Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына арналған ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 187 қаулысы.

      "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 3-1-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына арналған ең төмен бөлшек сауда бағалары литріне 1 980 теңге мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин