5) өтініш берушілер көтеретін жүйелік проблемаларды талдауды және анықтауды жүзеге асырады;

      6) реттелетін салада мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

      7) нормативтік құқықтық актілерді, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды орындайды, реттелетін саладағы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізеді;

      8) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің әзірленген жобаларын оларға түсіндірме жазбалармен және салыстырма кестелермен бірге орналастырады (заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) және мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібереді;

      9) қоғамдық кеңестерді құрады және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында консультациялық құжаттың немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасының жария талқылауға орналастырылуы туралы және хабардар етеді;

      10) қоғамдық кеңестердің ұсынымдарын қарайды, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайды және уәжді жауаптар береді;

      11) қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      12) Министрлік құратын қоғамдық кеңестің қоғамдық тыңдаулар өткізу мерзімдерін келіседі;

      13) Министрліктің қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған жұмысының нәтижелері туралы қоғамдық кеңеске есеп береді;

      14) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерін және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және олардың күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

      15) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      16) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында жұмылдыру дайындығына және жұмылдыруға жауапты болады, сондай-ақ жұмылдыру органдарының қызметкерлеріне өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы үшін қажетті жағдайлар жасайды;

      17) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау іс-шараларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

      18) төтенше жағдайлар туындауының алдын алу және оларды жою, олар туындаған жағдайда залал мен шығын мөлшерін азайту, сондай-ақ төтенше жағдайларда объектілердің жұмыс істеуінің орнықтылығы мен қауіпсіздігін арттыру жөнінде жедел шаралар қабылдайды;

      19) ведомстволық бағынысты ұйымдардың ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу жөніндегі қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      20) террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;

      21) реттелетін салада ғылыми-техникалық және кадр саясатын жүргізеді;

      22) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      23) мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыруды, қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

      24) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

      25) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді;

      26) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың жолданымдарын қарайды;

      27) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдайды;

      28) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру процесін бағалауды жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыру бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпарат беруді қамтамасыз етеді;

      29) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызмет енгізілгеннен кейін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша оны көрсетуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық форматқа көшіру жөнінде шаралар қабылдайды;

      30) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпарат беруді қамтамасыз етеді;

      31) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділігін ұсынады;

      32) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығына ұсынады;

      33) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізеді;

      34) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтауын қамтамасыз етеді;

      35) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша техникалық регламенттерді әзірлеуді, бекітуді, күшін жоюды, тоқтата тұруды, сондай-ақ Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді жүзеге асырады;

      36) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;

      37) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптамалық кеңестер құрады және олардың құрамын бекітеді;

      38) техникалық регламенттердің талаптарын іске асыру үшін нормативтік техникалық құжаттар қолданылған жағдайда, Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды ұлттық стандарттар ретінде әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      39) реттелетін салада біліктілік талаптарын бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін әзірлейді, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі, сондай-ақ оларды бекітеді;

      40) жетекшілік ететін салада мемлекеттік бақылау жүргізу бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын және тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;

      41) тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін бекітеді;

      42) реттелетін саладағы мемлекеттік бақылау тиімділігінің мониторингін жүзеге асырады;

      43) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша техникамен және жабдықтармен материалдық-техникалық жарақтандырудың заттай нормаларын, пайдалану шығындары үшін материалдар шығысының нормаларын, химиялық реактивтер мен зертханалық ыдыстардың, далалық керек-жарақ пен арнайы киім-кешектің тиістілік нормаларын, Министрлік пен оның аумақтық ведомстволары жұмыскерлерінің уақыты мен жүктемесінің нормаларын әзірлейді және бекітеді;

      44) даму жоспарын іске асыру туралы жыл сайынғы есепті жасайды және оны есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей бірінші басшының (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) қолын қойғызып, интернет-ресурста орналастырады;

      45) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      46) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын, сондай-ақ функцияларын жүзеге асырады;

      47) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік заңды тұлғаларға, п салада мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға атау беру, оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және оларға жеке адамдардың есімдерін беру туралы шешім қабылдайды;

      48) Министрліктің бюджеттік бағдарламаларын әзірлейді, бекітеді және қайта бекітеді;

      49) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

      50) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік субсидиялардан экономикалық тиімділікті айқындау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

      51) қажет болған жағдайларда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша өз жүйесінің мемлекеттік мекемелерінде бухгалтерлік есеп бойынша жалпы ережелерді олардың қызметінің ерекшелігін ескере отырып және мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізудің белгіленген тәртібін сақтай отырып қолдану тәртібі туралы нұсқаулар шығарады;

      52) бюджеттік мониторингті және оның нәтижелері туралы есепті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ұсынуды жүзеге асырады;

      53) тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;

      54) Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын мүліктің жекелеген түрлері туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті өкілді немесе атқарушы органдарымен келісу бойынша ортақ пайдаланылатын мүлікті пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      55) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарайды, келіседі және бекітеді;

      56) өздеріне қатысты Министрлік басқару органы болып табылатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

      57) реттелетін салада республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен республикалық мемлекеттік мекемелерді басқаруды жүзеге асырады;

      58) реттелетін саладағы республикалық мемлекеттік мекемелердің жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

      59) реттелетін саладағы республикалық заңды тұлғаның жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;

      60) реттелетін салада республикалық мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;

      61) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлер санының салалық нормативтерін әзірлейді және бекітеді;

      62) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімдерін әзірлейді және бекітеді;

      63) орталық және жергілікті атқарушы органдардың реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүргізеді;

      64) халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын және Қазақстан Республикасының құқықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ халықаралық шарттардың басқа қатысушыларының өз міндеттемелерін орындауын қадағалайды;

      65) реттелетін салада Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын іске асыруды жүзеге асырады;

      66) су ресурстарын және су шаруашылығы баланстарын кешенді пайдаланудың, қорғаудың бас және бассейндік схемаларын әзірлеу және бекіту тәртібін айқындайды;

      67) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      68) аумақтық суларда жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      69) су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру тәртібін айқындайды;

      70) су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенімгерлік басқаруға беру тәртібін айқындайды;

      71) ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      72) суларды бастапқы есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      73) су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістемені әзірлейді және бекітеді;

      74) экономиканың жекелеген салалары үшін су тұтыну мен су бұрудың ірілендірілген нормаларын әзірлейді және бекітеді;

      75) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      76) жер үсті су объектілері жай-күйінің нысаналы көрсеткіштерін және оларға қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу әдістемесін әзірлейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді;

      77) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су қатынастарын реттеу, трансшекаралық суларды ұтымды пайдалану және қорғау мәселелері бойынша шектес мемлекеттермен ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      78) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша су объектілеріне шекті жол берілетін зиянды әсерлердің нормативтерін белгілейді;

      79) республика облыстары арасындағы су қатынастарын реттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      80) бөгеттердің қауіпсіздігі саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

      81) бассейндер мен облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бөлінісінде су пайдалану лимиттерін бекітеді;

      82) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекітеді;

      83) су объектілерін және ауызсумен жабдықтау көздерін пайдалану режимін бекітеді;

      84) гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстарын паспорттауды жүргізу тәртібін, сондай-ақ паспорттың нысанын белгілейді;

      85) су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      86) республикалық маңызы бар сауықтыру мақсатындағы су объектілерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      87) су объектілеріне шекті жол берілетін зиянды әсерлердің нормативтерін әзірлеу және бекіту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      88) тікелей су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      89) су шаруашылығы, гидромелиорациялық жүйелер мен құрылыстарды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      90) Қазақстан Республикасының Үкіметіне республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін айқындау жөнінде ұсыныс енгізеді;

      91) бөгеттерді декларацияланатындарға жатқызу өлшемшарттарын айқындайтын қағидаларды және бөгеттің қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      92) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздік өлшемшарттарын, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздік өлшемшарттарын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      93) гидротехникалық құрылыстар мен негізгі жабдықтарды көп факторлы тексеруді орындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      94) суларды мемлекеттік есепке алуды және оларды пайдалануды, мемлекеттік су кадастрын және су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды, суларды және оларды пайдалануды мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттік су кадастрын және су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;

      95) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;

      96) өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      97) өз құзыреті шегінде су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық қызмет режиміне қойылатын талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      98) жеке және заңды тұлғалар жүргізетін, су объектілерінің сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау іс-шараларын келіседі;

      99) су объектілерінің ақпараттық дерекқорын құрады және оған барлық мүдделі тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      100) Қазақстан Республикасының Су кодексінде белгіленген тәртіппен арнаулы су пайдалануға рұқсат беруді, оның қолданылуын тоқтата тұруды, ұзартуды және қайта ресімдеуді, сондай-ақ арнаулы су пайдалану құқығын тоқтатуды жүзеге асырады;

      101) мүдделі жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік су кадастрында қамтылған ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      102) су шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды дайындайды және іске асырады;

      103) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытынды береді;

      104) табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есебін қарау қорытындысы бойынша белгіленген тәртіппен табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларының орындалуын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы өз қорытындысын жібереді;

      105) елді мекендерден тыс жерлерде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;

      106) республикалық меншіктегі су объектілерін, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды ұйымдастырады;

      107) елді мекендерден тыс жерлерде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалау, іздестіру, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады;

      108) су ресурстарын пайдаланудың жол берілетін деңгейі тұрғысында орталық атқарушы органдар әзірлеген өндіргіш күштер мен экономика салаларын дамыту және орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану мен қорғау болжамдарын келіседі;

      109) су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келіседі;

      110) су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларының, оларда және ерекше қорғалатын су объектілерінде шаруашылық қызметтің белгіленген режимінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      111) трансшекаралық сулар туралы халықаралық келісімдердің шарттары мен талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      112) су тұтыну және су бұру лимиттерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      113) су жинау құрылыстарын, су шаруашылығы жүйелері мен су қоймаларын пайдалану қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      114) су объектiлерiнен алынатын және оларға ағызылатын су мөлшерiнің бастапқы есебін жүргiзудiң дұрыстығын, суды тұтыну мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйiн және мемлекеттiк аттестаттау мерзiмдерiнiң сақталуын, су пайдаланушылардың белгiленген есептiлiк мерзiмдерiн сақтауын;

      115) жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға арналған рұқсаттарда белгіленген шарттар мен талаптарды, сондай-ақ судың зиянды әсеріне (су тасқыны, су басу, су кету, жағалардың қирауы және басқа да зиянды құбылыстарға) қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды орындауын бақылауды жүзеге асырады;

      116) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген су объектілерін оқшауланған және бірлесіп пайдалануға беру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      117) су объектілерін өз бетінше пайдалануға жол бермеуді бақылауды жүзеге асырады;

      118) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық құжаттаманың болуын және оған экономика салалары объектілерін салудың, реконструкциялаудың, техникалық қайта жарақтандырудың және су объектілерін, олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерін пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметтің сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;

      119) жалпы республика бойынша негізгі өзендер мен басқа да су объектілерінің бассейндері бойынша су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемаларын әзірлейді;

      120) бассейндік схемаларға сәйкес бассейндер мен облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде он жылдық кезеңге су пайдалану лимиттерін белгілейді;

      121) бассейндік қағидат негізінде гидрографиялық бассейннің су ресурстарын кешенді басқаруды жүзеге асырады;

      122) су қатынастары субъектілерінің су ресурстарын пайдалану жөніндегі қызметін үйлестіруді оң экономикалық тиімділікке, ақылға қонымды, әділ және экологиялық орнықты су пайдалануға қол жеткізу мақсатында жүзеге асырады;

      123) тиісті бассейн шегінде су объектілерін қалпына келтіру және қорғау туралы бассейндік келісімдерді дайындауды және іске асыруды жүзеге асырады;

      124) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бассейндер бойынша су объектілерінің мемлекеттік есебін, мемлекеттік су кадастрын және мемлекеттік мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;

      125) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының тиісті бассейннің су объектілерін ұтымды пайдалану жөніндегі жоспарларын келісуді жүзеге асырады;

      126) судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындардың және басқа да құрылыстардың құрылыс орнын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды келісуді жүзеге асырады;

      127) пайдалы қазбаларды, су өсімдіктерін өндіру бойынша құрылыс, түбін тереңдету, жару жұмыстарын жүргізу, кәбілдерді, құбырларды және басқа да коммуникацияларды төсеу, орман кесу, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау белдеулері мен аймақтарында бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргізу туралы құжаттарды келісуді жүзеге асырады;

      128) су пайдаланушылардың су объектілерін сақтау, олардың жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарларын келісуді жүзеге асырады;

      129) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың басталуы салдарынан туындаған зардаптарды жою жөніндегі жұмыстарға қатысады;

      130) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар және бастапқы су пайдаланушылар бөлінісінде су пайдалану лимиттерін белгілейді;

      131) су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;

      132) тиісті бассейн суларын кешенді пайдалану және қорғау схемаларын, су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын келіседі;

      133) тиiстi бассейн бойынша су шаруашылығы баланстарын әзiрлеуге қатысады;

      134) су объектілерін оқшауланған және бірлесіп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды, олардағы су пайдалану шарттарын келіседі;

      135) су қорын ұтымды пайдалану және қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс, судың жай-күйі мен сапасын жақсарту жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар етеді;

      136) реттелетін саладағы мәселелер бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

      137) су қорын ұтымды пайдалану және қорғау ісінде халықты ағарту және тәрбиелеу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;

      138) арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалайды;

      139) салық органына ұсынылғанға дейін жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық есептілігін куәландыруды жүзеге асырады;

      140) бассейндік кеңестің жұмысын, бассейндік кеңестің мүшелерімен бассейн аумағындағы су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша консультациялар өткізуді, бассейндік кеңес дайындаған ұсынымдарды талдауды, оларды іске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруды, бассейндік кеңестің ұсынымдарын мүдделі мемлекеттік органдар мен су пайдаланушыларға жеткізуді ұйымдастырады;

      141) облысаралық, өңіраралық, мемлекетаралық су объектілері бойынша су алу және су бөлу жоспарларын әзірлейді және олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      142) бірлесіп пайдаланылатын су қоймаларының, салааралық, облысаралық және мемлекетаралық маңызы бар ірі су қоймаларының жұмыс режиміне бақылауды жүзеге асырады;

      143) жеке және заңды тұлғалардың оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға берілген су объектілерін пайдалану кезінде белгіленген су сервитуттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      144) реттелетін салада белгiленген нормалар мен ережелердi бұзып жүзеге асыратын су шаруашылығы объектiлерi мен өзге де объектiлердi қаржыландыруды, жобалауды және салуды тоқтату туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен талаптар қояды;

      145) кінәлілерді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тарту үшін Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзу туралы материалдарды құқық қорғау органдарына және сотқа береді;

      146) Қазақстан Республикасының су заңнамасы бұзылған жағдайда мемлекетке келтірілген залалды өтеу туралы сотқа талап-арыз береді;

      147) меншік иелерінің су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс режимін, сондай-ақ бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      148) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасын келіседі;

      149) су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт үшін орын белгілеуді келіседі келіседі;

      150) тіркеу шифрларын беру үшін бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын тіркейді;

      151) ағаш ағызу үшiн пайдаланылатын су объектiлерiнiң тiзбесiн және оларды тазарту тәртiбiн келіседі;

      152) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттауды жүргізеді;

      153) су объектілерінде және (немесе) су қорғау аймақтарында (су қорғау белдеулерінен басқа) жаңа объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін және коммуникацияларды) жобалау, салу және орналастыру, сондай-ақ олар алып жатқан жер учаскелері су қорғау аймақтарына және белдеулерге немесе өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызылғанға дейін тұрғызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялауды (кеңейтуді, жаңғыртуды, техникалық қайта жарақтандыруды, қайта бейіндеуді) келіседі;

      154) реттелетін саладағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын тұжырымдауға қатысады;

      155) стратегиялық объектіні сатып алуға басым құқықты іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын әзірлейді;

      156) мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      157) заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. Министрліктің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Министрлікке басшылықты Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. Министрліктің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

      18. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдарға тағайындалатын және лауазымдарынан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Министрлік реттейтін салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдайды;

      2) өз қызметінде өзі бақылайтын комитеттердің басшыларын лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

      3) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;

      4) Министрліктің бұйрықтарына қол қояды;

      5) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;

      6) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және бұрыштама қояды;

      7) ведомстволар актілерінің қолданылуын толығымен немесе бір бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;

      8) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;

      9) өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      20. Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

      22. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын аппарат басшысы басқарады.

4-тарау. Министрліктің мүлкі

      23. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Министрліктің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 10.07.2024 № 540; өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 10.07.2024 № 541 қаулыларымен.

      1. Министрлік:

      1) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 10.07.2024 № 541 қаулысымен;

      2) "Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      3) "Қазгидрогеология" ұлттық гидрогеологиялық қызметі" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      4) "Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      5) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      6) "Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 10.07.2024 № 540 қаулысымен.

      1. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      6. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      7. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      8. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 4 қазандағы
№ 863 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне" деген бөлімде:

      "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті" деген кіші бөлім алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне:

      408. "Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік):

      1) агроөнеркәсіптік кешен;

      2) суармалы егіншілік және агромелиорация;

      3) жер ресурстары;

      4) акваөсіру бөлігінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану салаларында басшылықты;

      5) сондай-ақ заңнамада көзделген шекте өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";

      15-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мынадай салаларда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады:

      өсімдіктер карантині;

      өсімдіктерді қорғау;

      селекция және тұқым шаруашылығы;

      ветеринария;

      балара шаруашылығы;

      жайылымдарды пайдалану және қорғау;

      акваөсіру бөлігінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мынадай салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады:

      жайылымдарды басқару, суландыру, пайдалану және оларды жүзеге асыруды ұйымдастырады;

      машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі;

      агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;

      тұқым шаруашылығы;

      балара шаруашылығы;

      ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі;

      өсімдіктер карантині;

      өсімдіктерді қорғау;

      ветеринария;

      асыл тұқымды мал шаруашылығы;

      акваөсіру бөлігінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану;

      органикалық өнім өндіру және оны жүзеге асыруды ұйымдастыру;

      биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу және қолдау;";

      мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "21-1) инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      52) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "52) мыналарды:

      мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды;

      асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды;

      акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіру шаруашылығын дамытуды;

      өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды;

      ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын;

      ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын;

      отандық ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу үлесін ұлғайтуды;

      агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін;

      ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды;

      агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін;

      облигациялар бойынша купондық сыйақыны;

      ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды әзірлеуге және ендіруге арналған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;".

      3. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі №339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      қызмет бабында пайдалану үшін.

      4. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) қоршаған ортаны қорғау, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, "жасыл экономиканы" дамыту, қалдықтармен жұмыс істеу (медициналық, биологиялық және радиоактивті қалдықтарды қоспағанда), табиғи ресурстарды қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау, орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану, қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту салаларында (бұдан әрі – реттелетін салалар) мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, басқару процестерін үйлестіру салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";

      2-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      13-тармақтың 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) орманды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша басшылық жасау және салааралық үйлестіру;

      11) орманды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру;

      12) орманды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру;

      13) орманды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

      14) орманды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету;";

      15-тармақта:

      143), 144), 145), 146), 147), 148), 149), 150), 151), 152), 153) тармақшалар алып тасталсын;

      154) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "154) жерүсті су объектілері жай-күйінің нысаналы көрсеткіштерін және оларға қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу әдістемесін әзірлейді және су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді;";

      155), 155-1), 235), 236) тармақшалар алып тасталсын;

      278) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "278) су объектілеріне шекті жол берілетін зиянды әсерлердің нормативтерін келіседі;";

      279), 280), 281), 282), 283), 284) тармақшалар алып тасталсын;

      285) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "285) республикалық маңызы бар сауықтыру мақсатындағы су объектілерінің тізбесін су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру және ирригация аясындағы бақылау саласындағы уәкілетті органға ұсынады;";

      286), 287), 288), 289), 290), 291), 292), 293), 294) тармақшалар алып тасталсын;

      317) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "317) халықаралық шарттарды іске асыруды қоса алғанда, орман қатынастарын басқару, жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, өсімін молайту, пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;";

      417), 418), 419), 440) тармақшалар алып тасталсын;

      535) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "535) жерүсті су объектілері үшін су объектілеріндегі су сапасын сыныптаудың бірыңғай жүйесі негізінде олардағы су сапасының нормативтерін келіседі;";

      536), 537), 538), 539), 540), 540-1), 540-2), 541), 542), 543), 544), 545), 546), 547), 548), 549), 550), 551), 552), 553), 554), 555), 556), 557), 558), 559), 560), 561), 562), 563), 564), 565), 567), 568), 569), 570), 571), 572), 573), 574), 575), 576), 577), 578), 579), 580), 581), 582), 583), 584), 586) 587), 588), 589), 590), 591), 593) және 595) тармақшалар алып тасталсын;

      Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті" деген бөлім алып тасталсын;

      Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің тізбесінде:

      21, 22, 23, 24, 25, 26, 27 және 28-тармақтар алып тасталсын.