Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 121 қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 13 ақпандағы
№ 121 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      13), 14) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен бірлесіп мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын әзірлеу және бекіту;

      14) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын әзірлеу және бекіту;

      15) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) мемлекеттік, шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді жасау және ай сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға, тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына ұсыну;";

      78) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "78) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы әзірлейтін және бекітетін бұзушылықтар сыныптауышын келісу;";

      86) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "86) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына республикалық бюджет жобасын бағалау жөніндегі қорытындыда көрсетілген ұсынымдарды орындау жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпарат ұсыну;";

      90) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "90) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен бірлесіп мақсаттарға қол жеткізу блогы бойынша операциялық бағалау жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;";

      616) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "616) ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі, оның ішінде басқа мемлекеттік органдармен немесе ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру үшін Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен келісу бойынша құқықтық актілерді қабылдау;".

      2. "Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 625 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесінде:

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Үкімет Аппаратының Басшысы";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Үкімет Аппараты Басшысының орынбасарлары".

      3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.07.2023 № 550 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қарашадағы № 1403 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексінде:

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының корпоративтік басқару қағидаттары" деген 1-бөлімде:

      "Үкімет Қордың акционері ретінде" деген 1-тарауда:

      10-тармақта:

      төртiншi және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қордың немесе ұйымның Аудит комитеті тәуелсіз директорлардан ғана тұрады. Комитет білікті сарапшыны тартқан жағдайда осы адамның дауыс беру құқығы болмауға тиіс. Сарапшы тарту туралы шешімді Аудит комитеті қабылдайды және оны тарту мәселесі қызмет тиімділігі мен тәуелсіздігі тұрғысынан жыл сайын қаралуға тиіс. Қордың мамандандырылған комитеті Қор тобына кіретін ұйымдар қызметінің экономиканы немесе экономиканың жеке алынған саласын дамытуға әсерін Қор туралы заңға сәйкес кешенді және объективті түрде талдауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының өкілі Мамандандырылған комитеттің тұрақты мүшесі – дауыс беру құқығы бар сарапшы болып табылады.

      Қордың және ұйымдардың өздеріне бөлінген республикалық бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қаржы-экономикалық негіздемеге сәйкес пайдалануын бақылау, бюджеттік инвестициялардың тиімділігін бағалау Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының құзыретіне жатады.";

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының корпоративтік басқару қағидаттарына аннотациялар" деген 2-бөлімде:

      "Үкімет Қордың акционері ретінде" деген 1-тарауда:

      10-тармақта:

      төртiншi және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қордың немесе ұйымның Аудит комитеті тәуелсіз директорлардан ғана тұрады. Комитет білікті сарапшыны тартқан жағдайда, осы тұлғаның дауыс беру құқығы болмауға тиіс. Сарапшыны тарту туралы шешімді Аудит комитеті қабылдайды және оны тарту мәселесі қызмет тиімділігі мен тәуелсіздігі тұрғысынан жыл сайын қаралуға тиіс. Қордың Мамандандырылған комитеті Қор тобына кіретін ұйымдар қызметінің Қор туралы заңға сәйкес экономиканы немесе экономиканың жеке алынған саласын дамытуға әсерін кешенді және объективті түрде талдауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының өкілі Мамандандырылған комитеттің тұрақты мүшесі – дауыс беру құқығы бар сарапшы болып табылады.

      Қордың және ұйымдардың өздеріне бөлінген республикалық бюджеттің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражатын қаржылық-экономикалық негіздемеге сәйкес пайдалануын бақылау, бюджеттік инвестициялардың тиімділігін бағалау Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының құзыретіне жатады.";

      сегізінші бөлікте:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Қордың тобына кіретін ұйымдарға талдау жүргізу туралы ұсынысын қарайды, кейіннен мәселелерді белгіленген тәртіппен Қордың Директорлар кеңесіне береді;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) талдау нәтижелерін Қордың Директорлар кеңесіне және Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына береді.".

      5. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларында:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларына 1-қосымшада:

      "_________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп 20 ___ж. есепті кезең" нысанында:

      төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Үкіметі, Жоғары аудиторлық палата, Ұлттық экономика министрлігі";

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есептің" нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме нысанына қосымшада:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп" нысанын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күніне дейінгі мерзімде жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Жоғары аудиторлық палатасына, Ұлттық экономика министрлігіне жолдайды.".

      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. "Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 502 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу қағидаларында:

      8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мәлімдеген шығыстарды олардың негізділігі тұрғысынан қарау бөлігінде өткен қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебіне Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы берген тұжырымдар мен ұсынымдар;";

      15-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының бюджеттік өтінімі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға қарау үшін жіберіледі, ол оған қорытынды дайындайды және өзгерістер енгізбей, республикалық бюджеттің жобасына енгізеді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Республикалық бюджет комиссиясы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қарауға дайындаған материалдарды Республикалық бюджет комиссиясының жұмыс органы жасайтын және Республикалық бюджет комиссиясының төрағасымен келісілетін жоспар-кестеге сәйкес қарайды. Республикалық бюджет комиссиясының төрағасымен келісілген жоспар-кесте республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының назарына жеткізіледі.";

      21-тармақтың 6) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Түсіндірме жазбаға Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалау шеңберінде енгізілген ұсынымдарын ескеру туралы ақпарат та енгізіледі.".

      10. "Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 503 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Қағидалардың 6–9-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей ұсынады";.

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Есепті қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын, ағымдағы жылғы 20 сәуірден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне және Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына береді.".

      11. "Республикалық бюджет комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережеде:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыруға байланысты мәселелерді қарау кезінде Комиссия отырыстарына Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (келісу бойынша) мүшесі байқаушы ретінде (дауыс беру құқығынсыз) қатысады.";

      15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы, сондай-ақ қағаз жеткізгіште Комиссияның хатшысы әр парағын растаған қосымшаларымен қоса Комиссия шешімдерінің көшірмелерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына;";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Комиссия немесе жұмыс органы айқындайтын мерзімге және күн тәртібіне сәйкес Комиссия отырыстарына материалдар дайындау, оларды Комиссия мүшелеріне тарату, Комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындау, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына (келісу бойынша) Комиссия отырыстарының хаттамалары мен тиісті материалдарды, Комиссия мүшелеріне, мемлекеттік органдарға және ұйымдарға олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комиссияның хаттамалық шешімдерінен үзінділер жіберу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерден және осы ережеден туындайтын басқа да функциялар жұмыс органының функциялары болып табылады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясының құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Басшысы";

      "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының аппараты) басшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы".

      12. "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақтың 45) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "45) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;".

      13. "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 774 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесінде:

      "Өнеркәсіп" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 183, 184, 185, 186, 187 және 188-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

183.

16.

Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық зерделенуін қамту

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ИИДМ

184.

17.

Қазақстан Республикасының мұнай-газ кен орындарының тізбесі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ИИДМ

185.

18.

Қазақстан Республикасының қатты пайдалы қазбалар кен орындарының тізбесі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ИИДМ

186.

19.

Қорлардың өлшем бірліктерін көрсете отырып, қорлардың жиынтық мемлекеттік баланстары жасалатын пайдалы қазбалардың тізбесі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ИИДМ

187.

20.

Жер қойнауын геологиялық зерттеуге берілген лицензиялардың тізілімі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ИИДМ

188.

21.

Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға берілген лицензиялардың тізілімі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ИИДМ

      ";

      реттік нөмірі 211-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

211.

44.

Балық өңдеумен айналысатын кәсіпорындар туралы мәліметтер

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ИИДМ

      ";

      "Білім және ғылым" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 219 және 220-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

219.

2.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының облыстар, қалалар бойынша тізілімі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 қыркүйегіне дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҒЖБМ

220.

3.

Кадрларды дайындау бағыты бойынша лицензиясы бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҒЖБМ

      ";

      реттік нөмірлері 233, 234, 235, 236, 237, 238, 239 және 240-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

233.

16.

Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру бойынша диссертациялар қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестердің тізімі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҒЖБМ

234.

17.

Бекітілген философия докторларының (PhD) тізімі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҒЖБМ

235.

18.

Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерінің статистикасы

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҒЖБМ

236.

19.

Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пункттерінің тізбесі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 қыркүйегіне дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҒЖБМ

237.

20.

Тұрғынжайға мұқтаж жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары студенттерінің жалпы санынан жатақханалардағы тұрғынжаймен қамтамасыз етілген студенттердің үлесі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҒЖБМ

238.

21.

Техникалық және кәсіптік білім беру туралы статистикалық деректер

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 маусымына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

239.

22.

Жалпы білім беру мекемелерінің қолжетімділігі туралы статистикалық деректер (жылдар бойынша, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, елорда бойынша салынып жатқандар/ашылғандар, қала/ауыл, лицей/гимназия/орта мектеп)

тоқсан сайын

есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

240.

23.

Өңірлер, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, елорда бойынша жалпы білім беретін мектептердің тізілімі (күндізгі/кешкі, лицей/гимназия/орта мектеп)

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

      ";

      реттік нөмірлері 242, 243, 244, 245, 246, 247, 248, 249, 250, 251, 252, 253, 254, 255, 256 және 257-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

242.

25.

Мектепке тасымалдау ұйымдастырылған балалардың жалпы саны

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 қыркүйегіне дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

243.

26.

Бастауыш, негізгі орта білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру деңгейінде білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингтеудің қорытындылары

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

244.

27.

Мектепке дейінгі ұйымдардың қолжетімділігі бойынша статистикалық деректер (жылдар бойынша, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша салынып жатқандар/ашылғандар, балаларды қамту, кезек)

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

245.

28.

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, елорда бойынша балабақшалардың тізілімі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

246.

29.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың педагог кадрлармен қамтамасыз етілуі бойынша статистикалық деректер (бос орындар)

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

247.

30.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту бойынша статистикалық деректер

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 маусымына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

248.

31.

Балаларға қосымша білім беру, тәрбиелеу және дамыту туралы статистикалық деректер

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

249.

32.

Балалар спортын, дене тәрбиесін дамыту туралы статистикалық деректер

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

250.

33.

Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушілерінің жалпы санынан мектепке дейінгі шағын орталықтардағы тәрбиеленушілердің үлесі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

251.

34.

Мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамтылған 3 жастан 1 сыныпқа қабылданғанға дейінгі аралықтағы балалардың үлесі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

252.

35.

Мектеп оқушыларының жалпы санынан қосымша білім берумен қамтылған балалардың үлесі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 қыркүйегіне дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

253.

36.

Дамуында мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивті білім берумен қамтылған балалардың үлесі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

254.

37.

Дамуында мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан білім беру бағдарламаларымен қамтылған балалардың үлесі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

255.

38.

Мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан мектепке дейінгі шағын орталықтардың үлесі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 маусымына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

256.

39.

Үйде оқитын оқушылардың саны, барлығы

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

257.

40.

Орта білім беретін ұйымдарда экстернат нысанында оқитын оқушылар саны

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 257-1-жолмен толықтырылсын:

      "

257-1.

40-1.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқитын оқушылар саны

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҒЖБМ

      ";

      реттік нөмірлері 258 және 259-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

258.

41.

Экстернат нысанында оқытатын мектептердің саны

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

259.

42.

Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тізілімі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

      ";

      реттік нөмірлері 263, 264, 265, 266, 267, 268, 269, 270, 271, 272, 273, 274, 275 және 276-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

263.

46.

Қалалар бойынша біліктілікті арттыру орталықтары

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 маусымына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

264.

47.

PISA халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері

3 жылда бір рет

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

265.

48.

TIMSS халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері

4 жылда бір рет

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

266.

49.

Техникалық және кәсіптік білім беру деңгейінің білім беру жетістіктерін мониторингтеу қорытындылары

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

267.

50.

Білім беру ұйымдарының 1-11 сыныптарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің тізбесі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

268.

51.

Мектепке дейінгі ұйымдарда пайдалануға рұқсат етілген оқу әдебиетінің тізбесі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

269.

52.

Арнайы (түзетуші) мектептерде пайдалануға рұқсат етілген оқу әдебиетінің тізбесі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

270.

53.

Мемлекеттік ғылыми стипендиялар (атауы, конкурстың шарттары, құжаттар тізбесі)

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҒЖБМ

271.

54.

Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы мәліметтер (атауы, конкурс шарттары, құжаттар тізбесі)

екі жылда бір рет

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 қаңтарына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҒЖБМ

272.

55.

Ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар туралы мәліметтер (атауы, конкурс шарттары, құжаттар тізбесі)

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанға дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҒЖБМ

273.

56.

Аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің тізілімі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҒЖБМ

274.

57.

Жарияланған ғылыми мақалалардың саны (шетелдік басылымдарда)

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҒЖБМ

275.

58.

Ғылым түрлері бойынша ғылыми басылымдардың тізбесі

тоқсан сайын

есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҒЖБМ

276.

59.

Гранттық қаржыландыру шеңберінде іске асырылған және іске асырылып жатқан жобалардың тізбесі

жыл сайын

есепті кезеңнің 30 желтоқсанына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҒЖБМ

      ";

      "Еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 353 және 354-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

353.

33.

Тегін тамақтану ұйымдастырылған балалар саны

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

354.

34.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 354-1-жолмен толықтырылсын:

      "

354-1.

34-1.

Техникалық және кәсіптік, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҒЖБМ

      ";

      реттік нөмірлері 355 және 356-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

355.

35.

Жыл сайынғы стипендиат түлектерден "Болашақ" халықаралық стипендиясының жұмысқа орналастырылған түлектерінің үлесі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҒЖБМ

356.

36.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы статистикалық деректер, өңірлер бөлінісінде

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

      ";

      "Ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 421, 422, 423, 424, 425, 426, 427 және 428-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

421.

23.

Жануарлар дүниесін пайдалану түрлері

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЭТРМ

422.

24.

Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың бағалы түрлерінің тізбесі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЭТРМ

423.

25.

Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЭТРМ

424.

26.

Сумен қамтамасыз етудің тұйық циклі бар балық өсіру шаруашылықтарында тауарлық балық өсірумен айналысатын кәсіпорындар, көл-тауарлық және торда балық өсіру шаруашылықтары туралы ақпарат

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЭТРМ

425.

27.

Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЭТРМ

426.

28.

Балық өсіру материалын өсірумен айналысатын кәсіпорындар туралы ақпарат

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЭТРМ

427.

29.

Аңшылық шаруашылықтардың тізбесі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЭТРМ

428.

30.

Мемлекеттік орман кадастрының деректері

жартыжылдықта бір рет

есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЭТРМ

      ";

      "Қаржы" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 611, 612, 613, 614, 615, 616, 617 және 618-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

611.

171.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін бағалау нәтижелері (мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары бөлінісінде бағалаудың барлық бағыттары бойынша қорытылған ақпарат)

жартыжылдықта бір рет

есепті жылдың 25 қыркүйегіне және 25 наурызына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЖАП

612.

172.

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы отырыстарының аудиторлық іс-шаралардың нәтижелерін қарау жөніндегі қысқаша қорытындылары

қажеттілігіне қарай

өзгертілген күннен кейін бес жұмыс күні ішінде

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЖАП

613.

173.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының Үйлестіру кеңесінің құрамы

қажеттілігіне қарай

өзгертілген күннен кейін жеті жұмыс күні ішінде

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЖАП

614.

174.

Мемлекеттік аудитор біліктілігін алуға үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы

қажеттілігіне қарай

өзгертілген күннен кейін жеті жұмыс күні ішінде

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЖАП

615.

175.

Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімі

қажеттілігіне қарай

өзгертілген күннен кейін жеті жұмыс күні ішінде

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЖАП

616

176.

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы қызметінің негізгі көрсеткіштері

тоқсан сайын

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЖАП

617.

177.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары қызметінің негізгі көрсеткіштері

тоқсан сайын

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЖАП

618.

178.

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының тиісті жылға арналған аудиторлық іс-шараларының тізбесі

тұрақты

бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЖАП

      ";

      "Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 680-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

680.

25.

Суды алу, пайдалану және бұру көрсеткіштері

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЭТРМ

      ";

      "Экология, қоршаған орта және азаматтық қорғаныс" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 771, 772, 773, 774, 775, 776, 777, 778, 779, 780, 781, 782, 783, 784, 785, 786 және 787-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

771.

11.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесі

жыл сайын

есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЭТРМ

772.

12.

Тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің, оның ішінде ақбөкендердің саны

тоқсан сайын

есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЭТРМ

773.

13.

Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері, оның ішінде ақбөкен (киіктер, тоғайлы асыл бұғылар, құландар, қарақұйрықтар, арқарлар) санының өсімі

тоқсан сайын

есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЭТРМ

774.

14.

Қолданыстағы экологиялық рұқсаттардың тізбесі

жартыжылдықта бір рет

есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЭТРМ

775.

15.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданыстағы рұқсаттар мен лицензиялардың тізбесі

жартыжылдықта бір рет

есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЭТРМ

776.

16.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті бақылау-инспекциялық қызметінің негізгі көрсеткіштері

жартыжылдықта бір рет

есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЭТРМ

777.

17.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті бақылау-инспекциялық қызметінің негізгі көрсеткіштері

жартыжылдықта бір рет

есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЭТРМ

778.

18.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кадастрының деректері

жартыжылдықта бір рет

есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЭТРМ

779.

19.

Қазақстан кен орындарының тізбесі: Қазақстан Республикасының жерасты сулары

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ЭТРМ

780.

20.

Қауіпті қалдықтардың көрсеткіштер бойынша көлемі (Республика бойынша жалпы көрсеткіштер)

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Мемлекеттік органның API жүйесі

ЭТРМ

781.

21.

Қауіпті емес қалдықтардың көрсеткіштер бойынша көлемі (Республика бойынша жалпы көрсеткіштер)

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Мемлекеттік органның API жүйесі

ЭТРМ

782.

22.

Қалдықтардың түрлері бойынша көлемі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Мемлекеттік органның API жүйесі

ЭТРМ

783.

23.

Облыс, республикалық маңызы бар қала, елорда бойынша көрсеткіштер бойынша қауіпті қалдықтардың көлемі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Мемлекеттік органның API жүйесі

ЭТРМ

784.

24.

Облыс республикалық маңызы бар қала, елорда бойынша көрсеткіштер бойынша қауіпсіз қалдықтардың көлемі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Мемлекеттік органның API жүйесі

ЭТРМ

785.

25.

Қауіпті қалдықтардың қызмет түрлері бойынша көлемі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Мемлекеттік органның API жүйесі

ЭТРМ

786.

26.

Қауіпсіз қалдықтардың қызмет түрлері бойынша көлемі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Мемлекеттік органның API жүйесі

ЭТРМ

787.

27.

Медициналық қалдықтардың облыстар бөлінісіндегі көлемі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін

Мемлекеттік органның API жүйесі

ЭТРМ

      ";

      "Халық және қоғам" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 844, 845, 846, 847 және 848-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

844.

57.

Асырап алынған балалар (шетелдіктер/Қазақстан Республикасы азаматтары) туралы статистикалық деректер

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

845.

58.

Қазақстан Республикасында аккредиттелген бала асырап алу жөніндегі агенттіктер туралы деректер

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

846.

59.

Қазақстандық азаматтардың отбасыларында қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) балалар туралы статистикалық деректер, өңірлер бөлінісінде

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

847.

60.

Қазақстандық азаматтардың отбасыларында патронаттық тәрбиелеудегі балалар туралы статистикалық деректер, өңірлер бөлінісінде

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

848.

61.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленетін балалар туралы статистикалық деректер, өңірлер бөлінісінде

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 желтоқсанына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ОМ

      ";

      ескертпеде:

      "БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;";

      "ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;";

      "ЕК – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЖАП – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы;";

      "ЭГТРМ – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология жəне табиғи ресурстар министрлігі;".

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен
толықтыруларға қосымша

      Ескерту. Қосымшаның күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.07.2023 № 550 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.