Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекет шекараларында заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ Кешенді жоспардың орындалуына жауапты басқа да ұйымдар (келісу бойынша):
1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін;
2) жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 қаңтарынан және 10 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 ақпанынан және 1 тамызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 тамыздағы № 585 қаулысымен бекітілген |
Мемлекет шекараларында заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары
Ескерту. Кешенді жоспарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.03.2022 № 130 қаулысымен.
р/с | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Орындау мерзімдері | Жауапты орындаушылар | Болжамды шығыстар (мың теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1-бағыт. Заңнамалық процестер және халықаралық ынтымақтастық | |||||
1. | Жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған тауарлар түрінде өткізетін тауарларды заңсыз әкелуді анықтау жөніндегі өзара іс-қимыл тетігін әзірлеу және бекіту | Қаржымині және ҚМА бірлескен бұйрығы |
2021 жылғы | Қаржымині, ҚМА (келісу бойынша) | талап етілмейді |
2. | ЕАЭО елдерінен тауарларды әкелу кезінде ТІЖ жазып беруді бақылау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
2022 жылғы |
Қаржымині, ИИДМ | талап етілмейді |
3. |
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына тыйым салынған балық ресурстарын және басқа да жануарларды аулау құралдарын заңсыз әкелу, әкету, сатып алу, өткізу, қолдану, дайындау, сақтау бөлігінде әкімшілік жауапкершілікті күшейту, сондай-ақ ЭГТРМ, ЖАО уәкілетті органдарына әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды қарау және жасау өкілеттіктерін беру бөлігінде ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірлейтін ӘҚБтК-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасына ұсыныстар |
2021 жылғы | ЭГТРМ, Қаржымині, СИМ, ІІМ, ЖАО | талап етілмейді |
4. |
Мыналар: | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | жыл сайын |
СИМ, Қаржымині, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Атамекен" ҰКП | талап етілмейді |
5. | "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына ЕАЭО елдері арасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде ТІЖ-нің ұсынылмауы, болмауы, ТІЖ-ге мәліметтердің сәйкес келмеуі үшін әкімшілік жауапкершілікті қайта қарау бөлігінде ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірлейтін ӘҚБтК-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасына ұсыныстар |
2021 жылғы | Қаржымині, ИИДМ, ҰЭМ | талап етілмейді |
6. | Автомобиль өткізу пункттерінде электрондық кезекті енгізу бойынша пилоттық жобаны жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне өткізілген пилоттық жобаның қорытындылары бойынша ұсыныстар |
2021 жылғы |
Қаржымині, ҰЭМ, ИИДМ, | талап етілмейді |
7. | Көлеңкелі экономикаға қарсы тиімді күрес мақсатында экономикалық контрабанда, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарғаны үшін жауапкершілікті көздейтін қылмыстық заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ экономикалық контрабанда бойынша шекті мәнді азайту жөніндегі мәселені пысықтау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2021 жылғы | ҚМА (келісу бойынша), БП (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | талап етілмейді |
8. | Көлеңкелі экономикаға қарсы тиімді күрес мақсатында кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті көздейтін әкімшілік заңнаманы жетілдіру жөніндегі мәселені пысықтау | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірлейтін ӘҚБтК-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасына ұсыныстар |
2021 жылғы | Қаржымині, ҚМА (келісу бойынша), БП (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | талап етілмейді |
9. | Түркия Республикасының уәкілетті органдарымен ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы, Иран Ислам Республикасымен тауарлар және көлік құралдары туралы алдын ала мәліметтермен алмасуды ұйымдастыру туралы халықаралық шарттар жасасу | халықаралық шарттар |
2021 жылғы | Қаржымині, СІМ, Әділетмині, ИСМ, ҰЭМ, ЦДИАӨМ | талап етілмейді |
10. | Түрікменстанның уәкілетті органдарымен Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала мәліметтер алмасуды ұйымдастыру туралы халықаралық шарт жасасу | халықаралық шарттар |
2023 жылғы | Қаржымині, СІМ, Әділетмині, ИСМ, ҰЭМ, ЦДИАӨМ | талап етілмейді |
11. | Қазақстан Республикасының заңнамасын ЕАЭО елдерімен сауда шеңберінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету бөлігінде жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
2022 жылғы | Қаржымині, Әділетмині, СИМ | талап етілмейді |
12. | "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына автокөлік құралдарын ЕАЭО елдерінен Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен өткізу кезінде жүк автокөлік құралдарына ілінетін электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) қасақана зақымдағаны немесе жойғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу бөлігінде ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірлейтін ӘҚБтК-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасына ұсыныстар |
2021 жылғы |
Қаржымині, | талап етілмейді |
2-бағыт. IT-инфрақұрылымын құру | |||||
13. | МКК АЖ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ АЖ-ны тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру бөлігінде интеграциялауды қамтамасыз ету | өнеркәсіптік пайдалануға беру актісі |
2021 жылғы |
Қаржымині, ЦДИАӨМ, |
РБ |
14. | "АСТАНА-1" АЖ-ны және "ПЕЖ" АЖ-ны тауарларды декларациялау бойынша шешім қабылдау үшін халықаралық пошта жөнелтілімдері бойынша алдын ала мәліметтер ұсыну мақсатында интеграциялауды іске асыру | өнеркәсіптік пайдалануға беру актісі |
2021 жылғы |
Қаржымині, ЦДИАӨМ, |
РБ |
15. | Инспекциялық-тексеріп қарау кешендерінің рентген-суреттерін талдау кезінде жасанды интеллект тетіктерін енгізу | пайдалануға беру актісі |
2024 жылғы | Қаржымині, ЦДИАӨМ | ратификацияланған Негіздемелік келісім шеңберінде көзделген (18.05.2019 ж. №257-VI ҚР Заңы) 2020-2023 жж. арналған бюджетте 82 891 739 мың теңге сомасында қаражат салынды (205 "Шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру" бағдарламасы, 004 "Сыртқы қарыздар есебінен" кіші бағдарламасы) |
16. | "Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды камералдық бақылау" сервистік бағдарламалық өнімін "АСТАНА-1" АЖ-мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар бойынша мәліметтер беру бөлігінде интеграциялау жөніндегі мәселені пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2022 жылғы | ДСМ, Қаржымині | талап етілмейді |
17. | "Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды камералдық бақылау" сервистік бағдарламалық өнімін "Бірыңғай терезе" АЖ-мен сәйкестікті бағалау туралы берілген құжаттар бойынша мәліметтер беру бөлігінде интеграциялау жөніндегі мәселені пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2022 жылғы | ДСМ, СИМ, Қаржымині | талап етілмейді |
18. | Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінен және "Бүркіт" ақпараттық жүйесінен ЕАЭО елдерінен өткізілетін автокөлік құралдары мен тауарлар бойынша мәліметтермен алмасу | нәтижелерді талдау |
2021 жылғы | Қаржымині, ҰҚК (келісу бойынша) | талап етілмейді |
19. | Экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға (ИИДМ) экспорттық бақылау және лицензиялау саласында берілген рұқсат беру құжаттарының (лицензиялардың, рұқсаттардың) орындалуы туралы ақпаратты МКК ақпараттық жүйелерінен беру процесін автоматтандыру | "E-license" ақпараттық жүйесін МКК ақпараттық жүйелерімен интеграциялау |
2022 жылғы |
Қаржымині, ЦДИАӨМ, ИИДМ, | талап етілмейді |
20. | "E-Freight" модулін (әуе көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала хабардар ету) "Тауарларды декларациялау" (тауарларға арналған декларация) және "Жолаушылар кедендік декларациясы" модульдерімен деректерді автоматты түрде салыстыру үшін пысықтау | салыстыру мүмкіндігі туралы талдамалық есеп |
2022 жылғы | Қаржымині, ИИДМ | талап етілмейді |
21. | "АСТАНА-1" АЖ арқылы кедендік жете тексерудің (қарап тексерудің) электрондық актісін ресімдеу жөніндегі жаңа модулін енгізу | пайдалануға беру актісі | 2023 жыл | Қаржымині | талап етілмейді |
3-бағыт. Бақылау рәсімін жетілдіру | |||||
22. | Тауарларды шығарғанға дейін кедендік операцияларды жасайтын және тауарларды шығарғаннан кейін кедендік операцияларды жасайтын тұлғаларды санаттау нәтижелеріне мониторинг жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2021 жылғы | Қаржымині | талап етілмейді |
23. | ТБЖ-ға енгізу үшін сыртқы экономикалық қызметтің жоғары тәуекелді қатысушылары бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ақпарат беруі | "АСТАНА-1" АЖ-ға тәуекелдерді бейіндеуді енгізу (жоғары тәуекелді СЭҚҚ бойынша) | тоқсан сайын | ДСМ, Қаржымині | талап етілмейді |
24. | Мемлекеттік кіріс органдары қолданатын ТБЖ тиімділігін арттыру, оның ішінде СЭҚҚ-тарды санаттау кезінде деректерді зияткерлік талдау нәтижелерін пайдалану арқылы субъектілік-бағдарланған тәсілді жетілдіру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2021 жылғы | Қаржымині | талап етілмейді |
25. | Кеден өкілдерін санаттау нәтижелерін ТБЖ-да қолдану мақсатында пайдалану | ТБЖ-да іске асыру | үнемі | Қаржымині | талап етілмейді |
26. | Қосымша отын бактарымен қайта жабдықталған автокөлік құралдарында жанар-жағармай материалдарының әкетілуін бақылауды жетілдіру мәселесін пысықтау | нәтижелерді талдау |
2021 жылғы | Қаржымині, ИИДМ | талап етілмейді |
27. | Тауарлардың негізгі топтарының импортына мониторинг жүргізу, көлеңкелі айналым деңгейін төмендету бойынша ұсыныстар әзірлеу | нәтижелерді талдау | тоқсан сайын |
Қаржымині, "Атамекен" ҰКП | талап етілмейді |
28. | Әкелінген сәттен бастап сатуға дейін таңбалауға жататын тауарларды бақылауды күшейту | нәтижелерді талдау | тоқсан сайын | Қаржымині | талап етілмейді |
29. | ТБЖ-да тәуекел деңгейі төмен СЭҚҚ-тарға қатысты селективті іріктеу тетігін қолдану | нәтижелерді талдау | ай сайын |
Қаржымині, "Атамекен" ҰКП | талап етілмейді |
30. | МКК сайтында тәуекел дәрежесі төмен компаниялар импорттаған тәуекел тобы тауарларының орташа статистикалық құны туралы ақпаратты жариялау | МКК сайтында жариялау | ай сайын | Қаржымині | талап етілмейді |
31. | ҚХР-дан ҚР арқылы транзитпен өткізілетін тауарлар көлеміне ҚХР кедендік статистикасымен алшақтықтардың болуы тұрғысынан бірлескен талдау жүргізу | нәтижелерді талдау | тоқсан сайын |
Қаржымині, "Атамекен" ҰКП | талап етілмейді |
32. | "Атамекен" ҰКП мен бизнес-қоғамдастық өкілдерін Telegram мессенджерінің "Тасымалдаушылар мәселелері" деген чатына қосу мәселесі бойынша "Атамекен" ҰКП-мен өзара іс-қимыл | "Атамекен" ҰКП мен бизнес-қоғамдастық өкілдерін чатқа қосу | үнемі | Қаржымині | талап етілмейді |
33. | ЕАЭО кедендік шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінің теңдестірілген көрсеткіштер жүйесін (KPI) енгізу | МКК сайтында жариялау |
2021 жылғы | Қаржымині | талап етілмейді |
34. | "Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 қаулысына таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін кеңейту бөлігінде толықтырулар енгізу | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | қажеттілігіне қарай | СИМ, ИИДМ, Қаржымині, ДСМ, АШМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), "Қазақтелеком" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді |
35. | ЕАЭО елдерімен өзара сауда шеңберінде көлеңкелі тауар айналымына қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ЕАЭО елдерінің фискалдық органдары арасында экспорттық операциялар бойынша мәліметтермен алмасуды көздеу | ЕЭК-ге ұсыныстар |
2021 жылғы | Қаржымині, СИМ | талап етілмейді |
36. | Қырғыз Республикасымен өзара саудада көлеңкелі тауар айналымын қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының фискалдық органдары арасында экспорттық операциялар бойынша мәліметтермен алмасуды жалғастыру | нәтижелерді талдау | үнемі | Қаржымині | талап етілмейді |
37. | "Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 73 бұйрығына "Тауарларды кедендік тазарту" мемлекеттік қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметті берушілерді және олардың жұмыс кестесін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу | Қаржымині бұйрығы |
2021 жылғы | Қаржымині | талап етілмейді |
38. | ЕАЭО елдерімен шекарада орналасқан автомобиль өткізу пункттерін инспекциялық-тексеру кешендерімен жарақтандыру | пайдалануға беру актісі | Инфрақұрылымды дамытудың 2020 –2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының кестесіне сәйкес |
ИИДМ, Қаржымині | талап етілмейді |
39. | Алып қойылған тауарларды сақтау үшін аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына үй-жайлар бөлу мәселесін пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2024 жылғы | Қаржымині | талап етілмейді |
40. | Мемлекеттік кірістер комитетінің "Ахуалдық орталық" және "Электрондық декларациялау орталығы" басқармаларының базасында инспекциялық-тексеріп қарау кешендерінің рентген-суреттеріне қашықтықтан талдау жүргізу және тауарлар мен көлік құралдарына кедендік жете тексеруді жүргізуді бақылау үшін бас диспетчерлік басқарма құру | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | 2022 жылғы 2-тоқсан | Қаржымині, АШМ, ҰҚК (келісу бойынша) | талап етілмейді |
41. | Бас диспетчерлік басқармада Мемлекеттік шекарадағы бақылаушы органдардың өкілдерін орналастыру | бірлескен бұйрық |
2024 жылғы | Қаржымині, АШМ, ҰҚК (келісу бойынша) | талап етілмейді |
42. | ЕАЭО елдерінің салық органдары арасында тауарға ілеспе құжаттардан фискалдық маңызы бар көрсеткіштері бойынша автоматтандырылған ақпарат алмасуды енгізу | ЕЭК-ге ұсыныстар |
2022 жылғы | Қаржымині, СИМ | талап етілмейді |
43. | "АСТАНА-1" АЖ интеграциясымен автомобиль өткізу пункттерінде электрондық кезек жүйесін енгізу | пайдалануға беру актісі |
2022 жылғы | Қаржымині | талап етілмейді |
44. | ЕАЭО кедендік шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерін ("Алакөл", "Қалжат", "Майқапшағай", "Бақты", "Қапланбек", "Қазығұрт", "Атамекен", "Тәжен", "Темір баба") және Бас диспетчерлік басқарманы (Ахуалдық орталық) жаңғыртуды және техникалық жарақтандыруды аяқтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2024 жылғы | Қаржымині | ратификацияланған Негіздемелік келісім шеңберінде көзделген (18.05.2019 ж. №257-VI ҚР Заңы) 2020-2023 жж. арналған бюджетте 82 891 739 мың теңге сомасында қаражат салынды (205 "Шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру" бағдарламасы, 004 "Сыртқы қарыздар есебінен" кіші бағдарламасы) |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
"Атамекен" ҰКП – "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі
"ҰАТ"АҚ – "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы
ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ
ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
ТІЖ – тауарларға ілеспе жүкқұжат
ҚМА – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі
МКК АЖ – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесі
"ҚТЖ"ҰК" АҚ – "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы
"ҚТЖ"ҰК" АҚ АЖ – "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының ақпараттық жүйесі
СЭҚҚ – сыртқы экономикалық қызметке қатысушы
ТБЖ – тәуекелдерді басқару жүйесі
"АСТАНА-1" АЖ – "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесі
"ПЕЖ" АЖ– "Пошта-есепке алу жүйесі" ақпараттық жүйесі
БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
ЭГТРМ – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
МКК – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
ҚХР – Қытай Халық Республикасы
ҚР – Қазақстан Республикасы
"Қазақтелеком" АҚ – "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы
"Бірыңғай терезе" АЖ – "Бірыңғай терезе" ақпараттық жүйесі
ЕЭК – Еуразиялық экономикалық комиссия
ӘҚБтК – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі
РБ – республикалық бюджет