Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 282, 286 және 294-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшартта:
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Инвестордың құқықтары мен мүдделерi толық және сөзсiз қорғалады, бұл Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен қамтамасыз етiледi.";
көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
"3-бөлім. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 295-2-бабына сәйкес жасалатын инвестициялар туралы келісімдер шеңберінде инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесі" деген бөлім алып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |