Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 48 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институты" республикалық мемлекеттік мекемесінің атауы "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 2 ақпандағы
№ 48 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен оның ведомстволарының тізбесінде:

      3-бөлімде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.".

      2. "Қызметтік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелердің және өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 95 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген қызметтік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелердің және өзге де жабық объектілердің тізбесінде:

      3-бөлімде:

      "5) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының орталық бағыныстағы әскери бөлімдері" деген кіші бөлімде:

      мына:

      "

Нөмірсіз әскери қалашық, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

жабық

әскери институт

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Нөмірсіз әскери қалашық, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

жабық

Ұлттық ұлан академиясы

      ".

      3. "Қызметтік тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелердің және өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 96 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген қызметтік тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелердің және өзге де жабық объектілердің тізбесінде:

      3-бөлімде:

      "5) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының орталық бағыныстағы әскери бөлімдері" деген кіші бөлімде:

      мына:

      "

Нөмірсіз әскери қалашық, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

Жабық

Әскери институт

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Нөмірсіз әскери қалашық, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

Жабық

Ұлттық ұлан академиясы

      ".