"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 218 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 826 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.10.2024 № 826 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамында:

      реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі.";     

      реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі.";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 23-1-жолмен толықтырылсын:

      "23-1. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі.";

      реттік нөмірі 33-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Құлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы – "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің төрағасы (келісу бойынша).";

      реттік нөмірі 34-жол алып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов