"Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 684 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өндеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өндеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларында:

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Пайдаланылмайтын мүлік уәкілетті органның шешімі негізінде ҚӨК ұйымдарына жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не өндірістік қызметте пайдалану және/немесе кейіннен экспорттау мақсатында әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) өндіру, жөндеу және/немесе жаңғырту үшін, сондай-ақ белгіленген тәртіппен экспорттық бақылау, мемлекеттік мүлік және ұлттық экономика саласындағы мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген жобаларды іске асыру үшін жөндемей және/немесе жаңғыртпай экспорттау мақсатында мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге беріледі.

      Мүлікті кейіннен экспорттау үшін өткізу уәкілетті ұйым қалыптастырған жабық сауда-саттыққа қатысушылар тізбесіне енетін заңды тұлғалар арасында жабық сауда-саттықта жүзеге асырылады.

      Баланста ұстаушының бюджеттік бағдарламалар әкімшісі инвестицияларды уәкілетті органға береді.

      12. ҚӨК ұйымдары уәкілетті органнан пайдаланылмайтын мүлік тізбесінің жобасын алғаннан кейін пайдаланылмайтын мүлікті іріктеу жөнінде жұмыс жүргізеді және уәкілетті органға атауы мен санын көрсете отырып, пайдаланылмайтын мүлікке қажеттілік туралы өтінім береді.

      Есептен шығарылған пайдаланылмайтын мүлік жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге берілмейді.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин