"Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 522 Жарлығының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Іс-қимыл жоспары) бекітілсін.
2. Іс-қимыл жоспарын орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):
1) Іс-қимыл жоспарын іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;
2) есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Іс-қимыл жоспарының іске асырылуы туралы есеп берсін.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Іс-қимыл жоспарының іске асырылуы туралы есепті ұсынсын, сондай-ақ бірінші басшының қолын қойғызып, оны (қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда) интернет-ресурста орналастырсын.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 маусымына дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Іс-қимыл жоспарының іске асырылуы туралы жиынтық есеп пен жиынтық қорытындының жобасын берсін.
5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 маусымына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-қимыл жоспарының іске асырылуы туралы жиынтық есеп пен жиынтық қорытынды берсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 470 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары
Ескерту. Іс-қимыл жоспарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.03.2022 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с № | Жобаның атауы | Күтілетін нәтиже | Нәтижелерге жауаптылар | Аяқталу мерзімі |
Болжамды шығыстар (мың теңге) | Қаржыландыру көздері |
---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
---|---|---|---|---|---|---|
1. Адамдарға бағдарланған мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыру | ||||||
Мақсаты (реформаның міндеті): "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидаты бойынша жұмыс істейтін, тиімді, әділ, ашық, қоғамның сұранысына жедел ден қоятын мемлекеттік аппарат | ||||||
Күтілетін әсерлер: | ||||||
KPI: | ||||||
Жобалар топтары: | ||||||
1.1. Халықпен тікелей және кері байланыс арналарының жұмысын жүйелі мониторингтеу және талдау | ||||||
"Халықпен тікелей және кері байланыс арналарының жұмысын жүйелі мониторингтеу және талдау" жобалар тобы | ||||||
1. | "Мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылын жүйеге келтіру" жобасы | қоғамның сауалдарына алдын ала ден қою | АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар | 2021 – 2022 жылдар | көзделген қаражат шегінде | республикалық бюджет |
1.2. БАҚ, ҮЕҰ және халықтан келіп түсетін сауалдарға жедел ден қою | ||||||
"БАҚ, ҮЕҰ және халықтан келіп түсетін сауалдарға жедел ден қою" жобалар тобы | ||||||
2. | "Әлеуметтік тәуекелдерді мониторингтеу мен болжамдаудың кешенді жүйесі" жобасы | БАҚ және ҮЕҰ тарта отырып, халық арасында алдын ала анықталған проблемалық мәселелерді жедел шешу | АҚДМ, ҰЭМ, Еңбекмині, БҒМ, ДСМ, СЖРА ҰСБ (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар | 2022 – 2030 жылдар |
2022 жылы – | республикалық бюджет |
3. | "Birgemiz краудсорсинг және краудфандинг платформасы" жобасы | өзекті мәселелерді шешу үшін азаматтардың, қоғамдық бірлестіктер мен ҮЕҰ-ның ақпараттық технологияларды қолдануы | "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КеАҚ (келісу бойынша), АҚДМ | 2021 жылғы тамыз – 2022 жылғы маусым |
67 656 | республикалық бюджет |
4. | "ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл саласында үздік практикалар мен халықаралық стандарттарды енгізу" жобасы | мемлекеттік аппараттың ҮЕҰ-мен белсенді түрде ынтымақтасуы және олардың сауалдарына жедел ден қоюы | АҚДМ, СІМ | 2021 – 2025 жылдар | талап етілмейді | талап етілмейді |
1.3. Мемлекеттің азаматтармен өзара іс-қимылы бойынша "бір терезе" құру | ||||||
"Мемлекеттің халықпен өзара іс-қимылы бойынша "бір терезе" құру" жобалар тобы | ||||||
5. | "Азаматтардың өтініштерін қабылдаудың "Нәтиже" бірыңғай орталығын құру" жобасы | әртүрлі мемлекеттік органдарға өтініш беру және оны "Нәтиже" орталықтары арқылы ұйымдастыру | "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КеАҚ (келісу бойынша), ЦДИАӨМ | 2021 жылғы шілде | талап етілмейді | талап етілмейді |
6. | "Е-өтініш" ақпараттық жүйесін енгізу" жобасы | мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлері үшін қолжетімді және өтініш берушіге өтініштің қаралу барысын қадағалауға және жауаптың сапасын бағалауға мүмкіндік беретін азаматтар өтініштерінің бірыңғай базасының жұмыс істеуі | ЦДИАӨМ, БП ҚСжАЕК (келісу бойынша), ОМО, ЖАО | 2021 жыл | талап етілмейді | талап етілмейді |
7. | "Онлайн-петициялардың "Е-петиция" бірыңғай заңды институтын құру" жобасы | азаматтардың мемлекеттік органдарға петиция беруге заңнамалық мүмкіндігі | АҚДМ, ЦДИАӨМ | 2022 жыл | талап етілмейді | талап етілмейді |
1.4. Ақпараттың ашықтығын және мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор қызметінің проактивтілігін қамтамасыз ету | ||||||
"Ақпараттың ашықтығын және мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор қызметінің проактивтілігін қамтамасыз ету" жобалар тобы | ||||||
8. | "Қазақстан Республикасының салалық заңнамасында ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі қағидаттарын, тетіктері мен құралдарын бекіту" жобасы | экономиканың негізгі салалары мен әлеуметтік салаларда ақпаратқа ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету | АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар | 2023 жыл | талап етілмейді | талап етілмейді |
9. | "Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың ақпараттық жүйелерінде қамтылған ашық деректердің қолжетімділігін арттыру" жобасы | халықтың және бизнестің мемлекеттік органдардың деректер базасында қамтылған ақпаратқа кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету | АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "ҰАТ" АҚ (келісу бойынша) | 2022 жылғы желтоқсан | көзделген қаражат шегінде | республикалық бюджет, "ҰАТ" АҚ меншікті қаражаты |
10. | "Ашықтық стандарттарын енгізу" жобасы | мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің ашықтық деңгейін арттыру | АҚДМ | 2021 – 2022 жылдар | талап етілмейді | талап етілмейді |
11. | "Қоғамдық пікірді ескеру және сарапшылар қоғамдастығының қатысуы бөлігінде мемлекеттік секторда басқарушылық шешімдер қабылдау процесін жетілдіру" жобасы | азаматтардың басқарушылық шешімдерді әзірлеуге және іске асыруға толыққанды қатысуы | АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар | 2022 – 2023 жылдар | талап етілмейді | талап етілмейді |
2. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау, сондай-ақ реформалар жүргізу тәсілдерін жетілдіру | ||||||
Мақсаты (реформаның міндеті): стратегиялық және бюджеттік жоспарлау процесі төрешілдіктен арылған, республикалық, сондай-ақ жергілікті деңгейде өзара байланыстырылған, ғылыми тәсілдерді пайдалану арқылы азаматтық және сараптамалық қоғамдастықтарды тарта отырып жүзеге асырылады | ||||||
Күтілетін әсерлер: | ||||||
KPI: | ||||||
Жобалар тобы: | ||||||
"МЖЖ құжаттарын бекіту және оларға өзгерістер енгізу тәртібін төрешілдіктен арылту" жобалар тобы | ||||||
12. | "МЖЖ құжаттарын бекіту және оларға өзгерістер енгізу тәртібін төрешілдіктен арылту" жобасы | МЖЖ құжаттарын келісу және бекіту мерзімдерін қысқарту | ҰЭМ, Қаржымині, ЦДИАӨМ, мүдделі мемлекеттік органдар | 2021 жылғы желтоқсан | талап етілмейді | талап етілмейді |
"Стратегиялық, оның ішінде жергілікті деңгейде өзара байланысты бюджеттік жоспарлау" жобалар тобы | ||||||
13. | "Стратегиялық, оның ішінде жергілікті деңгейде өзара байланысты бюджеттік жоспарлау" жобасы | өзара байланысты стратегиялық және бюджеттік жоспарлау | ҰЭМ, Қаржымині, СЖРА (келісу бойынша) | 2023 жылғы желтоқсан | талап етілмейді | талап етілмейді |
3. Оңтайлы және тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыру | ||||||
Мақсаты (реформаның міндеті): оңтайлы және тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыру | ||||||
Күтілетін әсерлер: | ||||||
KPI: | ||||||
Жобалар тобы: | ||||||
"Тиімді мемлекеттік аппарат" жобалар тобы | ||||||
14. | "Тиімді мемлекеттік аппарат" жобасы | мемлекеттік аппараттың жұмыс процестерінің азамат мұқтажына қарай жаңа форматы | ҰЭМ, МҚІА (келісу бойынша), ЦДИАӨМ, АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар | 2021 – 2024 жылдар | талап етілмейді | талап етілмейді |
"Оңтайлы мемлекеттік аппарат" жобалар тобы | ||||||
15. | "Оңтайлы мемлекеттік аппарат" жобасы | орталық және жергілікті атқарушы органдардағы штат санының үйлесімсіздігінсіз мемлекеттік аппараттың оңтайлы құрылымы мен мөлшері | ҰЭМ, МҚІА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар | 2022 – 2023 жылдар |
660 000 | республикалық бюджет |
16. | "Мемлекеттік басқарудың жобалық-желілік моделі" жобасы | мемлекеттік органдардың қызметін жобалық басқару және матрицалық құрылымдарды қолдану арқылы жүзеге асыру | ҰЭМ, МҚІА (келісу бойынша), ЦДИАӨМ, мүдделі мемлекеттік органдар | 2022 жылғы желтоқсан | * | республикалық бюджет |
4. Азаматтардың қажеттіліктері негізінде проактивті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге көшу | ||||||
Мақсаты (реформаның міндеті): азаматтардың қажеттіліктері негізінде проактивті қызмет көрсетуге көше отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу процестерін барынша жеңілдету | ||||||
Күтілетін әсерлер: | ||||||
KPI: | ||||||
Жобалар топтары: | ||||||
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту" жобалар тобы | ||||||
17. | "Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізу" жобасы | мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы кедергілерді кеңейту және алып тастау үшін заңнаманы дамыту | ЦДИАӨМ | 2022 жылғы қыркүйек | талап етілмейді | талап етілмейді |
18. | "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру" жобасы | мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу процестерін оңайлату | ЦДИАӨМ, ОМО, ЖАО | 2030 жыл | көзделген қаражат шеңберінде | республикалық бюджет |
5. Адами ресурстар сапасын жақсарту және мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру | ||||||
Мақсаты (реформаның міндеті): халықтың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік аппараттың әлеуетін іске асыру | ||||||
Күтілетін әсерлер: | ||||||
KPI: | ||||||
Жобалар топтары: | ||||||
"Мемлекеттік қызметтің әлеуетін іске асыру" жобалар тобы | ||||||
19. | "Мемлекеттік қызметшілерді үздіксіз оқыту жүйесін енгізу" жобасы | мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін үздіксіз дамыту жүйесі | МҚІА (келісу бойынша), Еңбекмині, МБА (келісу бойынша), басқа МО | 2023 жыл | * | республикалық бюджет |
20. | "Assessment-center" жобасы | мемлекеттік саяси қызметшілердің кейбір лауазымдарын іріктеу мен бағалаудың тиімді тетігі | МҚІА (келісу бойынша), МБА (келісу бойынша) | 2025 жыл | * | республикалық бюджет |
21. | "Келісімшарттық" қызметшілер институтын енгізу" жобасы | мемлекеттік аппараттың санын ұлғайтпай, "арнайы бейінді" мамандардың білімін қолдана отырып, мемлекеттік жобаларды іске асыру | МҚІА (келісу бойынша), ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині | 2023 жыл | талап етілмейді | талап етілмейді |
22. | "Мемлекеттік секторға таланттарды іздеу және тарту" жобасы | мемлекеттік қызметке іріктеуге қатысу үшін белсенді және талантты жастарды тарту |
МҚІА (келісу бойынша), БҒМ, Әділетмині, | 2023 жыл | * | республикалық бюджет |
23. | "Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі" жобасы | неғұрлым құзыретті кадрларды тартуға бағытталған мемлекеттік қызметке іріктеу модулін енгізу | МҚІА (келісу бойынша) | 2022 жыл | талап етілмейді | талап етілмейді |
24. | "Мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігін бағалаудың жаңа жүйесі" жобасы | мемлекеттік қызметшілерді бағалаудың жаңа жүйесін енгізу | МҚІА (келісу бойынша) | 2022 жыл | талап етілмейді | талап етілмейді |
"Жұмыс беруші ретінде мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру" жобалар тобы | ||||||
25. | "Мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру" жобасы | мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдаудың заңнамалық тұрғыдан бекітілген тетіктері | МҚІА (келісу бойынша), Әділетмині, Қаржымині, ҰЭМ, Еңбекмині | 2024 жыл | талап етілмейді | талап етілмейді |
26. | "Кадр қызметін трансформациялау" жобасы | стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттік органдарды қажетті персоналмен қамтамасыз етуге бағытталған кәсіби HR-қызметтер | МҚІА (келісу бойынша), МБА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар | 2024 жыл | талап етілмейді | талап етілмейді |
6. Тиімді, оңтайлы және транспарентті квазимемлекеттік секторды қалыптастыру | ||||||
Мақсаты (реформаның міндеті): тиімді және бәсекеге қабілетті квазимемлекеттік сектор | ||||||
Күтілетін әсерлер: | ||||||
KPI: | ||||||
Жобалар тобы: | ||||||
"Квазимемлекеттік сектор субъектілерін оңтайландыру" жобалар тобы | ||||||
27. | "Мемлекеттік мүлік тізілімін түгендеу және жаңарту" жобасы | мемлекеттік мүліктің жаңартылған тізілімі | Қаржымині, "АЕО" АҚ (келісу бойынша) | 2023 жылғы 4-тоқсан | талап етілмейді | талап етілмейді |
28. | "Мемлекеттің қатысу үлесін қысқарту" жобасы | мемлекеттің қатысу үлесін 14 % дейін қысқарту | ҰЭМ, Қаржымині, БҚДА (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | 2025 жылғы желтоқсан | талап етілмейді | талап етілмейді |
"Квазимемлекеттік сектор субъектілерін тиімді басқару" жобалар тобы | ||||||
29. | "Квазимемлекеттік субъектіні жіктеу жүйесі" жобасы | квазимемлекеттік сектор субъектілерінің заңнамалық бекітілген жіктемесі | ҰЭМ, Қаржымині, СЖДА (келісу бойынша), БҚДА (келісу бойынша) | 2022 жылғы желтоқсан | талап етілмейді | талап етілмейді |
30. | "Мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігі" жобасы | мемлекетті мүлікті тиімді басқарудың заң жүзінде бекітілген тетіктері | ҰЭМ, Қаржымині, СЖДА (келісу бойынша) | 2023 жылғы желтоқсан | талап етілмейді | талап етілмейді |
7. Жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі жетілдіру | ||||||
Мақсаты (реформаның міндеті): азаматтар жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және оларды басқаруға қатысатын, билігі орталықтандырылмаған тиімді жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі | ||||||
Күтілетін әсерлер: | ||||||
KPI: | ||||||
Жобалар тобы: | ||||||
"Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту" жобалар тобы | ||||||
31. | "Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы" жобасы | 2030 жылға қарай жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа моделін құру | ҰЭМ, мүдделі орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері | 2021 жылғы тамыз | талап етілмейді | талап етілмейді |
32. | "Жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру" жобасы | жеке заң әзірлеу | ҰЭМ, мүдделі орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері | 2023 жыл | талап етілмейді | талап етілмейді |
33. | "Әртүрлі деңгейдегі әкімдерді сайлау" жобасы | халыққа азаматтық ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру | ҰЭМ, ОСК (келісу бойынша), МҚІА (келісу бойынша), Қаржымині, Әділетмині, АҚДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері | 2021 – 2025 жылдар | 17 565 509 мың теңге |
республикалық бюджет, |
8. Бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау | ||||||
Мақсат (реформаның мақсаты): кәсіпкерлік қызметті жандандыру үшін барынша қолайлы және ынталандыру жағдайларын қалыптастыру | ||||||
Күтілетін әсерлер: | ||||||
KPI: | ||||||
Жобалар тобы: | ||||||
"Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу" жобалар тобы | ||||||
34. | "Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу" жобасы | тиімді реттеушілік саясат | ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар | 2023 жыл | талап етілмейді | талап етілмейді |
35. | "Мемлекеттік сатып алу" жобасы | НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар | 2022 жылғы 1-жартыжылдық | талап етілмейді | талап етілмейді |
9. Мемлекеттің сервистік моделін құру үшін сот жүйесі мен әкімшілендіруді, сондай-ақ құқық қорғау жүйесін трансформациялау | ||||||
9.1. Сот жүйесі мен әкімшілендіруді трансформациялау | ||||||
Мақсаты (реформаның міндеті): | ||||||
Күтілетін әсерлер: кемсітушіліктен, сыбайлас жемқорлықтан, заңсыз араласудан ада, қолжетімді, ашық, бейтарап, жедел, тиімді сот төрелігі | ||||||
KPI: | ||||||
Сот жүйесі мен әкімшілендіруді трансформациялау Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде іске асырылатын болады | ||||||
9.2. Құқық қорғау жүйесін трансформациялау | ||||||
Мақсаты (реформаның міндеті): мемлекеттік басқарудың жаңа моделінің құндылық ұстанымдарын ескере отырып, құқық қорғау жүйесін трансформациялау | ||||||
Күтілетін әсерлер: | ||||||
KPI: | ||||||
Құқық қорғау жүйесін трансформациялау Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде іске асырылатын болады | ||||||
9.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат | ||||||
Мақсаты (реформаның міндеті): | ||||||
Күтілетін әсерлер: | ||||||
KPI: | ||||||
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылатын болады |
Ескертпе:
* – республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша шығыстар көлемі тиісті жоспарлы кезеңге республикалық бюджетті қалыптастыру және нақтылау кезінде нақтыланатын болады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
"АЕО" АҚ | – | "Ақпараттық-есептеу орталығы" акционерлік қоғамы |
"Азаматтарға арналған үкімет" МК КеАҚ | – | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
АҚДМ | – | Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі |
Әділетмині | – | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі |
БАҚ | – | бұқаралық ақпарат құралдары |
БҒМ | – | Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі |
БҚДА | – | Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі |
БП | – | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы |
ДСМ | – | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
Еңбекмині | – | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
ЖАО | – | жергілікті атқарушы органдар |
Қаржымині | – | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
ҚСжАЕК | – | Қазақстан Республикасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті |
МБА | – | Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы |
МЖЖ | – | Мемлекеттік жоспарлау жүйесі |
МҚІА | – | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі |
НҚА | – | нормативтік құқықтық акт |
ОМО | – | орталық мемлекеттік органдар |
ОСК | – | Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы |
СЖРА | – | Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі |
СЖРА ҰСБ | – | Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы |
СІМ | – | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі |
"ҰАТ" АҚ | – | "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы |
ҰЭМ | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
ҮЕҰ | – | үкіметтік емес ұйымдар |
ЦДИАӨМ | – | Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |