Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 130 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлiк басқармасы" республикалық мемлекеттiк мекемесі құрылсын.

      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне көзделген қаражат есебінен және соның шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесінде:

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі" деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы 241-тармақпен толықтырылсын:

      "241. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлiк басқармасы.";

      2) "Мемлекет шекараларында заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 тамыздағы № 585 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет шекараларында заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарында:

      реттік нөмірі 40-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

40.

Мемлекеттік кірістер комитетінің "Ахуалдық орталық" және "Электрондық декларациялау орталығы" басқармаларының базасында инспекциялық-тексеріп қарау кешендерінің рентген-суреттеріне қашықтықтан талдау жүргізу және тауарлар мен көлік құралдарына кедендік жете тексеруді жүргізуді бақылау үшін бас диспетчерлік басқарма құру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2022 жылғы 2-тоқсан

Қаржымині, АШМ, ҰҚК (келісу бойынша)

талап етілмейді

      ".

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов