Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 121 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
13), 14) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"13) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен бірлесіп мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын әзірлеу және бекіту;
14) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын әзірлеу және бекіту;
15) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"21) мемлекеттік, шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді жасау және ай сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға, тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына ұсыну;";
78) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"78) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы әзірлейтін және бекітетін бұзушылықтар сыныптауышын келісу;";
86) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"86) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына республикалық бюджет жобасын бағалау жөніндегі қорытындыда көрсетілген ұсынымдарды орындау жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпарат ұсыну;";
90) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"90) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен бірлесіп мақсаттарға қол жеткізу блогы бойынша операциялық бағалау жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;";
616) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"616) ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі, оның ішінде басқа мемлекеттік органдармен немесе ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру үшін Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен келісу бойынша құқықтық актілерді қабылдау;".
2. "Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 625 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесінде:
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Үкімет Аппаратының Басшысы";
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Үкімет Аппараты Басшысының орынбасарлары".
3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.07.2023 № 550 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қарашадағы № 1403 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексінде:
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының корпоративтік басқару қағидаттары" деген 1-бөлімде:
"Үкімет Қордың акционері ретінде" деген 1-тарауда:
төртiншi және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Қордың немесе ұйымның Аудит комитеті тәуелсіз директорлардан ғана тұрады. Комитет білікті сарапшыны тартқан жағдайда осы адамның дауыс беру құқығы болмауға тиіс. Сарапшы тарту туралы шешімді Аудит комитеті қабылдайды және оны тарту мәселесі қызмет тиімділігі мен тәуелсіздігі тұрғысынан жыл сайын қаралуға тиіс. Қордың мамандандырылған комитеті Қор тобына кіретін ұйымдар қызметінің экономиканы немесе экономиканың жеке алынған саласын дамытуға әсерін Қор туралы заңға сәйкес кешенді және объективті түрде талдауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының өкілі Мамандандырылған комитеттің тұрақты мүшесі – дауыс беру құқығы бар сарапшы болып табылады.
Қордың және ұйымдардың өздеріне бөлінген республикалық бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қаржы-экономикалық негіздемеге сәйкес пайдалануын бақылау, бюджеттік инвестициялардың тиімділігін бағалау Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының құзыретіне жатады.";
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының корпоративтік басқару қағидаттарына аннотациялар" деген 2-бөлімде:
"Үкімет Қордың акционері ретінде" деген 1-тарауда:
төртiншi және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Қордың немесе ұйымның Аудит комитеті тәуелсіз директорлардан ғана тұрады. Комитет білікті сарапшыны тартқан жағдайда, осы тұлғаның дауыс беру құқығы болмауға тиіс. Сарапшыны тарту туралы шешімді Аудит комитеті қабылдайды және оны тарту мәселесі қызмет тиімділігі мен тәуелсіздігі тұрғысынан жыл сайын қаралуға тиіс. Қордың Мамандандырылған комитеті Қор тобына кіретін ұйымдар қызметінің Қор туралы заңға сәйкес экономиканы немесе экономиканың жеке алынған саласын дамытуға әсерін кешенді және объективті түрде талдауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының өкілі Мамандандырылған комитеттің тұрақты мүшесі – дауыс беру құқығы бар сарапшы болып табылады.
Қордың және ұйымдардың өздеріне бөлінген республикалық бюджеттің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражатын қаржылық-экономикалық негіздемеге сәйкес пайдалануын бақылау, бюджеттік инвестициялардың тиімділігін бағалау Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының құзыретіне жатады.";
сегізінші бөлікте:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Қордың тобына кіретін ұйымдарға талдау жүргізу туралы ұсынысын қарайды, кейіннен мәселелерді белгіленген тәртіппен Қордың Директорлар кеңесіне береді;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) талдау нәтижелерін Қордың Директорлар кеңесіне және Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына береді.".
5. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларында:
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларына 1-қосымшада:
"_________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп 20 ___ж. есепті кезең" нысанында:
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Үкіметі, Жоғары аудиторлық палата, Ұлттық экономика министрлігі";
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есептің" нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме нысанына қосымшада:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп" нысанын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күніне дейінгі мерзімде жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Жоғары аудиторлық палатасына, Ұлттық экономика министрлігіне жолдайды.".
6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
9. "Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 502 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу қағидаларында:
8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мәлімдеген шығыстарды олардың негізділігі тұрғысынан қарау бөлігінде өткен қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебіне Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы берген тұжырымдар мен ұсынымдар;";
15-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының бюджеттік өтінімі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға қарау үшін жіберіледі, ол оған қорытынды дайындайды және өзгерістер енгізбей, республикалық бюджеттің жобасына енгізеді.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Республикалық бюджет комиссиясы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қарауға дайындаған материалдарды Республикалық бюджет комиссиясының жұмыс органы жасайтын және Республикалық бюджет комиссиясының төрағасымен келісілетін жоспар-кестеге сәйкес қарайды. Республикалық бюджет комиссиясының төрағасымен келісілген жоспар-кесте республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының назарына жеткізіледі.";
21-тармақтың 6) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Түсіндірме жазбаға Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалау шеңберінде енгізілген ұсынымдарын ескеру туралы ақпарат та енгізіледі.".
10. "Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 503 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Қағидалардың 6–9-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей ұсынады";.
11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Есепті қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын, ағымдағы жылғы 20 сәуірден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне және Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына береді.".
11. "Республикалық бюджет комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережеде:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыруға байланысты мәселелерді қарау кезінде Комиссия отырыстарына Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (келісу бойынша) мүшесі байқаушы ретінде (дауыс беру құқығынсыз) қатысады.";
15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы, сондай-ақ қағаз жеткізгіште Комиссияның хатшысы әр парағын растаған қосымшаларымен қоса Комиссия шешімдерінің көшірмелерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына;";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Комиссия немесе жұмыс органы айқындайтын мерзімге және күн тәртібіне сәйкес Комиссия отырыстарына материалдар дайындау, оларды Комиссия мүшелеріне тарату, Комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындау, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына (келісу бойынша) Комиссия отырыстарының хаттамалары мен тиісті материалдарды, Комиссия мүшелеріне, мемлекеттік органдарға және ұйымдарға олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комиссияның хаттамалық шешімдерінен үзінділер жіберу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерден және осы ережеден туындайтын басқа да функциялар жұмыс органының функциялары болып табылады.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясының құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Басшысы";
"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының аппараты) басшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы".
12. "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ережеде:
15-тармақтың 45) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"45) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;".
13. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2023 № 620 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қосымша |
Ескерту. Қосымшаның күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.07.2023 № 550 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.