Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 209 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде:
8-1-тармақтың бірінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
8-2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін немесе Үкімет құрамына кірмейтін орталық мемлекеттік орган болып табылатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) оның бірінші басшысы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен (бұдан әрі – Президент Әкімшілігі), сондай-ақ егер ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) Үкіметтің өкілеттіктерін қозғайтын жағдайларда, Премьер-Министрмен (оның міндетін атқарушы адаммен) немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адаммен келісілгеннен кейін бекітеді.";
8-5-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
8-7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8-7. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылу барысы туралы есептік ақпарат Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес беріледі.";
8-10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8-10. Президент актілерінің және/немесе тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың тармақтарын белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда, орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы, ал Үкіметтің өкілеттіктері қозғалатын жағдайларда – Премьер-Министрмен (оның міндетін атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келіскеннен кейін белгіленген мерзімнен кешіктірмей, Президент Әкімшілігіне орындаудың ағымдағы жай-күйі көрсетіліп, орындау мерзімін ұзарту не оны орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттігінің дәлелді негіздемесімен хат енгізеді. Бұл ретте нақты орындау мерзімі, орындаушы мемлекеттік органның, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың жауапты саяси мемлекеттік қызметшілері және ұйымдардың лауазымды адамдары көрсетіледі.";
8-11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8-11. Актілердің және/немесе тапсырмалардың тармақтарын орындау мерзімдерін қайтадан ұзартуға Президенттің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша айрықша жағдайларда, мемлекеттік саяси қызметшілердің және ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарының тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарап және бір айдан аспайтын мерзімде қабылданған шаралар туралы Президент Әкімшілігін хабардар ете отырып жол беріледі.
Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау мерзімдерін қайта ұзартуға Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының шешімі бойынша айрықша жағдайларда, мемлекеттік саяси қызметшілердің және ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарының тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарап және бір айдан аспайтын мерзімде қабылданған шаралар туралы Президент Әкімшілігін хабардар ете отырып жол беріледі.
Президенттің орындау мерзімі үш айдан асатын актілерін және/немесе тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындау мерзімдерін қайта ұзарту туралы ұсынысты Президент Әкімшілігіне орындаушы мемлекеттік орган (ұйым), Үкіметтің өкілеттіктері қозғалатын жағдайларда – Премьер-Министрмен (оның міндетін атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келісілгеннен кейін оны орындау мерзімі аяқталғанға дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.
Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесі осы ұсыныс келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырманың орындалмау себептерін анықтау мәселесі бойынша тексеру жүргізеді және оның нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды.";
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Кіріс, шығыс (ішкі) хат-хабарды және өзге де қызметтік құжаттарды қарау және олардың өтуі 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына, осы Регламентке, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі – Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";
84-тармақтың жетінші және сегізінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"84. Кейіннен заңнамалық қамтамасыз етуді көздейтін Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын, тұжырымдамаларды, Үкіметтің іс-шараларын әзірлеу кезінде әзірлеуші осындай құжаттардың жобаларымен қатар реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын жариялау және талқылау рәсімдерін қамтамасыз етеді, сондай-ақ Ведомствоаралық комиссияның қарауына тиісті заң жобаларының тұжырымдамаларын ұсынады.
Заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын жағдайда, ол кейіннен заңнамалық қамтамасыз етуді көздейтін Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын, тұжырымдамаларды, Үкіметтің іс-шараларын әзірлеуші мемлекеттік органның сұрау салуы бойынша реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын жариялау және талқылау рәсімдерін қамтамасыз етеді, сондай-ақ заң жобасының тиісті тұжырымдамасын ұсынады.";
84-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"84-1. Премьер-Министрдің немесе Кеңсенің атына Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарында көзделмеген заң жобасын әзірлеу туралы ұсыныспен жүгінген кезде, заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган алдын ала реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын және заң жобасы тұжырымдамасының жобасын, сондай-ақ заң жобасының алдын ала мәтінін жариялау және талқылау рәсімдерін қамтамасыз етуге тиіс және Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қарау үшін Әділет министрлігіне ұсынады.";
95-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"95-1. Осы Регламенттің 95-тармағында санамаланған құжаттардан басқа республикалық бюджет туралы заң жобасын Парламентке енгізу туралы заң жобасына мынадай құжаттар мен материалдар ұсынылады:
республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы;
даму жоспарларының жобалары немесе орталық мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобалары;
даму жоспарларын әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары;
соңғы есеп беру күніне мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздың жай-күйі туралы деректер;
бюджеттік бағдарламалардың кіші бюджеттік бағдарламаларының бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын нақтылайтын ақпарат және республикалық бюджет жобасында қарастырылған шешімдерді ашатын түсіндірме жазба.";
139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"139. Президенттің жеке тапсырмаларын, егер Президент өзгеше белгілемесе, барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар екі аптадан аспайтын мерзімде орындауға тиіс.
Президенттің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар Президент Әкімшілігі дайындайтын тапсырмалардың орындалуын бекітуге сәйкес орындауға тиіс.
Президенттің жеке тапсырмаларын және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмаларын орындау мерзімін ұзартуды Президент қана жүзеге асырады.
Президенттің актілері және/немесе тапсырмалары тармақтарының, сондай-ақ Ассамблея шешімдерінде қамтылған тапсырмалар тармақтарының орындалу мерзімдерін ұзартуға не оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы не Президент Әкімшілігінің жауапты лауазымды тұлғалары қол қойған Үкіметтің не орындаушы мемлекеттік органның ұсынысымен оның келісімі негізінде Президенттің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша бір реттен асырмай жол беріледі.
Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде тапсырмалар бойынша орындау мерзімін ұзарту, оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру, сондай-ақ аралық ақпарат беру мерзімін белгілеу туралы шешімді Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қабылдайды.
Орта мерзімді бақылауға ауыстыру Президент Әкімшілігіне тапсырманың орындалу барысы туралы ай сайын немесе тоқсан сайын аралық ақпарат бере отырып жүзеге асырылады. Орта мерзімді бақылауға ауыстыру туралы шешім объективті қалыптасқан сыртқы мән-жайлар бойынша бастапқы белгіленген мерзім ішінде тапсырманы орындауды аяқтау және/немесе түпкілікті нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмаған кезде қабылданады.
Ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру Президент Әкімшілігіне тапсырманың орындалу барысы туралы тоқсан сайын немесе жартыжылдық аралық ақпарат бере отырып жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы шешім тапсырманы орындауды объективті қалыптасқан сыртқы мән-жайлар бойынша белгіленген мерзімде аяқтау мүмкін болмаған кезде, сондай-ақ тапсырманы орындау нәтижелерінің тиімділігін немесе оның ел дамуының стратегиялық көрсеткіштеріне қол жеткізуге әсерін бақылауды жүзеге асыру қажет болған кезде қабылданады.";
142-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"142. Бақылаудан алу не орындау мерзімін өзгерту туралы шешім қабылдау:
1) Президенттің тапсырмалары (жеке тапсырмалары), оның ішінде Президенттің актілерінде, оның қатысуымен өткен кеңестердің (отырыстардың) хаттамаларында және Президент немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылған тапсырмалар бойынша – тиісінше Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшысының немесе ол уәкілеттік берген Президент Әкімшілігінің Басшысы орынбасарының қарары бойынша.
Президент Әкімшілігінің бақылауындағы Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды бақылаудан алуды Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы жүзеге асырады.
Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды бақылаудан алуды Президент Әкімшілігінің Басшысы жүзеге асырады.
Президенттің жеке тапсырмаларының және оның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланған тапсырмаларының орындалуын бақылаудан алуды Президент қана жүзеге асырады.
Президент актілерінің және/немесе тапсырмаларының, сондай-ақ Ассамблея шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың тармақтарын орындаушы мемлекеттік орган (ұйым) оларды Президент, Президент Әкімшілігінің Басшысы немесе ол уәкілеттік берген Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары бақылаудан алғаннан кейін ғана бақылаудан алады.
Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындаушы мемлекеттік орган (ұйым) оларды Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы бақылаудан алғаннан кейін ғана бақылаудан алады.
Қағидалардың 57-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Үкіметтің бақылауына берілген тапсырмаларды бақылаудан алуды Премьер-Министр немесе оның орынбасары, тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы жүзеге асырады.
Президент тапсырмасының тармағы Қағидалардың 57-тармағы 1), 1-1) және 2) тармақшаларының талаптары бұзыла отырып бақылаудан алынғаны анықталған кезде, Президент немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы негізінде бақылауды қайта бастау және тапсырманың осындай тармағының орындалу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдайды.
1-1) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тапсырмалары, оның ішінде оның қатысуымен өткен кеңестердің (отырыстардың) хаттамаларында және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылған тапсырмалар бойынша – тиісінше Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қарары бойынша;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының тапсырмалары, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшылығында өткен кеңестердің хаттамаларында және олар бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылған тапсырмалар бойынша – Президент Әкімшілігі Басшысының немесе тапсырма берген адамның қарары бойынша;
3) Премьер-Министрдің тапсырмалары, оның ішінде Үкімет пен Премьер-Министрдің актілерінде, Үкімет отырыстарының және Премьер-Министрде өткен кеңестердің хаттамаларында қамтылған тапсырмалар бойынша – Премьер-Министрдің не оның тапсырмасы бойынша өзге адамның қарары бойынша;
4) Премьер-Министр орынбасарының тапсырмалары, оның ішінде ол өткізген кеңестердің хаттамаларында және ол бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылған тапсырмалар бойынша – Премьер-Министр орынбасарының не оның тапсырмасы бойынша өзге адамның қарары бойынша;
5) Кеңсе Басшысының тапсырмалары, оның ішінде Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларында және ол бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылған тапсырмалар бойынша – Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы адамның қарары бойынша жүзеге асырылады.
6) орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) ұсынысы бойынша, ал Үкіметтің өкілеттіктері қозғалатын жағдайларда – Премьер-Министрмен (оның міндетін атқаратын адаммен) немесе оның орынбасарымен келіскеннен кейін Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы не оның Президент Әкімшілігінің жауапты лауазымды адамдарының визаларымен ресімделген келісімі негізінде;
7) Президент Әкімшілігінің жергілікті жерге барып тексерулерінің, сондай-ақ жүргізілген ревизиялар мен құжаттамалық тексерудің өзге нысандарының қорытындылары бойынша Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы негізінде жүзеге асырады.
Актілердің және/немесе тапсырмалардың тармақтарын бақылаудан алу үшін орындауға жауапты мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы осы Қағидалардың 57-тармағында көрсетілген негіздердің біреуін жан-жақты баяндай отырып, Президент Әкімшілігіне хат енгізеді.";
144-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Президент актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың іске асырылу барысы туралы есептік ақпаратта Қағидалардың 50-тармағында белгіленген нысан бойынша мәліметтер қамтылады.";
145-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) актілердің және/немесе тапсырмалардың тармақтарын орындаудың Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарында және өзге де Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында айқындалған ел дамуының стратегиялық көрсеткіштеріне қол жеткізуге әсері тұрғысынан талдау нәтижелері.";
154-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"154. Нормативтік құқықтық жарлықтардың әзірлеушісі болып табылатын мемлекеттік органдар тұрақты негізде мониторинг жүргізеді және ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде Президент Әкімшілігіне мониторинг нәтижелері туралы ақпаратты және қажет болған кезде тиісті жарлықтарға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану туралы ұсыныстар жібереді.";
157-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"157. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары, Жалпыұлттық басымдықтар, Елдің аумақтық даму жоспары негізінде Үкімет құрылымына кіретін әрбір мемлекеттік орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары тиісті қаржы жылына арналған меморандумды әзірлейді, оған мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімі қол қояды және Премьер-Министр бекітеді.".
2. "Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларында:
17-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым (заң жобаларына ғылыми құқықтық сараптаманы қамтамасыз ететін) жүргізген заңнаманың тиімділігін талдау (нормативтік құқықтық актілерді талдау) нәтижелерін;
"Нормативтік құқықтық актінің (немесе оның жекелеген бөліктерінің) күші жойылды деп тану туралы мәліметтер" деген 11-баған алып тасталсын;
"Нормативтік құқықтық актінің (немесе оның жекелеген бөліктерінің) күші жойылды деп тану туралы мәліметтер" деген 11-баған алып тасталсын;
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжаттар бойынша оларды ҰКП және сараптамалық кеңес қарағанға дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні қалғанда интернет-ресурстарда орналастыруды қоса алғанда, БАҚ-та анонстар (ақпараттық хабарламалар) міндетті түрде жариялануға (таратылуға) тиіс.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Тұжырымдама жобасы қоса берілетін барлық материалдармен және заң жобасының алдын ала мәтінімен бірге оны Комиссия мүшелерінің қарауы үшін ашық НҚА интернет-порталында орналастырылады, бұл туралы әзірлеуші 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелеріне хабарлайды.
Өзге мүдделі тұлғалар да тұжырымдама жобасы бойынша пікірлерін ашық НҚА интернет-порталында қалдыра алады.";
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 9-қосымша осы өзгерістерге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістерге қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 9-қосымша |
Қабылданған заңды ақпараттық сүйемелдеудің үлгі бағдарламасы
Р/с № | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Мерзімі | Нысаналы индикатор | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Ұйымдастыру жұмысы | |||||
1. | Заңды әзірлеушілер, баспасөз қызметі және өзге де құрылымдық бөлімшелер арасында үздіксіз және тиімді жұмысты қамтамасыз ету | ішкі бұйрық/қағидалар/алгоритм | әзірлеуші орган | ||
2. | Күшіне енетін күнін көрсете отырып, қабылданған заңды, түсіндірме жазбаны, заңға тәуелді актілердің тізбесін, кейінге қалдырылған нормалардың тізбесін дайындау және БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу | құжаттар топтамасы | ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде | әзірлеуші орган | |
3. | Қызмет саласын көрсете отырып, әзірлеушілердің Т.А.Ә., байланыстары көрсетілген тізімді (әсіресе, бұл ведомствоаралық заңдарға қатысты) дайындау және БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу | заңды әзірлеуге жауапты лауазымды тұлғалардың тізімі | ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде | әзірлеуші орган | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
4. | Спикерлер тізімін (Т.А.Ә., байланыстар, қызмет саласы, қолайлы тіл көрсетіле отырып) дайындау және БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу. Спикерлер тізімі әзірлеушілер, нысаналы топ, осы саладағы сарапшылар, қоғамшылдар қатарынан құралуға тиіс | спикерлер тізімі | ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде | әзірлеуші орган | |
5. | Заңды іске асыруға байланысты ықтимал тәуекелдерді (ұйымдастырушылық, заңдық, әлеуметтік) дайындау және БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу | тәуекелдерді талдау | ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде | кемінде 1 талдамалық жазба | әзірлеуші орган |
6. | Ақпараттық өріске тұрақты мониторинг жүргізу | мониторингтік қызмет | ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 1 ай ішінде | ақпараттық-анықтамалық материалдар | әзірлеуші орган |
7. | Қабылданған заңның негізгі аспектілерін ілгерілету және түсіндіру бойынша медиа-өнімдерді (инографикалар, телеграфикалар, телекестелер, бейнероликтер және т.б.) дайындау және қажеттігіне қарай БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу | медиа өнімдері | ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде | мемлекеттік және орыс тілдерінде кемінде 2 инфографика және 1 бейнеролик (қажет болған кезде) | әзірлеуші орган, АҚДМ |
Ақпараттық жұмыс | |||||
1. | Заң бойынша браузерлерде іздеу үшін түйін сөздер тізбесін әзірлеу және мемлекеттік орган сайттарының шоғырландырылған жүйесін үйлестірушіге беру | түйін сөздер тізбесі | ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде | кемінде 1 тізбе | әзірлеуші орган |
2. | Заңды әзірлеуші органның өз ресурстарында түсіндірме жазбаны, заңға тәуелді актілердің тізбесін, күшіне енгізілетін күнін көрсете отырып, кейінге қалдырылған нормалардың тізбесін орналастыру | әзірлеуші органның өз ресурстарында жариялау | ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде | сайт бойынша және Google, Yandex, Mail, Explorer іздеу жүйелерінде іздеу мүмкіндігімен бір сілтемедегі бүкіл тізбеде | әзірлеуші орган |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
3. | Әзірлеуші органның бірінші басшыларының жеке парақшаларында және әлеуметтік желілерде үлгілік хабарламаны мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыру. Мысалы: “Бүгіннен бастап "........ туралы" Заң күшіне енеді. Бұл Заң ... бағытталған. Жете танысу үшін сілтеме (ведомство сайтына сілтеме) бойынша өтуге болады" | ведомстволардың бірінші басшыларының әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында хабарлама жариялау | ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде | бірінші басшылардың әлеуметтік желілерінің кемінде 2 түрін қамту | әзірлеуші орган |
4. | Баспасөз конференциясын өткізудің орындылығы туралы шешім қабылдау үшін қол қойылған заңды, түсіндірме жазбаны, заңға тәуелді актілердің тізбесін, тәуекелдерді талдауды, ақпараттық өрісті талдауды, кейінге қалдырылған нормалардың тізбесін дайындау және ОКҚ-ға жіберу | ОКҚ атына құжаттар топтамасымен хат | қажет болған кезде | баспасөз-конференция | әзірлеуші орган, ОКҚ (келісу бойынша) |
5. | Әзірленген инфографикалар мен бейнероликтерді бірінші басшылардың әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында орналастыру | инфографикалар мен бейнероликтерді жариялау | ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде | кемінде 2 ресурста кемінде 2 жарияланым | әзірлеуші орган |
6. | БАҚ-та және интернет-ресурстарда мемлекеттік және орыс тілдерінде мақалалардың шығуын ұйымдастыру | БАҚ-тағы және интернет-порталдардағы мақалалар | ресми жарияланған кезден бастап күнтізбелік 1 (бір) ай ішінде | мемлекеттік және орыс тілдерінде кемінде 2 мақала | әзірлеуші орган, АҚДМ |
7. | Әзірлеуші орган берген инфографикалар мен бейнероликтерді БАҚ-та және әлеуметтік желілерде орналастыруды ұйымдастыру (қажет болған кезде) | БАҚ және әлеуметтік желілердегі жарияланымдар | ресми жарияланған кезден бастап күнтізбелік 1 (бір) ай ішінде | кемінде 5 мың пайдаланушыны қамти отырып, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде кемінде 2 жарияланым | әзірлеуші орган |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
8. | Қабылданған заңды түсіндіру бойынша Орталық коммуникациялар қызметінің брифингтерін ақпараттық сүйемелдеу | мемлекеттік БАҚ-тың жаңалықтар блоктарындағы сюжеттер | брифинг өткізілгеннен кейін | кемінде 2 сюжет | әзірлеуші орган, ОКҚ (келісу бойынша) |
9. | Республикалық және өңірлік телеарналардың бағдарламаларында қабылданған заң бойынша талқылау мен сұхбаттар шығаруды ұйымдастыру (қажеттілігіне қарай) | ақпараттық-талдамалық бағдарламалар | қабылданған заңды талқылаудың бүкіл кезеңі | кемінде 3 бағдарлама | әзірлеуші орган, АҚДМ, ОКҚ (келісу бойынша) |
10. | Қабылданған заңды сараптамалық сүйемелдеуді ұйымдастыру | сарапшыларды тарту | ресми жарияланғаннан кейін | баспа басылымдарында кемінде 2 жарияланым | әзірлеуші орган |
11. | Қабылданған заңды республикалық және өңірлік телеарналарда талқылау және түсіндіру жөніндегі мамандандырылған бағдарламалардың шығуын қамтамасыз ету (қажет болған кезде) | ақпараттық-талдамалық бағдарламалар | қабылданған заңды талқылаудың бүкіл кезеңі | кемінде 3 бағдарлама | АҚДМ, ОКҚ (келісу бойынша) |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары
ОКҚ – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі