Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Республикалық маңызы бар Қарғалы мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумал аумағын азайту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қазандағы № 1184 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қызылорда облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) "РУ-6" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесінің уран өндіру үшін берілуін;
2) уран өндіру жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жер учаскелеріне рекультивация жүргізіліп, 2040 жылы көрсетілген жер учаскесінің қаумал құрамына қайтарылуын қамтамасыз етсін.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |