Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 470 қаулысы.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 522 Жарлығының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Іс-қимыл жоспары) бекітілсін.

      2. Іс-қимыл жоспарын орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Іс-қимыл жоспарын іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;

      2) есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Іс-қимыл жоспарының іске асырылуы туралы есеп берсін.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Іс-қимыл жоспарының іске асырылуы туралы есепті ұсынсын, сондай-ақ бірінші басшының қолын қойғызып, оны (қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда) интернет-ресурста орналастырсын.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 маусымына дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Іс-қимыл жоспарының іске асырылуы туралы жиынтық есеп пен жиынтық қорытындының жобасын берсін.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 маусымына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-қимыл жоспарының іске асырылуы туралы жиынтық есеп пен қорытынды берсін.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жүктелсін.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 8 шілдедегі
№ 470 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары

      Ескерту. Іс-қимыл жоспарға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.03.2022 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Р/с
Жобаның атауы Күтілетін нәтиже Нәтижелерге жауаптылар Аяқталу мерзімі Болжамды шығыстар
(мың теңге)
Қаржыландыру көздері


1 2 3 4 5 6 7

1. Адамдарға бағдарланған мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыру

Мақсаты (реформаның міндеті): "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидаты бойынша жұмыс істейтін, тиімді, әділ, ашық, қоғамның сұранысына жедел ден қоятын мемлекеттік аппарат

Күтілетін әсерлер:
өтініштерді клиентке бағдарлана, жедел және сапалы қарау, проблемалы аймақтармен проактивті тәртіппен жұмыс істеу;
мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде әлеуметтік тәуекелдерді мониторингтеу мен болжамдаудың кешенді жүйесін қолдану;
елді мекендердің, өңірдің және елдің өзекті мәселелерін шешуге азаматтардың, қоғамдық бірлестіктер мен ҮЕҰ-ның қатысуы;
халықтың өз өтініштеріне берілген жауаптардың сапасына қанағаттануы, "Е-өтініш" және "Е-петиция" жүйелерін енгізу;
азаматтардың басқарушылық шешімдерді әзірлеуге және іске асыруға қатысуы;
мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері ақпаратының қолжетімділігін арттыру

KPI:
Дүниежүзілік банктің халықтың пікірін есепке алу индексі және мемлекеттік органдарының есептілігі, процентиль: 2021 жыл – 20, 2022 жыл – 27,5, 2023 жыл – 35, 2024 жыл – 42,5, 2025 жыл – 50, 2026 жыл – 53, 2027 жыл – 59, 2028 жыл – 63, 2029 жыл – 68, 2030 жыл – 73;
The Global right to information rating (ақпарат құқықтарының жаһандық рейтингі), рейтингтегі орын, балл: 2021 жыл – 61, 2022 жыл – 63, 2023 жыл – 70, 2024 жыл – 72, 2025 жыл – 74, 2026 жыл – 77, 2027 жыл – 79, 2028 жыл – 81, 2029 жыл – 83, 2030 жыл – 85;
халықтың мемлекеттік органдарға сенім деңгейі, % (әлеуметтік сауалнама): 2021 жыл – 60 %, 2022 жыл – 62 %, 2023 жыл – 63 %, 2024 жыл – 65 %, 2025 жыл – 67 %, 2026 жыл – 70 %, 2027 жыл – 72 %, 2028 жыл – 73 %, 2029 жыл – 74 %, 2030 жыл – 75 %.

Жобалар топтары:
"Халықпен тікелей және кері байланыс арналарының жұмысын жүйелі мониторингтеу және талдау" – 1 жоба;
"БАҚ, ҮЕҰ және халықтан келіп түсетін сауалдарға жедел ден қою" – 3 жоба;
"Мемлекеттің халықпен өзара іс-қимылы бойынша "бір терезе" құру" – 3 жоба;
"Мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор ақпаратының ашықтығын және қызметінің проактивтілігін қамтамасыз ету" – 4 жоба

1.1. Халықпен тікелей және кері байланыс арналарының жұмысын жүйелі мониторингтеу және талдау

"Халықпен тікелей және кері байланыс арналарының жұмысын жүйелі мониторингтеу және талдау" жобалар тобы

1.

"Мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылын жүйеге келтіру" жобасы

қоғамның сауалдарына алдын ала ден қою

АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2021 – 2022 жылдар

көзделген қаражат шегінде

республикалық бюджет

1.2. БАҚ, ҮЕҰ және халықтан келіп түсетін сауалдарға жедел ден қою

"БАҚ, ҮЕҰ және халықтан келіп түсетін сауалдарға жедел ден қою" жобалар тобы

2.

"Әлеуметтік тәуекелдерді мониторингтеу мен болжамдаудың кешенді жүйесі" жобасы

БАҚ және ҮЕҰ тарта отырып, халық арасында алдын ала анықталған проблемалық мәселелерді жедел шешу

АҚДМ, ҰЭМ, Еңбекмині, ОМ, ҒЖБМ, ДСМ, СЖРА ҰСБ (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

2022 – 2030 жылдар

2022 жылы –
24 136
мың теңге
2023 жылы –
24 136
мың теңге
2024 жылы –
24 136
мың теңге

республикалық бюджет

3.

"Birgemiz краудсорсинг және краудфандинг платформасы" жобасы

өзекті мәселелерді шешу үшін азаматтардың, қоғамдық бірлестіктер мен ҮЕҰ-ның ақпараттық технологияларды қолдануы

"Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КеАҚ (келісу бойынша), АҚДМ

2021 жылғы тамыз – 2022 жылғы маусым

67 656
мың теңге

республикалық бюджет

4.

"ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл саласында үздік практикалар мен халықаралық стандарттарды енгізу" жобасы

мемлекеттік аппараттың ҮЕҰ-мен белсенді түрде ынтымақтасуы және олардың сауалдарына жедел ден қоюы

АҚДМ, СІМ

2021 – 2025 жылдар

талап етілмейді

талап етілмейді

1.3. Мемлекеттің азаматтармен өзара іс-қимылы бойынша "бір терезе" құру

"Мемлекеттің халықпен өзара іс-қимылы бойынша "бір терезе" құру" жобалар тобы

5.

"Азаматтардың өтініштерін қабылдаудың "Нәтиже" бірыңғай орталығын құру" жобасы

әртүрлі мемлекеттік органдарға өтініш беру және оны "Нәтиже" орталықтары арқылы ұйымдастыру

"Азаматтарға арналған үкімет" МК" КеАҚ (келісу бойынша), ЦДИАӨМ

2021 жылғы шілде

талап етілмейді

талап етілмейді

6.

"Е-өтініш" ақпараттық жүйесін енгізу" жобасы

мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлері үшін қолжетімді және өтініш берушіге өтініштің қаралу барысын қадағалауға және жауаптың сапасын бағалауға мүмкіндік беретін азаматтар өтініштерінің бірыңғай базасының жұмыс істеуі

ЦДИАӨМ, БП ҚСжАЕК (келісу бойынша), ОМО, ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді

талап етілмейді

7.

"Онлайн-петициялардың "Е-петиция" бірыңғай заңды институтын құру" жобасы

азаматтардың мемлекеттік органдарға петиция беруге заңнамалық мүмкіндігі

АҚДМ, ЦДИАӨМ

2022 жыл

талап етілмейді

талап етілмейді

1.4. Ақпараттың ашықтығын және мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор қызметінің проактивтілігін қамтамасыз ету

"Ақпараттың ашықтығын және мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор қызметінің проактивтілігін қамтамасыз ету" жобалар тобы

8.

"Қазақстан Республикасының салалық заңнамасында ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі қағидаттарын, тетіктері мен құралдарын бекіту" жобасы

экономиканың негізгі салалары мен әлеуметтік салаларда ақпаратқа ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету

АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2023 жыл

талап етілмейді

талап етілмейді

9.

"Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың ақпараттық жүйелерінде қамтылған ашық деректердің қолжетімділігін арттыру" жобасы

халықтың және бизнестің мемлекеттік органдардың деректер базасында қамтылған ақпаратқа кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету

АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "ҰАТ" АҚ (келісу бойынша)

2022 жылғы желтоқсан

көзделген қаражат шегінде

республикалық бюджет, "ҰАТ" АҚ меншікті қаражаты

10.

"Ашықтық стандарттарын енгізу" жобасы

мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің ашықтық деңгейін арттыру

АҚДМ

2021 – 2022 жылдар

талап етілмейді

талап етілмейді

11.

"Қоғамдық пікірді ескеру және сарапшылар қоғамдастығының қатысуы бөлігінде мемлекеттік секторда басқарушылық шешімдер қабылдау процесін жетілдіру" жобасы

азаматтардың басқарушылық шешімдерді әзірлеуге және іске асыруға толыққанды қатысуы

АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2022 – 2023 жылдар

талап етілмейді

талап етілмейді

2.      Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау, сондай-ақ реформалар жүргізу тәсілдерін жетілдіру

Мақсаты (реформаның міндеті): стратегиялық және бюджеттік жоспарлау процесі төрешілдіктен арылған, республикалық, сондай-ақ жергілікті деңгейде өзара байланыстырылған, ғылыми тәсілдерді пайдалану арқылы азаматтық және сараптамалық қоғамдастықтарды тарта отырып жүзеге асырылады

Күтілетін әсерлер:
мүдделі тараптарды тарта отырып, "төменнен жоғарыға" қағидаты негізінде стратегиялық және бюджеттік жоспарлау процестерінің транспаренттілігі;
қоғам мен бизнестің сұраулары стратегиялық және бюджеттік жоспарлау процесінде көрсетілген;
жеке жауапкершілік арқылы нәтижелерге қол жеткізу

KPI:
Дүниежүзілік банктің мемлекеттік басқару тиімділігінің индексі (Government Effectiveness), процентиль: 2021 жыл – 59-62, 2022 жыл – 62-65, 2023 жыл – 65-68, 2024 жыл – 68-73, 2025 жыл – 74-75, 2026 жыл – 74-75, 2027 жыл – 75-76, 2028 жыл – 76-77, 2029 жыл – 77-78, 2030 жыл – 78-80;
халықтың пікірін есепке алу индексі және Дүниежүзілік банктің мемлекеттік органдарының есептілігі (Voice and Accountability), процентиль: 2021 жыл – 20, 2022 жыл – 27,5, 2023 жыл – 35, 2024 жыл – 42,5, 2025 жыл – 50, 2026 жыл – 57,5, 2027 жыл – 65, 2028 жыл – 72,5, 2029 жыл – 80, 2030 жыл – 87.

Жобалар тобы:
"МЖЖ құжаттарын бекіту және оларға өзгерістер енгізу тәртібін төрешілдіктен арылту" – 1 жоба;
"Стратегиялық, оның ішінде жергілікті деңгейде өзара байланыстырылған бюджеттік жоспарлау" – 1 жоба

"МЖЖ құжаттарын бекіту және оларға өзгерістер енгізу тәртібін төрешілдіктен арылту" жобалар тобы

12.

"МЖЖ құжаттарын бекіту және оларға өзгерістер енгізу тәртібін төрешілдіктен арылту" жобасы

МЖЖ құжаттарын келісу және бекіту мерзімдерін қысқарту

ҰЭМ, Қаржымині, ЦДИАӨМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2021 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

"Стратегиялық, оның ішінде жергілікті деңгейде өзара байланысты бюджеттік жоспарлау" жобалар тобы

13.

"Стратегиялық, оның ішінде жергілікті деңгейде өзара байланысты бюджеттік жоспарлау" жобасы

өзара байланысты стратегиялық және бюджеттік жоспарлау

ҰЭМ, Қаржымині, СЖРА (келісу бойынша)

2023 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

3.      Оңтайлы және тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыру

Мақсаты (реформаның міндеті): оңтайлы және тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыру

Күтілетін әсерлер:
қоғамның сұраныстарына жедел ден қоятын оңтайландырылған мемлекеттік аппарат;
жобалық басқаруды енгізу арқылы тиімді мемлекеттік аппарат;
қабылданатын шешімдер үшін жоғары жауапкершілік деңгейімен мемлекеттік аппараттың ресурстарын ұтымды пайдалану

KPI:
халықтың пікірін есепке алу индексі және Дүниежүзілік банктің мемлекеттік органдарының есептілігі, процентиль: 2021 жыл – 20, 2022 жыл – 27,5, 2023 жыл – 35, 2024 жыл – 42,5, 2025 жыл – 50, 2026 жыл – 53, 2027 жыл – 59, 2028 жыл – 63, 2029 жыл – 68, 2030 жыл – 73;
Дүниежүзілік банктің мемлекеттік басқару тиімділігінің индексі (Government Effectiveness), процентиль: 2021 жыл – 59-62, 2022 жыл – 62-65, 2023 жыл – 65-68, 2024 жыл – 68-73, 2025 жыл – 74-75, 2026 жыл – 74-75, 2027 жыл – 75-76, 2028 жыл – 76-77, 2029 жыл – 77-78, 2030 жыл – 78-80;
халықтың мемлекеттік органдарға сенім деңгейі, % (әлеуметтік сауалнама): 2021 жыл – 60 %, 2022 жыл – 62 %, 2023 жыл – 63 %, 2024 жыл – 65 %, 2025 жыл – 67 %, 2026 жыл – 70 %, 2027 жыл – 72 %, 2028 жыл – 73 %, 2029 жыл – 74 %, 2030 жыл – 75 %.

Жобалар тобы:
"Тиімді мемлекеттік аппарат" – 1 жоба;
"Оңтайлы мемлекеттік аппарат" – 2 жоба

"Тиімді мемлекеттік аппарат" жобалар тобы

14.

"Тиімді мемлекеттік аппарат" жобасы

мемлекеттік аппараттың жұмыс процестерінің азамат мұқтажына қарай жаңа форматы

ҰЭМ, МҚІА (келісу бойынша), ЦДИАӨМ, АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2021 – 2024 жылдар

талап етілмейді

талап етілмейді

"Оңтайлы мемлекеттік аппарат" жобалар тобы

15.

"Оңтайлы мемлекеттік аппарат" жобасы

орталық және жергілікті атқарушы органдардағы штат санының үйлесімсіздігінсіз мемлекеттік аппараттың оңтайлы құрылымы мен мөлшері

ҰЭМ, МҚІА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

2022 – 2023 жылдар

660 000
мың теңге

республикалық бюджет

16.

"Мемлекеттік басқарудың жобалық-желілік моделі" жобасы

мемлекеттік органдардың қызметін жобалық басқару және матрицалық құрылымдарды қолдану арқылы жүзеге асыру

ҰЭМ, МҚІА (келісу бойынша), ЦДИАӨМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2022 жылғы желтоқсан

*

республикалық бюджет

4. Азаматтардың қажеттіліктері негізінде проактивті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге көшу

Мақсаты (реформаның міндеті): азаматтардың қажеттіліктері негізінде проактивті қызмет көрсетуге көше отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу процестерін барынша жеңілдету

Күтілетін әсерлер:
мемлекеттік аппараттың қызметі азаматтар үшін қызметтерді проактивті түрде көрсетуге шоғырланатын және халықтың қажеттіліктеріне сай қайта форматталатын болады;
тиісті тіршілік жағдайларында азаматтар қандай да бір сұрау салусыз мемлекеттік қызметті алу қажеттігі немесе мүмкіндігі туралы автоматты түрде хабарлама алатын болады;
"еGov" мобильдік қосымшасы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтерді ұлғайту ("смартфондағы мемлекет");
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл кезінде азаматтардың мемлекеттік дерекқорларда қамтылған ақпаратты енгізу және растау процестерін болдырмау;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер барынша қысқа мерзімде, оның ішінде проактивті және композиттік нысанда, тұрғылықты жеріне байланыстырылмай көрсетілетін болады

KPI:
адами факторды толық жою және ТОП 50 мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін 20 минутқа дейін қысқарту: 2021 жыл – 5, 2022 жыл – 10, 2023 жыл – 15, 2024 жыл – 20, 2025 жыл – 25, 2026 жыл – 30, 2027 жыл – 35, 2028 жыл – 40, 2029 жыл – 45, 2030 жыл 50;
мемлекеттік қызметтердің кемінде 90 %-ы электронды форматта ғана алынуға тиіс: 2021 жыл – 81 %, 2022 жыл – 82 %, 2023 жыл – 83 %, 2024 жыл – 84 %, 2025 жыл – 85 %, 2026 жыл – 86 %, 2027 жыл – 87 %, 2028 жыл – 88 %, 2029 жыл – 89 %, 2030 жыл – 90 %;
халықтың әлеуметтік осал топтары үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кемінде 50 %-ы проактивті түрде көрсетілуі тиіс: 2021 жыл – 5 %, 2022 жыл – 10 %, 2023 жыл – 15 %, 2024 жыл – 20 %, 2025 жыл – 25 %, 2026 жыл – 30 %, 2027 жыл – 35 %, 2028 жыл – 40 %, 2029 жыл – 45 %, 2030 жыл – 50 %.

Жобалар топтары:
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту" – 2 жоба

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту" жобалар тобы

17.

"Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізу" жобасы

мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы кедергілерді кеңейту және алып тастау үшін заңнаманы дамыту

ЦДИАӨМ

2022 жылғы қыркүйек

талап етілмейді

талап етілмейді

18.

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру" жобасы

мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу процестерін оңайлату

ЦДИАӨМ, ОМО, ЖАО

2030 жыл

көзделген қаражат шеңберінде

республикалық бюджет

5. Адами ресурстар сапасын жақсарту және мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру

Мақсаты (реформаның міндеті): халықтың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік аппараттың әлеуетін іске асыру

Күтілетін әсерлер:
мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі, кәсібилігі мен жауапкершілігінің жоғары деңгейі негізінде халықтың әл-ауқатын арттыру;
халықта адами құндылықтардың, әдеп мен моральдың жоғары нормаларына сәйкес келетін мемлекеттік қызметшінің оң бейнесін жасау;
мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту есебінен мемлекеттік қызметтің тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру

KPI:
Дүниежүзілік банктің мемлекеттік басқару тиімділігінің индексі (Government Effectiveness), процентиль: 2021 жыл – 59-62, 2022 жыл – 62-65, 2023 жыл – 65-68, 2024 жыл – 68-73, 2025 жыл – 74-75, 2026 жыл – 74-75, 2027 жыл – 75-76, 2028 жыл – 76-77, 2029 жыл – 77-78, 2030 жыл – 78-80;
халықтың мемлекеттік органдарға сенім деңгейі, % (әлеуметтік сауалнама): 2021 жыл – 60 %, 2022 жыл – 62 %, 2023 жыл – 63 %, 2024 жыл – 65 %, 2025 жыл – 67 %, 2026 жыл – 70 %, 2027 жыл – 72 %, 2028 жыл – 73 %, 2029 жыл – 74 %, 2030 жыл – 75 %.

Жобалар топтары:
"Мемлекеттік қызметтің әлеуетін дамыту" – 6 жоба;
"Жұмыс беруші ретінде мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру" – 2 жоба

"Мемлекеттік қызметтің әлеуетін іске асыру" жобалар тобы

19.

"Мемлекеттік қызметшілерді үздіксіз оқыту жүйесін енгізу" жобасы

мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін үздіксіз дамыту жүйесі

МҚІА (келісу бойынша), Еңбекмині, МБА (келісу бойынша), басқа МО

2023 жыл

*

республикалық бюджет

20.

"Assessment-center" жобасы

мемлекеттік саяси қызметшілердің кейбір лауазымдарын іріктеу мен бағалаудың тиімді тетігі

МҚІА (келісу бойынша), МБА (келісу бойынша)

2025 жыл

*

республикалық бюджет

21.

"Келісімшарттық" қызметшілер институтын енгізу" жобасы

мемлекеттік аппараттың санын ұлғайтпай, "арнайы бейінді" мамандардың білімін қолдана отырып, мемлекеттік жобаларды іске асыру

МҚІА (келісу бойынша), ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині

2023 жыл

талап етілмейді

талап етілмейді

22.

"Мемлекеттік секторға таланттарды іздеу және тарту" жобасы

мемлекеттік қызметке іріктеуге қатысу үшін белсенді және талантты жастарды тарту

МҚІА (келісу бойынша), ҒЖБМ, Әділетмині,
мүдделі мемлекеттік органдар

2023 жыл

*

республикалық бюджет

23.

"Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі" жобасы

неғұрлым құзыретті кадрларды тартуға бағытталған мемлекеттік қызметке іріктеу модулін енгізу

МҚІА (келісу бойынша)

2022 жыл

талап етілмейді

талап етілмейді

24.

"Мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігін бағалаудың жаңа жүйесі" жобасы

мемлекеттік қызметшілерді бағалаудың жаңа жүйесін енгізу

МҚІА (келісу бойынша)

2022 жыл

талап етілмейді

талап етілмейді

"Жұмыс беруші ретінде мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру" жобалар тобы

25.

"Мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру" жобасы

мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдаудың заңнамалық тұрғыдан бекітілген тетіктері

МҚІА (келісу бойынша), Әділетмині, Қаржымині, ҰЭМ, Еңбекмині

2024 жыл

талап етілмейді

талап етілмейді

26.

"Кадр қызметін трансформациялау" жобасы

стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттік органдарды қажетті персоналмен қамтамасыз етуге бағытталған кәсіби HR-қызметтер

МҚІА (келісу бойынша), МБА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

2024 жыл

талап етілмейді

талап етілмейді

6. Тиімді, оңтайлы және транспарентті квазимемлекеттік секторды қалыптастыру

Мақсаты (реформаның міндеті): тиімді және бәсекеге қабілетті квазимемлекеттік сектор

Күтілетін әсерлер:
нарыққа бағдарланған тиімді, бәсекеге қабілетті, оңтайлы және ықшам квазимемлекеттік сектор;
мемлекеттік мүлікті басқарудың айқындығы, ашықтығы, тиімділігі

KPI:
мемлекеттің экономикаға қатысу үлесін қысқарту, ЖІӨ қатысты %-бен: 2021 жыл – 14,9 %, 2022 жыл – 14,7 %, 2023 жыл – 14,5 %, 2024 жыл – 14,2 %, 2025 жыл – 14,0 %, 2026 жыл – 13,9 %, 2027 жыл – 13,7 %, 2028 жыл – 13,5 %, 2029 жыл – 13,2 %, 2030 жыл – 13,0 %.

Жобалар тобы:
"Квазимемлекеттік сектор субъектілерін оңтайландыру" – 2 жоба;
"Квазимемлекеттік сектор субъектілерін тиімді басқару" – 2 жоба

"Квазимемлекеттік сектор субъектілерін оңтайландыру" жобалар тобы

27.

"Мемлекеттік мүлік тізілімін түгендеу және жаңарту" жобасы

мемлекеттік мүліктің жаңартылған тізілімі

Қаржымині, "АЕО" АҚ (келісу бойынша)

2023 жылғы 4-тоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

28.

"Мемлекеттің қатысу үлесін қысқарту" жобасы

мемлекеттің қатысу үлесін 14 % дейін қысқарту

ҰЭМ, Қаржымині, БҚДА (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

2025 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

"Квазимемлекеттік сектор субъектілерін тиімді басқару" жобалар тобы

29.

"Квазимемлекеттік субъектіні жіктеу жүйесі" жобасы

квазимемлекеттік сектор субъектілерінің заңнамалық бекітілген жіктемесі

ҰЭМ, Қаржымині, СЖДА (келісу бойынша), БҚДА (келісу бойынша)

2022 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

30.

"Мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігі" жобасы

мемлекетті мүлікті тиімді басқарудың заң жүзінде бекітілген тетіктері

ҰЭМ, Қаржымині, СЖДА (келісу бойынша)

2023 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

7. Жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі жетілдіру

Мақсаты (реформаның міндеті): азаматтар жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және оларды басқаруға қатысатын, билігі орталықтандырылмаған тиімді жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі

Күтілетін әсерлер:
жергілікті халықтың мұқтажын жедел қанағаттандыру;
жергілікті атқарушы органдар қабылдайтын шараларға халықтың сенімі деңгейін арттыру;
мемлекеттік шешімдер қабылдауға қоғамның қатысуын кеңейту

KPI:
2021 – 2025 жылдары – аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің 2345 әкімін қайта сайлау;
2024 жылдан бастап – облыстардағы аудандардың 163 әкімін және облыстық маңызы бар қалалардың 23 әкімін қайта сайлау;
ауылдық округтердің өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі 2030 жылға қарай – 50 % дейін;
барлық деңгейдегі 216 мәслихатты – мәслихаттар отырыстарын онлайн трансляциялаумен қамту.

Жобалар тобы:
"Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту" – 3 жоба

"Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту" жобалар тобы

31.

"Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы" жобасы

2030 жылға қарай жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа моделін құру

ҰЭМ, мүдделі орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 жылғы тамыз

талап етілмейді

талап етілмейді

32.

"Жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру" жобасы

жеке заң әзірлеу

ҰЭМ, мүдделі орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

2023 жыл

талап етілмейді

талап етілмейді

33.

"Әртүрлі деңгейдегі әкімдерді сайлау" жобасы

халыққа азаматтық ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру

ҰЭМ, ОСК (келісу бойынша), МҚІА (келісу бойынша), Қаржымині, Әділетмині, АҚДМ, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 – 2025 жылдар

17 565 509 мың теңге

республикалық бюджет,
жергілікті бюджет

8. Бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау

Мақсат (реформаның мақсаты): кәсіпкерлік қызметті жандандыру үшін барынша қолайлы және ынталандыру жағдайларын қалыптастыру

Күтілетін әсерлер:
кәсіпкерлік субъектілерінің іскерлік белсенділігін арттыру;
кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететін мемлекеттік органдардың қызметке бағдарланған тәсілі;
сенім және реттеушілік қысымды төмендету қағидаттарында оңтайландырылған мемлекеттік реттеу саласы

KPI:
2030 жылға қарай жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің санын 15 %-ға ұлғайту.

Жобалар тобы:
"Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу" – 2 жоба

"Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу" жобалар тобы

34.

"Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу" жобасы

тиімді реттеушілік саясат

ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2023 жыл

талап етілмейді

талап етілмейді

35.

"Мемлекеттік сатып алу" жобасы

НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар

2022 жылғы 1-жартыжылдық

талап етілмейді

талап етілмейді

9. Мемлекеттің сервистік моделін құру үшін сот жүйесі мен әкімшілендіруді, сондай-ақ құқық қорғау жүйесін трансформациялау

9.1. Сот жүйесі мен әкімшілендіруді трансформациялау

Мақсаты (реформаның міндеті):
қоғамның соттарға деген сенімін нығайту;
жоғары кәсіби судьялар корпусы;
сот жүйесі мен судьялардың іс жүзіндегі тәуелсіздігі;
сот практикасының біркелкілігі

Күтілетін әсерлер: кемсітушіліктен, сыбайлас жемқорлықтан, заңсыз араласудан ада, қолжетімді, ашық, бейтарап, жедел, тиімді сот төрелігі

KPI:
халықтың соттарға сенім деңгейі (әлеуметтанушылық сауалнама): 2021 жыл – 60 %, 2022 жыл – 61 %, 2023 жыл – 62 %, 2024 жыл – 63 %, 2025 жыл – 64 %, 2026 жыл – 65 %, 2027 жыл – 66 %, 2028 жыл – 67 %, 2029 жыл – 68 %, 2030 жыл-70 %;
"Азаматтық сот төрелігі" құқық үстемдігі индексі, балл: 2021 жыл – 0,64, 2022 жыл - 0,66, 2023 жыл - 0,68, 2024 жыл – 0,70, 2025 жыл – 0,71, 2026 жыл – 0,72, 2027 жыл – 0,73, 2028 жыл – 0,74, 2029 жыл – 0,75, 2030 жыл – 0,76, "Қылмыстық сот төрелігі": 2021 жыл – 0,47, 2022 жыл – 0,48, 2023 жыл – 0,49, 2024 жыл – 0,50, 2025 жыл – 0,51, 2026 жыл – 0,52, 2027 жыл – 0,53, 2028 жыл – 0,54, 2029 жыл – 0,55, 2030 жыл – 0,56;
"Сот тәуелсіздігі" индикаторы бойынша Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі, орын: 2021 жыл – 70, 2022 жыл – 68, 2023 жыл –66, 2024 жыл – 64, 2025 жыл – 62, 2026 жыл – 60, 2027 жыл – 58, 2028 жыл – 56, 2029 жыл – 54, 2030 жыл – 50.

Сот жүйесі мен әкімшілендіруді трансформациялау Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде іске асырылатын болады

9.2. Құқық қорғау жүйесін трансформациялау

Мақсаты (реформаның міндеті): мемлекеттік басқарудың жаңа моделінің құндылық ұстанымдарын ескере отырып, құқық қорғау жүйесін трансформациялау

Күтілетін әсерлер:
халықтың өз қауіпсіздігін қабылдау деңгейін арттыру;
полиция қызметінің қазақстандық сервистік моделін қалыптастыру және енгізу;
қызметке кіру және қызмет бабында ілгерілету кезінде меритократия қағидатын қамтамасыз ету;
халықтың пікірін ескеретін құқық қорғау органдарын бағалаудың теңгерімді жүйесін құру

KPI:
Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі "Полиция қызметтерінің сенімділігі" индикаторы бойынша 60 орыннан төмен емес;
халықтың құқық қорғау органдарына сенім деңгейі кемінде 70 %

Құқық қорғау жүйесін трансформациялау Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде іске асырылатын болады

9.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

Мақсаты (реформаның міндеті):
сыбайлас жемқорлықтың алдын алу рөлін арттыру;
азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру

Күтілетін әсерлер:
азаматтардың өз құқықтарының қорғалуын қабылдау деңгейін арттыру;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тартылған азаматтар санын арттыру;
азаматтардың бюджет шығыстарының тиімділігі мен нәтижелілігіне қанағаттанбау және теріс бағалау деңгейін төмендету;
мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлықтың жүйелі түрде алдын алуға көшуі;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру;
сатып алуды өткізу процесінің ашықтығын арттыру;
бәсекелестікті дамыту және тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру;
іскерлік белсенділіктің артуы

KPI:
Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі, балл: 2021 жыл – 40, 2022 жыл – 42, 2023 жыл – 43, 2024 жыл – 44, 2025 жыл – 45, 2026 жыл – 47, 2027 жыл – 49, 2028 жыл – 51, 2029 жыл – 53, 2030 жыл – 55.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылатын болады

      Ескертпе:

      * – республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша шығыстар көлемі тиісті жоспарлы кезеңге республикалық бюджетті қалыптастыру және нақтылау кезінде нақтыланатын болады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:


"АЕО" АҚ

"Ақпараттық-есептеу орталығы" акционерлік қоғамы

"Азаматтарға арналған үкімет" МК КеАҚ

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

АҚДМ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Әділетмині

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

БАҚ

бұқаралық ақпарат құралдары

БҚДА

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

БП

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

ДСМ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Еңбекмині

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ЖАО

жергілікті атқарушы органдар

Қаржымині

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

ҚСжАЕК

Қазақстан Республикасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

МБА

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

МЖЖ

Мемлекеттік жоспарлау жүйесі

МҚІА

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

НҚА

нормативтік құқықтық акт

ОМО

орталық мемлекеттік органдар

ОСК

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы

СЖРА

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

СЖРА ҰСБ

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

СІМ

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

"ҰАТ" АҚ

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы

ҰЭМ

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

ҮЕҰ

үкіметтік емес ұйымдар

ЦДИАӨМ

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

ОМ

-

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

ҒЖБМ

-

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі