Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 826 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 14 қазандағы
№ 826 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 868 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларында:

      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қайтыс болуы туралы куәлiктiң көшiрмесiн немесе хабарламаны;";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе жергілікті әскери басқару органдары осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаннан кейін әскери қызметші ақшалай ризықта тұратын (тұрған) әскери бөлімнен (мекемеден) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқиға болған кездегі ақшалай қамтылымының мөлшері туралы анықтаманы сұратады.".

      2. "Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда осындай адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда осындай адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында:

      7-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін өтініш берген адам тұрғылықты жеріндегі бөлімшеге мынадай құжаттармен қоса осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді:";

      бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты) көшірмесі;";

      екінші бөлік алып тасталсын;

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Жерлеуге арналған біржолғы төлем (өтемақы) мен отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған адамның бұрынғы тұрғылықты жері бойынша бөлімшеге осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі не заңды тұлғаны (заңды тұлғалар үшін) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (куәлік) немесе жерлеуді жүзеге асырған жеке кәсіпкердің патенті (жеке тұлғалар үшін);

      2) қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе хабарлама;

      3) зейнетақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шотының нөмірі туралы мәліметтер.

      Бұдан басқа біржолғы жәрдемақыны тағайындау үшін қайтыс болған адамның отбасы мүшелері:

      біржолғы жәрдемақы алуға құқығы бар адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелерін;

      осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 18-ден 23 жасқа дейінгі балалар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылатыны туралы оқу орнының анықтамасын;

      қайтыс болған адаммен туыстық қатынастарын куәландыратын құжаттың көшірмесін (туу туралы, неке туралы, некені бұзу туралы, әке болуды (ана болуды) анықтау туралы куәліктер);

      зейнетақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шотының нөмірі туралы мәліметтерді ұсынады.";

      осы Қағидаларға 11-қосымша осы өзгерістерге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Азаматтық персонал қатарындағы адам бітімгершілік операция кезеңінде, сондай-ақ бітімгершілік операцияға қатысу нәтижесінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), ауыруы салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған), бітімгершілік операция кезеңінде мүгедектік белгіленген немесе мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайларда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 277 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық персонал қатарындағы адам бітімгершілік операция кезеңінде, сондай-ақ бітімгершілік операцияға қатысу нәтижесінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), ауыруы салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған), бітімгершілік операция кезеңінде мүгедектік белгіленген немесе мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайларда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларында:

      5-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қайтыс болуы туралы куәлiктiң көшiрмесі немесе хабарлама;".

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістерге қосымша
  Әскери қызметшiлерге, арнаулы
мемлекеттік және құқық қорғау
органдары, мемлекеттік
фельдъегерлік қызмет
қызметкерлеріне, сондай-ақ
арнаулы атақтар, сыныптық
шендер алу және нысанды киiм
киiп жүру құқықтары
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап
жойылған адамдарға және
Қазақстан Республикасының
ішкі істер органдарындағы
медициналық лауазымдары
2022 жылғы 1 шілдеден
және 2023 жылғы 1 қаңтардан
бастап қысқартылған, лауазымы
қысқартылған кезде еңбек
  сіңірген жылдары үзіліссіз
әскери қызметте, арнаулы
мемлекеттік және құқық қорғау
органдарындағы қызметте,
мемлекеттік фельдъегерлік
қызметте кемінде он екі жыл
және алты ай болған адамдар
қылмыстық-атқару
(пенитенциарлық) жүйесінің
тергеу изоляторлары мен
мекемелерінде орналасқан
медициналық ұйымдарда
жұмысын жалғастырған
жағдайда осындай адамдарға
зейнетақы төлемдерiн
тағайындау және жүзеге асыру
қағидаларына
11-қосымша
  __________________________
  (зейнетақы тағайындаған
мемлекеттік органның атауы)
  __________________________
(өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
  Туыстық дәрежесі
  _______________________
  ________________________
  (мекенжайы бойынша тұрады)
  Жеке басын куәландыратын
құжат: №
  _____________________
  Қашан және кім берді ___
  жылғы "__" _______
  ЖСН __________________

Өтініш

      _____________________________________________________________________

      (мекенжайы бойынша тұрған)

      _____________________________________________________________________

      (қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН)

      қайтыс болуына байланысты жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны)

      және/немесе отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны төлеуді

      сұраймын (қажеттінің астын сызу).

      Қайтыс болуына байланысты жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны)

      және/немесе отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны банк филиалының,

      "Қазпошта" акционерлік қоғамы № __ байланыс бөлімшесінің № _________ банктік

      шотына аударуды сұраймын.

      1. Қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесi немесе хабарлама.

      2. ____________________________________________________________

      3. ____________________________________________________________

      Өтінішті "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы

      Заңының 8-бабына сәйкес қарау үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес

      деректерімді алуға келісім беремін.

      20___ жылғы "___" _______

      Қолы _________