Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 195 қаулысы.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 24-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 159-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті;

      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің "Геральдикалық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті мекемеге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулыға қосымшаға сәйкес акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) акцияларының мемлекеттік пакеттерін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетіне берсін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
  2021 жылғы 31 наурыздағы
№ 195 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 224-26, 224-30, 224-33-1, 224-33-2 және 224-33-10-жолдар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы кіші бөліммен және реттік нөмірлері 224-41, 224-42, 224-43, 224-44, 224-45-жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетіне

      224-41 "Қазақ әуендері" АҚ

      224- 42 "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ

      224-43 "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" КеАҚ

      224-44 "Астана Балет" театры" ЖШС

      224-45 "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КеАҚ".

      2. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      3-бөлімде:

      мына:

      "

3

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

2 601


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

2380

  ";

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

2 621


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

2372

  ";

      реттік нөмірлері 7) және 8) жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7)

"Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы" РММ

275

8)

"Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы" РММ"

136

  ";

      реттік нөмірлері 11) және 12) жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11)

"Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана" РММ

40

12)

"Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы" РММ

46

  ";

      реттік нөмірлері 14), 15), 16) және 18) жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

14)

"Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві" РММ

65

15)

"Орталық мемлекеттік архив" РММ

58

16)

"Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві" РММ

26

18)

"Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы" РММ

24

  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 33) жолмен толықтырылсын:

      "

33)

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің "Геральдикалық зерттеулер орталығы" РММ

20

  ".

      3. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 58, 550 құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті;

      6) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті.";

      16-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      7), 8) тармақшалар алып тасталсын;

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын орындау бағаларының нормативтерін бекіту;";

      10), 11) тармақшалар алып тасталсын;

      12) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) республикалық конкурстар мен фестивальдар өткізудің үлгі қағидаларын бекіту;

      13) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тілдерді дамыту, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;";

      25) тармақша алып тасталсын;

      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атақтар беру қағидаларын бекіту;";

      32), 33), 34), 35) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "32) Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты бекіту;

      33) мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын бекіту;

      34) Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қорының мемлекеттік каталогын жүргізу қағидаларын және музей дерекқорын жүргізу қағидаларын бекіту;

      35) Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасының қорын қалыптастыру мен есепке алу және оған қолжетімділікті ұйымдастыру қағидаларын бекіту;";

      36) тармақша алып тасталсын;

      38), 39) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "38) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын бекіту;

      39) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты бекіту;";

      81), 82), 83), 84, 85), 86) және 87) тармақшалар алып тасталсын;

      88) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "88) ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін және материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту;";

      89), 91), 93), 94), 94-1), 95), 96), 100), 101), 103), 104), 105), 106), 110), 111), 112) тармақшалар алып тасталсын;

      114), 115) және 116) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "114) тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу аймағын және қорғалатын табиғи ландшафт аймағын және оларды пайдалану режимін айқындау қағидаларын бекіту;

      115) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту;

      116) монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту;";

      118) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "118) мемориалдық тақталар орнату қағидаларын бекіту;";

      120) тармақша алып тасталсын;

      121), 122), 123) және 124) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "121) тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және одан айыру, орнын ауыстыру және өзгерту, жай-күйін мониторингтеу және санатын өзгерту қағидаларын бекіту;

      122) қорғау міндеттемелерін беру қағидаларын бекіту;

      123) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарын бекiту;

      124) тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру және оларға қол жеткізу қағидаларын бекіту;";

      126) тармақша алып тасталсын;

      127), 128), 129) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "127) мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіпқой көркем және шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе берудің тәртібі мен шарттарын бекіту;

      128) мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару нұсқаулығын бекіту;

      129) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекiту;";

      131) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "131) фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларын бекіту;";

      139), 141), 143) тармақшалар алып тасталсын;

      144) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "144) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді бекіту;";

      146), 149), 150) тармақшалар алып тасталсын;

      154), 154-1), 154-2) және 154-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "154) фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру қағидаларын бекіту;

      154-1) ұлттық фильмдер деп танылуға үміткер киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидаларын бекіту;

      154-2) ұлттық фильмдер деп танылуға үміткер киножобалар шығаруды қаржыландыру қағидаларын және қаржыландыру көлемдерінің нормативтерін бекіту;

      154-3) кинематография саласындағы субсидияларды төлеу қағидалары мен шарттарын бекіту;";

      154-4), 154-5), 154-6), 154-7), 154-8), 154-9), 154-10) тармақшалар алып тасталсын;

      154-11), 154-12), 154-13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "154-11) ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударымдар жасау қағидаларын бекіту;

      154-12) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша фильмдер шығару кезінде инвестор үшін кинематографиялық ұйым орындайтын және көрсететін жұмыстар мен қызметтердің тізбесін бекіту;

      154-13) фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту;";

      157), 158), 162), 163), 164), 165), 166), 167), 168), 169), 170), 172), 173), 174), 175), 176), 177) тармақшалар алып тасталсын;

      178) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "178) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Министрлік реттейтін салаларда заттай нормаларды бекіту;";

      179), 180) тармақшалар алып тасталсын;

      181) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "181) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидаларын бекіту;";

      182), 186), 187) тармақшалар алып тасталсын;

      188) және 189) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "188) мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлердің, музей-қорықтардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      189) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      191) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "191) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану қағидаларын бекіту;";

      196), 197), 198), 199), 200), 201) тармақшалар алып тасталсын;

      202) және 203) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "202) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру және ұсыну қағидаларын бекіту;

      203) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту;";

      204), 205), 206), 207), 208), 209), 214), 215) және 216) тармақшалар алып тасталсын;

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "ведомстволардың функциялары:

      1) тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      2) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру жөніндегі қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылдарды жүзеге асыру;

      3) Министрлік ведомстволарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      4) Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге асыру;

      5) заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;

      6) Министрлік құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      7) тиісті салаларда Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      8) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      9) республикалық ономастикалық комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету;

      10) ономастикалық комиссиялардың қызметін үйлестіру;

      11) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізу;

      12) ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар мен фестивалдарды, шығармашылық қызметтің әртүрлі салаларындағы сыйлықтар мен жүлделерді құру;

      13) республикалық конкурстар мен фестивалдар өткізудің үлгі қағидаларын әзірлеу;

      14) талантты жастарды, перспективалы шығармашылық ұжымдарды, оның ішінде жастар ұжымдарын іздестіру мен қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;

      15) көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру ережесі мен тәртібін әзірлеу;

      16) Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;

      17) мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын әзірлеу;

      18) Қазақстан Республикасы музей қорының мемлекеттік каталогын жүргізу қағидаларын және музейдің дерекқорын жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      19) Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;

      20) салалық көркемдік кеңестер құру және олар туралы ережелерді бекіту;

      21) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптамалық комиссиясы туралы үлгі ережені әзірлеу;

      22) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын әзірлеу;

      23) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;

      24) республикалық мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу;

      25) фильмдердің мемлекеттік тізілімін жүргізу;

      26) фильмдерге прокаттау куәліктерін беру және оларды сот тәртібімен кері қайтарып алу;

      27) ұлттық фильм куәлігін беру;

      28) республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшыларының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары басшыларының мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіпқой көркем, шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебесін беру туралы ұсыныстарын қарау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіпқой көркем, шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебесін беру туралы ұсыныс енгізу;

      29) республикалық маңызы бар мемлекеттік мәдениет ұйымдарының театр, музыка өнерін, кинематографияны, кітапхана және музей ісін дамыту жөніндегі қызметін қолдау және үйлестіру, мәдениет, архив ісі саласындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ету;

      30) музыка және театр өнері саласында репертуарлық саясатты үйлестіру;

      31) республика (ауылдық, кенттік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру;

      32) меншік нысанына қарамастан, шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен мәдениет мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      33) мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіпқой көркем және шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебесін берудің тәртібі мен шарттарын әзірлеу;

      34) мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;

      35) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын әзірлеу;

      36) мәдениет саласындағы қызметті ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      37) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қайраткерлеріне құрметті атақтар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын беру, шығармашылық ұжымдарды марапаттау туралы ұсыныстар енгізу;

      38) барлық санаттағы мәдениет қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру;

      39) мәдениет саласында ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыру;

      40) жастар ұйымдарымен мәдениет мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      41) мәдениет пен өнерді дамытуға, тарихи-мәдени мұраны қорғауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыруды жүзеге асыру;

      42) фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру қағидаларын әзірлеу;

      43) ұлттық фильмдер деп танылуға үміткер киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидаларын әзірлеу;

      44) ұлттық фильмдер деп танылуға үміткер киножобалар шығаруды қаржыландыру қағидаларын және қаржыландыру көлемдерінің нормативтерін әзірлеу;

      45) кинематография саласында субсидиялар төлеудің қағидалары мен шарттарын әзірлеу;

      46) прокаттау куәлігін беру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында прокаттауға арналған фильмдердің жас сыныптамасын жүзеге асыру;

      47) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен фильмді ұлттық деп тану;

      48) кинематография саласындағы ғылым мен білімді дамытуға, шығармашылық және техникалық кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жәрдемдесу;

      49) кинематография саласындағы халықаралық байланыстарды дамыту, кинематографиялық ұйымдардың халықаралық комиссияларға, фестивалдарға, конференцияларға және басқа да іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру;

      50) Қазақстан Республикасының аумағындағы фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін орнату мен жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының аумағында фильмдер прокатын жүйелеуді және есепке алуды қамтамасыз ету;

      51) Қазақстан Республикасының аумағында фильмдер прокатының мониторингін жүзеге асыру;

      52) ұлттық фильмдер деп танылуға үміткер киножобаларды шығаруды қаржыландыру көлемін белгілеу үшін фильмдерді санаттарға жатқызу өлшемшарттарын айқындау;

      53) ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударымдар жасау қағидаларын әзірлеу;

      54) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша фильмдер шығару кезінде инвестор үшін кинематографиялық ұйым орындайтын және көрсететін жұмыстар мен қызметтердің тізбесін әзірлеу;

      55) фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      56) ұлттық фильмдерді жасау жөніндегі жұмысты республикалық деңгейде ұйымдастыру;

      57) мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлердің, музей-қорықтардың және мемлекеттік архивтердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлеу;

      58) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын әзірлеу;

      59) материалдар мен олжаларды республикалық немесе жергілікті маңызы бар мемлекеттік музейге беру туралы шешім қабылдау;

      60) жеке және заңды тұлғалар мен тиісті мемлекеттік музейді қабылданған шешім және материалдар мен олжаларды қабылдау-тапсыру рәсімін жүзеге асыру қажеттігі туралы хабардар ету;

      61) фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларын әзірлеу;

      62) Қазақстан Республикасының аумағында мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөніндегі, сондай-ақ елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

      63) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;

      64) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды орындау бағаларының нормативтерін әзірлеу;

      65) мемлекеттік меншік болып табылатын халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін, сондай-ақ республикалық меншік болып табылатын жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруді келісу;

      66) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстырған немесе өзгерткен кезде оларды тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      67) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың объектілерді ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы өтінішхаттарын қарау;

      68) ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін және материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін жүргізу;

      69) ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін және материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      70) мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ұсынысы бойынша адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтiк тiзiмiне және ЮНЕСКО-ның шұғыл қорғауын қажет ететiн материалдық емес мәдени мұра тiзiмiне Қазақстан халқының материалдық емес мәдени мұра элементтерін қосу туралы өтінім жіберу;

      71) тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағын қозғайтын қала құрылысы жобаларын келісу;

      72) тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыруды және оны өзгертуді келісу;

      73) "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 2-тармағына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау;

      74) рұқсат беру тұрғысынан бақылауды жүзеге асыру;

      75) тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша арнайы комиссия құру, оның ережесі мен құрамын бекіту;

      76) ұлттық мәдени игілік объектілерінің ерекше режимі бойынша сараптамалық комиссиясын құру;

      77) тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу аймағы мен қорғалатын табиғи ландшафт аймағын және оларды пайдалану режимін айқындау қағидаларын әзірлеу;

      78) тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізу қағидалары мен шарттарын әзірлеу;

      79) монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларын әзірлеу;

      80) мемориалдық тақталар орнату қағидаларын әзірлеу;

      81) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне Қазақстан Республикасының атынан меншік иесінің өкілеттіктерін жүзеге асыру;

      82) тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және одан айыру, орнын ауыстыру және өзгерту, жай-күйін мониторингтеу және санатын өзгерту қағидаларын әзірлеу;

      83) қорғау міндеттемелерін беру қағидаларын әзірлеу;

      84) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарын әзірлеу;

      85) тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру және оларға қол жеткізу қағидаларын әзірлеу;

      86) тарихи-мәдени сараптама қорытындысы және тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның ұсынымдары негізінде республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiшiн мәртебесінен айыру және оны республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен алып тастау;

      87) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану қағидаларын әзірлеу;

      88) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жай-күйін мониторингтеуді жүзеге асыру және олардың сақталуын қамтамасыз ету;

      89) тарихи-мәдени сараптама қорытындысы және тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның ұсынымы негізінде тарихи-мәдени мұра объектісін және (немесе) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану және оларды республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосу;

      90) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін келісу;

      91) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың жобаларын, халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің және оларды қорғау аймақтарының аумақтарындағы шаруашылық және өзге де қызметті келісу;

      92) тарих және мәдениет ескерткіштерінің арасынан Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру;

      93) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін ұсыну;

      94) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру және ұсыну қағидаларын әзірлеу;

      95) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын әзірлеу;

      96) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне қатысты қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шекараларын айқындау;

      97) тарихи-мәдени сараптама қорытындысы және тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның ұсынымы негізінде халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстыру туралы және оларды өзгерту туралы шешім қабылдау, сондай-ақ тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстыру туралы және оларды өзгерту туралы шешімді келісу;

      98) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың және археологиялық жұмыстардың жоспарларын бекіту, сондай-ақ бекітілген жоспарларға өзгерістер енгізу;

      99) "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 3-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау үшін тұрақты жұмыс істейтін сараптамалық комиссия құру;

      100) тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауарлар шығарылған жерлердің атауларын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның сұрау салуына сәйкес Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетінің игілігін көрсететін белгілерді тауар таңбасы ретінде тіркеу үшін оларды келісу не келісуден бас тарту;

      101) ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын әзірлеу;

      102) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының мәтінін орналастыру және пайдалану қағидаларын әзірлеу;

      103) мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөнінде сараптамалық кеңесті құру, сондай-ақ ол туралы ережені бекіту;

      104) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату жөніндегі жұмысты республикалық деңгейде ұйымдастыру;

      105) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидаларын әзірлеу;

      106) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу жөніндегі сараптамалық комиссиясын құру және оның ережесі мен құрамын бекіту;

      107) архивтік құжаттарды, архив қорлары мен коллекцияларын Ұлттық архив қорының құрамына жатқызу, сондай-ақ оларды оның құрамынан шығару туралы шешім қабылдау;

      108) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде түзілетін құжаттардың мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар немесе мемлекеттік емес ұйымдар сақтау мерзімдерін көрсете отырып әзірлеген салалық (ведомстволық) тізбелерін келісу;

      109) Ұлттық архив қорының құжаттары және оны жинақтау көздері туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қор каталогын жүргізу және "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың сұрау салуларын қанағаттандыру үшін мемлекеттік қор каталогының ақпаратына қолжетімділікті және оны пайдалануды қамтамасыз ету;

      110) Ұлттық архив қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету;

      111) орталық сараптамалық-тексеру комиссиясын құру;

      112) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіпке сәйкес Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру;

      113) тиісті жергілікті атқарушы органдармен келісілген Ұлттық архив қорының жинақтау көздерінің тізімдерін бекіту;

      114) тарихи және өзгеше құндылығы жоқ әрі практикалық маңызын жойған құжаттарды сақтау мерзімі мен жою тәртібін белгілеу;

      115) республикалық меншіктегі тарих пен мәдениеттің деректі ескерткіштерін қорғауды, оларды сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ету;

      116) автоматтандырылған архивтік технологияларды әзірлеу мен енгізуді ұйымдастыру, Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша ақпараттық желі мен дерекқор құру;

      117) басқа мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғаларының сұрау салулары бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын архивтік анықтамалар мен архив құжаттарының көшірмелеріне апостиль қою;

      118) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын тұрақты сақтауға басқа мемлекеттерге беру;

      119) Ұлттық архив қорын және құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын қалыптастыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      120) шетелдердегі Қазақстан Республикасының тарихы жөніндегі архив құжаттарын жинау және елге қайтаруды жүргізу;

      121) Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару қағидаларын бекіту;

      122) Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың сұрау салулары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін басып шығаруды және пайдалануды ұйымдастыру;

      123) Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      124) Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің, орталық мемлекеттік архивтерін толықтыру көздеріндегі электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер бөлігінде Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      125) электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелеріне салааралық ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық ету;

      126) жастар ұйымдарымен дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      127) жастар арасында дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;

      128) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын әзірлеу;

      129) Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерде өткізілетін спорттық іс-шараларға дайындалу және қатысу кезеңінде спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлеу;

      130) халықаралық спорттық жарыстардың тізбесін әзірлеу;

      131) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидаларын әзірлеу;

      132) спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, төсбелгілер беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын әзірлеу;

      133) оқу-жаттығу процесі, спорттық резервті және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау, допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар мен спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттарды әзірлеу;

      134) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақшалай қаражатты жұмсау қағидаларын әзірлеу;

      135) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлеу;

      136) Қазақстан Республикасының спорт этикасын әзірлеу;

      137) балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төменгі мемлекеттік нормативтерін әзірлеу;

      138) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қағидаларды әзірлеу;

      139) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оны пайдалану қағидаларын әзірлеу;

      140) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын әзірлеу;

      141) спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын әзірлеу, Қазақстан Республикасының Үкіметіне олардың мөлшері туралы ұсыныстар енгізу және олардың төленуін қамтамасыз ету;

      142) спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін спорт түрлері бойынша бағдарламаларды бекіту;

      143) спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын әзірлеу;

      144) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша "Үздік спорт журналисі" атағын беру қағидаларын әзірлеу;

      145) спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін әзірлеу;

      146) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына және басқа да халықаралық жарыстарға даярлау жөніндегі ұйымдастыру комитеттерінің құрамдары бойынша ұсыныстар енгізу;

      147) республикалық спорттық медицина ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату;

      148) ведомстволық статистикалық бақылаулар жүргізу;

      149) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру қағидаларын әзірлеу;

      150) аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, республикалық және халықаралық, оның ішінде ардагер спортшылар арасында спорттық жарыстар өткізу;

      151) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, республикалық спорттық жарыстар өткізуді ұйымдастыру;

      152) мүгедектер арасында спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) даярлауды және олардың халықаралық спорттық жарыстарға, оның ішінде Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына және Дүниежүзілік арнайы олимпиада ойындарына қатысуын ұйымдастыру;

      153) жастардың қатысуымен спорт түрлері, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша жарыстар өткізу;

      154) дене шынықтыру және спорт саласындағы білім мен жетістіктерді, салауатты өмір салты қағидаттарын, оның ішінде жастар арасынан жоғары дәрежедегі спортшылардың қатысуымен насихаттауды жүзеге асыру;

      155) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерін халықаралық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      156) дене шынықтыру мен спорт саласындағы ғылыми зерттеулерді, олардың нәтижелерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене шынықтыру және спорт практикасына енгізуді ұйымдастыру және үйлестіру;

      157) спортта допингке қарсы іс-шаралардың жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру;

      158) спортшылар мен жаттықтырушыларға: "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" спорттық атақтарын беру, спортшылар мен жаттықтырушыларды осындай спорттық атақтарынан айыру;

      159) біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі, ұлттық спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру, олардан айыру;

      160) республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асыру;

      161) спорт түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламаларды және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларын бекіту;

      162) аккредиттелген республикалық спорт федерацияларының ұсынуымен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамын жыл сайын бекіту;

      163) спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командалардың) бас жаттықтырушыларын және спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушыларды – аккредиттелген республикалық (өңірлік) спорт федерацияларының ұсынуымен, олимпиадалық спорт түрлері бойынша – Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетімен келісу бойынша, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша – Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитетімен келісу бойынша, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық сурдлимпиада комитетімен келісу бойынша лауазымдарға тағайындау және олардан босату;

      164) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелері халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақаттар алған және мертіккен кезде оларға өтемақы төлемдерін төлеуді жүзеге асыру;

      165) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерін халықаралық спорттық жарыстарға даярлау және оларға қатысу кезінде сақтандыруды қамтамасыз ету;

      166) республикалық аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесін бекіту және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;

      167) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімін жүргізу;

      168) халықаралық және республикалық спорт жарыстарының ережелерін (регламенттерін) бекіту;

      169) спорттық іс-шаралар шығыстарының құрылымын бекіту;

      170) паралимпиадалық, сурдлимпиадалық, арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша тиісті қоғамдық бірлестіктер әзірлейтін, мүгедектерге арналған дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу процесінің бағдарламаларын бекіту, даярлау кезеңдерінің мазмұны;

      171) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға спорттық медицина ұйымдарының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу (тоқтату) туралы ұсыныстар енгізу;

      172) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының спорттық іс-шараларға дайындалуын медициналық қамтамасыз етуге қатысу;

      173) халықтың физикалық даму деңгейін айқындау;

      174) спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін әзірлеу;

      175) Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын әзірлеу;

      176) жергілікті атқарушы орган ұсынған спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін келісу;

      177) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар өткізетін спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері үшін жүлделер құнының мөлшерін әзірлеу;

      178) "Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;

      179) ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинау мен талдауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;

      180) интернет-казино белгілерінің болуы тұрғысынан ақпаратты жүйелі жинау және интернет-ресурстардың мазмұнын талдау;

      181) тотализаторлар мен букмекерлік кеңселер кассаларының тізілімін жүргізу;

      182) ойын бизнесін ұйымдастырушының "Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын әзірлеу;

      183) лицензиардың электрондық тізілімін жүргізу;

      184) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

      185) мөлшерлемелерді есепке алу орталығын жүргізу;

      186) казиноны, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтардың шекараларын келісу;

      187) жеке тұлға туралы мәліметтерді осындай өтініш түскен күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей, Министрліктің интернет-ресурсы арқылы ойын бизнесін ұйымдастырушылардың ғана қол жеткізуі қамтамасыз етілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың тізіміне енгізу, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыны құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға өзін-өзі шектеу мерзімі аяқталған күннен кейін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізімінен алып тастауды қамтамасыз ету, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне енгізілген адамды азаматтың әрекет қабілетін шектеудің күшін жою туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде тізімнен алып тастау;

      188) лицензиаттардың лицензияда көрсетілген талаптарды сақтауын бақылау;

      189) Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      190) лотереяларды өткізу қағидаларын әзірлеу;

      191) халықаралық ұйымдарда және халықаралық iс-шараларда мемлекеттiң туризм саласындағы мүдделерiн бiлдiру және олардың жұмысына қатысу;

      192) туристік қызметтер көрсету қағидаларын әзірлеу;

      193) туристердi орналастыру орындарын жiктеу қағидаларын әзірлеу;

      194) туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту;

      195) Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекiтуі үшін Туризм жөнiндегi кеңестің дербес құрамын және ол туралы ереженi әзірлеу;

      196) мүдделі министрліктермен және басқа да атқарушы органдармен бірлесіп, туристерді қорғауды және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      197) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі субъектілерінің "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-3-бабында көзделген міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету;

      198) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауы бойынша конкурс өткізу;

      199) туристiк салаға инвестициялар тарту жөнiндегi бiрыңғай саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысу;

      200) туристiк қызмет саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін қорытып жинақтау және оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

      201) туристік қызмет саласында салааралық және өңіраралық үйлестіруді, туристік қызметті жүзеге асыратын отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдармен және тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;

      202) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп туристiк қызмет саласындағы стандарттау аясындағы қызметтi реттеу;

      203) Қазақстан мен оның туристiк мүмкiндiктерi туралы ақпаратты халықаралық туристiк нарықта және мемлекет iшiнде, оның iшiнде туристiк қызмет саласындағы республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткiзу жолымен тарату;

      204) туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды және туристердi уақытша болатын елдегi (жердегi) ықтимал қауiптер туралы хабардар ету;

      205) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      206) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметтің басталғаны туралы хабарлама берген турагенттердің, гидтердің (гид-аудармашылардың), экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;

      207) туроператордың және турагенттің туроператордың немесе турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетін орындауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      208) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      209) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-3-бабында көзделген міндеттемелерді орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын туроператордың немесе туроператор-әуе кемесін жалдаушының Қазақстан Республикасының азаматтарына шығу туризмі саласында туристік қызмет көрсеткені анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензияны тоқтата тұру;

      210) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қорғау жөніндегі іс-қимылды жүзеге асыру туралы шешімін келісу;

      211) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тәуекелді бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын әзірлеу;

      212) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, Мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі, туристік қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      213) мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдарды, сондай-ақ архив ісін басқару және жүргізу органдарын үйлестіруді және әдістемелік басшылық етуді жүзеге асыру;

      214) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Министрлік реттейтін салаларда заттай нормаларды әзірлеу;

      215) құзыретіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету;

      216) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.";

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 43-1, 49, 51, 52, 54, 61, 62,63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73 және 74-жолдар алып тасталсын;

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:

      реттік нөмірлері 7, 8, 9, 13, 14, 15, 18 және 19-жолдар алып тасталсын.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 31 наурыздағы
№ 195 қаулысына
қосымша

Акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетіне берілетін акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесі

      1. "Қазақ әуендері" акционерлік қоғамы.

      2. "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамы.

      3. Астана Опера "Мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

      4. "Астана Балет" театры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      5. "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.