Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 534 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi ведомствоаралық комиссия балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның жанынан, ал облыстық, қалалық, қаладағы аудандық, аудандық комиссиялар тиiстi жергiлiктi атқарушы орган (әкiмдiк) жанынан құрылады.";
8-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған не арнаулы білім беру ұйымдарынан және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған кәмелетке толмағандарды жұмысқа және тұрмыста орналастыруда, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалту жөніндегі өзге де функцияларды жүзеге асыруда мүдделі органдардың қызметін үйлестіреді;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) қорғаншылық және қамқоршылық органдарына арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж кәмелетке толмағандарды қолдау туралы ұсыныстар енгiзу;";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толғанға дейiн кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс және (немесе) қылмыстық теріс қылық белгiлерi бар қоғамдық қауiптi әрекеттер фактiлерi бойынша материалдарды қарау;";
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiлiм беру және мәдениет ұйымдарына, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарына, кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа мекемелерге, арнаулы бiлiм беру ұйымдарына, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ тиiстi аумақтарда орналасқан арнаулы бiлiм беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, ұстау, олардың денсаулығын сақтау жағдайларын және құқықтары мен заңды мүдделерiнің қорғалуын тексеру мақсатында оларға бару (кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ ұстау, оқыту және тәрбиелеу жағдайларын бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды жою жөнiнде ұсыныс енгiзу);";
10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге және оқытуға, қылмыс жасауының, құқық бұзушылығының және қараусыз қалуының профилактикасына жауапты басқа органдармен бiрлесiп, өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн жағдайға тап болған, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж, бiлiм беру ұйымдарына ұзақ уақыт бойы бармай жүрген кәмелетке толмағандарды анықтайды, олардың жеке есебiн жүргiзедi, осы кәмелетке толмағандарды орналастыру туралы шешiм қабылдайды және қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылайды;".
2. "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 25-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарында білім алу кезеңінде азаматтарға әлеуметтік көмек беру тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) кәмелетке толмағандарды бейімдеу және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарындағы балаларға әлеуметтік көмекке арналған шығыстарды толық қамтамасыз етеді.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедектігі бар адамдарды және бала кезінен мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар балаларды, көп балалы отбасылардан шыққан балаларды, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларды және қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы), патронаттық тәрбиедегі және баланы қабылдайтын отбасыдағы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар мен интернаттық ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан балаларды және кәмелетке толмағандарды бейімдеу және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарындағы балаларды тамақтандыру, киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары мөлшерге, көздерге және түрлерге 4 және 8-қосымшаларға сәйкес белгіленеді.";
көрсетілген қаулымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшерінде, көздерінде және түрлерінде:
4-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда және интернаттық ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан балалар мен кәмелетке толмағандарды бейімдеу және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарындағы балаларды тамақтандыру нормалары";
8-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедектігі бар адамдарды және бала кезінен мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар балаларды, көп балалы отбасылардан шыққан балаларды, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларды және қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы), патронаттық тәрбиедегі және баланы қабылдайтын отбасыдағы, интернаттық ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан балаларды, кәмелетке толмағандарды бейімдеу және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарындағы балаларды киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары";
10-қосымшадағы ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпе: жекелеген тамақ өнімдерін алмастыруды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін өнімдерді ауыстыру кестесіне сәйкес жүргізуге рұқсат етіледі.".
3. "Мемлекеттік қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларында:
7-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды анықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;".