Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қазандағы № 758 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген |
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Ғылым туралы" және "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру туралы" заңдарына сәйкес әзірленді және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) ғылыми-зерттеу жұмысына арналған техникалық тапсырма – ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған, осы жұмыстардың мазмұнына, көлеміне және орындалу мерзіміне қойылатын талаптарды белгілейтін бастапқы техникалық құжат;
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
3) жеке әріптес – мемлекеттік әріптестер ретінде әрекет ететін тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;
4) мемлекеттік тапсырыс – уәкілетті органның және (немесе) салалық уәкілетті органдардың базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру нысанында мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға арналған шарт негізінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісіне тапсырысы;
5) ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларға грант – гранттық қаржыландыру шеңберінде іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде берілетін бюджет қаражаты;
6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған грант – экономиканың басым секторлары шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (бұдан әрі – ҒҒТҚН) коммерцияландыру жобаларын іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде берілетін бюджеттік және (немесе) бюджеттен тыс қаражат;
7) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар бойынша грант алушы – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру туралы шарт жасасқан аккредиттелген жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – грант алушы);
8) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобалары бойынша грант алушы – ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасын гранттық қаржыландыру туралы шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – ҒҒТҚН коммерцияландыру жобалары бойынша грант алушы);
9) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасы – зияткерлік қызмет нәтижелерін қоса алғанда, табыс алуға бағытталған жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен көрсетілетін қызметтерді нарыққа шығару мақсатындағы ҒҒТҚН практикалық қолдануға бағытталған болжанып отырған жұмыстың мазмұнын қамтитын құжат;
10) ҒҒТҚН коммерцияландыру туралы есеп – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобасын іске асыру нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын құжат.
3. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін қаржыландыруды әрбір нысан бойынша жеке шарт жасай отырып, базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру нысанында бір мезгілде жүзеге асыруға болады.
4. Базалық қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырысты және (немесе) мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған шарт базалық қаржыландыру субъектісі мен уәкілетті орган немесе базалық қаржыландыру субъектісінің ағымдағы қызметін қамтамасыз етуге салалық уәкілетті орган арасында жасалады.
Гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарт (бұдан әрі – шарт) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектісі немесе дербес білім беру ұйымы мен оның ұйымы және уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыратын заңды тұлғалар арасында олар іске асырылатын бүкіл мерзімге, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге жасалады.
2-тарау. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру тәртібі
5. Базалық қаржыландыру уәкілетті органда аккредиттелген және салалық уәкілетті орган айқындаған, өздері үшін басым бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырманы және мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдарға және мемлекеттік ғылыми ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдарға, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде заңды тұлғаларға тиесілі, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына бөлінеді.
6. Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін, оның ішінде салалық уәкілетті органдардың ұсыныстары негізінде уәкілетті орган қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
7. Базалық қаржыландыру ғылыми инфрақұрылымды және мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдықтар пен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге, әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналға еңбекақы төлеуге, сондай-ақ субъектілердің ғылыми-техникалық қызметін ақпараттық сүйемелдеуге арналған базалық қаржыландыру нормалары бойынша шығыстарды қамтиды.
8. Өздері үшін уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган айқындаған басым бағыттар бойынша соңғы екі жыл бойы ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырма және (немесе) мемлекеттік тапсырыс алмайтын базалық қаржыландыру субъектілері базалық қаржыландыру субъектілерінің тізбесінен шығарылуға жатады.
9. Базалық қаржыландыру субъектілері уәкілетті органға және (немесе) салалық уәкілетті органға бюджеттік заңнаманың талаптарына сәйкес ресімделген базалық қаржыландырудың бекітілген нормаларына сәйкес базалық қаржыландыруға арналған бюджеттік өтінімді жыл сайын жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей береді.
10. Базалық қаржыландыру нормаларын уәкілетті орган әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
11. Салалық уәкілетті органдар базалық қаржыландыру бойынша жиынтық бюджеттік өтінімдерді бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде уәкілетті органға енгізеді.
12. Уәкілетті орган базалық қаржыландыру бойынша жиынтық бюджеттік өтінімді бюджет заңнамада белгіленген тәртіппен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізеді.
13. Базалық қаржыландыру субъектілерін қаржыландыруды уәкілетті орган, салалық уәкілетті органдар тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет шеңберінде бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша жүзеге асырады.
14. Базалық қаржыландыру субъектілері есепті жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес базалық қаржыландыру қаражатының пайдаланылуы туралы есепті ұсынады.
Салалық уәкілетті органдар есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейінгі мерзімде уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру қаражатының пайдаланылуы туралы жиынтық есепті ұсынады.
Базалық қаржыландыру субъектісі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есепте келтірілетін ақпараттың анықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етеді.
15. Базалық қаржыландыру субъектілерінің тізбесіне енгізудің негізділігін және базалық қаржыландыру көлемін растайтын құжаттар мен ақпараттық деректердің анықтығын уәкілетті орган, салалық уәкілетті органдар мен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілері қамтамасыз етеді.
3-тарау. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тәртібі
16. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру стратегиялық маңызы бар мемлекеттік міндеттерді, оның ішінде ұлттық ғылыми-техникалық міндеттерді шешу мақсатында стратегиялық ғылыми зерттеулер жүргізуге бөлінеді және конкурстық негізде немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша конкурстан тыс рәсімдер арқылы жүзеге асырылады.
17. Елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың стратегиялық жоспарлары, индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламалары және стратегиялық маңызы бар мемлекеттік міндеттерді іске асыруға бағытталған басқа да бағдарламалар ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың негіздемесі болып табылады.
18. Салалық уәкілетті органдар жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде уәкілетті органға қаржыландыру көлемін көрсете отырып, бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың басым және мамандандырылған бағыттары туралы ұсыныстар жібереді.
Уәкілетті орган салалық уәкілетті органдардың ұсыныстарын салалық уәкілетті органдардың ұсыныстар беруінің мерзімі аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – сараптама орталығы) жолдайды.
Сараптама орталығы бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың басым және мамандандырылған бағыттары мен көлемі бойынша ұсыныстарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды ұлттық ғылыми кеңестердің (бұдан әрі – ҰҒК) қарауына жолдайды.
Сараптама орталығы ҰҒК шешімдерін уәкілетті органға жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 20 сәуіріне дейін жолдайды.
Уәкілетті орган сараптама орталығы ұсынған бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың басым бағыттары мен көлемі жөніндегі ҰҒК шешімін алғаннан кейін оларды Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның (бұдан әрі – ЖҒТК) қарауына шығарады.
ЖҒТК жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 маусымына дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеге (бұдан әрі – ЖҒТК туралы ереже) сәйкес белгіленген тәртіппен шешім қабылдайды.
Уәкілетті орган он бес жұмыс күні ішінде ЖҒТК шешімін белгіленген тәртіпте қаржыландыру көлемін Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі – РБК) қарауына енгізу үшін бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
ЖҒТК ғылымды дамытудың басым бағыттары және басым бағыттар бойынша бөлінген бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру көлемі бойынша шешім қабылдағаннан және РБК қарағаннан кейін уәкілетті орган және салалық уәкілетті органдар РБК шешімімен мақұлданған қаражат шегінде жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурстық құжаттаманы әзірлейді, бекітеді және конкурс жариялайды.
РБК қаржыландыру көлемін қысқартқан жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері РБК бекіткен қаражат көлемін басым бағыттар бойынша бөледі.
Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсты уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган жариялайды және хабарландыру конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның, сондай-ақ сараптама орталығының интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
19. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама (бұдан әрі – МҒТС), сондай-ақ сұратылатын соманың негізділігін бағалау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – МҒТС қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.
20. Нысаналы ғылыми (ғылыми-техникалық) бағдарлама (бұдан әрі – нысаналы бағдарлама) нысаналы бағдарлама шеңберінде нақты міндеттерді шешуге бағытталған бірнеше кіші бағдарламаларды қамтуы мүмкін.
Нысаналы бағдарламаны кіші бағдарламаларға бөлу шешілетін проблемалардың ауқымы мен күрделілігіне, сондай-ақ нақты нәтижеге қол жеткізе отырып, оларды шешуді ұтымды ұйымдастыру қажеттігіне қарай жүзеге асырылады.
21. Конкурстық негізде іске асыру ұсынылатын және конкурстан тыс рәсімдер арқылы қаржыландыру ұсынылатын нысаналы бағдарламаларды уәкілетті орган МҒТС өткізуді ұйымдастыру үшін қабылдау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде сараптама орталығына жолдайды.
22. Конкурстық негізде және конкурстан тыс рәсімдер арқылы іске асыру ұсынылатын нысаналы бағдарламаларды сараптама орталығы МҒТС қағидаларында белгіленген рәсімдер жүргізілгеннен кейін тиісті ҰҒК-ның қарауына жібереді.
ҰҒК конкурстық негізде іске асыру ұсынылатын, конкурстан тыс рәсімдер арқылы қаржыландыру ұсынылатын нысаналы бағдарламаларды, сондай-ақ олардың экономикалық негізділігін бағалауды қамтитын МҒТС нәтижелерін қарайды және қаржыландыру сомасын көрсете отырып, қаржыландыру не қаржыландырудан бас тарту туралы шешім шығарады және оларды ЖҒТК-ге жібереді.
23. ЖҒТК ҰҒК шешімдерінің негізінде конкурстық негізде іске асыру ұсынылатын, сондай-ақ конкурстан тыс рәсімдер арқылы қаржыландыру ұсынылатын нысаналы бағдарламаларды мақұлдайды (қабылдамайды).
ЖҒТК ұсынымдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің нысаналы бағдарламаларды конкурстан тыс рәсімдер арқылы қаржыландыру туралы шешімдер қабылдауына негіз болып табылады.
24. Уәкілетті орган конкурстық негізде іске асыру ұсынылатын ЖҒТК мақұлдаған нысаналы бағдарламалар бойынша мәліметтерді, сондай-ақ конкурстан тыс рәсімдер арқылы қаржыландыру ұсынылатын нысаналы бағдарламаларды салалық уәкілетті органдарға жолдайды.
25. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың қаражаты ҰҒК шешімімен бекітілген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге тікелей байланысты шығыстарға жұмсалады.
Шығыстарға мынадай шығындар жатады:
1) еңбекке ақы төлеу – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес ғылыми қызметкерлердің және қаржылық-экономикалық және заңгерлік сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалардың еңбегі үшін оларға берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;
2) қызметтік іссапарлар – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға байланысты іссапарлар;
3) басқа да көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар – ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалардың, өзге де зертханалардың, басқа да ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің көрсетілетін қызметтері, оның ішінде конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға қатысу үшін ұйымдастыру жарналары.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын (аутсорсинг) орындауды қамтитын басқа да көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар жұмыстарды орындаушылар көрсетіліп және жұмыстардың түрлері, көлемдері, күтілетін нәтижелері толық жазылып ұсынылады;
4) материалдар сатып алу – зерттеулерді орындау үшін жұмсалатын материалдарды сатып алу;
5) жабдықтар және (немесе) бағдарламалық қамтылымды (заңды тұлғалар үшін) сатып алу;
6) ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу – талдамалық материалдарды жариялауға, патенттеуге және сатып алуға жұмсалатын шығыстар;
7) үй-жайларды жалға алу – бағдарлама бойынша ғылыми зерттеулерді орындау және ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу үшін пайдаланылатын үй-жайларды жалға алуға байланысты шығыстар;
8) жабдықтар мен техниканы жалға алу – бағдарлама бойынша ғылыми зерттеулерді орындауда пайдаланылатын жабдықтар мен техниканы жалға алуға байланысты шығыстар;
9) жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстары – зерттеулерді орындау үшін жабдықтар мен техниканы пайдалануға байланысты, оның ішінде оларды іске қосу-баптауға және ұстауға байланысты шығыстар;
10) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.
ҰҒК іске асырылып жатқан бағдарламаны қаржыландыруды тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган және (немесе) салалық уәкілетті органдар орындаушымен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шартты бұзады.
Бұл ретте уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органдардың қаражатты ҰҒК шешімі негізінде ағымдағы жылдың ішінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде бағдарламалар арасында қайта бөлуіне жол беріледі.
26. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті аккредиттелген субъектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен олардың ұйымдары, оның ішінде бірлесіп орындаушылар ретінде қатысады.
27. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттаманы уәкілетті орган және (немесе) салалық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді және оны екі жұмыс күні ішінде сараптама орталығына жолдайды.
28. Конкурстық құжаттамада және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
1) конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның атауы;
2) басым және мамандандырылған ғылыми бағыттардың атауы;
3) ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар;
4) қаржыландыруға арналған конкурстың мақсаты;
5) жеке әріптес тарапынан салымның көлемі мен шарттары;
6) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған өтінім берілетін тіл;
7) ҰҒК ұсыным берген және ЖҒТК бекіткен зерттеу түрлері мен қаржыландыру көлемі;
8) ғылыми жетекшіге және зерттеу тобына қойылатын біліктілік талаптары, сондай-ақ бағдарламалардың нәтижелілігін арттыруға ықпал ететін өзге де біліктілік талаптары;
9) биоэтика (адамдар мен жануарларға биомедициналық зерттеулер жүргізу үшін) мәселелері жөніндегі жергілікті және (немесе) орталық комиссияның оң қорытындысы;
10) конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның конкурстық құжаттама бойынша түсіндіруді жүзеге асыратын жауапты тұлғалары туралы деректер;
11) өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі конкурс жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кем және 45 (қырық бес) күннен артық болмауға тиіс;
12) сараптама орталығының өтінім беруге арналған ақпараттық жүйесінің атауы және оған сілтеме;
13) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес рәсімделген ғылыми-зерттеу жұмысына техникалық тапсырма;
14) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарттың жобасы.
29. Ғылыми-зерттеу жұмысына арналған техникалық тапсырманы ғалымдар, ҰҒК мүшелері, ғылым салалары бойынша мамандар, уәкілетті мемлекеттік органның, салалық мемлекеттік органдардың өкілдері қатарынан уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган қалыптастырған жұмыс тобы әзірлейді.
30. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға қатысуға өтінімдерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен олардың ұйымдары конкурс жариялаған уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға береді.
Берілген өтінімдерді конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган МҒТС жүргізу және тиісті ҰҒК-ның қарауы үшін конкурсқа өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде сараптама орталығына жолдайды.
Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы өтінімдерді қоспағанда, ҰҒК қарайтын өтінімдер тізбесі сараптама орталығының интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
31. Қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша нысаналы бағдарлама алуға үміткер қатысушы жеке әріптестің бағдарламаны қажетті ресурстармен, оның ішінде, ұлттық қауіпсіздікті және қорғанысты қамтамасыз ету, атом энергиясын пайдалану, қоғамдық, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулердің бағдарламаларын қоспағанда, қаржы ресурстарымен ішінара қамтамасыз ете отырып қатысуын қамтамасыз етеді.
Іске асыру мерзімдері мен салым сомасы көрсетілген еркін нысандағы салым туралы келісім тараптардың ниеттерін растау болып табылады.
Бағдарламаны іске асыру барысында жеке әріптес салым қосу ниетінен бас тартқан не оны тең мәнді ауыстыруға болмайтын жағдайларда ҰҒК шешімі бойынша бағдарламаны қаржыландыру тоқтатылуы мүмкін.
ҰҒК бағдарламаны қаржыландыруды тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде уәкілетті орган және (немесе) салалық уәкілетті органдар орындаушымен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шартты бұзады.
Бұл ретте уәкілетті органның және (немесе) салалық уәкілетті органдардың қаражатты ҰҒК шешімі негізінде ағымдағы жылдың ішінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде бағдарламалар арасында қайта бөлуіне жол беріледі.
32. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға өтінім осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
33. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсты жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған өтінімдерді конкурсқа өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде сараптама орталығына жолдайды.
34. МҒТС, сондай-ақ сұратылатын сомалардың негізділігін бағалау МҒТС қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
35. Сараптама орталығы уәкілетті органға және (немесе) салалық уәкілетті органға шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде ҰҒК шешімдерін ҰҒК хаттамасынан үзінді көшірме түрінде жолдайды.
36. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған әрбір өтінім бойынша қабылданған және уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган бекіткен ҰҒК мен ЖҒТК шешімдері бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстың нәтижесі болып табылады.
37. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстың нәтижелері конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның интернет-ресурстарында, сондай-ақ сараптама орталығының интернет-ресурстарында орналастырылуға тиіс.
38. ҰҒК қараған, қабылданған шешімдердің негіздемесі ескеріле отырып, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстың нәтижелері, конкурс жеңімпаздары, МҒТС балдары, МҒТС нәтижелері ескерілген бағалау парағы бойынша ҰҒК балдары туралы мәліметтер, сондай-ақ мақұлданбаған өтінімдер атауларының тізімі бекітілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде сараптама орталығының интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
ҰҒК мүшелерінің дауыс беру хаттамалары және ҰҒК отырыстарының бейнежазбалары заңнамада белгіленген тәртіппен сараптама орталығында сақталады.
39. Орындаушылар уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға бірінші жылы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық есепті (бағдарламалар іске асырылатын бірінші жылы (іске асырылу мерзімі 1 (бір) жыл жобаларды қоспағанда), екінші жылы (іске асырылу мерзімі 2 (екі) жыл бағдарламаларды қоспағанда) және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды есептерді ағымдағы есепті жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей ұсынады.
40. Уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы алынған аралық және қорытынды есептерді МҒТС қағидаларына сәйкес МҒТС өткізуді ұйымдастыру және кейін тиісті ҰҒК-ге қарауға беру үшін есептерді қабылдау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде сараптама орталығына жолдайды.
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық және қорытынды есептерге конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган бекіткен конкурстық құжаттамаға сәйкес нысан бойынша есептілік нысаны қоса беріледі.
41. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыру және ағымдағы жылы қаржыландыру, қаржыландыруды тоқтату сараптама орталығы ұсынатын ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру мониторингінің нәтижелеріне және олардың нәтижелілігіне негізделген ҰҒК шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша конкурстың жеңімпаздары бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстың нәтижелері жарияланған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органмен немесе салалық уәкілетті органмен не Қазақстан Республикасының Үкіметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды жүзеге асыруға айқындаған заңды тұлғамен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға шарт жасасады.
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстың жеңімпаздары конкурс жариялаған уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға не Қазақстан Республикасының Үкіметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыруды жүзеге асыруға айқындаған заңды тұлғаға жазбаша нысанда ресми хабарлама жіберу арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға шарт жасасудан және ғылыми зерттеулерді орындаудан бас тарта алады.
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстың жеңімпаздары шарт жасалғаннан кейін уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді ұсынады.
Бюджеттік өтінімнің құрамындағы басқа да көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарға, материалдар сатып алуға, жабдықтарды және (немесе) бағдарламалық қамтылымды сатып алуға, ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеуге, жалға алу шығыстарына, жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстарына арналған шығындар бойынша осы өнімге эксклюзивті не авторлық құқығы бар, сондай-ақ тауарларды өткізетін және тиісті жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ұсынатын жалғыз тұлға болып табылатын өнім беруші табиғи монополия субъектісі болып табылатын шығыстарды қоспағанда, үш баға ұсынысы немесе прайс парақтар ұсынылады.
Конкурс жеңімпаздарының бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға шарт жасасудан және ғылыми зерттеулерді орындаудан бас тартуы нәтижесінде түзілген қаражатты уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті органдар ҰҒК шешімі негізінде сараланған тізімде шекті сызықтан төмен орналасқан бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған өтінімдер арасында бөле алады.
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың қаражатын ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға басшылық жасау үшін өтінім беруші тағайындайтын бағдарламаның ғылыми жетекшісі бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған өтінімге сәйкес ҰҒК шешімін ескере отырып бөледі.
Бағдарлама бойынша пайдаланылмаған қаражат үнемделген және (немесе) қалған жағдайда бағдарлама жетекшісі шығындардың бір бабы шеңберінде қаражатты қайта бөледі не күнтізбелік жылға бекітілген жалпы көлем шеңберінде шығындардың әртүрлі баптары арасында қаражатты қайта бөледі. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге қызметтік іссапарларға және ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеуге жобаны мақұлдау кезінде ҰҒК бекіткен қаржыландыруды ұлғайтуға жол берілмейді.
Ғылыми жетекші бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша өтінімде және шартта көрсетілген мақсатты, міндеттерді және күтілетін түпкілікті нәтижелерді өзгертпей, зерттеулер әдіснамасына түзетулер енгізеді.
Орындаушы уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есепті (аралық (бағдарлама іске асырылатын бірінші жылы (іске асырылу мерзімі 1 (бір) жыл бағдарламаларды қоспағанда), екінші жылы (іске асырылу мерзімі 2 (екі) жыл бағдарламаларды қоспағанда) есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін және қорытынды есепті ағымдағы есепті жылдың 10 желтоқсанына дейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ұсынады.
Орындаушы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есепте көрсетілген мәліметтердің анықтығын және заңдылығын қамтамасыз етеді.
Өтінім беруші бағдарламалар бойынша ақпаратты (атауы, өтінім беруші, ғылыми жетекші, іске асыру кезеңі, қаржыландыру сомасы, өтінімнің қысқаша абстрактісі, жылдар бойынша күтілетін нәтижелер мен алынған нәтижелердің аннотациясы, толық библиографиялық сипаттамасы бар жарияланған жарияланымдардың тізбесі) сараптама орталығына бағдарламаны іске асыру кезеңі аяқталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын ұсынуға тиіс.
Сараптама орталығы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асырудың бүкіл кезеңі аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің сайтында мемлекеттік құпиялар туралы мәліметтерді қамтитын және қызмет бабында пайдалануға арналған бағдарламаларды қоспағанда, бағдарламалар (атауы, өтінім беруші, ғылыми жетекші, іске асыру кезеңі, қаржыландыру сомасы, өтінімнің қысқаша абстрактісі, жылдар бойынша күтілетін нәтижелер мен алынған нәтижелердің аннотациясы, толық библиографиялық сипаттамасы бар жарияланған жарияланымдардың тізбесі) жөніндегі ақпаратты жариялайды.
4-тарау. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру тәртібі
42. Гранттық қаржыландыру ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейін, ғылыми ұйымдар мен олардың ұжымдарының, ғалымдардың ғылыми-техникалық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізуге бөлінеді. Гранттық қаржыландыру қаражатынан жас ғалымдар үшін гранттық қаржыландыруға арналған конкурстар жариялануы мүмкін.
43. Гранттық қаржыландыру іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді іске асыру үшін мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеусіз және қайтарымсыз беріледі.
44. Салалық уәкілетті органдар жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде уәкілетті органға ЖҒТК айқындаған Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың басым бағыттарына сәйкес гранттық қаржыландырудың басым, мамандандырылған бағыттары мен көлемі туралы ұсыныстарды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жолдайды.
45. Уәкілетті орган ұсыныстар беру мерзімі аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде салалық уәкілетті органдардың ұсыныстарын сараптама орталығына жолдайды.
46. Сараптама орталығы гранттық қаржыландырудың басым және мамандандырылған бағыттары мен көлемі бойынша ұсыныстарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде олар бойынша шешімдер алу үшін оларды ҰҒК қарауына жолдайды.
Сараптама орталығы ҰҒК шешімдерін жоспарланатын отырған жылдың алдындағы жылдың 20 ақпанына дейін уәкілетті органға жолдайды.
47. Уәкілетті орган сараптама орталығы ұсынған гранттық қаржыландыру туралы ҰҒК шешімін алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оларды ЖҒТК қарауына жолдайды.
48. ЖҒТК жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 маусымына дейін ЖҒТК туралы ережеге сәйкес белгіленген тәртіппен тиісті шешім қабылдайды.
Уәкілетті орган он бес жұмыс күні ішінде ЖҒТК шешімін қаржыландыру көлемін белгіленген тәртіппен РБК қарауына шығару үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жолдайды.
ЖҒТК ғылымды дамытудың басым бағыттары және басым бағыттар бойынша бөле отырып, гранттық қаржыландыру көлемі бойынша шешім қабылдағаннан және РБК қарағаннан кейін уәкілетті орган және салалық уәкілетті органдар РБК шешімімен мақұлданған қаражат шегінде жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін конкурстық құжаттаманы әзірлейді, бекітеді және гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жариялайды.
РБК қаржыландыру көлемін қысқартқан жағдайда, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері РБК мақұлдаған қаражат көлемін басым бағыттар бойынша бөледі.
49. Гранттық қаржыландыруды конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғалар жүзеге асырады.
50. Гранттық қаржыландыру конкурстық негізде мемлекеттік бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Грант алушы уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға гранттық қаржыландыру бойынша бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есепті (аралық) (жобалар іске асырылатын бірінші жылы (іске асырылу мерзімі 1 (бір) жыл) жобаларды қоспағанда), екінші жылы (іске асырылу мерзімі 2 (екі) жыл) жобаларды қоспағанда) есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейінгі мерзімде және қорытынды есепті ағымдағы есепті жылдың 10 желтоқсанына дейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ұсынады.
Грант алушы гранттық қаржыландыру бойынша бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есепте келтірілетін мәліметтердің анықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етеді.
51. Гранттық қаржыландыру қаражаты ҰҒК шешімімен бекітілген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге тікелей байланысты шығыстарға жұмсалады.
Шығыстарға мынадай шығындар жатады:
1) еңбекке ақы төлеу – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттар мен жұмыс берушінің актілеріне сәйкес ғылыми қызметкерлердің және қаржылық-экономикалық және заңгерлік сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалардың еңбегі үшін оларға берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;
2) қызметтік іссапарлар – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаны іске асыруға байланысты іссапарлар;
3) басқа да көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар – ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалардың, өзге де зертханалардың, басқа да ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің зерттеулерді орындауға қажетті көрсетілетін қызметтері, оның ішінде конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға қатысу үшін ұйымдастыру жарналары.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын (аутсорсинг) орындауды қамтитын басқа да көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар жұмыстарды орындаушылар көрсетіліп және жұмыстардың түрлері, көлемдері, күтілетін нәтижелері толық жазылып ұсынылады;
4) материалдар сатып алу – зерттеулерді орындау үшін жұмсалатын материалдарды сатып алу;
5) жабдықтар және (немесе) бағдарламалық қамтылымды (заңды тұлғалар үшін) сатып алу;
6) ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу – талдамалық материалдарды жариялауға, патенттеуге және сатып алуға жұмсалатын шығыстар;
7) үй-жайларды жалға алу – жоба бойынша ғылыми зерттеулерді орындау және ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу үшін пайдаланылатын үй-жайларды жалға алуға байланысты шығыстар;
8) жабдықтар мен техниканы жалға алу – жоба бойынша ғылыми зерттеулерді орындауда пайдаланылатын жабдықтар мен техниканы жалға алуға байланысты шығыстар;
9) жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстары – зерттеулерді орындау үшін жабдықтар мен техниканы пайдалануға байланысты, оның ішінде оларды іске қосу-баптауға және ұстауға байланысты шығыстар;
10) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.
ҰҒК іске асырылып жатқан жобаларды қаржыландыруды тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган және (немесе) салалық уәкілетті органдар грант алушымен шартты бұзады.
Бұл ретте уәкілетті органның және (немесе) салалық уәкілетті органдардың қаражатты ҰҒК шешімі негізінде ағымдағы жылдың ішінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру шеңберінде жобалар арасында қайта бөлуіне жол беріледі.
52. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен олардың ұйымдары тең шарттармен қатысады.
53. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттаманы уәкілетті орган және (немесе) салалық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді және екі жұмыс күні ішінде сараптама орталығына жолдайды.
54. Конкурстық құжаттамада және гранттық қаржыландыруға арналған конкурс туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
1) конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның атауы;
2) басым және мамандандырылған ғылыми бағыттардың атауы;
3) ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға берілетін өтінімнің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар;
4) гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың мақсаты;
5) жеке әріптес тарапынан салымның көлемі мен шарттары;
6) гранттық қаржыландыруға арналған өтінім берілетін тіл;
7) ҰҒК ұсыным берген және ЖҒТК бекіткен зерттеу түрлері мен қаржыландыру көлемі;
8) ғылыми жетекшіге және зерттеу тобына қойылатын біліктілік талаптары, сондай-ақ гранттық қаржыландыру жобаларының нәтижелілігін қамтамасыз етуге ықпал ететін өзге де біліктілік талаптары;
9) биоэтика (адамдар мен жануарларға биомедициналық зерттеулер жүргізу үшін) мәселелері жөніндегі жергілікті және (немесе) орталық комиссияның оң қорытындысы;
10) конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның конкурстық құжаттама бойынша түсіндіруді жүзеге асыратын жауапты тұлғалары туралы деректер;
11) өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі конкурс жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кем және 45 (қырық бес) күннен артық болмауға тиіс;
12) сараптама орталығының өтінім беруге арналған ақпараттық жүйесінің атауы және оған сілтеме;
13) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар бойынша күтілетін нәтижелерге қойылатын талаптар;
14) гранттық қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарттың жобасы.
55. Қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша грант алуға үміткер қатысушы жеке әріптестің жобаны қажетті ресурстармен, оның ішінде ұлттық қауіпсіздікті және қорғанысты қамтамасыз ету, атом энергиясын пайдалану, қоғамдық, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулердің жобаларын қоспағанда, қаржы ресурстарымен ішінара қамтамасыз ете отырып қатысуын қамтамасыз етеді.
Іске асыру мерзімдері мен салым сомасы немесе қажетті ресурстар көрсетілген еркін нысандағы салым туралы келісім тараптардың ниеттерін растау болып табылады.
Жобаны іске асыру барысында жеке әріптес салым қосу ниетінен бас тартқан не оны тең мәнді ауыстыруға болмайтын жағдайларда ҰҒК шешімі бойынша жобаны қаржыландыру тоқтатылуы мүмкін.
ҰҒК жобаны қаржыландыруды тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін уәкілетті орган және (немесе) салалық уәкілетті органдар грант алушымен гранттық қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шартты бұзады.
Бұл ретте уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органдардың қаражатты ҰҒК шешімі негізінде ағымдағы жылдың ішінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру шеңберінде жобалар арасында қайта бөлуіне жол беріледі.
56. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган жариялайды және хабарландыру конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның, сондай-ақ сараптама орталығының интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
57. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға өтінім осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
Гранттық қаржыландыруға қатысуға өтінімдерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен олардың ұйымдары конкурс жариялаған уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға береді.
58. Конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган гранттық қаржыландыруға арналған өтінімдерді конкурсқа арналған өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде сараптама орталығына жолдайды.
59. МҒТС, сондай-ақ сұратылатын сомалардың негізділігін бағалау МҒТС қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
60. Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы өтінімдерді қоспағанда, ҰҒК қарайтын өтінімдер тізбесі сараптама орталығының интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
Сараптама орталығы уәкілетті органға және (немесе) салалық уәкілетті органға шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде ҰҒК шешімдерін ҰҒК хаттамасынан үзінді көшірме түрінде жолдайды.
61. Гранттық қаржыландыруға арналған әрбір өтінім бойынша қабылданған және уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган бекіткен ҰҒК шешімі гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың нәтижесі болып табылады.
62. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың нәтижелері конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның интернет-ресурстарында, сондай-ақ сараптама орталығының интернет-ресурстарында орналастырылуға тиіс.
63. ҰҒК қараған, қабылданған шешімдердің негіздемесі ескеріле отырып, гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың нәтижелері, конкурс жеңімпаздары, МҒТС балдары, МҒТС нәтижелері ескерілген бағалау парағы бойынша ҰҒК балдары туралы мәліметтер, сондай-ақ мақұлданбаған өтінімдер атауларының тізімі бекітілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде сараптама орталығының интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
ҰҒК мүшелерінің дауыс беру хаттамалары және ҰҒК отырыстарының бейнежазбалары заңнамада белгіленген тәртіппен сараптама орталығында сақталады.
64. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың жеңімпаздары гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың нәтижелері жарияланған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органмен немесе салалық уәкілетті органмен не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғамен шарт жасасады.
Гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың жеңімпаздары конкурс жариялаған уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаға жазбаша нысанда ресми хабарлама жіберу арқылы гранттық қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға шарт жасасудан және ғылыми зерттеулерді орындаудан бас тарта алады.
Гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың жеңімпаздары шарт жасалғаннан кейін уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді ұсынады.
Бюджеттік өтінімнің құрамындағы басқа да көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарға, материалдар сатып алуға, жабдықтарды және (немесе) бағдарламалық қамтылымды сатып алуға, ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеуге, жалға алу шығыстарына, жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстарына арналған шығындар бойынша осы өнімге эксклюзивті не авторлық құқығы бар, сондай-ақ тауарларды өткізетін және тиісті жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ұсынатын жалғыз тұлға болып табылатын өнім беруші табиғи монополия субъектісі болып табылуы мүмкін шығыстарды қоспағанда, үш баға ұсынысы немесе прайс парақтар ұсынылады.
Конкурс жеңімпаздарының гранттық қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға шарт жасасудан және ғылыми зерттеулерді орындаудан бас тартуы нәтижесінде түзілген қаражатты уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті органдар ҰҒК шешімі негізінде сараланған тізімде шекті сызықтан төмен орналасқан, гранттық қаржыландыруға арналған өтінімдер арасында бөле алады.
Бюджетті атқару барысында конкурстың қорытындылары бойынша түзілген гранттық қаржыландыру қаражатындағы үнемді бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері ЖҒТК бекіткен көлемдер шеңберінде басқа конкурстарға бөле алады. Қаражат ҰҒК шешімі негізінде сараланған тізімде шекті сызықтан төмен орналасқан гранттық қаржыландыруға арналған өтінімдер арасында бөлінеді.
65. Гранттық қаржыландырудың қаражатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобаға тікелей басшылық жасау үшін өтінім беруші тағайындайтын жобаның ғылыми жетекшісі гранттық қаржыландыруға арналған өтінімге сәйкес ҰҒК шешімін ескере отырып бөледі.
Жоба бойынша пайдаланылмаған қаражат үнемделген және (немесе) қалған жағдайда жоба жетекшісі шығындардың бір бабы шеңберінде қаражатты қайта бөледі немесе күнтізбелік жылға бекітілген жалпы көлем шеңберінде шығындардың әртүрлі баптары арасында қаражатты қайта бөледі. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге қызметтік іссапарларға және ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеуге жобаны мақұлдау кезінде ҰҒК бекіткен қаржыландыруды ұлғайтуға жол берілмейді.
Ғылыми жетекші гранттық қаржыландыру бойынша өтінімде және шартта көрсетілген мақсатты, міндеттерді және күтілетін түпкілікті нәтижелерді өзгертпей, зерттеулер әдіснамасына түзетулер енгізеді.
66. Грант алушылар іске асырылуы келесі күнтізбелік жылға ауысатын шарттар бойынша сараптама орталығына ағымдағы есепті жылдың 15 қарашасынан кешіктірмей сараптама орталығының ақпараттық жүйесі арқылы күнтізбелік жоспарға сәйкес жобаның іске асырылуы туралы қысқаша мәліметтерді ұсынады.
Грант алушылар уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды есептерді (жоба аяқталғаннан кейін) ағымдағы есепті жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей ұсынады.
67. Конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы алынған қорытынды есептерді (жоба аяқталғаннан кейін) қабылдау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде сараптама орталығына жібереді.
Сараптама орталығы МҒТС қағидаларына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды есептерге МҒТС жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Жобаның іске асырылуы туралы алынған қысқаша мәліметтерді және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды есептерді сараптама орталығы үш жұмыс күні ішінде тиісті ҰҒК қарауына жібереді.
68. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобаны іске асыру және ағымдағы жылы қаржыландыру, қаржыландыруды тоқтату сараптама орталығы ұсынатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру мониторингінің нәтижелеріне және олардың нәтижелілігіне негізделген ҰҒК шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
Өтінім беруші жоба бойынша ақпаратты (атауы, өтінім беруші, ғылыми жетекші, іске асыру кезеңі, қаржыландыру сомасы, өтінімнің қысқаша абстрактісі, жылдар бойынша күтілетін нәтижелер мен алынған нәтижелердің аннотациясы, толық библиографиялық сипаттамасы бар жарияланған жарияланымдардың тізбесі) сараптама орталығына жобаны іске асыру кезеңі аяқталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын ұсынуға тиіс.
Сараптама орталығы ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды іске асырудың бүкіл кезеңі аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің сайтында мемлекеттік құпиялар туралы мәліметтерді қамтитын және қызмет бабында пайдалануға арналған жобаларды қоспағанда, жобалар (атауы, өтінім беруші, ғылыми жетекші, іске асыру кезеңі, қаржыландыру сомасы, өтінімнің қысқаша абстрактісі, жылдар бойынша күтілетін нәтижелер алынған нәтижелердің мен аннотациясы, толық библиографиялық сипаттамасы бар жарияланған жарияланымдардың тізбесі) жөніндегі ақпаратты жариялайды.
5-тарау. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру тәртібі
69. Қазақстан Республикасының Үкіметі ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру тәртібін ұйымдастыру мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыратын заңды тұлғаны (бұдан әрі – заңды тұлға) айқындайды.
70. ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурстық негізде мемлекеттік бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
71. Заңды тұлға гранттық қаржыландыру үшін ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын айқындау үшін конкурс ұйымдастырады және өткізеді.
72. Жобаның жалпы құнының 10 %-ынан төмен емес қоса қаржыландырудың болуы конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
73. Конкурстық құжаттаманы заңды тұлға уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді. Конкурстық құжаттама мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) шеңберінде қаржыландыру ұсынылатын экономиканың басым секторларының атауы;
2) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың мақсаты;
3) жобаны іске асыру жоспары;
4) заңды тұлға бекітетін конкурстық өтінімді ұсыну нысаны;
5) бір жобаға жол берілетін қаржыландыру көлемі;
6) бюджеттен тыс қаражат есебінен қоса қаржыландыру шарттары;
7) конкурс жариялаған заңды тұлғаның атауы;
8) қаржыландыру сомасы.
74. ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты заңды тұлға жариялайды және хабарландыру уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның, сараптама орталығының, сондай-ақ заңды тұлғаның интернет-ресурсында орналастыруға тиіс.
75. Конкурс туралы хабарландыру мынадай ақпаратты қамтиды:
1) конкурстың атауы;
2) конкурстық құжаттама орналастырылған уәкілетті органның және (немесе) салалық уәкілетті органның, заңды тұлғаның ресми интернет-ресурстарына сілтеме;
3) өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімі;
4) өтінімдерді қабылдау орны және (немесе) тәсілі;
5) конкурстық құжаттаманы түсіндіруді және конкурстық өтінімді дайындау мәселелері бойынша консультация беруді жүзеге асыратын конкурстың заңды тұлғасы өкілінің байланыс деректері.
76. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі конкурс жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кем және 45 күннен артық болмауға тиіс.
77. Сараптама орталығы тіркелуге және конкурстық құжаттамаға сәйкестігіне қаралуға тиіс өтінімдерді қабылдайды.
78. Конкурстық құжаттамаға сәйкес келмейтін өтінімдерді сараптама орталығы өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде кері қайтаруға тиіс, бұл ретте өтінім берушіге өтінімде көрсетілген электрондық мекенжайына анықталған сәйкессіздіктер көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.
79. Өтінімдерге сараптама орталығы МҒТС қағидаларына сәйкес сараптама жүргізеді.
80. Сараптама орталығы өтінімдердің сараптамасы аяқталғаннан кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде өтінімдердің сараланған тізімін, сараптаманың жиынтық қорытындыларын және өтінімдер материалдарын ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасын қаржыландыру немесе қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін ҰҒК-ге жолдайды.
81. ҰҒК өтінімдерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысымен бекітілген Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережеге сәйкес қарайды.
82. Сараптама орталығы ҰҒК отырыстары хаттамасының үзінді көшірмесін қаржыландыруға мақұлданған және қабылданбаған жобалар тізімімен бірге заңды тұлғаға шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.
83. ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың нәтижелері конкурс жариялаған заңды тұлғаның, сондай-ақ сараптама орталығының интернет-ресурстарында орналастырылуға тиіс.
84. Заңды тұлға ҒҒТҚН жобалары бойынша грант алушымен сараптама орталығынан конкурс жеңімпаздарының тізімін алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасын гранттық қаржыландыру туралы шарт (бұдан әрі – ҒҒТҚН шарты) жасасады. Шартқа бөлінген қаражат көлеміне және ҰҒК ұсынымдарына (бар болса) сәйкес түзетілген күнтізбелік жоспар мен шығыстар сметасы қоса беріледі.
85. ҒҒТҚН коммерцияландыру жобалары бойынша грант алушымен шарт жобаны іске асырудың барлық мерзіміне, бірақ 3 (үш) жылдан аспайтын мерзімге жасалады.
86. Заңды тұлға гранттық қаржыландыру туралы жасалған шарт негізінде қаржыландыруды кезең-кезеңмен жүзеге асырады.
87. ҒҒТҚН коммерцияландыру жобалары бойынша грант алушы жобаны іске асыру барысында қажеттілігіне қарай грант қаражатын заңды тұлғаның келісімінсіз әрбір кезең шеңберінде жоба бойынша шығыстар сметасының жалпы сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын сомаға бекітілген шығыстар баптары (еңбекақы төлеу қорын қоспағанда) арасында қайта бөледі.
88. ҒҒТҚН коммерцияландыру жобалары бойынша грант алушылар заңды тұлғаға шартта белгіленген мерзімде әрбір кезең үшін аралық есептер, сондай-ақ гранттық қаржыландыру қаражатын пайдаланудың қаржылық есебін қоса алғанда, жобаны іске асырудың аяқталуы жөніндегі қорытынды есеп ұсынады.
89. Заңды тұлға бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуына, сондай-ақ күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын ілгерілету және іске асыру шараларына талдау жасайды.
Сараптама орталығы ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларының орындалу және аяқталу сатыларында олардың іске асырылуына мониторингті және оның қорытындыларын ҰҒК-ге жіберуді жүзеге асырады.
90. ҒҒТҚН коммерцияландыру жобалары бойынша грант алушы келесі траншты ҰҒК-ның аралық есеп бойынша оң қорытындысынан кейін алады.
91. ҰҒК гранттық қаржыландыруды тоқтату туралы шешімді оның іске асырылуы кезеңінде сараптама орталығы ұсынатын мониторинг нәтижелері бойынша да қабылдайды.
92. Грантты ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру шартының талаптарын бұза отырып пайдаланған ҒҒТҚН коммерцияландыру жобалары бойынша грант алушы грант қаражатын толық қайтару жөніндегі міндеттемелер алады.
93. ҰҒК жобалардың қорытынды есептерін мақұлдау немесе мақұлдамау туралы шешім қабылдайды.
БАЗАЛЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БОЙЫНША БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТТЫҢ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП
Өлш. бірл |
Ескертпе: 1) базалық қаржыландыруды жоспарлауға және орындауға жауапты қол қоюшыларды қосуға жол беріледі; 2) растаушы құжаттардың (шарттар, орындалған жұмыстардың актілері, шот-фактуралар, шоттар, жүкқұжаттар, төлем тапсырмалары және т.б.) көшірмесін беру талап етілмейді; 3) ұсынылған мәліметтердің анықтығы үшін базалық қаржыландыру субъектісі заңнамада белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.
Базалық қаржыландыру субъектісінің басшысы ____________ __________________
(қолы) Т.А.Ә. (бар болса)
Бас бухгалтер ________________ ______________________
(қолы) Т.А.Ә. (бар болса)
20__жылғы "___"__________
Салалық уәкілетті органдардың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру қаражатын пайдалану туралы жиынтық есебі
Р/с № | Атауы | Есепті жылға жоспар (мың теңге) | Есепті жылдағы факт (мың теңге) | Игеру, % |
---|---|---|---|---|
Барлығы: | ||||
оның ішінде, ұйымдар бойынша: | ||||
1 | ||||
2 | ||||
3 | ||||
… |
Басшы ________________ ______________________ (қолы) Т.А.Ә. (бар болса)
Бас бухгалтер ________________ ______________________ (қолы) Т.А.Ә. (бар болса)
20__жылғы "___"__________
Гранттық қаржыландырудың басым бағыттары мен көлемдері туралы ұсыныстар
Ұсыныстар дайындаған салалық уәкілетті органдардың атауы:
Ұсыныстар беретін уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті орган басшысының лауазымы, Т.А.Ә. (бар болса) және қолы
1 ЖҒТК тиісті кезеңге бекіткен басымдықтарға сәйкес
Гранттық/бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп
Орындаушының атауы: _____________________________________________
Жобаның/бағдарламаның атауы: _____________________________________
Шарттың нөмірі: ___________________________________________________
Ескертпе: 1) әр жоба және бағдарлама бойынша есеп жеке толтырылады; 2) ұсынылған мәліметтердің анықтығы үшін орындаушы заңнамада белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.
Ұйым басшысы ____________ _________________________________
(қолы) Т.А.Ә. (бар болса)
Ғылыми жоба жетекшісі ____________ _________________________________
(қолы) Т.А.Ә. (бар болса)
Бухгалтер-экономист ____________ _________________________________
(қолы) Т.А.Ә. (бар болса)
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға өтінім
Өтінім мынадай бөліктерден тұрады:
1) аннотация;
2) түсіндірме жазба;
3) сұратылатын қаржыландырудың есеп-қисабы.
1. Аннотация
Аннотацияда жоба мақсатының, өзі зерттеуге бағытталған проблемалардың, зерттеулер жүргізудің негізгі тәсілдерінің, күтілетін нәтижелердің, зерттеулер нәтижелерінің ғылыми ұйымдардың және олардың ұжымының, ғалымдардың ғылыми-техникалық әлеуеті (оның ішінде – кадрлық) мен бәсекеге қабілеттілігіне әсер ету деңгейінің, зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығының, яғни олардың коммерцияландыруға немесе Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуының өзекті міндеттерін шешу үшін өзге сапада қолданылуға әзірлігі деңгейінің қысқаша сипаттамасы қамтылады.
Аннотация көлемі 600 сөзден аспауға тиіс.
2. Түсіндірме жазба
Түсіндірме жазбаның мазмұны мынадай бөлімдерді қамтиды (бұл ретте өтінім нысанында сілтеме жасалған кестелер, схемалар, диаграммалар түсіндірме жазбаға қосымшаға шығарылады және тиісті бөлімдердегі сөздер саны мен өтінімнің жалпы бет санын есептеген кезде есепке алынбайды):
1. Жалпы ақпарат
1.1. Жоба тақырыбының атауы [20 сөзден артық емес].
1.2. Өтінім берілетін ғылымды дамытудың басым бағытының атауы.
1.3. Өтінім берілетін мамандандырылған ғылыми бағыттың атауы, зерттеулердің түрі.
1.4. Жобаның басталатын және аяқталатын болжамды күні, оның айлармен көрсетілген ұзақтығы.
1.5. Гранттық қаржыландырудың сұратылатын сомасы (жобаның бүкіл іске асырылу мерзіміне және жылдар бойынша, мың теңгеде).
1.6. Сарапшыларды іріктеу үшін өтінімнің саласы мен бағытын сипаттайтын түйін сөздер.
2. Жобаның жалпы тұжырымдамасы [550 сөзден артық емес]
2.1. Кіріспе бөлім [100 сөзден артық емес]
Жоба идеясының, өзі шешуді көздейтін проблеманың қысқаша сипаттамасы көрсетіледі.
2.2. Жобаның мақсаты [50 сөзден артық емес]
Мақсат қысқа әрі нақты баяндалады, ол жоба тақырыбына сәйкес келуге, қол жеткізілетін болуға және жобаны іске асыру нәтижесінде алынуы күтілетін шешімнің сипаттамасын көрсетуге тиіс. Мақсаттың мазмұны жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде жауап беру болжанатын негізгі мәселені көрсетуге тиіс.
2.3. Жобаның міндеттері [400 сөзден артық емес]
Бұл бөлімде өзара қисынды байланысқан, сабақтас міндеттер арқылы жобаның мақсатына қол жеткізу тәсілі сипатталады. Қойылған міндеттердің тізбесі:
1) міндеттер шешімдерінің өлшенетін көрсеткіштерімен;
2) міндеттердің әрқайсысының жоба мақсатына қол жеткізудегі рөлінің және басқа міндеттер мен жобаның күтілетін нәтижелерімен өзара байланысының қысқаша негіздемесімен;
3) өтінім берушінің ойынша басқа маңызды параметрлермен бірге беріледі.
3. Жобаның ғылыми жаңашылдығы және маңыздылығы [1500 сөзден артық емес]
Бөлімде мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
1) жобаны әзірлеудің алғышарттары (бар болса, алдын ала нәтижелер және (немесе) жоба тақырыбына қатысты өтінім беруші бұрын алған нәтижелер көрсетіледі);
2) мұның алдында әлемде және Қазақстан Республикасында жүргізілген, зерттелетін тақырыпқа жататын ғылыми зерттеулерге, білімнің қазіргі жеткіліксіздігіне міндетті шолу жасай отырып, жобаның ғылыми жаңашылдығының негіздемесі және олардың осы жобамен өзара байланысы (мәнмәтінде шолуда пайдаланылған әдебиетке сілтемелер көрсетілуге тиіс, оның толық жазылуы "Библиография" деген 8-бөлімде ұсынылуға тиіс), жобаның күтілетін нәтижелерін белгілі қолда бар аналогтармен салыстыру;
3) жоба нәтижелерінің маңыздылығын негіздейтін ғылыми және технологиялық қажеттіліктер (бар болса, әлеуметтік сұранысты және (немесе) экономикалық және индустриялық мүдделілікті, басқа да растайтын деректерді енгізу), жобаның ұлттық және халықаралық ауқымдағы маңыздылығы, оның нәтижелерінің экономиканың, ғылымның және (немесе) қоғамдық қатынастардың тиісті саласын дамыту үшін қолданылуы;
4) жобаның ғылыми-зерттеу жұмыстарының, ғылыми-техникалық әлеуеттің деңгейіне, ғылыми ұйымдар мен олардың ұжымдарының бәсекеге қабілеттілігіне әсері, жобаның нәтижелерінен күтілетін әлеуметтік және экономикалық әсер, күтілетін әсерге қол жеткізу үшін қажетті шарттар.
Осы бөлімді сипаттау кезінде мынадай позициялардың сипаттамасына назар аудару қажет:
1) жоба идеясының қазіргі аналогтардан қағидаттық сипаттағы айырмашылықтары. Егер зерттеу идеясы немесе нәтижесі әлемде және (немесе) Қазақстанда бар болса, онда жобаның артықшылығы неде және ол неге қаржыландырылуға тиіс екенін негіздеу қажет;
2) егер жобаның түпкілікті нәтижесі өнім болса, онда жоба шеңберінде ұсынылатын өніммен салыстыра отырып, жобаның пәндік саласындағы техниканың қазіргі уақытта қалыптасқан деңгейін сипаттау қажет;
3) жоба өтінім беруші бұрын жүргізген ғылыми зерттеулердің жалғасы болып табылатын жағдайда, онда жобаның бұрын жүргізілген ғылыми зерттеулермен өзара байланысын және оның олардан өзгешеліктерін қысқа әрі нақты баяндау қажет.
4. Зерттеу әдістері және этикалық мәселелер [1500 сөзден артық емес]
Бөлімде мынадай ақпарат қамтылады:
1) жобаның негізгі ғылыми мәселелері мен гипотезаларын сипаттау, зерттеу стратегиясы мен тәсілдерін негіздеу, жобада қолданылатын зерттеу типтері (сипаттаушылық, корреляциялық және/немесе эксперименттік), зерттеулер жүргізудің дәйектілігі;
2) ең маңызды эксперименттердің қысқаша сипаттамасы;
3) қойылған мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерін негіздеу ретінде жобада пайдаланылатын зерттеу әдістерін сипаттау, олардың жобаның мақсатымен және міндеттерімен өзара байланысы, өзаралық байланыста болуы;
4) алғашқы (бастапқы) ақпаратты жинау әдістері, оның дереккөздері және жобаның міндеттерін шешу үшін қолдану, деректерді өңдеу тәсілдері, сондай-ақ олардың анықтығы мен жаңғыртылуын қамтамасыз ету;
5) зерттеу нәтижелеріне зияткерлік меншік құқықтарын рәсімдеу және бөлу шарттары (зияткерлік меншікті қорғаудың қандай тәсілі таңдалатынын көрсетіп, таңдауды негіздеу қажет).
5. Зерттеу тобы және жобаны басқару
Зерттеу тобының құрамы 1-кестеге сәйкес ресімделеді. Жоспарланатын штаттың кемінде 70 %-ының (жетпіс пайыз) толық деректері көрсетіледі (зерттеу тобының негізгі персоналы). Қосымша персонал үшін (грант алған жағдайда, тартылатын зерттеу тобы мүшелерінің 30 %-ына дейін) кестеде олардың жобадағы орны мен рөлі, орындалатын жұмыстың сипаты және оларды іріктеу үшін қолданылатын тәсілдер көрсетіледі.
Жобаның ғылыми жетекшісі үшін оның конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін растайтын барлық жарияланымдары, оның ішінде дәйексөз алу индексімен, басылымның квартилімен (процентилімен) және тиісті ғылыми метрикалық базалардағы (DOI) жарияланымдар туралы мәліметтерге сілтемелермен бірге көрсетілуге тиіс.
Зерттеу тобының негізгі персоналының жоба бағыты бойынша жарияланымдары туралы (зерттеу тобы мүшелерінің кемінде 10 жарияланымы), дәйексөз алу индексі және тиісті ғылыми-метрикалық базалардағы жарияланымдар туралы мәліметтерге сілтемелері бар мәліметтер келтірілуге тиіс. Зерттеу тобы мүшелерінің тегі асты сызылып көрсетілуге тиіс.
6. Зерттеу ортасы [750 сөзден артық емес]
Бөлімде мынадай ақпарат қамтылады:
1) жобаны іске асыру үшін тікелей пайдаланылатын өтінім берушінің қолында бар материалдық-техникалық базаны (жабдықтар, аспаптар, мүкәммал, көлік, ғимараттар, құрылыстар және т. б.), оны пайдалану бағытын және ғылыми-зерттеу жабдығымен жұмыс істеу дағдысы бар зерттеу тобының мүшелерін көрсете отырып сипаттау;
2) жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын негізгі отандық және халықаралық байланыстар (коллабораторлар мен жекеше әріптестер), олардың пайдаланылу сипаты мен негіздемесі көрсетіледі. Негіздей отырып, басқа да отандық және шетелдік ұйымдардың (зертханалардың) инфрақұрылымын пайдалану;
3) әрбір ұйымды тарту қажеттілігін негіздеп, оның жобадағы рөлін, орындалатын жұмыстың сипатын, мақсатқа және күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге қосқан үлесін сипаттай отырып, жобаны іске асыруға бөгде ұйымдарды тарту;
4) ұтқырлықты негіздеу: ғылыми іссапарлар және олардың жобаны іске асыруға әсері, әріптес ұйымдар базасындағы жұмыс кезеңдері және олардың жобаны іске асыруға әсері. Әрбір шетелдік іссапар үшін іссапардың мақсаты, күтілетін нәтижесі және орындаушының жобаның мақсатына қол жеткізуге қосқан үлесі қысқаша көрсетіледі.
7. Сұратылатын қаржыландырудың негіздемесі (1500 сөзден артық емес).
Бөлімде мынадай ақпарат қамтылады:
1. 2-кестеге сәйкес жоба (бюджет) бойынша жиынтық есеп. Жобаның бюджетін жобаның ғылыми жетекшісі жұмыс жоспарына сәйкес бөледі және оны осы жобаға байланысты емес шығыстардың өзге баптарына бағыттауға болмайды.
"Еңбекке ақы төлеу (салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда)" деген бапта 3-кестеге сәйкес постдокторанттарды, докторантура, магистратура және бакалавриат студенттеріне, сондай-ақ қаржылық-экономикалық және заңдық сүйемелдеуді жүзеге асыратын адамдарды қоса алғанда, жобаның зерттеу тобының мүшелеріне еңбегі үшін сыйақы ретінде төлеуге жататын шығыстар жеке табыс салығы мен міндетті зейнетақы жарнасы ескеріле отырып көрсетіледі. Есеп-қисапта өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдерден басқа, демалысақылар да ескеріледі. Бапта әлеуметтік салықты, әлеуметтік сақтандыруды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге жұмсалған шығыстар да көрсетіледі.
"Қызметтік іссапарлар" деген бапта 4-кестеге сәйкес конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға қатысуды, басқа ұйымдардың инфрақұрылымын пайдалану үшін баруды қоса алғанда, зерттеулер жүргізумен тікелей байланысты Қазақстан Республикасының шегінде және оның шегінен тысқары жерге іссапарлардың барлық шығыстары көрсетіледі (билеттер бойынша (авто, теміржол, әуе билеттері) қызмет көрсететін компаниялардың сайттарынан баға ұсыныстарын, іссапарлар жоспарын қоса беру керек). Аталған кестені толтыру кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені және "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысын басшылыққа алу қажет.
"Ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу, басқа да көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар" деген бапта 5-кестеге сәйкес орындаушының кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алатын, нәтижесі жобаның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті көрсетілетін қызметтерге, оның ішінде (1) ұжымдық ғылыми зертханалар мен басқа да зертханалардың көрсетілетін қызметтеріне, (2) бірлесіп орындаушы ұйымдардың көрсетілетін қызметтеріне, (3) конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға және басқаларға қатысу үшін ұйымдастырушылық жарналарға, (4) жобаның нәтижесінде алынған ғылыми нәтижелерді патенттеуге, (5) зерттеу нәтижелерін жариялауға, (6) талдамалық материалдарды сатып алуға арналған шығыстар көрсетіледі (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін кемінде 1 (бір) баға ұсынысын және (немесе) прайс-парақты қоса беру керек). Жобаны іске асыруға қатысатын шетелдік ғалымдар зерттеу тобының мүшелері болып табылатын жағдайда, олардың қатысуға арналған шығыстары "Еңбекке ақы төлеу" деген бөлімде көрсетіледі.
"Материалдар сатып алу (жеке және заңды тұлғалар үшін), жабдықтарды және (немесе) бағдарламалық қамтылымды (заңды тұлғалар үшін) сатып алу" деген бапта 6-кестеге сәйкес жобаның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті жабдықтар мен материалдарға арналған барлық шығындар мен бағдарламалық қамтылымды сатып алуға арналған шығыстар көрсетіледі, оның ішінде химиялық реактивтер, еріткіштер, стандартты үлгілер, зертханалық шығыс материалдар, ғылыми-зерттеу жабдықтарына арналған қосалқы бөлшектер, жанар-жағармай материалдары және басқалар (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін кемінде 1 (бір) баға ұсынысын және (немесе) прайс-парақты қоса беру керек).
"Жалға алу шығыстары, жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстары" деген бапта 7-кестеге сәйкес өтінім берушінің тиісті үй-жайы болмаған кезде жобаның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті үй-жайларды, жабдықтар мен техниканы жалға алуға, сондай-ақ жобаны іске асыруға байланысты коммуналдық көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстар, сондай-ақ зерттеу жүргізуге тікелей жұмылдырылған үй-жайларға, жабдықтар мен техникаларға қызмет көрсетуге арналған шығыстар көрсетіледі (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін кемінде 1 (бір) баға ұсынысын және (немесе) прайс-парақты қоса беру керек).
2. 3-7-кестелерге сәйкес шығыстардың әрбір бабына есеп-қисаптар
3. Әрбір шығыстар бабының мазмұны мен көлемінің есебіне олардың жобаның мақсаттарына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу үшін қажеттілігін міндетті түрде негіздеп, сондай-ақ тиісті шығыстар баптарын есептеуге негіз болған бағалар туралы ақпарат көздерін көрсете отырып, қысқаша түсіндірмелер.
Барлық шығыстар баптарының жалпы сомасы қаржыландыруға сұратылатын соманы білдіреді және "Жалпы ақпарат" деген бөлімнің 1.5-тармағында көрсетілген сомаға барабар болуға тиіс.
8. Жобаны іске асыру жоспары
Бөлім 8-кестеге сәйкес жоба бойынша жұмыстардың егжей-тегжейлі, дәйекті жұмыс жоспарын қамтиды.
9. Күтілетін нәтижелер [750 сөзден артық емес]
Бөлімде зерттеулердің негізгі нәтижесі, яғни жобаның мақсатына қол жеткізуге сәйкес келетін нәтиже, оның сандық және сапалық сипаттамалары мен іске асыру нысандары көрсетіле отырып сипатталады. Жобаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес нәтиженің негіздемесі келтіріледі.
Конкурстық құжаттаманың талаптарына байланысты жоба нәтижесін іске асыру нысандары мыналар болып табылуы мүмкін:
1) шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда мақалалар жариялау (жоба нәтижелерін жариялауға арналған болжамды басылымдар, басылымның дәйексөз алу индексі, тиісті ғылыми метрикалық базадағы басылым туралы ақпаратқа сілтеме жасай отырып). Зерттеулердің нәтижелері бойынша мақалалар санына қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада белгіленеді. Гранттық қаржыландыру көзі ретінде көрсетіле отырып, әрбір бап оның шеңберінде қаржыландырылған жобаның сәйкестендіруші тіркеу нөмірі және атауы туралы ақпаратты қамтуға тиіс;
2) шетелдік және (немесе) қазақстандық баспалар кітаптарында монографияларды, кітаптарды және (немесе) кітаптардағы тарауларды жариялау;
3) шетелдік (еуропалық, американдық, жапондық) патенттік бюродан, қазақстандық немесе еуразиялық патенттік бюродан патенттер алу;
4) ғылыми-техникалық, конструкторлық құжаттаманы әзірлеу;
5) әлеуетті пайдаланушылар, ғалымдар қоғамдастықтары және қалың жұртшылық арасында жұмыс нәтижелерін тарату;
6) конкурстық құжаттаманың талаптарына және жобаның ерекшеліктеріне сәйкес басқа да өлшенетін нәтижелер. Бөлімде:
1) күтілетін нәтижелердің әрқайсысының қолданылу саласы және нысаналы тұтынушылары;
2) күтілетін нәтижелердің ғылым мен технологиялардың негізгі ғылыми бағыты мен сабақтас салаларын дамытуға әсері;
3) алынған ғылыми нәтижелерді коммерцияландырудың қолданылымдығы және (немесе) мүмкіндігі;
4) негіздемесі бар жоба нәтижелерінің әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, ғылыми-техникалық, мультипликативтік және (немесе) өзге де әсері;
5) сапалық және сандық сипаттамаларын көрсете отырып, жобаның басқа да тікелей және жанама нәтижелері қосымша көрсетіледі.
10. Библиография
Бөлімде "Жобаның ғылыми жаңашылдығы мен маңыздылығы" деген 3-тармақта сілтемелер келтірілген жарияланымдар көрсетіледі.
Әрбір жарияланымда журналдың толық атауы, басылым нөмірі, шығарылған жылы, бет нөмірлері, мақаланың толық атауы, мақаланың барлық авторларының есімдері болуға тиіс.
Қосымша:
1) 9-кестеге сәйкес жекеше әріптес тарапынан жобаны іске асыруға үлес қосу жоспары (қолданбалы ғылыми зерттеулер үшін).
3. Сұратылатын қаржыландырудың есеп-қисабы
"Сұратылатын қаржыландыру есеп-қисабының" бір бөлігі гранттық қаржыландыру жобасын іске асыру үшін сұратылатын көлемнің есеп-қисабын негіздейтін 2 – 7-кестелер түрінде ресімделеді, олар сараптама орталығының ақпараттық жүйесінде толтырылады.
Есеп-қисаптарға түсіндірмелер "Сұратылатын қаржыландырудың негіздемесі" деген 7-бөлімнің "Түсіндірме жазба" деген бөлігінде келтіріледі.
1-кесте – Шетелдік ғалымдарды, жас ғалымдарды (постдокторанттарды, докторантура, магистратура және бакалавриат студенттерін қоса алғанда, ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі зерттеу тобының құрамы
Р/с № | Т.А.Ә. (бар болса), білімі, дәрежесі, ғылыми атағы2 | Негізгі жұмыс орны, лауазымы3 | Хирш индексі, ResearcherID, ORCID, Scopus Author ID сәйкестендіргіштері (бар болса) | Жобадағы немесе бағдарламадағы рөлі, сондай-ақ орындалатын жұмыстың сипаты | Қатысудың қысқаша негіздемесі |
---|---|---|---|---|---|
2 Деректері өтінімді дайындау күнінде белгісіз болған және оларды грант алған жағдайда тарту жоспарланатын зерттеу тобының мүшелері үшін "Т.А.Ә. (бар болса), білімі, дәрежесі, ғылыми атағы" деген бағанда "Бос жұмыс орны" деген сөз көрсетіледі.
3 Негізгі персоналға жатпайтын және өтінімді дайындау күнінде айқындалмаған зерттеу тобының мүшелері үшін "Негізгі жұмыс орны, лауазымы" деген бағанда сызықша көрсетіледі. Деректері өтінімді дайындау кезінде белгісіз болған постдокторанттар, доктарантура, магистратура және бакалавриат студенттері үшін "Негізгі жұмыс орны, лауазымы" деген бағанда мәртебесі көрсетіледі (постдокторант, доктарантура, магистратура және бакалавриат студенті, мамандығы және зерттеу тобының құрамына тиісті қызметкерлерді тарту болжанатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы).
___________________________________
2-кесте – Сұратылатын сома бойынша шығыстардың жиынтық сметалық есеп-қисабы
3-кесте – Еңбекке ақы төлеу (салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда)
4-кесте – Қызметтік іссапарлар
Р/с № | Межелі пункті (ел, қала, елді мекен атауы) | 1 адамға арналған тәуліктік шығыстарды өтеу нормасы (2 х айлық есептік көрсеткіш) (теңге) | 1 адамға арналған тәулігіне тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстар нормасы (теңге) | Тәуліктік шығыстарды есептеу үшін орташа жылдық адам/ күн саны (адам/күн) | Тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығысты есептеу үшін орташа жылдық адам/күн саны (адам/күн) | Іссапарға жіберілетін адамдардың орташа жылдық саны (адам) | Бір рет екі жаққа да жол жүрудің орташа құны (теңге) | Шығыстар сомасы (мың теңге) (3-бағ х 5-бағ + 4-бағ х 6-бағ + 7-бағ х 8-бағ)/1000 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1. | 20 __ жыл (1-ші жыл) барлығы | х | ||||||
1.1. | ||||||||
1.2. | ||||||||
… | ||||||||
2. | 20 __ жыл (2-ші жыл) барлығы | х | ||||||
2.1. | ||||||||
2.2. | ||||||||
… | ||||||||
3. | 20 __ жыл (3-ші жыл) барлығы | х | ||||||
3.1. | ||||||||
3.2. | ||||||||
… | ||||||||
Жиыны (1-бағ + 2-бағ + 3-бағ) | х |
5-кесте – Ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу, басқа да көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар
6-кесте – Материалдар, жабдықтар және (немесе) бағдарламалық қамтылымды (заңды тұлғалар үшін) сатып алу
7-кесте – Жалға алу шығыстары, зерттеулерді іске асыру үшін пайдаланылатын жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстары
8-кесте – Іске асыру жөніндегі жұмыстардың жоспары
9-кесте – Әріптестің салым салу жоспары
Р/с № | Әріптестің атауы, мекенжайы, байланыс ақпараты |
Салым нысаны (50 сөзден артық емес) |
Салымның құны, мың теңге |
Енгізу күні (күн/ай/жыл) |
---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға өтінім
Өтінім мынадай бөліктерден тұрады:
1) аннотация;
2) түсіндірме жазба;
3) сұратылатын қаржыландырудың есеп-қисабы.
1. Аннотация
Аннотацияда бағдарлама мақсатының, өзі зерттеуге бағытталған проблемалардың, зерттеулер жүргізудің негізгі тәсілдерінің, күтілетін нәтижелердің, мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда көрсетілген Қазақстан Республикасы ауқымындағы әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары үшін зерттеулер нәтижесінде шешілетін міндеттер өзектілігінің, зерттеулер нәтижелерінің экономиканың тиісті саласына, қоғамдық қатынастар және (немесе) ғылым саласына әсер ету деңгейінің, зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығының, яғни олардың коммерцияландыруға немесе Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуының өзекті міндеттерін шешу үшін өзге сапада қолданылуға әзірлігі деңгейінің қысқаша сипаттамасы қамтылады.
Аннотация көлемі 800 сөзден аспауға тиіс.
2. Түсіндірме жазба
Түсіндірме жазбаның мазмұны мынадай бөлімдерді қамтиды (бұл ретте өтінім нысанында сілтеме жасалған кестелер, схемалар, диаграммалар түсіндірме жазбаға қосымшаға шығарылады және тиісті бөлімдердегі сөздер саны мен өтінімнің жалпы бет санын есептеген кезде есепке алынбайды).
1. Жалпы ақпарат
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның атауы [20 сөзден артық емес].
1.2 Басым және мамандандырылған ғылыми бағыттың атауы.
1.3. Зерттеу саласы мен түрі.
1.4. Таңдалған техникалық тапсырманың нөмірі.
1.5. Шешімін табу үшін бағдарлама әзірленген стратегиялық маңызы бар мемлекеттік міндет.
1.6. Бағдарлама іске асырылатын жер.
1.7. Бағдарламаның басталатын және аяқталатын болжамды күні, оның айлармен көрсетілген ұзақтығы.
1.8. Бағдарламаға өтінім беруші ұйым.
1.9. Бағдарламаны орындаушылар (бағдарламаны іске асыруға қатысатын барлық субъектілердің атауын көрсету).
1.10. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың сұратылатын сомасы (бағдарламаны іске асырудың барлық мерзіміне және жылдар бойынша, мың теңгеде).
1.11. Тәуелсіз сарапшыларды іріктеу үшін бағдарламаның саласы мен бағытын сипаттайтын түйін сөздер.
2. Бағдарламаның жалпы тұжырымдамасы [750 сөзден артық емес].
2.1. Кіріспе бөлім [200 сөзден артық емес].
Бағдарлама идеясының қысқаша сипаттамасы көрсетіледі.
2.2. Бағдарламаның мақсаты [50 сөзден артық емес].
Мақсат қысқа әрі нақты баяндалады, ол бағдарламаның тақырыбы мен шешімін табу үшін бағдарлама әзірленетін стратегиялық маңызы бар мемлекеттік міндетке сәйкес келуге және бағдарламаны іске асыру нәтижесінде алынуы күтілетін шешімнің сипаттамасын көрсетуге тиіс.
2.3. Бағдарламаның міндеттері [500 сөзден артық емес].
Бұл бөлімде өзара қисынды байланысқан, сабақтас міндеттер арқылы бағдарламаның мақсатына қол жеткізу тәсілі сипатталады. Қойылған міндеттер тізбесі:
1) міндеттер шешімдерінің өлшенетін көрсеткіштерімен;
2) міндеттердің әрқайсысының бағдарлама мақсатына қол жеткізудегі рөлінің және басқа міндеттер мен бағдарламаның күтілетін нәтижелерімен өзара байланысының қысқаша негіздемесімен;
3) өтінім берушінің ойынша басқа маңызды параметрлер мен бірге беріледі.
3. Бағдарламаның ғылыми жаңашылдығы мен маңыздылығы [2 000 сөзден артық емес].
Бөлімде мынадай ақпарат қамтылады:
1) мұның алдында әлемде және Қазақстан Республикасында жүргізілген, бағдарламаның тақырыбына жататын ғылыми зерттеулерге міндетті түрде шолу жасай отырып, бағдарламаны әзірлеуге ғылыми дайындама, ғылыми жаңашылдықтың негіздемесі және олардың осы бағдарламамен өзара байланысы (мәнмәтінде шолуда пайдаланылған әдебиетке сілтемелер көрсетілуге тиіс, оның толық жазылуы "Библиография" деген 8-бөлімде ұсынылуға тиіс), (бар болса, бағдарламаның тақырыбына қатысы бар алдын ала нәтижелер және (немесе) өтінім беруші бұдан бұрын алған нәтижелер көрсетіледі);
2) бағдарламаның шешімін табу үшін әзірленген стратегиялық маңызы бар мемлекеттік міндетке сәйкестігі, стратегиялық маңызы мемлекеттік міндетті шешу үшін нәтижелердің қолданылуы, бағдарламаның ұлттық және халықаралық ауқымдағы маңыздылығы, күтілетін нәтижелердің ғылым мен технологиялардың дамуына әсері, күтілетін әлеуметтік және экономикалық әсері;
3) бағдарлама нәтижелерінің маңыздылығын негіздейтін ғылыми және технологиялық қажеттіліктер (бар болса, әлеуметтік сұранысты және (немесе) экономикалық және индустриялық мүдделілікті, басқа да растайтын деректерді енгізу);
4) бағдарламаның күтілетін нәтижелерінің бәсекеге қабілеттілігі, оларды Қазақстан Республикасындағы және әлемдегі белгілі қолда бар аналогтармен салыстыру, әлемдегі ұқсас міндеттерді шешу тәжірибесі, оны бағдарлама шеңберінде қолдану;
5) бағдарлама идеясының қолданыстағы аналогтардан немесе бәсекелес идеялардан қағидаттық айырмашылықтары. Егер зерттеу идеясы немесе нәтижесі әлемде және (немесе) Қазақстанда бар болса, онда бағдарламаға салымдардың неге тиімді екенін негіздеу қажет;
6) егер бағдарламаның түпкілікті нәтижелерінің бірі өнім болса, онда бағдарламаның пәндік саласындағы техниканың қазіргі уақытта қалыптасқан деңгейін сипаттау қажет;
7) бағдарлама өтінім беруші бұрын жүргізген ғылыми зерттеулердің жалғасы болып табылатын немесе бұрын қаржыландырылған және аяқталған ғылыми зерттеулердің элементтерін қамтитын жағдайда, бағдарламаның бұрын жүргізілген ғылыми зерттеулермен өзара байланысын және оның олардан айырмашылықтарын қысқа әрі нақты баяндау қажет.
4. Зерттеу әдістері және этикалық мәселелер [1500 сөзден артық емес]
Бөлімде мынадай ақпарат қамтылады:
1) бағдарламаның негізгі ғылыми мәселелері мен гипотезаларын сипаттау, зерттеу стратегиясы мен тәсілдерін негіздеу, бағдарламада қолданылатын зерттеулер типтері (сипаттаушылық, корреляциялық және/немесе эксперименттік), зерттеулер жүргізудің дәйектілігі;
2) ең маңызды эксперименттердің қысқаша сипаттамасы;
3) қойылған мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерін негіздеу ретінде бағдарламада пайдаланылатын зерттеу әдістерін сипаттау, олардың бағдарламаның мақсатымен және міндеттерімен өзара байланысы, өзаралық байланыста болуы;
4) алғашқы (бастапқы) ақпаратты жинау әдістері, оның дереккөздері және бағдарламаның міндеттерін шешу үшін қолдану, деректерді өңдеу тәсілдері, сондай-ақ олардың анықтығы мен жаңғыртылуын қамтамасыз ету;
5) зерттеу нәтижелеріне зияткерлік меншік құқықтарын рәсімдеу және бөлу шарттары (зияткерлік меншікті қорғаудың қандай тәсілі таңдалатынын көрсетіп, таңдауды негіздеу қажет).
5. Зерттеу тобы және бағдарламаны басқару.
Бағдарламаны басқару схемасы, оның ішінде орындаушылар арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі, олардың жұмысын үйлестіру және бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша шешімдер қабылдау тәсілдері сипатталады.
Зерттеу тобының құрамы 1-кестеге сәйкес ресімделеді. Жоспарланатын штаттың кемінде 70 %-ының (жетпіс пайыз) толық деректері көрсетіледі (зерттеу тобының негізгі персоналы). Қосымша персонал үшін (грант алған жағдайда тартылатын зерттеу тобы мүшелерінің 30 %-ына дейін) кестеде олардың жобадағы орны мен рөлі, орындалатын жұмыстың сипаты және оларды іріктеу үшін қолданылатын тәсілдер көрсетіледі
Бағдарламаның ғылыми жетекшісі үшін оның конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін растайтын барлық жарияланымдары, оның ішінде дәйексөз алу индексімен, басылымның квартилімен (процентилімен) және тиісті ғылыми метрикалық базалардағы (DOI) жарияланымдар туралы мәліметтерге сілтемелермен бірге көрсетілуге тиіс. Өтінім берілген күннің алдындағы 5 (бес) жыл ішінде оның қандай бағдарламаларды басқарғанын және олардың шеңберінде қандай нәтижелер алынғанын көрсету қажет.
Бағдарлама бағыты бойынша зерттеу тобының негізгі персоналының жарияланымдары туралы мәліметтер (зерттеу тобы мүшелерінің кемінде 10 жарияланымы), дәйексөз алу индексі және тиісті ғылыми-метрикалық базалардағы жарияланымдар туралы мәліметтерге сілтемелері бар мәліметтер келтірілуге тиіс. Зерттеу тобы мүшелерінің тегі асты сызылып көрсетілуге тиіс.
6. Зерттеу ортасы [1 000 сөзден артық емес].
Бөлімде мынадай ақпарат қамтылады:
1) әрбір орындаушының бағдарламаның мақсатына қол жеткізудегі рөлінен, дайындамасы мен қосқан үлесінен шыға отырып, олардың бағдарламаға қатысуын негіздеу (бүкіл кезең ішінде бағдарламаны іске асыруға қатысатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері бағдарламаны орындаушылар болып есептеледі);
2) әрбір ұйымды тарту қажеттілігін негіздеп, оның бағдарламадағы рөлін, орындалатын жұмыстың сипатын және мақсатқа және күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге қосқан үлесін сипаттай отырып, бағдарламаны іске асыруға бөгде ұйымдарды тарту;
3) бағдарламаны іске асыру үшін тікелей пайдаланылатын орындаушылардың қолында бар материалдық-техникалық базаны (жабдықтар, аспаптар, құрал-сайман, көлік, ғимараттар, құрылыстар және т.б.), оны пайдалану бағытын және ғылыми-зерттеу жабдығымен жұмыс істеу дағдысы бар зерттеу тобының мүшелерін көрсете отырып сипаттау;
4) бағдарламаны іске асыру үшін пайдаланылатын негізгі отандық және халықаралық байланыстар (коллабораторлар мен серіктестер), олардың пайдаланылу сипаты мен негіздемесі көрсетіледі, негіздей отырып, басқа да отандық және шетелдік ұйымдардың (зертханалардың) инфрақұрылымын пайдалану;
5) ұтқырлықты негіздеу: (1) ғылыми іссапарлар және олардың бағдарламаны іске асыруға әсері, (2) әріптес ұйымдар базасындағы жұмыс кезеңдері және олардың бағдарламаны іске асыруға әсері. Әрбір шетелдік іссапар үшін іссапардың мақсаты, күтілетін нәтижесі және орындаушының бағдарламаның мақсатына қол жеткізуге қосқан үлесі қысқа көрсетіледі.
7. Сұратылатын қаржыландырудың негіздемесі [2 000 сөзден артық емес].
Бөлімде мынадай ақпарат қамтылады:
1. 2-кестеге сәйкес бағдарлама (бюджет) бойынша жиынтық есеп. Бағдарламаның бюджетін бағдарламаның ғылыми жетекшісі жұмыс жоспарына сәйкес бөледі және оны осы бағдарламаға байланысты емес шығыстардың өзге баптарына бағыттауға болмайды.
"Еңбекке ақы төлеу (салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда)" деген бапта 3-кестеге сәйкес постдокторанттарды, докторантура, магистратура және бакалавриат студенттеріне, сондай-ақ қаржылық-экономикалық және заңдық сүйемелдеуді жүзеге асыратын адамдарды қоса алғанда, бағдарламаның зерттеу тобының мүшелеріне еңбегі үшін сыйақы ретінде төлеуге жататын шығыстар жеке табыс салығы мен міндетті зейнетақы жарнасы ескеріле отырып көрсетіледі. Есеп-қисапта өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдерден басқа, демалысақылар да ескеріледі. Бапта әлеуметтік салықты, әлеуметтік сақтандыруды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге жұмсалған шығыстар да көрсетіледі.
"Қызметтік іссапарлар" деген бапта 4-кестеге сәйкес конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға қатысуды, басқа ұйымдардың инфрақұрылымын пайдалану үшін баруды қоса алғанда, зерттеулер жүргізумен тікелей байланысты Қазақстан Республикасының шегінде және оның шегінен тысқары жерге іссапарлардың барлық шығыстары көрсетіледі (билеттер бойынша (авто, теміржол, әуе билеттері) қызмет көрсететін компаниялардың сайттарынан баға ұсыныстарын, іссапарлар жоспарын қоса беру керек). Аталған кестені толтыру кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені және "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысын басшылыққа алу қажет.
"Ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу, басқа да көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар" деген бапта 5-кестеге сәйкес орындаушының кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алатын, нәтижесі бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті көрсетілетін қызметтерге, оның ішінде (1) ұжымдық ғылыми зертханалар мен басқа да зертханалардың көрсетілетін қызметтеріне, (2) бірлесіп орындаушы ұйымдардың көрсетілетін қызметтеріне, (3) конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға және басқаларға қатысу үшін ұйымдастырушылық жарналарға, (4) жобаның нәтижесінде алынған ғылыми нәтижелерді патенттеуге, (5) зерттеу нәтижелерін жариялауға, (6) талдамалық материалдарды сатып алуға арналған шығыстар көрсетіледі (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін кемінде 1 (бір) баға ұсынысын және (немесе) прайс-парақты қоса беру керек). Бағдарламаны іске асыруға қатысатын шетелдік ғалымдар зерттеу тобының мүшелері болып табылатын жағдайда, олардың қатысуға арналған шығыстары "Еңбекке ақы төлеу" деген бөлімде көрсетіледі.
"Материалдар сатып алу (жеке және заңды тұлғалар үшін), жабдықтарды және (немесе) бағдарламалық қамтылымды (заңды тұлғалар үшін) сатып алу" деген бапта 6-кестеге сәйкес бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті жабдықтар мен материалдарға арналған барлық шығындар мен бағдарламалық қамтылымды сатып алуға арналған шығыстар көрсетіледі, оның ішінде химиялық реактивтер, еріткіштер, стандартты үлгілер, зертханалық шығыс материалдар, ғылыми-зерттеу жабдықтарына арналған қосалқы бөлшектер, жанар-жағармай материалдары және басқалар (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін кемінде 1 (бір) баға ұсынысын және (немесе) прайс-парақты қоса беру керек).
"Жалға алу шығыстары, жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстары" деген бапта 7-кестеге сәйкес өтінім берушінің тиісті үй-жайы болмаған кезде бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті үй-жайларды, жабдықтар мен техниканы жалға алуға, сондай-ақ бағдарламаны іске асыруға байланысты коммуналдық көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстар, сондай-ақ зерттеу жүргізуге тікелей жұмылдырылған үй-жайларға, жабдықтар мен техникаларға қызмет көрсетуге арналған шығыстар көрсетіледі (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін кемінде 1 (бір) баға ұсынысын және (немесе) прайс-парақты қоса беру керек);
2) 3-7-кестелерге сәйкес шығыстардың әрбір бабына есеп-қисаптар;
3) әрбір шығыстар бабының мазмұны мен көлемінің есебіне олардың бағдарламаның мақсаттарына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу үшін қажеттілігін міндетті түрде негіздеп, сондай-ақ тиісті шығыстар баптарын есептеуге негіз болған бағалар туралы ақпарат көздерін көрсете отырып, қысқаша түсіндірмелер.
Барлық шығыстар баптарының жалпы сомасы қаржыландыруға сұратылатын соманы білдіреді және "Жалпы ақпарат" деген бөлімнің 1.10-тармағында көрсетілген сомаға барабар болуға тиіс.
8. Бағдарламаны іске асыру жоспары
Бөлім 8-кестеге сәйкес жоба бойынша жұмыстардың егжей-тегжейлі, дәйекті жұмыс жоспарын қамтиды.
9. Күтілетін нәтижелер [1 000 сөзден көп емес]
Бағдарламада көзделген күтілетін нәтижелер ғылыми-техникалық тапсырмада көзделген нәтижелерден төмен болмауға тиіс. Өзара байланыста нәтижелер стратегиялық маңызы бар мемлекеттік міндеттің барлық аспектілеріне ықпал етуді көздейтін кешенді шешімді қамтамасыз етуге тиіс.
Бағдарламаның нәтижелері сандық және сапалық сипаттамалар мен іске асыру нысандары көрсетіле отырып сипатталады. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес нәтиженің негіздемесі келтіріледі.
Конкурстық құжаттаманың талаптарына қарамастан, бағдарламаны іске асыру нәтижесінде мыналар қамтамасыз етілуі тиіс:
1) шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда мақалалар жариялау (бағдарлама нәтижелерін жариялауға арналған болжамды басылымдар, басылымның дәйексөз алу индексі, тиісті ғылыми метрикалық базадағы басылым туралы ақпаратқа сілтеме жасай отырып). Зерттеулердің нәтижелері бойынша мақалалар санына қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада белгіленеді. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру көзі ретінде көрсетіле отырып, әрбір бап оның шеңберінде қаржыландырылған жобаның сәйкестендіруші тіркеу нөмірі және атауы туралы ақпаратты қамтуға тиіс;
2) шетелдік және (немесе) қазақстандық баспалар кітаптарында монографияларды, кітаптарды және (немесе) кітаптардағы тарауларды жариялау;
3) шетелдік (еуропалық, американдық, жапондық) патенттік бюродан, қазақстандық немесе еуразиялық патенттік бюродан патенттер алу;
4) ғылыми-техникалық, конструкторлық құжаттаманы әзірлеу;
5) бағдарламаның нәтижелерін пилоттық енгізу және (немесе) әлеуетті пайдаланушылар, ғалымдар қоғамдастығы және қалың жұртшылық арасында бағдарламаны іске асыру кезінде алынған білім мен нәтижелерді тарату жөніндегі іс-шаралар;
6) конкурстық құжаттаманың талаптарына және жобаның ерекшеліктеріне сәйкес басқа да өлшенетін нәтижелер. Бөлімде:
1) қолданылу саласы, нысаналы тұтынушылар, негіздемесі бар бағдарлама шешуі үшін әзірленген стратегиялық маңызы бар мемлекеттік міндетке сәйкес күтілетін нәтижелердің әрқайсысының әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, ғылыми-техникалық, мультипликативтік және (немесе) өзге де әсері;
2) күтілетін нәтижелердің ғылым мен технологиялардың негізгі ғылыми бағыты мен сабақтас салаларын дамытуға әсері;
3) алынған ғылыми нәтижелерді коммерцияландырудың қолданылымдығы және (немесе) мүмкіндігі;
4) сапалық және сандық сипаттамаларын көрсете отырып, бағдарламаның басқа да тікелей және жанама нәтижелері қосымша көрсетіледі.
10. Библиография
Бөлімде "Бағдарламаның ғылыми жаңашылдығы мен маңыздылығы" деген 3-тармақта сілтемелер келтірілген жарияланымдар көрсетіледі.
Әрбір жарияланымда журналдың толық атауы, басылым нөмірі, шығарылған жылы, бет нөмірлері, мақаланың толық атауы, мақаланың барлық авторлардың есімдері болуға тиіс.
Қосымша:
1) 9-кестеге ұқсас әріптес тарапынан бағдарламаны іске асыруға үлес қосу жоспары (қолданбалы ғылыми зерттеулер үшін).
3. Сұратылатын қаржыландырудың есеп-қисабы
"Сұратылатын қаржыландыру есеп-қисабының" бір бөлігі қаржыландыру бағдарламасын іске асыру үшін сұратылатын көлемнің есеп-қисабын негіздейтін 2 – 7-кестелер түрінде ресімделеді, олар сараптама орталығының ақпараттық жүйесінде толтырылады.
Есеп-қисаптарға түсіндірмелер "Сұратылатын қаржыландырудың негіздемесі" деген 7-бөлімнің "Түсіндірме жазба" деген бөлігінде келтіріледі.