Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 588-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
3-қосымшада "Басым тәртіппен бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ұлттық басқарушы холдингтердің және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың ірі еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесі":
квазимемлекеттік сектор ұйымдарының тізбесінде:
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 66. 51-жол алып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |