Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Индустрияландыру картасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1418 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Индустрияландыру картасында:
реттік нөмірлері 2, 3, 8, 12, 13 және 16-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9. | Интеграцияланған газ-химия кешенін салу (бірінші фаза) | ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша) |
Атырау |
"Kazakhstan | 2010 – 2022 жылдар |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 28-жолмен толықтырылсын:
"
28. | Екібастұз қаласында ферроқорытпа зауытын салу | ИИДМ | Павлодар облысы |
"EkibastuzFerro Alloys" ЖШС |
2021 – 2023 |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |