ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті құрылсын.
2. Мыналардың:
1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің атауы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті болып;
2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері – мемлекеттік мекемелерінің атаулары өзгертілсін.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi туралы ереженің 15-тармағының 126), 130), 138) және 141) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 128 қаулысына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің атаулары өзгертілетін аумақтық бөлімшелері – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті, Көкшетау қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті, Көкшетау қаласы.
2. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, Ақтөбе қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, Ақтөбе қаласы.
3. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы қаласы.
4. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті, Атырау қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті, Атырау қаласы.
5. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Өскемен қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Өскемен қаласы.
6. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, Тараз қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, Тараз қаласы.
7. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Орал қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Орал қаласы.
8. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, Қарағанды қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, Қарағанды қаласы.
9. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қызылорда қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қызылорда қаласы.
10. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті, Қостанай қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті, Қостанай қаласы.
11. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, Ақтау қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, Ақтау қаласы.
12. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті, Павлодар қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті, Павлодар қаласы.
13. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті, Петропавл қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті, Петропавл қаласы.
14. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Түркістан қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Түркістан қаласы.
15. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті, Нұр-Сұлтан қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті, Нұр-Сұлтан қаласы.
16. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласы.
17. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, Шымкент қаласы – Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, Шымкент қаласы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 128 қаулысына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
2. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеудiң және оларға куәлік берудің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (қалалардың) әкiмдерi:
1) арнайы комиссиялар құрсын және Ережеге сәйкес Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу және оларға жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру жөнiндегi жұмысты қамтамасыз етсiн;
2) қажеттілікті ескере отырып, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушілердің жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәліктерді дайындауға жыл сайын қаражат көздесін;
3) азаматтарға өтемақыны қайталап төлеу фактiлерiне жол бермеу жөнiнде шаралар қабылдасын.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәліктер беру ережесінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1-тармақтың 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"6) азаматтарды тiркеу және есепке алу жөнiндегi жұмысты үйлестiруге арналған арнайы комиссиялар – Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу жөнiндегi жұмысты үйлестiру, даулы мәселелердi шешу үшiн облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкiмдерiнiң шешiмдерiмен құрылатын комиссиялар.
Арнайы комиссиялардың, азаматтарды тiркеу және есепке алу жөнiндегi жұмысты үйлестiруге арналған арнайы комиссиялардың жұмыс органы облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана, аудандар (қалалар) әкiмдерiнiң шешiмдерiмен айқындалады;
7) iс қағазының макетi – азаматтың осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiштi, жеке басын куәландыратын құжаттарды, 1949 жылдан бастап 1965 жылға дейінгі, 1966 жылдан бастап 1990 жылға дейінгі кезеңдерде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру (жұмыс iстеу, әскери қызмет) фактiсi мен кезеңiн растайтын құжаттар қамтылатын өтемақы алуға арналған жеке iс қағазының макетi.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Азаматтарды тiркеу және оларға куәлік беру тәртiбi";
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң комиссиялары қалыптастырылған iс қағаздарының макеттерiн құжаттар алынған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес тiзiм бойынша арнайы комиссияларға жiбередi.
Арнайы комиссияларға құжаттардың түпнұсқалары және көшiрмелері ұсынылады. Көшiрме мен түпнұсқаның сәйкестiгiн арнайы комиссияның уәкiлеттi мүшесi куәландырады.
10. Іс қағаздарының макеттерi келiп түскен кезде арнайы комиссиялар жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде:
1) азаматтардың iс қағаздары макеттерiн осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы алу үшiн азаматтарды тiркеу журналына (бұдан әрi – журнал) тiркеудi;
2) iс қағазының макетi ресiмделген азаматқа өтемақының төлену (төленбеу) фактiсiн тексерудi:
"Қазақстан халықтық жинақ банкi" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi – банк), "Қазпошта" акционерлiк қоғамының тiзiмдерiн (тiзiлiмдерiн) салыстырып тексерудi;
қажет болған кезде банкке немесе "Қазпошта" акционерлiк қоғамына азаматтарға өтемақы төленгенi туралы ақпарат сұратуды;
аудандар (қалалар) әкiмдiктерiнiң 1993 жылдан бастап төлеу сәтiне дейiнгi кезең iшiнде өтемақы төлеуге арналған тiзiмдерiмен салыстырып тексерудi;
3) осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тiркеу (тiркеуден бас тарту) туралы шешiм (бұдан әрi – шешiм) қабылдауды жүргiзедi.
Азаматтың өтемақы сомалары бюджет қаражатымен расталмағандықтан, ол бойынша өтемақыны есептеу жүргiзiлмеген теңгерiмнен тыс арнайы шоты болған кезде арнайы комиссия шешiмде банктегi мұндай шотты жабу қажеттiгi туралы көрсетедi және бұл мәлiметтердi банкке тiзiм бойынша бередi.";
12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Арнайы комиссиялар журнал деректерiнiң негiзiнде шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссияның төрағасы куәландырған тiзiмдердi жасайды, олар жеке iс қағаздары макеттерiмен және арнайы комиссиялардың шешiмдерiмен бiрге өтемақы төлеу жөнiндегi уәкілеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне жiберiледi.
Комиссия төрағасы растаған тізімге сәйкес бес жұмыс күні ішінде арнайы комиссия азаматқа осы Ережеге 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік береді.
13. Арнайы комиссиялар тiркемеген азаматтардың iс қағаздарының макеттерi олар шешiм қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде қайтарылу себептерi мен арнайы комиссиялардың ұсынымдары көрсетiле отырып, кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң комиссияларына тiзiм бойынша қайтарылады.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Өтемақыны тағайындау және төлеу тәртiбi";
16, 17, 18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Өтемақы тағайындау үшiн өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiнiң жұмыскерлерi өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобаларын қоса бере отырып, iс қағаздарының макеттерiн алған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана филиалдары арқылы өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға жiбередi.
Ic қағазының макетiн дайындау барысында теңгерiмнен тыс арнайы шотта есепте тұрған не нақты төленген өтемақы сомасы анықталған жағдайда өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобасында анықталған өтемақы сомасы қосылмай (теңгерiмнен тыс шотта нақты есепте тұрған не төленген) төленетiн сома көрсетiледi, бұл ретте:
1) төленетiн өтемақының есебi былайша жүргiзiледi:
аударылған соманың күнi бойынша теңгерiмнен тыс арнайы шотқа аударылған өтемақы сомасының есебi не өтемақы төлеу жүргiзiлген айлық есептiк көрсеткiш анықталады;
теңгерiмнен тыс арнайы шотқа бұрын аударылған не нақты төленген өтемақы сомасы бұрын есептеу жүргiзiлген айлық есептiк көрсеткiштер санына ауыстырылады;
төлеу сәтiнде қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң шамасын негiзге ала отырып есептелген өтемақы сомасы мен оны төлеу (аудару) сәтiнде қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштердің санына ауыстырылған, нақты аударылған (төленген) өтемақы арасындағы айырма түрiнде есептелген өтемақы төленуге қойылады;
2) өтемақыны немесе оның бұрын Банкке нақты аударылған бөлiгiн төлеудi Банк тiкелей жүзеге асырады.
17. Ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушiлер деп танылған және арнайы комиссиялар тiркеген азаматтарға өтемақыны тағайындау "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған радиациялық қатер аймақтары, жеңiлдетiлген әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақтар бойынша, оған қол қойылған сәттен бастап Қазақстан Республикасының аумақтық-әкiмшiлiк құрылымында болған өзгерiстерге қарамастан, Семей ядролық сынақ полигонының аумағында 1949 жылдан бастап 1965 жылға дейінгі және 1966 жылдан бастап 1990 жылға дейінгі кезеңде толық тұрған әр жыл үшiн жүргiзiледi.
18. Өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органдар он жұмыс күні iшiнде осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес өтемақы тағайындау туралы шешiм қабылдайды және оларды iс қағаздарының макеттерімен қоса өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана филиалдары арқылы өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне жiбередi.
19. Өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның аудандық (қалалық) бөлiмшелерi өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң негiзiнде өтемақы төлеуге арналған қаражат қажеттiлiгiн жасайды және оны өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана филиалдарына ұсынады.
Өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана филиалдары жиынтық қажеттiлiктi уәкiлеттi мемлекеттiк органға ай сайын 25-күнге дейiн жiбередi.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым бөлiнген қаражатқа және төлеу тәртiбiне сәйкес облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлiнiсiнде өтемақы төлеу кестесiн жасайды.";
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәліктер беру ережесіне 1-қосымшаға сәйкес өтініш нысаны осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістерге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәліктер беру ережесіне 6-1-қосымшаға сәйкес Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушінің жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік нысаны осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістерге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәліктер беру ережесіне 7-қосымшаға сәйкес Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiм нысаны осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістерге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері;".
4. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереже осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістерге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістерге 1-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Өтемақы тағайындау жөнiндегi
уәкiлеттi органның басшысы
_____________________________
_____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
_____________________________
(тегi, аты, әкесiнің аты (бар болса)
_____________________________,
жеке басын куәландыратын құжат
ЖСН__________________________,
банк шотының №__________________,
банк атауы________________
Өтiнiш
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап
шегушi ретiнде бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы (бұдан әрi – өтемақы)
тағайындауды сұраймын.
____________жылдан__________ қоса алғанда радиациялық әсер аймағында тұрдым.
Өтiнiшке жоғарыда көрсетiлген аумақтарда тұру фактiсiн растайтын мынадай
құжаттарды қоса берiп отырмын:_________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Ұсынылған құжаттар үшiн толық жауапты боламын.
Өтемақы тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге
келісім беремін.
1993 жылдан бастап қазiргi уақытқа дейiнгi кезеңде өтемақы алған жоқпын (алған
жағдайда алынған өтемақының сомасы көрсетiледi)
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Күні ______________________ Қолы_____________________________
_____________________________________________________________
(кесу сызығы)
Азамат_______________________өтiнiшi қоса берiлген құжаттарымен
"__" ____________20__жылы______данада қабылданды.
Қолы____________
____________________________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушінің жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын КУӘЛІК
Сериясы___________________________________№_________________
Тегі__________________________________________________________
Аты__________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болса)_________________________________________
Туған жылы____________________________________________________
____19____ж. бастап_____ж. аралығында__________________________
қатер аймағында орналасқан_____________________________________
________________________________________________________тұрды,
____19____ж. бастап_____ж. аралығында_________________________
қатер аймағында орналасқан______________________________тұрды,
____________________________________________________________
(куәлікті берген мекеме)
Берілген күні М.О. Қолы
Куәлік мерзімсіз және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
Ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға берілетін жеңілдіктер туралы ("Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңынан) қысқаша мәліметтер
Заңның 5, 6, 7, 8, 9-баптарында көрсетілген аймақтарда тұрған және тұратын азаматтарға сараланған біржолғы ақшалай өтемақыға кепілдік беріледі.
Төтенше және ең жоғары радиациялық қауiптi аймақтарда тұрып жатқан және 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткерлікке шыққан азаматтардың аймақтар бойынша зейнетақыға үстемеақы алуға құқығы бар.
Сонымен қатар, Заңның 5, 6, 7, 8, 9-баптарында көрсетілген аймақтарда тұратын азаматтар:
1) қосымша еңбекақы алуға;
2) жыл сайын ақысы төленетiн қосымша демалыс алуға құқылы.
Ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен аумақтарда тұратын балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер санаторийлік-сауықтыру мекемелерінде тегін сауығуға (медициналық көрсеткіштер бойынша) құқылы.
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_________________________________________________________сома
мөлшеріндегі біржолғы өтемақы төлеуді___________________________
______________________________________________________жүргізді
(ұйымның атауы, күні, мөртаңба)
Алушының жеке қолы_______________________
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiм 20 ____ ж. "___" ____________ № ______
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің _________ облысы (қаласы) бойынша департаменті, өтемақы алушы ісінің № ______
Азамат____________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), санаты (зейнеткер, мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақы алушы/жұмыс iстейтiн, жұмыс iстемейтiн)
Жынысы ______________ Туған күнi 19___ж. "__" _________
1. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап
шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес:
__________ радиациялық қатер аймағында 19___ж. бастап 19___ж. дейiн тұрған кезең
үшiн ________ теңге сомасында (_____АЕК)
__________ радиациялық қатер аймағында 19 __ж. бастап 19___ж. дейiн тұрған кезең
үшiн ________ теңге сомасында (_____АЕК)
__________ радиациялық қатер аймағында 19___ ж. бастап 19__ж. дейiн тұрған кезең
үшін _________ теңге сомасында (_____АЕК)
__________ радиациялық қатер аймағында 19___ ж. бастап 19___ж. дейiн тұрған кезең
үшiн ________ теңге сомасында (_____АЕК)
__________ радиациялық қатер аймағында 19___ж. бастап 19___ж. дейiн тұрған кезең
үшiн__________ теңге сомасында (_____АЕК) бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы
(бұдан әрі – өтемақы) тағайындалсын.
Тағайындалған өтемақы сомасының жиыны: _____ теңге ______ тиын (_____АЕК)
2. Төленген өтемақының сомасы (оның iшiнде теңгерiмнен тыс арнайы шотқа
аударылғаны)
_____ жылы ___________ теңге (_____АЕК)
_____ жылы ___________ теңге (_____АЕК)
3. Төленетiн өтемақының қалған сомасы (төленген (теңгерiмнен тыс арнайы шотқа
нақты аударылған) өтемақыны шегергенде).
_____ жылы _________________________________ теңге (_____АЕК)
(сомасы жазумен, теңге)
4. Өтемақы тағайындаудан бас тартылсын
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
(бac тарту негiздемесi)
Тексерiлдi және бекiтiлдi:
M.O. Департамент директоры ______________ ____________________
(қолы) (тегі)
Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі бөлімнің бастығы
______________ __________________________
(қолы) (тегі)
Тағайындау жөнiндегi маман ______________ _____________________
(қолы) (тегі)
Шешiм жобасын дайындаған:
M.O. Мемлекеттік корпорация
бөлімшесінің бастығы ______________ __________________________
(қолы) (тегі)
Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы
______________ __________________________
(қолы) (тегі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістерге 5-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi (бұдан әрі – Министрлік) әлеуметтік және еңбек салаларындағы, сондай-ақ құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті.
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Министрліктің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" мемлекеттік мекемесі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 6-кіреберіс.
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Министрлікке Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынас жасасуға тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
мынадай:
1) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау;
2) жұмыспен қамту;
3) әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру;
4) мүгедектерді әлеуметтік қорғау;
5) балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау;
6) азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;
7) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
8) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан және лауазымды адамдардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
Министрліктің құзыреті шегінде ведомстволарға реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру өкілеттігін беру;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларда өз құзыреті шегінде әкімшілік органдарға, лауазымды адамдарға жәрдем көрсету;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтарын іске асырудан бас тарту;
қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
жолданымдарды қабылдау және тіркеу, оларды және оларға қоса берілген құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу, формальды қателерді жоюға және қоса берілетін құжаттарды толықтыруға мүмкіндік беру;
әкімшілік рәсімге қатысушыға оның әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;
әкімшілік рәсімге қатысушыны өткізілетін тыңдаудың орны мен уақыты туралы күні бұрын хабардар ету;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік рәсім бойынша шешім қабылдау алдында әкімшілік рәсімге қатысушыны тыңдау;
әкімшілік актіні Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік рәсімге қатысушының не олардың өкілдерінің назарына жеткізу;
ведомстволардың, олардың аумақтық органдарының, сондай-ақ Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру;
Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету.
15. Функциялары:
1) еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың, халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, міндетті әлеуметтік сақтандыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер, сондай-ақ өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру; еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіру және қызметін тексеруді жүзеге асыру;
3) өз құзыреті шегінде еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы нормативтік құқықтық, құқықтық актілерді, оның ішінде есепке алу мен есептілік құжаттамасының нысандарын, әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту;
4) еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ғылыми әзірлемелерді қалыптастыру және басымдықтарын айқындау, ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру және ғылыми сүйемелдеуді үйлестіру;
5) жетекшілік ететін қызмет салаларында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
6) жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар (келісімдер) жасасу;
7) еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы саясаттың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру;
8) өз құзыреті шегінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;
9) сақтандыру ұйымдарының жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) ай сайын ұсыну тәртібін бекіту;
10) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
11) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру үшін комиссия құру;
12) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторингті және тәуекелдерді бағалауды ұйымдастыру;
13) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің уақтылы және объективті жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;
14) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында үйлестіруді және басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ жұмыскерлердің және жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
15) жұмыс берушінің еңбек нормаларын, еңбек жөнiндегi үлгiлiк нормалар мен нормативтердi, қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай және (немесе) салааралық, үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау тәртiбiн белгiлеу;
16) көрсететін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілеу;
17) көрсететін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша параметрлерді ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілеу;
18) жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру тәртібін бекіту, сондай-ақ оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін белгілеу;
19) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер беру нормаларын бекіту;
20) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша алуан түрлі экономикалық қызмет ұйымдарының жұмыскерлеріне арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру нормаларын бекіту;
21) тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары әзірлейтін және бекітетін экономикалық қызметтің алуан түрлі ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының біліктілік анықтамалықтарын немесе үлгілік біліктілік сипаттамаларын қарау және келісу;
22) әкiмшiлiк персоналға жататын жұмыскерлер лауазымдары атауларының тiзбесiн әзірлеу және бекіту;
23) оларда жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ оларды беру тәртібін айқындау;
24) Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын, сондай-ақ ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, қайта қарау, бекіту және қолдану тәртібін айқындау;
25) Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын әзірлеу және бекіту;
26) барлық қызмет салаларына ортақ мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандарының жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын әзірлеу және бекіту;
27) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеу және қайта қарау;
28) әлеуметтік және еңбек саласындағы салалық біліктілік шеңберін әзірлеу және қайта қарау;
29) кәсіптік стандарттарды әзірлеу, енгізу, ауыстыру және қайта қарау тәртібін белгілеу;
30) әлеуметтік әріптестік жүйесі мәселелері жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
31) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асыру;
32) еңбек төрелігі туралы үлгілік ережені бекіту;
33) мемлекеттік еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргізу;
34) азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
35) мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібін айқындау;
36) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді әзірлеу, бекіту, олардың күшін жою, тоқтата тұру, сондай-ақ техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
37) орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібін белгілеу;
38) ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындау;
39) еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау тәртібін бекіту;
40) он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің ауыр заттарды тасуы мен қозғалтуының шекті нормаларын бекіту;
41) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдардан еңбек қатынастары мәселелері бойынша қажетті ақпарат сұрату;
42) әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларын бекіту;
43) ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ережені бекіту;
44) биіктікте жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздігін және оны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;
45) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау тәртібін айқындау;
46) жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
47) жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нұсқаулықты әзiрлеу, бекiту және қайта қарау тәртібін белгілеу;
48) еңбекті қорғауды басқару жүйесі туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
49) кәсіптік тәуекелдерді басқару қағидаларын әзірлеу және бекіту;
50) еңбекті қорғау қызметтерінің жұмыскерлері санының салааралық үлгілік нормативтерін әзірлеу және бекіту;
51) Азаматтық қызметшілердің қызмет әдебі кодексін әзірлеу және бекіту;
52) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
53) қаупі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезінде наряд-рұқсаттарды ресімдеу және қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
54) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде қамтылған жұмыскердің дербес деректерінің құпиялылығын және қорғалуын Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес қамтамасыз ету;
55) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен мәліметтер беру;
56) еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау мен төлеу тәртібін айқындау;
57) жұмыс берушінің қызметін декларациялау тәртібін әзірлеу және бекіту;
58) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау және еңбек қатынастарын реттеу саласындағы ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын айқындау;
59) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар әзірлеуді ұйымдастыру және оларды іске асыруды жүзеге асыру;
60) ұжымдық еңбек дауларын есепке алу нысанын әзірлеу және бекіту;
61) мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін әзірлеу және бекіту;
62) тиісті қызмет салаларының тиісті уәкілетті мемлекеттік органдары әзірлейтін және бекітетін азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімдерін келісу;
63) азаматтық қызметшілерді аттестаттауды өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындау;
64) әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін әзірлеу және бекіту;
65) тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдары әзірлейтін және бекітетін мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының салалық нормативтерін келісу;
66) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді әзірлеу және бекіту;
67) мыналарды:
қоғамдық жұмыстарды;
әлеуметтік жұмыс орындарын;
жастар практикасын;
кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
68) жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау, еңбек нарығының жай-күйі туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар ету;
69) әлеуметтік және еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз ету;
70) мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібін әзірлеу және бекіту;
71) жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру тәртібі мен шарттарын әзірлеу және бекіту;
72) көші-қон процестерін реттеу және мониторингтеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлеу;
73) өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалар беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
74) мүгедектің жұмыс орнының стандарттарын әзірлеу және бекіту;
75) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларын әзірлеу;
76) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен бірлесіп, комиссияның арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттары мен санының тізбесін айқындауы қағидаларын бекіту;
77) жұмыс күшіне болжамды қажеттіліктерді айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
78) еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
79) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталын сүйемелдеуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
80) экономиканың кадрларға қажеттілігінің болжамын әзірлеу және оны мүдделі орталық атқарушы органдармен келісу;
81) мыналарды:
ата-анасынан кәмелетке толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды;
пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібін әзірлеу және бекіту;
82) кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бойынша шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
83) еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын әзірлеу;
84) шетелдік жұмыскерлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыру, "Шетелдік жұмыс күші" ақпараттық жүйесін құру және олардың тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
85) облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын әзірлеу;
86) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;
87) босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
88) өз құзыреті шегінде босқындар мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;
89) босқындар мәселелері бойынша жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асыру;
90) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
91) босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қараудың тәртiбiн, пана iздеген адам куәлiгiнің үлгiлерiн бекiту;
92) босқын куәлігінің үлгісін және оны қорғауға қойылатын талаптарды бекіту;
93) еңбекші көшіп-қонушылардың, этникалық қазақтардың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру және ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органының, Сыртқы істер министрлігінің тиісті ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
94) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны және босқындар туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
95) босқын деп танылған адамға шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуға өз құзыреті шегінде жәрдемдесу;
96) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару тәртібін әзірлеу және бекіту;
97) білім беру саласындағы орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
98) халықты жұмыспен қамту орталығының үлгілік жарғысын әзірлеу және бекіту;
99) өңірлердің (аудандардың, қалалардың және облыстардың) жұмыспен қамту картасын қалыптастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту;
100) жұмыспен қамтудың жеке картасының нысанын және оны жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
101) әлеуметтік келісімшарттың үлгілік нысандарын әзірлеу және бекіту;
102) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтер аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
103) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтер аутсорсингі туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
104) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
105) халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесін және тарифтердің шекті деңгейін әзірлеу және бекіту;
106) жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
107) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі шеңберінде ұсынылатын көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
108) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру, жұмыс орындарын құру туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
109) кадрлардағы елішілік құндылық үлесін есептеу әдістемесін әзірлеу;
110) жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілерге этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан шетелдік жұмыс күшін тартуға беретін рұқсаттардың жеңілдетілген тәртібін айқындау;
111) қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;
112) қандас мәртебесін беру немесе ұзарту тәртібін айқындау;
113) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібін айқындау;
114) Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасына қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне жәрдемақыларды төлеудің тәртібі мен шарттарын бекіту;
115) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасына біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және растау тәртібін бекіту;
116) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың алдағы жылға өңірлік квотасын белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу;
117) құзыреті шегінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен көші-қон процестерін реттеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
118) құзыреті шегінде көші-қон процестерін реттеу, мемлекеттік органдардың халықтың көші-қоны саласындағы жұмысын үйлестіру;
119) құзыреті шегінде көші-қон процестерін мониторингтеуді жүзеге асыру;
120) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу;
121) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
122) қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары, уақытша орналастыру орталықтары қызметінің тәртібін айқындау;
123) этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерiн қандас мәртебесi берілгенге дейiн олардың қалауы бойынша, сондай-ақ қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде қоныс аударған жағдайда ішкі көшіп-қонушыларды уақытша болу орталықтарында алғашқы қоныстандыру тәртiбін және мерзiмдерін айқындау;
124) қандас мәртебесін беруден немесе ұзартудан бас тартуға арналған шағымдарды қарау;
125) салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидаларын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін әзірлеу және бекіту;
126) орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
127) өндірістердің, жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебiнен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін әзірлеу;
128) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
129) баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты кірісінен айрылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – қор) төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
130) қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
131) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
132) салымшылардың (алушылардың) нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларына тиісті қаржы жылындағы инфляцияның деңгейін ескере отырып мониторингті жүзеге асыру;
133) зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларын әзірлеу;
134) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бiр жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңiлдiкпен есептеу үшiн сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тiзбесiн әзiрлеу;
135) толық маусым iшiндегi жұмысы жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн бiр жылғы жұмыс өтіліне есепке жатқызылатын өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмiн әзiрлеу;
136) әскери қызметшілердің (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару қағидаларын әзірлеу;
137) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;
138) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;
139) 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке кодының және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнiң және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған зейнетақы шартының болмауына байланысты тұрған жерi белгiсiз бұрынғы жұмыскерлердiң кірістерінен агенттер ұстап қалған және аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару қағидаларын әзiрлеу;
140) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін әзірлеу;
141) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және оларды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
142) республикалық бюджеттен зейнетақы тағайындау, зейнетақы және әлеуметтік төлемдерін алу, сондай-ақ қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу мәселелері бойынша түсіндірме беру;
143) әлеуметтік аударымдарды есептеу мен қорға төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидаларын және Мемлекеттік корпорацияның банк шотына артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды аудару қағидаларын әзірлеу және бекіту;
144) әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
145) банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар жұмыскерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру тәртібін әзірлеу;
146) банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар жұмыскерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті есептеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
147) қордың басшы жұмыскерлерін тағайындауға (тағайындаудан бас тартуға) келісім беру;
148) қордың қаржылық және өзге есептілігінің тізбесін, нысандарын, оларды ұсыну мерзімдерін айқындау;
149) қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді әзірлеу;
150) қордың қаржылық тұрақтылығын талдауды, бағалауды және бақылауды жүзеге асыру;
151) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен қордың қызметін ішкі бақылауды жүзеге асыру;
152) қор активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттерін әзірлеу;
153) қордың комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы ұсыныс әзірлеу;
154) қордың комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шамасын жыл сайын, бірақ жылына екі реттен асырмай белгілеу;
155) қордың комиссиялық сыйақыны алуы қағидаларын әзірлеу және бекіту;
156) еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайда, қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін арттыру туралы ұсыныс әзірлеу;
157) жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 тізімін және еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 тізімін әзірлеу;
158) халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлеу және бекіту;
159) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді ақылы негізде көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
160) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну бойынша мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;
161) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік жұмыскерлерді аттестаттау тәртібін әзірлеу және бекіту;
162) әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
163) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау тәртібін әзірлеу және бекіту;
164) халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
165) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
166) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;
167) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну саласындағы әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту;
168) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен және денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесе отырып, әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау өлшемшарттарын айқындау;
169) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну түрлері мен нысандарын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
170) жеке және заңды тұлғалармен, білім беру саласындағы уәкілетті органмен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасу;
171) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
172) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
173) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
174) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
175) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын әзiрлеу және бекіту;
176) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде қалыптастырылатын құжаттардың нысандарын әзірлеу және бекіту;
177) тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектерге өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту;
178) тауарлар және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларын әзірлеу және бекіту;
179) техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және мүгедектерге ұсынылатын қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектің қажеттіліктерін бағалау тәртібін әзірлеу;
180) мүгедектер әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
181) мүгедектерге ұсынылатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және ұсынылатын қызметтердің сыныптауышын әзірлеу және бекіту;
182) әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
183) атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу тәртібін бекіту;
184) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу, оның ішінде кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы беру тәртібін айқындау;
185) учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын бекіту;
186) әлеуметтік келісімшарттың, жеке жоспардың нысандарын және отбасын (адамды) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесін бекіту;
187) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу тәртібін бекіту;
188) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтер шығыстарының тіркелген үлесін белгілеу;
189) мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оңалту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
190) медициналық-әлеуметтік сараптаманы және мүгедектерді оңалтуды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы қағидаттарын белгілеу;
191) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі мен шарттарын әзірлеу және бекіту;
192) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;
193) кедейлік шегінің мөлшерін айқындау;
194) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
195) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тексеру парақтары мен тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын бекіту;
196) еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды әзірлеу және бекіту;
197) өз құзыреті шегінде ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
198) өз құзыреті шегінде мемлекеттік, оның ішінде электрондық қызметтер көрсету;
199) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру;
200) медициналық-әлеуметтiк сараптама, әлеуметтік және еңбек саласындағы кадрларды даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру;
201) халық арасында еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
202) консультациялық-кеңесші және сараптама комиссияларын құру;
203) еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон, халықты әлеуметтік қорғау саласында ведомстволық статистикалық байқау жүргізу;
204) еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;
205) жастар ұйымдарымен жастарды жұмысқа орналастыруға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
206) жеке және заңды тұлғалардың еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;
207) уәкілетті мемлекеттік органдардың, әлеуметтік қызметтердің және әлеуметтік және еңбек саласындағы өзге де ұйымдардың жұмысын әдістемелік және ұйымдық үйлестіру;
208) жұмыспен қамту саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оларға жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес қол жеткізуін ұйымдастыру;
209) жәрдемақылар алуға құқығы бар азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
210) атаулы әлеуметтік көмек көрсету кезінде ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу және ақпараттық жүйелер мен дерекқорды пайдалануға қол жеткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
211) жәрдемақылар алуға құқығы бар азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
212) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды, олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтiк төлемдерін дербестендірілген есепке алуды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
213) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды дербестендірілген есепке алуды жүргізу тәртібін айқындау;
214) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдер тізбелерін бекіту;
215) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асыру;
216) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асыру;
217) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарау;
218) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындау;
219) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу;
220) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
221) техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестер құру;
222) техникалық реттеу саласындағы сараптамалық кеңестердің құрамын және олар туралы ережелерді бекіту;
223) техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу туралы ұсыныстар дайындау және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізу;
224) техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және орындау;
225) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнім жөніндегі зертханаларды құру, жаңғырту және жарақтандыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
226) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды қосу немесе алып тастау жөніндегі жұмысқа қатысу;
227) бес жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының әлеуметтік сала көрсеткіштерін болжау әдістемесін бекіту;
228) экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу қағидаларын бекiту;
229) ақталған адамға куәлік беру қағидаларын, ақталған адамның куәлігінің үлгісін бекіту;
230) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Министрлікте басшылықты Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
17. Министрліктің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Бірінші басшының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы саясатты қалыптастырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
3) ведомстволардың құзыретін және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды;
4) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;
5) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
6) Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын бекітеді;
7) оның құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
21. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
22. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Министрліктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Акционерлік қоғамдар:
1. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы.
2. Республикалық протездік-ортопедиялық орталық.
3. "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмірді сақтандыру компаниясы.
4. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар:
1. Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты.
Министрлік ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің тізбесі
1. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті, Көкшетау қаласы.
2. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, Ақтөбе қаласы.
3. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы қаласы.
4. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті, Атырау қаласы.
5. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Өскемен қаласы.
6. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, Тараз қаласы.
7. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Орал қаласы.
8. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, Қарағанды қаласы.
9. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қызылорда қаласы.
10. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті, Қостанай қаласы.
11. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, Ақтау қаласы.
12. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті, Павлодар қаласы.
13. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті, Петропавл қаласы.
14. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Түркістан қаласы.
15. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті, Нұр-Сұлтан қаласы.
16. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласы.
17. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, Шымкент қаласы.