Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 48 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институты" республикалық мемлекеттік мекемесінің атауы "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 2 ақпандағы
№ 48 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен оның ведомстволарының тізбесінде:

      3-бөлімде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.".

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.02.2023 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.02.2023 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.