"Республикалық маңызы бар Қарғалы мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумал аумағын азайту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қазандағы № 1184 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 571 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Республикалық маңызы бар Қарғалы мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумал аумағын азайту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қазандағы № 1184 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қызылорда облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) "РУ-6" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесінің уран өндіру үшін берілуін;

      2) уран өндіру жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жер учаскелеріне рекультивация жүргізіліп, 2040 жылы көрсетілген жер учаскесінің қаумал құрамына қайтарылуын қамтамасыз етсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов