Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 860 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 4 қазандағы
№ 860 қаулысына
қосымша

      1. "Қазақстан Республикасының радиожиілiк спектрiн пайдаланудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 тамыздағы № 932 қаулысы.

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 21 тамыздағы № 932 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 қазандағы № 1016 қаулысы.

      3. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 21 тамыздағы № 932 және 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1355 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 қазандағы № 1044 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 тамыздағы № 932 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қарашадағы № 1042 қаулысы.

      5. "Радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізу ережесі мен радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізуге жұмсалатын шығындардың техникалық-экономикалық негіздемесінің әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 маусымдағы № 990 қаулысы.