Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы";
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қандастарды қоныстандыру үшін өңірлер;";
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қандастарды қоныстандыру үшін өңірлер".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |