Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысы.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 318 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес ұйымдардың мемлекеттік акциялар пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне және оның ведомстволарына берсін.

      3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын Ереженің 15-тармағының 300) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 4 қазандағы
№ 864 қаулысына
қосымша

Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне және оның ведомстволарына берілетін заңды тұлғалардың тізбесі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      Акционерлік қоғамдар:

      "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы;

      "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;

      "Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамы.

      Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті

      Акционерлік қоғамдар:

      "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)" акционерлік қоғамы.

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер:

      "Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті

      Акционерлік қоғамдар:

      "Қазақ ғылыми-зерттеу және құрылыс пен сәулет жобалау институты" акционерлік қоғамы;

      "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамы.

      Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті

      Акционерлік қоғамдар:

      "Ұлттық геологиялық қызмет" акционерлік қоғамы.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 4 қазандағы
№ 864 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) индустрия және индустриялық даму; өнеркәсіп; тау-кен металлургия кешені; елішілік құндылықты дамыту; машина жасау; көмір, химия, жеңіл (ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен жүнін өңдеуден басқа), ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру; машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі; салалық бағытқа сәйкес химиялық өнімнің қауіпсіздігі; өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісін және бағалы металдар мен асыл тастардың айналымын реттеу; құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары; зергерлік және басқа да бұйымдар; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы; уран өндіруді қоспағанда, пайдалы қатты қазбалар бөлігінде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару; жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу, минералдық-шикізат базасын молайту; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі; тұрғын үй қатынастары; коммуналдық шаруашылық; елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік реттеу; жылу және электр энергиясын тұтыну бөлігінде жылу энергетикасы және электр энергетикасы; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу; қорғаныс өнеркәсібі; бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізуге қатысу; әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру; мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.11.2024 № 962 қаулысымен.

      2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:

      1) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті;

      2) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті;

      3) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті;

      4) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті.

      3. Министрлік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Министрліктің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Министрліктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты.

      10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) өнеркәсіп; елішілік құндылықты дамыту; тау-кен металлургия кешені; машина жасау; көмір, химия, жеңіл (ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен жүнін өңдеуден басқа), ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру; машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі; салалық бағытқа сәйкес химиялық өнімнің қауіпсіздігі; өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісі және бағалы металдар мен асыл тастардың айналымы; құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары; зергерлік және басқа да бұйымдар; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы; уран өндіруді қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бөлігінде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару; жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу, минералдық-шикізат базасын молайту; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі; тұрғын үй қатынастары; коммуналдық шаруашылық; елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру; жылу және электр энергиясын тұтыну бөлігінде жылу энергетикасы және электр энергетикасы; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу; қорғаныс өнеркәсібі салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

      2) Министрліктің құзыретiне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттiк органдарды салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;

      3) реттелетiн салаларда мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      4) реттелетiн салаларда мемлекеттiк басқару;

      5) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және ілгерілету кезінде гендерлік теңгерімді сақтау;

      6) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешеннің тиімді жүйесін құру;

      7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын заманауи әскери мақсаттағы тауарлармен (өнімдермен), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлармен (өніммен), әскери мақсаттағы жұмыстармен және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету;

      8) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының ғылыми-технологиялық және өндірістік әлеуетін өнеркәсіптің азаматтық салаларында пайдалану;

      9) мемлекетте қорғаныс қабілетін, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті арттыру және нығайту мүдделерінде қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың заманауи түрлерін жасауды қамтамасыз ету;

      10) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының экспорттық әлеуетін қолдау және одан әрі дамыту;

      11) қолданбалы зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамыту және оларды одан әрі коммерцияландыру;

      12) бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізуге қатысу және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      13) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласында басшылық ету;

      14) геология және минералдық-шикізат базасын молайту саласындағы заңнаманы жетілдіру;

      15) жер қойнауын геологиялық зерттеу, сондай-ақ жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      16) өз құзыретi шегiнде Министрлікке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.11.2024 № 962 қаулысымен.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз құзыреті шегінде орындауға міндетті құқықтық актілерді қабылдайды;

      заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;

      өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші және сарапшылық комиссиялар құрады;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарынан және жеке тұлғалардан Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады;

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға олар қабылдаған, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын актілердің күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;

      орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен реттелетін саладағы қызметтің түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар (келісімдер) жасасады;

      Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне Министрлік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      2) міндеттілігі:

      өз құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;

      Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша түсіндірмелер мен түсініктемелер береді;

      Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайларда және тәртіппен жұмыскерлерді көтермелейді, тәртіптік жазалар қолданады, материалдық жауаптылыққа тартады;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

      15. Функциялары:

      1) реттелетiн салаларда мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асыру;

      2) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын реттелетін салаларда (аяларда) мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3) экономиканың тиісті салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру кезінде бәсекелестікті дамыту және бәсекелестікке теріс ықпал ететін әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасамау жөнінде шаралар қабылдау;

      4) реттелетiн салалардағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      5) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына және тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлеу және бекіту;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастыруды жүзеге асыру;

      7) мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру;

      8) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар жасау, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;

      10) өз құзыреті шегінде реттелетін салалардағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      11) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;

      12) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      15-тармақты 12-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР Үкіметінің 16.08.2024 № 662 қаулысымен (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі).

      13) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;

      14) кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;

      15) уәкілетті орган бекіткен үлгілік ереже негізінде реттелетін салалардағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және бекіту;

      16) реттелетін салалардағы салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) өзектілендіру;

      17) реттелетін салалардағы кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру, бекіту;

      18) құзыреті шегінде тауарларды таңбалау мен қадағалау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      18-1) өз құзыретi шегiнде таңбалауға жататын тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге ішкі тұтыну үшін шығару немесе кері импорт рәсімімен орналастырылғаннан кейін оларды таңбалауға рұқсат етілетін қойма үй-жайларына қойылатын талаптарды белгілеу;

      18-2) өз құзыретi шегiнде таңбалауға жататын тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге ішкі тұтыну үшін шығару немесе кері импорт рәсімімен орналастырылғаннан кейін оларды таңбалауға рұқсат етілетін қойма үй-жайларының тізбесін бекіту;

      19) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерді талдаудың алдын ала рәсімін жүргізу;

      20) реттегіш құрал енгізілген немесе енгізілуі жоспарланып отырған жекелеген саладағы немесе мемлекеттік басқару саласындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есептерді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсыну;

      21) реттелетiн салаларда салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;

      22) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар беру;

      23) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу;

      24) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңестің құрамын әзірлеу және бекіту;

      25) Қоғамдық кеңес құру;

      26) Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      27) Министрліктің өзге де жұмыс органдарының жұмысына Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуын келісу;

      28) Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамында Министрлік өкілдігінің дербес құрамын айқындау;

      29) Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамын әзірлеу және бекіту;

      30) Қоғамдық кеңестің құрамын әзірлеу және бекіту;

      31) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      32) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актінің жобасын Қоғамдық кеңеске жіберу;

      33) Қоғамдық кеңестің қоғамдық тыңдауларды өткізу мерзімдерін келісу;

      34) Министрлік жұмысының нәтижелері туралы Қоғамдық кеңеске есеп беру;

      35) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау, сондай-ақ арыз иелері көтеретін жүйелі проблемаларға талдау жүргізу және анықтау;

      35-1) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының петицияларын өз құзыреті шегінде қарау;

      36) мемлекеттік кызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

      37) халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдармен, сондай-ақ интеграциялық бірлестіктермен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      38) шет мемлекеттермен және (немесе) халықаралық ұйымдармен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу;

      39) реттелетін салаларда кадрлар қажеттілігін айқындау;

      40) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне (жарғылық капиталға қатысу үлесіне) иелік ету және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;

      41) өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының салалық мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау және олардың жұмысын үйлестіру;

      42) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкiметiне өнеркәсіпті мемлекеттiк ынталандыру шараларының тиiмдiлiгi туралы ақпарат ұсыну;

      43) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің жай-күйі туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру;

      44) салааралық үйлестіру және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысу;

      45) индустриялық дамуды бағалауды жүзеге асыру;

      46) өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережені әзірлеу және Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне оның құрамын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу;

      47) бірыңғай индустрияландыру картасын әзірлеу және бекіту;

      48) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      49) бірыңғай индустрияландыру картасының өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын мониторингтеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      50) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға жауапты мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп бірыңғай индустрияландыру картасы бойынша жалпы үйлестіруді жүзеге асыру;

      51) отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      52) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген ұлттық даму институттарының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін әзірлеу;

      53) аумақтық кластерлердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      54) аумақтық кластерлерді дамытуда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      55) өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      56) бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісімдерді жасасу және бұзу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      57) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      58) өнеркәсіп саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлеу және бекіту;

      59) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      60) басым тауарлар тізбесін әзірлеу және бекіту;

      61) басым тауарлар тізбесіне енгізу үшін тауарды өңдеп жасау деңгейін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      62) өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      62-1) өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі үлгілік норма нысанын әзірлеу және бекіту;

      63) өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісімдердің орындалуын мониторингтеу;

      64) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      65) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесіне кіретін функционалдық және ақпараттық сервистердің тізбесін әзірлеу және бекіту;

      66) индустриялық дамуды бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      67) тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу елішілік құндылық мониторингіне жататын ұйымдардың тізбесін әзірлеу және бекіту;

      68) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің жай-күйі туралы ұлттық баяндаманы әзірлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      69) Қазақстан Республикасының заңнамасын ескере отырып, өнеркәсіптік тауарлардың еуразиялық тізілімін қалыптастыру және жүргізу мәселелері бойынша Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимыл жасау тәртібін әзірлеу және бекіту;

      70) өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      71) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      72) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      73) өнеркәсіптің цифрлық трансформациясы және өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің Индустрия 4.0-ді енгізуі жөніндегі саясатты іске асыруды үйлестіру;

      74) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар базасын, өнеркәсіптегі кадр әлеуетін дамыту бойынша өзге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру;

      75) өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

      76) бағалы металдарды өндіру, бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

      76-1) бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикiзат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кiрмейтiн елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      76-2) асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      76-3) Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      77) асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалатын зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      78) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларына нормативтік құжаттарды әзірлеу және бекіту;

      79) қайта өңдеу үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде ұсынылған құжаттарда көрсетілген бағалы металдардан және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларынан қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларын растау;

      80) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 16.08.2024 № 662 қаулысымен;
      81) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 16.08.2024 № 662 қаулысымен;

      82) бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      83) бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесіндегі бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бағалы металдар мен құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тартуды немесе уәкілетті органның осындай бас тартудың болуы туралы растамасын алу тәртібін айқындау;

      84) бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;

      84-1) өңделмеген табиғи алмастардың халықаралық сертификаттау схемасы сертификатының (Кимберлий процесінің сертификаты) нысанын әзірлеу және бекіту;

      85) сынамаларды іріктеу туралы актіні ресімдеу нысаны мен тәртібін айқындау;

      86) түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды белгілеу;

      87) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде жекелеген тауарларды әкетуге тыйым салу мен сандық шектеулер енгізу;

      88) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде квоталарды бөлу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      89) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында жекелеген тауарларды әкетуге сандық шектеулерді (квоталарды) бөлуді жүзеге асыру;

      90) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде квоталардың мөлшерін және олардың қолданылу мерзімін айқындау;

      91) әкетуге сандық шектеулер енгізілген жекелеген тауар түрлерінің экспортына лицензия беру қағидалары мен шарттарын әзірлеу және бекіту;

      92) өз құзыреті шегінде сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауар түрлерінің экспортына лицензиялар беру;

      93) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде тауарлардың нысаналы мақсатын растау тәртібін және нысанын айқындау;

      94) өз құзыреті шегінде тауарлардың нысаналы мақсатын растауды жүзеге асыру;

      95) түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сатып алынған және өткізілген сынығы мен қалдықтары туралы есептілігінің нысанын және оны ұсыну мерзімдерін айқындау;

      96) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтер мен оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргiзу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      97) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектiлерi ұсынатын тиiстi мамандарға деген қажеттiлiк туралы мәлiметтер негiзiнде экономиканың басым секторлары үшiн мамандар даярлау талап етiлетiн мамандықтардың тiзбесiн айқындау бойынша ұсыныстарды қалыптастыру;

      98) өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын дуальды оқытуды ұйымдастыру процесіне тартуға, оның ішінде дуальды оқыту туралы үшжақты шарттар жасасуға жәрдемдесу;

      99) елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, сервистік қолдау көрсету және отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну;

      100) елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институтымен жасалатын шарт негізінде отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетуге қаражат бөлу;

      101) өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну;

      102) өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, аумақтық кластерлерді дамытуда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну;

      103) өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, өнеркәсіптік гранттар беру;

      104) елішілік құндылық бойынша сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      105) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеуінің бірыңғай әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      106) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау бойынша ұсыныстар беру;

      107) машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзірлеу, бекiту немесе келісу;

      108) құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруды қамтамасыз ету;

      109) жер учаскелерi меншiкке өтеусiз негiзде берілетін отандық өнеркәсiптік кәсiпорындар тiзбесiне енгiзу үшiн отандық өнеркәсiптік кәсiпорындарды iрiктеу өлшемшарттарын әзiрлеу;

      110) жер учаскелерi меншiкке өтеусiз негiзде берілетін отандық өнеркәсiптік кәсiпорындар тiзбесiн әзiрлеу;

      111) ұйымдар мен мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алуы кезiнде елішілік құндылықтың үлесiн ұлғайту жөнінде шаралар тұжырымдау және мемлекеттiк саясатты iске асыру;

      112) мемлекеттік органдардың елішілік құндылық мәселелері бойынша қызметін үйлестіру және әдіснамалық қамтамасыз ету;

      113) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жер қойнауын пайдаланушылармен кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімдер жасасу;

      114) көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер, толықтырулар енгізу және оны бұзу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын, кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімнің үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;

      115) мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi қалыптастыру және жүргізу тәртiбiн айқындау;

      116) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және олардың қоршау конструкцияларының бір бөлігі болып табылатын элементтерінің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу;

      117) құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу;

      118) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтын айқындау;

      119) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесін әзірлеу және бекiту;

      120) энергия тұтыну нормативтерін, мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін әзірлеу және бекiту;

      121) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігін әзірлеу және бекiту;

      122) көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілеу;

      123) жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу;

      124) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарын, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді ынталандыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      125) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      126) энергетикалық аудит жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      127) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына қойылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптарды әзірлеу және бекіту;

      128) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысанын әзірлеу және бекiту;

      129) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекiту;

      130) оқу орталықтарының қызмет тәртiбiн айқындау;

      131) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестатын беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесін әзірлеу және бекiту;

      132) энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу тәртібін айқындау;

      133) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторы аттестатының нысанын әзірлеу және бекіту;

      134) үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау нысанын әзірлеу және бекіту;

      135) энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу тәртібін айқындау;

      136) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыларға талдау жүргізу тәртібін айқындау;

      137) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу және бекіту;

      138) орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерінің нысанын әзірлеу және оларды ұсыну мерзімдерін бекіту;

      139) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үлгілік келісімді әзірлеу және бекіту;

      140) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен және энергетикалық ресурстарды жылына бір жүз мың және одан көп тонна шартты отын көлемінде тұтынатын мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісімен ерікті негізде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында келісім жасасу;

      141) энергия-сервистік шарттың үлгілік нысандарын әзірлеу және бекіту;

      142) энергия тұтыну нормативтерін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      143) мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингі қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      144) энергетикалық ресурстарды жылына елу мың және одан көп тонна шартты отынға балама көлемде тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері үшін энергия тиімділігі бойынша нысаналы индикаторларды белгілеу;

      145) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бағалау жүргізу;

      146) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингі қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      147) мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде энергия тиімділігі бойынша талаптар қолданылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу және бекіту;

      148) мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілеу;

      149) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингін жүргізу;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      15-тармақты 149-1), 149-2) және 149-3) тармақшалармен толықтыру көзделген – ҚР Үкіметінің 15.11.2024 № 962 қаулысымен (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі).

      150) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларымен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасудың тәртібін, шарттарын және үлгілі нысанын айқындау;

      151) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен үлгілік нысандарға сәйкес көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім, ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім, көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу;

      152) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдарының) және көлік құралдарының (көлік құралдары шассиі), өздігінен жүретін машиналар мен техникалардың басқа түрлерінің паспорттарын (электрондық паспорттарын) электрондық түрде ресімдеуді жүзеге асыратын көлік құралдарын (көлік құралдары шассиі), өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлерін дайындаушы ұйымдардың бірыңғай тізілімінің ұлттық бөліктерін қалыптастыру және жүргізу;

      153) мүдделі тұлғалардың сұрау салуы бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдарының) және көлік құралдарының (көлік құралдарының шассиі), өздігінен жүретін машиналар мен техникалардың басқа да түрлерінің паспорттарын (электрондық паспорттарын) ресімдеуді жүзеге асыратын көлік құралдарын (көлік құралдарының шассиі), өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлерін дайындаушы ұйымдардың бірыңғай тізілімінің ұлттық бөліктерінде қамтылған мәліметтерді ұсыну;

      154) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;

      155) электрондық паспорттар жүйесінің ұлттық операторын (ұлттық әкімшісін) айқындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс беру;

      156) көлік құралдарының паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің паспорттарын ресімдеу, оның ішінде көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын ресімдеу жөніндегі өкілеттіктерді ұйымдарға беру немесе оларды беруден бас тарту туралы қорытынды беру тәртібі мен шарттарын айқындау;

      157) көлік құралы паспортының (көлік құралдары шассиінің паспортын), өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлері паспортының қорғау элементтеріне қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;

      157-1) көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      158) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;

      159) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;

      160) өндірушісінен сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдер тізілімінің нысанын әзірлеу және бекіту;

      160-1) өндірушісінен сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізілімін жүргізу;

      161) өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын тұрмыстық аспаптардың және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарының, сондай-ақ олардың құрамдастарының тізбесін әзірлеу және бекіту;

      161-1) мыналар:

      тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өндірушілер;

      өндірушінің уәкілетті өкілдері;

      тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өткізетін өзге де тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалар тізілімінің нысанын әзірлеу және бекіту;

      161-2) мыналар:

      тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өндірушілер;

      өндірушінің уәкілетті өкілдері;

      тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өткізетін өзге де тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;

      161-3) ғылыми-техникалық кеңесті құру және оның ережесін бекіту;

      162) өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау қағидаларын және біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;

      163) Қазақстан Республикасы түпкілікті пайдаланушысының сертификатын, Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификатын ресімдеу және беру қағидалары мен біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;

      164) өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсат беру қағидаларын және біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;

      165) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың фирмаішілік жүйесін құру және жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту;

      166) эксаумақтық кері экспортқа рұқсат беру қағидаларын және біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;

      167) импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер беріле отырып импортталған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға беруге рұқсат беру қағидаларын және біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;

      168) өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, эксаумақтық кері экспортты жүзеге асыру, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсету кезінде тәуекелдерді бағалау өлшемшарттарын, оларды қолдану тәртібін әзірлеу және бекіту;

      169) эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсаттар беру қағидаларын және біліктілік талаптарын, уәкілетті органның эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын хабардар ету және олардың тізімін жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      170) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіруді жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      171) өзіндік ерекшелігі бар тауарлармен жасалатын сыртқы экономикалық мәмілелердің есебін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      172) бәрін қамтитын бақылау өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;

      173) "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құзыреті шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін, эксаумақтық кері экспортты, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуді бақылауды жүзеге асыру;

      174) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      175) бақылау тізімін бекіту;

      176) уәкілетті органның өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібін әзірлеу;

      177) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      178) мыналарды:

      өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия (өзіндік ерекшелігі бар тауарлар экспортына лицензия, қосарланған мақсаттағы тауарлар немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлар экспортына жалпы лицензия, өзіндік ерекшелігі бар тауарлар импортына лицензия);

      өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсат;

      эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсат;

      эксаумақтық реэкспортқа рұқсат;

      импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер беріле отырып импортталған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға беруге рұқсат;

      Қазақстан Республикасы түпкілікті пайдаланушысының сертификатын;

      Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификатын;

      өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды беруді жүзеге асыру;

      179) эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының тізімін жүргізу;

      180) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы рұқсаттардың қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату;

      181) өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, эксаумақтық кері экспортты жүзеге асыру, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсету кезінде тәуекелдерді бағалауды жүргізу;

      182) химиялық өнімнің жекелеген түрлерін есепке алу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      183) химиялық өнімді тіркеу және есепке алу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      184) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тауарлардың экспортына және (немесе) импортына айрықша лицензия беруді жүзеге асыру;

      184-1) отандық шикізат тауарларының тізбесін әзірлеу және бекіту;

      184-2) отандық шикізат тауарлары тізбесіне енгізілген отандық шикізатты Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензиялар беру;

      185) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тауарлардың экспортына және (немесе) импортына айрықша лицензия беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      186) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      187) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде басым қызмет түрлерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;

      188) республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру, оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту немесе оны тарату туралы шешімді келісу;

      189) арнайы экономикалық аймақтардың, республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының функцияларын тиісінше орындау жөніндегі үлгілік шарттарды әзірлеу және бекіту;

      190) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеуге арналған өтініш пен сауалнаманың нысанын әзірлеу және бекіту;

      191) республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ туралы үлгілік ережелерді әзірлеу және бекіту;

      192) арнайы комиссия құру, ол туралы ережені әзірлеу және бекіту;

      193) сарапшылық кеңес құру, ол туралы ережені әзірлеу және бекіту;

      194) тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлікті беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      195) арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылардың бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      196) индустриялық аймақтардың бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      197) шағын индустриялық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      198) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушылары арасында жер учаскелерін бөлу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      199) арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;

      200) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік органдар мен арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      201) Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық аймақты құру, оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту немесе оны тарату туралы ұсыныстар енгізу;

      202) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесіне сәйкес арнайы экономикалық аймақ қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу;

      203) жыл сайынғы негізде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің нәтижелері туралы талдамалық ақпарат беру;

      204) арнайы инвестициялық келісімшартты жасасу және бұзу тәртібін, шарттарын әзірлеу және бекіту;

      205) үлгілік арнайы инвестициялық келісімшартты әзірлеу және бекіту;

      206) кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер қолданылатын, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған, шартты түрде шығарылған тауарлардың нысаналы пайдаланылуын тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      207) қызметті жүзеге асыру туралы үлгі шарттарды әзірлеу және бекіту;

      208) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша пайдаланудың (жалдаудың) үлгілік шарттарын әзірлеу және бекіту;

      209) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) үлгілік шарттарын әзірлеу және бекіту;

      210) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша кейінгі пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгілік шарттарын әзірлеу және бекіту;

      211) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін кейінгі жер пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгілік шарттарын әзірлеу және бекіту;

      212) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру тұжырымдамаларына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;

      213) жобаларды іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;

      214) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      215) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймаққа қатысушының қызметті жүзеге асыру туралы шартта айқындалған міндеттемелерді орындамағаны туралы актінің нысанын әзірлеу және бекіту;

      216) тұлғаларды қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға жіберуге арналған құжаттардың тізбесін әзірлеу және бекіту;

      217) арнайы экономикалық аймақтардың және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ көрсетілген адамдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;

      218) тауарларды таңбалау мен қадағалау саласындағы үйлестіруші органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша тауарларды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін айқындау;

      219) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, мемлекеттік бюджет қаражаты шеңберінде қаржыландыру, лизингтік қаржыландыру шарттары мен тетіктерін айқындау;

      220) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін, уәкілетті ұйымдарда міндетті сынамалануға және таңбалануға жатпайтын зергерлік және басқа да бұйымдарды айқындау;

      221) бекітілген нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу;

      222) бекітілген нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу;

      223) өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімін бекіту;

      224) басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      225) басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін бекіту;

      226) бірыңғай үйлестіру орталығын айқындау;

      227) өңірлік үйлестіру кеңесінің үлгілік функцияларын айқындау;

      228) құрылуына мемлекеттік емес заңды тұлға қатысатын республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындау жөніндегі шартты келісу;

      229) оларға қатысты халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттары қолданылуы мүмкін арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары іске асыратын жобаларды іріктеу қағидаларын бекіту;

      230) құрылуына мемлекеттік емес заңды тұлға қатысатын арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындау жөніндегі шартты келісу;

      231) Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланудағы мүліктің жекелеген түрлері туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті өкілді немесе атқарушы органдарымен келісу бойынша жалпы пайдаланудағы мүлікті пайдалану қағидаларын бекіту;

      232) энергия аудиторларына арналған кәсіби стандартты әзірлеу және бекіту;

      233) атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу және тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      234) аффинаждауға дейінгі минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген бағалы тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәліметтерді есепке алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      235) ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілген қызметтерді сатып алудағы елішілік құндылық бойынша ақпарат беру нысандарын әзірлеу және бекіту;

      236) жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) кепілін мемлекеттік тіркеу;

      237) жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) тіркеу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      238) уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбалар бөлiгiнде жою қорын пайдалануға рұқсат беру;

      239) берілген жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар және жасалған келісімшарттар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      240) жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою жөніндегі міндеттемелерін орындау кепілінің үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;

      241) мемлекеттік орган қабылдаған жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуді ұсыну және есепке алу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      242) банктік салымның кепіл шартын жасасу тәртібін және оның үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;

      243) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру шартының үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;

      244) пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру және тоқтату;

      245) өтініш берушіге пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жіберу;

      246) уранды барлау және өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды реттеу;

      247) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының құрамын және ол туралы ережені әзірлеу және бекіту;

      248) жер қойнауын пайдаланушыны бақылаудың өзгеруі туралы хабарлама нысанын әзірлеу және бекіту;

      249) көмірсутектер саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын әзірлеу және бекіту;

      250) уранды барлау мен өндіруді қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлауға және өндiруге арналған келiсiмшарттарды жасау, мемлекеттiк тiркеудi және сақтауды жүзеге асыру;

      251) келісімшарттарды мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізу;

      252) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны беруге (қайта ресімдеуге, ұзартуға) арналған өтініштің нысанын әзірлеу және бекіту;

      253) көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп жер қойнауы ресурстарына залалды экономикалық бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      254) пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      255) пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияларды беруге өтініштер беру және қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      256) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия нысанын әзірлеу және бекіту;

      257) ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, хабарлау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      258) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      259) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жасалған келісімшарттар мен жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялар талаптарының орындалу барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;

      260) бір блок үшін қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      261) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың немесе лицензияның шарттарын орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын өндіру;

      262) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      263) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерді орындауын мониторингтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      264) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар талаптарын сақтауына бақылауды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерді орындауына мониторингті жүзеге асыру;

      265) жұмыс бағдарламасының мазмұны мен нысанын әзірлеу және бекіту;

      266) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені әзірлеу және оның құрамын бекіту;

      267) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп жер қойнауын пайдаланушының алдыңғы жылы өндіруге арналған шығыстарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      268) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде лицензиялық міндеттемелердің орындалуы туралы есептерді ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;

      269) Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалар қызметі ашықтығының бастамасы стандартын іске асыру бойынша есептіліктің нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;

      270) тау-кен жұмыстары жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;

      271) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты және жоюдың болжамды құнын есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      272) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша зерттеу нәтижелері мен жұмыстарды қабылдау тәртібін әзірлеу және бекіту;

      273) қамтамасыз етуді берген адамға қамтамасыз ету сомасының азайтылғаны туралы хабарлама жіберу;

      274) ұстап тұру мәртебесі бойынша жұмыстар бағдарламасын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;

      275) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп пайдалы қатты қазбаларды барлау жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;

      276) кен іздеушілік жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;

      277) жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      278) пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасуға арналған өтініш нысанын және қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспарын жасау талаптарын әзірлеу және бекіту;

      279) басымдылығы бірдей өтініш берушілер арасында аукцион өткізу мерзімдері мен қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      280) пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы келісімді жасасу жөніндегі жұмыс тобының құрамын және ол туралы ережені әзірлеу және бекіту;

      281) шетелдік валютадағы ең төмен жеке кредиттік рейтинг бойынша шарттарды әзірлеу және бекіту;

      282) жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне ауысу қағидаларын, жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне ауысу жөніндегі комиссияның жұмыс қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      283) кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      284) пайдалы қатты қазбаларға қатысты электрондық сатып алу жүйелерінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үйлестіру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      285) жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялар тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      286) ең төменгі рейтингтік бағаны айқындау;

      287) жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      288) пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      289) аукцион өткізу тәртібін және оның қорытындысы бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия беру тәртібін айқындау;

      290) аукцион өткізу жөніндегі конкурстық комиссияның құрамын әзірлеу және бекіту;

      291) Қазақстан Республикасының атынан пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасу;

      292) пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жобасына құқықтық және экономикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру;

      293) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны беру, қайта ресімдеу, кері қайтарып алу;

      294) ұстап тұру мәртебесі жөніндегі жұмыс бағдарламасын келісу;

      295) аукцион өткізу туралы шешім қабылдау және жер қойнауын пайдалану құқығы аукционға шығарылатын жер қойнауы учаскесінің шекараларын айқындау;

      296) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы ұсынымдарының негізінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуден бас тарту немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде келіссөздерді бастау туралы шешім шығару;

      297) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия немесе өндіруге арналған лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуына, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру;

      298) мемлекеттік техногендік минералдық түзілімдерді беру тәртібін айқындау;

      299) жер қойнауын пайдалануға арналған модельдік келісімшарттардың ережелерін әзірлеу және бекіту;

      Ескерту. 300) тармақша осы қаулының 4-т. сәйкес 01.01.2026 дейін қолданыста болады.

      300) мемлекет меншігіндегі жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды салу (реконструкциялау) және жөндеу, сондай-ақ гидроқұрылысжайларды және гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау және жөндеу үшін пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібін айқындау;

      301) барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру;

      302) уранды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операциялардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      303) пайдалы қазбалар жатқан аумақтарды салуға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      304) геологиялық барлау кезеңділігі қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      305) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;

      306) мемлекеттің меншігіндегі, сондай-ақ иелігіндегі және пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйелеу, қорыту және ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      307) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған геологиялық ақпаратты және оның жеткізгіштерін жер қойнауын пайдаланушылардың сақтау және есепке алу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      308) жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензиялар беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      309) жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      310) жер қойнауын сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу және бекіту;

      311) геологиялық есептің нысандарын әзірлеу және бекіту;

      312) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу және бекіту;

      313) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту;

      314) тиісті координаталары мен жеке кодтары бар блоктарды сәйкестендіру карталарын әзірлеу және бекіту;

      315) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындау;

      316) жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі есептердің нысанын әзірлеу және бекіту;

      317) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу және пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу жөніндегі ақпаратты ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      318) геологиялық есепке мемлекеттік сараптама жүргізу тәртібін айқындау;

      319) құпия болып табылмайтын геологиялық ақпаратқа, сондай-ақ оларға жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялар туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету;

      320) жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия алуға өтініш нысандарын әзірлеу және бекіту;

      321) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт пен баға нормаларын әзірлеу және бекіту;

      322) өтініш берушіге жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия беру;

      323) мемлекеттің меншігіндегі, сондай-ақ иелігіндегі және пайдалануындағы геологиялық ақпаратты ескеру, сақтау, жүйелеу, жинақтап қорыту және ұсыну;

      324) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияның және жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияның шарттарын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

      325) жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидаларын, жер қойнауын сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережені әзірлеу;

      326) кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, геологиялық және тау-кендік бөлулерді беру;

      327) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу;

      328) пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскелерінің шекараларын айқындау, геологиялық ақпаратты пайдалану және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген басқа да мәселелер бойынша құзыретті органмен өзара іс-қимыл жасау және үйлестіру;

      329) геологиялық есепке мемлекеттік сараптама жүргізуді ұйымдастыру;

      330) жерасты сулары бөлігінде мемлекеттік су кадастрын жүргізуге қатысу;

      331) жер қойнауы кеңістігін геологиялық зерделеу және пайдалану үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру;

      332) пайдалы қатты қазбалар ресурстарын бағалау туралы есепте "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 121-бабына сәйкес бұрын бекітілген өнеркәсіптік санаттар қорларының жиырма бес пайызынан астамына ресурстарды азайтудың негізділігін растау;

      333) мәлімделген жер қойнауы учаскесінде кең таралған пайдалы қазбалар болып табылмайтын пайдалы қатты қазбалар ресурстарының жоқтығын немесе перспективаларын растайтын геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есептің мемлекеттік сараптамасының қорытындыларын беру;

      334) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының елді мекендерді, өнеркәсіптік кешендерді және (немесе) басқа да шаруашылық объектілерін жобалау және салу кезінде алдағы құрылыс учаскесінің астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың болмауы немесе олардың маңыздылығы туралы оң қорытындысын келісу;

      335) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының пайдалы қазбалар жатқан аумақтарды салуға рұқсаттарын келісу;

      336) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу;

      337) геологиялық зерттеу, сондай-ақ жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      338) Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасының геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, оның сақталуы мен анықтығы жөніндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      339) техногендік минералдық түзілімдерді орналастырудың қолданыстағы объектілерінің мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу;

      340) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін, геологиялық ақпаратты жинауды және жинақтап қорытуды жүзеге асыру;

      341) өздігінен ағып жататын гидрогеологиялық және апаттық ұңғымаларды жою мен консервациялауды жүзеге асыру;

      342) пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу жөніндегі ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну;

      343) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімін жүргізу;

      344) геологиялық ақпаратты жариялау немесе оған ашық қолжетімділік жасау арқылы оны ашып көрсету;

      345) жер қойнауын пайдаланушының геологиялық ақпараттың табиғи жеткізгіштерін сынамалар түрінде иеліктен шығаруға және (немесе) олардың сынамаларды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуіне рұқсат беру;

      346) ұңғымадан көмірсутектердің ағымын алуды құжатпен растау арқылы, оның ішінде қабатты сынағышпен сынамалау жүргізген кезде және (немесе) мұнай-газдың мол болуына коллектор-жынысты зертханалық зерттеу кезінде жаңа кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) ашылуын табуды растау;

      347) жер қойнауын геологиялық зерттеуге берілген лицензиялар бойынша жерасты суларына іздестіру-бағалау жұмыстарының жобаларына өзгерістерді келісу;

      348) жерасты сулары учаскелері қорларының мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;

      349) жеке және заңды тұлғалар жүргізетін су объектілерінің сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу;

      350) су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуды, реконструкциялауды (кеңейтуді, жаңғыртуды, техникалық қайта жарақтандыруды, қайта бейіндеуді), пайдалануды, консервациялауды, жоюды (кейіннен кәдеге жаратуды) келісу;

      351) жер қойнауын пайдаланушының балансына ұңғымаларды, технологиялық бірлікті қабылдау және беру;

      352) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру қағидаларын айқындау;

      353) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша пайдалы қатты (кең таралған) қазбалардың минералдануын (көрінуін) растау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      354) геологиялық және тау-кендік бөлулерді беру және қайта ресімдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      355) кен орындарының қорлары мен болжамды ресурстарды сыныптау әдістемесін, пайдалы қазбалардың, оның ішінде дәстүрлі емес көмірсутектерге жатқызылатын қорларын есептеу жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және бекіту;

      356) құзыретті органмен бірлесіп ашық қолжетімділікте жариялануға жататын, мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына енгізілген жер қойнауы учаскелері жөніндегі мәліметтердің тізбесі мен құрамын бекіту;

      357) пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережені әзірлеу және бекіту;

      358) кен орындарын игерудің техникалық жобаларын әзірлеу және бекіту;

      358-1) қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезіндегі ысырапты есепке алу бөлігінде кен орындарын игерудің техникалық жобаларын бекіту қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      359) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын әзірлеуге қатысу;

      360) тарихи шығындардың мөлшерін, геологиялық ақпараттың құны мен оны алу шарттарын айқындау;

      361) өздігінен ағып жататын иесіз гидрологиялық және апаттық мұнай-газ ұңғымаларын жоюды және консервациялауды жүзеге асыру;

      362) жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың салдарын жою актісіне қол қою жөнінде комиссия құру;

      362-1) жер қойнауын пайдаланушыны, қатты пайдалы қазбалардың ресурстарын және (немесе) қорларын бағалау туралы есепті дайындаған және тексерген құзыретті тұлғаларды тыңдау қағидаралын әзірлеу және бекіту;

      362-2) қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау жөніндегі ең төменгі талаптарды әзірлеу және бекіту;

      362-3) пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке алуға негізгі және олармен тұтасып жатқан пайдалы қазбалардың саны мен сапасы туралы мәліметтерді енгізу қағидаларын әзірлеу;

      363) сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру қағидаларын бекіту;

      364) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;

      365) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық ету;

      366) ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      367) ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;

      368) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі мен оны қамтамасыз ету бойынша қолданылатын шаралар туралы халықты хабардар ету, насихаттау және қарсы насихаттау қызметін жүргізу;

      369) іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi тиiсті жауаптылыққа тарту;

      370) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның нысандарын әзірлеу және бекіту;

      371) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын әзірлеу және бекіту;

      372) "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      373) сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

      374) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының жобасын әзірлеуді қамтамасыз ету;

      375) аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту;

      376) аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      377) елді мекендердің шекарасы (шектері) жобаларының құрамын, мазмұнын және оларды әзірлеу тәртібін айқындау;

      378) республикалық маңызы бар қаланың, сондай-ақ халқының саны жүз мың тұрғыннан асатын өзге де қалалар шекараларының (шектерінің) жобаларын келісу;

      379) шағын елді мекендерді дамыту мен оған құрылыс салу схемаларының құрамын, мазмұнын, әзірлеу мен келісу тәртібін айқындау;

      380) жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу тәртібін, оның міндетті құрамы мен мазмұнын белгілеу;

      381) кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі шешімдерді қабылдау қағидаларын, сондай-ақ жиналыс хаттамаларының үлгілік нысандарын әзірлеу және бекіту;

      382) елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағын суларды қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      383) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      384) сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешенді ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      385) қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негіздеме және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша сараптама қорытындыларын ресімдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      386) сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      387) қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      388) бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту тәртібін айқындау;

      389) ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысын регламенттеуді талап ететін жекелеген объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңімен әзірлеу мен келісудің жеке-дара жоспарларын бекіту;

      390) лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;

      391) тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      392) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның қызметін нормативтік-техникалық және әдіснамалық қамтамасыз ету;

      393) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін ақпарат және (немесе) мәліметтер беру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіру;

      394) жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорында тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      395) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан республикалық маңызы бар қалалар мен астананың сәулеттiк келбетiн қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын келісу;

      396) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен ауызсу беру жөнiндегi көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау тәртібін әзірлеу және бекіту;

      397) тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;

      398) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді барабар бөлу әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      399) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      400) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      401) тұрғын үй инспекциясы туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;

      402) басқаратын көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі болып табылмайтын көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;

      403) жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      404) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдерін өзгерту қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      405) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      406) үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      407) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

      408) тұрғын үй қорын басқарудың қазіргі заманғы әдістерін енгізуді әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      409) тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      410) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынатын тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      411) тұрғын үй көмегін беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      412) тұрғын үй инспекциясының көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      413) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою тәртібін айқындау;

      414) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және оны пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      415) Қазақстан Республикасының азаматтарын еңбек қатынастарының сипатына байланысты өз міндеттерін орындауы кезеңінде, оның ішінде ротациялау тәртібімен лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қоныстандыруға арналған қызметтік тұрғын үй беру және оны пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      416) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің пәрменді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын және қандастарды қоныстандыруға арналған қызметтік тұрғын үй беру және оны пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      417) қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын үйлер беру және оларды пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      418) тұрғын үй құрылысы жинақтарына салымдар бойынша мемлекеттің сыйлықақыларын есептеу және төлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      419) ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысын регламенттеуді талап ететін жекелеген құрылыс объектілерін айқындау;

      420) ауылда, кентте, ауылдық округте жалға берілетін тұрғын үй салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      420-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында кейіннен ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      420-2) тұрғын үй жағдайларын жақсарту кейіннен мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды жүзеге асыру;

      421) ауылда, кентте, ауылдық округте жалға берілетін тұрғын үй салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялауды жүзеге асыру;

      422) әкімшілік ғимараттарда мемлекеттік органдардың атауы бар маңдайшаларды дайындау және орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      423) тұрғын үйлерге қойылатын техникалық талаптарды әзірлеу және бекіту;

      424) сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру және олардың нәтижелерін пайдалану;

      425) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      425-1) құрылыс саласындағы қызметті тоқтата тұру туралы мемлекеттік инспекторлар актісінің нысанын әзірлеу және бекіту;

      425-2) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға әкелетін талаптар тізбесін айқындау, сондай-ақ талаптардың нақты бұзылуына қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін (қажет болған кезде) осы шараны қолдану мерзімін көрсете отырып айқындау;

      426) сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтерді көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      427) сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттаудан өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      428) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы қызметі саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      429) ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      430) құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын әзірлеу және бекiту;

      431) қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      432) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібін айқындау;

      433) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;

      434) кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;

      435) құрылысы аяқталмаған объектімен бірге жер учаскесін кепілге қою шартының үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;

      436) уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кепіл шартының үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;

      437) уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) cенімгерлік басқару шартының үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;

      438) кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      439) капиталдың жеткіліктілік нормативін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      440) кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті есептеу және қалыптастыру әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      441) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компаниялардың бірыңғай операторға, екінші деңгейдегі банкке немесе жергілікті атқарушы органға көппәтерлі тұрғын үй құрылысының барысын мониторингтеу (үлестік құрылысты ұйымдастыру тәсіліне қарай) нәтижелері туралы есебінің нысанын әзірлеу және бекіту;

      442) бірыңғай оператордың көппәтерлі тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысының жобасы бойынша құжаттарды тексеру тәртібін әзірлеу және бекіту;

      443) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      444) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      445) есепке алу аспаптары жоқ су тұтынушылар үшін сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың коммуналдық көрсетілетін қызметтерін тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      446) елді мекендер шегінде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

      447) елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      448) қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      449) сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      450) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      451) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      452) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу мен субсидиялауды жүзеге асыру;

      453) сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметі саласында сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау тәртібін әзірлеу және бекіту;

      454) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді, келісуді, бекітуді, тіркеуді және қолданысқа енгізуді (қолданысын тоқтата тұруды, олардың күшін жоюды) ұйымдастыру тәртібін әзірлеу және бекіту;

      455) кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      456) коммуналдық көрсетілетін қызметтер тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      457) тұрғын үй-құрылыс кооперативінің қызметін ұйымдастыру және тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің пай жарналарын төлеу қағидаларын және тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының үлгілік нысанын, сондай-ақ тұрғын үй-құрылыс кооперативінің үлгілік жарғысын әзірлеу және бекіту;

      458) көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің үлгілік жарғысын әзірлеу және бекіту;

      459) жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      460) елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде тексеру парақтарын және тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;

      461) жай серіктестіктің бірлескен қызмет туралы үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;

      462) тұрғынжайды жалдаудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;

      463) кәсіптік стандарттарды, салалық біліктілік шеңберлерін, кадрлар даярлаудың білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, сертификаттау, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару және күтіп-ұстау жөніндегі мамандардың біліктілігін растау және арттыру жүйесін құруға қатысу;

      464) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      465) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      466) мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе жай серіктестік пен көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания немесе сервистік қызмет субъектілері арасындағы шарттардың үлгілік нысандарын әзірлеу және бекіту;

      467) кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептердің нысандарын әзірлеу және бекіту;

      468) мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе жай серіктестік немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания мен коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарттарын әзірлеу және бекіту;

      469) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      470) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      471) құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобалар мен жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      472) құрылыстағы жаңа технологиялардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      473) барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      474) объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      475) ғимараттар мен құрылыстардың беріктігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      476) сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогін қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындау;

      477) объектілер құрылысы жобасын басқару бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету тәртібін және жобаларды басқару бойынша қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;

      478) жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын әзірлеу және бекіту;

      478-1) құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімінде рұқсаттарды жүргізу, олардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату (кері қайтарып алу) тәртібін әзірлеу және бекіту;

      478-2) құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімін жүргізу;

      479) жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын әзірлеу және бекіту;

      480) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың беріктігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын әзірлеу және бекіту;

      481) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      482) есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын өткізу бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      482-1) жылу энергиясын тұтыну бөлігінде жылу энергетикасы саласында әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      482-2) жылу энергиясын тұтыну бөлігінде жылу энергетикасы саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру;

      483) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.11.2024 № 962 қаулысымен;

      484) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялар беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      484-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      485) тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      486) сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының елді мекендерде бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      486-1) сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының кәріздік тазарту құрылысжайларын салу және реконструкциялау жобаларын іске асыруға тартылған облигациялық қарыздарды өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      487) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.11.2024 № 962 қаулысымен;

      488) "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      489) инженерлік-геологиялық іздестіруді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      490) қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      491) мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларына сәйкес мемлекеттік монополия субьектілерінің өтінімдерін қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу;

      492) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      493) объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылысжайларды бұзу) бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      494) халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асыру;

      495) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерімен, басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      496) мемлекетте қорғаныс мұқтаждарын, қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті, қару-жарақтың, әскери, автомобиль және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың қажетті түрлерімен қамтамасыз етуді ағымдағы және перспективалы жоспарлауды ұйымдастыруға қатысу;

      497) орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен, олардың ведомстволарымен әскери-техникалық ынтымақтастық саласында өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      498) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың әскери мақсаттағы тауарларын (өнімдерін), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) отандық өндірушілерінің және әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерінің тізілімін бекіту;

      499) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну және бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларға жеткізу;

      500) қорғаныстық-өнеркәсіптік әлеуетті дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;

      501) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарына мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шешімдерін қабылдау және тәртібін айқындау;

      502) мемлекеттік білім беру тапсырысына қосу үшін қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдары жүргізетін білікті кадр ресурстарына ағымдағы және перспективалы қажеттіліктердің мониторингін ескере отырып, қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен үшін мамандар даярлау талап етілетін мамандықтардың тізбесін айқындау жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру;

      503) мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      504) мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарын әзірлеу және бекіту;

      505) қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      506) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру қағидаларын әзірлеу;

      507) қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесін әзірлеу;

      508) қару-жарақ пен әскери техниканың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      509) пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      509-1) оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды кәдеге жарату объектілерінің өндірістік қызметін ұйымдастыру, осы жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті және оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды кәдеге жарату объектілерін күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      510) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен пайдаланылмайтын мүлікке билік ету және пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу және құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу және пайдаланылмайтын мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу төлеміне беру туралы шешімдер қабылдау;

      511) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, олардың күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      511-1) мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісім бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      511-2) мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулердің сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      511-3) мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде мамандандырылған ғылыми бағыттарды әзірлеу;

      511-4) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде мамандандырылған ғылыми бағыттар жөніндегі сараптама кеңестерін құру, мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша олардың ережелері мен құрамдарын бекіту;

      511-5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерді бекіту;

      511-6) мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың нәтижелеріне сынақтар жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      511-7) әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу, келісу, бекіту, өзгерту, жою және есепке алуды жүргізу;

      512) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту, олардың күшін жою, тоқтата тұру, сондай-ақ техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;

      513) техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер құру;

      514) техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестердің құрамын және олар туралы ережені бекіту;

      515) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп пайдаланылмайтын мүлікке жатқызылған оқ-дәрілерді жою жөніндегі бірлескен іс-қимылдарды әзірлеу және бекіту;

      516) Қазақстан Республикасының Үкіметіне өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын енгізу, қолдану тәртібін айқындау, сондай-ақ олардың күшін жою жөнінде ұсыныстар енгізу;

      517) Қазақстан Республикасының Үкіметіне өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтерін, сондай-ақ оларды құру және олардың жұмыс істеу тәртібін айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу;

      518) аумақтық кластерлердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу;

      519) өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның ұлттық жүйелерін дамытуға, оның ішінде өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның халықаралық жүйелеріне қатысу шеңберінде жәрдемдесу;

      520) Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің ұсынымы бойынша технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарын айқындау;

      521) бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы жасалған келісімнің орындалу мониторингін жүргізу;

      522) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қосылған құнның жаһандық тізбектеріне кіру бойынша, оның ішінде тауарлардың жаңа түрлерін өндіруге арналған техникалық құжаттаманы және нақты тауарлар бойынша көш бастап тұрған жетекші әлемдік өндірушілердің әлемдік өндірістік франшизаларын қолдану арқылы жәрдем көрсету;

      523) жыл сайын ұлттық экономиканың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті өңдеу өнеркәсібі тауарларының, оның ішінде жүзеге асырылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер шеңберінде сатып алынатын тауарларының тізбесін бекіту және әлеуетті өнім берушілерге ақпарат беру үшін оны тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер мен оларды берушілердің дерекқорында орналастыру;

      524) ұлттық экономиканың өзіне жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер мен оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу;

      525) өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге деген қажеттіліктері туралы ақпарат жинауды жүзеге асыру және ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жүзеге асыру үшін ғылыми ұйымдарды тарту мақсатында ғылым саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында және мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыру үшін жіберу;

      526) әлеуетті инвесторларды, оның ішінде шетелдік инвесторларды өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға қатысуға тарту мақсатында оларды іздестіру және олармен келіссөздер жүргізу;

      527) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдарға, конференциялар мен семинарларға қатысуға тарту;

      528) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде шетелдегі мекемелер арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер мен консулдық мекемелер арқылы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында өнеркәсіптік-инновациялық жобалар туралы ақпарат тарату;

      529) жұмыс істеп жүрген инвесторларды қайта инвестициялауды жүзеге асыруға ынталандыру;

      530) бірлескен өндірістерді құру үшін инвесторларды, оның ішінде шетелдік инвесторларды тарту;

      531) көміртегі ізін төмендету жөнінде шаралар қолдану, олар мынадай бағыттарды қамтуы мүмкін: осындай тауарлардың өндірісін кеңейту, тауарларды, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды ынталандыру, оларды пайдалану тартымдылығын арттыру және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шаралар;

      532) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;

      533) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңес құру;

      534) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөнінде ақпарат беру;

      535) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өзінің интернет-ресурсында орналастыру;

      536) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсету;

      537) өз құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы мемлекеттік гранттар беру және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарау;

      538) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;

      539) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастыру;

      540) стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасу;

      541) стратегиялық әріптестердің жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асыру;

      542) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат ұсыну;

      543) мемлекеттік монополия және арнайы құқық субъектілері өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілеу;

      544) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.02.2024 № 133; 30.04.2024 № 351; 16.08.2024 № 662 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 15.11.2024 № 962 қаулыларымен.

3-тарау. Министрліктің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Министрлікке басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Бірінші басшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Бірінші басшының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдарға тағайындалатын және лауазымдарынан босатылатын орынбасарлары (вице-министрлер) болады.

      19. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдайды;

      2) өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды;

      3) вице-министрлердің біріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшылығына және Үкімет Аппаратының Басшысына жолданатын құжаттарға қол қою жөніндегі өкілеттіктерді жүктейді;

      4) аппарат басшысымен келісу бойынша ведомстволар басшыларының орынбасарларын лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

      5) ведомстволар актілерінің қолданылуын толық немесе ішінара жояды немесе тоқтата тұрады;

      6) Қазақстан Республикасының Парламентінде, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;

      7) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;

      8) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және қолбелгі қояды;

      9) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;

      10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Министр болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

      21. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын аппарат басшысы басқарады.

4-тарау. Министрліктің мүлкі

      22. Заңнамада көзделген жағдайларда Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрліктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.12.2023 № 1130 қаулысымен.

1. Министрлік:

      1) "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы;

      2) "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;

      3) "Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамы.

      4) "Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту қоры" акционерлік қоғамы.

2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті:

      акционерлік қоғамдар:

      1)"Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)" акционерлік қоғамы;

      2) "Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      республикалық мемлекеттік кәсіпорындар:

      1) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің "Жезқазғансирекмет" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны;

      2) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің "Қазақстан Республикасының минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны;

      3) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің "Ұлттық технологиялық болжау орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.

3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:

      республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар:

      1) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің "Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ("Мемсараптама" РМК);

      2) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің "Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      акционерлік қоғамдар:

      1) "Қазақ ғылыми-зерттеу және құрылыс пен сәулет жобалау институты" акционерлік қоғамы;

      2) "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамы.

4. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті:

      республикалық мемлекеттiк кәсiпорын:

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

5. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті:

      "Ұлттық геологиялық қызмет" акционерлік қоғамы.

Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті:

      1) "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің "Солтүстікқазжерқойнауы" Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің "Орталыққазжерқойнауы" Орталық Қазақстан өңіраралық геология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің "Оңтүстікқазжерқойнауы" Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      4) "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің "Шығысқазжерқойнауы" Шығыс Қазақстан өңіраралық геология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      5) "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің "Батысқазжерқойнауы" Батыс Қазақстан өңіраралық геология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.