"Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 674 Жарлығының 4-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Іс-қимыл жоспары) бекітілсін.
2. Іс-қимыл жоспарын орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):
1) Іс-қимыл жоспарын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне Іс-қимыл жоспарының іске асырылуы туралы есеп ұсынып отырсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырына дейін мемлекеттік және стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға Іс-қимыл жоспарының іске асырылуы туралы есеп ұсынып отырсын, сондай-ақ бірінші басшының қолын қойғызып, оны (қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда) интернет-ресурста орналастырсын.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі есепті кезеңнен кейінгі 1 маусымға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Іс-қимыл жоспарының іске асырылуы туралы жиынтық есеп пен жиынтық қорытындының жобасын ұсынып отырсын.
5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 маусымына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-қимыл жоспарының іске асырылуы туралы жиынтық есеп пен қорытынды ұсынып отырсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 264 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары
Ескерту. Іс-қимыл жоспарына өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.11.2022 № 874; 21.12.2022 № 1044 қаулыларымен.
Р/с | Негізгі іс-шаралардың атауы | Аяқталу нысаны | Аяқталу мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1-бағыт. Заңнаманы жетілдіру | ||||
1.1. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеушілік әсерді талдау институтын жетілдіру (РӘТ) | ||||
1 | РӘТ рәсімдерін жетілдіру әлеуетін кеңейту мәселесі бойынша талдау жүргізу, сондай-ақ НҚА жобаларының маңыздылығын айқындаудың қол жеткізілген кезде реттеушілік әсерге талдау жүргізілуі тиіс өлшемшарттарын әзірлеу қажеттілігі мәселесін қарау | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат | 2026 жылғы желтоқсан |
ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), |
2 | Қоғамдық талқылаулар жүргізудің әртүрлі мерзімдерінде, адресаттар санынан, реттеуді сақтау шығасыларының көлемінен көрініс табатын актінің реттеуші әсерінің дәрежесіне қарай талдамалық нысанның көлемінде жасалатын реттеушілік әсерге талдау жүргізудің сараланған тәсілін тұжырымдау мәселесін қарау | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат | 2026 жылғы желтоқсан |
ҰЭМ |
3 | Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді қайта қарау тәртібімен, оның ішінде осындай қызметті мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау өлшемшарттарының бірі ретінде айқындау және РӘТ жүргізуге өкілеттікті басқа мемлекеттік органға беру арқылы РӘТ жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі тетіктерді енгізу | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат | 2026 жылғы желтоқсан |
ҰЭМ |
кестенің жалғасы
| 2 | 3 | 4 | 5 |
1.2. Нормашығармашылықты жетілдіру | ||||
4 | Әрбір мемлекеттік органда нақты деректерді сапалы жинауға бағытталған қажетті шараларды (жауапты тұлғаларды бекіте отырып) қабылдау | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат | жыл сайын желтоқсан | Әділетмині, АҚДМ, ЦДИАӨМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
5 | Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдау үшін осындай актілерді қабылдау мақсаттарын, олардың заңдылығын бақылау қағидаттары мен тетіктерін көрсете отырып, жекелеген мемлекеттік органдардың дискрециялық өкілеттіктерін белгілеу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2022 жылғы желтоқсан | Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар |
6 | Заңдардағы артық нақтыланған нормаларды анықтау және оларды қайта қараудың орындылығын қарау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | 2022 жылғы желтоқсан |
Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), |
7 | Басталғанын Үкімет мүшелері құқық қолданушылар тобының қатысуымен қабылданған заңды қолдану практикасының жай-күйі туралы Парламентке хабарлайтын мерзімді белгілеу мүмкіндігін қарау | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ұсыныстар | 2023 жылғы маусым | Әділетмині, ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
8 | НҚА әзірлеу кезінде, оның ішінде "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдау жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы деректерді жинауға, сақтауға, өңдеуге, талдауға және басқаруға бағытталған шараларды қабылдау | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат | 2023 жылғы желтоқсан | Әділетмині, ҰЭМ, ЦДИАӨМ, АҚДМ мүдделі мемлекеттік органдар |
9 | Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және қарау рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ететін қосымша тетіктерді тұжырымдау | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат | 2024 жылғы ақпан | Әділетмині, АҚДМ мүдделі мемлекеттік органдар |
10 | Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қазақ тілінде әзірлеп, оларды орыс тіліне аударуды қамтамасыз ету міндетін кезең-кезеңімен заңнамалық бекіту мүмкіндігін пысықтау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар | 2024 жылғы наурыз | Әділетмині, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
11 | Құқықтық нормаларды қалыптастырудың бланкеттік тәсілдерін пайдалануды барынша азайту мәселесін пысықтау | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ұсыныстар | 2024 жылғы наурыз | Әділетмині, ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
12 | Әзірлеуші органдар үшін нормативтік құқықтық актінің жобасына енгізілетін реттеудің бизнес-процесі моделінің сипаттамасын қоса беру міндетін белгілеу |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | 2024 жылғы шілде | Әділетмині, ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
13 | Нормативтік құқықтық актілерді келісу рәсімдерін оңтайландыру және оларды қабылдау тәртібін одан әрі оңайлату | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2024 жылғы қыркүйек | Әділетмині, ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
1.3. Конституциялық құқықты жетілдіру | ||||
14 | Адам құқықтарының сақталуын бағалаудың ұлттық индикаторларын әзірлеу және кезең-кезеңімен енгізу | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат | 2023 жылғы қыркүйек | Әділетмині, СЖРА (келісу бойынша), ҰЭМ, БП (келісу бойынша), АҚЖҰО (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), ЖС (келісу бойынша), ІІМ, СІМ, ИИДМ, ОСК (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
15 | Конституциялық меншік құқығын қорғауды күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар | 2024 жылғы наурыз | Әділетмині, РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
1.4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы жетілдіру | ||||
16 | Әкімшілік құқық бұзушылықтардың қазіргі құрамдарына арнайы құқықтан айыру, рұқсаттан айыру не оның қолданысын тоқтата тұру түріндегі санкцияны, сондай-ақ қызметті тоқтата тұруды немесе оған тыйым салуды тізілімнен алып тастауды көздейтін әкімшілік құқық бұзушылықтар құрамдарын салалық нормативтік құқықтық актілерге ауыстыру мүмкіндігі тұрғысынан талдау жүргізу, өйткені көрсетілген санкциялар әкімшілік рәсімді жүзеге асырумен байланысты | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | 2022 жылғы қыркүйек | Әділетмині, БП (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
Мынадай мүмкіндіктерді қарау: | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар | 2022 жылғы қараша | ||
Жүргізілген талдау қорытындылары бойынша әкімшілік жауаптылықты құқықтық жауаптылықтың басқа түрлерінен ажыратуға мүмкіндік беретін айқын өлшемшарттарды қамтитын әкімшілік құқық бұзушылықтың жаңа ұғымын тұжырымдау | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2024 жылғы желтоқсан | ||
17 | Сыбайлас жемқорлықтың туындауына негіз болатын себеп ретінде әкімшілік қарау (дискреция) тәсілдерін зерделеу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | 2023 жылғы желтоқсан | Әділетмині, БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша) |
18 | Жария-құқықтық даулардың қалған түрлерін қарауды жалпы юрисдикция соттарының ведомстволық бағыныстылығынан алып тастап, кейіннен оларды мамандандырылған әкімшілік соттардың ведомстволық бағыныстылығына беру мүмкіндігін пысықтау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар | 2025 жылғы желтоқсан | Әділетмині, ЖС (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
1.5. Салық саясатын және салық заңнамасын жетілдіру | ||||
19 | Салық міндеттемелерін орындауды түбегейлі оңайлату мақсатында салықтар мен төлемдердің санын барынша азайту тұрғысынан Салық кодексін және тиісті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді тексеру | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | 2022 жылғы қараша | ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар |
20 | Экономиканы әртараптандыру, бюджетті толықтыру және салық ауыртпалығын қайта бөлу үшін салық мөлшерлемелерін саралау мәселесін қарау |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ұсыныстар | 2023 жылғы шілде | ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар |
21 | Салық жеңілдіктерінің тиімділігін айқындау жұмысын жүргізу мақсатында мониторинг енгізуді қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат | 2025 жылғы қаңтар | ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар |
1.6. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнаманы жетілдіру | ||||
22 | Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнаманы жетілдіру | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2022 жылғы маусым | ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
23 | Қазақстандық құқық жүйесінің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, ұлттық заңнамада шетелдік және халықаралық жеке құқықтың үздік үлгілерін қабылдау жөніндегі одан арғы жұмысты қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | 2023 жылғы мамыр | Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
1.7. Азаматтық заңнаманы жетілдіру | ||||
24 | Тұтынушылық шарттар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы үшін бизнестің жауапкершілігі туралы заңнаманы дамыту | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
2023 жылғы маусым | СИМ, ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
25 | Азаматтық қоғам саласындағы заңнаманы, оның ішінде азаматтардың бірлесу бостандығына құқықтарын іске асыру тетіктерін кеңейту арқылы жаңғырту | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2023 жылғы маусым | АҚДМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
26 | Азаматтық құқықтар объектілерінің құқықтық табиғаты мен жіктелуін анықтау және олардың құқықтық режимін нақтылау, "талап ету құқығы" және "зияткерлік меншік құқығы" сияқты объектілердің осы жіктелімдегі орнын анықтау | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2024 жылғы желтоқсан | Әділетмині, РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
27 | Жеке құқық субъектілеріне тиесілі азаматтық құқықтардың алуан түрлілігін ескере отырып заңнаманы жетілдіру, оның ішінде заңды тұлғалар мен мемлекетке тиесілі құқықтар тізбесін басқа да заттық және міндеттемелік құқықтармен, сондай-ақ мүліктік емес, айрықша құқықтармен, мұрагерлік құқығымен және өзге де мүліктік құқықтармен толықтыру | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2024 жылғы желтоқсан | Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
28 | Иелену, иемдену және теріс талап қою туралы нормаларды жетілдіру | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2024 жылғы желтоқсан | Әділетмині, ЖС (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
29 | Талап қою мерзімінің ескіру институтын жетілдіру | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2024 жылғы желтоқсан | Әділетмині, ЖС (келісу бойынша), "Атамекен" ҰҚП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
30 | Смарт келісімшарттар және электрондық коммерция (e-commerce) туралы заңнаманы жетілдіру | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2024 жылғы желтоқсан | Әділетмині, РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
31 | Материалдық емес (моральдық) зиянды өтеу институтын қолдану салаларын, оны өтеу шарттарын, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2024 жылғы желтоқсан | Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар |
32 | Жеке қатынастарды реттеудің жариялы-құқықтық әдістерінің негізсіз басымдығын жою жөніндегі тетіктерді әзірлеу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2024 жылғы желтоқсан | Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
33 | Меншік құқығы және басқа да заттық құқықтар туралы нормаларды жүйелеу мәселесін зерделеу | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат | 2025 жылғы желтоқсан | Әділетмині, РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
34 | Қазіргі заманғы қатынастарда жедел басқару құқығы мен шаруашылық жүргізу құқығы конструкцияларының орындылығы мәселесін қарау | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат | 2026 жылғы қаңтар | ҰЭМ, Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
35 | Азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуының, өзгеруінің және тоқтатылуының дербес негіздері ретінде заңды тұлғалардың жиналыстары мен алқалы басқару органдарының шешімдері туралы ереже бөлігінде Азаматтық кодекске өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарау | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2026 жылғы тамыз | Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
36 | Корпоративтік лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі туралы нормаларды дамыту | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2026 жылғы тамыз | Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
37 | Заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыруды және құқықтық мирасқорлық мәселелерін, оның ішінде коммерциялық заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру нысандары бөлігінде, сондай-ақ қайта ұйымдастырудың кешенді нысандарын жүзеге асырудың шарттары мен тәртібін реттеуді регламенттейтін азаматтық заңнаманы реформалау | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2026 жылғы тамыз | Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
38 | Корпоративтік басқарудың озық тәжірибесінің ұсынымдары мен стандарттары негізінде корпоративтік заңнаманы жаңғырту | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2026 жылғы тамыз | Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
39 | Туынды, сондай-ақ ұжымдық (топтық) талап қою институтын дамыту | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | 2028 жылғы қыркүйек | ЖС (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
40 | Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау жөніндегі заңнаманы жетілдіру | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2029 жылғы желтоқсан | Әділетмині, РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
1.8. Азаматтық іс жүргізу құқығын жетілдіру | ||||
41 | Мүліктік және мүліктік емес даулар бойынша мемлекеттік баждардың мөлшерін қайта қарау, оның ішінде мүліктік даулар бойынша мемлекеттік баждың жоғарғы шегін белгілеу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2027 жылғы ақпан | ҰЭМ, ЖС (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
42 | Құқықты теріс пайдалану институтын заңнамалық бекіту мүмкіндігін қарау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар | 2029 жылғы қаңтар | ЖС (келісу бойынша), БП (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
1.9. Қаржы заңнамасын дамыту | ||||
43 | Қаржы секторында "пропорционалды реттеуді" дамыту | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | 2023 жылғы желтоқсан |
ҚНРДА (келісу бойынша) |
44 | Қаржы нарығында Open API енгізу тәсілдерін анықтау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | 2024 жылғы ақпан | ҚНРДА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
1.10. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру | ||||
45 | Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманы жүйелеу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2022 жылғы желтоқсан | Еңбекмині, мүдделі мемлекеттік органдар |
46 | Жұмыспен қамтудың барлық икемді нысандарын заңдастыру арқылы еңбек қатынастарының прогрессивті нысандарын енгізу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2024 жылғы қаңтар | Еңбекмині, мүдделі мемлекеттік органдар |
1.11. Ғылым туралы заңнаманы жетілдіру | ||||
47 | Ірі ғылыми зерттеулер жүргізу, жаңа ғылыми мектептер қалыптастыру үшін және постдокторантура бағдарламалары бойынша мегагранттар бөлуді қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2025 жылғы наурыз | БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
48 | Ғылым саласындағы мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру үшін ғылым саласындағы уәкілетті органның құзыретін кеңейту | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2027 жылғы ақпан | БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
1.12. Экологиялық заңнаманы жетілдіру | ||||
49 |
Қоршаған ортаға ұқыпты қарауды ынталандыруға, оның ішінде: | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат | 2023 жылғы наурыз | ЭГТРМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
1.13. Жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіру | ||||
50 | Тау-кен металлургия кешенінің инвестициялық рейтингінің көшбасшы елдерінің ұқсас дерекқорларына сәйкес келетін минералдық ресурстардың көпфункциялы ұлттық дерекқорында іске асырылатын жер қойнауын пайдалану саласына байланысты рәсімдерді оңтайландыру | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы | 2023 жылғы қыркүйек | ИИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
51 | Инвестициялық тартымдылықты жақсарту мақсатында жер қойнауын пайдалану саласындағы әкімшілендіруді оңтайландыру | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2024 жылғы желтоқсан | ИИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
1.14. Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру | ||||
52 | Қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша жаза тағайындау тетіктерін жетілдіру | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2023 жылғы наурыз | Әділетмині, ЖС (келісу бойынша), БП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
53 | Қылмыстық заңды Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстерін бір мезгілде түзете отырып, оның ішінде іс-әрекеттердің қоғамдық қауіптілігіне мөлшерлес қылмыстық заң санкцияларын өзектілендіруді, қылмыстық жазаларды тағайындау және орындау тәртібін ұтымды етуді, қылмыстық процеске қатысушылардың мәртебесі мен өкілеттіктер шеңберін қайта қарауды, төрешілдік пен сөзбұйдаға салуды төмендету үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жаңғыртуды көздеп оңтайландыру | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2023 жылғы наурыз | Әділетмині, БП (келісу бойынша), ІІМ, ЖС (келісу бойынша), Әділетмині, СҚА (келісу бойынша), ҚМА (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша) |
54 | Жазалардың қосымша түрлерін трансформациялап, жасалғаны үшін Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлігінде қосымша жаза түрін міндетті түрде тағайындау көзделетін қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша адамдарды қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босату кезінде қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары ретінде қолдану мүмкіндігін белгілеу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2023 жылғы наурыз | Әділетмині, БП (келісу бойынша), ІІМ, РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
55 | Алқабилер тізімін қалыптастыру тәртібін жетілдіру, оларды цифрлық форматқа көшіру | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2022 жылғы желтоқсан | ЦДИАӨМ, ЖС (келісу бойынша), ҰЭМ, ЖАО, РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
56 | Қылмыстық іс бойынша күшіне енген үкім негізінде, оның ішінде шет елдердегі мүлікті жеке іс жүргізуде тәркілеуді қамтамасыз ету тәсілдерін тұжырымдау | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2023 жылғы наурыз | ҚМА (келісу бойынша), БП (келісу бойынша), ІІМ, СҚА (келісу бойынша), Әділетмині, РАА (келісу бойынша) |
57 | Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған тетіктерді тұжырымдау | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2024 жылғы тамыз | Әділетмині, РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
58 | Мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын және бұлтартпау шараларын қолдану тәртібін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлей отырып, қылмыстық процесте аталған шараларды қолдану практикасын талдау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
2024 жылғы қараша | БП (келісу бойынша), ІІМ, ЖС (келісу бойынша), ҰКК (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ҚМА (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша) |
59 | Қылмыстық процеске ақпараттық және цифрлық технологияларды енгізу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
2024 жылғы қараша | БП (келісу бойынша), ҰҚК (келісу бойынша), ІІМ, СҚА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
60 | Қылмыстық құқық бұзушылықтың жаңа ұғымын тұжырымдау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар | 2024 жылғы желтоқсан | Әділетмині, БП (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
61 | "Жасанды интеллект" ұғымын, оның ішінде оны пайдалану тәртібін, саласы мен аясын, мәртебесі мен құқықтық салдарын тұжырымдап, кейіннен оны қылмыстық мақсаттарда қолданғаны үшін жауаптылықты көздейтін құқық бұзушылықтың жеке құрамын енгізу |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
2025 жылғы желтоқсан | ЦДИАӨМ, БП (келісу бойынша), ІІМ, СҚА (келісу бойынша), ҚМА (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша) |
62 | Тәуелсіз сүзгілер есебінен тежемелік пен тепе-теңдіктің тиімді жүйесін айқындай отырып, қылмыстық процестің негізгі кезеңдерін және ондағы әрбір органның жауапкершілік аясының аражігін ажырату тәсілдерін енгізу және бірыңғай құқық қолдану практикасын қалыптастыру шараларын тұжырымдай отырып, прокурордың қылмыстық істер бойынша түйінді процестік шешімдер қабылдау тетігін кезең-кезеңімен енгізу нәтижелерін талдау | Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігіне ақпарат | 2026 жылғы қараша | БП (келісу бойынша), ЖС (келісу бойынша), ҰҚК (келісу бойынша), ІІМ, CҚА (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
63 | Кінәсіздік презумпциясының конституциялық қағидаттарын қамтамасыз етуге және мүлтіксіз сақтауға, жеке өмірге қол сұғылмаушылықты қамтамасыз етуге бағытталған тетіктерді күшейту | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | 2028 жылғы шілде | Әділемині, ЖС (келісу бойынша), БП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), Парламентаризм институты (келісу бойынша), ІІМ, ҚМА (келісу бойынша), ҰҚК (келісу бойынша) |
64 | Адам құқықтары саласындағы халықаралық-құқықтық стандарттардың талаптарын, қылмысқа қарсы іс-қимылды және ұлттық құқықтық жүйенің ерекшеліктерін ескере отырып, қылмыстық заңнаманы қолдану практикасын жетілдіру | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат | 2028 жылғы қараша | БП (келісу бойынша), ІІМ, РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
1.15. Қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру | ||||
65 |
Сотталғандардың жазасын өтеуіне байланысты мәселелерді шешу үшін: |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
2022 жылғы маусым | ІІМ, ЖАО, мүдделі мемлекеттік органдар |
66 | Сотталғандарды есепке алу жөніндегі ведомстволық ақпараттық жүйені дамыту мәселесін пысықтау | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат | 2022 жылғы шілде | ІІМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
67 | Қоғамдық жұмыстарға байланысты жазаны орындауға, оның ішінде сотталғандар үшін арнайы айырым киімін киіп жүру міндетін енгізу арқылы жариялылық элементтерін беру | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2023 жылғы наурыз | ІІМ, Әділетмині, БП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), ЖАО |
68 | ҚАЖ мекемелерінің түрлерін кезең-кезеңімен оңтайландыру | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2022 жылғы қыркүйек | ІІМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
69 | Сотталғандардың мінез-құлқын тиімді бақылауды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы технологиялар мен бейнетіркеу құралдарын бір мезгілде енгізе отырып, сотталғандарды ұстаудың камералық түріне одан әрі көшу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | 2023 жылғы наурыз | ІІМ, ЦДИАӨМ, Қаржымині |
70 | Пробацияның түрме қызметінен дербестігін қамтамасыз ету және қаржыландырудың жеке нысаналы кіші бағдарламасын бөлу арқылы пробация қызметінің және оның қызметкерлерінің ұйымдық-құқықтық мәртебесін арттыру мәселесін пысықтау | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат | 2023 жылғы желтоқсан | ІІМ |
71 | ҚАЖ мекемелері мен пробация қызметтерінде жазаларды орындау және сотталғандар санын автоматтандырылған есепке алу процестерін одан әрі цифрландыру | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат | 2029 жылғы ақпан |
ІІМ, ЦДИАӨМ |
1.16. Ақпараттандыру, дербес деректер және оларды қорғау салаларындағы, байланыс саласындағы саясатты жетілдіру | ||||
72 | Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, байланыс, деректерді өңдеу, цифрлық активтер, өнеркәсіпті автоматтандыру, ақпараттық қауіпсіздік, машинамен оқу және жасанды интеллект, дербес деректер субъектілерінің құқықтарын қорғау саласындағы аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларын кодтау | Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | 2023 жылғы желтоқсан | ЦДИАӨМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
73 | Транзиттік-коммуникациялық әлеуетті және цифрлық ортаға деген сенімді арттыру, ақпараттық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамада белгіленген талаптардың жаппай сақталуын қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат | 2024 жылғы қаңтар | ЦДИАӨМ, АҚДМ, мүдделі мемлекеттік редакциялар |
2-бағыт. Құқық қорғау қызметін жетілдіру | ||||
2.1. Құқық қорғау жүйесінің сервистік моделін қалыптастыру | ||||
74 | Бірыңғай статистикалық қағидаттар мен стандарттар негізінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды, жеке және заңды тұлғаларды елдегі заңдылық пен құқық тәртібінің жай-күйі туралы ақпараттық қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | 2022 жылғы қараша | БП (келісу бойынша) |
75 | Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін әлеуметтік, қаржылық және материалдық қамтамасыз етуді біріздендіру және теңестіру мәселесін пысықтау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | 2022 жылғы желтоқсан | БП (келісу бойынша), ІІМ, Қаржымині, ҚМА (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
76 | Базалық құрауышы қоғаммен проактивті жұмыс істеу және полицияға қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету болатын полицияның сервистік моделін дамыту | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | 2022 – 2025 жылдар, жыл сайын желтоқсан | ІІМ, БП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), ЖАО, мүдделі мемлекеттік органдар |
77 | Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін тұрақты негізде озық практикаларға оқытуды жүргізу, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру, сондай-ақ құқық қорғау бейініндегі халықаралық ұйымдарда өкілдікті белсенді пайдалану | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | 2023 жылғы қаңтар | БП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
78 | Құқық бұзушылықтың кез келген нысандарына қарсы күрестің және олардың профилактикасының тәсілдері мен әдістерін, оның ішінде инновациялық және цифрлық технологияларын пайдалана отырып өрістету, заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, кез келген құқық бұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидатын мүлтіксіз ұстану | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат |
2023 жылғы қараша | БП (келісу бойынша), ІІМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
79 | Халықпен пәрменді кері байланысты қамтамасыз ететін құқық қорғау қызметі сапасының аудиті жүйесін олардың жұмысының тиімділігін бағалау тұрғысынан қайта қарау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | 2023 жылғы желтоқсан | БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ҚМА (келісу бойынша), ІІМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
80 | Құқық қорғау органдары үшін кадрлар даярлайтын оқу орындарының жүйесін, оның ішінде дамыған шет елдердің озық тәжірибесін ескере отырып жетілдіруге бағытталған шаралар қабылдау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | 2024 жылғы қараша | БП (келісу бойынша), БҒМ, ІІМ, құқық қорғау органдары |
81 | Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын жыл сайынғы инфляцияға және өзге де макроэкономикалық көрсеткіштерге қарай үш жылда бір рет индекстеу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2024 жылғы желтоқсан | БП (келісу бойынша), құқық қорғау органдары, мүдделі мемлекеттік органдар |
3-бағыт. Сот жүйесін жетілдіру | ||||
3.1. Сот жүйесін, соттан тыс медиация институтын және сот-сараптама қызметін дамыту | ||||
82 | Судья лауазымына кандидаттарды тестілеу процесіне жұртшылықтың қатысуын кеңейту | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар | 2022 жылғы желтоқсан | ЖСК (келісу бойынша), ЖС (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша) |
83 | ЖСК қызметінің тек судья кадрларының рекрутингінен HR-менеджмент жүйесінің барлық компоненттерін неғұрлым толық пайдалануды қамтамасыз ету жағына жоспарлы түрде ауысуы жөнінде ұсыныстар тұжырымдау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар | 2022 жылғы желтоқсан | ЖСК (келісу бойынша), ЖС (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша) |
84 | Мемлекеттік және жеке секторлардың сот-сараптама қызметтері нарығында теңгерімді бөлу, материалдық-техникалық жарақтандыруды одан әрі нығайту, сондай-ақ сараптамаларды жүргізу кезінде инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы сот-сараптама қызметін дамыту |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
2023 жылғы наурыз | Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша) |
85 | Судьялыққа кандидаттар үшін біліктілік емтиханының рәсімдерін, судьяларды конкурстық іріктеу тетіктерін, судья лауазымдарына кадр резервін қалыптастыру тәртібін цифрландыруды ескере отырып, сот жүйесінің кадрларын іріктеуді және ілгерілетуді жетілдіру | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | 2023 жылғы желтоқсан | ЖСК (келісу бойынша), ЖС (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша) |
86 | Соттан тыс медиация институтын одан әрі дамыту тұжырымдамасын әзірлеу | Қазақстан Республикасы тұжырымдамасының жобасы | 2024 жылғы наурыз | АҚДМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ҚР Кәсіподақтар федерациясы (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
87 | Қалаларда соттардың одан әрі мамандануы және бірінші сатыдағы соттарды біріктіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар | 2025 жылғы ақпан | ЖС (келісу бойынша), ЖСК (келісу бойынша), БП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша) |
88 | Істерді кассациялық сатыға шығару рәсімінің мәселесі бойынша ұсыныстар тұжырымдау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар | 2025 жылғы наурыз | ЖС (келісу бойынша), БП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша) |
89 | Сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзу негіздерін нақтылау мәселесін пысықтау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар | 2025 жылғы маусым | ЖС (келісу бойынша), ЖСК (келісу бойынша) |
4-бағыт. Мемлекеттік басқаруды жетілдіру | ||||
4.1. Мемлекеттік басқару | ||||
90 | Төтенше жағдай кезіндегі мемлекеттік басқарудың қолданыстағы тетіктерін пысықтау | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат | 2023 жылғы наурыз | ҰЭМ, ТЖМ, ҰҚК (келісу бойынша), ІІМ, Қорғанысмині, мүдделі мемлекеттік органдар |
91 | Мониторинг және бақылау, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізу құқықтарын бұзғаны немесе шектегені үшін жауапкершілікті күшейту тетіктерін заңнамалық бекіту | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | 2023 жылғы қараша | АҚДМ, РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
92 | Іске асыру әдістері мен нақты мерзімдерін қоса алғанда, жария құқық заңды тұлғалары институтын ұлттық құқықтық жүйеге енгізу жөніндегі халықаралық-құқықтық тәжірибені имплементациялау мәселесін пысықтау | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар | 2023 жылғы желтоқсан | Әділетмині, ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
93 | Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесін қысқарту | Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының бұйрықтары | 2024 жылғы ақпан | ЦДИАӨМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
94 | Басқарушылық шешімдерді қабылдау кезінде инновациялық цифрлық технологияларды қолдану | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | 2025 жылғы наурыз | ЦДИАӨМ, Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар |
95 | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ-ға жекелеген мемлекеттік қызметтерді беру | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат | 2025 жылғы наурыз | ЦДИАӨМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
96 | Кәсіпкерлердің мінез-құлқын реттеудің мемлекеттік реттеуге балама тәсілдерін, оның ішінде өзін-өзі реттеу және тең реттеу тетіктері арқылы дамыту | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат | 2025 жылғы желтоқсан | ҰЭМ, Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
4.2. Кедендік реттеуді жетілдіру | ||||
97 | Лауазымды тұлғалардың қатысуын барынша азайта отырып, кедендік операцияларды автоматты түрде жасауды қамтамасыз ететін цифрлық технологияларды қолдану аясын кеңейту арқылы кедендік реттеуді жетілдіру және трансшекаралық электрондық сауданы кедендік әкімшілендіру саласында пилоттық жобаны жүргізу тәртібі мен мерзімдерін бекіту | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы |
2023 жылғы желтоқсан | Қаржымині, ҰЭМ, СИМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
98 | Кедендік операцияларды жасаудың бірыңғай стандартын қамтамасыз ету және кедендік бақылау жүргізу, мемлекеттік кірістер органдары мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында электрондық құжат айналымын біріздендіру | ЕЭК-ке ұсыныс | 2026 жылғы маусым | Қаржымині, ҰЭМ, СИМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
4.3. Құқықтық білім беруді және құқықтық насихатты жетілдіру | ||||
99 | Қоғамның құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталған шаралар қабылдау, атап айтқанда, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілер, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында студенттер арасында құқықтық мәдениет негізін қалыптастыру бойынша жүйелі және өзара байланысты жұмыс жүргізу |
бірлескен бұйрық | 2022 жылғы қараша жыл сайын, есепті жылдан кейінгі 1 ақпанға дейін | Әділетмині, БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
100 | Заңгерлік пәндерді оқытумен айналысатын жоғары оқу орындарының лицензияларын беруге қойылатын талаптарды жоғарылату | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы |
2022 жылғы желтоқсан | БҒМ, Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар |
101 | Жүргізілетін құқықтық саясатты құқықтық жария ету, сондай-ақ құқықтық насихаттың әртүрлі нысандарын пайдалана отырып, қабылданатын нормативтік құқықтық актілердің негізгі ережелері туралы халықты хабардар ету | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат | есепті жылдан кейінгі 1 ақпанға дейін | Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар |
102 | Заң қызметтерінің кадрлық әлеуетін күшейту | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | 2023 жылғы қазан | Әділетмині, РАА (келісу бойынша) мүдделі мемлекеттік органдар |
103 | Азаматтық секторды кеңінен тарта отырып және уәкілетті орган тарапынан тиісті жағдайлар жасай отырып, жергілікті жерлерде мемлекеттік бастамаларды танымал ету | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат | 2024 жылғы ақпан | АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
104 | Білім беру даярлығы курсын аяқтаған соң түлектердің кейінгі жұмысының таңдаған бейіні бойынша міндетті практикалық тағылымдамадан өту тетіктерін, сондай-ақ кәсібі бойынша заң практикасына рұқсат беру туралы мәселені шешу шеңберінде дағдылар мен білімді тексеру тетіктерін енгізу мәселелерін қарау | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат | 2025 жылғы қаңтар | Әділетмині, БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚЖҰО | – | Адам құқықтары жөнiндегі ұлттық орталық |
АҚДМ | – | Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі |
"Атамекен" ҰКП | – | "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы |
Әділетмині | – | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі |
БП | – | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы |
БҒМ | – | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі |
Еңбекмині | – | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
ЕЭК | – | Еуразиялық экономикалық комиссия |
ЖАО | – | жергілікті атқарушы органдар |
ЖС | – | Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты |
ЖСК | – | Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі |
ИИДМ | – | Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
Қаржымині | – | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
ҚМА | – | Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі |
ҚНРДА | – | Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі |
Қорғанысмині |
– |
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі |
РАА | – | Республикалық адвокаттар алқасы |
СИМ | – | Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі |
СЖРА | – | Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі |
СҚА | – | Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі |
СІМ | – | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі |
ТЖМ | – | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі |
ҰҚК | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
ҰЭМ | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
ЦДИАӨМ | – | Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
ІІМ | – | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
ЭГТРМ | – | Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі |
Open API | – | Application programming interface – бағдарламалық өзара іс-қимыл интерфейстері |