Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы N 863 қаулысы.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 318 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы ереже;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 10.07.2024 № 541 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 10.07.2024 № 540 қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі мемлекеттік қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне берсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министр
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 4 қазандағы
№ 863 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) су қорын қорғау және пайдалану саласында басшылықты, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік саясатты қалыптастырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру және жерүсті су ағынын тірек гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен реттеу бойынша көрсетілетін қызметтер бөлігінде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады (бұдан әрі – реттелетін сала).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 613 қаулысымен.

      2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:

      Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті;

      Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 10.07.2024 № 540 қаулысымен.

      3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Министрліктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты.

      10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

      12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілетттері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

      2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың Министрліктің құзыретіне жатқызылған қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      3) Министрліктің құзыретіне жатқызылған салалардағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;

      4) су ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және қалпына келтіру;

      5) су қорын қорғау және пайдалану саласында ақпарат тарату және ағарту жүйесін дамыту;

      6) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету, су ресурстарын басқару саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

      7) реттелетін салада мемлекеттік басқару және мемлекеттік бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету;

      8) су қорын сақтау;

      9) су қорын қорғау және пайдалану саласында басшылық ету және салааралық үйлестіру;

      10) су ресурстарын басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру;

      11) су ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру;

      12) су ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

      12-1) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру және жерүсті су ағынын тірек гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен реттеу бойынша көрсетілетін қызметтер бөлігінде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылауды және реттеуді жүзеге асыру;

      13) өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 613 қаулысымен.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан ақпарат сұрату;

      өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатқызылмаған мәселелер бойынша дербес шешімдер қабылдау;

      Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне Министрлік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      өз құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді және нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды қабылдау;

      нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу немесе осындай актілердің бастамашыл жобаларын уәкілетті органдардың қарауына беру;

      орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға олар қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;

      Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдік және жергілікті сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тарту;

      халықаралық шарттар (келісімдер) жасасу жөнінде ұсыныстар енгізу, шет елдердің тиісті ведомстволарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізу, шарттар (келісімдер) жасасу;

      реттелетін салаларда орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен меморандумдар (келісімдер) жасасу;

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтар мен міндеттер;

      2) міндеттілігі:

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, Заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;

      жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қабылдау және қарау;

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде өз құзыреті шегінде жеке тұлғалардың петицияларын қарау;

      тексерілетін субъектілерді тексеру санының, сондай-ақ тексеру парақтарына және оларға қабылданған әкімшілік ықпал ету шараларына сәйкес анықталған бұзушылықтардың ведомстволық есебін жүргізу;

      заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2024 № 1141 қаулысымен.

      15. Функциялары:

      1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік, іске асыру, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады;

      2) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес су қорын қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;

      3) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес қызметке функционалдық талдау жүргізеді;

      4) шағымдалатын мәселелер шегінде су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның тексеру нәтижелері туралы актісіне шағымдарды қарайды;

      5) өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды талдауды және анықтауды жүзеге асырады;

      6) Қазақстан Республикасы Су кодексінің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес су қорын қорғау және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

      7) нормативтік құқықтық актілерді, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды орындайды, реттелетін саладағы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізеді;

      8) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің әзірленген жобаларын оларға түсіндірме жазбалармен және салыстырма кестелермен бірге орналастырады (заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) және мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібереді;

      9) қоғамдық кеңестерді құрады және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында консультациялық құжаттың немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасының жария талқылауға орналастырылуы туралы және хабардар етеді;

      10) қоғамдық кеңестердің ұсынымдарын қарайды, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайды және уәжді жауаптар береді;

      11) қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      12) Министрлік құратын қоғамдық кеңестің қоғамдық тыңдаулар өткізу мерзімдерін келіседі;

      13) Министрліктің қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған жұмысының нәтижелері туралы қоғамдық кеңеске есеп береді;

      14) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау туралы және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;

      15) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      16) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында жұмылдыру дайындығына және жұмылдыруға жауаптылықты болады, сондай-ақ жұмылдыру органдарының қызметкерлеріне өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы үшін қажетті жағдайлар жасайды;

      17) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау іс-шараларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

      18) төтенше жағдайлар туындауының алдын алу және оларды жою, олар туындаған жағдайда залал мен шығын мөлшерін азайту, сондай-ақ төтенше жағдайларда объектілердің жұмыс істеуінің орнықтылығы мен қауіпсіздігін арттыру жөнінде жедел шаралар қабылдайды;

      19) ведомстволық бағынысты ұйымдардың ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу жөніндегі қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      20) террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;

      21) реттелетін салада ғылыми-техникалық және кадр саясатын жүргізеді;

      22) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      23) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жібереді;

      24) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті тануға сұранысын қалыптастырады;

      25) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізеді;

      26) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кәсіптік стандарттарды, салалық біліктілік шеңберлерін әзірлейді және (немесе) жаңартады;

      27) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды бекітеді;

      28) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      29) ғылыми-техникалық кеңесті құрады және оның ережесін бекітеді;

      30) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңесті құрады;

      31) реттелетін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      32) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын және қолжетімділігін арттыруды, ішкі бақылауды жүргізуді қамтамасыз етеді;

      33) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша техникалық регламенттерді әзірлеуді, бекітуді, күшін жоюды, тоқтата тұруды, сондай-ақ Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді жүзеге асырады;

      34) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды дайындауды және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;

      35) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптамалық кеңестер құрады және олардың құрамын бекітеді;

      36) техникалық регламенттердің талаптарын іске асыру үшін нормативтік техникалық құжаттар қолданылған жағдайда, Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды ұлттық стандарттар ретінде әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      37) реттелетін салада біліктілік талаптарын бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін әзірлейді, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі, сондай-ақ оларды бекітеді;

      38) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және талаптарға сәйкестігін тексерулерді жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді;

      39) тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін бекітеді;

      40) реттелетін саладағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүзеге асырады;

      41) бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша:

      суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізуге арналған заттай нормаларды;

      суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін бағалау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде пайдалану шығындары үшін материалдар шығыстарының заттай нормаларын;

      суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізу кезінде химиялық реактивтердің, зертханалық ыдыстардың және далалық керек-жарақтардың тиістілігінің заттай нормаларын бекітеді;

      42) даму жоспарының іске асырылуы туралы есепті дайындайды, оны шоғырландыру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді;

      43) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      44) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша республикалық заңды тұлғаларға қатысты акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асырады;

      45) мемлекеттік заңды тұлғаларға, реттелетін салада мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға атау беру, оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және оларға жеке адамдардың есімдерін беру туралы шешім қабылдайды;

      46) мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша Министрліктің бюджеттік бағдарламаларын әзірлейді, бекітеді және қайта бекітеді;

      47) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      48) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      49) тірек гидротехникалық құрылысжайды пайдаланудың ерекше режимін (гидротехникалық құрылысжайға зерттеп-қарауды немесе онда жөндеу жұмыстарын жүргізу мерзімдері, шарттары, өзара есеп айырысулар) нақты гидротехникалық құрылысжайға қатысты айқындайды;

      50) қажет болған жағдайларда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша өз жүйесінің мемлекеттік мекемелерінде бухгалтерлік есеп бойынша жалпы ережелерді олардың қызметінің ерекшелігін ескере отырып және мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізудің белгіленген тәртібін сақтай отырып қолдану тәртібі туралы нұсқаулар шығарады;

      51) бюджеттік мониторингті және оның нәтижелері туралы есепті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ұсынуды жүзеге асырады;

      52) тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;

      53) Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын мүліктің жекелеген түрлері туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті өкілді немесе атқарушы органдарымен келісу бойынша ортақ пайдаланылатын мүлікті пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      54) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарайды, келіседі және бекітеді;

      55) өздеріне қатысты Министрлік басқару органы болып табылатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

      56) реттелетін салада республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен республикалық мемлекеттік мекемелерді басқаруды жүзеге асырады;

      57) реттелетін саладағы республикалық мемлекеттік мекемелердің жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

      58) реттелетін саладағы республикалық заңды тұлғаның жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;

      59) республикалық мемлекеттік мекемелердің реттелетін салада филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;

      60) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлер санының салалық нормативтерін әзірлейді және бекітеді;

      61) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімдерін әзірлейді және бекітеді;

      62) орталық және жергілікті атқарушы органдардың реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүргізеді;

      63) халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын және Қазақстан Республикасының құқықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ халықаралық шарттардың басқа қатысушыларының өз міндеттемелерін орындауын қадағалайды;

      64) реттелетін салада Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын іске асыруды жүзеге асырады;

      65) су ресурстарын интеграцияланған басқарудың бас жоспарын және су ресурстарын қорғау мен пайдаланудың бассейндік жоспарын әзірлеу қағидаларын бекітеді;

      66) ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілерінің тізбесін және олардағы шаруашылық қызмет режимдерін әзірлейді;

      67) жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;

      68) иесіз қалған, су өздігінен ағып шығатын және авариялық гидрогеологиялық ұңғымаларды зерттеп-қарау, жою және консервациялау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;

      69) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйымның ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидаларын бекітеді;

      70) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйым көрсететін ақылы қызмет түрлеріне тарифтерді бекітеді;

      71) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру және жерүсті су ағынын тірек гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен реттеу бойынша көрсетілетін қызметтер бөлігінде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылауды және реттеуді жүзеге асырады;

      72) су қорын қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың жүзеге асырылуын үйлестіреді;

      73) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес су қорын қорғау және пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және қарауға қатысады;

      74) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін, оны қолдану шарттарын және осы шараның қолданылу мерзімін (қажет болған кезде) айқындайды;

      75) экологиялық су ағынының көлемін айқындау әдістемесін бекітеді;

      76) су пайдаланушылар су ысырабын азайту және қолда бар ең үздік технологияларды ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындамаған кезде су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту қағидаларын бекітеді;

      77) су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу қағидаларын бекітеді;

      78) арнаулы су пайдалануға рұқсат алуға арналған өтініш нысанын және арнаулы су пайдалануға рұқсат нысанын бекітеді;

      79) суаратын суды пайдалану қағидаларын бекітеді;

      80) жерасты суларын іздеу мен бағалауды жүргізу қағидаларын бекітеді;

      81) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша жерүсті су объектілеріндегі және (немесе) олардың учаскелеріндегі су сапасын сыныптаудың бірыңғай жүйесін бекітеді;

      82) жерасты суларын алу жобасын және жерасты суларын мониторингтеу бағдарламасын әзірлеу және келісу тәртібін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;

      83) тексеру нәтижелері туралы актінің және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысанын бекітеді;

      84) тексеру нәтижелері туралы актінің нысанын бекітеді;

      85) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік бақылау жасайтын құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын су қорын қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу тәртібін айқындайды;

      86) жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы нысанын бекітеді;

      87) гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі туралы регламентті бекітеді;

      88) гидротехникалық құрылысжайды пайдалану қағидаларын әзірлеу тәртібін бекітеді;

      89) ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелерді пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекітеді;

      90) су пайдалану жоспарларының нысанын бекітеді;

      91) су қоймаларының су ресурстарын пайдаланудың үлгілік қағидаларын және су қоймаларын техникалық пайдалану және абаттандыру қағидаларын бекітеді;

      92) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекітеді;

      93) ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      94) суларды бастапқы есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      95) су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын есептеу әдістемесін бекітеді;

      96) су тұтыну мен су бұрудың ірілендірілген нормаларын бекітеді;

      97) су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      98) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 613 қаулысымен (мәтін алып тасталды).

      99) гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды бекітеді;

      100) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы нормалауды жүзеге асырады;

      101) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген жерүсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесін бекітеді;

      102) су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларға паспорт беруді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлар паспортының нысанын бекітеді;

      103) су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу қағидаларын бекітеді;

      104) Қазақстан Республикасының Үкіметіне республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайының тізбесін айқындау жөнінде ұсыныс енгізеді;

      105) гидротехникалық құрылысжайларға көпфакторлы зерттеп-қарауды жүргізу қағидаларын және гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясының нысанын бекітеді;

      106) су объектілері мен су ресурстарының мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларын бекітеді;

      107) мемлекеттік су кадастрын жүргізу қағидаларын бекітеді;

      108) су қорын қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      109) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 613 қаулысымен (мәтін алып тасталды).

      110) жеке және заңды тұлғалар жүргізетін, су объектілерінің сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау іс-шараларын келіседі;

      111) су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін әзірлеуді, құруды, дамытуды, қолдап отыруды, оның үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастыруды және оны өзге де ақпараттандыру объектілерімен интеграциялауды ұйымдастырады;

      112) Қазақстан Республикасының су заңнамасында және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен арнаулы су пайдалануға рұқсатты беруді, ұзартуды, қайта ресімдеуді, тоқтата тұруды және оның қолданылуын тоқтатуды жүзеге асырады;

      113) мүдделі жеке және заңды тұлғалардың су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесінде және мемлекеттік су кадастрында қамтылған жалпыға қолжетімді ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      114) су қорын қорғау және пайдалану, су шаруашылығын дамыту саласында инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ұйымдастырады;

      115) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытынды береді;

      116) табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есепті қарау қорытындысы бойынша белгіленген тәртіппен табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларының орындалуын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы өз қорытындысын жібереді;

      117) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

      118) республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды пайдалануды және дамытуды ұйымдастырады;

      119) су қорын қорғау және пайдалану саласында ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жобалар мен даму бағдарламаларын жүргізуді ұйымдастырады;

      120) су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келіседі;

      121) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су қорын қорғау және пайдалану саласында өздеріне жүктелген функцияларды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      122) арнаулы су пайдалануға рұқсаттың болуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      123) суды бастапқы есепке алуды жүргізу және ол бойынша есептілікті уақтылы ұсыну жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      124) гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      125) жерүсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекаралары шегінде, сондай-ақ тікелей су объектілерінде шаруашылық қызметтің белгіленген режимінің сақталуын, оның ішінде:

      су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде судың жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды бассейндік су инспекциясымен келісудің болуын;

      су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісудің болуын;

      мынадай:

      су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылысжайларды және судың жай-күйіне әсер ететін басқа да объектілерді салуға, реконструкциялауға арналған бассейндік су инспекциясымен келісілген жобалау құжаттамасы;

      су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын бассейндік су инспекциясымен келісу шарттарының сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      126) өз құзыреті шегінде трансшекаралық су объектілерін, мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды қорғау және бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты, тараптардың халықаралық шарттарды орындауын бақылауды жүзеге асырады;

      127) су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану қағидаларының сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      128) алынған су ресурстары мен тазартылған сарқынды суларды ағызу көлемін есепке алуға арналған өлшеу құралдарының болуын, жарамды күйде болуын (жарамдылығын) және оларды тексеру мерзімдерінің сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      129) рұқсатта белгіленген шарттар мен талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      130) су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде өз бетінше су пайдалануға жол берілмеуін және шаруашылық қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Су кодексінде белгіленген тыйым салулардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      131) су ресурстарын қорғау мен пайдаланудың бассейндік жоспарын бюджет қаражаты есебінен он бес жыл мерзіммен ұзақ мерзімді кезеңге бекітеді;

      132) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 613 қаулысымен (мәтін алып тасталды).

      133) су ресурстарын пайдалану туралы ұлттық ақпараттық есепті жыл сайын Министрліктің интернет-ресурсында жариялайды.

      134) су қатынастары субъектілерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

      135) тиісті бассейн шегінде су объектілерін қалпына келтіру және қорғау туралы бассейндік келісімдерді дайындауды және іске асыруды жүзеге асырады;

      136) су ресурстарын пайдалануды мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттік су кадастрын және су объектілері мен су ресурстарына мемлекеттік мониторинг жүргізуді ұйымдастырады;

      137) мыналарды:

      жер учаскесіне құқық беруді, жерге орналастыру жобасын және су қоры жерлерінің құрамынан және су қорғау аймақтары шегінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуді;

      аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, елді мекендердің бас жоспарларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын;

      су қорын қорғау, су ресурстарын пайдалану және су шаруашылығы жүйелерін дамыту жөніндегі іс-шаралар бөлігінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын;

      жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін;

      су шаруашылығы құрылысжайлары және (немесе) гидротехникалық құрылысжайлар бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін балық аулауды және аквашаруашылықты жүргізу үшін конкурсқа шығарғанға дейін келісуді жүзеге асырады;

      138) су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісуді жүзеге асырады;

      139) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың басталуы салдарынан туындаған зардаптарды жою жөніндегі жұмыстарға қатысады;

      140) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 613 қаулысымен (мәтін алып тасталды).

      141) тиісті су шаруашылығы бассейні бойынша су шаруашылығы баланстарын әзірлеуге қатысады және оны бекітеді;

      142) су қорын қорғау және пайдалану бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы халыққа хабар береді;

      143) реттелетін саладағы мәселелер бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

      144) арнаулы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар су тарту немесе ағызу құрылысжайларының өлшеу аспаптарында және (немесе) құрылғыларында орнататын суды есепке алу аспаптарын пломбалайды;

      145) бассейндік кеңестердің қызметін ұйымдастырады, бассейндік кеңестердің өткізілген отырыстары және олардың ұсынымдары туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастырады;

      146) жерүсті су ағынын реттеу кезінде гидротехникалық құрылысжайлар жұмысының су режимін бекітеді;

      147) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде су қорын қорғау және пайдалану саласында белгіленген нормалар мен ережелерді бұза отырып жүзеге асырылатын су шаруашылығы құрылысжайларының, гидротехникалық құрылысжайлар мен өзге де объектілердің құрылысын тоқтату туралы талаптар қояды;

      148) Қазақстан Республикасы су заңнамасының бұзылғаны туралы материалдарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұзушыларды жауапқа тарту үшін құқық қорғау органдары мен сотқа жібереді;

      149) Қазақстан Республикасының су заңнамасы бұзылған жағдайда мемлекетке келтірілген залалды өтеу туралы сотқа талап-арыз береді;

      150) су қорғау аймақтары мен белдеулерін, олардың шекараларын белгілеу бойынша жобалау құжаттамасын және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін келіседі;

      151) тіркеу шифрларын беру үшін гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясын тіркейді;

      152) ұйымдарды гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттауды жүзеге асырады;

      153) стратегиялық объектіні сатып алуға басым құқықты іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын әзірлейді;

      154) мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      155) жетекшілік ететін салалардың Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарына сәйкес іс-шараларды орындауға тікелей дайындығын ұйымдастырады, саланың соғыс уақытында орнықты жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

      156) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде тауарлардың нысаналы мақсатын растау тәртібі мен нысандарын айқындайды;

      157) өз құзыреті шегінде тауарлардың нысаналы мақсатына растама береді;

      158) су шаруашылығы ұйымдарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      159) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізу қағидаларын бекітеді;

      160) мынадай:

      ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын;

      суарудың су үнемдейтін технологияларын ендіруге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      161) суармалы жерлердiң мелиорациялық жай-күйiне мониторинг жүргiзуді және оны бағалауды ұйымдастырады;

      162) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін бекітеді;

      163) бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасының су қоймаларын, каналдары мен гидротехникалық құрылысжайларын дамытуға мемлекеттік кепілдікпен тартылған қарыздар бойынша өтеу, қызмет көрсету және қоса қаржыландыру жөніндегі шығыстарды жабуға бюджеттен субсидиялар бөлу және субсидиялар төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      164) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      165) тарифтерді қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      166) табиғи монополия субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      167) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шарттарды әзірлейді және бекітеді;

      168) инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;

      169) табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимылдар тәртібімен қызметтер көрсетуінің үлгілік регламенттерін әзірлейді және бекітеді;

      170) реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      171) өз құзыреті шегінде қарастыруға өтінімдерді қабылдайды не оны қабылдаудан бас тартады;

      172) өз құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдарында олардың өткізілетін күні мен орны туралы хабарландыруды және (немесе) онлайн-трансляцияға сілтемелерді жариялай отырып, жария тыңдаулар өткізеді;

      173) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда тарифті бекітеді;

      174) қуаты аз табиғи монополия субъектісінің тарифін индекстеу деңгейін айқындайды;

      175) тарифтік сметаны бекітеді және өзі бекіткен тарифтік сметаға өзгерістер енгізеді;

      176) реттелетін салада Табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын бекітеді және бекітілген инвестициялық бағдарламаға өзгерістер енгізеді;

      177) Табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын бекітеді және бекітілген инвестициялық бағдарламаға жергілікті атқарушы органмен бірлесіп өзгерістер енгізеді;

      178) уақытша өтемдік тарифті бекітеді;

      179) өз құзыреті шегінде табиғи монополия субъектісінің жекелеген іс-әрекеттер жасауына келісім береді, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінен "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыру туралы хабарламаны қабылдайды;

      180) тиісті мемлекеттік органдармен келісу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін әзірлейді және бекітеді;

      181) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметі тиімділігінің көрсеткіштерін әзірлейді және бекітеді;

      182) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің әрбір түрі бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу әдістемесін келіседі;

      183) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар субъектілерінің бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы және сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы туралы, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептеріне талдау жүргізеді;

      184) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобаларын, тарифті қалыптастыру бөлігінде оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуді келіседі;

      185) өз құзыреті шегінде республикалық немесе облыстық, аудандық коммуналдық меншіктегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік су бұру каналдары бар магистральдық каналдарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін сенімгерлік басқаруға беруді мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен келіседі;

      186) өз құзыреті шегінде республикалық немесе облыстық, аудандық коммуналдық меншіктегі, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік су бұру каналдары бар магистральдық каналдарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін беру жөніндегі сенімгерлік басқару шартын мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен, табиғи монополиялар субъектілерімен келіседі;

      187) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға, жергілікті атқарушы органға мүлікті сенімгерлік басқару шартын және табиғи монополиялар субъектілері каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жерүсті ағынын реттеу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын және мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардан берілетін мүлікті беру шартын келіседі;

      188) өз құзыреті шегінде халықаралық қаржы ұйымдарынан, мамандандырылған салалық банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінен қарыздар тарту үшін табиғи монополиялар субъектілерінің кредиттік келісімдерін келіседі;

      189) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті сенімгерлік басқару шартын келіседі;

      190) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті жергілікті атқарушы органдардан немесе мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органнан өтеусіз пайдалануға алған кезде, оны балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға алынған жағдайда, бекітілген тарифтік сметаға өзгерістер енгізеді;

      191) уақытша төмендету коэффициентін бекітеді;

      192) табиғи монополиялар салалары бойынша бес жылдық кезеңге арналған тарифтің болжамды индексін айқындайды;

      193) табиғи монополия саласын тарифтік реттеу әдісін айқындайды;

      194) тарифтер тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып бекітілетін табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесін бекітеді;

      195) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдарға немесе мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға табиғи монополиялар субъектілері каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жерүсті ағынын реттеу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарын келіседі;

      196) өз құзыреті шегінде құрылыс объектілерін қабылдау және пайдалануға беру жағдайларын қоспағанда, "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 23-тармағының 8) тармақшасына сәйкес есепке алу аспаптарын сатып алу және орнату үшін ақы алу мөлшерін табиғи монополия субъектісіне келіседі;

      197) Тарифтік саясат жөніндегі кеңес туралы ережені және оның дербес құрамын бекітеді;

      198) өз құзыреті шегінде қызметтер көрсету регламентінің үлгілік регламентке сәйкестігін келіседі;

      199) Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

      200) су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлар тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

      201) су қорын қорғау және пайдалану саласында қолда бар ең үздік технологиялардың тізбесін қалыптастыруды және Министрліктің интернет-ресурсында орналастыруды жүзеге асырады;

      202) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 613 қаулысымен (мәтін алып тасталды).

      203) гидрографиялық қағидат бойынша су шаруашылығы бассейндерін айқындайды;

      204) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар субъектілеріне Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқама енгізеді;

      205) көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдайды;

      206) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жекеше әріптесті айқындау қағидаларын бекітеді;

      207) заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 613 қаулысымен.

3-тарау. Министрліктің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Министрлікке басшылықты Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. Министрліктің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

      18. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдарға тағайындалатын және лауазымдарынан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Министрлік реттейтін салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдайды;

      2) өз қызметінде өзі бақылайтын комитеттердің басшыларын лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

      3) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;

      4) Министрліктің бұйрықтарына қол қояды;

      5) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;

      6) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және бұрыштама қояды;

      7) ведомстволар актілерінің қолданылуын толығымен немесе бір бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;

      8) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;

      9) өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      20. Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

      22. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын аппарат басшысы басқарады.

4-тарау. Министрліктің мүлкі

      23. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Министрліктің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 10.07.2024 № 540; өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 10.07.2024 № 541; 18.10.2024 № 862; 06.12.2024 № 1031 қаулыларымен.

      1. Министрлік:

      1) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 10.07.2024 № 541 қаулысымен;
      2) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.12.2024 № 1031 қаулысымен;

      3) "Қазгидрогеология" ұлттық гидрогеологиялық қызметі" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      4) "Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      5) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      6) "Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

      7) "SK Water Solutions" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 613 қаулысымен.

      1. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік су инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік су инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Ертіс бассейндік су инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Есіл бассейндік су инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік су инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      6. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік су инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      7. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік су инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      8. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Шу-Талас бассейндік су инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      Ескерту. Ереже бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 10.06.2025 № 427 қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталық" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 4 қазандағы
№ 863 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне" деген бөлімде:

      "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті" деген кіші бөлім алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне:

      408. "Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік):

      1) агроөнеркәсіптік кешен;

      2) суармалы егіншілік және агромелиорация;

      3) жер ресурстары;

      4) акваөсіру бөлігінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану салаларында басшылықты;

      5) сондай-ақ заңнамада көзделген шекте өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";

      15-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мынадай салаларда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады:

      өсімдіктер карантині;

      өсімдіктерді қорғау;

      селекция және тұқым шаруашылығы;

      ветеринария;

      балара шаруашылығы;

      жайылымдарды пайдалану және қорғау;

      акваөсіру бөлігінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мынадай салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады:

      жайылымдарды басқару, суландыру, пайдалану және оларды жүзеге асыруды ұйымдастырады;

      машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі;

      агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;

      тұқым шаруашылығы;

      балара шаруашылығы;

      ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі;

      өсімдіктер карантині;

      өсімдіктерді қорғау;

      ветеринария;

      асыл тұқымды мал шаруашылығы;

      акваөсіру бөлігінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану;

      органикалық өнім өндіру және оны жүзеге асыруды ұйымдастыру;

      биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу және қолдау;";

      мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "21-1) инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      52) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "52) мыналарды:

      мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды;

      асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды;

      акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіру шаруашылығын дамытуды;

      өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды;

      ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын;

      ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын;

      отандық ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу үлесін ұлғайтуды;

      агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін;

      ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды;

      агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін;

      облигациялар бойынша купондық сыйақыны;

      ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды әзірлеуге және ендіруге арналған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;".

      3. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі №339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      қызмет бабында пайдалану үшін.

      4. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) қоршаған ортаны қорғау, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, "жасыл экономиканы" дамыту, қалдықтармен жұмыс істеу (медициналық, биологиялық және радиоактивті қалдықтарды қоспағанда), табиғи ресурстарды қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау, орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану, қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту салаларында (бұдан әрі – реттелетін салалар) мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, басқару процестерін үйлестіру салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";

      2-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      13-тармақтың 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) орманды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша басшылық жасау және салааралық үйлестіру;

      11) орманды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру;

      12) орманды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру;

      13) орманды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

      14) орманды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету;";

      15-тармақта:

      143), 144), 145), 146), 147), 148), 149), 150), 151), 152), 153) тармақшалар алып тасталсын;

      154) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "154) жерүсті су объектілері жай-күйінің нысаналы көрсеткіштерін және оларға қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу әдістемесін әзірлейді және су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді;";

      155), 155-1), 235), 236) тармақшалар алып тасталсын;

      278) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "278) су объектілеріне шекті жол берілетін зиянды әсерлердің нормативтерін келіседі;";

      279), 280), 281), 282), 283), 284) тармақшалар алып тасталсын;

      285) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "285) республикалық маңызы бар сауықтыру мақсатындағы су объектілерінің тізбесін су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру және ирригация аясындағы бақылау саласындағы уәкілетті органға ұсынады;";

      286), 287), 288), 289), 290), 291), 292), 293), 294) тармақшалар алып тасталсын;

      317) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "317) халықаралық шарттарды іске асыруды қоса алғанда, орман қатынастарын басқару, жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, өсімін молайту, пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;";

      417), 418), 419), 440) тармақшалар алып тасталсын;

      535) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "535) жерүсті су объектілері үшін су объектілеріндегі су сапасын сыныптаудың бірыңғай жүйесі негізінде олардағы су сапасының нормативтерін келіседі;";

      536), 537), 538), 539), 540), 540-1), 540-2), 541), 542), 543), 544), 545), 546), 547), 548), 549), 550), 551), 552), 553), 554), 555), 556), 557), 558), 559), 560), 561), 562), 563), 564), 565), 567), 568), 569), 570), 571), 572), 573), 574), 575), 576), 577), 578), 579), 580), 581), 582), 583), 584), 586) 587), 588), 589), 590), 591), 593) және 595) тармақшалар алып тасталсын;

      Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті" деген бөлім алып тасталсын;

      Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің тізбесінде:

      21, 22, 23, 24, 25, 26, 27 және 28-тармақтар алып тасталсын.