ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 45-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларының 12, 13, 14-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысымен бекітілген |
Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес әзірленді және барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар (бұдан әрі – ұйымдар) үшін мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу, сондай-ақ таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын құжаттарды, істер мен басылымдарды ресімдеу, есепке алу, көбейту, сақтау, пайдалану, мемлекеттік сақтауға іріктеу мен беру және жоюға бөлу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қамтитын қызметтік ақпаратпен жұмыс тәртібіне қолданылмайды.
3. "Қызмет бабында пайдалану үшін" (бұдан әрі – "ҚБП") және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттарда, істер мен басылымдарда, электрондық және өзге де жеткізгіштерде тіркелген таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа таратылуына қызметтік қажеттілікпен шектеу қойылған мәліметтер жатады.
Ашық жариялау деп материалдарды ашық баспасөзде жариялау (оның ішінде интернет-ресурста орналастыру), оларды радио мен телевизия арқылы тарату, ашық конференцияларда, кеңестерде, симпозиумдарда жария ету, кинофильмдерде көрсету, музейлерде, көрмелерде экспонат ретінде көрсету, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды көпшілік алдында қорғау, қолжазбаларды сақтауға беру түсініледі.
4. Жұмысында таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты пайдаланатын адамдар ақпаратты қорғау, қызметтік міндеттерін орындау кезінде өздері алған мәліметтерді сақтау және жария етпеу жөніндегі талаптарды орындайды.
5. Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратпен жұмыс істеуге жіберілген жұмыскерлер осы Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта заңдардағы ережелерден өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
6. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қорғау – осындай ақпараттың құқыққа сыйымсыз жария етілуіне, қолжетімділігіне, жойылуына, өзгертілуіне, көшірме жасалуына және оған қатысты өзге де құқыққа сыйымсыз әрекеттерді болғызбауға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдау;
2) ақпарат – адамдар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар және процестер туралы ақпарат иеленуші алған немесе жасаған, кез келген жеткізгішке түсірілген және оны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректемелері бар мәліметтер;
3) жасырын ақпарат – Қазақстан Республикасының заңнамасына, Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілеріне, халықаралық шарттарға сәйкес қол жеткізу шектелген (жасырындығы белгіленген), яғни егер басқа нормативтік құқықтық актілерде өзгеше көзделмесе, мұндай ақпаратты оны иеленушінің жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға бермеудің (жария етпеудің) осы ақпаратқа қол жеткізген адамның орындауы үшін міндетті талабы белгіленген ақпараттың барлық түрлері (коммерциялық, банктік, салықтық, нотариаттық, дәрігерлік (медицина қызметкерінің құпиясы), жеке, адвокаттық құпияны қоса алғанда);
4) таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты жария ету – нәтижесінде таратылуы шектелген қызметтік ақпарат мұндай ақпаратқа ақпарат иеленуші Қазақстан Республикасының заңнамасына, халықаралық шарттарға және осы Қағидаларға сәйкес рұқсат бермеген үшінші тұлғаларға көрсетілген ақпаратты иеленушінің жазбаша келісімінсіз кез келген нысанда (ауызша, жазбаша, өзге, оның ішінде техникалық құралдар пайдаланылып) мәлім болатын әрекеттер (әрекетсіздік);
5) таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың жоғалуы – таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың жоғалуы не ұрлануы салдарынан заңды иеленуден немесе пайдаланудан шығуы, оның ішінде уақытша да шығуы;
6) мемлекеттік органның "ҚБП" белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қорғау жөніндегі орталық сараптама комиссиясы (бұдан әрі – ОСК) – "ҚБП" белгісі бар құжаттармен және ақпаратпен байланысты мәселелерді қарау үшін мемлекеттік органның бірінші басшысының шешімімен құрылатын консультативтік-кеңесші орган;
7) электрондық жеткізгіш – ақпаратты электрондық нысанда сақтауға, сондай-ақ оны техникалық құралдардың көмегімен жазуға немесе тыңдатып-көрсетуге арналған материалдық жеткізгіш;
8) "ҚБП" белгісі бар электрондық жеткізгіш – таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты электрондық нысанда өңдеуге, сондай-ақ таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты өңдеуге ақпараттық қауіпсіздік қызметі рұқсат еткен техникалық құралдардың көмегімен оны жазуға немесе тыңдатып-көрсетуге арналған материалдық жеткізгіш;
9) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл жасау арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
10) файлдық хабарламалар – шифрланған байланыс желілерінің корреспонденттері арасында ақпарат алмасуға арналған шифрлау хабарламасының түрі.
7. Ұйымдарда таратылуы шектелген қызметтік ақпаратпен жұмысты ұйымдастыру:
1) құжаттарды тіркеуді, орындауды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруды;
2) орындалған және ресімделген құжаттарды адресаттарға немесе істер номенклатурасына сәйкес тиісті істерге жіберуді;
3) іс жүргізілуі аяқталған істерді ведомстволық архивке беруді;
4) істерді тиісті мемлекеттік архивке мемлекеттік сақтауға беруге дайындауды қамтиды.
2-тарау. Мәліметтерді "Қызмет бабында пайдалану үшін" және (немесе) "Жасырын" белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу тәртібі
8. Тіркеу кезінде құжаттарға, істер мен басылымдарға "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгісін қоюдың негізділігін, сондай-ақ "ҚБП" белгісі бар мәліметтерді қамтитын құжаттармен (оның ішінде электрондық құжат айналымы жүйесінде) жұмыс істеу (есепке алу, жою, сақтау, олардың айналымын және оларды пайдалану жөніндегі шектеу талаптарының сақталуын бақылау) тәртібін бақылау ұйымның басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметіне (бұдан әрі – БҚҚ қызметі), электрондық жеткізгіштерді пайдалану тәртібін бақылау ақпараттық қауіпсіздік қызметіне жүктеледі.
9. Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын құжаттарға, істер мен басылымдарға, сондай-ақ мұндай құжаттарды қамтитын электрондық жеткізгіштерге "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері қойылады.
10. Мемлекеттік органдар ашық жариялануы немесе жария етілуі ұйым мүддесіне нұқсан келтіруі мүмкін "ҚБП" белгісімен шектелетін құжаттардың тиісті ведомстволық тізбелерін (бұдан әрі – "ҚБП" ҚҚВТ) әзірлейді. Көрсетілген тізбелер мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты мемлекеттік органның ОСК көрсетілген мәліметтердің жария етілуі немесе жоғалуы салдарынан ұйымға келтірілуі мүмкін, әкімшілік рәсімдерді сақтау тәртібіне әсер ететін зиян дәрежесі бойынша айқындайды.
Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа "ҚБП" белгісін беру мерзімі оның мазмұнына байланысты болады және "ҚБП" ҚҚВТ-ны әзірлеу кезінде мемлекеттік органның ОСК шешімімен айқындалады, бұл ретте мерзім 15 жылдан аспауға тиіс, оны мемлекеттік органның ОСК шешімімен ұзартуға болады.
"ҚБП" белгісінің берілуіне сәйкес мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу қажеттігін негіздеу осы мәліметтерді алған (әзірлеген) ұйымдарға жүктеледі.
Ашық сипаттағы мәселе бойынша ұйымның сұрау салуына мүдделі ұйымдар "ҚБП" немесе "Жасырын" белгілері бар ақпаратты берген кезде жалпы жиынтық құжат тиісті "ҚБП" немесе "Жасырын" белгілері бар жабық сипатқа ие болады.
Мәліметтерді "ҚБП" белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген ұйымдардың басшылары "ҚБП" ҚҚВТ-ны әзірлеуді ұйымдастырады және нақты мәліметтерді "ҚБП" белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызудың орындылығы туралы өздері қабылдаған шешімдер үшін жеке жауаптылықта болады.
"ҚБП" ҚҚВТ жобасын әзірлеуді мемлекеттік органның ОСК жүзеге асырады. Мемлекеттік органның ОСК құрамына ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, БҚҚ қызметінің өкілдері кіреді. Ұйым басшысының шешімі бойынша ұйым басшысының орынбасарын, ол болмаған кезде – ұйымның аппарат басшысын ОСК төрағасы етіп белгілеуге болады, оған мәліметтерді "ҚБП" белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу жөніндегі өкілеттіктер беріледі.
"ҚБП" ҚҚВТ жобасын әзірлеу мынадай кезеңдерді қамтиды:
мемлекеттік органның ОСК қарауы үшін ҚҚВТ жобасын жасау;
жобаға енгізілетін мәліметтер таралып кеткен жағдайда, ұйымға ықтимал зиянды айқындау.
Мемлекеттік органның барлық қызметінің ОСК өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Қағидаларды және "ҚБП" белгісі бар таратылуы шектелген мәліметтермен жұмыс істеу тәртібін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
ҚҚВТ жобасын әзірлеу барысында мемлекеттік органның ОСК таратылуы ұйымға зиян келтіруі мүмкін мәліметтерді айқындау мақсатында ұйым қызметінің барлық түрлеріне талдау жүргізеді және мәліметтерді "ҚБП" белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу бойынша негізделген ұсыныстарды қарайды.
"ҚБП" ҚҚВТ жобасына ұсыныстарда таратылуы шектелген мәліметтерді қайта қараудың бақылау мерзімі не басталуымен "ҚБП" белгісін алып тастау туралы мәселе туындайтын мән-жайлар көрсетіледі.
"ҚБП" ҚҚВТ жобасын әзірлеу мынадай өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады:
1) құпиялылық режимін ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге, сондай-ақ оның сақталуын бақылауға қатысы бар мемлекеттік құпияларды, оның ішінде есепке алу нысандарын қамтымайтын мәліметтердің болуы;
2) жариялануы немесе жария етілуі ұйымның жұмысына, оның ішінде қол жеткізу парольдерін қоса алғанда, электрондық ақпараттық ресурстарға санкциясыз қол жеткізу нәтижесінде ақпаратты жойылудан, бұғатталудан немесе өзгеруден қорғау процесіне тікелей әсер ететін мәліметтердің болуы;
3) ұйымға ақпаратты заңды иеленуші жасырындылық шартымен берген мәліметтердің болуы;
4) жариялануы немесе жария етілуі жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін бұзатын мәліметтердің болуы;
5) шешімдерді тұжырымдау процесінде, ұйымдарда шешімдер тұжырымдау процесінде өткізілген кеңестерде жүзеге асырылатын ведомствоаралық және ведомствоішілік хат алмасу туралы ақпаратты қамтитын, жария етілуі шешім қабылдау кезінде ұйымның тәуелсіздігін қамтамасыз ету қажеттігіне байланысты әкімшілік рәсімдерді сақтау тәртібін бұзуы мүмкін, оның ішінде "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заң) 6-бабында көрсетілген мәселелер бойынша мәліметтердің болуы;
6) мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберінде жүргізілетін тексерулердің нәтижелері туралы мәліметтердің болуы;
7) шет мемлекеттерден немесе халықаралық ұйымдардан келіп түскен, оларды ашу шарттары туралы өзара келісім қабылданбаған мәліметтердің болуы;
8) мемлекеттік құпияларды қамтымайтын болса, жедел-қызмет жұмысын, жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шараларын ашатын мәліметтердің болуы;
9) халықаралық ұйымдардың мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының келіссөз ұстанымы туралы шектеулі жасырын ақпаратты қамтитын мәліметтердің болуы, сондай-ақ салалық уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдігі арасындағы жасырын-шектеулі сипаттағы шешімдерді тұжырымдау процесінде жүзеге асырылатын хат алмасу.
Мемлекеттік органдар "ҚБП" ҚҚВТ-ны әзірлеген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес үлгілік "ҚБП" ҚҚВТ-ны басшылыққа алады.
"ҚБП" ҚҚВТ келісілгеннен (оған толықтырулар мен өзгерістер енгізілгеннен) кейін ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі, ол ҚҚВТ-ға "ҚБП" белгісін берудің орындылығы туралы мәселені де шешеді.
"ҚБП" ҚҚВТ бекітілгеннен кейін:
1) құрылымдық бөлімшелердің, аумақтық бөлімшелердің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың;
2) толық көлемде не өздеріне қатысты бөлігінде мүдделі ұйымдардың;
3) бірлескен жұмыстарға тапсырыс беруші айқындаған көлемде, осы жұмыстарды жүргізуге қатысатын ұйымдардың назарына жеткізеді.
Осы тармақтың он бесінші бөлігінің 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген "ҚБП" ҚҚВТ жоқ ұйымдар басқа ұйымдардың таратылуы шектелген ақпаратымен жұмыс істегенде солардың "ҚБП" ҚҚВТ-сын пайдаланады.
"ҚБП" ҚҚВТ қажет болған жағдайда, бірақ 5 жылдан сиретпей қайта қаралады
"ҚБП" ҚҚВТ-дан қандай да бір мәліметтер алып тасталған жағдайда олардың жеткізгіштерінен "ҚБП" белгісі осы Қағидалардың 8-тарауында белгіленген тәртіппен алып тасталады.
11. Егер мәліметтер "ҚБП" ҚҚВТ мә көзделмесе, бірақ орындаушының пікірі бойынша ұйымның мүддесіне нұқсан келтіріп пайдаланылуы мүмкін болса, ол аталған мәліметтер құзыретіне жатқызылған ұйымның құрылымдық бөлімшесінің басшысымен бірлесіп, мемлекеттік органның ОСК қарауына осы мәліметтерді қорғау және аталған "ҚБП" ҚҚВТ-ға тиісті толықтырулар енгізу қажеттігі туралы дәлелді ұсыныстар береді.
3-тарау. "Қызмет бабында пайдалану үшін" немесе "Жасырын" белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты есепке алу, беру, пайдалану, өңдеу және сақтау
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
12-тармақ 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 24.06.2022 № 429 қаулысымен.
12. "Жасырын" белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның есептеу техникасы құралдарында (бұдан әрі – ЕТҚ) өңдеуді, пайдалануды, сақтауды, есепке алуды және жоюды қоспағанда), Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты өңдеу, пайдалану, сақтау, есепке алу және жою бұлтты сақтау орнында "талғампаз клиент" үлгісіндегі шешімдерді пайдалана отырып, электрондық құжатты сақтау орнынан жүктеп алу мүмкіндігінсіз және оған қол жеткізген барлық пайдаланушыларды (қарап шығу, қайта жіберу, басып шығару және тіркеу) есепке ала отырып жүзеге асырылуға тиіс.
Бұлтты сақтау орнының дерекқоры ҚРСТ 1073-2007 "Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары. Жалпы техникалық талаптар." мемлекеттік стандарты бойынша қауіпсіздіктің үшіншіден төмен емес деңгейдегі ақпаратты криптографиялық қорғаудың отандық құралдары пайдаланылып қорғалуға тиіс.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!13-тармақ 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 24.06.2022 № 429 қаулысымен.
13. "Жасырын" белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ЕТҚ-да өңдеуді, пайдалануды, сақтауды, есепке алуды және жоюды қоспағанда, таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты өңдеу, пайдалану (сақтамай) және жою МО БКО-ға қосылған және Интернетке шыға алмайтын ЕТҚ-да жүзеге асырылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!14-тармақ 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 24.06.2022 № 429 қаулысымен.
14. Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты ашық байланыс түрлерінің техникалық арналары (телефон, жалпы қолданыстағы факсимильді байланыс, радиобайланыс, спутниктік және ұялы (жылжымалы (мобильді) байланыс, Интернет желісі) арқылы беруге жол берілмейді.
Бұлтты сақтау орнына қосылу, сондай-ақ таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты электрондық түрде беру ҚРСТ 1073-2007 "Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары. Жалпы техникалық талаптар." мемлекеттік стандарты бойынша қауіпсіздіктің үшіншіден төмен емес деңгейдегі ақпаратты криптографиялық қорғаудың отандық құралдары пайдаланылатын байланыс арналары бойынша жүзеге асырылады.
"Жасырын" белгісі бар және өзіне қатысты "ҚБП" белгісі алып тасталған таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты үшінші тараптың құзыретті органына жіберуге ұйым басшысы осы Қағидалардың 72-тармағына сәйкес және осы Қағидалардың 30-тармағында көзделген талаптарды сақтай отырып рұқсат береді.
Таратылуы шектелген, оның ішінде жасырын сипаттағы, берілуі Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардағы мүшелігіне байланысты жүзеге асырылатын, оның ішінде мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде ұсынған ақпаратты салалық уәкілетті орган халықаралық ұйымдардың жұмыс және консультациялық органдарына жібереді.
15. Мұндай байланыс арналары болмаған жағдайда таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты беру арнайы мақсаттағы деректерді беру жүйесінің қорғалған абоненттік пункті, ұйымның шифрлау қызметі органдары арқылы немесе мөрленген конвертте (пакетте) қағаз түрінде ("ҚБП" белгісі бар электрондық жеткізгіштерде), оның ішінде фельдъегерлік немесе арнайы байланыспен де жүзеге асырылады.
Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған қорғалған жергілікті желілерде және (немесе) ақпараттық жүйелерде электрондық түрде өңдеуге және сақтауға жол беріледі.
Ұйым басшылары электрондық жеткізгіштің түріне, нысанына, мазмұнына және берілуіне қарамастан, таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті ұйымдастырушылық, техникалық және құқықтық шараларды, оның ішінде ақпаратты криптографиялық қорғаудың тиісті құралдарын және (немесе) мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып қабылдайды.
16. "ҚБП" және "Жасырын" белгілер бар құжаттарды, "ҚБП" белгісі бар электрондық жеткізгіштерге жазылған басылымдар мен ақпаратты қабылдауды және есепке алуды (тіркеуді) ұйымның БҚҚ қызметі жүзеге асырады.
17. Ұйымға түсетін "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар барлық хат-хабар бастапқы өңдеуден, алдын ала қарап тексеруден өткізіледі, тіркеледі және басшылықтың қарауына ұсынылады. Көрсетілген хат-хабарды лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес осы тектес құжаттармен жұмыс істеу тапсырылған БҚҚ қызметінің жұмыскерлері қабылдайды, ашады, тексереді ("Жеке" белгісі барларын қоспағанда) және өңдейді.
Қағаз түрінде ("ҚБП" белгісі бар электрондық жеткізгіштерде) түскен "ҚБП" белгісі бар хат-хабар конвертке (пакетке) салып жапсырылуға және БҚҚ қызметінің "Пакеттер үшін" мастикалық мөрімен мөрленуге тиіс. Бұл ретте ашқан кезде қаптаманың тұтастығы, құжаттар мен басылымдар парақтарының (электрондық жеткізгіштердегі файлдар саны) және даналарының саны, сондай-ақ ілеспе хатта көрсетілген қосымшалардың бар-жоғы тексеріледі.
Конверттерде (пакеттерде) "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттар мен басылымдар немесе оларға қосымшалар болмаған (толық болмаған) жағдайда екі данада еркін нысандағы акт жасалады: оның біреуі жіберушіге жіберіледі, екіншісі БҚҚ қызметінде қалады.
Конверттер (пакеттер) жіберушінің нақты мекенжайын, құжаттың жіберілген және алынған, сондай-ақ қосымша ақылы хат-хабар алынған уақытын солар арқылы ғана айқындау мүмкін болатын жағдайларда жоюға жіберілмейді.
"ҚБП" белгісі бар қателесіп түскен құжаттар мен басылымдар жіберушіге қайтарылады.
"ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттар мен басылымдар электрондық жеткізгіштерде түскен кезде БҚҚ қызметі вирусқа қарсы құралдардың көмегімен оларда зиян келтіретін бағдарламалардың бар-жоғын тексеруді жүзеге асырады.
18. Жұмыстан тыс уақытта, демалыс және мереке күндері электрондық жеткізгіштерде жазылған "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар шұғыл құжаттарды, басылымдар мен ақпаратты ұйым бойынша кезекші қабылдайды, ол оларды ашпай, келесі жұмыс күні БҚҚ қызметінің басшысына береді.
Жұмыстан тыс уақытта, демалыс және мереке күндері "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар шұғыл құжаттар мен басылымдарды тұрақты кезекшілері жоқ ұйымдарға жеткізуге жол берілмейді.
19. "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар барлық кіріс, шығыс және ішкі құжаттар, сондай-ақ файлдық хабарламалар, басылымдар тіркелуге жатады. Құжаттар парақтардың, басылымдардың (кітаптар, журналдар, брошюралар), даналардың саны бойынша есепке алынады.
Жылына құжат айналымы 2000 құжаттан асатын ұйымдарда құжаттарды орталықтандырылмаған тіркеуге жол беріледі, ол кезде БҚҚ қызметінде ұйым басшысының қарауына түсетін құжаттар, ұйымның өкімдік құжаттары, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары, басшылық қол қоятын хат алмасу тіркеледі, құрылымдық бөлімшелерде осы құрылымдық бөлімшелерге жіберілген құжаттар тіркеледі.
"ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттар мен басылымдарға тіркеу нөмірін берудің бір мәртелігі есепке алудың негізгі талабы болып табылады. Бұған келесі іс жүргізу жылына өтетін, іс жүргізілуі аяқталмаған немесе ұзақ мерзімді орындауды талап ететін, қайта тіркеуге жататын құжаттар жатпайды.
20. "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттарды, сондай-ақ "ҚБП" белгісі бар басылымдарды есепке алу электрондық құжат айналымының (бұдан әрі – ЭҚЖ) жалпы жүйесінде құпия емес құжаттаманы есепке алудан бөлек, ал электрондық құжат айналымы болмаған кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кіріс, шығыс және ішкі құжаттарды тіркеу журналдары бойынша жүргізіледі. Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын құжаттар мен басылымдардың көлемі аз болған кезде оларды есепке алуды құпия емес құжаттармен бірге (есепке алу журналының жеке бөлімінде) жүргізуге жол беріледі.
Журналдардың парақтары нөмірленеді, тігіледі және соңғы парағында нөмірленген парақтардың саны (цифрмен және жазумен), жұмыскер лауазымының атауы, оның қолы және қолының толық жазылуы көрсетіліп мөрленеді.
Журналдар аяқталғаннан кейін соңғы парағында бірінші тіркелген құжаттың нөмірі және соңғысының нөмірі, сондай-ақ литерлік және өткізіп жіберілген нөмірлердің саны көрсетіліп, тіркелген құжаттардың саны (цифрмен және жазумен) қосымша қойылады. Көрсетілген деректерден кейін қызметкер лауазымының атауы, оның қолы қойылады және қолы толық жазылады.
"ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттардың, сондай-ақ "ҚБП" белгісі бар басылымдардың қозғалысы тіркеп есепке алудың тиісті нысандарында уақтылы көрсетілуге тиіс.
21. Тіркелген әрбір құжатта, сондай-ақ "ҚБП" белгісі бар басылымдарға ілеспе хатта тіркеу нөміріне бос аралық қалдырылмай "ҚБП" аббревиатурасы жазумен қосылады және "ҚБП" және немесе "Жасыр" аббревиатурасын қосу арқылы "ҚБП" немесе "Жасырын" белгісі қойылады.
Құжаттың тіркеу нөмірі (индексі) ұйымның істер номенклатурасы бойынша іс индексінен, құжаттың тіркеу-бақылау нысанындағы (бұдан әрі – ТБН) реттік нөмірінен тұрады. Ұйымның қалауы бойынша тіркеу нөміріне (индексіне) қосымша элементтер қосылады.
22. Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын, тарату үшін алынған құжаттар мен басылымдардың бүкіл таралымы бір нөмірмен тіркеледі.
4-тарау. "Қызмет бабында пайдалану үшін" немесе "Жасырын" белгісі бар құжаттар мен басылымдарды ресімдеу, тарату (жіберу)
23. Құжаттың бірінші парағының оң жақ жоғарғы бұрышында "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі немесе "ҚБП" аббревиатурасы және (немесе) "Жасырын" белгісі басылады, басып шығарылған дананың нөмірі көрсетіледі. Егер "ҚБП" белгісі бар қосымшаларға ілеспе хатта таратылуы шектелген қызметтік ақпарат қамтылмаса, оның оң жақ жоғарғы бұрышында "Қызмет бабында пайдалану үшін" (қосымша болмаса – белгілемей) деректемелері және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дананың нөмірі басылады.
Құжаттың және ілеспе хаттың әрбір данасының соңғы парағының беткі немесе сыртқы жағында жөнелтілген құжат даналарының қайда жіберілгені және оның босатылуы (тарату есебі), құжатты орындаушының тегі, оның байланыс деректері, құжатта және басылымда "ҚБП" шектеу белгісі қойылған "ҚБП" ҚҚВТ тармағы, көрсетілген "ҚБП" ҚҚВТтта бекіткен ұйым басшысы бұйрығының нөмірі және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның қабылданған күні көрсетіледі.
24. "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар қол қойылған (бекітілген) құжаттар оларды есепке алуды жүзеге асыратын БҚҚ қызметінің жұмыскеріне тіркеу үшін беріледі.
25. "ҚБП" белгісі бар құжаттар мен басылымдар туралы мәліметтері бар журнал немесе брошюраланған карточка түрінде орындалған реферативтік ақпараттық басылымдар осындай белгімен шығарылады. Осы басылымдардан алынған, таратылуы шектелген қызметтік ақпараты жоқ реферативтік ақпараттық карточкалар мен парақтар құпия емес материалдар ретінде есепке алынады және сақталады.
Карточкалар мен парақтарды алу фактісі осы басылымдардың мұқабасында БҚҚ қызметінің екі жұмыскерінің қол қоюымен расталады.
26. Көбейтуді жүзеге асыратын ұйымның баспаханаларында немесе құрылымдық бөлімшелерінде "ҚБП" белгісі бар тираждалатын құжаттар мен басылымдарды есепке алу құпия емес құжаттардан бөлек есепке алу журналында жүргізіледі.
27. "ҚБП" белгісі бар басылымды басып шығару аяқталғаннан кейін баспа нысандарының күші жойылады, ал тиісті файлдар (компьютермен терілген кезде) жойылады, ол жөнінде тапсырыс беруші ұйым және орындаушы баспахананың (баспа-басып шығару орталығының) өкілі қол қойған еркін нысандағы акт жасалады.
"ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар тираждалған құжаттарды, сондай-ақ "ҚБП" белгісі бар басылымдарды таратуды басшы қол қойған тізімдердің (тізілімдер немесе тарату есептері) негізінде жөнелтілетін даналардың есепке алу нөмірлерін көрсете отырып, БҚҚ қызметі жүзеге асырады.
28. "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттарды, "ҚБП" белгісі бар істер мен басылымдарды Қазақстан Республикасының шегінде басқа ұйымдарға жіберуді фельдъегерлік (арнайы пошта) байланыс немесе курьерлер жүргізеді. "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар жөнелтілетін құжаттар, "ҚБП" белгісі бар істер мен басылымдар қалың қағаздан жасалған конверттерге салынуға не қаптамалануға тиіс. Жөнелту үшін ашық "терезелері" бар конверттерді пайдалануға жол берілмейді. Құжаттарды курьерлік қызмет арқылы жіберу жіберушінің конвертін курьерлік қызметтің пакетіне/конвертіне орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
Бұл ретте мемлекеттік органдар "ҚБП" белгісі бар құжаттарды жөнелту жөніндегі қызметтерді көрсету үшін арнаулы мақсаттағы деректерді беру жүйесі (АМДБЖ) арқылы мемлекеттік органдардың қорғалған абоненттік жүйесін пайдаланады, қағаз даналарын жіберуді (оның ішінде істер мен басылымдар) тек курьерлік фельдегерлік (арнаулы) байланыс арқылы жүзеге асырады.
29. Қаптамада, конвертте (пакетте) алушы мен жіберушінің мекенжайлары мен атаулары (ашық немесе шартты), салынған құжаттардың "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері қосылған нөмірлері көрсетіледі.
"ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттар, сондай-ақ "ҚБП" белгісі бар басылымдар салынған конверттерде (пакеттерде) басшылар мен жұмыскерлердің тектерін және лауазымдарын, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің атауларын бірге көрсетуге жол берілмейді.
30. "ҚБП" белгісі бар құжаттар мен басылымдарды шетелдік заңды және жеке тұлғаларға және олардың өкілдеріне беруге әрбір жекелеген жағдайда осы ұйым басшысының жазбаша рұқсаты бойынша ғана жол беріледі.
Мұндай құжаттар алдын ала ОСК отырысында қаралады, ол оны берудің орындылығы немесе, егер берілген кезде онда қамтылатын мәліметтер бастапқы мәнін жоғалтқан болса, "ҚБП" белгісін алып тастау мүмкіндігі туралы қорытынды шығарады.
Егер "ҚБП" белгісі бар құжаттар мен басылымдарда басқа ұйымдардың құзыретіне қатысты мәліметтер қамтылса, оларды шетелге беру осы ұйымдар басшыларының келісімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
"ҚБП" белгісі бар басылымды кітап алмасу тәртібімен шетелге жіберуге жол берілмейді.
31. Сыртқы сауда және сауда қызметі саласындағы уәкілетті органның, не Еуразиялық экономикалық комиссия тергеп-тексеруді жүргізуге жауапты ретінде айқындаған органның, не үшінші тараптың, не Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы бойынша ұйымдар өз құзыреті шегінде сыртқы сауда және сауда қызметі саласындағы уәкілетті орган арқылы Еуразиялық экономикалық комиссия тергеп-тексеруді жүргізуге жауапты ретінде айқындаған органға, үшінші тараптың және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің құзыретті органдарына тергеп-тексеруді жүргізу мен сауда шараларын және қауіпсіздік мақсатындағы шараларды, өтемақы шараларын қолдану мақсаттары үшін қажетті, таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын, "ҚБП" белгісі бар мәліметтерді ұсынады.
Сыртқы сауда және сауда қызметі саласындағы уәкілетті органға "ҚБП" белгісі бар көрсетілген ақпаратты кейіннен жөнелту үшін жіберген кезде ұйымдар өзінің ілеспе хатында басшының жіберілетін мәліметтерді Еуразиялық экономикалық комиссияға, үшінші тараптың немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің құзыретті органдарына беруге рұқсатының нөмірі мен күнін көрсетеді.
32. "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттардың орындалу, өту, орындалуын бақылау тәртібі құпия емес құжаттармен жұмыс тәртібіне ұқсас.
33. "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттар орындалғанынан кейін істерге қалыптастырылады. Бұл істердің тақырыптары ұйымның құпия емес іс жүргізу істерінің номенклатурасына енгізіледі. Істер номенклатурасынан тыс істерді қалыптастыруға жол берілмейді.
Істер номенклатурасына "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгісі бар құжаттарға арналған бақылау-анықтамалық, тақырыптық және басқа да карточкалардың барлық тіркеп есепке алу нысандарының тақырыптары енгізіледі.
34. "ҚБП" белгісі бар істер БҚҚ қызметінің бақылауымен ұйымның тиісті құрылымдық бөлімшелерінде қалыптастырылады.
35. Істерді қалыптастыру кезінде мынадай талаптарды сақтау қажет:
1) іске тек орындалған және дұрыс ресімделген құжаттарды орналастыру;
2) іске аталған нақты мәселені шешуге қатысты барлық құжаттарды орналастыру;
3) өтпелі істерді қоспағанда, іске бір іс жүргізу жылының құжаттарын топтастыру;
4) сақтау мерзімі тұрақты және уақытша құжаттарды бөлек істерге қалыптастыру;
5) тиісті істерге қағаз негіздегі құжаттар үшін жалпы негіздерде растауды талап ететін (елтаңбалық мөр, қол, бекіту және келісу белгілері) электрондық жеткізгіштердегі құжаттардың басылып шығарылған нұсқаларын орналастыру;
6) қайтаруға жататын құжаттарды, артық даналар мен шимай жазбаларды іске тікпеу;
7) істің көлемі 180 парақтан аспайды;
8) жоспарларды, есептерді, сметаларды жасалған, қол қойылған (бекітілген) күніне қарамастан, қай жылға немесе қай жыл үшін жасалса, сол жылдың тиісті істеріне жинақтау;
9) құжаттарға қосымшалар, олардың бекітілген немесе жасалған күніне қарамастан, өздері қатысты құжаттарға қосылады, көлемі 180 парақтан асатын қосымшалар құжатта белгі қойылып, жеке томды құрайды.
36. Іс жүргізілуі аяқталған істің мұқабасында мынадай деректемелер қамтылады:
1) "ҚБП" белгісі;
2) ұйымның атауы;
3) ұйым орналасқан елді мекеннің атауы;
4) ұйымның құрылымдық бөлімшесінің атауы;
5) істер номенклатурасы бойынша істің индексі;
6) істің тақырыбы;
7) іс томының нөмірі;
8) істің соңғы күндері (өкімдік құжаттар, хаттамалар, стенограммалар, хат алмасу үшін), өкімдік құжаттар-хаттамалар, стенограммалар үшін бастапқы және соңғы құжаттың реттік нөмірлері;
9) істі сақтау мерзімі.
37. "ҚБП" белгісі бар құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу барысында сақтау мерзімдері тұрақты және уақытша (10 жылдан астам) істердің мұқабаларына қосымша деректемелер қойылады: архив қорының нөмірі, істердің жиынтық тізімдемесінің нөмірі, істің нөмірі және істегі парақтар саны. Істердің көрсетілген санаттары қатталады немесе төрт жерден тесіліп тігіледі және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың ішкі тізімдемесімен, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша істі куәландыру парағымен қамтылады.
Құжаттардың ішкі тізімдемесі істің басында, куәландыру парағы соңында орналастырылады.
38. Ірі форматты құжаттарды қамтитын "ҚБП" белгісі бар істер (сызбалар, схемалар) қатты папкаларда немесе құтыларда (қораптарда) сақталады.
39. "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттар істерге жеке немесе бір мәселе бойынша құпия емес басқа құжаттармен бірге қалыптастырылады. "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар бір немесе одан көп құжат іске енгізілетін болса, бүкіл іс таратылуы шектелген сипатқа ие болады.
Ұйымда "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттар мен істердің бір түрінің (бұйрықтар, жоспарлар, есептер, нұсқаулықтар) ауқымды көлемі жинақталған жағдайда олар істерге жеке-жеке қалыптастырылады.
40. Құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу кезінде іс жүргізілуі аяқталған "ҚБП" белгісі бар істерді ұйымның сараптама комиссиясы парақтап қарайды.
41. "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттарды сақтау мерзімі архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі саласындағы уәкілетті орган бекітетін ұйымдар қызметінде жинақталатын үлгілік құжаттар тізбесінде сақтау мерзімі көрсетіле отырып айқындалады.
5-тарау. "Қызмет бабында пайдалану үшін" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттарды, істер мен басылымдарды пайдалану
42. Мыналарға:
1) таратылуы шектелген құжаттар мен басылымдардағы мәліметтерді халықаралық (жаһандық) деректер беру желілерінде, Интернет желісінде орналастыруға;
2) оларды ашық сөз сөйлеуде немесе ашық баспасөзде, радио және телевизия бағдарламаларында жариялау үшін пайдалануға;
3) "Жасырын" белгісі бар, "ҚБП" белгісі алып тасталған таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты осы Қағидалардың 72-тармағына сәйкес ұйым басшысының рұқсатымен және осы Қағидалардың 30-тармағында көзделген талаптарды сақтай отырып, үшінші тараптың құзыретті органына жіберу жағдайларын қоспағанда, "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттар мен басылымдарды ашық көрмелерде экспонат ретінде қойып көрсетуге, оларды стендтерде, витриналарда немесе көпшілік көретін басқа орындарда көрсетуге;
4) таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты ЕТҚ-да сақтауға жол берілмейді.
43. "ҚБП" белгісі бар істер мен басылымдар орындаушыларға (зерттеушілерге) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін істер мен басылымдарды есепке алу карточкасына қол қойғызып беріледі және қабылданады.
44. "ҚБП" белгісі бар басылымдар ұйымдар шығаратын қызметтік каталогтарға ғана енгізіледі.
45. Бұқаралық кітапханаларда "ҚБП" белгісі бар басылымдарды жеке тұлғаларға беру осы жеке тұлғалар жұмыс істейтін ұйымдар басшыларының жұмыс тақырыбы көрсетілген жазбаша өтінішхаттары бойынша ғана жүргізіледі. Алынған рұқсаттар, ұйым жұмыскері қызметтік куәлігін (бар болса) көрсетсе, оларға қол қойылған күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады.
"ҚБП" белгісі бар құжаттар мен істерді алу істе құжаттардың куәландырылған көшірмелері мен төлнұсқаларды алу хаттамасын міндетті түрде қалдыра отырып жүргізіледі.
46. Ведомстволық кітапханаларда "ҚБП" белгісі бар басылымдар:
1) осы ұйымның жұмыскерлеріне – БҚҚ қызметі басшысының рұқсатымен;
2) бөгде ұйымдардың жұмыскерлеріне – көрсетілген басылымдарды сақтайтын ұйым басшысының рұқсатымен осы ұйымдардың жазбаша өтінішхаты бойынша беріледі.
47. "ҚБП" белгісі бар басылымдар осы Қағидалардың 48-тармағында көрсетілген тәртіппен кітапханааралық абонемент бойынша (Қазақстан Республикасының шегінде) беріледі.
6-тарау. "ҚБП" белгісі бар электрондық жеткізгіштерді есепке алу, пайдалану, сақтау және жою
48. Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғаларына "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттармен және басылымдармен танысуға және олармен жұмыс істеуге негізделген сұрау салу болған кезде көрсетілген құжаттар қарамағында болатын ұйым басшысының рұқсатымен ғана жол беріледі.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғаларын "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттармен және басылымдармен таныстыру жасырындылықты сақтау шарттарында осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты жария етпеу туралы міндеттемеге қол қойылғаннан кейін жүзеге асырылады. Қол қойылған міндеттемелер істе Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғаларының сұрау салуларымен бірге сақталады.
Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғаларынан ұйым құжатының (нормативтік құқықтық актінің және (немесе) жеке құрам бойынша бұйрықтың) көшірмесін жіберу туралы сұрау салуы түскен кезде сұрау салуды орындаушы әзірлеуші-бөлімшемен (орындаушымен) оларды жіберудің орындылығын келіседі.
Осы мәселе келісілгеннен кейін сұрау салуды орындаушы сұратылып отырған құжаттардан (нормативтік құқықтық актілер және (немесе) жеке құрам бойынша бұйрықтар) құпия емес үзінділерді жіберуден бас тарту немесе жіберудің мүмкіндігі туралы тұжырымдармен ұйым басшысының атына баянхат дайындайды.
Ұйым басшысының санкциясын алғаннан кейін сұратылып отырған ақпарат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларының 7-параграфына сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғаларға жіберіледі. Бұл ретте "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттан және басылымнан (нормативтік құқықтық акт және (немесе) жеке құрам бойынша бұйрық) үзіндіде Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғаларының сұрау салуына қатысты бөліктегі мәліметтер көрсетіледі.
49. Электрондық жеткізгіштерді пайдалану деп электрондық ақпараттық ресурстарды енгізу, түрлендіру, жинақтау, сақтау, орнын ауыстыру және шығару мақсатында оларды ЕТҚ-ға қосу процесі түсініледі.
Сақтаудағы және айналымда жүрген барлық электрондық жеткізгіштер ақпараттық қауіпсіздік қызметінде есепке алынуға жатады.
Таратылуы шектелген қызметтік ақпараты бар әрбір электрондық жеткізгіште оның есептік нөмірі, тіркелген күні және "ҚБП" белгісі көрсетілетін жазба болады.
50. Жұмыскерлер электрондық жеткізгіштерді пайдаланған кезде:
1) осы Қағидалардың талаптарын сақтауы;
2) электрондық жеткізгішті өзінің қызметтік міндеттерін орындау үшін ғана пайдалануы;
3) электрондық жеткізгіштің құлыпталатын сейфтерде, металл шкафтарда немесе шкафтарда сақталуын қамтамасыз етуге;
4) электрондық жеткізгіштердің жоғалу немесе ұрлану, олардың істен шығу фактілері туралы жүйелік әкімшіні, ақпараттық қауіпсіздік қызметін және БҚҚ қызметін дереу хабардар етуі қажет.
Бұл ретте ақпараттық қауіпсіздік қызметі (қажет болса) "ҚБП" белгісі бар мәліметтерді қамтитын ақпаратты электрондық жеткізгіштермен жұмыс істеу тәртібінің сақталуына бақылау жүргізеді.
51. Электрондық жеткізгіштерді пайдаланған кезде:
1) электрондық жеткізгішті жеке мақсатта пайдалануға;
2) электрондық жеткізгішті үшінші тұлғаларға беруге (ақпараттық қауіпсіздік қызметін қоспағанда);
3) электрондық жеткізгішті жалпыға қолжетімді деректермен бірге жұмыс үстелдерінде сақтауға не оны қараусыз қалдыруға немесе үшінші тұлғаларға сақтауға беруге;
4) ұйымның ақпараттық қауіпсіздік қызметімен келіспей, электрондық жеткізгішті ұйымның ғимаратынан шығаруға тыйым салынады.
52. "ҚБП" белгісі бар электрондық жеткізгіш таратылуы шектелген құпия емес және қызметтік ақпаратты жазу мен сақтау үшін ғана пайдаланылады.
53. Электрондық жеткізгіштерді есепке алуды, сақтауды және олардың бар-жоғын салыстырып тексеруді жүргізу үшін жауапкершілік ақпараттық қауіпсіздік қызметіне жүктеледі. Электрондық жеткізгіштерді тиісінше пайдалану үшін жауапкершілік белгіленген талаптар шеңберінде жұмыскерлерге жүктеледі.
Ұйымның жұмыскерлері, ақпараттық қауіпсіздік қызметі және шифрлау қызметінің органы электрондық жеткізгішті беру және қабылдау кезінде вирусқа қарсы құралдардың көмегімен зиян келтіретін бағдарламалардың жоқтығына алдын ала тексереді.
54. Электрондық жеткізгіштерді есепке алуды ақпараттық қауіпсіздік қызметі осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда (бұдан әрі – электрондық жеткізгіштерді есепке алу журналы) немесе "ҚБП" белгісін көрсете отырып, электрондық есепке алу нысандарында жүргізеді.
Жұмыскерлерге уақытша жұмыс істеу үшін берілетін әрбір электрондық жеткізгішке осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық жеткізгіштің берілуін есепке алу карточкасы толтырылады. Электрондық жеткізгішті уақытша жұмыс істеу үшін алған жұмыскер оны ақпараттық қауіпсіздік қызметіне қайтаруға міндетті.
Электрондық жеткізгіштерді орындаушыларға онда жазылған ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін беруді ақпараттық қауіпсіздік қызметі электрондық жеткізгіштерді есепке алу журналына қол қойғызып, электрондық есепке алу жүргізілетін болса – осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық жеткізгіштерді есепке алудың беткі карточкасына қол қойғызып жүзеге асырады.
55. "ҚБП" белгісі бар электрондық жеткізгішті жергілікті есептеуіш желілерге немесе ортақ пайдаланылатын желілерге (Интернет) шығатын телекоммуникациялар желілеріне қосылған жұмыс станцияларына (серверлеріне) қосуға тыйым салынады.
56. Пайдаланылуы ұзақ уақытты талап ететін ақпаратты жазу жүргізілген электрондық жеткізгіштерді (көлемі үлкен, графикалық бейнелері бар қосымшаның кіріс файлдары, кеңестердің, семинарлардың, кездесулердің жазбалары, оқу фильмдері) ақпараттық қауіпсіздік қызметі тіркеу-есепке алу нысандарында тіркейді.
Электрондық жеткізгіштер істер конверттеріне жүйеленеді немесе құлыпталатын сейфтерде, металл шкафтарда немесе соларға жауапты жұмыскерлердің шкафтарында сақталады. Электрондық жеткізгіштердің бар-жоғын салыстырып тексеруді ақпараттық қауіпсіздік қызметі жылына бір реттен сиретпей жүргізеді.
57. Электрондық жеткізгіштерді жоюды кемінде үш адамнан тұратын комиссия жүргізеді, оған ұйымның жүйелік әкімшісі және ақпараттық қауіпсіздік қызметінің оларды есепке алуға жауапты жұмыскері міндетті түрде қосылады.
Электрондық жеткізгіштерді есепке алу журналында жойылғаны туралы белгі қойылады және актінің тіркеу нөмірі мен күні көрсетіледі.
Электрондық жеткізгіштерді ұйымның жаңадан тағайындалған жұмыскеріне қайта тіркеуді ақпараттық қауіпсіздік қызметінің жұмыскері осы Қағидалардың 54-тармағының талаптарына сәйкес жүргізеді, бұл ретте осы электрондық жеткізгіштегі ақпарат кепілдік берілген жою бағдарламасымен жойылады.
58. Электрондық жеткізгіштер арнаулы сақтау орындарында немесе құлыпталатын сейфтерде, металл шкафтарда немесе шкафтарда оларды ұрлау, жарамсыз күйге келтіру немесе оларда қамтылатын ақпаратты жою мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайларда, сондай-ақ электрондық жеткізгіштерді дайындаушы зауыттардың техникалық шарттарына сәйкес сақталады.
"ҚБП" белгісі бар электрондық жеткізгіш жоғалған жағдайда жұмыскер бұл туралы шаралар қабылдау үшін өзінің басшылығы мен ақпараттық қауіпсіздік қызметін дереу хабардар етеді.
59. Жойылуға жататын электрондық жеткізгіштер жұмыста пайдаланылатындардан бөлек сақталады.
Осы Қағидалардың талаптарын бұзған ақпараттық жүйені пайдаланушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
7-тарау. "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар таратылуы шектелген қызметтік ақпараты бар құжаттар мен басылымдарды көбейту
60. Іс жүргізушілер алдын ала есепке алған "ҚБП" белгісі бар құжаттар мен басылымдарды көбейтуді қол қойылған өтінімдер бойынша БҚҚ қызметінің рұқсатымен орындаушылар өздері жүзеге асырады.
61. Таратылуы шектелген қызметтік ақпараты бар шығыс (дайындалған) құжаттар мен басылымдардан көшірмелер түсіру қатаң тарату (жіберу) парағына сәйкес шектеулі санда жасалады, олар қызметтік жұмысының түрі бойынша қажет етілетін адресаттарға ғана, кіріс құжаттарынан – ұйым басшылығының қарарларына сәйкес жіберіледі, ішкі құжаттардан (бір бөлімшенің шеңберінде) – тыйым салынады.
62. Бірнеше құрылымдық бөлімшелердің атына жіберілетін құжаттардың ілеспе хатында төртеуден аспайтын адресат көрсетіледі. Екінші, үшінші, төртінші адресаттардың алдында "Көшірме" белгісі көрсетілмейді. Адресаттар саны көп болған жағдайда құжатты тарату тізімі жасалады, оны құжатқа қол қойған адам куәландырады.
63. Құжат пен басылымның қосымша көбейтілген көшірмелері сол нөмір бойынша есепке алынады, бұл туралы көбейтілетін құжат пен басылымға, сондай-ақ тиісті тіркеп есепке алу нысанында міндетті түрде белгі қойылады. Қосымша көбейтілген көшірмелерді нөмірлеу бұрын есепке алынған көшірмелердің соңғы нөмірінен бастап жүргізіледі.
64. Осы ұйым жұмыскерлерінің "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттардан және "ҚБП" белгісі бар басылымдардан көшірмелер түсіруі, сондай-ақ үзінділер жасауы БҚҚ қызметінде жүргізіледі.
65. Бөгде ұйым үшін "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттардан және "ҚБП" белгісі бар басылымдардан көшірмелер түсіру оның жазбаша сұрау салуының негізінде осы құжаттарды және басылымдарды дайындаған ұйым басшысының рұқсатымен жүргізіледі.
66. Басқа ұйымдардан алынған "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттардан және "ҚБП" белгісі бар басылымдардан бөгде ұйымдар үшін көшірмелер жасау тек алғашқысымен келісу бойынша жүргізіледі.
8-тарау. Істерден "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісін алып тастау
67. Сақтау мерзімі тұрақты және уақытша "ҚБП" белгісі бар істерді БҚҚ қызметі осы белгіні ықтимал алып тастау мақсатында мезгіл-мезгіл қарап тұрады. Қарап тұру:
1) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғаның жазбаша сұрау салуы бойынша ақпаратты ұсыну кезінде;
2) істерді құрылымдық бөлімшелерден ұйымның ведомстволық архивіне беру кезінде;
3) істерді ведомстволық архивте сақтау процесінде;
4) ведомстволық архивте сақтаудың 10 немесе 15 жылы өткеннен кейін тұрақты сақталатын істерді тиісті мемлекеттік архивке беруге дайындау кезінде;
5) құжаттар мен істердің көшірмелерін шетелдік жеке және (немесе) заңды тұлғаларға беру кезінде жүзеге асырылады.
68. Мәліметтерден, оның ішінде "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген мәліметтерден "ҚБП" белгісін алып тастау туралы шешімді аталған мәселені мемлекеттік органның ОСК қарағаннан кейін ұйым басшысы қабылдайды.
69. "ҚБП" белгісін алып тастау туралы мәселені шешу екі данада жасалатын еркін нысандағы актімен ресімделеді және оны ұйымның басшысы бекітеді. Актіде "ҚБП" белгісі алып тасталатын істердің тақырыптары тізбеленеді.
Жеке және (немесе) заңды тұлғаның жазбаша сұрау салуы бойынша ақпаратты "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау тәртібімен ұсыну кезінде жасалған актінің бір данасы БҚҚ қызметіне, екіншісі аталған ақпарат сақталған ұйымның құрылымдық бөлімшесіне жіберіледі.
Істерді құрылымдық бөлімшелерден ведомстволық архивке тапсыру кезінде жасалған актінің бір данасы БҚҚ қызметіне, екіншісі ұйымның ведомстволық архивіне жіберіледі.
Ведомстволық архивте істерді сақтау процесінде жасалған актінің екі данасы да оның іс жүргізуінде қалады.
Тұрақты сақталатын істерді тиісті мемлекеттік архивке беруге дайындау кезінде жасалған актінің бір данасы мемлекеттік архивке жіберіледі, екіншісі ведомстволық архивте қалады.
Шетелдік жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құжаттар мен істерді беру кезінде жасалған актінің бір данасы БҚҚ қызметіне беріледі, екіншісі ведомстволық архивте қалады.
70. Істер мұқабаларындағы "ҚБП" белгісі оны алып тастауға негіз болған актінің күні мен нөмірі көрсетіліп, мөртабанмен немесе қолмен жазылған жазбамен өшіріледі.
Ұқсас белгілер құрылымдық бөлімшелердің тиісті тізімдемелеріне немесе істер тізімдемелерінің бөлімдеріне енгізіледі.
71. "ҚБП" белгісі болған істер тиісті мемлекеттік архивке көрсетілген белгі алып тасталғаннан кейін ғана және тұрақты сақталатын істер тізімдемесінің бөлімінде тиісті белгілер қойылып, тұрақты сақтауға беріледі.
9-тарау. "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар құжаттарды, істер мен басылымдарды сақтау және жоюға бөлу үшін іріктеу
72. "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттардың, "ҚБП" белгісі бар істердің құндылығына сараптама жүргізу, оның нәтижелерін қарау және бекіту Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүргізіледі.
73. Істерді құрылымдық бөлімшелерден ведомстволық архивке беру кезінде "ҚБП" белгісі бар істердің тақырыптары құрылымдық бөлімшенің тиісті істер тізімдемесіне басқа істердің тақырыптарымен қатар енгізіледі.
74. Істерді ведомстволық архивте сақтауға дайындау (ресімдеу, істердің мұқабаларында қосымша деректемелер қойып шығу, құрылымдық бөлімшелердің тізімдемелерін жасау, тізімдемелері жасалған істерді қабылдап алу-беруді жүзеге асыру) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 575 қаулысымен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
75. Практикалық қажеттілік жойылғаннан кейін таратылуы шектелген қызметтік ақпарат жойылуға жатады.
Жоюға іріктелген "ҚБП" белгісі бар істер бөлек актімен ресімделеді немесе жоюға іріктелген құпия емес басқа істермен бірге осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес сақтауға жатпайтын істерді, журналдарды, картотекаларды жоюға арналған актіге енгізіледі.
Істерді, журналдарды және картотекаларды ұйымның құрылымдық бөлімшесінің кемінде үш жұмыскерінен тұратын, БҚҚ қызметінің жұмыскері міндетті түрде енгізілетін комиссия актінің негізінде жояды, оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды және оны ұйымның бірінші басшысы немесе оның орынбасары бекітеді.
Жоюға іріктелген "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттар, "ҚБП" белгісі бар басылымдар жоюға іріктелген құпия емес басқа құжаттармен бірге осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалатын сақтауға жатпайтын құжаттамалық материалдарды жоюға бөлу туралы актіге енгізіледі. Бұл ретте актінің 2-бағанында "ҚБП" белгісі бар істердің тақырыптарынан кейін "ҚБП" белгісі қойылады.
Жоюға іріктелген "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттар, "ҚБП" белгісі бар істер мен басылымдар міндетті түрде мәтінді оқу мүмкіндігін жоққа шығаратын дәрежеге дейін ұсақталады.
"ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттарды, "ҚБП" белгісі бар істер мен басылымдарды ұйымның ведомстволық архиві (ведомстволық кітапхана) жұмыскерлерінің қатысуымен өртеу арқылы жоюға жол беріледі.
76. "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттарды, "ҚБП" белгісі бар істер мен басылымдарды жойғаннан кейін тіркеп есепке алу нысандарында "Жойылған. (күні) № акт" белгісі қойылады.
77. "ҚБП" белгісі бар бюллетеньдер, жаршылар, реферативтік ақпараттық басылымдар, телефон және мекенжай анықтамалықтары, сондай-ақ құжаттардың дублет және көшірме даналары, стенографиялық жазбалар мен типографиялық ақау актісіз жойылады, бірақ тіркеп есепке алу нысандарында белгі қойылып, ол орындаушының және оны есепке алу мен сақтауға жауапты жұмыскердің қол қоюымен расталады.
10-тарау. "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар құжаттардың, істер мен басылымдардың сақталуын қамтамасыз ету, оларды өңдеуге және сақтауға арналған үй-жайлар мен сақтау орындары
78. Ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгісі бар құжаттарды, "ҚБП" белгісі бар істер мен басылымдарды есепке алуға және сақтауға жауапты жұмыскерлер тағайындалады.
"ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгісі бар құжаттарды, "ҚБП" белгісі бар істер мен басылымдарды есепке алуға және сақтауға жауапты жұмыскерлер ауысқан кезде осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы құжаттарды қабылдап алу-беру актісі жасалады, оны ұйымның құрылымдық бөлімшесінің басшысы бекітеді.
79. БҚҚ қызметі, ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары құжаттар мен істердің сақталуын қамтамасыз етеді. Істер жұмыс кабинеттеріндегі немесе осы мақсат үшін арнайы бөлінген үй-жайлардағы құлыпталатын сейфтерде, металл шкафтарда немесе шкафтарда сақталады.
80. Іс жүргізілуі аяқталған "ҚБП" белгісі бар істер ведомстволық архивке берілгенге дейін ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің қызметтік үй-жайларында сақталады.
"ҚБП" белгісі бар басылымдар ведомстволық кітапханада, ол болмаса – ұйымның ведомстволық архивінде сақталады.
"ҚБП" белгісі бар басылымдарды қосалқы үй-жайларда сақтауға жол берілмейді.
81. Жұмыс істеу үшін берілген "ҚБП" белгісі бар істер іс жүргізу жылы аяқталған соң кейіннен ұйымның ведомстволық архивіне беру үшін БҚҚ қызметіне қайтарылады.
82. "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттарды БҚҚ қызметі басшысының рұқсатынсыз істерден алуға немесе бір істен екіншісіне ауыстыруға тыйым салынады. Тіркеп есепке алу нысандарында, сондай-ақ құжаттардың ішкі тізімдемелерінде жүргізілген барлық алу немесе орнын ауыстыру туралы белгілер қойылады.
83. Таратылуы шектелген ақпарат өңделетін және сақталатын БҚҚ қызметінің үй-жайлары оларға бөтен адамдардың бақылаусыз кіру мүмкіндігін жоққа шығарады, айналымда жүрген таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың және осы үй-жайлардағы құжаттардың, істер мен басылымдардың сақталуына кепілдік береді.
Үй-жайлар өрт қауіпсіздігі талаптарына сай болуға, оларда өртке қарсы сигнализациясы, сондай-ақ ұйымның кезекші қызметін автоматты түрде құлақтандыру мүмкіндігі болуға тиіс.
84. БҚҚ қызметі үй-жайларының кіретін есіктері жұмыстан тыс уақытта үй-жайдың сенімді жабылуына кепілдік беретін ішкі (ойып орнатылған) немесе автоматты құлыппен жабдықталатын металл немесе ағаш есікпен жарақталады.
85. "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгiсі бар құжаттарды қабылдауға және беруге арналған БҚҚ қызметінің үй-жайлары ортақ дәлiзге қарамайтын арнайы терезелермен жабдықталады немесе жұмыс бөлмесінде кедергімен қоршалған үй-жайдың бір бөлігі бөлінеді.
Басқарушы құрамның, орындаушылардың жұмыс істеуі және олардың таратылуы шектелген қызметтік ақпаратпен танысуы үшін БҚҚ қызметінің қызметтік үй-жайында қажет болған кезде арнайы бөлмелер (кабиналар) бөлінеді.
86. Таратылуы шектелген қызметтік ақпараты бар құжаттарды, істер мен басылымдарды сақтау үшін үй-жайлар құлыпталатын сейфтердің, металл шкафтардың немесе шкафтардың қажетті санымен жабдықталады. Бұл ретте олардың физикалық сақталуын қамтамасыз ететін тиісті жағдайлар жасалады.
87. Таратылуы шектелген қызметтік ақпараты бар құжаттар саны көп ұйымның құрылымдық бөлімшелерінде кіретін есіктерді сенімді құлыптармен жабдықтау, сондай-ақ ұйым жұмыскерлерінің бірінің осы құжаттардың сақталуына дербес жауапты болуы шартымен оларды арнайы сақтау орындарында (бұдан әрі – арнайы сақтау орны) ашық стеллаждарда сақтауға рұқсат етіледі.
11-тарау. Құжаттамалық қамтамасыз етудің, "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттардың, істер мен басылымдардың жай-күйін тексеру
88. "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттардың, "ҚБП" белгісі бар істер мен басылымдардың жай-күйі мен бар-жоғын тексеруді ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалатын комиссия жылына бір реттен сиретпей жүргізеді, оның құрамына оларды есепке алуды және сақтауды жүргізу тапсырылған БҚҚ қызметінің жұмыскерлері кіреді.
"ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттардың, "ҚБП" белгісі бар істер мен басылымдардың көп саны шоғырланған ведомстволық кітапханалар мен архивтерде құжаттардың жай-күйі мен бар-жоғын тексеру бес жылда бір реттен сиретпей жүргізіледі.
"ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттардың, "ҚБП" белгісі бар істер мен басылымдардың бар-жоғы мен жай-күйін тексеру міндетті түрде:
1) оларды басқа үй-жайға (ғимаратқа) ауыстырғанға дейін және одан кейін;
2) олардың орнын ауыстыруға (эвакуациялауға) немесе бөгде тұлғалардың сақтау орындарына және қызметтік үй-жайларға кіруіне әкеп соққан төтенше жағдайлардан кейін;
3) БҚҚ қызметінің (ведомстволық архивтің, ведомстволық кітапхананың) басшысы ауысқан кезде;
4) ұйым қайта ұйымдастырылған (таратылған) кезде жүргізіледі.
89. Құжаттамалық қамтамасыз етудің, құжаттардың, істер мен басылымдардың жай-күйін тексеру "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттармен жұмыстың ұйымдастырылуы мен жай-күйін зерделеу, бағалау, кемшіліктер мен бұзушылықтарды анықтау, олардың себептерін табу және олардың алдын алуға бағытталған ұсыныстарды тұжырымдау, сондай-ақ қажетті әдістемелік көмек көрсету мақсатында жүзеге асырылады.
Тексерулер кешенді (барлық іс жүргізу мен "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттармен жұмыс учаскелерін қамтиды), тақырыптық (құжаттамалық қамтамасыз етудің бір немесе бірнеше бағытының жай-күйі зерделенеді, құжаттардың бар-жоғы тексеріледі) және бақылау (алдыңғы тексеру кезінде атап өтілген кемшіліктерді жою жөнінде қабылданған шаралардың пәрменділігі анықталады) болып бөлінеді.
90. Құжаттамалық, оның ішінде таратылуы шектелген құжаттамалық қамтамасыз етудің жай-күйін тексеруді:
1) ұйымның БҚҚ қызметі – ұйымның барлық құрылымдық бөлімшелерінде, осы жұмысты жүргізу үшін БҚҚ қызметі қажет болған кезде ұйымның басқа құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлерін тартады;
2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі;
3) ведомстволар, аумақтық органдар және ведомстволық бағынысты ұйымдар – тікелей бағынысты бөлімшелерде жүзеге асырады.
91. "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар барлық құжаттар, істер, тіркеп есепке алу нысандары қай жерде және кімде екендігіне және олардың түскен (дайындалған) уақытына қарамастан тексерілуге жатады.
Құжаттардың саны аз болған кезде тексеруді ұйымның құрылымдық бөлімшесінің басқарушы құрамынан және БҚҚ жұмыскерлері арасынан бір жұмыскер жүргізеді.
92. Тексеру барысында тексерілетін жылы "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттардың қозғалысы, түсуі, есепке алынуы, ресімделуі, жөнелтілуі, көбейтілуі, қоса тіркелуі немесе жойылуы, сондай-ақ құжаттардың нақты бар-жоғымен бірге есептік деректер тексеріледі.
ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттардың, істер мен басылымдардың қозғалысы карточкалар, құжаттарды есепке алу журналдары, тізілімдер, жоюға арналған актілер және тіркеп есепке алудың басқа нысандары арқылы, оның ішінде ЭҚЖ-де қадағаланып отырады.
93. Тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттардың, істер мен басылымдардың бар-жоғы мен жай-күйін тексеру туралы акт (бұдан әрі – тексеру актісі) жасалады. Тексеру актісінде:
1) жүргізілген тексерудің түрі және тексеру жүргізілген ұйымның құрылымдық бөлімшесінің атауы;
2) тексеру жүргізудің негізі;
3) тексеру комиссиясының құрамы және тексеру жүргізудің мерзімдері;
4) орындаушылардың құжаттармен жұмысында құжаттамалық қамтамасыз ету жай-күйінің қысқаша сипаттамасы;
5) тексерілетін кезең ішінде есепке алынған құжаттардың жалпы саны, сондай-ақ есепке алудың барлық түрлері бойынша бөлек алғандағы олардың жеке саны;
6) есепте жоқ құжаттардың саны мен атауы, олардың кімде анықталғаны және қандай себеппен есепке алынбағаны;
7) тексеру барысында ұсынылмаған құжаттардың саны және есепке алу нөмірлері, кімге тіркелгені, ұсынылмау себептері;
8) тектерін, лауазымдарын және бұзушылықтардың нақты фактілерін көрсете отырып, орындаушылар немесе БҚҚ қызметі жол берген осы Қағидалар талаптарының басқа анықталған бұзушылықтары;
9) тексеру нәтижелері бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар көрсетіледі.
Тексеру актісіне комиссия мүшелері қол қояды және ол тексерілетін ұйымның басшысына немесе басшысының міндетін ресми түрде атқаратын адамға қол қойғызып танысуға ұсынылады.
94. Құжаттамалық қамтамасыз етудің жай-күйін тексеруді жүзеге асыратын БҚҚ қызметінің жұмыскерлері барлық құжаттамалық материалдармен танысуға және өздерінің құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша анықтамалар, түсініктемелер, түсіндірулер беруді талап етуге құқылы.
95. БҚҚ қызметінің жауапты жұмыскері орындаушылардың "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттарды сақтау және олармен жұмыс орындарында (үстелдер, құлыпталатын сейфтер, металл шкафтар немесе шкафтар) жұмыс істеу тәртібін сақтауын тексереді. Тексеру орындаушылардың қатысуымен, олар болмаған жағдайда – оның тікелей басшысының қатысуымен жүргізіледі.
Көрсетілген тексерулерді жүргізу үшін БҚҚ қызметінің жауапты жұмыскері орындаушылардың жұмыс орындарын тексеруді есепке алу бойынша арнайы жұмыс дәптерін бастайды, ол осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "ҚБП" белгісі бар жұмыс дәптерлерін есепке алу журналында тіркеледі.
Тексерулердің нәтижелерін, анықталған бұзушылықтарды және оларды жою жөнінде қабылданған шараларды БҚҚ қызметінің жауапты жұмыскері осы дәптерге жазады және оған БҚҚ қызметінің басшысы қолбелгі қояды.
96. Тексеру барысында әкімшілік рәсімдерді сақтау тәртібін бұзуы мүмкін кемшіліктердің анықталуы, бұзушылық фактілері мен "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттардың ұсынылмағаны туралы ұйым басшысы дереу хабардар етіледі.
97. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің және БҚҚ қызметінің басшылары бір ай мерзімде тексеру кезінде атап өтілген барлық кемшіліктерді жою, құжаттамалық қамтамасыз етуді осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдайды.
98. "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттардың, "ҚБП" белгісі бар істер мен басылымдардың электрондық файлдары бар сыртқы (алмалы-салмалы) электрондық жеткізгіштерінің жоғалу немесе ұрлану не оларда қамтылған мәліметтердің жария етілу фактілері туралы ақпараттық қауіпсіздік қызметіне, ұйым басшысына және БҚҚ қызметінің (ведомстволық кітапхананың, ведомстволық архивтің) басшысына, ұлттық қауіпсіздік органдарына дереу хабарланады, сондай-ақ үш жұмыс күні ішінде "ҚБП" немесе "Жасырын" белгісі бар мәліметтердің жария етілу, осындай мәліметтерді қамтитын құжаттардың, істер мен басылымдардың жоғалу мән-жайларын анықтау мақсатында ұйымда ішкі тергеп-тексеруді жүргізу және жоғалған құжаттамалық және өзге де материалдарды іздеу жөнінде шаралар қабылданады.
99. "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттардың, "ҚБП" белгісі бар істер мен басылымдардың жоғалу, бүліну фактілері бойынша ішкі тергеп-тексеруді жүргізу немесе оларда қамтылған мәліметтердің жария етілу фактісін белгілеу үшін ұйым басшысы комиссия құрады.
100. Ішкі тергеп-тексерудің нәтижелері комиссия қорытындысында көрініс табады.
Ішкі тергеп-тексерудің нәтижелері туралы комиссия қорытындысына комиссия мүшелері, сондай-ақ осы комиссияны құрған ұйымның басшысы қол қояды.
Ішкі тергеп-тексеруді жүргізу кезінде:
1) әрекеттері (әрекетсіздігі) осы Қағидаларда көзделген мән-жайлардың (салдардың) бұзылуына әкеп соқтырған ұйым жұмыскерлері және осы әрекеттерде (әрекетсіздікте) ұйым жұмыскерлері кінәсінің бар-жоғы;
2) осы Қағидалар бұзылуының басталуына ықпал еткен себептер мен жағдайлар, мән-жайлар (салдар);
3) ұйым жұмыскерлерінің әрекеттері (әрекетсіздігі) нәтижесінде келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері белгіленеді.
Ішкі тергеп-тексеру оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей аяқталуға тиіс.
101. Ішкі тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша осы Қағидалардың бұзылуына әкеп соқтырған бұзушылықтарды жою, сондай-ақ кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жөніндегі шаралар қабылданады.
Ішкі тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша ұйымда қабылданған шаралар туралы ұлттық қауіпсіздік органдары хабардар етіледі.
102. Жоғалған "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттарға, "ҚБП" белгісі бар істер мен басылымдарға "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттардың, "ҚБП" белгісі бар істер мен басылымдардың бар-жоғын және жай-күйін тексеру туралы акт жасалады және тіркеп есепке алу нысандарына тиісті белгілер енгізіледі.
Тұрақты сақталатын жоғалған істерге актілерді ұйымның басшысы бекіткеннен кейін олар қор ісіне енгізу үшін ұйымның ведомстволық архивіне беріледі.
103. "ҚБП" немесе "Жасырын" белгілері бар мәліметтерді жария етудің, осындай мәлiметтерді қамтитын құжаттарды, iстер мен басылымдарды жоғалтудың барлық фактiлерi туралы осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттамалық материалдарды жоғалту және таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты жария ету фактiлерiн есепке алу журналында белгi қойылады.
104. "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу тәртібінің бұзылуы осы ақпаратты жария етудің немесе жоғалтудың себебіне айналмаса және соған әкеп соқтырмаса, бұл кінәлі адамдарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға (келісімдерге) сәйкес жауапкершілікке тарту үшін негіз болып табылады.
Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына 1-қосымша |
Үлгілік "ҚБП" ҚҚВТ
1. Мемлекеттік құпияларға жатпайтын құпиялылық режимі жөніндегі құжаттар:
1) ведомстволық бағынысты ұйымдарда мемлекеттік құпияларды қорғаудың жай-күйін жоспарлы тексеруді ашатын құжаттар;
2) рұқсат беру карточкалары, адамдарға мемлекеттік құпияларға рұқсат ету туралы анықтамалар, мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшелері, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар туралы ережелер;
3) жұмыстардағы, құжаттар мен бұйымдардағы мәліметтердің құпиялылық дәрежесін айқындау тәртібі туралы құжаттар;
4) Қазақстан Республикасының ұйымдарына, шет мемлекеттерге мемлекеттік құпияларды беру тәртібі туралы құжаттар;
5) мемлекеттік құпияларға рұқсат етілген адамдардың міндеттері туралы құжаттар;
6) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді ашпайтын, құпиялылық белгісі (құпиялылық дәрежесі, атауы, қол қойылған күні, шығарылған жылы) бар құжаттарға толық сілтемені қамтитын құжаттар;
7) арнайы байланыс құралдарының бар-жоғы туралы ескертуді қамтитын құжаттар;
8) "ҚБП" ҚҚВТ-ға жатпайтын режимдік объектілерге рұқсатты ұйымдастыру туралы құжаттар.
2. Ұйымдастыру-жұмылдыру мәселелері және азаматтық қорғаныс (бұдан әрі – АҚ), төтенше жағдайлар (бұдан әрі – ТЖ) жөніндегі мемлекеттік құпияларға жатпайтын құжаттар:
1) әскери міндеттілер брондалатын лауазымдар тізбесінде қамтылатын құжаттар;
2) жұмылдыру резервтерін өрістетуді, қаржыландыруды, кредиттеуді және бухгалтерлік есепке алуды қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі нормативтік құжаттарда, азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларда қамтылатын, нақты деректер ашылмайтын құжаттар;
3) азаматтық қорғаныстың бейбіт уақытқа арналған жоспарлары, АҚ-ның жай-күйі туралы баяндамалар, есептер;
4) АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құқықтық актілер;
5) ТЖ жөніндегі комиссия туралы ережелер, ТЖ жөніндегі комиссия жұмысының материалдары;
6) жасақтау және әскери құрылыс мәселелері;
7) АҚ бойынша әскери-ғылыми және ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлау және оның жай-күйі;
8) қарулы күштерге жәрдемдесетін ұйымдар жөніндегі мәліметтер;
9) басқа мәліметтер (ұйым қызметін талдауға байланысты).
3. Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік құпияларға жатпайтын құжаттар:
1) жаңалықтар, өнертабыстар, ғылыми-зерттеу жұмыстары (шектеулі сипаты бар нақты саланы бөліп көрсету);
2) оқу орындарында жабық мамандықтар мен мамандану бойынша мамандар даярлау жөніндегі жабық ғылыми кеңестердің, факультеттердің, бөлімшелердің, кафедралардың бар-жоғы туралы қандай да бір мәліметтер;
3) кешенді және салааралық ғылыми-техникалық проблемалар бойынша жаңалықтар, өнертабыстар және ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы материалдар (нақты саланы бөліп көрсету);
4) геодезия, гравиметрия;
5) ұйым жұмысының ерекшелігіне байланысты өзгелері.
4. Экономикалық сипаттағы мемлекеттік құпияларға жатпайтын құжаттар.
5. Өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік құпияларға жатпайтын құжаттар:
төменде санамаланған өнімдер бойынша өндірістік қуаттар, өндіріс жоспарлары, олардың орындалуы бойынша құжаттар:
нақты өнімді көрсету (мысалы, әскери мақсаттағы, қару-жарақ пен әскери техника).
6. Пайдалы қазбалар туралы мемлекеттік құпияларға жатпайтын құжаттар.
7. Көлік туралы мемлекеттік құпияларға жатпайтын құжаттар.
8. Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік құпияларға жатпайтын құжаттар.
9. Мемлекеттік органның негізгі қызметі бойынша мемлекеттік құпияларға жатпайтын құжаттар:
1) ұйымның даму жоспарларын ашатын құжаттар (қажет болған кезде);
2) жалға алынған байланыс желілері, пайдаланылатын байланыс құралдары мен арналары туралы құжаттар;
3) ұйымның әкімшілік ғимаратына өткізу режимін ұйымдастыру туралы құжаттар;
4) қызметкерлердің үй мекенжайларын, қалалық және ұялы телефондарын қамтитын құжаттар;
5) дербес деректерді құрайтын құжаттар;
6) ұйым бөлімшелерінің электрондық жәшіктеріне, жұмыс станцияларына, қызметкерлердің автоматтандырылған жұмыс орындарына қол жеткізу парольдерін қамтитын құжаттар;
7) ұйымның корпоративтік және жергілікті есептеу желілерінің серверлеріне қол жеткізу парольдерін қамтитын құжаттар;
8) техникалық күзет құралдарының бар-жоғы және жай-күйі туралы құжаттар;
9) ішкі және шетелдік тапсырыс берушілер, мердігерлер, өнім берушілер, тұтынушылар, сатып алушылар, клиенттер және басқа әріптестер туралы ашық көздерде жоқ жүйелендірілген мәліметтер (құжаттар, материалдар);
10) ұйымдар өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алған, коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын құжаттар;
11) жергілікті есептеу желісінде IP-мекенжайлардың бөлінуі туралы құжаттар;
12) қорғалған орындаудағы ақпараттық жүйелерді қоспағанда, ақпараттық жүйелер аудитінің, оларды аттестаттаудың нәтижелері;
13) ұйым қызметінің ерекшелігіне байланысты (ұйым қызметін зерделеу негізінде) құжаттар.
10. Ұйымдар жұмысының ерекшелігіне байланысты ұйымдар қызметінің өзге бағыттары және таратылуы шектелген тиісті қызметтік ақпарат қосылуы мүмкін.
Ұсынылып отырған "ҚБП" ҚҚВТ ұсыным ретінде берілген. Ұйымдар "ҚБП" ҚҚВТ-ны жұмыс ерекшелігіне қарай, өз қызметін, оның ішінде ұйымдардың мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшелері өкілдерінің қатысуымен талдау нәтижелері бойынша қалыптастыруға тиіс.
Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Кіріс құжаттарын тіркеу журналы
Р/с № | Түскен күні | Корреспондент, кіріс құжатының күні және индексі | Құжат түрі, кіріс құжатының тақырыбы немесе қысқаша мазмұны | Құжаттың парақ саны | Қосымшаның парақ саны | Құжатты алғаны жөнінде қолхат, күні | Құжаттың қайтарылғаны туралы қолхат, орындаушы қойған күні | Құжаттың орындалуы туралы белгі және іске есептен шығару | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
А3 (420Х197) форматы
Шығыс және ішкі құжаттарды тіркеу журналы
Р/с № | Шығыс (ішкі) құжатының күні және индексі | Корреспондент | Құжаттың тақырыбы немесе қысқаша мазмұны | Құжаттың парақ саны және данасының нөмірі | Қосымшаның парақ саны | Құжаттың орындалғаны және іске жіберілгені туралы белгі | Құжаттардың жіберілуі туралы тарату (жою туралы акт) | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
А3 (210Х297) форматы
Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Ұйым хатының бланкісі | ||
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы немесе ұйымның эмблемасы, логотипі, тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі) | ||
Ұйымның ресми атауы |
Ұйымның ресми атауы | |
Ұйым туралы анықтамалық деректер |
Ұйым туралы анықтамалық деректер | |
"Қызмет бабында пайдалану үшін" ("ҚБП")
№ ___ дана
Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс |
|
істеу қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
"ҚБП" - "ҚБП" ҚҚВТ тармағы, бұйрықтың нөмірі және оның қабылданған күні
Ұйымның құрылымдық бөлімшесінің атауы
1 данада басып шығарылды, 10 парақта
электрондық файл – мекенжайына
№ 1 дана – іске
№ 2 дана – мекенжайына
көшірмелер тарату парағына сәйкес
файл жойылды/ №___ ҚД-де сақталады
Орынд.:
Тел.:
Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
№ _________іс құжаттарының ІШКІ ТІЗІМДЕМЕСІ
Р/с | Іс жүргізу индексі | Құжаттың күні | Құжаттың тақырыбы | Іс парақтарының нөмірлері | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Құжаттар парақтарының жиыны _______________________________ (цифрмен және жазумен)
Ішкі тізімдеме парақтарының саны _____________________________ (цифрмен және жазумен)
Іс құжаттарының ішкі тізімдемесін толтырған адам лауазымының атауы _________________ Қолдың толық жазылуы (жеке қолы)
күні
А4 (210Х297) форматы
Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына 6-қосымша |
Нысан
ІСТІҢ КУӘЛАНДЫРУ ПАРАҒЫ
№ _____ қор № ________ тізімдеме № _____іс
Іске ___________________ парақ(тар) тігілді және нөмірленді, оның ішінде:
парақтардың литерлі №№ _________________________________________
парақтардың өткізіп алған №№ _____________________________________
нөмірленген таза парақтар _________________________________________
+ ішкі тізімдеме парақтары _________________________________________
Нөмірленбейтін салынымдар мен қосымшалар түріндегі есепке алынған құжаттар
________________________________________________________________ (құжаттардың түрлері және олардың саны)
Іс құжаттарын қалыптастырудың, ресімдеудің, физикалық жай-күйінің және есепке алынуының ерекшеліктері | Парақтардың № |
1 | 2 |
1. Брошюралар және басқа баспа басылымдар |
Істің куәландыру парағын толтырған адам лауазымының атауы ________________ Қолдың толық жазылуы (жеке қолы)
Күні
Ескертпе:
1. Куәландыру парағы істегі парақтар санын есепке алу және олардың нөмірлену ерекшеліктерін тіркеу үшін жасалады.
2. Куәландыру парағы жеке парақта (парақтарда) жасалады және істің соңында тігіледі.
3. Куәландыру парағында істің нөмірленген парақтарының саны цифрмен және жазумен және іс құжаттарының ішкі тізімдемесінің парақтар саны "+" (плюс) белгісі арқылы бөлек көрсетіледі.
4. Куәландыру парағында іс құжаттарын нөмірлеудің, ресімдеудің және физикалық жай-күйінің мынадай ерекшеліктері белгіленеді:
1) пошталық айналым құралдары (маркалардың барлық түрлері, конверттер, ашықхаттар, бланкілер, штемпельдер, мөртабандар, пломбалар);
2) мөрлер және олардың бедерлері;
3) танымал мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, техника және мәдениет қайраткерлерінің қолтаңбалары;
4) фотоқұжаттар;
5) суреттер, гравюралар және акварельдер;
6) үлкен форматтағы құжаттар;
7) желімделген парақтар, құжаттардың бүлінуі;
8) фотосуреттер, құжаттар жапсырылған парақтар;
9) салынымдары бар конверттер және оларға салынған парақтардың (заттардың) саны;
10) дербес нөмірленген құжаттар (оның ішінде типографияық материалдар да), олардың парақтарының (беттерінің) саны.
5. Егер істің бір парағында құжатты ресімдеудің бірнеше ерекшелігі болса, онда куәландыру парағының 2-бағанында осы парақтың нөмірі 1-бағанның әрбір позициясының тұсына қойылады.
6. Егер құжаттың бір парағында бірнеше марка және өзге материалдар болса, онда 2-бағанда іс парағының нөмірінен кейін жақшада олардың саны көрсетіледі.
7. Егер істе олар жасалған материалдардың (шыны, металл, мата және басқалар) ерекшелігіне байланысты нөмірлеу мүмкін болмайтын заттар болса, онда 2-бағанда арасында осы зат тұрған парақтардың нөмірлері көрсетіледі.
8. Істің құрамындағы және жай-күйіндегі кейінгі барлық өзгерістер (бүлінуі, құжаттар төлнұсқаларының көшірмелермен алмастырылуы, жаңа құжаттардың қосылуы) тиісті актіге сілтеме жасала отырып, куәландыру парағында белгіленеді.
9. Куәландыру парағы нөмірленбейді.
А4 (210Х297) форматы
Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына 7-қосымша |
Нысан
"ҚБП" белгісі бар берілетін істер мен басылымдарды есепке алу карточкасы
Істің немесе басылымның атауы | |||||
Р/с № | Істің және басылымның нөмірі, даналар нөмірі және парақтар саны | Құрылымдық бөлімше және жұмыскердің (зерттеушінің) тегі, аты | Қолхат | Ескертпе | |
алу туралы және күні | қайтару туралы және күні | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
А5 (148Х210) форматы
Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына 8-қосымша |
Нысан
Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты жария етпеу туралы МІНДЕТТЕМЕ
Мен, ___________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
________________________________________________________________
(мәліметтердің қысқаша мазмұны немесе құжаттың деректемелері көрсетіледі)
_________________________________________________ мәселелері бойынша таратылуы шектелген қызметтік ақпаратпен таныса отырып, ерікті түрде өзіме мынадай міндеттемелерді қабылдаймын:
1. Маған белгілі болатын таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты жария етпеу немесе үшінші тұлғаларға бермеу.
2. Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратпен жұмыс істеуді және оның қорғалуын регламенттейтін құжаттардың талаптарын орындау.
3. Менен таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты үшінші тұлғалар алуға тырысқан жағдайда көрсетілген ақпаратты ұсынған ұйымға ауызша немесе жазбаша нысанда дереу хабарлау.
4. Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қандай да бір жеке пайда алу мақсатында пайдаланбау.
5. Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа рұқсат беру құқығы тоқтатылғаннан кейін оны жария етпеу немесе үшінші тұлғаларға бермеу.
Аталған міндеттемелер бұзылған, сондай-ақ таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қорғау жөніндегі талаптар бұзылған жағдайда менің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапқа тартылатыным жөнінде ескертілді.
__________________ | |
(қолы) |
Нұсқаулықпен таныстырған _____________________________
(ұйым жұмыскерінің қолы және тегі)
20__ ж. "___" __________
А4 (210Х297) форматы
Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына 9-қосымша |
Нысан
Электрондық жеткізгіштерді есепке алу журналы
Реттік есепке алу нөмірі және тіркелген күні | ЭЖ санаты |
ЭЖ типі | ЭЖ сақтау орны, сақтау орнының есепке алу нөмірі | ЭЖ алған қызметкердің тегі, күні көрсетілген оның қолы | БҚҚ қызметі қызметкерінің тегі және қайтадан қабылдағаны жөнінде күні көрсетілген қолхаты | ЭЖ тіркеу нөмірі және жою туралы актінің күні |
Жабу, беру туралы белгі | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | |
Түсіндірме: |
1. ЭЖ-ге номенклатура бойынша осы журналдың нөмірі және ЭЖ-дің реттік есепке алу нөмірі "-" арқылы қойылады. |
А3 (210X297) форматы
Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына |
|
10-қосымша |
Нысан
Таза электрондық жеткізгішті беруді есепке алу КАРТОЧКАСЫ
ЭЖ типі ______________ ЭЖ есепке алу нөмірі __________ ЭЖ санаты _____________
Жазбаның күні | ЭЖ кімге берілді (бөлімше, тегі) | Мемлекеттік орган қызметкерінің ЭЖ-ді алғаны жөнінде қолхаты | Мемлекеттік орган қызметкерінің ЭЖ-ден ақпараттың жойылғанын растайтын қолы (БҚҚ қызметіне қайтару кезінде) | БҚҚ қызметі қызметкерінің тегі және қайтарылған күнін көрсете отырып, ЭЖ-ді қайтадан қабылдағаны жөнінде қолы | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
Түсіндірме: |
1. Әр таза ЭЖ үшін ЭЖ беруді есепке алудың жеке карточкасы ашылады. |
А5 (210X297) форматы
Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына | |
11-қосымша |
Нысан
Электрондық жеткізгіштерді есепке алудың беткі карточкасы Құрылымдық бөлімше:________________________ Жұмыскердің Т.А.Ә. _____________________ телефон № __________________
Р/с № | ЭЖ есепке алу № | ЭЖ атауы | Алғаны жөнінде қолы мен күні |
Жабу, беру туралы белгі |
А4 (210X297) форматы
Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына | |
12-қосымша |
Нысан
Ұйымның ресми атауы |
Бекітемін |
Сақтауға жатпайтын істерді, журналдарды, картотекаларды жою актісі ____ № ______
(күні)
Жасалған орны
_______________________________________________________________________
(сараптама жүргізу үшін нормативтік-әдістемелік құжаттарға сілтеме)
негізінде ________________________________ архивтік қордың құжаттары
(архивтік қордың нөмірі мен атауы)
жоюға іріктеп алынды
Р/с № |
Есепке алу | Істің, журналдың, картотеканың атауы | Том нөмірі | Парақтар, карточкалар саны | Аяқталған жылы | Сақтау мерзімі (бұйрықтың тармағы мен нөмірі, сараптама комиссиясы хаттамасының нөмірі мен күні) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
____________________ жылы (жылдары) жиыны _________________________
(цифрмен және жазумен)
сақтау бірлігі.
Сақтауда қалатын істердің, журналдардың және картотекалардың сақтау бірліктерінің саны, соңғы күндері және қысқаша сипаттамасы ______________
_________________________________________________________________
(бөлім (архивті сақтау орны) меңгерушісінің тегі, аты-жөні, қолы)
______________________
(күні және нөмірі)
_________________________________________________________________
(құжаттарды өңдеуді жүргізген адам лауазымының атауы, тегі, аты-жөні, қолы)
Құжаттарды _________________ _____________ № ____ қабылдап алу-беру
(ұйымның атауы) (күні)
жөнелтпе құжаты бойынша қайта өңдеуге тапсырды ______________________
(қор сақтаушысының қолы)
Есепке алу құжаттарына өзгерістер енгізілді.
___________________________________________________________________
(істерді, журналдарды, картотекаларды ретке келтіруді жүргізген адам лауазымының атауы, тегі, аты-жөні, қолы)
Жергілікті атқарушы органның (архивтің) сараптама-тексеру комиссиясының (сараптама комиссиясының) _____ жылғы _____________ № ___ хаттамасымен "КЕЛІСІЛДІ" |
А4 (210Х297) форматы
Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына 13-қосымша |
Нысан
ЖОЮҒА РҰҚСАТ ЕТЕМІН Ұйым басшысы лауазымының атауы _________ қолдың (жеке қолы) толық жазылуы Күні |
Сақтауға жатпайтын құжаттамалық материалдарды жоюға бөлу туралы акт 20__ж. "___"_______ № ______
_____________________________________________ құрамындағы комиссия
(лауазымы, тегі және аты-жөндері)
___________________________ 20 __ жылғы "___" ______ № ___ бұйрығымен
(ұйым басшысы лауазымының атауы)
бекітілген мәліметтердің ведомстволық тізбесін басшылыққа ала отырып, практикалық (жедел) маңыздылығын жоғалтқан әрі ғылыми және тарихи құндылығы жоқ мынадай құжаттамалық материалдарды жоюға іріктеп алды:
Р/с | Құжаттың есепке алу нөмірі және күні | Құжаттың атауы | Даналар саны | Даналар нөмірі | Бір данадағы парақтар саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Барлығы ______ данадағы құжаттардың _______ атауы жойылуға жатады.
(жазумен) (жазумен)
Комиссия мүшелері: ______________________________________________
(қолы, тегі)
Күні
Актіде жасалған жазбалардың есепке алу деректерімен дұрыстығын
_______________________________________________ салыстырып тексерді
(есепке алуға жауапты қызметкердің тегі және қолы)
Күні
Жоюдың алдында құжаттарды актідегі жазбалармен салыстырып тексердік және ___________________ арқылы толық жойдық.
Комиссия мүшелері: ______________________________________________
(қолы, тегі)
Күні
Құжаттардың жойылғаны туралы есепке алудағы белгілерді ___________________
(есепке алуға жауапты
қызметкерлердің тектері және қолдары)
жасады.
Күні
А4 (210Х297) форматы
Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына 14-қосымша |
Нысан
Ұйымның атауы (жоғары тұрған мемлекеттік органның ресми атауы) |
"БЕКІТЕМІН" |
"ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгілері бар құжаттарды, істерді және басылымдарды қабылдап алу-берудің №_____ актісі
Жасалған орны
"ҚБП" белгісі бар құжаттарды, істерді және басылымдарды қабылдап алу-беру туралы
Р/с № | Істер номенклатурасының (тізімдемесінің) атауы мен нөмірі | Істер номенклатурасы (тізімдемесі) даналарының саны | "ҚБП" белгісі бар құжаттар мен істер саны | "ҚБП" белгісі бар басылымдар даналарының саны | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Жиынында "ҚБП" белгісі бар ___________________________ құжат пен іс,
(цифрмен және жазумен)
_____________________________ дана басылым, _______________________
(цифрмен және жазумен) (цифрмен және жазумен)
данада істер номенклатуралары (тізімдемелері) қабылдап алынды.
Құжаттар мен істер, істер номенклатураларының (тізімдемелерінің) жай- күйі:
_______________________________________________________________
(жай-күйінің жалпы сипаттамасы)
Бір мезгілде _________________________________________________ беріледі.
(тіркеу есепке алу нысандары түрлерінің атаулары)
"ҚБП" белгісі бар құжаттармен, істермен және басылымдармен жұмыстың жай-күйі
__________________________________________________ (жалпы сипаттамасы)
Тапсырдым __________________________ Қолдың толық жазылуы (жеке қолы)
Қабылдап алдым _____________________ Қолдың толық жазылуы (жеке қолы)
А4 (210Х297) форматы
Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына | |
15-қосымша |
Нысан
Ұйымның атауы (жоғары тұрған мемлекеттік органның ресми атауы) |
"Бекітемін" |
"ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгісі бар құжаттардың, істер мен басылымдардың бар-жоғын және жай-күйін тексеру туралы № ____ акт
Жасалған орны
Тексеру жүргізу мерзімі
Жүргізілген тексерудің түрі және тексеру жүргізілген ұйым бөлімшесінің атауы
"ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгісі бар құжаттардың, істер мен басылымдардың бар-жоғын және жай-күйін тексеру
Төрағасы _________________________________________________ және
(тегі, аты-жөні)
комиссия мүшелері ________________________________________________
(тектері, аты-жөндері)
құрамындағы комиссия _____________________________________________
(бұйрықтың тақырыбы)
__________________________________________________________________
(ұйым басшысы лауазымының атауы)
____ жылғы "__"_______ №_____ бұйрығының негізінде мынаны белгіледі:
1. Істердің жиынтық тізімдемелері (істер номенклатуралары, тіркеп есепке алу нысандары) бойынша "ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгісі бар барлығы ___________________ құжат, іс пен басылым есепте тұр, оның ішінде:
(цифрмен және жазумен)
1) табылмағаны __________________________________________________
(цифрмен және жазумен)
2) анықталмағаны _______________________________________________,
(құжаттар, істер, басылымдар индекстері (нөмірлері)
оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құрамына жатқызылғандары ____________________________________________________
(цифрмен және жазумен)
2. Істердің жиынтық тізімдемелеріне (істер номенклатураларына, тіркеу есепке алу нысандарына) енгізілмеген ______________________________ (цифрмен және жазумен) құжат, іс пен басылым анықталды.
3. Қолда бар құжаттардың, істердің және басылымдардың жалпы санынан мыналар анықталды:
дезинфекциялауды және дензинсекциялауды талап ететіндер __________________;
(цифрмен және жазумен)
реставрациялауды талап ететіндер _________________________________;
(цифрмен және жазумен)
түптеуді немесе тігуді талап ететіндер ______________________________;
(цифрмен және жазумен)
физикалық және химиялық нұқсандармен __________________________;
(цифрмен және жазумен)
4. Құжаттардың, істер мен басылымдардың жай-күйінің және сақтау шарттарының сипаттамасы __________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
5. БҚҚ (ведомстволық кітапхана) басшысының тексеру нәтижелері бойынша шешімі
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына 16-қосымша |
Нысан
"ҚБП" белгісі бар жұмыс дәптерлерін есепке алу журналы
Реттік есепке алу нөмірі | Тіркелген күні | Жұмыс дәптерінің тақырыбы, неге арналған | Шектеу белгісі | Парақтар саны | Берілген қызметкердің бөлімшесі және тегі | Қызметкердің алғаны жөнінде қолхаты және күні | БҚҚ қызметі қызметкерінің қайтадан қабылдағаны жөнінде қолхаты және күні | Қозғалысы немесе жойылуы туралы белгі (қайда жіберілді, тізілім нөмірі және күні не жою туралы актінің нөмірі және күні) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
А3 (210X297) форматы
Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына 17-қосымша |
Нысан
"ҚБП" және (немесе) "Жасырын" белгісі бар құжаттамалық материалдардың жоғалу және таратылуы шектелген ақпараттың жария етілу фактілерін есепке алу журналы
Р/с № | Жоғалу (жария ету) фактісінің анықталған күні | Құжаттың (мәліметтердің) мазмұны, нөмірі, күні | Ұйым басшысы хабардар етілген күн | Шектеу белгісі | Қызметтік тексеру жүргізу жөніндегі тұжырымдар | Кінәлі адамдарға қолданылған шаралар | Қызметтік тексеру материалдары қай істе жинақталған | |
бастапқы | комиссияның қорытындысы бойынша | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
А3 (210X297) форматы
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 қаулысы.
2. "Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту және "Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы қыркүйектегі № 679 қаулысының 2-тармағы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 және "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжатайналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 809 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.