Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 318 қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1) тармақшаның күшін жою көзделген - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1) "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта;

      142-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "142. Кеңседе жобалардың өту мерзімі (жоба құрылымдық бөлімшелерге келіп түскен күннен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейін): Үкімет қаулыларының жобалары үшін – 20 (жиырма) жұмыс күнінен, қарыз туралы халықаралық шарттар туралы қаулы жобалары үшін – 10 (он) жұмыс күнінен, Премьер-Министр өкімдерінің жобалары үшін – 15 (он бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс. Үкімет басшылығының тапсырмасы бойынша әзірленген шұғыл жобалар бойынша олардың Кеңседе өтуінің өзге де қысқартылған мерзімдері белгіленеді.":

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Президентi (бұдан әрі – Президент), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі (бұдан әрі – Премьер-Министр) және Қазақстан Республикасы Yкiметi (бұдан әрі – Yкiмет) актілерiнің, Президенттің, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Президент Әкiмшiлiгi (бұдан әрі – Президент Әкiмшiлiгi) басшылығының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі (бұдан әрі – Кеңсе) Басшысының, оның орынбасарларының тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің (бұдан әрі – Қауіпсіздік Кеңесі) және Қазақстан халқы Ассамблеясының (бұдан әрі – Ассамблея) шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың, депутаттар бастама жасаған заң жобаларына Үкiметтiң қорытындысын беру туралы Парламент палаталары (бұдан әрі – Парламент палаталары) өтiнiштерінің, Парламент депутаттары сауалдарының орындалуын бақылауды ұйымдастыруды регламенттейдi.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кеңседе бақылау жұмысын үйлестіруді БҚҚБ жүзеге асырады, ол соның ішінде құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары бойынша:

      1) Президенттің, Премьер-Министрдің және Үкіметтің актілерін не актілерінің тармақтарын;

      2) өңірлік сапарлардың, халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың, Президент мәлімдемелерінің (үндеулерінің), жұмыс кеңестерінің, Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырыстарының, Президент басшылық жасайтын консультативтік-кеңесші және өзге де органдар отырыстарының қорытындылары бойынша берілген Президенттің тапсырмаларын не тапсырмаларының тармақтарын;

      3)  Президенттің жеке тапсырмаларын, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмаларын;

      4)  құжаттың қағаздағы жеткізгіштерінде "Бақылауға алынды" деген мөртабан немесе электрондық карточкасында бақылау мәртебесі туралы белгі болған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің қызметтік және өзге құжаттар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тапсырмаларын не тапсырмаларының тармақтарын;

      5)  Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларын не тапсырмаларының тармақтарын;

      6)  Үкімет отырыстарының, Премьер-Министрдегі, оның орынбасарларындағы, Кеңсе Басшысындағы кеңестердің хаттамаларын;

      7) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалар берілген Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысы мен оның орынбасарларының, оның ішінде халықаралық, сондай-ақ өңірлік сапарлардың қорытындылары бойынша тапсырмаларын;

      8) орындалу мерзімі көрсетілген немесе "өте шұғыл", "шұғыл", "жеделдетілсін" деген белгілері бар, бақылауға алынғаны көрсетілген Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі басшылығының Премьер-Министр Кеңсесіне, Кеңсе Басшысының (оның міндетін орындаушы адамның) атына жолданған тапсырмаларын;

      9) Премьер-Министрдің жедел тапсырмаларын;

      10) Парламент депутаттарының сауалдарын, депутаттар бастама жасаған заң жобаларына Үкіметтің қорытынды беруін өтінген Парламент палаталарының өтініштерін;

      11) прокурорлық қадағалау актілерін;

      12) Конституциялық Кеңестің сұрау салуларын, нормативтік қаулылары мен жолдауларын;

      13) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің сұрау салуларын, қаулыларын бақылауға алады.";

      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Егер бақылаудағы құжаттарда (Президенттің актілері мен тапсырмаларынан, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардан басқа) нақты орындалу мерзімі көрсетілмесе, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары болмаса, онда мұндай құжаттар келіп түскен күнінен бастап бір ай мерзімде, ал "шұғыл" немесе "жеделдетілсін" деген белгісі болған кезде – 10 (он) жұмыс күні ішінде орындалады.";

      10-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Президенттің тапсырмаларын, оның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды Президент Әкімшілігі басшылығының, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының тапсырмаларын бақылаудан алу туралы тапсырмалардың жобаларын дайындау кезінде Кеңсенің орындаушы болып табылатын құрылымдық бөлімшесі қарар жобасын БҚҚБ меңгерушісімен келіседі.";

      12-тармақта:

      үшінші бөліктің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Президенттің актілері мен тапсырмалары, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалар бойынша – оларды бақылаудан алу не орындау мерзімін ұзарту туралы не нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, құжаттарды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру не Үкіметтің бақылауына ауыстыру туралы Премьер-Министрдің не оның орынбасарларының атынан Президенттің немесе Тұңғыш Президент – Елбасының атына белгіленген тәртіппен дайындалған негізделген хаттың жобасын;

      2) Президенттің тапсырмалары, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалар не Президент Әкімшілігінің тапсырмалары бойынша – оларды бақылаудан алу не орындау мерзімін ұзарту туралы не нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, құжаттарды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру не Үкіметтің бақылауына ауыстыру туралы Премьер-Министр орынбасарларының немесе Кеңсе Басшысының (ол болмаған кезде – оның міндетін атқарушы адамның) атынан Президент Әкімшілігінің атына белгіленген тәртіппен дайындалған негізделген хаттың жобасын.

      Президенттің тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды бақылау түрлерін ауыстыру, орындау мерзімін ұзарту, бақылаудан алу Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентіне сәйкес жүзеге асырылады;";

      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Президенттің тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды, Президент Әкімшілігі мен Үкімет басшылығының тапсырмаларын бақылаудан алу туралы Үкімет басшылығының шешімі шығарылғанға дейін құжаттарға БҚҚБ меңгерушісі міндетті түрде қолбелгі қояды.";

      15-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Президенттің жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Үкіметке орындау үшін ұсынылған қаулыларының орындалуын үйлестіруді Экономикалық бөлім жүзеге асырады.";

      18-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-4. Кеңсе Басшысы ай сайын Премьер-Министрге Президенттің, Үкімет басшылығының тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау бойынша мемлекеттік органдардағы орындаушылық тәртіптің жай-күйі туралы баяндайды.";

      19-1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-1. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Президенттің, Премьер-Министрдің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың, Премьер-Министрдің орынбасарлары және Кеңсе Басшысы тапсырмаларының орындалуын бақылауды мынадай лауазымды адамдар жүзеге асырады:";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік органның аппарат басшысы актілер мен тапсырмалардың орындалуын және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттік орган бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;";

      26-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі Президенттің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды, Президент Әкімшілігі басшылығының тапсырмаларын, депутаттық сауалдарды, Парламент палаталарының хаттары мен Парламент депутаттары бастама жасаған заң жобаларына қорытындыларды, прокурорлық қадағалау және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің актілерін алған кезде тиісті тапсырманы Кеңседе тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік органдардың атына, ал "өте шұғыл" деген белгісі бар тапсырманы – дереу, "шұғыл" немесе "жеделдетілсін" деген белгісі бар тапсырмаларды бір жұмыс күнінен кешіктірмей Үкімет пен Кеңсе басшылығының қол қоюына береді.";

      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 13 мамырдағы
№ 318 қаулысына
қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.