Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 674 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2020 – 2029 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 33 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 849 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 674 қаулысымен бекітілген |
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы
Кіріспе | 3 |
1. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның ағымдағы жай-күйін талдау: Сыртқы ортаны талдау | 5 |
1.1 "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның 2014 – 2023 жылдарға арналған стратегиясына әсер ететін макроэкономикалық үрдістер мен мегатрендтер | 5 |
1.2 Мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі бағыттары | 14 |
1.2.1 Ұлт жоспары – 100 нақты қадам | 15 |
1.2.2 Ұттық жобалар | 16 |
1.2.3 Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары | 18 |
2. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ағымдағы жай-күйін талдау: Ішкі ортаны талдау | 20 |
2.1 "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен ЕҰ ағымдағы құрылымы | 20 |
2.2 ҚТК орындалуы мен SWOT атқарылуын талдау | 21 |
3. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның миссиясы мен пайымы | 25 |
4. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметінің стратегиялық бағыттары | 26 |
4.1 Қызметтің 1-ші стратегиялық бағыты. Кәсіпкерлікті қолдау | 26 |
4.1.1 Ірі бизнес сегментінде кәсіпкерлікті қолдау | 26 |
4.1.2 ШОБ сегментінде кәсіпкерлікті қолдау | 31 |
4.1.3 Экспорттық әлеуетті арттыру | 35 |
4.1.4 Үлестік қаржыландыру экожүйесін дамыту (private equity) | 38 |
4.2. Қызметтің 2-ші стратегиялық бағыты. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту | 44 |
4.2.1 Агроөнеркәсіптік кешендегі ағымдағы жағдай | 45 |
4.2.2 Саланы дамытудың драйвері ретінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау | 48 |
4.3. Қызметтің 3-ші стратегиялық бағыты. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету | 56 |
4.4 Қызметтің үш бағыты шеңберіндегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттер | 58 |
4.4.1 Мемлекеттік емес қаржыландыру көздерінің үлесін ұлғайту | 58 |
4.4.2 ЕҰ функциялары портфелін қайта қарау (өлшемшарттар) | 63 |
4.4.3 Басқару функцияларын корпоративтік орталықтан директорлар кеңестері мен ЕҰ басқармаларына орталықсыздандыру | 64 |
4.4.4 Жаңа құзыреттерді және жұмысты ұйымдастыру әдістерін қалыптастыру | 71 |
4.4.5 "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ пен "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ-ны бірыңғай холдингке біріктіру және "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның еншілес ұйымдарын одан әрі оңтайландыру | 80 |
5. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның 2023 жылға дейінгі ҚТК және көрсеткіштерді есептеу әдіснамасы | 81 |
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясына 1-қосымша | 1 |
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясына 2-қосымша | 3 |
Кіріспе
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ) "Даму институттарын1, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығына және "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысына сәйкес құрылды.
________________________________
1Даму институттары дамушы елдерде жеке сектордың дамуын қолдау үшін құрылған мамандандырылған даму банктерін білдіреді. Бұл институттар, әдетте, үкіметке тиесілі және ұлттық немесе халықаралық даму қорларынан немесе олардың кредитке қабілеттілігін қамтамасыз ете отырып және капиталдың халықаралық нарықтарында үлкен сомадағы ақшаны өте тиімді шарттармен тартуға мүмкіндік бере отырып, мемлекеттік кепілдіктерді пайдалану арқылы қаржыландырылады. Даму банктері экономиканың өсуін, инновациялық процестерді және инфрақұрылымның дамуын, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін пайдалана отырып, ынталандыратын мемлекеттік саясат құралдарының бірі болып табылады. Даму институттарының негізгі мақсаты – тұрақты экономикалық өсу мен экономиканы әртараптандыруды қамтамасыз ету үшін нарықтық тетіктермен оңтайлы іске асырыла алмайтын міндеттерді шешу үшін "нарықтың құлдырауы" деп аталатындарды болдырмау. Даму институттары экономиканың басым секторлары мен салаларындағы жеке инвестициялар катализаторы ретінде әрекет етеді және экономиканың басым салаларында жұмыс істейтін кәсіпорындардың қажетті қаржылық және ақпараттық ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз ететін инфрақұрылымды қалыптастыру үшін жағдайлар жасайды. (Дереккөз: ЕҚЫҰ)
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
Іске асырылуына "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қатысатын мемлекеттік бағдарламаларда 2015 – 2016 жылдары болған бірқатар өзгерістерге, сондай-ақ бірқатар әлеуметтік-экономикалық оқиғаларға байланысты 2017 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 674 қаулысымен бекітілген "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын (бұдан әрі – Стратегия) алғашқы өзектілендіру жүргізілді.
2021 жылы өзектілендіру Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы жолдауларынан, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген өзгерістерден, сондай-ақ "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметіне елеулі әсері бар ішкі және сыртқы ортаның өзгеруінен туындады:
1) әлемдік экономиканың, әсіресе дамушы нарықтардың өсу қарқынының бірқатар себептер бойынша төмендеуін күту: пандемия; энергия ресурстарына бағалардың тұрақсыздығы; санкциялардың күшеюі өңірге және ұлттық валюталарға қысым көрсетеді;
2) 2018 жылы Астана экономикалық форумында Мемлекет басшысы атап өткен бес жаһандық мегатренд;
3) Мемлекет басшысының жолдауларын және ұлттық жобаларды іске асыруға қатысу:
3.1) 2018 жылғы 15 ақпандағы Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары;
3.2) Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауы;
3.3) Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауы;
3.4) Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауы;
3.5) Мемлекет басшысының "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы;
3.6) Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Жолдауы;
3.7) Ұлттық жобалар: "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 730 қаулысы); Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысы); "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 729 қаулысы); "Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 733 қаулысы); Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 732 қаулысы);
4) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметінің негізгі бағыттарының өзгеруі: "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ТДҰА) инновациялық гранттарды беру бөлігінде функциялардың бір бөлігін "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамына берді (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 17-8/2031 тапсырмасы) және венчурлік қаржыландырудың және жекеменшік бизнес инкубаторлардың экожүйесін дамыту жөніндегі жаңа функциялары бар "QazTech Ventures" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – QazTech Ventures) болып қайта құрылды; "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның тұрғын үй блогын (ҚТК, БД, ТҚКҚ, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Даму) арқылы құрылыс салушыларды субсидиялау тетігі) Housing and Development Board of Singapore моделі бойынша Бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторы етіп трансформациялау; Дамудың апекстік тетіктерін дамыту; цифрландыруды қолдау құралдарын енгізу және институционалдық даму.
Осы құжат "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметінің бағыттары бойынша индустриялық-инновациялық, әлеуметтік-экономикалық және өзге де салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын ескере отырып әзірленді және оның 2014 – 2023 жылдарға арналған миссиясын, пайымын, стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.
1. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның ағымдағы жай-күйін талдау: сыртқы ортаны талдау
1.1 "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның 2014 – 2023 жылдарға арналған стратегиясына әсер ететін макроэкономикалық үрдістер мен мегатрендтер
Макроэкономикалық үрдістер
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы (бұдан әрі – Стратегия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 674 қаулысымен бекітілген. 2017 жылы Стратегия мынадай себептер бойынша өзектілендірілді: жоғары шикізат бағалары циклының аяқталуы, мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту жөніндегі міндеттер және іске асырылуына "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қатысатын мемлекеттік бағдарламалардағы өзгерістер аясында жалпы экономикалық өсудің бәсеңдеуі.
Стратегия жаңарған кезден бастап 2017 жылы ел экономикасы тұрақты өсу қарқынына шықты. 2019 жылға дейін Қазақстан экономикасы сыртқы экономикалық ахуалдың біртіндеп жақсаруы жағдайында дамыды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің нақты өсуі 4,5 %-ды, 2018 жылы 4,1 %-ды, 2017 жылы 4,1 %-ды және 2016 жылы 1,1 %-ды құрады2.
________________________________
2Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері.
Экономиканың өсуі экономикаға жаңа инвестицияларды тартумен, сондай-ақ сауда-саттық жүргізілетін секторларда өндірісті кеңейтумен және экономиканың барлық салаларында дерлік теңгерімделген өсумен қолдау тапқан ішкі сұранысты қалпына келтіру есебінен қамтамасыз етілді.
Оң жағдайлардың негізгі факторларына инвестициялардың өсуімен қатар экономикаға ауқымды бюджет қаражатын құюды жатқызуға болады, бұл мұнай бағасының төмендеуінен болатын теріс әсерді реттеуге мүмкіндік берді және 4,5 % экономикалық өсуді қамтамасыз етті.
2019 жылдың қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы барреліне 64,03 АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 9,9 %-ға төмен3.
________________________________
3World Bank Commodities Price Data деректері негізінде
2019 жылдың ішінде оң экономикалық серпіннің сақталуы негізгі капиталға инвестициялар көлемінің өсуіне (+8,5 % г/г) негізделді. 2019 жылы энергетикада (+64,9 % г/г), тау-кен өндіру өнеркәсібінде (+20,5 % г/г), сондай-ақ құрылыста (+5,6 % г/г) негізгі капиталға инвестициялардың айтарлықтай өсуі байқалды. Күрделі инвестициялардың жалпы көлемінде инвестициялардың тау-кен өндірісіне едәуір шоғырлануы сақталуда, қаралып отырған кезеңнің қорытынды бойынша оның үлесі 45 %-ды құрады.
2019 жылдың ішінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2018 жылдың көрсеткішінен 3,8 %-ға өсті.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 2019 жылы өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,7 %-ды (г/г) құрады. Түсті металл кендерін өндіру ұлғайды (+16,9 %), тау-кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық көрсетілетін қызметтер өсті (+19,5 %).
Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 4,4 %-ға өсті. Сусын өнімдерін (+10,2 %), мұнай өңдеу өнімдерін (+6,6 %), негізгі асыл және түсті металдарды (+6,8 %) өндіру және машина жасау (+20,9 %) ұлғайды.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда өнеркәсіп өндірісінің индексі негізінен электр энергиясын өндіру, беру және тарату көлемінің 4,6 %-ға (г/г) ұлғаюы есебінен 101,3 %-ды құрады.
2019 жылдың ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінің жалпы қосылған құн өсімінің қарқыны 3,7 %-ды, өңдеу өнеркәсібінікі 4,4 %-ды, құрылыс ЖҚҚ өсімінің қарқыны 12,9 %-ды құрады.
Жалпы алғанда, елдің 2019 жылғы экономикалық дамуы тау-кен өндіру өнеркәсібінің, құрылыстың, өңдеу өнеркәсібінің өсуі және көрсетілетін қызметтер секторының үлесі арқасында тұрақты болып қалып отыр. Экономиканың ұдайы өсуіне қарамастан, Қазақстан экономикасы өсуінің қарқынына тежеуші әсер етуі мүмкін сыртқы факторлар бар.
2020 жылы мұнай бағасының құлдырауы, бірқатар басқа экспорттық тауарлардың құбылмалылығы және COVID-19 пандемиясы салдарынан көрсетілетін қызметтер саласындағы іскерлік белсенділіктің төмендеуі Қазақстан экономикасына әсер етті. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2020 жылы ЖІӨ өсу қарқыны -2,6 % құрады.
Өсудің негізгі драйверлері құрылыс (+11,6 %), байланыс (+6,4 %), ауыл шаруашылығы (+5,7 %) және өңдеуші өнеркәсіп (+4,1 %) болды. Нақты көлем индексінің ең көп төмендеуі көлік саласында (-33 %), оның ішінде жолаушылар (-74,8 %) мен жүк тасымалында (-6,6 %), саудада (-3,2 %) тіркелді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚР ҰБ) деректеріне сәйкес Қазақстан бойынша Іскерлік белсенділік индексінің (бұдан әрі – ІБИ) жақсарғаны байқалады: 2020 жылғы сәуірде 37,2-ге дейін төмендеуі; 2020 жылғы шілдеде 45-ке дейін, қыркүйекте 47,6-ға дейін және 2020 жылғы желтоқсанда 49-ға дейін өсуі тіркелді, 2021 жылғы сәуірде көрсетілетін қызметтер мен өнеркәсіп секторында қалпына келудің жалғасуының арқасында 50,5 тармақты құрады.
Осылайша, Қазақстан экономикасының секторларында іскерлік белсенділіктің қалпына келу үрдісі байқалады.
2020 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестициялардың 3,9 %-ға төмендегені байқалады, ал 2019 жылы 8,8 %-ға өскені байқалды.
Әлемдік экономикада ахуалдың нашарлау тәуекелдерінің күшеюімен бір мезгілде баяулау жүріп жатыр, бұл экономикалық өсуді одан әрі әлсіретуі мүмкін. Кейіннен АҚШ пен Қытай арасындағы келісімнің жарияланған "бірінші кезеңі" мен уағдаластыққа қол жеткізілмей "брексит" ықтималдығының төмендеуіне байланысты кейбір тәуекелдер ішінара жойылды. Ақша-кредит саясаты экономикалық өсуді және серпінді қаржылық жағдайларды қолдап келеді. Осы оқиғалардың аясында енді әлемдік өсу төмендетілген деңгейлерде болса да тұрақтануы мүмкін деген белгілер пайда болды.
Пандемияға байланысты Халықаралық валюта қоры (бұдан әрі – ХВҚ) 2020 жылдан бастап ұйымға кіретін 180 елдің 170-інде ауыр экономикалық дағдарыс болатынын және жан басына шаққандағы кірістің төмендейтінін болжады.
ХВҚ деректері бойынша 80-нен астам дамушы ел қордан жалпы сомасы 2,5 трлн АҚШ долларын құрайтын қаржылық көмек сұраған, көптеген шикізат тауарлары бағасының құлдырауы 30 %-дан асып, нарықты 20 жыл бұрынғы баға деңгейіне қайтарып отыр, дағдарыс басталғаннан бері кейбір шикізат тауарларының (өнімдердің және ең алдымен астықтың) әлемдік бағасы 10-15 %-ға өсті.
Барлық ірі Орталық банктер өздерінің мөлшерлемелерін ең төмен мәндерге түсіргеннен кейін әлемдегі пайыздық мөлшерлемелер 2008 – 2009 жылдары құлдыраған деңгейге оралды, бұл ықтимал жеке қаражат тартуды салыстырмалы түрде арзандатады.
Ұйым | 2021 | 2022 |
Дүниежүзілік банк | 3,2 % |
3,7 % |
ХВҚ | 3,2 % | 4,0 % |
Еуропа Қайта құру және Даму банкі (бұдан әрі – ЕҚДБ) | 3,6 % | 3,8 % |
АДБ | 3,2 % | 3,5 % |
Еуразия Даму Банкі | 4,0 % |
4,4 % |
S&P Global Ratings | 3,2 % | 3,6 % |
Moody's Analytics | 3,5 % | 3,8 % |
Fitch Ratings | 3,7 % | 4,0 % |
1-кесте. Қазақстанның 2021 – 2022 жылдарға арналған ЖІӨ-ін бағалау
Дереккөз: Халықаралық даму институттары мен рейтингтік агенттіктердің ресми сайттары
ҚР ҰБ-ның базалық сценарийіне сәйкес 2021 жылы Қазақстанның ЖІӨ өсуі 3,6-3,9 % деңгейінде, одан әрі 2022 жылы 4,0-4,3 %-ға дейін жеделдейді деп күтіледі. 2021 жылдың ортасындағы жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың әлемдік бағасы бір барреліне 70 АҚШ долларынан асады, бұған жаппай вакцинациялау мен мұнай өндіруді қысқарту жөніндегі ОПЕК+ келісімінің қолданылуы арқасында мұнайға әлемдік сұраныстың қалпына келуі әсер етті. Алайда, әлемде өндірудің біртіндеп өсуіне қарай мұнай бағасы қазіргі мәннен төмендеуі мүмкін және ҚР ҰБ базалық сценарий ретінде 2021 – 2022 жылдары Brent маркалы мұнайдың бағасын бір барреліне 60 АҚШ доллары деңгейінде қарап отыр, бұл халықаралық ұйымдардың болжамдарына сәйкес келеді.
Аурудың ауық-ауық өршуінен көрінетін COVID-19-дың айналасындағы белгісіздік даму перспективаларын нашарлататын негізгі тәуекел болып қала береді.
Сонымен бірге, COVID-19 пандемиясымен қатар әлемдік экономиканың даму үрдістеріне теріс ықпал ететін мынадай тәуекелдер әлі де болса сақталуда:
1. Протекционизмнің күшеюі, бизнес шектеулерді қатаңдату, сауда соғыстары (АҚШ – Қытай), сондай-ақ Brexit-пен байланысты Ұлыбритания мен Еуроодақтың сауда-экономикалық режимдерінің келіспеушілігі әлемдік сауданың бәсеңдеуіне алып келуі мүмкін және мұнай бағасына қысым жасайды. Жетекші экономикалар арасындағы сауда мәселелеріндегі шиеленістің артуы орта мерзімді перспективада әлемдік экономика үшін елеулі тәуекелдер туындатады. Ірі әлемдік экономикалар, АҚШ және Қытай, арасындағы сауда мәселелеріндегі шиеленіс ерекше алаңдаушылық туғызып отыр – әлемнің қалған экономикалары үшін салдары белгісіздіктің артуын, құн түзетін тізбектің бұзылуын, шикізат нарықтарының тұрақсыздығын, инвестициялық ағындардың төмендеуін қамтиды. Соңғы 10 жылда 2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысы басталғаннан бері сауда протекционизмі тек күшейе түсті. Global Trade Alert деректері әлемде зиян келтіретін шаралар саны бірнеше салада шоғырланғанын көрсетіп отыр (2-кесте)4.
________________________________
4Дүниежүзілік банктің Қазақстан экономикасы туралы баяндамасы, "Тоқырау және өнімділік жағдайында экономикалық әртараптандырудың сын-қатерлері"
Бүкіл әлем бойынша протекционистік шаралармен қамтылған салалар | Шаралар |
Темір мен болаттан жасалған бұйымдар | 1 089 |
Басқа металдан жасалған бұйымдар | 830 |
Автокөлік құралдары, тіркемелер мен жартылай тіркемелер: қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтар | 658 |
Темір мен болат | 518 |
Органикалық синтез өнімдері | 511 |
2-кесте. Салалар бөлінісінде әлемде зиян келтіретін шаралардың саны.
Дереккөз: Global Trade Alert (https://globaltradealert.org/).
2. Әлемдік экономика дамуының орта мерзімді перспективалары әлемдегі геосаяси шиеленіспен тежелетін болады. Украинада, Беларусь пен Таяу Шығыста жалғасып жатқан қолайсыз жағдай Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынаста тәуекелдер мен шиеленісті арттырады, бұл өз кезегінде Ресей экономикасына қатысты АҚШ-тың санкциялық саясатын қатаңдатуға әкеп соғуы мүмкін.
Бір жағынан жоғарыда аталған факторларды және АҚШ пен басқа дамыған елдердің экономикалық жағдайының жақсаруын назарға ала отырып, капиталдың дамушы елдерден дамыған экономикаларға кету тәуекелі туындайды. Дамушы елдерде болжанатын инвестициялық белсенділіктің төмендеуіне байланысты жүйе құраушы салаларда өндірістің және ақы аз төленетін жұмыс күшіне сұраныстың азаюына байланысты жұмыссыздықтың өсу тәуекелі күшейе түсуде, осылайша көшіп-қонушылардың келу және білікті кадрлардың дамыған нарықтарға кету тәуекелі артады5.
________________________________
5Қазақстан Республикасының 2021 – 2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
Дүниежүзілік банктің қорытынды деректеріне сәйкес 2020 жылдың ішінде әлемдік ЖІӨ 3,6 %-ға қысқарды, бұл көптеген онжылдық ішіндегі ең үлкен құлдырау болды. 2021 жылы ЖІӨ-нің 5,6 %-ға өсуі болжанып отыр – бұл соңғы 80 жылдағы рецессиядан кейінгі қалпына келу қарқынының ең жоғары көрсеткіші. Бұл ретте, нарығы қалыптасып келе жатқан елдерде және дамушы елдерде 2020 жылы ЖІӨ-нің төмендеуі орташа есеппен 1,7 %-ды құрады (Еуропа және Орталық Азия санатында құлдырау 2,1 %-ды құрайды). 2021 жылы өсу 6,0 %-ды (Еуропа және Орталық Азия санатында 3,9 %-ды) құрайды. Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша Орталық Азияда экономикалық өсу қарқынының 2021 жылы 3,7 %-ға дейін және 2022 жылы 4,3 %-ға дейін қалпына келуі күтілуде, бұған шикізат бағасының шамалы өсуі, ірі мұнай өндіруші елдерде қолданылатын шектеулердің әлсіреуі және тікелей шетелдік инвестициялар көлемінің өсуі ықпал етеді6.
________________________________
6Дүниежүзілік Банктің "Әлемдік экономика перспективалары: Еуропа мен Орталық Азия" атты жарияланымы, 2021 жылғы маусым
3. Мұнайға сұраныстың төмендеу тәуекелдері:
3.1) жаһандық экономиканың өсуін бәсеңдетуге әкелетін Қытайдың АҚШ-пен сауда-саттықтағы текетіресі;
3.2) мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК+) мұнай өндіруді қысқарту туралы уағдаластығы аясында әртүрлі бағалаулар бар – 2021 жылға арналған барынша жоғары болжам орта есеппен бір барреліне 63 АҚШ доллары деңгейінде, ал барынша төмен болжам 55 АҚШ доллары деңгейінде. Егер мұнайдың бағасы мейлінше төмендеп, 55 АҚШ долларынан аз болса, мұндай жағдайда тағы да "еркін құбылмалы" бағамды жариялауға тура келеді, бұл теңге бағамының одан әрі төмендеуіне әкелуі мүмкін. 2022 жылға арналған болжам бір барреліне 53 АҚШ долларынан 55-ке дейін көтерілді. 2023 жылға арналған баға бір барреліне 53 АҚШ доллары деңгейінде қалды;
3.3) мұнай өндіруді шектеу жөніндегі келісім белгіленген сәттен бастап бірнеше қатысушы ел (Қатар, Габон, Эквадор, Индонезия) ОПЕК-тен шықты, бұл өз кезегінде мұнай жеткізілімдеріне әсер етуі мүмкін.
ХВҚ бағалауы бойынша 2021 жылы мұнайдың орташа спот бағасы бір барреліне 58 АҚШ долларын және 2022 жылы 55 АҚШ долларын құрайды, бұл әлі де болса, 2019 жылғы орташа деңгейден шамамен 24 %-ға төмен.
4. Дамыған елдердің орталық банктерінің ақша-кредит саясатының белгісіздігі. 2020 жылы пандемия жағдайында бүкіл әлемдегі орталық банктер бірқатар активтерді сатып алып, қаржылық жағдайды қатаңдатуға төтеп беруге және экономикаға кредиттер ағынын қолдауға ұмтылуда қаржы жүйесіне өтімділік бере отырып, ақша-кредит саясатын ырықтандыру бойынша батыл және табанды әрекет жасады. Экономикасы дамыған көптеген ірі елдердегі мөлшерлемелер 2020 жылы нөлге жақын немесе нөлден төмен болғандықтан, дәстүрлі емес шаралар мен күтілетін бағам саясатына қатысты алдын ала нұсқаулар осы орталық банктер үшін алдағы уақытқа арналған негізгі құралдарға айналады.
Қазақстан Республикасының 2020 – 2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес пандемияға дейінгі Қазақстанның ЖІӨ өсуі 2020 жылға – 4,1 % (іс жүзінде -2,6 %), ал 2024 жылға дейінгі орташа жылдық өсу – 4,4 % деңгейінде болжанды.
Қазақстан Республикасының 2022 – 2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі 2021 жылға арналған ЖІӨ бағалауды 3,1 %-ға дейін ұлғайту жағына түзетті, ал ЖІӨ-нің 2026 жылға дейінгі орташа жылдық өсуі 4,9 %-ды құрайтын болады. Қолайлы сыртқы және ішкі жағдайлардың есебінен экономиканың барлық сегменттерінде біртіндеп өсу күтілуде: тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру орта есеппен тиісінше 3,9 %-ды және 5,5 %-ды құрайды. Мұнайдың бағасы 60 АҚШ доллары деңгейінде, АҚШ долларының бағамы 425 теңге деңгейінде болжануда.
Орта мерзімді перспективада Қазақстан экономикасы негізінен АӨК-тің, өңдеуші өнеркәсіптің, құрылыс пен қызметтер көрсету өндірісінің өсуі есебінен орта есеппен 4,7 % деңгейінде өсетін болады. АӨК-тегі жобаларды одан әрі іске асыру, өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерінің шығарылымын ұлғайтуды ынталандыра отырып, АӨК шикізат базасын дамытуға қолайлы әсер етеді және ауыл шаруашылығының орта есеппен 5 % деңгейінде өсуін қамтамасыз етеді.
Өңдеуші сектордың өсуі орта есеппен 4 %-ды құрайды. Импорт алмастыру саясаты шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру, шикізат базасын дамыту, АӨК-тегі жұмыс істейтін жаңа өндірістерді жаңғырту және жаңаларын ашу азық-түлік өнімдері өндірісінің орта есеппен 4,6 % деңгейінде өсуін қамтамасыз етеді.
Химия өнеркәсібінде ірі жобаларды іске қосу салада терең қайта өңдеуді дамыту үшін берік негіз болады және орта мерзімді кезеңде 2,8 % деңгейінде оң өсу серпінін қамтамасыз етеді.
Отандық өндірушілер шығаратын жаңа, инновациялық дәрі-дәрмектер бойынша қолданыстағы ұзақ мерзімді шарттарды кеңейту фармацевтика саласының белсенді дамуын ынталандырады, оның орташа өсімі 5 %-ды құрайтын болады.
Құрылыс саласының орташа жылдық өсуі 3,9 %-ды құрайтын болады. Импорт алмастыру саясатын ескере отырып, құрылыстың белсенді дамуы құрылыс материалдарына ішкі сұраныстың артуына ықпал етеді және металл емес минералды өнімдер өндірісінің орта есеппен 5,7 % деңгейінде серпінді өсуінің қозғаушы күшіне айналады.
Машина жасау өнеркәсібі экономика салаларында заманауи технологияларды енгізу және өндірістерді автоматтандыру процестерін жеделдете отырып, біртіндеп өңдеуші сектордың және жалпы экономиканың негізгі өсу драйверлерінің біріне айналады. Машина жасау саласы өндірісінің өсуі орташа есеппен 6 %-ды құрайтын болады.
Сонымен бірге, ҚР ҰБ дезинфляциялық стратегиясы инфляцияның нысаналы дәлізін кейіннен 2025 – 2026 жылдары 3-4 %-ға дейін төмендете отырып, 2021 жылы 4-6 % деңгейінде сақтайды деп күтілуде. Инфляциялық процестерді басқару Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ҚР ҰБ-ның бірлескен күш-жігерімен жүзеге асырылатын болады. Елдегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары ұзақ мерзімді орнықты экономикалық өсу үшін қажетті жағдайлар жасауға ықпал ететін болады. Инфляцияның нақты және болжамды деңгейіне және басқа параметрлерге байланысты белгіленетін базалық мөлшерлеме ақша-кредит саясатының негізгі құралы болып қала береді.
ҚР ҰБ пайыздық саясаты инфляциялық процестерді реттеу және кредит ресурстарының қолжетімділігі бөлігінде орынды теңгерімді қамтамасыз ету мақсатында нақты мәндегі базалық мөлшерлемені экономикалық өсудің ұзақ мерзімді қарқынынан аспайтын деңгейде қолдауға бағытталатын болады. Ақша-кредит саясаты теңгенің еркін құбылмалы айырбас бағамы жағдайында жүзеге асырылатын болады7.
________________________________
7Қазақстан Республикасының 2022 – 2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
Мегатрендтер
Жаһандық трендтер әлемдік экономиканың ұзақ мерзімді дамуына елеулі әсер етуі мүмкін. Қазіргі уақытта әлемдік экономиканың даму векторын айқындауға қабілетті заманауи мегатрендтер өзекті болып отыр.
1. Орнықты даму – бұл қазіргі буынның қажеттіліктерін қанағаттандыратын және бұл ретте болашақ буындардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетіне қауіп төндірмейтін даму.
Әлемнің дамыған елдері даму институттары арқылы әлеуметтік маңызы бар нәтижелерге қол жеткізу үшін негіз қалаушы болып табылатын қаржылық қолдау көрсету кезінде экологиялық және әлеуметтік аспектілерге көбірек назар аудара отырып, өз экономикаларының орнықты дамуына ықпал етуге ұмтылады.
Мысалы, Германияның Мемлекеттік даму банкі (KfW) өзінің негізгі қызметі шеңберінде климатты және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі, атап айтқанда, жаңартылатын энергия көздерін дамытуға және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған жобаларға басымдық береді. 2014 жылы KfW өзінің жасыл облигациялар "Green Bonds-Made by KfW" бағдарламасын іске қосты және 2020 жылдың қорытындысы бойынша ірі эмитенттер қатарына кіреді. "Жасыл облигациялар" портфелінің көлемі 2014 жылдан бастап 14,5 млрд евроға жетті8. Бұдан басқа, KfW энергиямен және сумен жабдықтау, денсаулық сақтау және білім беру сияқты салалардағы жобаларды қаржыландырады.
________________________________
8Green bond second opinion report https://www.kfw.de/PDF/Investor-Relations/PFD-Dokumente-Green-Bonds/SPO-CICERO-Framework-V2019.pdf
Қытайдың Мемлекеттік даму банкі (CDB) – Қытайда әлеуетті жобаны ресурс және энергия тиімділігі тұрғысынан қарайтын "жасыл кредит беруді" енгізудің көшбасшысы. Атап айтқанда, CDB энергия үнемдеу, зиянды шығарындыларды азайту және қоршаған ортаның ластануын болдырмау саласындағы жобаларға және басқаларға кредит береді. CDB жобалардың экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерін бағалау жүйесін қолданады, бұл ретте олардың мониторингі жобаны қаржыландыру келісімшарттарының талаптарына кіреді. Осылайша, CBD елеулі оқиғалар орын алған және жобаның экологиялық және әлеуметтік тәуекелдері тиісінше басқарылмаған жағдайда қаржыландыруды тоқтату құқығын өзіне қалдырады. Қытайдың банктік саласындағы құрылымында CBD "жасыл жобалар" портфелінің үлесі айтарлықтай9.
________________________________
9CDB Sustainability report for 2018 http://www.cdb.com.cn/English/shzr/kcxfzbg/shzr_2018/ CNY/USD орташа жылдық бағамы: 2018 жыл – 0,1519 https://ru.investing.com
2. 4.0 Индустриясы: адамзат қызметінің барлық салаларын цифрландыру. Өзгерістер тұмыстың әртүрлі қырларын: еңбек нарығын, тіршілік ортасын, саяси жүйелерді, технологиялық құрылысты, адами сәйкестікті қамтиды. "Цифрландырудың" мақсаты орта мерзімді перспективада цифрлық технологияларды пайдалану есебінен экономиканың даму қарқынын жеделдету және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, сондай-ақ экономиканың ұзақ мерзімді перспективада болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін дамудың түбегейлі жаңа траекториясына көшуі үшін жағдай жасау болып табылады.
Халықаралық практикада дамыған мемлекеттер даму институттары арқылы экономикаға "цифрландыруды" енгізуге ықпал етеді. "Цифрландыру" тренді шеңберінде Германияның Мемлекеттік даму банкі (KfW) қаржыландыру және қаржылық ынтымақтастық бөлігінде blockchain технологиясын кеңейтуге баса назар аударады. KfW венчурлік қаржыландыру тетігі арқылы инновацияларды қолдау саласындағы өз қызметін тұрақты кеңейтуде.
3. Жасанды интеллектті дамыту – бұл зияткерлік машиналардың, әдетте, адамның айрықша қабілеті болып саналатын шығармашылық функцияларды орындай алу қабілеті. Жасанды интеллект 4.0 Индустриясының негізгі элементтеріне жатады және өндірістік процестерді автоматтандыруды, роботтандыруды енгізу жолымен еңбек өнімділігін арттыру үшін экономика саласына енгізу үшін қажет.
4. Өнімділікті арттыру экономиканы дамытудың басты айқындаушы факторы болып табылады. Өнімділікті ұлғайту бәсекеге қабілетті экономиканы құру үшін қажет. Өнімділіктің өсуі Қазақстан экономикасының тұрақты ұзақ мерзімді дамуының негізгі қозғаушы күші болып табылады. Соңғы 20 жыл бойы төмендеген өнімділіктің өсуіндегі құлдырау Қазақстандағы ЖІӨ өсуінің орта мерзімді төмен перспективаларын негіздейтін басты фактор болып табылады. Өнімділік деңгейі 2000 жылдардың басында жоғары деңгейде болды және ЖІӨ-нің жылдық өсуінде шамамен 6 пайыздық тармақты (бұдан әрі – п.т.) қамтамасыз етті. Алайда, 2010 жылдардың басына қарай өнімділіктің жылдық өсуі орташа алғанда 2 п.т. төмен деңгейге дейін төмендеді, ал 2014 – 2020 жылдары өнімділіктің өсуі теріс мәнге ие болып, жылына шамамен 2 п.т. төмендеп отырды.
Бұл құлдырау, негізінен, экономиканың барлық негізгі секторларында – ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте және қызметтер көрсетуде ішкі салалық өнімділіктің өсу қарқынының төмендеуімен байланысты. Өнімділіктің өсу қарқынының төмендігі жеке сектордың шағын өлшемімен, нарықтың жоғары шоғырлану дәрежесімен және "жасампаз бұзылу" процесінің болмауымен түсіндіріледі. Соңғы онжылдықта байқалып отырған өнімділіктің өсуіндегі құлдырау жаңа компаниялардың нарыққа кіру деңгейінің төмендігінен көрініс табатын жеке сектордың дамуындағы шектеулерден туындады. "Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасы елдің флагмандық салаларын технологиялық жаңғырту үшін қосымша серпін беруге арналған және еңбек өнімділігінің ауқымды және ұзақ мерзімді өсуі үшін жағдай жасайды.
Осы Стратегияда "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ тарапынан өз миссиясын іске асыру бойынша күшейтуді талап ететін ағымдағы макроэкономикалық үрдістер мен мегатрендтер көрініс тапқан. Стратегиялық мақсаттар мен міндеттер мемлекеттік саясатты іске асыру және "Қазақстан – 2050" Стратегиясында: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" (бұдан әрі – "Стратегия – 2050") қойылған мақсаттарға қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасының орнықты дамуына бағытталған.
Осыған байланысты "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Қазақстан экономикасының дамуына әсер ететін заманауи жаһандық сын-қатерлерді назарға ала отырып, экономикалық өсудің жаңа көздерін дамыту жөніндегі нақты шараларға баса назар аударуға тиіс.
1.2 Мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі бағыттары
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ өз қызметінде индустриялық-инновациялық даму, ұлттық өнім экспортын ілгерілету, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, тұрғын үй-құрылыс секторындағы міндеттерді іске асыру және халықтың әл-ауқат деңгейін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі қойған басқа да міндеттерді басшылыққа алады.
2014 жылғы 17 қаңтардағы "Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауында, сондай-ақ Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамада мемлекет дамуының негізгі бағыттарын айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев іске асырылуы Қазақстанның әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына кіруіне ықпал ететін мынадай бес стратегиялық бағытты белгіледі:
1) инновациялардың басты қозғалтқышы – адами капиталды дамыту;
2) бизнесті және кәсіпкерлік бастамаларды дамыту үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін институционалдық ортаны жетілдіру;
3) ұзақ мерзімді перспективада ғылымды көп қажет ететін экономикаға көшу үшін қажетті салалық базаны қалыптастыруға негізделген кезең-кезеңдік тәсілді қабылдау жолымен ғылымды көп қажет ететін экономика салаларын дамыту;
4) ұлттық инновациялық жүйені құру, инфрақұрылымды жаңғырту және энергия тиімділігін арттыру арқылы ғылымды көп қажет ететін экономиканы құруды қолдайтын инфрақұрылымды жедел қалыптастыру;
5) халықаралық қатынастар жүйесіне интеграцияны тереңдету.
Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамада ғылымды көп қажет ететін экономиканың басты элементтері – инновациялар, инвестициялар және кәсіпкерлік айқындалған.
Еңбек өнімділігінің ұзақ мерзімді өсуі, инновацияларды дамыту, өндіріс пен экспортты әртараптандыру, сондай-ақ сыртқы ресурстарды тарту және ішкі ресурстарды белсенді пайдалану есебінен елдің бизнес-секторларын дамыту экономикалық өсудің үшін негіз болуға тиіс.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы Жолдауына сәйкес "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қайта ұйымдастырылып, мемлекеттік даму бағдарламаларын іске асыру жөніндегі операторға айналуға тиіс. Бұл ретте "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның функцияларын жеке сектор жүзеге асыра алатын функцияларды бизнеске беру бөлігінде оңтайландыру қажет. Сондай-ақ "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мемлекеттік емес қаржы көздерінен бағдарламаларды іске асыруға қарыз алумен айналысқаны жөн.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ-ны біріктіру жолымен портфельдік компанияларды екі есе қысқартып және штат санын тиісінше түзете отырып, бірыңғай даму институтын құру тапсырылды.
1.2.1 Ұлт жоспары – 100 нақты қадам
2015 жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Ұлт жоспарын жариялады.
Ұлт жоспарының 62-қадамына сәйкес "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ экономиканың шикізаттық емес салаларындағы орта бизнес көшбасшыларын қолдауды көздей отырып, "Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары – ұлттық чемпиондар 2.0" бағдарламасын іске асыру жөніндегі бастаманы (бұдан әрі – бастама) жалғастыруда.
Бастама өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялық өндірістерін құруға жәрдемдесуге бағытталған.
Қолдау шаралары үш негізгі бағыттан тұрады: қаржылық қолдау, консалтингтік сүйемелдеу және институционалдық қолдау.
Қаржылық қолдау шеңберінде бастамаға қатысушыларға "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның еншілес ұйымдарының (бұдан әрі – ЕҰ) ішкі құжаттарына сәйкес олардың қаржы құралдарына қолжетімділік беріледі.
Бұдан басқа, компанияларға институционалдық қолдау ұсынылады, сондай-ақ консалтингтік компанияларды тарта отырып, қызмет тиімділігін басқару және арттыру саласында озық тәжірибеге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша қолдау көрсетіледі. Сонымен бірге, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ жалпы салалық кедергілерді жою үшін бастамаға қатысушылар мен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді диалог үшін байланыстырушы буын болып табылады.
1.2.2 Ұлттық жобалар
"Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасы
"Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасының негізгі мақсаты экономиканы әртараптандыру болып табылады.
Аталған ұлттық жоба шеңберінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие өңделген тауарлардың өндіріс көлемін ұлғайту және номенклатурасын кеңейту, сондай-ақ өңдеуші өнеркәсіп салаларын технологиялық дамыту және цифрландыру сияқты бағдарламаның міндеттерін іске асыру жөніндегі негізгі операторлардың бірі болып табылады.
Атап айтқанда, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес компаниялары арқылы барлық қайтарымды қаржылық қолдау шараларының операторы болуды жалғастыруда, оның өкілеттігіне өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарына жеңілдікті кредит беруді қамтамасыз ету үшін борыш пен капиталдың сыртқы және ішкі нарықтарынан ресурстарды тарту, сондай-ақ өзге де қаржылық және қаржылық емес қолдау құралдарын ұсыну (оның ішінде экспорттық кредит беру, лизингтік қаржыландыру, банкаралық кредит беру, ЕДБ кредиттерін субсидиялау және оларға кепілдік беру, жобалау алдындағы құжаттаманы әзірлеу және бірлесіп қаржыландыру, жобаларды консультативтік сүйемелдеу, инвесторларды іздеу және басқалар) кіреді. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қаржылық қолдаудың мынадай:
1) тиімсіз және талап етілмеген қолдау шараларын алып тастау;
2) мемлекеттік және квазимемлекеттік кәсіпорындар үшін бюджеттік қаржыландыруды азайту;
3) нарықтық бағаны бұрмалайтын және жекеше сектордың дамуына теріс әсер ететін қолдау бағдарламаларын қаржыландыруды қысқарту;
4) мемлекеттік қаражаттан қаржыландыру кезінде жекеше сектор бірлесіп қаржыландыратын жобаларды басымдықпен қолдау қағидаттарын ұстана отырып, өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын кешенді қолдау тәсілін де белсенді түрде кеңейтетін болады.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарына мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде 2025 жылға дейінгі Индустриялық-инновациялық даму тұжырымдамасын басшылыққа алатын болады.
"Шикізаттық емес экспортты ілгерілету" бағыты бойынша бас оператор ретінде "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – KazakhExport) шикізаттық емес экспортты екі есе ұлғайту мәселесін шешуге қатысу бөлігінде қызметін жалғастыратын болады.
Жоғарыда аталған ұлттық жобаның нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін қаржылық қолдау құралдарын кеңейту жолымен өңдеуші өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлік субъектілерін көбірек қамту қажеттілігі бар. Нәтижесінде қаржыландырудың балама көздерінің, оның ішінде тікелей инвестициялар қорлары құралдарының маңыздылығы күшейеді. Бұл бағыт бойынша "Қазына Капитал Менеджмент" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҚКМ) үлестік қаржыландыру құралдары арқылы өңдеуші өнеркәсіп саласындағы қазақстандық кәсіпорындарды қолдауды жалғастырады.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба
Даму Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның қаржы агенті болып табылады және екі міндет шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және ЕДБ кредиттеріне кепілдік беру арқылы шағын және орта бизнеске (бұдан әрі – ШОБ) қолдау көрсетеді:
1) кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру;
2) өз ісін ашу және дамыту үшін жағдай жасау.
"Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы
Халықтың тұрғын үйге мұқтаждығының жоғары болуына байланысты "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы әзірленді. Инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымды дайындау, жеке құрылыс салушыларды қаржылық ынталандыру, тұрғын үй-құрылыс жинақтары жүйесін тиімді пайдалану және кредиттік тұрғын үй құрылысын бюджеттен тыс қаржыландыруға аудару мәселелеріне басты назар аударылды.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ және оның ЕҰ қызметінің үш стратегиялық бағытының бірі тұрғын үйдің қолжетімділігі мен жайлылығын арттыру мақсатында "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыру болып табылады. Мынадай міндеттер бойынша сұраныс пен ұсынысты ынталандыра отырып, бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру арқылы қойылған мақсаттарға қол жеткізу көзделуде:
1) "Жайлы тұрғын үй" – "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Отбасы банк) арқылы тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген кредиттер беру, ҚТК арқылы жеке тұрғын үй қорында жалға алынған тұрғын үй төлемінің бір бөлігін субсидиялау бөлігінде;
2) жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) бағалы қағаздарын сатып алу, жеке құрылыс салушыларды жобалық қаржыландыру, халықаралық қаржы ұйымдарының қаражатын тарту, нарықтан алынатын қарызды меншікті қаражатпен араластыру және тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың өзге де тетіктері арқылы ЖАО-да кезекте тұрғандар мен Отбасы банк салымшылары үшін кредиттік және жалға берілетін тұрғын үй салу;
3) ЕДБ коммерциялық кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау есебінен жеке құрылыс салушылардың тұрғын үй салуын ынталандыру;
4) халықтың үлестік салымдарын қорғау тетігін іске асыру;
5) сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй нарығын дамыту;
6) шағын аудандарды кешенді салудың девелопер шебері;
7) азаматтардың жекелеген санаттары үшін тұрғын үй сатып алуды қолжетімді қаржыландыруды ұсыну;
8) ақпараттық технологиялар мен талдамалық зерттеулерді дамыту.
"Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасы
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ШОБ-пен өзара іс-қимыл процестерін автоматтандыру жолымен мемлекеттік қолдау шаралары бойынша "бірыңғай терезені" іске асыру бөлігінде "Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасын іске асыруға қатысады. Бұл жұмыс екі бағыт бойынша жүргізіледі – "электрондық үкімет" желісі және "Digital Baiterek" кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай порталы" жеке алаңы (бұдан әрі – "Digital Baiterek"). Бұдан басқа, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ венчурлік қорлар құру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға, сондай-ақ кәсіпорындар үшін 4.0 Индустриялық технологияларын енгізуге ынталандырулар жасауға қатысады.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ) біріккеннен кейін Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде қаржылық қолдау құралдарының операторы функциясын да атқарады. Бұл құжат еңбек өнімділігін екі жарым есеге ұлғайту, АӨК кешен өнімдерінің экспортын екі есеге ұлғайту және отандық өндірістің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету арқылы бәсекеге қабілетті АӨК құруға бағдарланған.
1.2.3 Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары
"Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына сәйкес Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Осы қаулы шеңберінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның 19 еншілес және тәуелді компаниядағы акцияларын (қатысу үлестерін) бәсекелес ортаға беру жоспарланған:
1) "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (бұдан әрі – ТҮҚЖБ АҚ) (қазіргі Отбасы банк);
2) ТДҰА (қазіргі QazTech Ventures) және 8 еншілес және тәуелді ұйым10;
3) "ҚазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ (қазіргі KazakhExport);
4) "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ҚИҚ) 8 еншілес ұйымы11.
19 компанияның 9-ы өткізілді, 4-і таратылды, 2-і тарату сатысында, 1 компания жекешелендіру процесінде және 3 компания Жекешелендірудің кешенді жоспарынан алып тасталды.
2017 – 2020 жылдар аралығындағы кезеңде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ активтерін өткізу нәтижесінде алынған 948 455 195 теңге мөлшеріндегі түсімдер толық көлемде ҚР Ұлттық қорына аудару үшін бағытталды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 467, 2018 жылғы 3 наурыздағы № 100 және 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 830 қаулыларына сәйкес "ҚазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ, "Досжан темір жолы" АҚ және "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ басым тәртіппен бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың ірі еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінен алып тасталды.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 16 қазандағы хаттамасына сәйкес "Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысымен бекітілген Басым тәртіппен бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың ірі еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінен "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ны алып тастауға ұсыным берілді.
"Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес ҚИҚ-ты бәсекелес ортаға беру жоспарланған.
________________________________
10ТДҰА-ның жекешелендірілетін еншілес және тәуелді ұйымдарының тізімі: "Алгоритм" технопаркі" ЖШС, "Сары-Арқа технопаркі" ЖШС, "Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҒТУ технопаркі" ЖШС, "Алтай технопаркі" ЖШС, "Тау-кен-металлургия жабдығының конструкторлық бюросы" ЖШС, "Көліктік машина жасау конструкторлық бюросы" ЖШС, "Мұнай-газ жабдығының конструкторлық бюросы" ЖШС, "Ауыл шаруашылығы машинасын жасау конструкторлық бюросы" ЖШС.
11ҚИҚ-тың жекешелендірілетін жобаларының тізімі: "Орал металл конструкциялары мен мырышпен қаптау зауыты" АҚ, "White Fish of Kazakhstan" АҚ, "Мырзабек – Алтын Тас групп" АҚ, "Раннила Қазақстан" АҚ, "Ертіс химия-металлургия зауыты" АҚ, "Pams Pipe" АҚ, "А-КБК" ЖШС, "Досжан темір жолы" АҚ.
2. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ағымдағы жай-күйін талдау: Ішкі ортаны талдау
2.1 "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен ЕҰ қазіргі құрылымы
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ құрамына бұрын әртүрлі мемлекеттік органдардың және/немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басқаруында болған 9 ЕҰ (осы Стратегияға 2-қосымша) кіреді.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ЕҰ әртүрлі қолдау құралдарын ұсыну арқылы Қазақстан экономикасының дамуына жәрдемдесуді жүзеге асырады. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ЕҰ-дағы барлық қолданыстағы қолдау құралдарын (қаржылық, сол сияқты қаржылық емес) шартты түрде қызметтің үш бағытына бөлуге болады: кәсіпкерлікті қолдау, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету (төмендегі 1-суретті қараңыз).
1-сурет. Қызметтің үш бағыты бөлінісінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ЕҰ-дағы экономиканы дамытуды қолдау құралдарының матрицасы.
Аталған үш бағыт бір-бірінен бірқатар сипаттамалар бойынша ерекшеленеді, олар:
1) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның активтер портфеліндегі үлесі;
2) активтердің кірістілік деңгейі;
3) қызмет көрсетілетін клиенттер саны;
4) инвестициялау/қолдау шегі;
5) қорландырудың үлгілік құрылымы;
6) кредиттік портфельдің сапасы;
7) активтерді басқарудың операциялық шығыстары.
Бұдан басқа, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметінің үш бағыты экономиканы дамытудың байланысқан мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде іске асырылады (төмендегі 2-суретті қараңыз).
2-сурет. Бірқатар сипаттамалар бойынша "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметінің үш бағытын салыстыру
Дереккөз: ЕҰ деректері (2019)
Халықаралық практиканы салыстырмалы талдау үш өзіндік қызмет бағытын біріктіру нәтижесінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ баламасы жоқ бірегей даму институты болып табылатынын көрсетіп отыр.
Қызметтің үш бағыты сипаттарындағы айтарлықтай айырмашылықтар мен салыстырмалы талдау нәтижелерін ескере отырып, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметін аталған үш бағыт тұрғысынан жоспарлап, талдаған және бағалаған жөн.
2.2 ҚТК орындалуы мен SWOT талдау
Бұрын Стратегия "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның ықпалдастырылған даму институты ретінде қалыптасу міндеттерін орындау және қызметтің үш стратегиялық бағытын іске асыру үшін қызметтің 12 түйінді көрсеткішін айқындады.
2020 жылдың қорытындысы бойынша 2019 – 2021 жылдарға арналған даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепке сәйкес қызметтің стратегиялық түйінді көрсеткіштерінің (бұдан әрі – ҚТК) барлығы орындалды:
Р/с № | Көрсеткіш | Жоспарлы мәндер | Іс жүзіндегі мәндер |
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның Қазақстан Республикасының экономикасын орнықты дамытуға ықпал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шоғырландырылған ҚТК | |||
1. | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ жалпы активтеріндегі кредиттік және инвестициялық портфельдің үлесі | 76,24 % | 78,53 % |
2. | Есепті жылдың ішінде қарыз алудың жалпы құрылымындағы мемлекеттік емес қарыз алу көздерінің үлесі | ≥24,93 % | 25,89 % |
3. | ROA (шоғ.) ең төмен оң мәннен төмен емес) | 0,25 % | 1,21 % |
4. | Кредиттік портфельдегі жеке сектордың үлесі | 77,05 % | 77,64 % |
1-қызметтің стратегиялық бағыты. Ірі бизнес сегментінде кәсіпкерлікті қолдау | |||
2-қызметтің стратегиялық бағыты. ШОБ сегментінде кәсіпкерлікті қолдау | |||
5. | Жаңа жобалар мен еңбек өнімділігінің ұлғаюын және өткізу нарықтарының кеңейтілуін ескере отырып, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту және кеңейту жөніндегі жобалардың саны | 95 571 бірл. | 116 196 бірл. |
6. | Қолдау алған кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім көлемі | 34 011,38 млрд теңгеден кем емес | 39 325,3 млрд теңге |
7. | Шетелдік инвестицияларды тарту | 1,5:1 кем емес | 1,67:1 |
3-қызметтің стратегиялық бағыты. Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру | |||
8. | Шеңберінде қолдау құралдары көрсетілген тұрғын үй көлемі | 2 835,85 мың ш.м. | 3 043,90 мың ш.м. |
9. | Қазақстан Республикасының экономикалық белсенді халқына шаққанда тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіндегі қатысушылардың үлесі | 17,00 % | 20,30 % |
10. | Коммерциялық тұрғын үй үлескерлерінің салымдарына кепілдік беру | 13,00 % | 27,00 % |
4-қызметтің стратегиялық бағыты. Экспорттық әлеуетті арттыру | |||
11. | Экспорттық және экспорт алдындағы қаржыландыру шеңберінде қолдау алған кәсіпорындардың экспорттық түсімінің көлемі | 3 793,67 млрд теңге | 5 606,34 млрд теңге |
5-қызметтің стратегиялық бағыты. Трансферт және инновацияларды енгізу | |||
12. | Өндіріске енгізілген технологиялар саны, салалардың технологиялық міндеттерін шешуге және технологияларды коммерцияландыруға бағытталған жобалар саны** | 40 бірл. | 40 бірл. |
* 2018 жылғы деректер. Көрсеткіш 2018 жылды қоса алғанға дейін есептеледі
** 2018 жылы Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі 2018 жылғы 19 қарашада бекіткен Жеке даму институттарын оңтайландыру жөніндегі бірлескен іс-қимылдардың жол картасы шеңберінде "ТДҰА" АҚ-ның жекелеген функциялары "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ-ға берілді. Осыған байланысты, көрсеткіш жинақтаушы сипатта болғандықтан, 2020 жылы 2018 жылдың мәндері көрсетіледі. Көрсеткіш 2021 жылғы "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның даму стратегиясын өзектілендіру шеңберінде алып тасталды.
3-кесте. 2020 жылы "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ҚТК орындалуы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрығымен айқындалатын есептеулерге сәйкес алты жылдың қорытындысы бойынша (2014 – 2019 жылдар) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ даму стратегиясын іске асыру қорытындысы 91 %-ға тең, бұл "Стратегияны іске асырудың жоғары деңгейінің тиімділігі" деп бағаланады.
Күшті жақтары | Әлсіз жақтары |
1) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жалғыз акционер тарапынан барынша қолдау; |
1) ірі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырудың жоғары үлесі; |
Мүмкіндіктер | Қауіптер |
1) Қазақстан экономикасының дамуды қаржылық және қаржылық емес қолдауға өте мұқтаждығы; |
1) сыртқы факторлар әсерінен елдегі макроэкономикалық жағдайдың нашарлауы. Бұл ұлттық валютаның одан әрі әлсізденуі мен елдік тәуекелдердің нашарлауына әкеп соғуы мүмкін; |
4-кесте. SWOT-талдау
3. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның миссиясы мен пайымы
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның миссиясы Қазақстан Республикасын орнықты дамуы және "Стратегия – 2050" мақсаттарына қол жеткізу болып табылады.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның пайымы – үздік стандарттарға сәйкес бизнеске қолдау көрсету құралдарын ұсынатын және Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру деңгейін арттыратын озық даму институты.
Пайымы мына "SCALE" аббревиатурасындағы "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ құндылықтарына сәйкес келеді:
Sustainable – орнықты даму қағидаттарын сақтау;
Client-oriented – клиентке бағдарлану;
Affordable – бизнесті қолдау мен халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің қолжетімді құралдарын ұсыну;
Lean және Enterprise – "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қаржылық тұрақты және шығынсыз даму институты бола отырып, қолдау көрсетілетін кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда тиімділігі жоғары болуға ұмтылады.
Қазақстанды тұрақты дамыту жөніндегі өз миссиясын іске асыру шеңберінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ шешетін басты міндеттер мыналар болып табылады:
1) экономиканың шикізаттық емес салаларын дамыту;
2) кәсіпкерлікті (экономиканың жеке секторын) дамыту;
3) шикізаттық емес өнім экспортын қолдау;
4) өнімділікті арттыру;
5) АӨК-те қаржыландырудың қолжетімділігін, өндірісті техникалық жарақтандыру және қарқындату деңгейін арттыру;
6) экономиканың урбандалуын қолдау.
Алғашқы төрт міндет "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның ірі кәсіпкерлік субъектілерін, сол сияқты ШОБ-ты қолдауды қамтитын "Кәсіпкерлікті қолдау" стратегиялық бағыты бойынша негізгі қызметін жүзеге асыру жолымен шешіледі.
АӨК-те қаржыландырудың қолжетімділігін, өндірісті техникалық жарақтандыру және қарқындату деңгейін арттыру жөніндегі бесінші міндет "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның жаңа стратегиялық бағыты – "Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту" шеңберінде іске асырылуда.
Экономиканың урбандалуын қолдау жөніндегі алтыншы міндет "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметінің үшінші стратегиялық бағыты "Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету" шеңберінде шешіледі.
Осы Стратегияның 5-бөліміндегі стратегиялық бағыттардың әрқайсысы бойынша 2023 жылға арналған нысаналы мәні айқындала отырып, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметінің ҚТК көзделген.
Жылдық аралық нысаналы мәндері мен іс-шаралары бар егжей-тегжейлі қосымша міндеттер "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Директорлар кеңесі бекітетін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның Даму жоспары шеңберінде бес жылға көзделеді.
4. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметінің стратегиялық бағыттары
4.1 Қызметтің 1-ші стратегиялық бағыты. Кәсіпкерлікті қолдау
4.1.1 Ірі бизнес сегментінде кәсіпкерлікті қолдау
Ірі бизнес сегментіндегі кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ борыштық қаржыландыру және лизинг құралдары шеңберінде қолдау көрсететін "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ҚДБ) қызметі бағыттарының бірі болып табылады. Мыналар қызметтің бұл бағытындағы негізгі проблемалық мәселелер болып табылады:
1) қарыз алушылар бойынша кредиттік портфелдің құрылымы: 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның кредиттік портфелі 4,3 трлн теңгені құрады. Кредиттік портфелдің негізгі үлесі ҚДБ-ға тиесілі (~46 %). ҚДБ қолдау құралдарымен іске асырылған жобаларды талдауға сәйкес (құны бойынша) жобалар құнының 39 %-ына жуығы квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоса алғанда, мемлекет қатысатын компанияларға тиесілі.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының "квазимемлекеттік сектордың тиімділігі" атты бесінші міндетіне сәйкес мемлекеттің экономикаға қатысу үлесін түбегейлі қысқартуға бағытталған квазимемлекеттік сектордың жаңа моделін құру бойынша дәйекті жұмыс аяқталады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының 2022 – 2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамына сәйкес мемлекеттің экономикаға қатысу үлесі ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін қысқарады – 2025 жылы ЖІӨ-нің 14 %-ы. Осылайша, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның ағымдағы қаржыландыру саясаты жеке сектор жобаларын басым қаржыландыру қағидатын ескереді;
2) ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына кредит беруге бөлінетін қаражаттың айналымдылығы: Ұзақ мерзімді жеңілдікті қаржыландыру кәсіпорындардың қаржылық тәртібіне теріс әсер етуі және нарықтық ортада неғұрлым бәсекеге қабілетті болу ынтасын жоюы мүмкін.
Қазіргі уақытта жобаларға кредит беруде проблемалар бар, айталық ЕДБ несие қоржынының ЖІӨ-ге қатынасы 2009 жылғы 56,7 %-дан 2020 жылдың қорытындысы бойынша 23 %-ға дейін төмендеді. Мұның себептері: кәсіпорындар кредиттерінің көптігі, қарыз алушылар активтерінің кепілге көп қойылуы, кепілзатпен қамтамасыз етудің болмауы, жеке инвесторлар үшін тартымдылық пен кепілдіктердің жоқтығы.
Жоғарыда аталған 1) және 2) тармақшалардағы проблемаларды шешу үшін жеткілікті өтімділік қана емес, сонымен қатар жеке инвесторлар үшін тартымды жаңа инвестициялық жобалардың едәуір көлемі болуы қажет.
Басым жобаларды кредиттеуді жүзеге асыру кезінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мемлекеттік қатысуды қысқарта отырып, жобаларды қаржыландыру құрылымына жеке инвесторларды барынша тартуға ұмтылатын болады. Осыған байланысты, бірлескен қаржыландыру (синдикатталған кредитті қоса алғанда) және кредиттер портфелін секьюритилендіру құралдары кең қолданыс табады. Мұндай құралдарды пайдалану жобаларды тиімді құрылымдау, бірлесе қаржыландырушы тараптар арасында тәуекелдерді бөлу, кәсіпорындарда менеджменттің бүкпесіздігі мен сапасына қойылатын талаптарды жақсарту есебінен бастамашылар үшін қаржыландырудың экономикалық құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Синдикатталған кредит беру ҚДБ мен ЕДБ-нің қатысуымен жүзеге асырылады. ҚДБ басты кредитор ретінде инвестициялық саты кезеңінде қарыз сомасының 70 %-ына дейін қаржыландыруға қатысады, ал қарыздың қалған сомасын ЕДБ береді. Кейіннен жобаның нысаналы көрсеткіштеріне (жобаның инвестициядан кейінгі фазасы) қол жеткізген кезде кредит үлесін ЕДБ пайдасына кезең-кезеңмен беру көзделеді.
Сонымен қатар, жеке инвесторлардың жобаларды қаржыландырудың бастапқы кезеңіне қатысуы олардың табысты іске асырылу ықтималдығын және қосымша сапалы сараптама мен бірқатар жағдайларда жаңа экономикалық байланыстарды енгізу есебінен өздері өндіретін өнімнің сұранысқа ие болуын едәуір арттырады. Өз кезегінде, қаржыландыру құрылымында ұлттық даму институты тұлғасындағы мемлекеттік әріптестің болуы жеке инвесторлардың бірлескен жобаларды іске асыруда ұзақ мерзімді мүдделілікке деген сенімі мен сенушілігін арттырады.
Осылайша, өзге де тең шарттармен жобаларды іріктеу кезінде жеке инвесторлар мен бастамашылардың өздерінің қатысу үлесі басым жобаларға артықшылық берілетін болады. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ бизнеспен бірлескен жобаларды тепе-тең негізде қаржыландыруды жүзеге асыруға ұмтылатын болады, сол арқылы тәуекелдерді тиімді бөліседі және қосымша жеке инвестицияларды тарту жолымен қаржылық тетіктің тиімділігін арттырады.
Басым инвестициялық жобаларға кредит беруге жеке қаржы ұйымдарының қаражатын көптеп тарту мақсатында кепілдік беру құралы қосымша дамитын болады. Бұл ретте кепілдік беру тетігін іске асыру жеке әріптестермен бірге тепе-тең шарттармен де жүзеге асырылатын болады.
Нәтижесінде, бұл шаралар мемлекеттік қаражаттың айналымдылығын арттыруға, осылайша республикалық бюджетке салмақты төмендетуге мүмкіндік береді. Қор нарығының құралдарын пайдалана отырып, жобаларды нарықтық қаржыландыруға көшіру мүмкіндігі қосымша қаралатын болады.
Бұдан басқа, жобаларды бірлесіп инвестициялау тетігі ҚКМ қатысуымен жүзеге асырылады. ҚКМ-ның тікелей инвестицияларының портфельдік қорлары бірлесіп инвестициялау туралы келісімдер шеңберінде халықаралық институционалдық инвесторлардан қосымша инвестициялар тарту мүмкіндігі бар, бұл басқа инвесторларға тікелей инвестициялар қорына қатыспай әлеуетті жоғары табысты инвестицияларға қатысуға мүмкіндік береді;
3) қарыз алуда құнның жоғары болуы: 2020 жылы "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ 415 млрд теңге мөлшерінде нарықтан қарыз тартты. 2017 жылғы желтоқсанда ҚДБ 100 млрд теңге сомасына ұлттық валютамен дебюттік еурооблигациялар шығарды. Осы қарыз бойынша пайыздық мөлшерлеме жылдық 9,5 %-ды құрады. Бұдан басқа, 2018 жылғы мамырда ҚДБ 100 млрд теңге сомасына теңгеде еурооблигацияларды қайта шығарды. Осы қарыз бойынша пайыздық мөлшерлеме 8,95 %-ды құрады. 2020 жылғы ақпанда ҚДБ 62,5 млрд теңге көлемінде теңгемен деноминацияланған еурооблигациялардың үшінші шығарылымын жүзеге асырды. Бағалы қағаздардың айналым мерзімі – 5 жыл, купондық мөлшерлеме – жылдық 10,75 %.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ және оның еншілес ұйымдары нарықтық қорландырудың неғұрлым қолжетімді көздерін іздестіру бойынша жұмыс істеуді, оның ішінде өзінің тұрақты даму рейтингін көтеру арқылы өзінің іскерлік беделін арттыру бағытында жұмыс істей отырып, тұрақты негізде жалғастырады;
4) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның мәмілелер іздестіру мен құрылымдаудағы реактивті тәсілі: тікелей қолдау ЕҰ деңгейінде іске асырылатындықтан, ағымдағы операциялық модельде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ кәсіпкерлермен тікелей өзара іс-қимылдың көлемі шектелген болуға тиіс. Бұл ретте, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ жылына 3-5 мәмілемен шектелетін ірі бизнес сегментіндегі жобаларды кешенді қолдау шеңберінде экономиканың басым секторларындағы қандай да бағыттарды қолдауға белсенді бастама жасайтын болады;
5) кросс-функционалдылық (кешенді қолдау): 2020 жылдың соңындағы жағдай бойынша кешенді қолдау шеңберінде Hyundai автокөліктерін шығару жобасы, ферросилиций өндіретін зауыт, сондай-ақ байыту зауытының құрылысы сияқты жобалар іске асырылуда. Бұл ретте "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ деңгейінде, оның ішінде "Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары – ұлттық чемпиондар 2.0" бағдарламасы шеңберінде үйлестіру және қатысу болған жағдайда, кешенді қолдау тәжірибесін кеңейтудің айтарлықтай әлеуетінің болуы атап өтіледі.
Бұл ретте ИИДМБ-ға сәйкес қолдау ұсыну үшін жобаларды іріктеу еңбек өнімділігін ұлғайту, өткізу нарықтарын кеңейту, сондай-ақ жобаларды іске асыру кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтудың ұлғаюын ескере отырып жүзеге асырылатын болады;
6) проблемалық активтер/жобалар: 2013 – 2015 жылдары "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ проблемалық активтермен/жобалармен жұмыс істеу үшін проблемалық активтердің/жобалардың едәуір үлесін ҚДБ-дан ҚИҚ-қа шығарды. ҚИҚ-қа берілген жобалардың бастапқы құны шамамен 326 млрд теңгені12 құрады, ал әділ құны 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 1,1 млрд теңгені құрады.
________________________________
12ҚИҚ-тың есептік деректері бойынша 2015 жылдың соңында ҚИҚ цессия шарттарына сәйкес ҚДБ пайдасына төлеуге тиіс берілген активтердің құны 326 млрд теңгені құрады.
2020 жылы "Агрохолдинг Жаңа-Бас" ЖШС ("Aizet farms" ЖШС) және "Қазақстан Инвест Көмір" АҚ ("ЭнергоИнвестТрейд" ЖШС) екі жобасы бойынша жалпы сомасы 767,8 млн теңгеге сауықтыру (қайта құрылымдау) жүргізілді.
Сондай-ақ 2020 жылдың ішінде жалпы сомасы 4,2 млрд теңгеге жасалған сатып алу-сату шарттары мен жалдау/несие/ҮҚШ шарттары бойынша бұрын салынған инвестициялардың қайтарылуы жүзеге асырылды.
Осыған байланысты "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ жұмыс істемейтін қарыздардан болатын шығындардың ықтималдығын барынша азайту үшін мәмілелердегі тәуекелдерді басқару тәсілдерін жетілдіру жұмыстарын жалғастыратын болады.
Бұған қоса, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ және оның еншілес ұйымы ҚКМ стрестік активтерді басқару үшін тәжірибелі GP тарта отырып, стресті активтердің қорларын құру және оларға инвестициялау, сондай-ақ осы сегментке басқа инвесторлардың қаражатын тарту арқылы проблемалық активтер нарығын сауықтыру жұмыстарын жүргізетін болады;
7) жеңілдікті қаржыландыруды алушылардың қарсы міндеттемелері: Алдыңғы тармақты іске асыру мемлекеттік қолдау шараларын алушылар тарапынан қарсы міндеттемелерді кеңейтуді талап етеді. Кредит шартын жасасу сатысында қарыз алушы мемлекеттік қаражатты нарықтық қаражатқа көшіру міндеттемесін қабылдауға тиіс болады.
Бұл ретте қолдаушы кәсіпорындар тарапынан қолданыстағы қарсы әлеуметтік-экономикалық міндеттемелер ұлттық жобалар мен 2025 жылға дейінгі Индустриялық-инновациялық даму тұжырымдамасының талаптарына сәйкес келтірілетін болады;
8) "Жасыл" қаржыны дамыту: "Қазақстан – 2050" стратегиясында елдің өндірістік активтерін жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес жаңарту, парниктік газдардың шығарындыларын 25 %-ға қысқарту, сондай-ақ энергия тұтынудың жалпы көлеміндегі баламалы және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану үлесін 2050 жылға қарай кемінде 50 %-ға жеткізу міндеті қойылған.
Ол үшін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ экономиканың "жасыл" жобаларының/басым "жасыл" салаларының өлшемшарттарын, осы жобаларды ынталандыру және қолдау тетіктерін айқындау жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ "жасыл" облигацияларды шығару жолымен нарықтық қаражат тартылатын болады;
9) қарыз алушы компаниялар құнының артуын ынталандыру: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ тұрақты және бәсекеге қабілетті кәсіпорындар құруға жәрдемдеседі. ҚДБ қарыз алушыларының және ҚКМ жобалық компанияларының құнын арттыру, сондай-ақ оларды жария компаниялар қатарына енгізу үшін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басқарудың үздік тәжірибелерін тарату, атқарушы органдардың бүкпесіздігін арттыру, сондай-ақ міндетті түрде қаржылық есептіліктің сапалы сыртқы аудитінің болуы талаптарын қою сияқты құралдарды әзірлеп, ұсыну жолымен қарыз алушы компаниялардың бүкпесіздігі деңгейін және ҚДБ-дан қарыз алушы компаниялар мен ҚКМ жобалық компанияларының еңбек өнімділігін арттыратын болады.
Бұл шара қарыз алушыларды өзінің өндірістік процесін үнемі жақсартуға, жаңа бәсекелес артықшылықтарды іздеуге, ұдайы өзгеріп отыратын жағдайларға тиімді бейімделуге мүмкіндік береді және қарыз алушы компаниялар құнының өсуіне ықпал етеді және салдары ретінде олардың сауда алаңдарындағы инвестициялық тартымдылығын арттырады;
10) жобаларға "топтамалық" қолдау көрсетуді қамтамасыз ету: Қарыздарды қайтару, шикізат жеткізу және жобалардың аутсорсингі тұрғысынан жеткізу тізбектерінде қолдауды ұлғайту жолымен ірі кәсіпорындарды ШОБ-пен қарым-қатынас жасауға ынталандыру қажет. Ол үшін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ жеңілдікті қаржыландыруды ұсыну кезінде қарсы міндеттемелерді қолданатын болады. Сондай-ақ қолдаудың топтамалық қағидаты және жобалық қаржыландыруды (синдикатталған қарыз және бірлескен инвестиция құралдары) дамыту арқылы ірі инвесторлардың (АӨК-тегі Tyson Foods, машина жасаудағы Chevrolet және т.б.) айналасындағы экожүйелер дамытылатын болады.
Елге ірі (зәкірлік) инвесторларды тарту үшін шикізат/жабдықты жеткізушілерден бастап өткізу арналарына дейінгі қосылған құн тізбегін құрудың тұрақтылығын қолдайтын кешенді тәсіл қажет.
Процестің барлық стейкхолдерлеріне: "зәкірлі инвесторға", қазақстандық жеткізуші компанияларға, ЕДБ-әріптестерге және тапсырыс берушілерге қолдау көрсетудің "топтама қағидатын" қолдану жобаны неғұрлым табысты және тиімді іске асыруға, инвестор жобасының айналасында экожүйе құру есебінен олар өндіретін өнімдер мен көрсетілетін қызметтерге сұранысты арттыруға ықпал ететін болады.
Ірі шетелдік "ойыншылардың" жобалары айналасында экожүйе құру шетелдік қатысушылармен жобаларды бірлесіп іске асыру шеңберінде әріптестер болып табылатын қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық қолдауға негізделетін болады. Бұл шаралар тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру мен өткізудің жаһандық тізбегіне енуге мүмкіндік береді, сондай-ақ Қазақстан экономикасына шетелдік компанияларды тартуға ықпал етеді.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының аумағындағы жобаларды іске асыруға ірі шетелдік және "зәкірлік" инвесторларды тарту жобаларды бірлесіп қаржыландыру арқылы іске асырылады, өйткені қаржыландыру құрылымында ұлттық даму институты тұлғасындағы мемлекеттік әріптестің болуы жеке инвесторлардың бірлескен жобаларды іске асыруда ұзақ мерзімді мүдделілікке деген сенімі мен сенушілігін арттырады.
Осылайша, құралдарды ұсынудың топтама қағидаты қолдау шаралары аясына кәсіпкерлердің кең ауқымын тартуға және қаржы ресурстарының айналымдылығын арттыруға ықпал ететін болады.
4.1.2 ШОБ сегментінде кәсіпкерлікті қолдау
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның ШОБ сегментінде кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қызметін ЕҰ – Даму, ҚДБ, KazakhExport, ҚКМ іске асырады, олар қаржылық (сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, ЕДБ кредиттеріне ішінара кепілдік беру, ЕДБ-де қаражатты шартты орналастыру, лизингтік қаржыландыру, экспорттық және экспорт алдындағы қаржыландыру, үлестік және борыштық қаржыландыру), сол сияқты қаржылық емес (жобаларды консультациялық сүйемелдеу) құралдар шеңберінде қолдау көрсетеді.
Соңғы бес жылда (2020 жылды қоспағанда) Қазақстанда ШОБ дамытудың оң серпіні байқалады. ЖІӨ құрылымындағы ШОБ үлесінің көрсеткіші 2014 жылғы 25,9 %-дан 2019 жылы 30,8 %-ға дейін өсті және COVID-19 пандемиясына байланысты 2020 жылы 31,6 % дейін аз өсімді көрсетті. Белсенді жұмыс істейтін субъектілер саны 6 жылда 1,5 есе ұлғайып, 2020 жылы 1,36 млн субъектіні құрады. ШОБ секторында жұмыспен қамтылған халықтың көрсеткіші артып, 2020 жылы 3,4 млн адамды құрады (төмендегі 3-суретті қараңыз). Мәселен, 2020 жылы DoingBusiness рейтингі көрсеткендей, "Кредиттер алу" (+35 позиция), "Кәсіпорындарды тіркеу" (+14 позиция), "Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу" (+9 позиция) сияқты позициялар бойынша жақсару есебінен Қазақстан 3 позицияға көтеріліп, 190 елдің арасынан 25-орынды иеленді және "Келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету" индикаторы бойынша позицияны сақтады (4-орын).
3-сурет. ШОБ-тың негізгі көрсеткіштер серпіні.
Дереккөз: ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы
Алайда, Қазақстанның ШОБ секторын дамытуда айтарлықтай әлеуеті бар. ШОБ секторының даму деңгейі Аргентина, Бразилия, Оңтүстік Африка және Қытай сынды дамушы елдерге қарағанда айтарлықтай төмен болып қалуда. Дамушы елдердің ЖІӨ құрылымындағы ШОБ үлесінің орташа көрсеткіші 42 %-ға тең, ал жұмыспен қамтылғандардың үлесі ел халқының жалпы санының 64 %-ын құрайды. Қазақстанның ЖІӨ құрылымындағы ШОБ үлесінің көрсеткіштері дамушы елдердің орташа көрсеткішінен 1,4 есе төмен (2020 жылдың қорытындысы бойынша 31,6 %), ал ШОБ-та жұмыспен қамтылғандардың үлесі республиканың экономикалық белсенді халқының 39 %-ына тең, бұл орташа көрсеткіштен 1,6 есеге дерлік төмен.
Қазақстандағы ШОБ дамуын қаржыландыруды шектейтін негізгі факторлар ШОБ секторындағы кәсіпкерлерді шектеулі қамту (саны бойынша), орта бизнестің қосалқы сегментіне даму институттарының тарапынан қолдаудың бағдарлануы, мемлекеттік қолдаудың жеткіліксіздігі, даму институттарының тарапынан қаржылық қолдау құралдарындағы ынталандырушы құрамдас бөліктің жоқтығы, сондай-ақ ЕДБ кредиттеуінің жоғары мөлшерлемелері болып табылады.
Микро-, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ЕҰ-ның негізгі қаржы құралдары ЕДБ-да қаражатты шартты орналастыру, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кредитке кепілдік беру болып табылады.
2020 жылы ШОБ субъектілеріне қолдау көрсетілген кредиттік портфельдің жалпы көлемі 1 680 млрд теңгені құрады. "Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау" құралы бойынша кредиттік портфельдің көлемі 1197,1 млрд теңгеге тең болды және көрсетілген қолдаудың 71 %-ын құрады. Осы бағыт бойынша 14679 субъектіге орташа қолдау мөлшері 81,6 млн теңге болатын қаржылық қолдау көрсетілді.
4-сурет. Қаржылық қолдау құралдары және олардың негізгі көрсеткіштері
Дереккөз: Дамудың жылдық есептері
Қолдаудың орташа мөлшері шағын бизнестің орташа жылдық түсімінен 3 есе артық, осыны негізге ала отырып, қаржылық қолдаудың негізгі бөлігі орта кәсіпкерліктің қосалқы-сегментіне бағытталғанын, ал дара кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары мен шағын кәсіпорындар қажетті қаржыландыруды алмай отырғанын болжамдауға болады. Төмендегі 5-суретте микро-, шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны, шығарылатын өнімнің көлемі және әрбір қосалқы-сегментте жұмыспен қамтылғандар саны көрсетілген. Осы деректердің негізінде шығарылатын өнім көлемінің 78,2 %-ы және жұмыс орындарының 89,2 %-ы микро- және шағын бизнес субъектілеріне жататынын көруге болады.
Осылайша, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ЕҰ құрылатын жұмыс орындары мен шығарылатын өнім көлемін ұлғайту тұрғысынан барынша әсерге қол жеткізу үшін ШОБ сегментінде кәсіпкерлікті қолдау бағытында қолдаудың қаржылық құралдарын көбінесе микро- және шағын бизнестің қосалқы-сегменттеріне бағдарланатын болады.
Ол үшін Даму апекстік тетіктер арқылы микроқаржы ұйымдары арқылы микро-, шағын бизнесті қолдауды жүзеге асыруды, сондай-ақ қаражат тарту мен орналастыру және 180 млн теңгеге дейінгі кредиттерді субсидиялау бойынша бизнес-процестерді автоматтандыруды жалғастырады.
Мемлекет басшысының ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында ҚР ҰБ қаражаты және оның басқаруындағы қаражат есебінен екінші деңгейдегі банктерге 1 трлн теңге бөлінді. Өз кезегінде, кәсіпкерлердің борыштық жүктемесін төмендету үшін Даму Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялайды.
5-сурет. 2020 жылдың ішінде жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны, шығарылатын өнім көлемі және сегменттер бойынша мөлшерде жұмыс орындарының саны.
Дереккөз: ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ЕҰ-ның ШОБ-ты қаржылай қолдаудың шараларын көрсету кезінде өзінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін ұлғайту жөнінде қолдау көрсетілетін кәсіпорындар тарапынан қарсы міндеттемелердің тетіктері көзделетін болады.
Қалыптасқан макроэкономикалық жағдайда қайта қаржыландырудың жоғарғы мөлшерлемесі кезінде арнайы бағдарламалар бойынша (оның ішінде халықаралық қаржы ұйымдарымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлескен Даму бағдарламалары бойынша) ЕДБ тарапынан ШОБ кредиттеу мөлшерлемесі 6-дан 18 %-ға дейін құрайды. ШОБ құрылатын және дамитын салаларда маржиналдылық деңгейі кейде кредиттеу мөлшерлемесінен аздап асып кетеді, яғни қарыз қаражатының есебінен бизнестің өсу және даму мүмкіндіктері қатты шектелген.
Бұл ретте "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" және Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаларға сәйкес қолдау көрсету үшін жобаларды іріктеу еңбек өнімділігін арттыруды, өндірісті жаңғырту мен кеңейтуді, сондай-ақ іске асырылатын жобалардың тиімділігін ескере отырып жүзеге асырылатын болады.
Шағын және орта бизнеске қаржыландыру көздерін, инвестициялық мүмкіндіктерді, инвесторларды және қолда бар үлестермен/акциялармен қайталама сауда-саттықты іздестіру үшін капитал нарығына қолжетімділікті беру мақсатында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Қазақстан қор биржасымен (бұдан әрі – KASE) бірлесіп, 2018 жылғы 15 маусымда құрылған шағын және орта бизнес субъектілеріне жария компания мәртебесін алу қажеттілігінсіз қаржыландырудың балама көзі "ЖШС" ұйымдық-құқықтық нысанында беруге арналған сауда алаңын (private market) одан әрі жетілдіруді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, KASE-мен бірлесе отырып:
1) әлеуетті инвесторларды шақыра отырып, ШОБ жобаларын алдын ала таныстыруға арналған алаңдар;
2) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ жобаларының ақпаратын орналастыру үшін "Digital Baiterek" базасында онлайн витрина;
3) KASE-де пилоттық жобалардың листингін ұсыну мәселесі пысықталатын болады.
Бұдан басқа, ШОБ-ты қолдау мақсатында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ бірқатар мынадай:
1) екінші деңгейдегі банктер арқылы қаржыландыру жолымен орташа мөлшердегі жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;
2) кәсіпорындарда жаңа технологияларды, бизнес жүргізу әдістерін, бизнес моделін (қашық/үйдегі кеңсе, онлайн-оқыту, бірлескен әзірлемелер және электрондық коммерция) енгізуді қолдау;
3) ірі кәсіпорындарды жеткізу тізбегінде қолдау арқылы оларды ШОБ-пен қарым-қатынас жасауға ынталандыру;
4) пакеттік қолдау қағидаты арқылы ірі инвесторлардың айналасында экожүйелерді дамыту: ЖСҚ әзірлеу, жеңілдікті қаржыландыру, үлестік қаржыландыру және экспорттық қолдау;
5) Дамудың әлеуметтік-экономикалық әсері жоғары жобаларына басымдық беру шараларын қабылдайтын болады.
4.1.3 Экспорттық әлеуетті арттыру
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қойған басым міндеттердің бірі экспортты қолдау құралдарын жетілдіру, қазақстандық тауарлардың сыртқы нарықтарға шығуы үшін жағдай жасау қажеттілігі болып табылады. Сингапур Республикасы, Таиланд Корольдігі, Малайзия Федерациясы сияқты елдердің тәжірибесі экспортқа бағдарланған стратегиялардың артықшылықтарын көрсетіп отыр, тауарларды сыртқы нарықтарға шығару осы елдердің қарқынды экономикалық өсуіне ықпал етті.
2015 жылғы желтоқсанда Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі – ДСҰ) кірді, бұл қазақстандық кәсіпкерлерге ұлттық нарықтарды қорғайтын кедергілерді төмендету жағдайында бүкіл әлемнің өндірушілерімен бәсекелесу міндетін қояды. Атап айтқанда, ДСҰ қағидалары экспорттаушыларға арналған кредиттер бойынша жол берілетін ең аз мөлшерлемелерді белгілейді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында отандық кәсіпкерлік пен өңдеуші өнеркәсіпті қолдауға бағытталған шаралар кешені жүйелі түрде іске асырылуда.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 2017 жылғы 31 қаңтардағы "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына Жолдауында бәсекеге қабілетті экспорттық өндірістерді дамытуға екпін беріле отырып, индустрияландыру саясатының басым бағыты айқындалған. Осыған байланысты 2025 жылға қарай (2019 жылғы деңгейге) шикізаттық емес экспорт көлемін екі есеге ұлғайту үшін жағдай жасауға бағытталған "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасы әзірленді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауында: "...Кәсіпорындарымызды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін жаңа құралдарды әзірлеп, сыннан өткізу қажет ..." деп айтылғандай, индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің флагманына айналуға тиіс.
2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасының арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы экспортқа бағдарланған индустрияландыру экономикалық саясаттың орталық элементі болуға тиіс екенін атап өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының Үкіметіне экспорттық қолдауды күшейту мақсатында идеядан нәтижеге дейін мақсатты қолдауды қамтамасыз ету үшін шикізаттық емес орта кәсіпорындарға бағытталған экспорттық акселерация бағдарламасын іске қосуды тапсырды. Қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын жаңа әлемдік жағдайда ілгерілету жұмысы Үкімет үшін басым бағытқа айналуға тиіс.
Қазақстанның экспорттық әлеуетін ынталандыру, сондай-ақ жоғары қосылған құнға бағдарланған экспортты әртараптандыру бойынша қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында KazakhExport қызметінің стратегиялық маңызды бағыты экспорттаушыларды қаржылық қолдауды күшейту болады.
ИИДМБ шеңберінде экспорттық-кредиттік агенттік (бұдан әрі – ЭКА) ретінде KazakhExport мәртебесін арттыру мақсатында KazakhExport 2020 жылдан бастап сақтандыру төлемдерін кепілдендіру тетігі арқылы жұмыс істей бастады (төлемдері заңды тұлғаның меншікті қаражаты жеткіліксіз болған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша).
Мемлекеттік кепілдіктің болуы KazakhExport сенімділік дәрежесін және тиісінше халықаралық қаржы институттары мен шетелдік ЭКА тарапынан оған деген сенімді арттырады. Бұл факт аталған халықаралық қаржы институттары мен шетелдік ЭКА-ның KazakhExport-пен ынтымақтастығын ынталандырады.
ИИДМБ шеңберінде тәуекелдерді сақтандыру бойынша сыйымдылықты, ірі жеткізілімдер мәмілесіне және/немесе мәмілелерге көрсетілген қолдаудың ең жоғары мөлшерін одан әрі ұлғайту, сондай-ақ KazakhExport қаржылық тұрақтылығын қолдау мақсатында KazakhExport жарғылық капиталын 55 млрд теңге сомасына ұлғайту көзделген. KazakhExport жарғылық капиталын 160 млрд теңгеге дейін ұлғайту ірі экспорттық мәмілелер кезінде андеррайтинг тәуекелін 95 млн АҚШ доллары немесе капитал мөлшерінің 25 %-ы мөлшерінде бақылауға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, экспортты ілгерілету жөніндегі агенттіктердің халықаралық тәжірибесін негізге ала отырып, шикізаттық емес сектордың отандық тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қаржы институттары беретін сақтандыру қорғауын қамтамасыз ете отырып, экспорттық операцияларды қаржыландыру кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды енгізу қажет.
Бұл шаралар корпоративтік басқару жүйесінің, тәуекелдерді басқару жүйесінің, есеп саясатының стандарттарын пысықтау, сондай-ақ KazakhExport қызметкерлерінің штатын күшейту түріндегі дайындықты талап етеді.
Жалпы алғанда, экспорт географиясы кеңейеді және басым әрі жоғары мүдделі елдердегі әріптестер мен клиенттерді ұлғайту үшін KazakhExport-тың шетелдік және өңірлік қатысу арқылы белсенді жұмыс жүргізетін болады. Жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатқа сәйкес экспорттаушыларға тиімді және сапалы қолдау көрсету үшін KazakhExport-ты дамыту бойынша ішкі рәсімдер жүргізілетін болады. Айталық, білім мен дағдыларды дамыту арқылы адами ресурстардың сапасын арттыру, Қазақстанның өңірлерінде семинарлар мен тренингтер өткізу маңызды фактор болып табылады.
KazakhExport бизнес-процестерін цифрландыру шеңберінде клиенттердің көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуін арттыру үшін қызметті оңтайландыру және автоматтандыру жұмысын жүргізетін болады.
Бұдан басқа, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мынадай шараларды қабылдайды:
1) отандық экспорттаушыларға қажетті бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін төмен мөлшерлеме бойынша отандық ТЖҚ сатып алуы үшін ҚДБ арқылы бейрезидент импорттаушыларды қаржыландыру құралын қорландыру тетігін пысықтау;
2) жаңа экспорттаушылар санын арттыру үшін экспорттаушыларды пакеттік қолдау, өсіру (KazakhExport, ҚКМ, ҚДБ, Даму);
3) Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 31-тармағын іске асыру шеңберінде мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын алушы экспорттаушылар үшін валюталық түсімнің бір бөлігін айырбастау түрінде қарсы міндеттемелерді енгізу мүмкіндігін пысықтау шараларын қабылдайды.
4.1.4 Үлестік қаржыландыру экожүйесін дамыту (private equity)
Венчурлік қаржыландыру және инновациялар нарығын дамыту
Венчурлік қаржыландыру – стартаптарға, дамудың ерте сатысындағы компанияларға және өсу әлеуеті жоғары немесе жоғары өсу қарқынын көрсеткен дамушы компанияларға венчурлік капитал фирмалары немесе қорлары беретін тікелей инвестициялар (бұдан әрі – ТИ) нысанындағы қаржыландыру құралы.
2020 жылы венчурлік мәмілелерге инвестициялар көлемінің өсуі Еуропада (16,6 %, 49 млрд АҚШ долларына дейін), Солтүстік Америка (13 %, 156,2 млрд АҚШ долларына дейін), Азияда (40 %, 79,7 млрд АҚШ долларына дейін) байқалды. 2020 жылдың 4-тоқсанында АҚШ-тағы венчурлік капитал финтехті, денсаулық сақтауды және биотехнологияны, сондай-ақ көлікті қоса алғанда, ағымдағы пандемияға қатысы бар түйінді секторларға бұрынғыша шоғырланды. Аталған секторларға тоқсандағы ең ірі қаржыландыру кезеңдерінің көпшілігі тиесілі болды, оның ішінде Resilience (725 млн АҚШ доллары), Robinhood (668 млн АҚШ доллары), Chime (533 млн АҚШ доллары), Nuro (500 млн АҚШ доллары)), Tempus Labs (450 млн АҚШ доллары) және Hippo Insurance (350 млн АҚШ доллары).
Әлемдік практикада венчурлік бизнес инновациялық әзірлемелер мен технологияларды коммерцияландыруды қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады. Бұл ретте, әлемдегі венчурлік капитал нарығын дамытуда басты рөлді бірінші кезеңдерде венчурлік қорларды бірлесіп қаржыландыру, инновациялық фирмалар мен венчурлік кәсіпорындар үшін жеңілдіктер беру және салық ауыртпалығын төмендету арқылы мемлекет жүзеге асырады.
Қазақстанда венчурлік қаржыландыруды дамыту және жоғары технологиялы компанияларды инкубациялау инновациялық кәсіпкерліктің тиімділігін арттырудағы өзекті міндеттердің бірі болып қала береді. Мемлекеттің барлық күш-жігеріне қарамастан, Қазақстанда технологиялық кәсіпкерлікті венчурлік нарықтың сенімді инфрақұрылымының болмауына және венчурлік дамыту қорлар санының жеткіліксіз болуына байланысты бастапқы сатысында тұр.
Саланы дамытуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне венчурлік қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Венчурлік инвестицияларды қолдаудың тиісті құралдары әзірленді.
ҚКМ халықаралық қорлардың қоры және "Emerging Markets Private Equity Association" халықаралық тікелей инвестициялар қауымдастығының мүшесі ретінде жаһандық венчурлік қорлармен ынтымақтастық жасау мүмкіндігіне ие, бұл алдағы уақытта қазақстандық жобалардың жаһандық нарықтағы тартымдылығын арттыруға көмектеседі. ҚКМ ерте кезеңдердегі (бастапқыдан кейін) және өсу сатыларындағы инвестициялауға көңіл қоя отырып, венчурлік қаржыландыру сегментін дамытуға қатысатын болады.
Жобаның бастапқы сатыларында инвестициялар өте тәуекелді және сәтсіздіктер пайызы жоғары болатындықтан, венчурлік инвестициялар бастапқыдан кейінгі кезеңде салынады, сол сияқты қолданыстағы, неғұрлым перспективалы инновациялық жобаларға нарықта кеңінен тарату кезеңінде де салынатын болады.
Венчурлік қаржыландыру бағытын дамыту шеңберінде ҚКМ жеке венчурлік қорларды бірлесіп қаржыландыру бағдарламасының операторы ретінде әрекет етеді, оларды сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, инновациялардың жаһандық экожүйесіне біртіндеп кірігуді қамтамасыз ету үшін венчурлік нарықтың кәсіби қатысушылары қызметінің стандарттарын, үздік практикаларын және талдамалық шолуларын таратуға жәрдемдесетін болады. Бұған венчурлік қорларды құру және оған қатысу, серіктестердің кең желісін құру және жобалар пулын кеңейту арқылы қол жеткізіледі.
Сондай-ақ "Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары – ұлттық чемпиондар 2.0" бағдарламасы шеңберінде сервистік-технологиялық консалтинг қызметтері, атап айтқанда, жобалардың технологиялық аудиті, технологиялық сараптау және жобаларды сүйемелдеу қызметтері көрсетілетін болады.
Бұдан басқа, В2В форматында (бизнеске арналған бизнес) технологиялық брокерлік қызметтері іске асырылатын болады, оның ішінде олар мыналарды қамтиды: кәсіпорынның технологиялық міндетін шешу үшін технологияны немесе әзірлеушілер командасын іздеу және іріктеу, технологиялық ынтымақтастық үшін әріптестерді іріктеуге көмек көрсету, қызығушылық танытылған технологиялар жеткізушілерімен келіссөздер жүргізу/сүйемелдеу және басқалары.
Сондай-ақ инновациялық экожүйені дамыту және кәсіпорындар үшін тартымды жағдайлар жасау шеңберінде технологиялық дамуға инновациялық ваучерлер беру, корпоративтік инновацияларды дамыту, технологиялық скаутинг пен хакатон жүргізу бойынша шаралар қабылданатын болады.
Технологиялық трендтер мен инновациялық шешімдерді айқындау мақсатында форсайт құралын қолдана отырып, ақпараттық-талдамалық қызметтер көрсетілетін болады.
Агроөнеркәсіптік кешен жобаларының инновациялылығын бағалаудың бірыңғай тәсілдерін айқындау үшін QazTech Ventures әдістеме әзірледі, оның көмегімен жобалардың инновациялылық дәрежесіне жүргізілген бағалау негізінде ауыл шаруашылығы субъектілеріне қаржылық қолдаудың әртүрлі құралдарын ұсынуға, оның ішінде жобаның инновациялылығы дәрежесіне байланысты жеңілдікті кредит беруге болады. Сондай-ақ, АӨК субъектілерінің технологиялық құзыреттерін арттыру мақсатында QazTech Ventures жобаларға технологиялық сараптама жүргізу, кәсіпорынның технологиялық қайта жарақтандыруға дайындығын зерттеу және жоба шығындарын мониторингтеу және басқару арқылы жобаларды сарапшылық-технологиялық сүйемелдеу қызметтерін ұсынады.
Үлестік қаржыландыру нарығын дамыту
Капиталдандыру, елдің инфрақұрылымы мен жаңа технологияларды дамыту көзі бола отырып, шетелдік инвестициялар Қазақстан экономикасында ерекше рөл атқарады. Қазақстан Республикасының экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту, сондай-ақ оларды тиімді пайдалану жаңа жұмыс орындарын және қосылған құны жоғары жаңа инновациялық кәсіпорындарды құрады.
2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың (бұдан әрі – ТШИ) жалпы ағыны 17,1 млрд АҚШ долларын құрады (2019 жылы 24,1 млрд АҚШ доллары). Қазақстанға тікелей инвестициялардың негізінен мұнай-газ секторы мен металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарына салынуы жүзеге асырылды. 2020 жылы Қазақстанның негізгі тікелей инвестор елдері Нидерланды (шетелдік тікелей инвестициялардың жалпы түсімдерінің 30,1 %-ы), АҚШ (13,1 %), Швейцария (10,4 %), Ресей Федерациясы (7,1 %) және Қытай (5,6 %) болды.
6-сурет. Қазақстан Республикасына тікелей шетелдік инвестициялар, 2010-2020 жж.
Дереккөз: ҚР ҰБ
Қазақстандағы ТШИ нарығындағы қызмет тарихи тұрғыдан 3 негізгі секторда шоғырланған: энергетика (21 %), қаржылық көрсетілетін қызметтері (15 %) және пайдалы қазбаларды өндіру (11 %). Бұл секторлар жасалған мәмілелер саны тұрғысынан елеулі болып табылады және оларға Қазақстандағы инвестициялардың жалпы көлемінің айтарлықтай үлесі тиесілі.
Мандаттары шикізаттық емес секторларды дамытуға бағытталған мемлекеттік және квазимемлекеттік қорлардың құрылуымен энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік секторларына инвестициялар соңғы 5 жылда ұлғая бастады.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ компаниялары тобының арасында тікелей инвестициялар (бұдан әрі – ТИ) нарығындағы негізгі ойыншы ҚКМ болып табылады, оның міндеттері ТИ тарту және тікелей инвестициялар қорлары (бұдан әрі – ТИҚ) арқылы үлестік қаржыландыруды ұсыну жолымен Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады. ҚКМ әрі қарай өсу және бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында инвестиция салады және ТИ қорларын халықаралық институционалдық инвесторлармен, тәуелсіз қорлармен және халықаралық қаржы ұйымдарымен әріптестікте басқарады.
ҚКМ мемлекеттік экономикалық саясаттың басым бағыттарына сәйкес келетін компанияларға қолдау көрсетеді. 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша он бес қордың он бірінің ИИДМБ-ның барлық басым секторлары қамтылатын Қазақстан Республикасының аумағындағы жобаларға инвестициялау бойынша толық немесе ішінара мандаты бар.
ҚКМ негізгі салалардағы іскерлік байланыстар желісін дамыту, кэптивті қорлармен бірлескен жұмыс және инвестициялық активтерді сатып алуда GP командаларын қолдау арқылы портфельдік компаниялардың қосымша құнын құруға бағдарланған.
Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу шеңберінде ҚКМ елдің экономикалық әртараптандырылуына ықпал ете алатын нарықта көшбасшы бизнестер құру үшін ТИ әлеуетін жұмылдырады: өңірлік нарықта үлкен әлеуеті бар ШОБ-қа бағдарланады; және ESG мойындаған экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық стандарттарға негізделген тұрақты бизнесті дамытуға ықпал етеді.
2020 жылдың соңында ҚКМ қатысатын тікелей инвестициялар қорларының саны, жалпы 2,8 млрд АҚШ долларына капиталдандырылған 15 қорды құрады. Қорлар әртүрлі салалар мен инвестициялық бағыттардағы жобаларға бағытталған. ҚКМ инвестицияларының ең көп үлесі көлік және логистика (34 %), энергетика (22 %) және азық-түлік өндірісіне (12 %) тиесілі.
Елдегі ТИ нарығын одан әрі дамыту Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға, ТИ жаһандық нарығындағы капиталға қол жеткізуге ықпал етеді және нарықта жетекші компаниялар құруға мүмкіндік береді, олар өз кезегінде экономикалық әртараптандыруға одан әрі ықпал ете алады.
Стресті активтер нарығын дамыту
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 11 мамырдағы Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында айтқан тапсырмасына сәйкес жұмыс істемейтін активтердің өркениетті нарығын құру қажет.
Қазақстандағы стресті активтер нарығында қатарында мамандандырылған қор басқарушылары тұлғасындағы белсенді қатысушылар жоқ. Алайда, стресті активтер нарығының көлемі айтарлықтай үлкен және даму үшін әлеуеті жоғары. Ол негізінен коммерциялық банктер мен мемлекеттік қорлардан тұрады ("Проблемалық кредиттер қоры" АҚ және "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ).
Қазақстандағы стресті активтер нарығының 2016 – 2018 жылдары экономикалық құлдыраудан және қарыз алушылардың тиісінше басқармауынан туындаған өсімді көрсетті. 2018 жылдың соңындағы жағдай бойынша нарықтың көлемі 780 млрд теңгені құрады (2017 жылмен салыстырғанда 3,4 %-ға артық).
Коронавирус инфекциясының өршуі, ұлттық валютаның құнсыздануы және мұнай бағасының төмендеуі сияқты жуырдағы экономикалық шиеленістерден кейін 2020 – 2021 жылдары банк секторындағы жұмыс істемейтін қарыздар жағдайының нашарлауы және салдарынан стресті активтер нарығының кеңеюі күтілуде.
Сарапшылардың пікірінше, ШОБ, атап айтқанда, жылжымайтын мүлік, ауыл шаруашылығы, экспортқа және импортқа бағдарланған (мұнай-газ, көлік, сауда) салаларда жұмыс істейтіндер ең осал болып табылады. Олардың айтуынша, соңғы уақытта кредиттердің көпшілігі COVID-19 әсерінен қайта құрылымдалды, негізінен олар сауда, әуе тасымалы, ойын-сауық, туризм, мейрамхана бизнесі және басқа салаларда жұмыс істейтін клиенттердің қарыздары.
Алайда, қазіргі уақытта стресті активтер нарығына жақсы ойластырылған нормативтік базаға, жұмыс істемейтін қарыздарды қалпына келтіретін инфрақұрылымға және мемлекеттік қорлар мен ЕДБ арасындағы ынтымақтастықты жақсарту үшін коммерциялық жағдайларға қатысты құрылымдалған әдіснамаға мұқтаж екенін атап өткен жөн.
Стресті активтер нарығын сауықтыру мақсатында ҚКМ стресті активтер қорларына қатысатын болады, олар өз кезегінде стресті активтерге, оның ішінде өз борыштарын өтей алмайтын компаниялардың немесе өтімділікпен проблемалары бар және қайта құрылымдап, операциялық өзгерістерді жүзеге асыру үшін қосымша капиталды қажет ететін компаниялардың борыштық міндеттемелеріне инвестициялайтын болады. Осы сегментке инвестициялау үшін бөлінген қаражаттың қолжетімді капиталын тиімді басқару үшін ҚКМ қайта құрылымдау есебінен пайда алу мақсатында сенімді бизнес-моделі және елеулі ішкі құны (intrinsic value) бар компанияларға инвестициялайтын тәуелсіз және тәжірибелі GP тартуды жоспарлап отыр.
Инфрақұрылымдық активтер нарығын / МЖӘ-ні дамыту
Инфрақұрылымдық нарық салыстырмалы түрде әлемдік тікелей инвестициялар нарығының шағын бөлігін білдіреді, алайда инфрақұрылымдық инвестициялық жобалардың тұрақты жоғары табыстылығының арқасында осы сектордың басқаруындағы активтердің көлемі ұдайы артуда. Бұл ретте инфрақұрылымның негізгі артықшылығы осы сектордың басқа активтермен корреляциясының төмен болуына, инфляциядан хеджирленуімен және кірістердің сенімді ағынын қамтамасыз ететіне негізделеді.
Инфрақұрылымдық инвестициялар негізінен МЖӘ арқылы жүзеге асырылады. Тұтастай алғанда, МЖӘ – бұл бір жағынан мемлекеттік әріптестің және екінші жағынан жеке меншік әріптестің инфрақұрылымды дамытуға жеке инвестицияларды тарту мақсатында белгілі бір мерзімге заңды түрде ресімделген және ресурстарды біріктіруге, тәуекелдерді бөлуге негізделген ынтымақтастығы.
"Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы" акционерлік қоғамының деректері бойынша 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда жалпы сомасы 1,8 трлн теңгеге 813 шарт жасалған, 601 жоба пайдалануға берілді және 300 млрд теңге инвестиция тартылды.
Соңғы 5 жылда Қазақстандағы инфрақұрылым нарығындағы инвестициялар көлік және логистика саласында шоғырланды. Мемлекеттің және халықаралық қаржы ұйымдарының (бұдан әрі – ХҚҰ) негізгі демеушілер ретінде белсенді қатысуы және жеке инвесторлардың жекелеген сегменттерге (жол құрылысы, жаңартылатын энергия көздері және денсаулық сақтау) біршама қатысуы байқалады.
МЖӘ тетігі салыстырмалы түрде Қазақстан үшін жаңалық болып табылады, тарихи жобаларды қаржыландыру саны мен мөлшері шектеулі. Муниципалитеттердің коммерциялық бағдарланған инфрақұрылымдық жобаларда жеткілікті құзыретінің болмауы МЖӘ тетігін дамыту проблемаларының бірі болып табылады.
Тұтастай алғанда, Қазақстанда транзиттік инфрақұрылымды, энергетиканы, әлеуметтік, сондай-ақ коммуналдық құрылысты қоса алғанда, барлық бағыттар мен секторларда инфрақұрылымдық инвестициялар нарығының белсенділігі байқалады. Елдің қолайлы геосаяси орналасуына, жол, теміржол және су арналарының болуына байланысты, транзиттік инфрақұрылым инфрақұрылымдық құрылыстың неғұрлым перспективалы бағыттарының бірі болып отыр.
Әлеуметтік инфрақұрылымға сұраныстың артуы медицина және білім беру салаларында МЖӘ жобаларын іске асыру үшін мүмкіндіктер ашады. Ауруханалар салу саласындағы МЖӘ жобалары тіркелген және бюджетпен қорғалған күрделі шығындар өтемақысын, операциялық және басқару алымдарын, сондай-ақ әртүрлі салықтық субсидияларды қоса алғанда, инвесторларға тиімді шарттарды ұсынады.
Сондай-ақ тұрақты энергетика мемлекет үшін негізгі ұзақ мерзімді басымдық болып қала беретінін және қазіргі уақытта үкімет жеке инвесторлар үшін жаңартылатын энергия көздері секторында тартымды инвестициялық шарттар ұсынатынын атап өткен жөн.
Одан әрі даму үшін нарықтың әлеуетін ескере отырып, ҚКМ жергілікті институционалдық инвесторларды тарта отырып, жоғарыда көрсетілген салалардағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағдарланған қор/платформалар құру арқылы инфрақұрылымдық активтер нарығын дамытуға ықпал ететін болады.
Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген салаларда жобаларды құрылымдау және жобалау алдындағы құжаттаманы әзірлеу мәселелері бойынша консультациялық қолдау көрсету жүзеге асырылады.
4.2. Қызметтің 2-ші стратегиялық бағыты. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 52-тармағына сәйкес портфельдік компанияларды екі есе қысқартып және штат санын тиісінше түзете отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметіне "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ біріктіру жолымен бірыңғай даму институтын құру тапсырылды.
Осыған байланысты "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ біріккен холдинг ретінде 2021 жылдан бастап АӨК-ті дамыту жөніндегі ұлттық жобада белгіленген міндеттер шеңберінде агроөнеркәсіптік кешеннің шикізаттық бағытын дамытуды көздейді. Сонымен бірге "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ-мен біріккенге дейін АӨК-ге ИИДМБ-ны және "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – "БЖК-2025") (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысы) іске асыру шеңберінде қайта өңдеу, оның ішінде агрохимия және тамақ өнеркәсібі бойынша қаржылық қолдау көрсетті.
Бұған дейін "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ "Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысына сәйкес құрылды. "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ-ның басқаруына 7 ұйымның – "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҚАҚ), "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – АНК), "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ), "ҚазАгроКепіл" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚазАгроКепіл" АҚ), "Қазагромаркетинг" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Қазагромаркетинг" АҚ), "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ акционерлік қоғамы (бұдан әрі – АШҚҚҚ), "ҚазАгроӨнім" акционерлік қоғамы акциялары (бұдан әрі – "ҚазАгроӨнім" АҚ) берілді. "Қазагромаркетинг" АҚ 2017 жылы "Қазагромаркетинг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – "ҚазАгроМаркетинг" ЖШС) болып қайта құрылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген 2019 жылғы 23 шілдедегі тапсырмасын орындау, Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия 2019 жылғы 13 қыркүйекте мақұлдаған және "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 23 қарашадағы шешімімен бекітілген "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ-ның Трансформациялау бағдарламасы шеңберінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ны оған "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ-ны қосу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ-ның еншілес ұйымдарының саны 3 ұйымды құрады – ҚАҚ, АНК, АШҚҚҚ.
Бұған дейінгі жұмыс былайша жүргізілді.
"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық корпорациясы" АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 326 қаулысымен республикалық меншікке берілді. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес АҚ-ның (бұдан әрі – "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ) 2019 жылғы 4 қазандағы № 3431 бұйрығы негізінде "Қазагромаркетинг" ЖШС өз қызметін тоқтатты. "ҚазАгроӨнім" АҚ "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ-тың 2020 жылғы 17 наурыздағы № 3621 бұйрығы негізінде АНК-ге қосылу жолымен өз қызметін тоқтатты. "ҚазАгроКепіл" АҚ "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ-тың 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 6187 бұйрығы негізінде АШҚҚҚ-ға қосылу жолымен өз қызметін тоқтатты.
4.2.1 Агроөнеркәсіптік кешендегі ағымдағы жағдай
Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудегі жалпы көлемі (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы өнімдері) 2012 жылдан бастап тұрақты өсуде.
*2020 жылдың 12 айындағы деректер
7-сурет. Ауыл шаруашылығындағы өндіріс серпіні, млрд теңге
Дереккөз: ҚР Ұлттық статистика бюросы
Біртіндеп өсу қарқындары жағдайында мал шаруашылығында, өсімдік шаруашылығында негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары өнімділігінің ауытқуына әсер ететін табиғи-климаттық факторларға жоғары тәуелділік байқалады (2011 жылғы астық түсімінің рекордтық деңгейі аясында 2012 жылғы төмен өнімділік ауыл шаруашылығындағы нақты өндіріс көлемі индексінің жалпы 21,6 %-ға төмендеуіне әкеп соқтырды).
Саладағы оң үрдістерге қарамастан, Қазақстанның ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығы дақылдары шығымдылығының және ауыл шаруашылығы жануарлары өнімділігінің жоғары болмауымен, еңбек шығындары көп ескірген технологиялардың пайдаланылуымен, сала субъектілерінің инновациялық белсенділігінің төмендігімен негізделген еңбек өнімділігінің төмен болуымен сипатталады.
Салада ауыл шаруашылығы техникасы жаңартуды қажет етеді, олардың тозу деңгейі 80 %-ға жетеді. Ауыл шаруашылығы техникасының басым бөлігі 1991 жылға дейін шыққан. Республикада ауыл шаруашылығы техникасын жаңартудың жыл сайынғы қарқыны шамамен 2 % деңгейінде, бұл Ресей Федерациясындағы – 4 %, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) елдеріндегі 10-12 % ұқсас көрсеткіштен едәуір төмен.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға инвестициялар 2011 жылдан бастап 4,6 есе өсті, бұл "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ компаниялары тобының тарабынан кредит берудің жалпы өсуіне, инвестициялық шығындарды субсидиялаудың ұлғаюына, сондай-ақ 2015 жылы теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамына көшкеннен кейін ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары құнының өсуіне байланысты.
*2020 жылдың 12 айындағы деректер
8-сурет. Ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға инвестициялар, млрд теңге
Дереккөз: ҚР Ұлттық статистика бюросы
Агроөнеркәсіптік кешеннің (бұдан әрі – АӨК) бәсекеге қабілеттілігіне ұсақ тауарлы өндіріс теріс әсер етеді. 2019 жылы сиыр еті мен қой етінің шамамен 57 %-ын, картоп пен қызанақтың 54,3 %-ын, сүттің 72,9 %-ын жеке қосалқы шаруашылықтар (бұдан әрі – ЖҚШ) өндірген.
Республикада негізгі егіс алқаптарына дәнді дақылдар, оның ішінде шамамен 15,4 млн гектарға немесе 74 %-ына бидай егіледі. Бидай өндірісінің көлемі ұлттық тұтыну деңгейінен асады, артығы экспортталады. Қазақстан дәстүрлі түрде астық пен ұн бойынша ірі экспорттаушылардың қатарына кіреді.
Негізгі экспорттық өткізу нарықтары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуропалық Одақ, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдері болып табылады. Сала Ресей мен Украина тарапынан бәсекелестіктің артуы жағдайында дамуда. Экспорт көлемі өсуінің перспективалы бағыты Қытай Халық Республикасының нарығы болып табылады.
Отандық көкөністерді, картопты, бақша дақылдарын өндіру халықтың қажеттіліктерін қанағаттандырады. Алайда, жылыжай шаруашылықтарында заманауи сақтау қуаттарының және өндіріс көлемінің жетіспеуі салдарынан маусымаралық кезеңде жемістер (63 %), жүзім (57 %), сондай-ақ көкөністер бойынша импортқа жоғары тәуелділік байқалады.
Мал шаруашылығында ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы негізгі мал түрлерінің тұрақты өсуі байқалады. Мысалы, ірі қара мал (бұдан әрі – ІҚМ) басының орташа жылдық өсу қарқыны шамамен 110 %-ды, жылқы – 107 %-ды құрады. Алайда, жалпы ІҚМ басы бойынша асыл тұқымды мал басының (10,6 %), ұсақ қара малдың (бұдан әрі – ұсақ мал) (15,1 %) үлес салмағы төмен, негізгі мал басының халық шаруашылықтарында шоғырлануы (61 %), жоғары өнімді малды жылдам өсіру үшін репродуктивтік базаның әлсіздігі, жемшөп өндірісі көлемінің мал шаруашылығы қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі мал шаруашылығы өнімі өндірісінің өсуін тежеуде.
Қазақстанның әлемдік нарықта сұранысқа ие органикалық өнімді өндіруге және экспорттауға мүмкіндігі бар, бұл импорттаушы елдердің талаптарына сәйкес өндірісті сертификаттаумен байланысты мәселелерді шешуді талап етеді. Қытай, Орталық Азия елдері сынды тұтыну нарықтарының жақын орналасуына байланысты экспорттық нарықтарға жеткізу үшін сиыр еті, қой еті, шошқа еті өндірісінің өсу әлеуеті жоғары.
Қайта өңдеу өнеркәсібінде жыл сайын азық-түлік өндірісі көлемінің тұрақты өсуі байқалады.
*2020 жылғы 12 айдағы деректер
9-сурет. Азық-түлік өнімдерін өндіру, млрд теңге
Дереккөз: ҚР Ұлттық статистика бюросы
Саланың өсуіне мемлекеттік даму бағдарламалары арқылы іске асырылатын қолдау шаралары ықпал етеді, бұл 2011 жылдан бастап негізгі капиталға инвестициялардың 3 еседен артық өсуіне әсер етті.
*2020 жылғы 12 айдағы деректер
10-сурет. Тамақ өнімдерін өндіру саласындағы негізгі капиталға инвестициялар, млрд теңге
Дереккөз: ҚР Ұлттық статистика бюросы
Қазақстанның қайта өңдеуші өнеркәсібі Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерінің өндірушілерімен бәсекелестігінің артуымен сипатталады. Отандық тамақ өнімдерін өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігіне мыналар кері әсер етеді:
1) өнеркәсіптік өңдеуді қиындататын отандық шикізат сапасының төмендігі;
2) шикізатты дайындау, тасымалдау, сақтау және өткізу инфрақұрылымының дамымағандығы;
3) ескірген жабдықтар;
4) жаңа және инновациялық технологияларды қолдану деңгейінің төмендігі;
5) сауда желілеріндегі монополизм;
6) шикізатты маусымдық сатып алуға айналым қаражатының жетіспеуі;
7) ішкі нарықта арзан, сапасыз импорттық тамақ өнімдерінің болуы.
Ет, май, көкөніс және т.б. түріндегі шикізат ресурстарының болуына қарамастан, елде шұжық өнімдері – 41 %, май-тоңмай өнімдері – 40 %, жеміс-көкөніс консервілері – 84 %, құс еті – 50 % сияқты өнім түрлері бойынша импорттың жоғары үлесі байқалады.
Көрсетілген АӨК проблемалық мәселелері шешілмейтін мәселе емес. Ауыл шаруашылығы жерлерінің ауқымдылығы, ірі өткізу нарықтарының жақындығы сияқты елдік бәсекелес артықшылықтардың болуы жағдайында мемлекеттік саясатты дәйекті іске асыру кезінде республиканың экономикалық өсуінің орнықты драйвері ретінде АӨК-ті қарқынды дамыту үшін әлеует жасалады.
4.2.2 Саланы дамытудың драйвері ретінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау
Біріккен холдинг компаниялары тобының АӨК саласындағы көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың негізгі санаты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер немесе акционерлік қоғамдар нысанындағы шаруа және фермерлік қожалықтар, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы кәсіпорындары), дара кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілер және экспорттаушылар, ауыл шаруашылығы кооперативтері болып табылады.
Айталық, 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 1 636 249 үй шаруашылығы, 225 030 шаруа және фермер қожалығы, сондай-ақ 18 631 заңды тұлға тіркелген.
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ компаниялары тобы кредиттік портфелінің жиыны 80 мыңнан астам түпкі қарыз алушылардан тұрады, олардың шамамен 61,7 мыңы тікелей және 18,3 мыңы екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі – ЕДБ), КС және МҚҰ-ны қорландыруы арқылы қаржыландырылды.
АӨК субъектілері үшін кредиттік ресурстардың негізгі көздері "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның еншілес компаниялары, ЕДБ, КС, МҚҰ болып табылады.
Бұл ретте соңғы жылдары "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымдары АӨК нарығындағы негізгі кредитор болды.
*"ҚазАгро" ҰБХ" АҚ-нан қорландыру есепке алынбаған ЕДБ деректері
11-сурет. Ауыл шаруашылығына "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ мен ЕДБ берген кредит көлемі, млрд теңге
Дереккөз: ҚР Ұлттық статистика бюросы және "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ даму жоспары
2010 жылдан бастап 2014 жылға дейін ауыл шаруашылығына жыл сайын берілетін банк кредиттерінің көлемі салыстырмалы түрде тұрақты деңгейде қалып отырғанын атап өткен жөн. 2015 жылы ұлттық валюта еркін өзгермелі айырбас бағамына көшкеннен және қолжетімді теңгелік өтімділіктің төмендегеннен кейін банктік кредит беру көлемінде күрт құлдырау орын алды.
Ауыл шаруашылығындағы ЕДБ белсенділігінің ішінара төмендеуін кейіннен АӨК субъектілеріне кредит беру үшін ЕДБ-ны 2014 жылы – 20 млрд теңгеге, 2015 жылы – 44 млрд теңгеге, 2016 жылы – 33 млрд теңгеге, 2017 жылы – 35,7 млрд теңгеге, 2018 жылы – 35,6 млрд теңгеге, 2019 жылы – 46,9 млрд теңгеге 2020 жылы – 31 млрд теңгеге қорландыруды жүзеге асырған "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ өтеді.
2015 жылға дейін ЕДБ тарапынан ауыл шаруашылығына кредит беру көлемі "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ берген кредит көлемінен 2-4 есе артық болды. Жыл сайын берілетін банктік кредиттер көлеміндегі ауыл шаруашылығының үлесі 2011 жылғы 7,8 %-дан 2020 жылы 1,1 %-ға дейін төмендеді.
2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша саладағы банктік қарыздардың 44 %-дан астамы қысқа мерзімді (1 жылдан аз) кредиттерге тиесілі.
Республиканың ЖІӨ құрылымында ауыл шаруашылығының үлесі 2011 жылдан бастап іс жүзінде сол деңгейде қалып отырғанын атап өту маңызды (2011 жылы – 4,9 %, 2017 жылы – 4,6 %, 2018 жылы – 4,4 %, 2019 жылы – 4,4 %, 2020 жылдың 9 айында – 5,2 %). Көрсетілген деректер саланың ЕДБ тарапынан айтарлықтай жете қаржыландырылмайтынын айғақтайды.
Макроэкономикалық факторлардан басқа, ауыл шаруашылығына банктік кредит берудің жыл сайынғы көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарыздардың қайтарылмауы және ірі астық холдингтерінің қаржылық жағдайының нашарлауы әсер етті, бұл банк секторының салаға деген сенім деңгейін төмендетті.
Бұдан басқа, ЕДБ тарапынан ауыл шаруашылығын қаржыландырудың өсуін мынадай себептер тежеуде:
1) ішінара талдау әдіснамасының әлсіздігіне және ауыл шаруашылығы жобаларын қаржыландыру тәжірибесінің жетіспеушілігіне негізделген ауыл шаруашылығы өндірісіндегі салалық тәуекелдерді консервативтік бағалау;
2) салалық тәуекелдерді хеджирлеудің пәрменді құралдарының жетіспеуі;
3) ауылдық жерлерде кепілмен қамтамасыз ету өтімділігінің, оның ішінде көптеген АШТӨ үшін негізгі кепіл құралы болып табылатын жер нарығының және жер пайдалану құқықтарының әлсіз дамуымен байланысты төмендігі;
4) өтелу мерзімі ұзақ жобаларды қаржыландыру үшін талап етілетін теңгемен ұзақ мерзімді қорландыру көздерінің жетіспеушілігі;
5) "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ-ның еншілес компанияларымен салыстырғанда қарыздар бойынша анағұрлым жоғары сыйақы мөлшерлемелері;
6) ауылдық жерлерде өңірлік желіні дамыту мен қолдауға арналған жоғары шығасылар.
Қарыздар мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды, аграрлық қолхаттар жүйесін енгізуді, қарыздарға кепілдік беру жүйесін дамытуды, агросақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыруды, үлестік қаржыландыруды, бірлесіп қаржыландыруды, АНК арқылы қорландыруды және басқа да шараларды қоса алғанда, АӨК-ті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шаралар кешені ЕДБ мен басқа да жеке қаржы ұйымдарын АӨК-ке кредит беруге тартуға бағытталған.
Сонымен қатар, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ға қосылғанға дейін соңғы екі жылда қызмет тиімділігін арттыру және шеккен елеулі шығындар салдарынан қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс жүргізгенін атап өткен жөн.
2019 жылғы 15 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ қызметін реформалау және тиімділігін арттыру бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жоғарыда көрсетілген тапсырмасын орындау шеңберінде мақұлданған Трансформациялау бағдарламасын іске асыру басталғанға дейін "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ-ның тиімді қызметіне мынадай негізгі факторлар кедергі келтірді:
1) автоматтандыру деңгейінің төмендігі, қағаздығы кредиттік дерекнама жүйесінің көлемділігі мен көнелігі, кредиттер бойынша шешім қабылдау мерзімінің ұзақтығы, бұл қабылданатын шешімдердің бүкпесіздігі мен жылдамдығына әсер етті және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері үшін алғышарттар жасады (жүйе кеңейтілген талдау үшін барлық деректерді, оның ішінде кредит беру, міндеттемелерді өтеу, мерзімі өткен берешек, кепіл портфелі, клиенттің деректері бөлінісінде несие портфелі бойынша есептерді автоматты түрде қалыптастыруға мүмкіндік бермеді);
2) жобалық тәуекелдерді талдау мен несие портфелін мониторингтеудің тиімділігінің төмен болуы жоспарланған кіріс деңгейін барынша азайтты. Кредиттік саясатта біріздендірілген тәсілдер пайдаланылмады, бұл несие портфельдерінің кірістілік, қайтарымдылық және қамтамасыз етілгендік деңгейін анықтау үшін олардың сапасына дұрыс бағалау жүргізу қабілетіне әсер етті. Кредит беру процестерінің осындай режимінде несие портфелін қарыз алушылардың сапасы бойынша санатқа бөлу болған жоқ және бизнес-процестерді автоматтандырудың төмен болуы салдарынан жасырын тәуекелдерді айқындау рәсімін жүзеге асыру мүмкін емес;
3) шарттары, талаптары мен қарастыру мерзімдері әртүрлі сәйкестендірілмеген және қайталанатын кредиттік өнімдердің көптігі АШТӨ тарапынан оларды таңдауын қиындатты және еншілес ұйымдар арасында функциялардың қайталануына әкеліп соқтырды;
4) жүргізілген диагностика нәтижесінде директорлар кеңестерінің тиімділігін арттыру және еншілес ұйымдардағы тәуелсіз директорлардың рөлін күшейту, сондай-ақ ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару, стратегиялық және бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру қажет екені анықталды. Қызметтегі негізгі проблемалық мәселелердің бірі – басқарудың нақты вертикалінің болмауы: бейінді комитеттер жұмыс істемеді, соның салдарынан шешімдер көбінесе объективті қабылданбады, тәуекелдерді басқару көбінесе жоспарлау және шешімдер қабылдау процестерінен оқшау жүзеге асырылды, стратегиялық ҚТК каскадталған жоқ және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі (бұдан әрі – МЖЖ) құжаттарының нысаналы индикаторларымен өзара байланыстырылмады;
5) салада да, сол сияқты компаниялар тобында да салалық құзыреттердің жеткілікті дамытылмауы іске асырылатын жобалардың бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуына әсерін тигізді.
Көпдеңгейлі басқару жүйесіне, процестердің қағазбастылығына негізделген компаниялардың еңбек және экономикалық ресурстарын ұтымсыз пайдалану өз кезегінде "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ басқару жүйесінің сапасына кері әсерін тигізді.
2020 жылдың қорытындысы бойынша трансформациялау бағдарламасын іске асыру нәтижесінде мынадай нәтижелерге қол жеткізілді.
Шығынсыздыққа шығуды көздейтін 2020 – 2029 жылдарға арналған "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ даму стратегиясы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 33 қаулысы), сондай-ақ АӨК дамыту үшін бірқатар бастамалар мен көрсеткіштер қабылданды.
2020 жылы пандемияға және 2019 – 2020 жылдары бюджеттік қорландырудың 5 есеге (50-ден 10 млрд теңгеге дейін) төмендеуіне қарамастан, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ кредит беру көлемін 2019 жылғы деңгейде қамтамасыз етті. 2020 жылдың ішінде кредит берудің жалпы көлемі 445,7 млрд теңгені құрады (2019 жылы – 448,6 млрд теңге). Салыстырмалы түрде алғанда, ЕДБ меншікті қаражаты және АНК-ның қорландыруы есебінен ауыл шаруашылығын қолдауға 138 млрд теңге бағыттады.
110 млрд теңге сомасына 6 056 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығына қаржылық лизинг шарттары жасалды (2019 жылы 98,5 млрд теңгеге 5 893 бірлікке шарттар).
2020 жылдың басынан бері жиынтық несие портфелі 887 млрд теңгеден 1 016 млрд теңгеге дейін өсті. Шоғырландырылған активтер 1 313 млрд теңгеден 1 377 млрд теңгеге дейін өсті.
Активтер мен меншікті капиталдың рентабельділігі теріс мәнінен плюске ауысты: ROA (2019 жылы – 0,76 %, 2020 жылы 0,64 %) және ROE (2019 жылы – 6,31 %, 2020 жылы – 4,95 %).
Қарыз алушылар саны 77 мыңнан 80 мыңға дейін өсті, онда ШОБ-қа берілген кредит үлесі 2018 жылғы 92 %-дан 2020 жылы 95,3 %-ға дейін өсті.
Moody's Investors Service рейтингтік агенттігі "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ эмитентінің ұзақ мерзімді рейтингін "Ba1"-ден "Baa3"-ке көтерді. Бұдан басқа, рейтингтік агенттік "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ эмитентінің қысқа мерзімді рейтингтерін "Not Prime" деңгейінен "Prime-3" деңгейіне дейін және эмитенттің ұзақ мерзімді рейтингін ұлттық шәкіл бойынша "Aa2.kz" деңгейінен "Aaa.kz"-ге дейін көтерді. Эмитенттің ұзақ мерзімді рейтингтері бойынша болжам оң күйінде қалып отыр.
Инвестициялық жобалардың ортақ жалпы потрфелі сомасы 686 млрд теңге болатын 831 жобаға дейін өсті (2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша) (қаржыландыру сомасы 511,6 млрд теңге). 2020 жылы 86 млрд теңгеге 57 жоба іске қосылып, 1,1 мың тұрақты жұмыс орны құрылды.
Жаңа қолдау құралдары енгізілді. Ауыл шаруашылығына банктік кредит беруді ынталандыру мақсатында АШҚҚҚ базасында ЕДБ кредиттеріне кепілдік беру, сондай-ақ ерікті сақтандыру енгізілді, онда АШҚҚҚ сақтандыру сыйлықақысының 50 %-ын субсидиялайды.
Негізгі бизнес процестерді автоматтандыру қарыз алушылардың 58 %-ын немесе 14 мың клиентті цифрлық форматқа көшіруге мүмкіндік берді. Автоматтандыру есебінен алдын ала шешім қабылдау мерзімі 15 минутқа дейін қысқартылды, түпкілікті шешім қабылдаудың ең көп мерзімі 15 жұмыс күнінен 3 жұмыс күніне дейін (бизнес орнын тексеріп қарау қажет болмаған кезде) қысқартылды.
Кредиттік өнімдердің саны 33-тен 10 бірлікке дейін қысқарды.
2019 жылғы сәуірден бастап екі жыл ішінде залалды жинақтау үрдісін тоқтатуға қол жеткізілді. Нәтижесінде "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ 5 жыл ішінде (2016 жылдан бастап) алғаш рет 8,6 млрд теңге мөлшерінде пайдаға шықты (бұрын 2018 жылы шығын 117,9 млрд теңгені құрады). 2021 жылы 2020 жыл үшін дивидендтер ретінде 6,0 млрд теңге көлемінде төлеу жоспарланған, бұл "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ-ның барлық қызметі кезінде төленген жиынтық дивидендтердің көлемінен (3,2 млрд теңге) 2 есе артық.
АӨК-ті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға сәйкес және "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ базасында ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыру бойынша жинақталған тәжірибені ескере отырып, біріккен холдинг екі бағыт шеңберінде АШТӨ-ні қолдауды жүзеге асыратын болады:
1. АӨК субъектілерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру
АӨК субъектілерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның ЕҰ арқылы қаржыландыру көлемін ұлғайту және АӨК-ті қаржыландыруға жеке қаржы ұйымдарын тарту есебінен қамтамасыз етілетін болады.
КС-ті, МҚҰ-ны, ЕДБ-ны, лизингтік компанияларды қоса алғанда, жеке қаржы институттарын АӨК-ке кредит беруге тарту жөніндегі кешенді жұмысты бұрынғыдай АНК жүзеге асырады.
Бұл ретте АНК қаржы институттарын тарту әртүрлі құралдар арқылы жүзеге асырылатын болады, оның ішінде:
1) кейіннен жобаның инвестициялық бөлігіне кредит беру үшін ЕДБ-ны қорландыру. Бұл ретте айналым капиталын ЕДБ өзі қаржыландыратын болады;
2) ЕДБ мен АНК бірге қаржыландыратын және жоба бойынша тәуекелдерді бөлісетін бірлесіп қаржыландыру (синдикатталған қарыз);
3) ЕДБ АНК айқындаған талаптарды ескере отырып, АНК-ны қаржыландыру үшін жобаларды іріктеуді және талдауды жүзеге асыратыны туралы АНК мен ЕДБ арасындағы агенттік келісім;
4) ЕДБ-ның АНК қаржыландырған жобаларды сатуы, бұл АНК-ке жаңа жобаларды қаржыландыру үшін іске асырылған жобалар бойынша қаражатты мерзімінен бұрын жинақтауға мүмкіндік береді.
АНК түпкі қарыз алушылар – АӨК субъектілері үшін қарыздар/лизинг бойынша валюталық тәуекелдерді хеджирлеудің қолжетімді құралдары болған жағдайда, капиталдың ішкі және сыртқы нарықтарынан, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары тарапынан қорландыру тартатын болады.
Бәсекелестікті ынталандыру және ауылды қаржыландыруға жеке қаржы институттарын тарту үшін ауыл шаруашылығына банктік кредит берудің тиісінше өсуіне қарай АНК тарапынан тікелей кредит беруді біртіндеп қысқарту пысықталатын болады.
АНК жыл сайынғы бюджеттік кредит қаражаты есебінен АӨК субъектілерін, оның ішінде көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қаржыландырады. АӨК субъектілеріне кредит беру тікелей және қаржы ұйымдарын қорландыру арқылы жүзеге асырылатын болады.
АШҚҚҚ ауылдық жерлерде, қалалар мен моноқалаларда шағын бизнесті дамытудың басым бағыттары шеңберінде микрокредит беруді жүзеге асыратын болады.
Даму базасында мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен АӨК субъектілеріне берілетін қарыздарды кепілдендіру бойынша өтемақы жүйесі құрылатын болады. Бұл кредиттік тәуекелдерді мемлекет атынан әрекет ететін Даму қоры мен жеке қаржы институттары арасында бөлуге мүмкіндік береді, бұл мемлекеттік саясаттың басымдықтарына сәйкес экономиканың аграрлық секторын қаржыландырудың артуына ықпал ететін болады.
Даму берген кепілдіктер бойынша талаптарды бірінші кезекте қамтамасыз ету мақсатында қарыздарды кепілдендіру жөніндегі өтемақы қорының қаражаты тұрақты негізде өтімділігі жоғары қаржы активтеріне (ақша, екінші деңгейдегі банктердегі депозиттер, мемлекеттік бағалы қағаздар және ҚР аумағында жұмыс істейтін сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тізімдеріне енгізілген бағалы қағаздар) орналастырылады.
АШҚҚҚ ісін жаңа бастаған және ұсақ АШТӨ-ні қолдауды көздейді. Қарыздың орташа мөлшері 2020 жылы 3,6 млн теңгені немесе 8,5 мың АҚШ долларын құрады.
АШҚҚҚ Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысы) шеңберінде микрокредит беру және кредиттерге кепілдік беру операторы болып табылған.
Сондай-ақ 2020 жылы АШӨҚҚ ЕДБ-ге АШТӨ-ге беретін кредиттерге кепілдік беру жөніндегі оператор болды. Ерікті сақтандыру жүйесі енгізілді, оның шеңберінде АШҚҚҚ оператор болып айқындалып, сақтандыру сыйлықақылары сомасының 50 %-ын субсидиялауды жүзеге асырады.
ҚАҚ лизингтік қаржыландыруды ұсыну арқылы АӨК-тегі ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жаңартуға жәрдемдесетін болады.
ҚАҚ АШТӨ-ні лизингтік қаржыландыру құралының операторы болып табылады. 2020 жылы қаржыландыру көлемі 105 млрд теңгені құрады. ҚАҚ 2014 жылдан бастап мемлекеттік қаржыландыру алмайды. АШТӨ үшін қолжетімді мөлшерлеме бойынша лизинг көлемін одан әрі өсіру компанияны мемлекеттік қаржы көздерінен капиталдандыруды талап етеді.
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы № 5 қаулысымен мақұлданған "VALLEY KUSTO GB BV" компаниясымен Қазақстанда демонстрациялық фермалар желісін құру және заманауи суару жүйелерін өндіру мен ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын басқару зауытын салу бойынша инвестициялар туралы келісім шеңберінде механикаландырылған суару машиналарын сатып алу жөніндегі ҚАҚ іс-шараларын іске асыру көзделген. Механикаландырылған суару машиналарын сатып алу тетігі мен шарттары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп пысықталады.
2. Өткізу нарықтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету және экспортты дамыту
Экспортты қолдау жүйесін құру және отандық өндірушілерге қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ қазақстандық ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жаңа өнім өткізу нарықтарына бағдарлау үшін KazakhExport қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімі мен өңделген өнімдерін перспективалы шетелдік нарықтарға ілгерілету жұмысын жалғастырады.
Негізгі кредиттік процестер мен АӨК өнімдерін автоматтандыру
"ҚазАгро" ҰБХ" АҚ-ның 2019 жылдан бастап оны трансформациялау шеңберінде жинақтаған тәжірибесін ескере отырып, "Digital Baiterek" платформасында "бір терезе" қағидаты бойынша кредит беру және лизинг жөніндегі негізгі процестерді автоматтандыру жұмыстары жалғасатын болады. Бұған ЕҰ ақпараттық жүйелерін эталондық мемлекеттік деректер базаларымен интеграциялау, сондай-ақ ЕҰ ақпараттық жүйелерінің функционалын түрлендіру жұмысын жетілдіру ықпал ететін болады.
Жаңартылған кредиттік өнімдердің бір бөлігі қаржыландыру (ЕДБ тұтынушылық қарыздары үлгісінде) бойынша шешімдерді өңдеу мен қабылдаудың скоррингтік жүйесіне ауыстырылатын болады. Кредиттік дерекнамаларды сақтаудың ішкі жүйесі толығымен электрондық форматқа ауыстырылады.
Негізгі кредиттік процестер мен өнімдерді автоматтандыру шараларын іске асыру нәтижелері мынадай болады:
1) көрсетілетін қызметтерді алу уақытын қысқарту;
2) мониторинг жүйелерін іске асыру арқылы өтінімдерді қабылдау және өңдеу процесінің бүкпесіздігі;
3) клиенттер мен кредиттік мамандар арасындағы тікелей байланысты барынша азайту, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетеді;
4) ЕҰ көрсететін қызметтердің сапасына АӨК субъектілерінің қанағаттану дәрежесінің артуы;
5) ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін жетілдіру.
Жалпы алғанда, екі холдингті біріктіру даму институттарының АӨК-ті қолдаудағы тұтастығын сақтауды көздейді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру және ауылды дамыту назарда қалатын болады. Ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіптік саланы қаржыландыру қарқыны АӨК-ті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бөлінетін қаражатты ескере отырып, жалғасатын болады.
Бірыңғай қаржы институты мемлекеттік қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шараларын көрсетуде салаларды кеңінен қамти отырып, стартаптар үшін әрі шағын және ірі бизнес үшін бір терезе ретінде әрекет етеді, олар шикізат өндіруден бастап оны қайта өңдеумен айналысып, кейіннен шетелдік нарықтарға экспорттайтын жобалар үшін кластерлік дамудың толық циклын қамтамасыз етеді.
Осылайша, бірыңғай даму институты шикізат өндіруден бастап өңделген өнім шығаруға дейінгі бүкіл өндірістік циклды қолдайтын жаңа экожүйе құруға мүмкіндік береді, "егіс алқабынан сөреге дейін" өндірістік-өткізу тізбегі жолға қойылады. Бір холдингте қаржылық қолдау құралдарының ауқымды желісінің болуы жеке бизнес пен даму институттарының өзара іс-қимылын күшейтуге қосымша серпін береді. Мұндай реформа даму институттарын заманауи, сын-тегеуріндерге, шындық пен міндеттерге жауап беретін түбегейлі жаңа, анағұрлым тиімді жұмыс моделіне шығаруға мүмкіндік береді.
4.3. Қызметтің 3-ші стратегиялық бағыты. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру қызметін ЕҰ – Отбасы банк пен Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы жүзеге асырады, олар тұрғын үй құрылысын қаржыландыру, жеке құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау, үлестік тұрғын үй құрылысына кепілдік беру, жалға берілетін тұрғын үй қорын басқару және тұрғын үй сатып алуға кредит беру түрінде қолдау көрсетеді.
Қазақстан экономикасы өсуінің болашақта халықтың урбандалуына тәуелділігіне байланысты тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру экономиканы дамытудың басты бағыттарының бірі болып табылады. Халықтың жұмыспен қамтылуымен қатар тұрғын үйдің қолжетімділігі елдің нақты экономикалық өсуін табысты іске асыру үшін басты факторлар болып табылады.
Тұрғын үйдің қолжетімділігі сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін факторлардың жиынтығынан тұрады. Халықтың кірістері мен жинақ ақшасының көлемі, халықтың өсімі, урбандалу деңгейі, қолданыстағы тұрғын үй қоры ескіруінің жылдамдығы мен көлемі, сондай-ақ ипотекалық кредит берудің және жалдау құны мен қолжетімділігі сұранысқа әсер ететін негізгі факторлар болып табылады. Сұранысқа тұрғын үйдің сапалық сипаттамалары да – ілеспе (әлеуметтік және көліктік) инфрақұрылым, географиялық орналасқан жері, ауданның беделділігі, құрылыс сапасы (жоспарлануы, қабаттылығы) әсер етуі мүмкін.
Ұсынысқа (құрылыс көлемі) тұрғын үйдің шаршы метрінің өзіндік құны және құрылыс салушы үшін қаржыландырудың қолжетімділігі (үлестік, сол сияқты борыштық), құрылыстағы жаңа технологиялар, адам капиталы (білікті мамандардың болуы, біліксіз кадрлардың қажетті мөлшерінің санындағы іркілістер, оқыту және сабақтастық), макроэкономикалық трендтер, баламалы жобалардың тартымдылығы (коммерциялық, әлеуметтік, инфрақұрылымдық), индустрияның құрылымы мен сипаттамасы (ойыншылар саны, рөлдерді бөлу, шетелдік қатысушылардың болуы) әсер етеді.
Осының барлығы халыққа қажетті әлеуметтік және коммерциялық инфрақұрылымы бар Тұрғын үй құрылысындағы кешенді тәсілді әзірлеу қажеттілігін негіздейді.
Тұрғын үй құрылысындағы негізгі жүйелі проблемалар:
1) дайын объектілерге коммуникациялардың уақтылы тартылмауы және абаттандырылмауы (орташа алғанда 1,5 – 2 жылға кешігеді);
2) әлеуметтік объектілерді – балабақшалар, мектептер, ауруханалар салу кезінде мемлекеттік бюджеттің шектеулі мүмкіндіктері (орташа алғанда 3 – 5 жылға кешігеді);
3) ағымдағы тұрғын үй жағдайларын жақсартатын бағдарламалардың болмауы;
4) жаппай тұрғын үй құрылысы кезінде кешенді тәсілдің болмауы.
ҚТК тұлғасында бірыңғай оператор құру, активтерді шоғырландыру және құралдарды қайта форматтау (ҚТК, БД, ТҚКҚ) капиталды нарықтық шарттармен тартуға, ағымдағы қаржы ағындарымен микширлеуге және жеке құрылыс салушылар үшін, оның ішінде субсидиялау және кепілдік беру тетіктері арқылы қорландыру құнын арзандатуға мүмкіндік береді.
Бірыңғай оператор инжинирингті, цифрлық мониторингті және кейінгі пайдалануды қоса алғанда, іске асырудың барлық кезеңдерінде жобаларды стратегиялық жоспарлаудан бастап толық сүйемелдеуге дейін тікелей кешенді қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Бұл ретте, құрылыстың жаңа әдістерін, заманауи материалдарды және "жасыл" технологияларды, жаппай құрылыс салуды жоспарлауда түбегейлі өзге тәсілдерді қолдану маңызды.
Кейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері арқылы пайдалануға беріп және қайта жаңарта отырып, бір мезгілде қажетті инфрақұрылымымен, мектептермен, балабақшалармен және коммерциялық объектілермен қоса тұтас шағын аудандар етіп тұрғын үй салу қаражатты әрбір 2 жыл сайын жаңартпалы қағидат бойынша айналдыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, жаппай тұрғын үй құрылысын әртүрлі коммерциялық, рекреациялық және әлеуметтік қолайлықпен халық үшін сапалы тіршілік ету ортасына айналдыру жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді (оның ішінде жаппай кәсіпкерлік бағдарламаларын қолдау құралдары, "БЖК-2025" және басқалар арқылы) және халықты лайықты өмір сүру жағдайына ұмтылуға ынталандыратын болады.
Халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі заманауи цифрлық технологияларды енгізу жолымен құрылыстың өзіндік құнын арзандату арқылы арттырылатын болады. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ жүргізген жылжымайтын мүлік нарығын зерттеу нәтижелеріне сәйкес тұрғын үй құрылысының өзіндік құны құрылымының 53 %-ы құрылыс материалдарына жұмсалатын шығындардан тұрады. Өз кезегінде, бұл шығындарда импорт үлесінің деңгейі өте жоғары – 67 %-дан 97 %-ға дейін болатын өнімдер басым. Бұл құрылыстың өзіндік құнының жоғары болуының бір факторы болып табылады, тиісінше дайын тұрғын үйдің қолжетімділігіне әсер етеді.
Халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуін арттыру үшін тұрғын үйге қолжетімділік баспалдағы белсенді түрде енгізілетін болады. "Тұрғын үйге қолжетімділік баспалдағының" параметрлері "Нұрлы жер" бағдарламасында айқындалады.
"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ базасында даму және қолдау институты – Отбасы банк құрылды, ол тұрғын үйді есепке алуды, кезекке қоюды және бөлуді бір орталықтан жүзеге асырады. Қойылған міндетті іске асыру үшін қолданыстағы кезектілік жүйесін әкімдіктерден Отбасы банкке беру жоспарлануда, ол тұрғын үйі жоқ отбасылар үшін "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады.
Бұған қоса, 2020 – 2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ 2020 жылғы 23 наурызда Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Мемлекет басшысы жариялаған төтенше жағдай кезеңінде ұлттық экономиканы қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырудың тиімділігін арттыру шаралары және "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысы шеңберінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ өңірлерді дамыту, оның ішінде "Шаңырақ" жобасын іске асыру және 5-10-20 бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алуға кредит беру мақсаттары үшін транштармен шығарылатын "револьверлік" негізінде ЖАО облигацияларын сатып алу үшін ҚР ҰБ-дан алынған облигациялық қарыз шеңберінде Бірыңғай операторға қаржы бөледі.
4.4 Қызметтің үш бағыты шеңберіндегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттер
4.4.1 Мемлекеттік емес қаржыландыру көздерінің үлесін ұлғайту
Соңғы жылдары мемлекет (квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоса алғанда) ел экономикасының негізгі капиталына салынған барлық инвестициялардың шамамен 50 %-ын жүзеге асырды. Мемлекет тарапынан инвестициялар таяу жылдары экономиканы дамытудағы маңызды фактор болып қала береді, ал "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ел экономикасын дамытуға қаражат бағыттайтын оператордың басты рөлін атқаруды жалғастырады деп күтілуде.
Осыған байланысты 2019 – 2020 жылдар кезеңінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде 1,2 трлн астам мөлшерде қаржыландыруға деген қажеттілікті анықтады, оның 30 %-ға жуығын республикалық бюджет және жергілікті атқарушы органдардың бюджеті қаражатынан тарту жоспарланып отыр.
Мемлекеттік қаржыландыру көздеріне қол жеткізудің шектеулі болуына байланысты "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мемлекеттік қаражаттың бір бөлігін алмастыру мақсатында қаржыландырудың балама көздерін қарастыруы қажет. Сыртқы қаражаттың үлкен көлемін тарту мемлекет тарапынан қарыз алу үлесін төмендетуге мүмкіндік береді, ол 2019 жылдың ішінде қарыз алу базасының 38 %-ға жуығын құрады.
Бұл ретте "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қарыз алуының көлемі мен шарттары мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісілуге тиіс.
Өзінің бағалы қағаздарының инвестициялық тартымдылығы мен сенімділігін жақсарту шеңберінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ бұдан әрі "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның облигацияларын қолданыстағы РЕПО қоржындарына (МБҚ, МЕБҚ) енгізу мүмкіндігі мәселесіне бастама жасауды жоспарлап отыр.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қазіргі борыштық жүктеме деңгейіне қарай сыртқы қарыз алу көлемін ұлғайту әлеуетін қарастырғаны жөн. Сыртқы қарыз алуды тарту әлеуетін бағалаудың неғұрлым кең тараған индикаторы Борыш/Капитал коэффициенті болып табылады. Бұл арақатынас "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ деңгейінде 2019 жылдың соңындағы жағдай бойынша 3,25-ті құрады. Салыстырмалы талдау (төменде 12-суретті қараңыз) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-тағы Борыш/Капитал коэффициенті 2019 жылы басқа даму институттарымен салыстырғанда ең төмен мәндердің біріне ие екенін көрсетеді. Сондай-ақ, салыстырмалы талдау шеңберінде таңдап алынған барлық даму институттары Борыш/Капитал арақатынасының деңгейіне қарамастан, егемендік деңгейіндегі кредиттік рейтингке ие болғанын атап өткен жөн. Нәтижесінде, борыштық жүктеменің салыстырмалы талдауға сүйене отырып, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ капиталының ағымдағы құрылымы борыштық жүктемені одан әрі ұлғайтуға әлеуеті бар екені шығады.
12-сурет. Даму институттарының қорландыру құрылымын, қарыздық жүктемесін және кредиттік рейтингтерін салыстырмалы талдау.
Дереккөз: жылдық есептер, Дүниежүзілік Банк; жылдық есептер; Bloomberg
Қарыздық жүктемені одан әрі ұлғайту бойынша әлеуеттің болуын ескере отырып, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ төменде көрсетілген нұсқаларды қарастырғаны жөн:
1. Шетелдік валютада тарту
2011 – 2018 жылдардың ішінде даму институттарының облигациялық эмиссияларын талдау халықаралық капитал нарықтарында қарыз алуды тарту іс жүзінде АҚШ долларындағы немесе еуродағы деноминациялауды білдіретінін көрсетеді (төмендегі 13-суретті қараңыз).
13-сурет. 2011 – 2018 жылдар аралығындағы кезең үшін даму институттарының облигацияларды шығару көлемі, млрд АҚШ доллары
Дереккөз: Bloomberg
Бұл ретте, даму институттарының халықаралық практикасы кредиттік портфельде валюталар бойынша міндеттемелер құрылымының көрінісін белгілі бір дәрежеде болжайды, яғни валюталық тәуекелдер түпкі қарыз алушыларға таратылады (төмендегі 14-суретті қараңыз). Осылайша, валюталық тарту түпкі қарыз алушының ақша ағындарымен ұқсас валютада валюталық тәуекелдерді және солармен байланысты қарыз алушылардың кредиттік тәуекелдерін барынша азайту мақсатында қамтамасыз етілуге тиіс.
* Есептеу формуласы: (2020 жылғы. айырбас бағамы – 2006 жылғы.айырбас бағамы) /2006 жылғы. айырбас бағамы
14-сурет. Валюта бағамы айтарлықтай өзгерген елдердің даму институттарының кредиттік портфелін және міндеттемелерін салыстырмалы талдау.
Дереккөз: даму институттарының қаржылық есептілігі және жылдық есептері
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ халықаралық капитал нарықтарында сырттан қарыз алуды тарту кезінде қаржыландыру жоспарланатын жобалар портфеліндегі экспортқа бағдарланған жобалардың үлесін ескеретін болады.
2. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамынан (бұдан әрі – БЖЗҚ) өзара тиімді шарттарда қаражат тарту көлемін ұлғайту
Валюталық тәуекелдерге байланысты халықаралық капитал нарықтарынан қарыз алуды тарту бойынша шектеулерді ескере отырып, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ жергілікті валютада қарыз алуды тарту әлеуетін егжей-тегжейлі қарастырғаны жөн. Жергілікті валютада мемлекеттік емес қарыз алудың анағұрлым ірі көздерінің бірі БЖЗҚ болып табылады.
БЖЗҚ жүйесіне түсімдердің жыл сайынғы неттосы (төлемдері алып тасталған салымдар) шамамен 400 – 550 млрд теңгені құрайды. Түсімдер инвестициялық құралдар бойынша таратылады, олардың 40 %-ы қазақстандық эмитенттердің корпоративтік облигацияларымен берілген. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ корпоративтік эмитенттердің арасында анағұрлым жоғары кредиттік рейтингтердің біріне ие, бұл тәуекелге деген сыйлықақыны төмендетеді және бәсекелі пайыздық мөлшерлеме ұсынылған жағдайда, құнды қағаздардың тартымдылығын арттырады.
2020 жылдың ішінде (теңгелік өтімділіктің шектеулігін ескере отырып) БЖЗҚ ақша ресурстарын жылдық 15 % бойынша орналастыруға ұмтылғанына қарамастан, БЖЗҚ үшін сыйақының ең төменгі қолайлы деңгейі соңғы 4 жылда БЖЗҚ портфелі бойынша табыстылық нормасы номиналды инфляция деңгейінен төмен болғанын ескере отырып, "номиналды инфляция деңгейі плюс спред13" болып табылады. "Номиналды инфляция + спред" форматында құбылмалы купондық мөлшерлеме тетігін енгізу БЖЗҚ мен "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ынтымақтастығының өзара тиімді шарттарының бірі ретінде қаралуға тиіс. Бұл нұсқа өзара тиімді болып табылады, өйткені БЖЗҚ үшін табыстылықтың ең төменгі қажетті деңгейінен асып түседі, ал "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ҚР ҰБ мен Қазақстан Республикасының Үкіметі номиналды инфляцияны таргеттеу курсын 2020 – 2021 жылдарға белгіленген 4 – 6 % деңгейінде ұстайтынын ескере отырып, ағымдағы нарыққа қатысты төмен пайыздық мөлшерлемелермен ұзақ мерзімді қаржыландыруды тарта алады. Алайда, ҚР ҰБ деректері бойынша 2020 жылдың қорытындысы бойынша пандемияға байланысты инфляция 7,5 %-ды құрады.
________________________________
13Спред БЖЗҚ үшін белгіленген операциялық шығыстарды және тәуекел үшін сыйлықақыларды ескеріп қалыптастырылуға тиіс. Халықаралық практикада бұл көрсеткіш басқарудағы активтердің 1,5 %-ынан аспайды.
Шетелдік нарықтарда (валюталық) тәуекелдерді арттырмай тарту әлеуетін қарастыру.
Түпкі қарыз алушыға жергілікті валютада қаражат беру кезінде валюталық тәуекелдің ұлғаюын білдірмейтін Қазақстаннан тыс жердегі капитал нарығы сыртқы қарыз алуды тартудың үшінші көзі бола алады (яғни елдердің валюталық бағамдары макроэкономикалық ортадағы өзгерістерге қатысты дәйекті). 15-суретте Ресей рублінің белгіленген сипаттамасы бар валюталардың бірі ретінде қаралуы мүмкін екені көрсетілген.
15-сурет. 2018 жылдың басынан бері АҚШ долларына шаққандағы теңге мен рубль бағамының серпіні.
Дереккөз: Bloomberg
Екі елдің валюталық ауытқулары дәйектілігінің маңызды факторлары экономика құрылымының ұқсастығы (Ресей мен Қазақстанның шикізат ресурстарының бағасына едәуір тәуелді ұқсас экономика құрылымы бар) және Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеуі (капиталдың қозғалысына және елдер арасындағы сауда операцияларына шектеулердің болмауы) болып табылады. Тарту әлеуетін айтарлықтай кеңейтуге Ресейдің қарыз алу нарығына шығу мүмкіндік береді.
Қарыз алу портфелінің құрылымындағы мемлекеттік қаражаттың үлесін төмендету шараларын іске асыру нәтижесінде мемлекеттік емес қаржы көздерінің үлесі 2023 жылдың қорытындысы бойынша 70 % деңгейге жетуге тиіс (2020 жылы "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ жалпы қарыз алу құрылымындағы мемлекеттік қарыз алу үлесі шамамен 26 %-ды құрады).
4.4.2 ЕҰ функциялары портфелін қайта қарау (өлшемшарттар)
Қызметтің үш бағыты (кәсіпкерлікті қолдау, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету) бойынша тиімді жұмыс істеу үшін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ЕҰ функциялар портфелін оңтайландыру және 2023 жылға дейінгі перспективада олардың одан әрі дамуын айқындау бойынша жұмыс істейтін болады. Бұл ретте "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ функциялардың нысаналы портфелін қалыптастыру кезінде мынадай өлшемшарттарды негізге алатын болады:
Функциялардың қайталануының болмауы
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ішінде функциялардың, сондай-ақ басқа да ұйымдар функцияларының қайталануы тиісті ұйымдар арасында қызмет нәтижелері үшін жауапкершілікті бөлудегі түсініксіздікке әкеп соғады. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ функциялар қайталанатын жағдайларда "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ЕҰ бірінің айрықша құзыреті ретінде функцияны орталықтандыратын болады не оны басқа мемлекеттік органдардағы функцияларды орталықтандыру шеңберінде орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді перспективада қысқартатын болады.
Даму институты рөлінің сәйкестігі
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ұлттық жобалардың қаржылық операторы болып табылады, бұл ретте "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ЕҰ функциялары оның рөлі мен миссиясына сәйкес келуге тиіс.
"YellowPages" қағидаттарына сәйкестігі
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін басым міндеттердің бірі мемлекеттің экономикаға қатысу үлесін қысқарту болып табылады. Осы міндетке сәйкес "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ЕҰ жеке секторда жеткілікті көлемде және деңгейде іске асырылатын функцияларды жүзеге асырмауға тиіс.
4.4.3 Басқару функцияларын корпоративтік орталықтан директорлар кеңестері мен ЕҰ басқармаларына орталықсыздандыру
Әлемдік практикада корпоративтік орталық жұмысының мынадай төрт негізгі моделі бар:
Холдингтік құрылым: корпоративтік орталық тарапынан қатысудың ең төменгі деңгейі бар, негізінен қаржы көрсеткіштерінің мониторингіне шоғырланған бизнестің әртүрлі типтерін портфельдік басқару;
Стратегиялық архитектор: қызмет бағыттары ұқсас бизнеске арналған басқару құрылымы. Корпоративтік орталық бірыңғай стандарттарды орнатады және ЕҰ арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, бірақ операциялық бақылауды ЕҰ басшылығына береді;
Стратегиялық бақылаушы: операциялық модельдері ұқсас бизнеске арналған басқару құрылымы. Кейіннен бизнес-процестерді бақылай отырып, ЕҰ арасындағы бизнес-процестерді стандарттау мақсатында корпоративтік орталықты тарту.
Оператор: ұқсас бизнес модельдерді басқару құрылымы. Корпоративтік орталық бизнесті басқаруға белсенді түрде қатысады.
Қызметтің үш стратегиялық бағытындағы "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның қолданыстағы құрылымының бірегейлігін ескере отырып, корпоративтік орталық жұмысының бірыңғай моделін айқындау оңтайлы шешім болып табылмайды, өйткені корпоративтік орталық үш бағыттың әрқайсысына түрлі деңгейде тартуды жүзеге асырады.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның қолданыстағы құрылымы мыналарды қоса алғанда корпоративтік орталықтың басқару функцияларының шектеулі жиынтығында ғана құндылықты құруын білдіреді:
Қазынашылық/қорландыру: осы функцияны орталықтандыру қазірдің өзінде жүзеге асырылуда және екі мақсатты – қолда бар өтімділікті пайдалану тиімділігін арттыруды және қарыз қаражатын тарту құнын оңтайландыруды көздейді.
Ағымдағы өтімділікті пайдалану тиімділігін арттыру шеңберінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қажет болған жағдайда уақытша бос ресурстарды ЕҰ арасында қайта бөлуге тиіс. Кредиттік тәуекелдерге жол бермеу және қазынашылық құралдар бойынша ең жоғары табысқа ие болу мақсатында белгіленген лимиттер шеңберінде ЕҰ-ның уақытша бос ақша қаражатын орналастыруды үйлестіру.
Қарыз қаражатын тарту құнын оңтайландыру шеңберінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қолда бар кредиттік рейтингке, оның ішінде кредиттік рейтингі жоқ, бірақ борыштық жүктемені ұлғайтуға әлеуеті бар ЕҰ үшін неғұрлым арзан қорландыруды тарта алады деп болжануда.
Портфель деңгейінде тәуекелдерді басқару: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қазірдің өзінде осы функцияны жүзеге асырады және портфель деңгейінде шоғырландырылған тәуекелдерді басқару кезінде, атап айтқанда, валюталық, кредиттік және пайыздық тәуекелдерге қатысты құндылықты қалыптастырады. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ деңгейінде тәуекелдерді шоғырландырылған басқару нақ сол бір контрагенттерді әртүрлі ЕҰ-да қаржыландыру/инвестициялау кезінде кредиттік тәуекелдің бүкіл портфель деңгейінде шоғырлануын болдырмауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, шоғырландырылған көзқарас "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ активтері мен пассивтері арасындағы валюталық және пайыздық теңгерімсіздікті неғұрлым дәл айқындауға және тиісті тәуекелдерді уақтылы басқаруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ осы функцияны ішінара іске асыруда және Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жалғыз акционермен өзара іс-қимыл функцияларына қосымша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл бойынша бірыңғай терезе рөлін орындау есебінен одан да үлкен құндылық құра алады. Орталықтандыру "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның барлық еншілес ұйымдары бойынша келіп түсетін сұрау салуларды үйлестіруге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, әкімшілік, жалпы шаруашылық және коммерциялық шығыстарға арналған қаражатты қысқарту және бизнес бөлімшелерді әдеттегі міндеттерден босату мақсатында бірнеше заңды тұлғаға арналған әкімшілік процестерге Жалпы қызмет көрсету орталығын (Shared Service) құру мүмкіндігі қаралатын болады.
Басқарудың қалған функциялары көбінесе ЕҰ-да күшейтілген корпоративтік басқару жүйесі арқылы іске асырылады, бұл ретте:
ЕҰ Директорлар кеңесі мынадай стратегиялық мәселелер бойынша жауаптылықта болады:
1) корпоративтік орталық (ЕҰ акционері/қатысушысы ретінде) қойған стратегиялық мақсаттарға сүйене отырып, дамудың стратегиялық бағыттарын айқындау және нысаналы ҚТК белгілеу;
2) басқарманы тағайындау және оның жұмысын бағалау;
3) бюджетті, инвестициялық жоспарларды және ірі мәмілелерді бекіту;
ЕҰ басқармалары мынадай күнделікті мәселелерге тарту арқылы жауапты:
1) негізгі операциялық қызмет;
2) мәдениет тәуекелін қалыптастыру және тәуекелдерді басқару;
3) бухгалтерлік есеп;
4) сатып алу және тағы басқалар.
Сондай-ақ "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ тиісті салаларда экономиканы дамыту саясатын қалыптастыру бөлігінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның мынадай негізгі үш мүмкіндігіне негізделген жаңа бастамаларды әзірлеу мен ілгерілетуде белсенді рөл атқаратын болады:
1) Қазақстан Республикасының экономикасына қаражат тарту бойынша МҚҰ-мен жұмыс;
2) халықпен және бизнеспен белсенді өзара іс-қимыл жасау, олардың қажеттіліктері мен проблемаларын айқындау;
3) бастапқы деректердің қолда бар елеулі базасын ескере отырып талдамалық жұмыс.
Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ өз қызметінде мынадай құндылықтарды басшылыққа алады:
1) жауапкершілік: ниеттер мен іс-әрекеттер үшін;
2) кәсіпқойлық: кәсіптік қызметтің міндеттерін орындауға жоғары дайындық;
3) команда: бірлескен қызметтен барынша жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін ынтымақтастық;
4) адалдық: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ішіндегі және өз әріптестеріне деген адалдық;
5) әлеуметтік жауапкершілік: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметінің қоғамдық саланың мүдделі тараптарына ықпалы үшін жауапкершілік.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ корпоративтік басқаруды "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ қызметінің тиімділігін арттырудың, транспаренттілік пен есеп берушілікті қамтамасыз етудің, оның беделін нығайтудың және капиталды тартуға арналған шығындарды азайтудың негізгі құралы ретінде қарастырады. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ тиісті корпоративтік басқару практикасын іске асыру арқылы Қазақстан Республикасындағы заңнаманың үстемдігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосуға ұмтылады.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның корпоративтік басқаруы әділдік, адалдық, жауапкершілік, бүкпесіздік, кәсіпқойлық және құзыреттілік негізінде құрылады. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның корпоративтік басқару жүйесі "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ органдары, лауазымды адамдары мен қызметкерлері арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершіліктің аражігін нақты ажыратуды көздейді.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ өз қызметінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Корпоративтік басқару кодексінде бекітілген корпоративтік басқарудың негіз қалаушы қағидаттарын қатаң сақтайды:
1) өкілеттіктердің аражігін ажырату қағидаты;
2) жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидаты;
3) Директорлар кеңесі мен Басқарманың "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ты тиімді басқару қағидаты;
4) орнықты даму қағидаты;
5) тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және ішкі аудит қағидаты;
6) корпоративтік қақтығыстарды және мүдделер қақтығысын реттеу қағидаты;
7) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның қызметі туралы ақпаратты ашудың бүкпесіздігі мен объективтілігі қағидаты.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның жоғары басқару органы – жалғыз акционер, басқару органы – Директорлар кеңесі, атқарушы органы – Басқарма. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның қызметін жетілдіру мақсатында ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару, корпоративтік басқару және консультация беру саласындағы құжаттардың орындалуын бағалауды жүзеге асыратын орган Ішкі аудит қызметі болып табылады. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Директорлар кеңесінің жанынан аудит, тәуекелдерді басқару, стратегиялық жоспарлау, кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер бойынша мәселелерді қарау құзыретіне кіретін комитеттер құрылды. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметінің жекелеген бағыттары бойынша Басқарма үшін ұсынымдық сипаттағы шешімдер дайындау, оның ішінде Басқарма құзыретіне жатқызылған мәселелерді дайындау мен алдын ала қарауды жүзеге асыру үшін Басқарма жанынан комитеттер құрылды.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның корпоративтік басқару жүйесі:
1) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ тобында нақты басқару жүйесінің, аражігі ажыратылған өкілеттіктер мен шешімдер қабылдау процесінің болуын, функциялар мен процестер қайталануының болмауын;
2) бірыңғай стандарттарды, саясат пен процестерді, оның ішінде жоспарлауда, мониторингтеу мен бақылауда, нәтижелілікті бағалауда және түзету іс-қимылдарын қолдануда бірыңғай ұстанымдарды айқындау бөлігінде;
3) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ тобының қызметіне қатысты сапалы ақпаратқа қол жеткізуді;
4) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ тобының тәуекелдерін тиісінше басқаруды қамтамасыз етеді.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-та және оның еншілес ұйымдарында ЕҰ аудиті жөніндегі ішкі нормативтік құжаттар шеңберінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Басқармасының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі шешімімен (№ 38/18 хаттама) бекітілген Акцияларының елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі акционерлік қоғамның директорлар кеңесі туралы үлгі ережеде бекітілген Корпоративтік басқаруды диагностикалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) қолданылады. Осы Әдістеменің негізінде екі жылда бір рет ішкі аудит қызметтері кейін корпоративтік басқару құрылымы, мүдделер қақтығысын реттеу, директорлар кеңестері жұмысының тиімділігі процестері, тәуекелдерді басқару жүйесі, ішкі аудит, бүкпесіздік бойынша халықаралық практикаларда көзделген іс-шараларды қамтитын корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлей отырып, корпоративтік басқару жүйелерін бағалауды жүргізеді.
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 182-бабына сәйкес мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар кемінде үш жылда бір рет корпоративтік басқаруға тәуелсіз бағалау жүргізеді, оның нәтижелерін акционерлік қоғамдардың интернет-ресурсында орналастырылады. Осыған байланысты "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ үш жылда бір рет корпоративтік басқаруға тәуелсіз бағалау жүргізуді жоспарлап отыр. 2020 жылғы желтоқсанда "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның корпоративтік басқаруына тәуелсіз бағалау жүргізілді, оның жалпы бағасы 97 %-ды құрады.
Директорлар кеңесінің тиімділігін арттыру
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметінің экономикалық және операциялық тиімділігін арттырудың негізгі жолдарының бірі стратегиялық органдар ретінде ЕҰ директорлар кеңестерін жұмысқа белсенді тарту арқылы корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады, ол арқылы "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ жалғыз акционер ретінде әрекет ете отырып, ЕҰ-ны басқаруды жүзеге асырады.
ЕҰ жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін маңызды факторлар:
1) директорлар кеңесінің құрамы
Әлемдік практикадағы мысалдар директорлар кеңестеріндегі директорлардың оңтайлы санын – 3 адамнан 7 адамға дейін қамтамасыз ету қажет екендігін көрсетіп отыр. Олар барлық қажетті құзыреттерді қамтамасыз ету үшін жеткілікті, бірақ жұмыстың жоғары икемділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін тым көп те болмауға тиіс. Орташа алғанда "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ЕҰ директорлар кеңесі 6 мүшеден тұрады (төмендегі 16-суретті қараңыз).
16-сурет. 2020 жылдың соңындағы жағдай бойынша "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ЕҰ-ның директорлар кеңестерінің құрылымы
Даму институттарының халықаралық практикасында тәуелсіз директорлар Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде 30 %-ын құрайды. "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында да осындай талап бекітілген (<50 %). Дегенмен, үздік халықаралық практиканы ескере отырып әзірленген "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымдарындағы корпоративтік басқару диагностикасының әдістемесіне ("Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 11/18 шешімі) сәйкес тәуелсіз директорлардың басым саны (>50 %) анағұрлым тәуелсіз және объективті шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді деп саналады. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ үздік практикаға сәйкес оның ЕҰ Директорлар кеңестерінде тәуелсіз директорлардың үлесін ұлғайту мүмкіндігін қарастырады.
Бұл ретте қызметтің бүкпесіздігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Директорлар кеңесінің тиімді жұмысының маңызды факторы директорлардың тәуелсіздігі болып табылады. Қазіргі уақытта "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ЕҰ-ның Директорлар кеңестерінде жалғыз акционермен байланысты мемлекеттік құрылымдарда жуырдағы немесе бұрынғы жұмыс тәжірибесі болған тәуелсіз директорлар көп санының қатысуы байқалуда, бұл Директорлар кеңестері мүшелерінің бейтарап пайымдауын шектеуі мүмкін. Тарихи тұрғыда мемлекеттің экономикаға қатысуының жоғары үлесін және директорлар кеңестеріне көптеген әлеуетті жергілікті үміткерлер мемлекеттік органдармен байланыста болатынын ескере отырып, өз салаларында шетелдік практиктер мен сарапшылар болып табылатын тәуелсіз директорларды кеңінен тартудың орындылығы қаралатын болады;
2) директорлар кеңестері мүшелерінің құзыреттері жиынтығының толықтығы
Директорлар кеңестерінің тиімді жұмыc істеуі үшін оларда тиісті ЕҰ-ға қатысты барлық қажетті басты құзыреттердің болуын қамтамасыз ету қажет. Директорлар кеңестері мүшелерінің мынадай аса сындарлы салаларда/мәселелерде тәжірибесі мен дағдылары болуға тиіс:
1) директорлар кеңесінің акционермен және ЕҰ басшыларымен өзара іс-қимылын қоса алғанда, корпоративтік басқару;
2) салалық білімдер;
3) саяси және экономикалық пайым;
4) ұйымның операциялық қызметі;
5) дамудың стратегиялық нұсқалары және олармен байланысты тәуекелдер;
6) ұйымның мықты және әлсіз жақтары.
2020 жылдың соңындағы жағдай бойынша ЕҰ Директорлар кеңестерінде қажетті құзыреттердің теңгерімделген жиынтығы бар.
17-сурет. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымдарының бірінің әрекет етуші Директорлар кеңесі мүшелерінің құзыретін талдау мысалында құрылған құзыреттер матрицасының мысалы
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ барлық ЕҰ үшін қажетті құзыреттерді талдау, жетіспейтін құзыреттерді анықтау және ЕҰ Директорлар кеңестерінің жаңартылған құрамдарында олардың болуын қамтамасыз ету мақсатында әрекет етуші Директорлар кеңестерінің құрамын қарау жұмысын жүргізеді (мысал үшін 17-суретті қараңыз);
3) директорлар кеңестері отырыстарының форматы мен өткізілу жиілігі
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ЕҰ директорлар кеңестері (бұдан әрі – ЕҰ ДК) отырыстарының оңтайлы санын айқындайды. Еуропалық ұйымдардағы директорлар кеңестерінің тұрақты отырыстарының орташа саны жылына 9-10 ретті құрайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 21 бұйрығымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексіне сәйкес директорлар кеңесінің отырыстарын өткізу кезеңділігі жылына кемінде алты отырысты құрайды.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның корпоративтік басқару кодексіне сәйкес ЕҰ ДК отырыстары жылына кемінде 6 рет өткізілуге тиіс.
Осыған байланысты "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ЕҰ ДК отырыстары жұмысының тиімділігін күшейту және отырыстардың күн тәртібін басқару тұрғысынан үздік әлемдік практикаларды, сондай-ақ Директорлар кеңесінің қарауына берілетін материалдардың оңтайлы көлемін енгізу жұмысын жалғастырады;
4) директорлар кеңестерінің қызметін объективті бағалау
ЕҰ ДК қызметіне бағалау жүргізу рәсімі басқа елдердің даму институттарының үздік практикасына сәйкес келу мақсатында жетілдіріледі.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның корпоративтік басқару кодексінің 64-тармағының және акцияларының елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-қа тікелей немесе жанама тиесілі акционерлік қоғамның директорлар кеңесі туралы үлгілік ереженің 101-тармағының талаптарына сәйкес ЕҰ ДК қызметінің негізгі салаларына кешенді талдау алу мақсатында жыл сайынғы негізде директорлар кеңестерінің қызметіне бағалау жүргізіледі.
Бағалау директорлар кеңесінің және оның мүшелерінің әрқайсысының Қоғамның ұзақ мерзімді құнының өсуіне және орнықты дамуына қосқан үлесін айқындауға, сондай-ақ бағыттарды анықтап, жақсарту шараларына ұсыным беруге мүмкіндік береді. Бағалау нәтижелері директорлар кеңесі мүшелерін қайта сайлау немесе өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату кезінде назарға алынады.
Неғұрлым бүкпесіз бағалау үшін үш жылда бір рет сыртқы тәуелсіз сарапшы тартылады, ол ЕҰ ДК-тің жабық отырысында директорлар кеңесінің мүшелері талқылайтын директорлар кеңесінің қызметін бағалау жөніндегі жалпы есепті дайындайды.
2018 жылдың қорытындысы бойынша ЕҰ ДК қызметін кешенді бағалау нәтижелерін біріздендіру және салыстыру мүмкіндігі мақсатында Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) атынан "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ компаниялары тобы бойынша бірыңғай сыртқы консультант тартылды, бұл:
1) директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы беру жүйесінің тиімділігін айқындауға;
2) ЕҰ стратегиялық міндеттерін шешуде ЕҰ ДК құрылымы мен құрамының күшті және әлсіз жақтарын айқындауға;
3) директорлар кеңесі жұмысының тиімділігін айқындауға;
4) корпоративтік хатшы қызметінің тиімділігін, рөлінің, өкілеттіктерінің және жауапкершілік аясының, корпоративтік хатшы ресурстарының толықтығын бағалауға мүмкіндік берді.
Әлемдік практикаларға сәйкес директорлар кеңестеріне бағалау жүргізу кезеңдеріндегі өзгерістер олардың қызмет тиімділігін едәуір жақсартуы мүмкін.
4.4.4 Жаңа құзыреттерді және жұмысты ұйымдастыру әдістерін қалыптастыру
Цифрлық технологияларды дамыту
Цифрлық технологияларды дамыту "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның Даму стратегиясында келтірілген басты міндеттерді шешуге ықпал ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-та "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның 2021 – 2023 жылдарға арналған цифрландыру стратегиясы бекітілді, онда ішкі бизнес-процестерді автоматтандыру, көрсетілетін қызметтердің клиентке бағдарлануын дамыту, төзімді инфрақұрылымды құру, "paper free" қағидатын енгізу, деректерді басқару, сондай-ақ цифрлық технологияларды басқарудың заманауи әдістерін енгізу басты нысанада болады.
Осы міндетті табысты іске асыру үшін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ кешенді шешімдерді ұсынуда "бір терезе" қағидатын енгізуде. "Бір терезе" қағидаты "Digital Baiterek" ақпараттық жүйесінің базасында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ деңгейінде кешенді қолдауды қалыптастыруды көздейді, бұл клиенттермен өзара қарым-қатынасты басқару жүйесін (CRM) қамтиды. Барлық қолдау құралдарын онлайн форматқа көшіру жұмыстың нәтижесі болады: өтінім беру, қарау мәртебесі, мақұлдау, қажетті құжаттарды ұсыну, қолдау және консультациялар және т.б.
Тиімді цифрлық инфрақұрылым кейіннен талдау және басқару шешімдерін қабылдауды автоматтандыру үшін операциялардың толық бүкпесіздігін және транзакциялық деректерді шоғырландыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік қаржылай қолдау шараларының жылдам әрі сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ орталық аппаратының және еншілес ұйымдардың процестерін өтпелі цифрландыру, олардың Қазақстан Республикасының цифрлық қаржы инфрақұрылымына интеграциялануы табыстың сыни факторы болып табылады.
Атап айтқанда, тиімді цифрлық инфрақұрылым бұл ретте, кейіннен талдау және басқару шешімдерін қабылдауды автоматтандыру үшін операциялардың толық бүкпесіздігін және транзакциялық деректерді шоғырландыруды қамтамасыз ете отырып, нақты уақытқа жақын режимде мемлекеттік қаржылай қолдау шараларын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, цифрландыру пайдаланушылардың барлық топтарының "бірыңғай терезе" қағидаты бойынша "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ пен еншілес ұйымдардан кез келген сервисті алуын, сондай-ақ "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметінің субъектілері үшін барлық қажетті шоғырландырылған ақпарат көзін құруды қамтамасыз етеді. Бірқатар процестер үшін "digital by default" қағидатын пайдалану көзделеді, бұл қолдау субъектісінің қатысуынсыз міндеттерді проактивті орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жүйелердің толыққанды жұмыс істеуі үшін цифрлық инфрақұрылымның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің тиісті жүйелерімен интеграциялануы, сондай-ақ "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ клиенттерімен (нарық қатысушыларымен) "жіксіз" интеграция үшін Open API қағидатын пайдалану орындалады.
Бизнес-процестерді басқару жүйесін жетілдіру
Бизнес-процестерді басқару – бұл компанияның стратегиясы мен мақсаттарын толассыз процестерді тиісті ұйымдастыру жолымен клиенттердің болжалдарымен және қажеттіліктерімен байланыстыратын басқару тұжырымдамасы.
Компанияны басқарудағы процестік тәсіл тиімді басқару шешімдерін қабылдау мен оларды іске асырудағы икемділік пен айқындылықты көздейді және процестерді қалыптастырудан көрініс табады, осылайша, процестер шеңберінде қабылданатын шешімдер, оларды қабылдау тетіктері, шешімдерді қабылдауға жауапты адамдар күні бұрын қалыптастырылады және алдын ала анықталады.
Қызметті сапалы жақсарту мақсатында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ бизнес-процестерді басқару жүйесін жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мынадай қойылымдық мақсаттарға қол жеткізуге ұмтылады:
1) жылдамдық – процестерге уақытты қысқарту: регламенттеу, автоматтандыру және уақыт шектеулері;
2) сапа – бизнес-процестердің бүкпесіздігі, регламенттеу және мониторингтеу;
3) көрсеткіштер негізінде басқару – шығындар, уақыт және ресурстардың жүктемесі бойынша көрсеткіштер арқылы бақылау;
4) ұйымдастырушылық икемділік – процестерді модельдеу және қайта құру.
"Бір терезе" қағидаты бойынша клиенттерді кешенді қолдау
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ клиенттеріне "бір терезе" (one-stop-shop) қағидаты бойынша кешенді қолдау көрсету мемлекет белгілеген басым бағыттарда кәсіпкерлік субъектілері мен халыққа ұсынылатын қолдау құралдарының тиімділігін арттыру арқылы клиентке бағдарлану бөлігінде өз қызметін жетілдіру бойынша үздіксіз жұмысты талап етеді.
Жоғарыда көрсетілген міндетті табысты іске асыру кәсіпкерлерді қолдау құралдарының кешенді топтамасын ұсыну үшін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның сервистерін тиімді дамытуға берік негіз қалыптастырады.
Клиентке бағдарланған тәсілді дамыту шеңберіндегі қадамдардың бірі – "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ құрылымы арқылы клиенттермен жұмыс істеу деңгейін арттыру және кешенді шешімдер ұсыну мақсатында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ "бір терезе" қағидатын енгізді.
"Бір терезе" қағидаты "Digital Baiterek" ақпараттық жүйесі базасында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ деңгейінде кешенді қолдауды қалыптастыруды білдіреді, бұл сондай-ақ клиенттермен өзара қарым-қатынасты басқару жүйесін (CRM) қамтиды. Бұл ретте, кешенді қолдау құралдарын тікелей іске асыру және ұсыну қосымша адами ресурстарды тартпай, процесті әкімшілендіру шеңберінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ тарапынан шектеулі тартылатын ЕҰ деңгейінде жүзеге асырылады.
Кешенді қолдауды іске асыру бірыңғай даму институты ретінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның аясында даму институттарының жұмысынан қосымша синергетикалық әсер алуға мүмкіндік береді.
Талдау орталығы
Қазіргі уақытта "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ экономиканы қолдау мен дамытудың бекітілген бағдарламалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және басқа да мемлекеттік органдардың шешімдері мен тапсырмалары шеңберінде мемлекет белгілеген басымдықтарды басшылыққа алады.
Жинақталған тәжірибенің арқасында, атап айтқанда, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметінің барлық стратегиялық бағыттарындағы институционалдық жады негізінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ және оның ЕҰ клиенттердің қажеттіліктерін жете түсінеді. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ЕҰ-ның көрсетілетін қызметтерді алушы клиенттермен тікелей байланысы орын алған проблемалар мен қиындықтарға, ағымдағы және болашақтағы қажеттіліктерге, сондай-ақ даму институттары тарапынан қажетті құралдар мен қолдау көлемдеріне қатысты өзекті ақпаратты алуға мүмкіндік береді. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ осы ақпаратқа қолжетімділікті тиімді пайдалана және оны бір орталықтан өңдей алады.
Дамудың өзекті мәселелері бойынша шешімдер қабылдаудағы серпінді процесс оң тәжірибені зерделеуге және қорытындылауға негізделген жүйелі білімді талап етеді.
Талдау орталығының негізгі міндеттері:
1) ұлттық жобалар, сондай-ақ макроэкономикалық және салалық деректерді кеңейтілген талдау негізінде экономиканың дамуын қолдаудағы басымдықтарды айқындау;
2) ұқсас даму институттарымен салыстырмалы талдауды қоса алғанда, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ және оның ЕҰ қызметінің нәтижелілігін талдау;
3) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ты және ЕҰ-ны қолдау құралдарын олардың тиімділігі, өзектілігі және қолданылуы тұрғысынан талдау;
4) бизнесті қолдайтын жаңа шешімдер бойынша ұсыныстар әзірлеу және басқалар.
Осы міндеттерді табысты іске асыру үшін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қаржы операторы ретінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ іске асыратын ұлттық жобаларды басқару бой ынша шешімдер қабылдауда және олардың тиімділігін барынша арттыруда "Data-driven" тәсілін іске асыра отырып, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ үшін "пайдалы" деректердің бірыңғай кеңістігін құру жобасына бастама жасайтын болады.
"Data-driven Baiterek" жобасы (бұдан әрі – Жоба) азаматтар мен бизнес-кәсіпорындарға арналған қолдауды таргеттеуге, сондай-ақ "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ және ЕҰ қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін талдау орталығын жасау мақсатында ішкі жүйелер мен ЕҰ жүйелерінен (деректер қоймасы) деректерді жинайтын, сақтайтын, жинақтайтын және өңдейтін бірыңғай нүктені қамтамасыз етеді. Талдау орталығының міндеттерін іске асыру үшін:
1) деректерді өңдеу бөлігінде ЕҰ-ны автоматтандыру дәрежесін арттыру;
2) Жобаны іске асыруға басымдық бере отырып, Big Data саласында талдау орталығының қызметін қамтамасыз ететін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ және ЕҰ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
3) есептілік нысандарының көлемін қайта қарау, Excel нысандарын қолмен өңдеуден бас тарту есебінен "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ департаменттерінің әдеттегі міндеттерін оңтайландыру;
4) сыртқы деректер көздерімен интеграциялау;
5) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметінің көрсеткіштерін есептеуді автоматтандыру және визуализациялау есебінен басқарушылық есептілікті интерактивті талдамалық панельдерге аудару;
6) талдау жасай отырып, "Know Your Client" клиенттер портретін жасау (скоринг, үлестес болу, сегменттеу, таргетингтік қолдау шаралары).
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметіне орнықты даму қағидаттарын енгізу
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ бизнес пен қоғам мүдделерінің теңгерімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ұзақ мерзімді кезеңде орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін өз қызметінің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерін үйлесімді басқаруға ұмтылады.
Орнықты даму саласындағы міндеттерді шеше отырып, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ пен ЕҰ өзінің миссиясына, даму стратегияларының ережелеріне сүйенеді, сондай-ақ орнықты даму саласындағы халықаралық стандарттармен бекітілген іс-әрекет нормалары мен қағидаттарды пайдаланады.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ орнықты даму қағидаттарын түйінді процестерге интеграциялайды.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ мынадай бағыттарда орнықты даму саласындағы бастамаларды іске асырады:
1) БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарына (БҰҰ ОДМ) қол жеткізуге жәрдемдесу;
2) жауапты қаржыландыруды дамыту;
3) жауапты сатып алуға жәрдемдесу;
4) бірыңғай кадр саясатын қалыптастыру;
5) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен ЕҰ қызметінің бүкпесіздігін арттыру.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ қызметінде аталған бастамаларды іске асыру "Қазақстан-2050" Стратегиясында бекітілген мақсаттарға қол жеткізу үшін басымдық болып табылады.
Орнықты даму саласындағы қызметтің нәтижелілігін мониторингтеу, сондай-ақ оны жетілдіру бойынша одан әрі жоспарлар жасау мақсатында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қажеттілігіне қарай орнықты даму саласындағы рейтингке ие болады.
1. БҰҰ ОДМ-ға қол жеткізуге жәрдемдесу
Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру бойынша прогреске қол жеткізуіне жәрдемдесу мақсатында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ өз қызметіне БҰҰ ОДМ-ды интеграциялауға және оларға қол жеткізуге қосатын үлесті айқындауға ниетті.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ мақсаттарын, міндеттерін және басымдықтарын БҰҰ ОДМ-ның міндеттері мен индикаторларына сәйкес келтіреді, сондай-ақ жылдық есепте және "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның ресми интернет-ресурсында тұрақты негізде БҰҰ ОДМ-ға қол жеткізуге жәрдемдесу туралы ақпаратты ашады.
Жобалық портфельді қалыптастыру кезінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ БҰҰ ОДМ-ға сәйкес келетін және Қазақстан Республикасының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі әсер ететін жобаларға артықшылық береді.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Қазақстанда БҰҰ ОДМ-ды ілгерілету бойынша бірлескен міндеттерді шешу үшін, оның ішінде әдіснамалық қолдау көрсету және оқыту арқылы халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
2. Жауапты қаржыландыруды дамыту
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ экономиканың орнықты және тиімді моделін құруға бағытталған Қазақстан Республикасының "жасыл" экономикаға өту тұжырымдамасы шеңберінде "жасыл" экономика қағидаттарына беріктікті және іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз етеді.
Қазақстанның Климаттың өзгеруі жөніндегі Париж келісіміне қосылуы елдің "жасыл" экономикаға өтуінің маңызды қадамы болып табылады. Парниктік газдар шығарындыларын азайту және климаттың өзгеру салдарын бәсеңдету бойынша қабылданған міндеттемелерге қол жеткізу үшін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ "жасыл" технологияларды дамытатын қолдау құралдарын ұсынуға, сондай-ақ "жасыл" қаржыландырудың жаңа құралдарын, атап айтқанда "жасыл" облигацияларды шығаруды дамытуға ниетті. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ-ның елдің "жасыл" экономикаға өтуін қолдау бағыттары энергияның баламалы көздерін дамытуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге, сондай-ақ экономиканың карбонсыздануына және энергия тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады.
"Жасыл" технологияларды қаржыландыру үшін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ халықаралық қорлардың қаражатын және жеке инвестицияларды тартатын болады.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ дамушы елдерде парниктік газдар шығарындыларын шектеу және қысқарту мақсатында, сондай-ақ климаттың өзгеру салдарына бейімделуге көмек көрсету үшін 124 елдің үкіметтерінің бастамасы бойынша құрылған "Жасыл климаттық қордың" (бұдан әрі – ЖКҚ) аккредитациясын алу мүмкіндігін қарайды. ЖКҚ-де аккредиттеу "жасыл" қаржыландыру саласындағы жоғары стандарттарды мойындауды білдіреді.
Халықаралық қаржы ұйымдарынан қорландыруды алу кезіндегі негізгі талаптардың бірі жауапты қаржыландыру қағидаттарын ұстану болып табылады. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ жобалардың экологиялық және әлеуметтік орнықтылығы елдің орнықты дамуына елеулі әсер ететінін түсінеді. Ол үшін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ кредиттік-инвестициялық процестерді қайта қарауға және жауапты қаржыландыру саласындағы халықаралық стандарттар мен ұстанымдарға негізделген жобаларды әлеуметтік-экологиялық басқару жүйесін енгізу мүмкіндігін қарауға ниетті.
Бұл ретте, жауапты қаржыландыру практикасын дамыту үшін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-мен оның ЕҰ-ның қаржылай қолдауын әлеуетті алушылардың экологиялық, әлеуметтік проблемалар мен басқару мәселелері туралы ақпаратты (ESG факторлар) тиісінше ашуы үлкен маңызға ие. Осыған байланысты "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ қаржылай қолдау көрсету туралы шешім қабылдау шеңберінде ESG факторларын ескеруге ұмтылады.
"Жасыл" экономикаға өту халықаралық ұйымдар мен жеке сектордың қолдауымен ел ішінде де, сол сияқты одан тыс жерлерде де әріптестік өзара іс-қимылды болжайды. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ елдің "жасыл" экономикаға жедел көшуіне жәрдемдесуге бағытталған орнықты даму саласындағы ұлттық және халықаралық бастамаларға белсенді қатысатын болады.
3. Жауапты сатып алуға жәрдемдесу
Әлемнің көптеген дамыған елдерінде қазірдің өзінде "экологиялық" мемлекеттік сатып алудың үлесін ұлғайту жөніндегі ұлттық бағдарламалар әзірленді және іс жүзінде белсенді қолданылады. Мысалы, ЕО елдерінде "жасыл" сатып алу жалпы сатып алу жүйесіне, мемлекеттік органдардың саясаты мен жұмысына кіріктірілген, заңнамалық нормативтік актілерде, ұлттық іс-қимылдар жоспарларында көрсетілген, сатып алудың экологиялық өлшемшарттары белгілі бір өнім мен көрсетілетін қызмет топтары үшін бекітілген.
Сатып алуға қатысты шешімдер қабылдау кезінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің (бұдан әрі – ТЖҚ) экологиялық, әлеуметтік және этикалық сипаттамаларын мүмкіндігінше оларды сатып алу практикасына интеграциялай отырып назарға алады.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ қоршаған ортаға ең аз әсер ететін ТЖҚ-ға артықшылық береді, атап айтқанда, ЖЭК энергиясын пайдалану кезінде қалдықтардан, қайталама шикізаттан өндірілген тауарларды басымдықпен сатып алу мүмкіндігін қарайды.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ орнықты даму қағидаттарын ескере отырып, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттардың үлгі нысандарын өзектілендіреді.
4. Бірыңғай кадр саясатын қалыптастыру
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ тобын қажетті біліктілігі мен талап етілетін уәждемесі бар тиісті адами ресурстармен қамтамасыз ету мақсатында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ бірыңғай кадр саясатын қалыптастыру және енгізу жұмыстарын жүргізді. Бірыңғай кадр саясатының негізгі мақсаты "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ЕҰ-ның бәсекелестік артықшылықтарының бірі ретінде орнықты адами капиталды қалыптастыруды қамтамасыз ету болып табылады.
Осыны негізге ала отырып, бірыңғай кадр саясаты мынадай бағыттар бойынша дамитын болады:
1) стратегиялық HR. HR бизнес-әріптестер институтын құру және олардың ұйымның бизнесін дамытуға белсенді қатысуы арқылы HR-функцияның стратегиялық рөлін дамыту;
2) өзгерістерді басқару. Персоналды өзгерістерге дайындауға, кедергіні басқаруға және персоналды талап етілетін білімдер мен дағдыларға оқытуға жетекшілік етуге жәрдемдесу;
3) жұмыс беруші бренді. Нысаналы аудитория арасында брендті ілгерілету және брендтің танымалдығын тұрақты бағалау арқылы HR-брендті дамыту;
4) корпоративтік мәдениет. Нысаналы корпоративтік мәдениетті айқындау, мәдениетті қолдау үшін түйінді HR-процестерді түзету, корпоративтік құндылықтарды және жұмыс тәртібінің қалаулы стандарттарын белсенді насихаттау;
5) ішкі коммуникациялар. Ұйымның барлық қызметкерлері арасында кері байланыстың жеткілікті арналарын құру арқылы ішкі коммуникация арналарын дамыту. Персоналдың тартылу деңгейін тұрақты бағалау;
6) автоматтандыру және талдама. Бизнес процестерді оңтайландыру. Әдеттегі процестерді барынша автоматтандыру үшін заманауи бағдарламалық қамтылымды қолдану, "жеке кабинет" құралдарын енгізу, чат-боттар, дашбордтар және өзге де автоматты құралдар құру. Басшылыққа және өзге де мүдделі адамдарға тұрақты есептілікті ұсыну арқылы HR-талдаманың функциясын кеңейту, сондай-ақ ағымдағы HR-трендтерді талдау;
7) әдеттегі процестерді оңтайландыру. Операциялық қызмет көлемін қысқарту және Жалпы қызмет көрсету орталығын құру мүмкіндігін қарау (меншікті немесе сыртқы ұқсас орталықтарға қосылу шеңберінде).
5. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ қызметіндегі бүкпесіздікті арттыру
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ тұлғасындағы даму институттары қызметінің жоғары экономикалық және әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ нысаналы аудиторияларды өз қызметі туралы белсенді хабардар етуге ұмтылатын болады. Бұл азаматтар мен іскерлік қоғамдастықты "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ іске асыратын бағдарламаларға тартуға, сондай-ақ оның іскерлік беделін мақсатты түрде нығайтуға мүмкіндік береді.
Айталық, 2020 жылдың қорытындысы бойынша "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметі туралы хабардар болу индексі 90,56 %-ды құрады. Нысаналы аудиториялардың хабардар болу деңгейін бағалау сауалнаманың қорытынды деректері негізінде үш негізгі өлшемшарт бойынша жүргізілді:
1) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметі туралы хабардар болу деңгейі – 94,4 %;
2) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметі туралы ақпаратпен қанағаттану дәрежесі – 89,3 %;
3) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметі туралы ақпаратқа сенімділік көрсеткіштері – 88,0 %.
Осы міндетті іске асыру шеңберінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ бірыңғай коммуникациялық стратегия негізінде қоғаммен байланыс және жарнама бойынша арнайы іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.
Квазимемлекеттік сектор субъектісі ретінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметіне деген жоғары назарды ескере отырып, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ұлттық жобаларды, сондай-ақ сыртқы аудиториялардың барынша назарын аударатын жекелеген ішкі рәсімдерді (сатып алу, жұмысқа қабылдау, қаржылай және қаржылай емес қолдау құралдарын ұсыну) іске асыру бөлігінде қабылданатын шешімдердің бүкпесіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Осы міндетті орындау үшін заманауи ақпараттық технологиялар мен дәстүрлі коммуникация құралдарын пайдалану жоспарланып отыр.
Салыстырмалы даму институттарына ұқсас, сондай-ақ Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қаржылық жай-күйі, дивидендтік саясаты және кредиттік тарихы, сондай-ақ ЕҰ даму перспективалары туралы өзекті ақпаратты ашуға ұмтылатын болады, бұл "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ мәртебесін арттыруға ықпал ететін болады. Қызметтің бүкпесіздігін арттыру халықтың сенім деңгейін арттыру үшін де қажет.
Нысаналы аудиториялардың "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның қызметіне сенімін арттырудың маңызды факторы "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ көрсететін қызметтер сапасына клиенттердің қанағаттану деңгейін дәйекті күшейту болады. Ол үшін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ клиенттерге бағдарлану деңгейін бағалауды жүргізіп, осы көрсеткішті мақсатты түрде жақсартатын болады. Бұдан басқа, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметіне сенім деңгейін бағалауды "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ жүргізеді, оның шеңберінде нысаналы аудиториялардың "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ туралы хабардар болу деңгейі де бағаланатын болады.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметіне сенім деңгейін арттыру оның қызметінің тиімділігіне оң әсер етеді, өйткені бүкпесіздіктің жеткіліксіз деңгейі сыртқы қорландыруды тартуға және оның құнына әсер етуі мүмкін.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен ЕҰ бүкпесіздігінің жаңа деңгейі ішкі және сыртқы мүдделі адамдар үшін бірнеше бағытты қамтитын болады:
1) инвестициялық және стратегиялық шешімдер қабылдау тәсілдерінің проактивті коммуникациясы;
2) ЕҰ құралдары мен жұмыс қағидаттары туралы клиенттерді жан-жақты хабардар ету;
3) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметінің елдің ЖІӨ-не әсері, жұмыс орындарын құру туралы ақпаратты ашуды қоса алғанда, қол жеткізілген әлеуметтік-экономикалық әсер туралы хабардар ету;
4) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен сыртқы мүдделі тараптар арасындағы диалогты кеңейту жөніндегі іс-қимылдар мысалдары:
4.1) бағдарламалардың іске асырылу барысын талқылау, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, Қазақстан Республикасының Парламенті және жұртшылық арасында пікір алмасу үшін жұртшылықпен тұрақты кездесулер (дөңгелек үстелдер, брифингтер, ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру) ұйымдастыру;
4.2) жаңа жұмыс құралдары мен қағидаттары туралы ақпаратты клиенттердің назарына жеткізу;
4.3) кері байланыс алу.
Ашылатын ақпараттың мүдделі тараптар үшін бүкпесіздігін және маңыздылығын арттыру мақсатында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ жылдық есептерді ішкі нормативтік құжаттарға және ақпаратты ашудың үздік практикасына сәйкес, оның ішінде Есептілік жөніндегі жаһандық бастаманың (Global Reporting Initiative, GRI) Ақпаратты ашу бойынша халықаралық стандарты қағидаттарына және листингтік компаниялардың жылдық есебінде ақпаратты ашу бойынша KASE талаптарына сүйене отырып жариялайды.
KASE листингіне кіретін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ ESG ақпаратын (экологиялық және әлеуметтік ақпаратты, сондай-ақ корпоративтік басқару туралы ақпаратты) жеке ESG есебі түрінде немесе Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) қолдауымен KASE әзірлеген ESG есебін жасау әдістемесіне сәйкес жылдық есеп құрамында ашады.
4.4.5 "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ пен "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ-ны бірыңғай холдингке біріктіру және "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның еншілес ұйымдарын одан әрі оңтайландыру
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы шеңберіндегі тапсырмаға сәйкес "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ және "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 952 қаулысымен бірыңғай холдингке біріктірілді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ активтерін қысқарту туралы тапсырмасы шеңберінде штат санын тиісінше түзете отырып, портфельдік компанияларды екі есе қысқарту жүргізіледі. Атап айтқанда, мынадай шаралар қабылданатын болады:
1) "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымдары (АНК, ҚАҚ және АШҚҚҚ) еншілес ұйымдар ретінде біріккен холдингке беріледі;
2) банктік лицензиялау бойынша заңнамалық өзгерістер қабылданған жағдайда, ҚАҚ-ты АНК-ға беру;
3) АШҚҚҚ-ның микрокредит беру және кредиттерге кепілдік беру функцияларын АНК мен Дамуға беру;
4) АШҚҚҚ-ны тарату;
5) QazTech Ventures пен KPPF-ті ҚКМ-ге жеке ТИҚ ретінде беру;
6) ҚИҚ-ты жекешелендіру. Нарық тарапынан қызығушылық болмаған жағдайда ҚИҚ қайта ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылатын болады.
5. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның 2023 жылға дейінгі ҚТК және көрсеткіштерді есептеу әдіснамасы
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Стратегияны 2017 жылы алғаш рет өзектілендірген сәттен бастап өз қызметінің тиімділігін талдау үшін тұрақты негізде алты бағыт бойынша топтастырылған 12 ҚТК бойынша қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мониторинг және талдау жүргізді:
1. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның Қазақстан Республикасы экономикасының орнықты дамуына жәрдемдесуді қамтамасыз ету жөніндегі шоғырландырылған ҚТК;
2) ірі бизнес сегментінде кәсіпкерлікті қолдау;
3) ШОБ сегментінде кәсіпкерлікті қолдау;
4) тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру;
5) экспорттық әлеуетті арттыру;
6) трансферт және инновацияларды енгізу.
1) ҚТК саны: ҚТК термині белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін негізгі болып табылатын метрикалардың шектеулі санын ғана білдіретін "қызметтің түйінді көрсеткіші" ретінде түсіндіріледі. Стратегиялық ҚТК санының көп болуы ұйымға негізгі қызметке және айрықша маңызды параметрлерге толыққанды назар аударуға мүмкіндік бермейді. Бұл көбінесе стратегияны іске асыру үшін жеке алынған ҚТК салмағы жалпы алғанда айтарлықтай маңызды болмай қалатындығына байланысты болады.
Сондай-ақ ҚТК-ның жалпы саны көп болып, олардың көпшілігіне қол жеткізілмеген жағдайларда, жауапкершіліктің белгілі бір дәрежеде үстірттенуі орын алады, өйткені жекелеген ҚТК-ны орындауға жауапты бизнес-бірліктер (жауапты адамдар, департаменттер, ЕҰ) "орындалмаудың" аз ғана бөлігі үшін жауап береді.
Ірі және кешенді ұйымдарда орындалуы ұйымның тиімділігі үшін сындарлы маңызды басты басымдықтарды белгілеу үшін көбінесе 5-10 ҚТК белгіленеді. Басқа көрсеткіштер ішкі операциялық және басқарушылық бақылау үшін пайдаланылуы мүмкін, бірақ тиімділікті жалпы бағалау үшін емес.
Осылайша, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның ҚТК жиынтығына шектеулі мөлшердегі таңдалған, стратегиялық маңызды метрикалар енуге тиіс, олардың әрқайсысының орындалмауы "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның қызметіне сыни әсер етеді;
2. ҚТК каскадтау: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның стратегиялық ҚТК арасында белгілі бір ЕҰ қызметіне ғана қатысты көрсеткіштер болды. Мысалы:
1) Қазақстан Республикасының экономикалық белсенді халқына шаққанда тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне қатысушылардың үлесі;
2) коммерциялық тұрғын үй үлескерлерінің салымдарына кепілдік беру;
3) өндіріске енгізілген технологиялардың саны, салалардың технологиялық міндеттерін шешуге және технологияларды коммерцияландыруға бағытталған жобалардың саны.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның аталған ҚТК-ны орындауға әсері тек жауапты ЕҰ қызметін мониторингтеу мен әкімшілендіруден тұратындықтан, бұл метрикалар жекелеген ЕҰ деңгейінде көрсетілуге тиіс. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ деңгейінде қызметтің белгілі бір стратегиялық бағыты шеңберінде барлық немесе бірнеше ЕҰ қызметіне байланысты ҚТК белгіленуге тиіс, бұл ретте "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ әрбір ЕҰ ерекшелігін ескере отырып, осындай ҚТК-ны ЕҰ деңгейіне каскадтай және портфельдік деңгейде жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін корпоративтік басқару жүйесі арқылы ЕҰ-да олардың орындалуын қамтамасыз ете алады.
3. ҚТК декомпозициясы:
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ стратегиялық картасы ҚР ҰЭМ-ның 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес қызметтің түйінді көрсеткіштері мен мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарындағы көрсеткіштердің декомпозициясын қамтиды (1-қосымша).
4. ҚТК-ны орындауға әсер ету дәрежесі:
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның стратегиялық ҚТК арасында орындалуына "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ ғана жауапты емес, сондай-ақ "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ тікелей және мүлдем әсер ете алмайтын – орындалуы немесе орындау параметрлерінің бірі "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-қа толық немесе ішінара тәуелді емес ҚТК болды:
1) еңбек өнімділігін ұлғайту мен өткізу нарықтарын кеңейту ескерілетін жаңа жобалар және жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту және кеңейту жөніндегі жобалар саны;
2) қолдау алған кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім көлемі;
3) шеңберінде қолдау құралдары көрсетілген тұрғын үй көлемі;
4) экспорттық және экспорт алдындағы қаржыландыру шеңберінде қолдау алған кәсіпорындардың экспорттық түсімінің көлемі.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ деңгейінде орындалуы толығымен немесе барынша жоғары дәрежеде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның өзіне және оның ЕҰ-ға байланысты болатын ҚТК белгілеген жөн.
5. ҚТК-ның өлшенуі:
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның стратегиялық ҚТК арасында сыртқы дереккөздерде ақпараттың толық немесе ішінара болмауына байланысты (яғни "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның және оның ЕҰ-ның ішкі көрсеткіштеріне ғана сүйенуге болады және оларды басқа дереккөздер бойынша қайта тексеру мүмкін емес) және/немесе есептеу әдіснамасының күрделілігіне байланысты әкімшілендіруді, мониторинг пен аудитті жүзеге асыру қиын көрсеткіштер болды. Мысалы:
1) еңбек өнімділігін ұлғайту мен өткізу нарықтарын кеңейту ескерілетін жаңа жобалар және жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту және кеңейту жөніндегі жобалар саны;
2) қолдау алған кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім көлемі.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен оның ЕҰ деңгейінде ішкі әкімшілендіру және мониторинг жүргізу, сондай-ақ сыртқы дереккөздер бойынша аудитті жүзеге асыру ыңғайлы болатын ҚТК белгілеген жөн.
2021 жылы Стратегияны өзектілендіру шеңберінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ деңгейінде ҚТК мен нысаналы мәндердің мынадай тізбесі қабылданды:
Р/с № | Қызметтің түйінді көрсеткіші | Өлшем бірлігі | Негіздеме | Есептеу әдіснамасы | 2023 жылға нысаналы мәні | Дереккөз |
---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның Қазақстан Республикасы экономикасының орнықты дамуына жәрдемдесуді қамтамасыз ету жөніндегі шоғырландырылған ҚТК | ||||||
1 | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның жалпы активтеріндегі кредиттік және инвестициялық портфельдің үлесі | % | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ активтерінің қазынашылық портфельде орналаспай, экономиканы дамыту үшін жұмыс істегені маңызды | ("Бәйтерек" ҰБХ" АҚ компаниясының тобы бойынша кредиттік портфель (нетто)1 + инвестициялық портфель2 / Есептік кезеңнің соңында активтердің (шоғырландырылған) барлығы | 77 |
Даму жоспары/Есепті жылдың ішінде даму жоспарын орындау бойынша есеп, |
2. | Есепті жылдың ішінде қарыз алудың жалпы құрылымындағы мемлекеттік емес қарыз алу көздерінің үлесі | % | Даму институты теңгерімінің көбіне мемлекеттік емес көздерден қарыз алудан өсуі маңызды (ішкі, сол сияқты сыртқы капитал нарықтары) | Есепті жыл үшін алынған мемлекеттік сыйлықақыны есепке алмай, Отбасы банктің депозиттік базасы бойынша ағындарды қоса алғанда, есепті жылдың ішіндегі мемлекеттік емес қарыз алудың номиналды құны/ Отбасы банктің депозиттік базасы бойынша ағындарды қоса алғанда, есепті жылдың ішіндегі жалпы қарыз алудың номиналды құны | 70 |
Басқарушылық |
3. | ROA (шоғырландырылған) | % | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның қаражаттың қайтарымдылығын қамтамасыз етуді қоса алғанда, құнды қалыптастырғаны маңызды. Бұл ретте параметр "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ны тәуекелдерді (NPL үлесі, валюталық тәуекелдер) және операциялық шығыстарды басқаруға ынталандыратын болады | Жыл ішіндегі пайда (таза) (шоғырландырылған) / Алдыңғы кезеңнің соңындағы (шоғырландырылған) және ағымдағы кезеңнің соңындағы (шоғырландырылған) активтер көлемі арасындағы орташа мән | 0,5-1,0 | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілігі, ЕҰ деректері |
4. | Кредиттік портфельдегі жеке сектордың үлесі | % | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ квазимемлекеттік секторды мүлдем қаржыландырмағаны не тиісті компанияда не жобада жеке инвестициялардың үлесі кемінде 50 % болған кезде ғана қаржыландырғаны маңызды | Есепті кезеңнің соңында жеке секторға берілген кредиттер сомасы (нетто) / Есепті кезеңнің соңындағы "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ компаниялар тобы бойынша кредиттік портфель (нетто) | 80 | Даму жоспары/Есепті жылдың ішінде даму жоспарының орындалуы жөніндегі есеп, кредиттік қызметті жүзеге асыратын ЕҰ-ның деректері |
5. | Клиенттердің қанағаттануы | п.т. | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның тұрақты негізде өз клиенттерінен кері байланыс арқылы қолдау шараларының тиімділігін арттырғаны маңызды | Базалық сауалнама деңгейі (База) + пайыздық тармақтар саны | База + 3 | Тәуелсіз сауалнама компаниясының сауалнамалық деректері |
6. | Корпоративтік басқару рейтингі | % | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның корпоративтік басқарудың озық практикасына және тиімді шешімдер қабылдауға ұмтылғаны маңызды | Сыртқы бағалау | 85-100 | Рейтингтік агенттіктің бағалау нәтижелері |
7. | Орнықты даму рейтингі | рейтинг | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның орнықты даму және болашақ ұрпақ үшін елдің әл-ауқатын еселеу қағидаттарын ұстанғаны маңызды | Сыртқы бағалау | С | Рейтингтік агенттіктің бағалау нәтижелері |
1-міндет. Экономиканың шикізаттық емес салаларын дамыту. | ||||||
1-стратегиялық қызмет бағыты. Кәсіпкерлікті қолдау | ||||||
8. | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-тан қолдау алған кәсіпорындар түсімінің көлемі (жылдың ішінде)3 | млрд теңге | "Стратегия – 2050", Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының, сондай-ақ "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасының және Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның жан басына шаққандағы ЖІӨ-ні және өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін ұлғайту жөніндегі міндеттерін іске асыру үшін | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның бірнеше ЕҰ-нан (ҚДБ*, АНК**, ҚАҚ***, Даму ****) қолдау алған кәсіпорындар түсімінің қайталанатын көлемін болдырмауды есепке ала отырып, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-тан қолдау алған кәсіпорындардың түсімі көлемінің сомасы | 8 000 | ҚДБ, Даму, АНК мен ҚАҚ-тың есепті жылдың ішінде даму жоспарын орындауы жөніндегі есептері |
* ҚДБ үшін кәсіпорындар түсімінің көлемі кәсіпорындардың өнімді, оның ішінде экспортқа өткізуден түскен түсімі бойынша нақты және бағаланатын деректер бойынша есептеледі: | ||||||
9. | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-тан қолдау алған кәсіпорындардың экспорттық түсімінің көлемі (жылдың ішінде)3 | млрд теңге | "Стратегия – 2050", Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының, "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасының және Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспортының көлемін ұлғайту міндеттерін іске асыру үшін | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның бірнеше ЕҰ-нан (ҚДБ*, АНК**, ҚАҚ***, KazakhExport****) қолдау алған кәсіпорындар түсімінің қайталанатын көлемін болдырмауды есепке ала отырып, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-тан экспорттық қолдау алған кәсіпорындардың экспорттық түсімінің сомасы | 1 338 | ҚДБ, KazakhExport, АНК мен ҚАҚ-тың есепті жылдың ішінде даму жоспарын орындауы жөніндегі есептері |
* ҚДБ үшін экспорттық түсімінің сомасы кәсіпорынның өнімді экспортқа өткізуден түскен түсімі бойынша есептеледі | ||||||
10. | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қаражатының бірлігіне шаққанда ҚР-ға тартылған инвестициялардың коэффициенті | Коэффициент | "Стратегия – 2050", Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының және "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасының негізгі капиталға инвестиция тарту бөлігіндегі міндеттерін іске асыру үшін |
Бірлесіп инвестициялау туралы келісімдер шеңберіндегі шетелдік инвестицияларды қоса алғанда, | кемінде 2 | Бекітілген Даму жоспары, есепті жылдың ішінде Даму жоспарын орындау туралы ҚКМ-нің бекітілген есебі, осы көрсеткіштің орындалуына және (немесе) мониторингіне жауапты ҚКМ бөлімшесінің ЕҰ лауазымды адамы қол қойған есебі, онда ТИҚ атаулары, есепті кезеңде ҚР жобаларына нақты инвестициялар туралы ақпарат (есепті күнге абсолюттік мәндер), осы ТИҚ-тегі инвесторлар (оның ішінде шетелдік) мен ҚКМ үлестері және өзге де параметрлер көрсетіледі |
5-міндет. АӨК-те қаржыландырудың қолжетімділігін, өндірісті техникалық жарақтандыру және қарқындату деңгейін арттыру | ||||||
2-стратегиялық қызмет бағыты. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту | ||||||
11. | АӨК саласындағы негізгі капиталға инвестициялар көлемі (жылдың ішінде):3 | млрд теңге | "Стратегия – 2050", Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының, "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасының, АӨК-ті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі міндеттерін іске асыру үшін | АНК мен ҚДБ кредиттері мен лизингі, ЕДБ, КС, МҚҰ, ЛК-ны қорландыру, ЕДБ-ны бірлесіп қаржыландыру, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қатысатын ТИҚ-тың тікелей инвестициялары есебінен АӨК субъектілерінің (оның ішінде өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және тамақ өнімдерін өндіру) негізгі құралдарды сатып алуын және ҚМЖ жүргізуін қаржыландыру көлемінің сомасы | 247,5 | АНК, ҚКМ және ҚДБ-ның есепті жылдың ішінде даму жоспарын орындауы жөніндегі есептері |
- ауыл шаруашылығында | 210,6 | |||||
- тамақ өнімдерін өндіру саласында | 36,9 | |||||
12. | Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары лизингінің көлемі (жылдың ішінде)3 | млрд теңге | "Стратегия – 2050", Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының, "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасының және АӨК-ті дамыту жөніндегі ұлттық жобасының еңбек өнімділігін ұлғайту бөлігіндегі міндеттерін іске асыру үшін | Жасалған қаржылық лизинг шарттарын есепке ала отырып, қаржыландырудың барлық көздері есебінен ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығының лизингіне бағытталған есепті жылдың ішіндегі инвестициялардың нақты көлемі | 108 | ҚДБ, ҚАҚ-тың есепті жылдың ішінде даму жоспарын орындауы жөніндегі есептері |
6-міндет. Экономиканың урбандалуын қолдау | ||||||
3-стратегиялық қызмет бағыты. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету | ||||||
13. | Қазақстан Республикасындағы қолжетімді тұрғын үй құрылысына "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның қосқан үлесі (жылдың ішінде) | % | "Стратегия – 2050", Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының, "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасының қолжетімді тұрғын үйдің жеткілікті шаршы метрлерін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін іске асыру үшін |
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның (ЕҰ) құралдары арқылы тұрғын үйді пайдалануға беру және бастапқы тұрғын үйге қарыз беру* көлемі / Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі (көп пәтерлі тұрғын үйлер) Қазақстан Республикасы бойынша жиыны | 13 | Отбасы банк пен Тұрғын үй құрылысы бірыңғай операторының есепті жылдың ішінде даму жоспарын орындауы жөніндегі есептері, ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының, ЖАО деректері |
1 Кредиттік портфель – "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметінің стратегиялық бағыттарына сәйкес келетін кредиттер.
2 Инвестициялық портфель – "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметінің стратегиялық бағыттарына сәйкес салынған инвестициялар.
3 Көрсеткіштердің нысаналы мәндері индикативтік болып табылады және Қазақстан экономикасы үшін COVID-19 пандемиясының ықтимал салдарын ескермейді.
№ 8 және № 9 ҚТК есептеу әдіснамасындағы шартты белгілер:
Т – өнімдер мен қызметтерді сатудан түскен түсім
ЭТ – экспорттық түсім
ЕҰ жоспары – кәсіпорынның және/немесе ҚЭМ деректеріне сәйкес есепті кезеңнің ішінде кәсіпорынның борыштық міндеттемелеріндегі (амортизациялық құны бойынша қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бағаланатын) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ұсынған қаржы құралдары (оның ішінде берілген кепілдіктер, облигациялық қарыздар және т.б. ескеріледі) үлесінің жоспарлы орташа мәні
ЕҰ факт – ҚЕ деректеріне сәйкес есепті кезеңнің ішінде кәсіпорынның борыштық міндеттемелеріндегі (амортизациялық құны бойынша қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бағаланатын) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ұсынған қаржы құралдары (оның ішінде берілген кепілдіктер, облигациялық қарыздар және т.б. ескеріледі) үлесінің нақты орташа мәні
АҰҚҮ – АНК-ның инвестициялық жобаны қаржыландыруға қатысу үлесі
ҚЭМ – жобаның қаржылық-экономикалық моделі
ИТ – инвестициялық жобалар бойынша түсім
ИЭТ – инвестициялық жобалар бойынша экспорттық түсім
ЭҚ – толингтік көрсетілетін қызметтер (келушілерге қызмет көрсету қызметтерін) көрсететін кәсіпорындардың ҚЕ сәйкес заттай экспорттық өнім
Өсім коэфф. – 4,6 % – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес "Тамақ өнімдері мен сусындар өндірісі" салаларында 2019 жылдың ішіндегі толық шығындар коэффициенті
Өсім коэфф. – 13 % – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес "Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салалардағы қызметтер көрсету" салаларындағы 2019 жылдың ішіндегі толық шығындар коэффициенті
Статистикалық деректер – ҚР кәсіпорындары бойынша ҚР статистикалық ақпаратты автоматтандырылған жинауды, өңдеуді, сақтауды және таратуды қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті мемлекеттік және/немесе квазимемлекеттік органнан ресми түрде алынған біріктірілген статистикалық деректер
ТӨНТ – "Тамақ өнімдері мен сусындар өндірісі" бағыты бойынша инвестициялық жобалардың алдыңғы жылдағы нақты түсімі
ӨМНТ – "Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы" бағыты бойынша инвестициялық жобалардың алдыңғы жылдағы нақты түсімі
ҚЕ – кәсіпорынның қаржылық есептілігі
Б – есепті кезеңнің ішінде тауарлардың және/немесе көрсетілетін қызметтердің экспорттық бағасының орташа мәні ресми дереккөздерде ұсынылған нақты деректер бойынша есептеледі
ЭТ – экспорттық және/немесе экспорт алдындағы операциялар бойынша түсім
ЭЭТ – экспорттық және/немесе экспорт алдындағы операциялар бойынша түсім
Ескертпе: Стратегия мәтінінде пайдаланылған аббревиатуралардың толық жазылуы
АНК – "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы
ӘЭДБ – әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
БД – "Бәйтерек девелопмент" акционерлік қоғамы
БЖЗҚ – "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы
Даму – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы
ДЭФ – Дүниежүзілік экономикалық форум
ЕДБ – екінші деңгейдегі банктер
ЕҰ – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымдары
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
ҚАҚ – "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамы
ҚДБ – "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы
ҚКМ – "Қазына Капитал Менеджмент" акционерлік қоғамы
ҚИҚ – "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамы
ҚР СЖРА – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
ҚР ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ҚТК – "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" акционерлік қоғамы
Отбасы банк – "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы
ӨДҚ – "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамы
ТДҰА – "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" акционерлік қоғамы
ТҚКҚ – "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы
ШОБ – шағын және орта бизнес
KazakhExport – "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамы
KPPF – "Kazakhstan Project Preparation Fund" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
QazTech Ventures – "QazTech Ventures" акционерлік қоғамы
–––––––––––––––––––––––––––
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясына | |
1-қосымша |
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның стратегиялық картасы
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің (бұдан әрі – МЖЖ ) бірінші деңгейдегі құжаты | МЖЖ-ның екінші деңгейдегі құжаты | "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ҚТК |
---|---|---|
1 | 2 | 3 |
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның Қазақстан Республикасы экономикасының орнықты дамуына жәрдемдесуді қамтамасыз ету жөніндегі шоғырландырылған ҚТК | ||
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары: | 1) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның жалпы активтеріндегі кредиттік және инвестициялық портфельдің үлесі; | |
2) есепті жылдың ішінде қарыз алудың жалпы құрылымындағы мемлекеттік емес қарыз алу көздерінің үлесі; | ||
3) ROA (шоғырландырылған); | ||
4) кредиттік портфельдегі жеке сектордың үлесі; | ||
5) клиенттердің қанағаттануы; | ||
6) корпоративтік басқару рейтингі; | ||
7) орнықты даму рейтингі; | ||
1-стратегиялық қызмет бағыты. Кәсіпкерлікті қолдау | ||
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары: |
"Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасы: |
8) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-тан қолдау алған кәсіпорындар түсімінің көлемі (жылдың ішінде); |
2-стратегиялық қызмет бағыты. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту | ||
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары: |
АӨК-ті дамыту жөніндегі ұлттық жоба: |
9) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-тан қолдау алған кәсіпорындардың экспорттық түсімінің көлемі (жылдың ішінде); |
3-стратегиялық қызмет бағыты. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету | ||
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары: |
"Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы: | 13) Қазақстан Республикасындағы қолжетімді тұрғын үй құрылысына "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның қосқан үлесі (жылдың ішінде). |
–––––––––––––––––––––––––––
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясына | |
2-қосымша |
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымдарының тізімі
1. "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ
2. "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ
3. "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ
4. "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ
5. "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ
6. "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ
7. "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ
8. "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ
9. "ҚазАгроҚаржы" АҚ
–––––––––––––––––––––––––––