Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 шiлдедегi № 534 қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 1 шілдедегі
№ 534 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.05.2025 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 25-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарында білім алу кезеңінде азаматтарға әлеуметтік көмек беру тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) кәмелетке толмағандарды бейімдеу және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарындағы балаларға әлеуметтік көмекке арналған шығыстарды толық қамтамасыз етеді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедектігі бар адамдарды және бала кезінен мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар балаларды, көп балалы отбасылардан шыққан балаларды, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларды және қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы), патронаттық тәрбиедегі және баланы қабылдайтын отбасыдағы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар мен интернаттық ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан балаларды және кәмелетке толмағандарды бейімдеу және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарындағы балаларды тамақтандыру, киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары мөлшерге, көздерге және түрлерге 4 және 8-қосымшаларға сәйкес белгіленеді.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшерінде, көздерінде және түрлерінде:

      4-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда және интернаттық ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан балалар мен кәмелетке толмағандарды бейімдеу және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарындағы балаларды тамақтандыру нормалары";

      8-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедектігі бар адамдарды және бала кезінен мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар балаларды, көп балалы отбасылардан шыққан балаларды, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларды және қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы), патронаттық тәрбиедегі және баланы қабылдайтын отбасыдағы, интернаттық ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан балаларды, кәмелетке толмағандарды бейімдеу және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарындағы балаларды киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары";

      10-қосымшадағы ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе: жекелеген тамақ өнімдерін алмастыруды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін өнімдерді ауыстыру кестесіне сәйкес жүргізуге рұқсат етіледі.".

      3. "Мемлекеттік қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларында:

      7-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды анықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;".