"Қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қазандағы № 955 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 918 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қазандағы № 955 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов