Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) 193-1-бабының 3-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1 және 3-тармақтарына, 187-бабының 2-тармағына, "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "АЭС Өскемен ГЭС" және "АЭС Шүлбі ГЭС" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің мемлекеттік қатысу үлестері ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген тиісті саланың уәкілетті органының оң салалық қорытындысын алған жағдайда "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Қазақстан Республикасы Энергетика, Ұлттық экономика министрліктері "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамымен (келісу бойынша) бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шаралар қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 1033 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 165-18, 165-19-жолдар алып тасталсын.
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген, иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
реттік нөмірлері 217-17, 217-18-жолдар алып тасталсын.
3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында:
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірлері 6, 7-жолдар алып тасталсын.