Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 және "Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 қыркүйектегі № 644 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларында:

      11-тармақ алып тасталсын;

      22-тармақтың 2) тармақшасының екінші бөлігінің он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылғаны туралы ақпарат;";

      2) "Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң регламeнтінде:

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң регламентіне 1-қосымшада:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылғаны туралы ақпарат.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов