Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 773 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 603 қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 603 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 79-4-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 28 қазандағы
№ 773 қаулысымен
бекітілген

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 79-4-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнаулы комиссия – дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге қатысты мәселелерді қарау мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жанындағы мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктер мен кәсіптік одақтардың өкілдері қатарынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган;

      2) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді, атап айтқанда:

      дара кәсіпкердің атауын немесе заңды тұлғаның атауы мен тіркелген күнін;

      сәйкестендіру нөмірін;

      заңды мекенжайын (тұрған жерін);

      тізілімге енгізілу күнін;

      әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің санатын қамтитын электрондық дерекқор;

      3) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) – заңды тұлға (филиал мен өкілдік) және қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

      4) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға, оның ішінде қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

      5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      6) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – ӘКС) – тізілімге енгізілген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);

      7) бірінші санаттағы ӘКС – азаматтардың мынадай санаттарын:

      мүгедектігі бар адамдарды;

      мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді;

      зейнеткерлерді және зейнеталды жастағы азаматтарды (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл бойы);

      балалар ауылдарының тәрбиеленушілерін және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін – жиырма тоғыз жасқа дейін;

      қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдарды – босатылғаннан кейін он екі ай ішінде;

      белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды;

      аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды;

      наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдарды – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде;

      қандастарды жұмыспен қамтуға ықпал ететін ӘКС, бұл ретте ӘКС қызметкерлерінің арасында осындай санаттардың кез келгеніне (осындай санаттардың біріне немесе бірнешеуіне) жататын адамдардың орташа жылдық саны алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кемінде елу пайызды құрауы (бірақ осындай санаттарға жататын екі адамнан кем болмауы), ал еңбекке ақы төлеу шығыстарында осындай санаттардың кез келгеніне (осындай санаттардың біріне немесе бірнешеуіне) жататын адамдардың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстардың үлесі кемінде жиырма бес пайызды құрауы шарт;

      8) екінші санаттағы ӘКС – осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасында аталған санаттар қатарындағы азаматтар өндіретін тауарларды, орындайтын жұмыстарды, көрсететін қызметтерді өткізуге ықпал ететін ӘКС. Бұл ретте, алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауға тиіс, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құрайды;

      9) үшінші санаттағы ӘКС – мүгедектігі бар адамдардың тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау мақсатында мүгедектігі бар адамдарға арналған, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысу үшін басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасау мақсатында осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасында аталған өзге де адамдарға арналған тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ӘКС, бұл ретте мынадай:

      тұрмыста тыныс-тіршілікті қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету жөніндегі;

      күтімді ұйымдастыру, сауықтыру іс-шараларын жүргізуге жәрдем көрсету, азаматтардың денсаулық жағдайының өзгеруін анықтау үшін жүйелі түрде байқау арқылы денсаулықты қолдауға және сақтауға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтерді көрсету жөніндегі;

      әлеуметтік ортаға бейімдеу үшін психологиялық жай-күйін түзетуде көмек көрсетуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі;

      мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың профилактикасына бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтерді көрсету жөніндегі;

      жұмысқа орналасуда және еңбекте бейімделуге байланысты өзге де проблемаларды шешуде көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсету жөніндегі;

      коммуникациялық әлеуетті арттыруды, оңалту мен әлеуметтік бейімдеуді көздейтін қызметтерді, әлеуметтік қолдап отыру бойынша қызметтерді көрсету жөніндегі;

      аурулардың профилактикасы, мүгедектігі бар адамдарды оңалту, оның ішінде мүгедектігі бар балаларды медициналық абилитациялау үшін ғана пайдалануға болатын медициналық техниканы, протездік-ортопедиялық құралдарды, цифрлық денсаулық сақтау саласындағы бағдарламалық қамтылымды, сондай-ақ техникалық құралдарды өндіру және (немесе) өткізу жөніндегі;

      мүгедектігі бар адамдар мен зейнеткерлердің демалысын және оларды сауықтыруды ұйымдастыру жөніндегі;

      қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі;

      мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектелген топтары үшін әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті, көлік құралдарын пайдалануды, ақпарат беру кезінде әмбебап байланыс қызметтерін көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасау жөніндегі қызмет түрлеріне сәйкес алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауы, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құрауы шарт;

      10) төртінші санаттағы ӘКС – қызметті алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құраған, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құраған жағдайда, мынадай:

      отбасын нығайтуға, балалардың отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз етуге және ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтерді көрсету жөніндегі;

      балалардың демалысын және оларды сауықтыруды ұйымдастыру жөніндегі;

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі;

      мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, негізгі орта және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын меңгеруде, дамуда және әлеуметтік бейімделуде қиналатын білім алушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі;

      әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметтер ұсыну сапасын арттыруға бағытталған, осы ұйымдардың қызметкерлері мен еріктілерін (волонтерлерді) оқыту жөніндегі;

      мәдени-ағартушылық (оның ішінде, жеке музейлердің, театрлардың, кітапханалардың, архивтердің, мектеп-студиялардың, шығармашылық шеберханалардың, ботаникалық және зоологиялық бақтардың, мәдениет үйлерінің, халық шығармашылығы үйлерінің қызметі);

      қоршаған ортаны қорғау жөніндегі;

      осы Қағидалардың 2-тармағының 7)10) тармақшаларында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық және ұзақ өмір сүру орталықтарын, саламатты өмір салтын жүргізу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі қызмет түрлерінің ішінен жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімді алдыңғы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ағымдағы жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей бекітеді.

      Көрсетілген мәліметтерді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган арнаулы комиссияның қарау қорытындылары бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынған мәліметтерді ескере отырып, Кодекстің 79-3-бабында көзделген шарттарға сәйкестігі тұрғысынан алдыңғы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жыл сайын жаңартып отырады.

      Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға Кодекстің 79-3-бабында көзделген шарттарға сәйкес келген кезде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган арнаулы комиссияның қарау қорытындылары бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсынған мәліметтердің негізінде күнтізбелік тоқсанның 1-күні тізілімге жаңа ӘКС енгізуге құқылы.

2-тарау. Тізілімді жүргізу тәртібі

      4. Тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган арнаулы комиссияның қарау қорытындылары бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынған мәліметтердің негізінде жүзеге асырады.

      5. Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өзін тізілімге енгізу мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);

      2) дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өзін тізілімге енгізу үшін өтініш жасайтын санатқа байланысты осы Қағидалардың 6 – 9-тармақтарында көрсетілген құжаттар;

      3) өтініш берушінің уәкілетті адамының өтінішке қол қою құқығын куәландыратын сенімхат (өтініш берушінің сенімхат негізінде әрекет ететін өкілі құжаттарды берген жағдайда).

      6. ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы комиссияның қарауына:

      1) өтініш берген күнге жарамды өтініш берушінің штат кестесінің көшірмесін;

      2) ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы өтініш берушінің қызметкерлерімен жасалатын еңбек шарттарының көшірмелерін;

      3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша өтініш берушінің қызметкерлерін ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызуды растайтын құжаттардың көшірмелерін;

      4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші қызметкерлерінің саны мен жалақысы туралы мәліметтерді;

      5) ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы өтініш беруші қызметкерлерінің дербес деректерін өңдеуге арналған келісімдердің көшірмелерін (дербес деректердің дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу мақсаты үшін жергілікті атқарушы органдарға ұсынылатынын көрсете отырып) ұсынады.

      7. ӘКС-тің екінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы комиссияның қарауына:

      1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу туралы мәліметтерді;

      2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кірістердің жалпы көлеміндегі ӘКС екінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті жүзеге асырудан өтініш беруші алған кірістердің үлесі және көрсетілген пайда мөлшерінен өтініш беруші алдыңғы күнтізбелік жылы алған таза пайданың ағымдағы күнтізбелік жылы осындай қызметті жүзеге асыруға бағытталған үлесі туралы анықтаманы (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза пайда болған жағдайда) ұсынады.

      8. ӘКС-тің үшінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы комиссияның қарауына:

      1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘКС-тің үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызмет бағыттарына сәйкес ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген санаттар қатарындағы азаматтарға арналған, осындай азаматтар үшін олардың тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар, сондай-ақ қоғам өміріне басқа азаматтармен тең қатысу мүмкіндіктерін жасау мақсатындағы тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндірісі жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтерді;

      2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кірістердің жалпы көлеміндегі ӘКС үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті жүзеге асырудан өтініш беруші алған кірістердің үлесі және көрсетілген пайда мөлшерінен өтініш беруші алдыңғы күнтізбелік жылы алған таза пайданың ағымдағы күнтізбелік жылы осындай қызметті жүзеге асыруға бағытталған үлесі туралы анықтаманы (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза пайда болған жағдайда) ұсынады.

      9. ӘКС-тің төртінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы комиссияның қарауына:

      1) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘКС-тің төртінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған және қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге ықпал ететін қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтерді;

      2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 3-нысан бойынша алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кірістердің жалпы көлеміндегі ӘКС төртінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті жүзеге асырудан өтініш беруші алған кірістердің үлесі және көрсетілген пайда мөлшерінен өтініш беруші алдыңғы күнтізбелік жылы алған таза пайданың ағымдағы күнтізбелік жылы осындай қызметті жүзеге асыруға бағытталған үлесі туралы анықтаманы (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза пайда болған жағдайда) ұсынады.

      10. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:

      1) осы Қағидалардың 59-тармақтарында көрсетілген дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның өтініштері мен құжаттарын қарау мақсатында жыл сайын, 31 (отыз бірінші) желтоқсаннан кешіктірмей арнайы комиссия құрады;

      2) жыл сайын 10 қаңтарға дейін және тоқсан сайын, күнтізбелік тоқсанның алдындағы айдың 1-нен 15-не дейін дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізуге арналған өтініштерді қабылдауды жүзеге асырады;

      3) өтініштерді қабылдау басталатын күнге дейін кемінде 10 (он) жұмыс күні бұрын облыстық өңірлік апталық баспа басылымында, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында қабылдау мерзімдері мен орнын көрсете отырып, тізілімге енгізуге арналған өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру жариялауды жүзеге асырады;

      4) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға тізілімге енгізу мәселелері бойынша консультация береді;

      5) дара кәсіпкерлерден өтініштерді және осы Қағидаларға сәйкес оларға қоса берілетін құжаттарды қабылдайды;

      6) тоқсан сайын арнаулы комиссияның отырыстарын ұйымдастырып, өткізеді;

      7) дара кәсіпкерлерді немесе заңды тұлғаларды арнаулы комиссияның ұсынымдары туралы хабардар етеді.

      11. Өтінімдерді қабылдау дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша жүзеге асырылады.

      12. Осы Қағидалардың 59-тармақтарында көрсетілген өтініш пен құжаттарды дара кәсіпкер немесе заңды тұлға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына қағаз түрінде немесе электрондық жеткізгіштерді пайдалана отырып және (немесе) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бекітілген, басшы не оны алмастыратын адам қол қоятын және дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның мөрімен (бар болса) бекемделетін нысан бойынша хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша жеке өзі, пошта, электрондық пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы береді. Өтініште және осы Қағидалардың 5 – 9 тармақтарында көрсетілген құжаттарда қамтылатын мәліметтер олар берілген күнгі жағдай бойынша жарамды болуға тиіс.

      13. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары осы Қағидалардың 59-тармақтарында көрсетілген өтініш пен құжаттарды қарау кезінде құжаттар ұсынылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарда қамтылатын мәліметтердің толықтығын тексеруді жүзеге асырады.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары осы Қағидалардың 5 – 9-тармақтарында көрсетілген өтініш пен құжаттарды қарау кезінде оларды тиісті мемлекеттік органдардан алынған ақпаратпен салыстырып тексеру арқылы мәліметтердің анықтығын тексеруді жүзеге асырады.

      14. Арнаулы комиссия осы Қағидалардың 5 – 9-тармақтарында көрсетілген өтініштерді және тиісті құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу туралы немесе дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізуден бас тарту туралы ұсынымдарды тұжырымдайды.

      15. Арнаулы комиссия дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ұсынған деректер осы Қағидалардың 2-тармағының 6) – 9) тармақшаларында көзделген шарттарға сәйкес келмеген кезде дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізуден бас тарту туралы ұсынымдарды тұжырымдайды.

      16. Арнаулы комиссия дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізуден бас тарту туралы ұсынымды тұжырымдаған жағдайда, ол облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына қайта жүгіне алады.

      17. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 қаңтарынан кешіктірілмейтін мерзімде, сондай-ақ тоқсан сайын күнтізбелік тоқсанның алдындағы айдың 25-күнінен кешіктірмей, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға арнаулы комиссия тізілімге енгізу үшін ұсыным берген дара кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғалардың тізбесін ұсынады.

      Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган тізбенің негізінде тізілімді бекітеді және өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

      18. ӘКС-тің санаты туралы ақпарат мүдделі тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жұмыста пайдалану үшін беріледі.

      19. Тізілім әрбір ӘКС туралы мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) заңды тұлғалар туралы:

      БСН;

      заңды тұлғаның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны және тіркелген күні;

      заңды мекенжайы (тұрған жері);

      тізілімге енгізілу күні;

      ӘКС санаты;

      ӘКС қызметінің саласы;

      2) дара кәсіпкерлер туралы:

      ЖСН;

      дара кәсіпкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және (немесе) атауы;

      заңды мекенжайы (тұрған жері);

      тізілімге енгізілу күні;

      ӘКС санаты;

      ӘКС қызметінің саласы.

      20. Тізілімде ӘКС субъектілерін іздеу:

      1) БСН немесе ЖСН;

      2) заңды тұлғаның атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны;

      3) дара кәсіпкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және (немесе) атауы бойынша жүзеге асырылады.

  Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілерінің тізілімін жүргізу
қағидаларына 1-қосымша

      Нысан

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі ________________________________________________________________________________ 20__ж. "___" _______________ жағдай бойынша

Р/с № Дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның атауы Дара кәсіпкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және (немесе) атауы ЖСН/ БСН Заңды мекенжайы (тұрған жері) Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілу күні Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің санаты Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі қызметінің саласы








































  Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілерінің тізілімін жүргізу
қағидаларына 2-қосымша
  ___________________________
(уәкілетті органның атауы)
  ___________________________
(дара кәсіпкердің немесе заңды
тұлғаның атауы)
мекенжайы:
______________________,
телефоны: _____, факс: _____,
электрондық пошта мекенжайы:
_____________.

      Нысан

Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш

______________________________________________________________________________

(дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның толық атауы)

      БСН____________________________________________________________________

      (бұдан әрі – өтініш беруші) атынан сенімхатсыз әрекет етуге құқығы бар тұлға туралы мәліметтер

      ________________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, көрсетілген құжатты берген органның атауы, лауазымның атауы)

      Кодтарын көрсете отырып, Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес өтініш беруші жүзеге асыратын қызмет түрлері:

      а).......;

      б).......;

      ....... .

      Жоғарыда баяндалғанның негізінде және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін басшылыққа ала отырып,

      _______________________________________________________________________

      (дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның толық атауы)

      әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі ретінде тануды сұраймын.

      Өтініш беруші өтініште және оған қоса берілген құжаттарда өзі ұсынған мәліметтердің анық екендігіне кепілдік береді.

      Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларында көзделген құжаттар қоса беріледі ( _____ парақта).

      20__ ж. "___" _______________

Дара кәсіпкер (заңды тұлғаның басшысы)/уәкілетті адам

 
_______________
(қолы)

 
___________________________
(қолтаңбаның толық жазылуы)

мөр орны (бар болса)



  Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілерінің тізілімін
жүргізу қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Өтініш беруші жұмыскерлерінің әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың тізбесі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Азаматтар санаты

Құжаттар (тиісті негіздеме болған жағдайда ұсынылады)

1

2

Мүгедектігі бар адамдар

мүгедектікті белгілеу фактісін растайтын анықтаманың көшірмесі

Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар және басқа да заңды өкілдер

баланың тууы (асырап алынуы) туралы куәліктерінің көшірмелері; мүгедектігі бар балаға қорғаншылық, қамқоршылық белгіленгенін растайтын құжаттардың (қорғаншылықты немесе қамқоршылықты жүзеге асыру туралы шарттың не қорғаншы және қамқоршы органның қорғаншыны немесе қамқоршыны тағайындау туралы актісінің) көшірмелері; мүгедектікті белгілеу фактісін растайтын анықтаманың көшірмесі ("мүгедектігі бар бала" санатын белгілеу)

Зейнеткерлер және зейнеталды жастағы алдындағы азаматтар (жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа келмегенге дейін бес жыл ішінде)

зейнетақы куәлігінің көшірмесі

Балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері – жиырма тоғыз жасқа дейін

адасып кеткен (тастанды) баланы жеткізу туралы актінің көшірмесі; ата-ана құқықтарынан бас тарту және баланы асырап алуға келісім беру туралы хаттаманың көшірмесі; баланы денсаулық сақтау ұйымында қалдырып кету туралы актінің көшірмесі; жетім бала немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұратын білім беру, медициналық және басқа да ұйым басшысының анықтамасы

Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдар – босатылғаннан кейін он екі ай ішінде

тұрғылықты жері бойынша учаскелік полиция қызметкерінен мінездеме; сотталғанның жеке ісі

Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар

белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарынан анықтама

Табысы аз, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналар және басқа да заңды өкілдер, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар

олардың мәртебесін растайтын құжаттар

Наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдар – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде

медициналық-әлеуметтік оңалтудың, наркологиялық және психоневрологиялық диспансердің дәрігерлік қорытындысы

Қандастар

олардың мәртебесін растайтын құжаттар

  Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілерінің тізілімін
жүргізу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Өтініш беруші ________________________________________________________________________________ (дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның толық атауы) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы жұмыскерлерінің саны мен жалақысы туралы мәліметтер 20__ж. "___" _______________ жағдай бойынша

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Көрсеткіштің атауы

Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде қызметкерлердің орташа тізімдік саны, адам

Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде есептелген жалақы қоры, теңге

1

2

3

4


Барлық жұмыскерлер



Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 79-3-бабының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға жататын қызметкерлер, оның ішінде



1.

мүгедектігі бар адамдар



2.

мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар және басқа да заңды өкілдер



3.

зейнеткерлер және зейнеталды жастағы азаматтар (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа жеткенге дейін бес жыл ішінде)



4.

балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері – жиырма тоғыз жасқа дейін



5.

қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдар – босатылғаннан кейін он екі ай ішінде



6.

белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар



7.

аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналар және басқа да заңды өкілдер, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар



8.

наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдар – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде



9.

қандастар



10.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген санаттарға жататын жұмыскерлер



      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабында көрсетілген санаттарға жататын жұмыскерлердің алдыңғы күнтізбелік жыл ішіндегі жұмыскерлердің (адамның) жалпы орташа тізімдік санындағы үлесі, пайызбен – __________.

            20__ ж. "___" ______________

      Дара кәсіпкер (заңды тұлғаның ___________   ___________________ (қолтаңбаның

      басшысы)/уәкілетті адам (қолы) толық жазылуы)

      мөр орны (бар болса)

  Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілерінің тізілімін
жүргізу қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу туралы мәліметтер

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабында көрсетілген санаттар қатарындағы азаматтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу туралы жалпы ақпарат.

Көрсеткіштің атауы

Өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы

Жасалған шарттардың саны (шарттардың нысанасын көрсете отырып)

Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде өткізуден түскен түсім (шарттар бойынша ақша қаражатының көлемі), теңге

1

2

3

4

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 79-3-бабының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға жататын азаматтардың барлығы, оның ішінде:




мүгедектігі бар адамдар




мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар және басқа да заңды өкілдер




зейнеткерлер және зейнеталды жастағы азаматтар (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл ішінде)




балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері – жиырма тоғыз жасқа дейін




қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдар – босатылғаннан кейін он екі ай ішінде




белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар




табысы аз, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналар және басқа да заңды өкілдер, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар




наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдар – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде




қандастар




Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген санаттарға жататын жұмыскерлер




      2. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабында көрсетілген азаматтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуді қамтамасыз ету тетігінің сипаттамасы (еркін нысанда):

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      20__ ж. "___" _____________

      Дара кәсіпкер (заңды тұлғаның ___________   ___________________ (қолтаңбаның

      басшысы)/уәкілетті адам (қолы) толық жазылуы)

      мөр орны (бар болса)

  Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілерінің тізілімін жүргізу
қағидаларына 6-қосымша

      1-нысан

Алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кірістердің жалпы көлеміндегі әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің екінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті жүзеге асырудан өтініш беруші алған кірістердің үлесі және көрсетілген пайда мөлшерінен өтініш беруші алдыңғы күнтізбелік жылы алған таза пайданың ағымдағы күнтізбелік жылы осындай қызметті жүзеге асыруға бағытталған үлесі туралы анықтама (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза пайда болған жағдайда)

      Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің екінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті (қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түскен кірістер туралы мәліметтер:

Көрсеткіштің атауы Көрсеткіштің мәні:
екінші санаттағы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінен үшінші санаттағы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінен төртінші санаттағы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінен
1 2 3 4

Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде қызметті жүзеге асырудан алынған кірістердің жалпы көлемі, теңге


Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің екінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті (қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түскен кірістер, теңге




Кірістердің жалпы көлемінде алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің екінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті (қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түскен кірістердің үлесі, пайыз




Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алынған таза пайданың мөлшері, теңге


Ағымдағы күнтізбелік жылда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің екінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті (қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған пайданың мөлшері, теңге




Алдыңғы күнтізбелік жылы алынған таза пайданың көрсетілген пайда мөлшерінен ағымдағы күнтізбелік жылы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің екінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті (қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі, теңге




      20__ ж. "___" _______________


Дара кәсіпкер (заңды тұлғаның басшысы)/уәкілетті адам

 
_______________
(қолы)

 
___________________________
(қолтаңбаның толық жазылуы)

мөр орны (бар болса)



      2-нысан

Алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кірістердің жалпы көлеміндегі әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті жүзеге асырудан өтініш беруші алған кірістердің үлесі және көрсетілген пайда мөлшерінен өтініш беруші алдыңғы күнтізбелік жылы алған таза пайданың ағымдағы күнтізбелік жылы осындай қызметті жүзеге асыруға бағытталған үлесі туралы анықтама (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза пайда болған жағдайда)

      Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті (қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түскен кірістер туралы мәліметтер:


Көрсеткіштің атауы Көрсеткіштің мәні:
екінші санаттағы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінен үшінші санаттағы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінен төртінші санаттағы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінен
1 2 3 4

Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде қызметті жүзеге асырудан алынған кірістердің жалпы көлемі, теңге


Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті (қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түскен кірістер, теңге




Кірістердің жалпы көлемінде алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті (қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түскен кірістердің үлесі, пайыз




Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алынған таза пайданың мөлшері, теңге


Ағымдағы күнтізбелік жылда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті (қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған пайданың мөлшері, теңге




Алдыңғы күнтізбелік жылы алынған таза пайданың көрсетілген пайда мөлшерінен ағымдағы күнтізбелік жылы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті (қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі, теңге




      20__ ж. "___" _____________


Дара кәсіпкер (заңды тұлғаның басшысы)/уәкілетті адам

 
_______________
(қолы)

 
___________________________
(қолтаңбаның толық жазылуы)

мөр орны (бар болса)




      3-нысан

Алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кірістердің жалпы көлеміндегі әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің төртінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті жүзеге асырудан өтініш беруші алған кірістердің үлесі және көрсетілген пайда мөлшерінен өтініш беруші алдыңғы күнтізбелік жылы алған таза пайданың ағымдағы күнтізбелік жылы осындай қызметті жүзеге асыруға бағытталған үлесі туралы анықтама (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза пайда болған жағдайда)

      Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің төртінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті (қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түскен кірістер туралы мәліметтер:

Көрсеткіштің атауы Көрсеткіштің мәні:
екінші санаттағы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінен үшінші санаттағы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінен төртінші санаттағы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінен
1 2 3 4

Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде қызметті жүзеге асырудан алынған кірістердің жалпы көлемі, теңге


Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің төртінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті (қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түскен кірістер, теңге




Кірістердің жалпы көлемінде алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің төртінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті (қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түскен кірістердің үлесі, пайыз




Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алынған таза пайданың мөлшері, теңге


Ағымдағы күнтізбелік жылда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің төртінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті (қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған пайданың мөлшері, теңге




Алдыңғы күнтізбелік жылы алынған таза пайданың көрсетілген пайда мөлшерінен ағымдағы күнтізбелік жылы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің төртінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті (қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі, теңге




      20__ ж. "___" ______________



Дара кәсіпкер (заңды тұлғаның басшысы)/уәкілетті адам

 
_______________
(қолы)

 
___________________________
(қолтаңбаның толық жазылуы)


мөр орны (бар болса)



  Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілерінің тізілімін
жүргізу қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген санаттар қатарындағы азаматтарға арналған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндірісі жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтер

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызмет бағыттарына сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген санаттар қатарындағы азаматтарға арналған, осындай азаматтар үшін олардың тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар, сондай-ақ қоғам өміріне басқа азаматтармен тең қатысу мүмкіндіктерін жасау мақсатында өндірілетін өнім (тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы жалпы ақпарат

Нысаналы аудитория

Өндірілетін өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) түрі

Өндірілетін өнім түрінің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) мақсаты

Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде өнімді (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен түсім

1

2

3

4

Мүгедектігі бар адамдар




Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-Аналар және басқа да заңды өкілдер




Зейнеткерлер және зейнеталды жастағы азаматтар (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа жеткенге дейін бес жыл ішінде)




Балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері – жиырма тоғыз жасқа дейін




Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдар – босатылғаннан кейін он екі ай ішінде




Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар




Табысы аз, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналар және басқа да заңды өкілдер, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын
"Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар




Наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдар – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде




Қандастар




      2. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабының 1) тармақшасында көрсетілген санаттар қатарындағы азаматтар үшін олардың тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар, сондай-ақ қоғам өміріне басқа азаматтармен тең қатысу мүмкіндіктерін жасау мақсатында ықпал ететін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) қасиеттерінің сипаттамасы (еркін нысанда):

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________.

      20__ ж. "___" ____________

      Дара кәсіпкер (заңды тұлғаның ___________   ___________________ (қолтаңбаның

      басшысы)/уәкілетті адам (қолы) толық жазылуы)

      мөр орны (бар болса)

  Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілерінің тізілімін жүргізу
қағидаларына 8-қосымша

      Нысан

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің төртінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған және қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге ықпал ететін қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтер

Қызмет түрі Кодтарын көрсете отырып, Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес қызмет түрлері Өнімді (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен түсім
1 2 3

отбасын нығайтуға, балалардың отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз етуге және ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтерді көрсету жөніндегі қызмет



балалардың демалысын және оларды сауықтыруды ұйымдастыру жөніндегі қызмет



мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі қызмет



мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, негізгі орта және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын меңгеруде, дамуда және әлеуметтік бейімделуде қиналатын білім алушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қызмет



әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметтер ұсыну сапасын арттыруға бағытталған, осы ұйымдардың қызметкерлері мен еріктілерін (волонтерлерді) оқыту жөніндегі қызмет



мәдени-ағартушылық қызмет (оның ішінде, жеке музейлердің, театрлардың, кітапханалардың, архивтердің, мектеп-студиялардың, шығармашылық шеберханалардың, ботаникалық және зоологиялық бақтардың, мәдениет үйлерінің, халық шығармашылығы үйлерінің қызметі)



қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызмет



Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық және ұзақ өмір сүру орталықтарын, саламатты өмір салтын жүргізу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі қызмет



      20__ ж. "___" _____________



Дара кәсіпкер (заңды тұлғаның басшысы)/уәкілетті адам

 
_______________
(қолы)

 
___________________________
(қолтаңбаның толық жазылуы)


мөр орны (бар болса)