"Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 275 қаулысы.

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 114-бабының 1-тармағына, 169-бабының 1-тармағына, "Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – серіктестік) жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "ҰАҒБО" КеАҚ) ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) "ҰАҒБО" КеАҚ-пен (келісу бойынша) бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;

      2) мыналарды:

      серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлестеріне иелік ету және оны пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне беруді;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 2-тармағында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын "QazBioPharm" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беруді қамтамасыз етсін.

      4. Қоса беріліп отырған:

      1) осы қаулының 1 және 2-тармақтарын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар;

      2) осы қаулының 3-тармағын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      5. Осы қаулы серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын "QazBioPharm" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беру рәсімдері аяқталғаннан кейін қолданысқа енгізілетін осы қаулының 4-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 29 сәуірдегі
№ 275 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы " " № қаулысының 1 және 2-тармақтарын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Алматы қаласы" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-158-жолмен толықтырылсын:

      "123-158. "Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 227-28-жолмен толықтырылсын:

      "227-28. "Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".

      3. "Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 76-жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 145-10-жолмен толықтырылсын:

      "

145-10.

"Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

      ".

      4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер

      1. СҚ-Фармация

      2. Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты".

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 29 сәуірдегі
№ 275 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы " " № қаулысының 3-тармағын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Алматы қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 123-158-жол алып тасталсын.

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 227-28-жол алып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 2-жол алып тасталсын.