Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынуы немесе онымен келісу бойынша лауазымға тағайындалатын немесе лауазымнан босатылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және өзге де ұйымдарының тізімінде:
реттік нөмірі 9-жол алып тасталсын;
2) "Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысында:
7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісінше 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 және 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілерінің және ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелеріне енгізілген ұйымдар акцияларының (қатысу үлестерінің) бақылау пакетін сақталып қалуды қамтамасыз етсін.
Бұл ретте осы қаулының 7-тармағы 4) тармақшасының бірінші абзацында көзделген талаптар Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасына сәйкес "Эйр Астана" акционерлік қоғамына қолданылмайды, бұл ретте шетелдік заңды тұлғаға, заңды тұлға болып табылмайтын шетелдік ұйымға, шетелдікке және (немесе) азаматтығы жоқ адамға дербес не басқа шетелдік заңды тұлғалармен, заңды тұлға болып табылмайтын шетелдік ұйымдармен, шетелдіктермен және (немесе) азаматтығы жоқ адамдармен жиынтықта Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған "Эйр Астана" акционерлік қоғамының акцияларын және (немесе) оның акциялары базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздарды "Эйр Астана" акционерлік қоғамының орналастырылған акцияларының жалпы санының қырық тоғыз және одан көп пайызынан асатын мөлшерде ("Эйр Астана" акционерлік қоғамы өзі сатып алғандарды шегергенде) тікелей және (немесе) жанама иеленуге, пайдалануға және (немесе) билік етуге тыйым салудың сақталуы шарт;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |