Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 694 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
  Үкiметiнің
  2021 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 694 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiс пен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 35-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "35-2) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, пайдаланылмайтын мүлікке жатқызылған оқ-дәрілерді жою жөніндегі бірлескен іс-қимылдарды бекітеді;";

      ведомствоның функциялары мынадай мазмұндағы 16-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-2) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның өтініші негізінде пайдаланылмайтын мүлікке жатқызылған оқ-дәрілерді жоюға жәрдем көрсетеді;".

      2. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысында:

      16-тармақтағы орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 709-32) тармақшамен толықтырылсын:

      "709-32) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, пайдаланылмайтын мүлікке жатқызылған оқ-дәрілерді жою жөніндегі бірлескен іс-қимылдарды бекітеді.".

      3. "Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларында:

      167-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "167. Оқ-дәрілер түріндегі пайдаланылмайтын мүлікті жоюды тиісті рұқсат беру құжаттарына сәйкес оқ-дәрілерді жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырады.

      Ұйымның осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес оқ-дәрілерді жою мүмкіндігі болмаған кезде уәкілетті орган азаматтық қорғау органдарын хабардар ете отырып, пайдаланылмайтын мүлікке жатқызылған оқ-дәрілерді жоюға жәрдем көрсету үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне жүгінеді. Бұл жағдайда ұйым көрсетілетін қызметтерді өтеусіз негізде ұсынады.

      Уәкілетті органның шешімі бойынша оған ведомстволық бағынысты ұйым Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бөлімшелерімен бірлесіп, пайдаланылмайтын мүлікке жатқызылған оқ-дәрілерді жоюды жүзеге асырады.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген пайдаланылмаған мүлікті жою жөніндегі бірлескен іс-қимылдар уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бірлескен бұйрығымен айқындалады.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген іс-шаралар өтеусіз негізде жүзеге асырылады.".