"Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1162 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қаулының күшін жою көзделген – ҚР Үкіметінің 03.10.2024 № 815 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, бірақ ерте дегенде 01.01.2025 қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1162 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 83-84, 604-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сатып алынатын арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімінің тізбесінде:
реттік нөмірі 83-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"83. Қандас куәлігі";
реттік нөмірі 118-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"118. Жол жүру құжаты".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин