Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
"Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін беруші болып айқындалсын.
2. Қоса беріліп отырған кәсіпорыннан сатып алынатын арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімінің тізбесі бекітілсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1162 қаулысымен
бекітілген
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сатып алынатын арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімінің тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.03.2021 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.06.2021 № 359 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.07.2022 № 489 қаулыларымен.
1. Ассистентура-тағылымдаманы аяқтағаны туралы куәлік
2. Астық қолхаттарының бланкілері
3. Аңшы куәлігі
4. Ағаш кесу билеті
5. Әскери билеттер
6. Әскери тасымалдау құжаттары - 1-нысанды талап, 2-нысанды талап-жүкқұжат, 3-нысанды талап, багаж талоны
7. Білім алуды аяқтамаған азаматтарға берілетін анықтама
8. Бағалы қағаздардың бланкілері
9. Вексельдердің бланкілері
10. Визалық жапсырмалар
11. Кандидат ғылыми дәрежесі берілетін диплом
12. Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілетін мемлекеттік үлгідегі диплом
13. Кандидат ғылыми дәрежесі берілетін диплом (қайта аттестаттау)
14. Қауымдастырылған профессор (доцент) аттестаты
15. Магистр дәрежесі берілетін жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом
16. Бейіні бойынша доктор дәрежесі берілетін мемлекеттік үлгідегі диплом
17. Дипломға үш тілдегі қосымшалардың (транскрипт) мемлекеттік үлгідегі бланкілері
18. Жануарлар әлемін пайдалануға арналған рұқсаттардың бланкілері
19. Интернатураны аяқтағаны туралы куәлік
20. Кешенді тестілеу сертификаты
21. Кәсіптік дайындығы туралы куәлік
22. Бастапқы кәсіптік білім туралы диплом
23. Техникалық және кәсіптік білім туралы үздік диплом
24. Техникалық және кәсіптік білім туралы дипломға екі тілдегі қосымшалардың бланкілері
25. Орта білімнен кейінгі білім туралы диплом
26. Орта білімнен кейінгі білім туралы үздік диплом
27. Орта білімнен кейінгі білім туралы дипломға екі тілдегі қосымшалардың бланкілері
28. Біліктілік берілетін жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом (маман)
29. Біліктілік берілетін жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі үздік диплом (маман)
30. Бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом (жай)
31. Бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі үздік диплом
32. Резидентураны аяқтағаны туралы куәлік
33. Клиникалық ординатураны бітіргені туралы куәлік
34. Куәлік (шетелдік дипломның қазақстандық дипломға баламалылығы туралы)
35. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлеріне біліктілік санаттарын беру туралы куәлік
36. Қазақстан Республикасындағы СИТЕС әкімшілік органы рұқсаттарының бланкілері
37. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган беретін хабарламалардың бланкілері
38. Мемлекеттік аралық бақылау сертификаты
39. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификат
40. Мемлекеттік емес ғылыми ұйымды аккредиттеу туралы куәлік
41. Негізгі орта білім туралы куәлік
42. Негізгі орта білім туралы үздік куәлік
43. Негізгі орта білім туралы куәлікке қосымшалардың бланкілері
44. Жалпы орта білім туралы аттестат
45. Жалпы орта білім туралы үздік аттестат
46. Жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаты
47. Жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшалардың бланкілері
48. Офицерлердің жеке куәлігі
49. Орман билеті
50. Профессордың аттестаты
51. Біліктілік беру туралы сертификат
52. Теміржол көлігінде жүк тасымалдауды есепке алуға арналған қатаң есепке алу бланкілері
53. Табиғатты пайдалануға арналған рұқсаттардың бланкілері
54. Уәкілетті мемлекеттік органдар беретін лицензиялардың бланкілері
55. Уәкілетті мемлекеттік органдар беретін лицензияларға қосымшалардың бланкілері
56. Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты
57. Чек кітапшалары
58. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бланкілері
59. Ішкі нарықта балықтың бекіре түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған маркалар
60. Акциялар шығарылымын жою туралы куәліктердің бланкілері
61. Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы хабарламалардың бланкілері
62. Бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу туралы куәліктердің бланкілері
63. Қазақстан Республикасы азаматы паспортының бланкісі
64. Қазақстан Республикасы азаматы жеке куәлігінің бланкісі
65. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының бланкісі
66. Уақытша жеке куәлік
67. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік
68. Бала асырап алу туралы куәлік
69. Әкелікті анықтау туралы куәлік
70. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік
71. Туу туралы куәлік
72. Некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұру туралы куәлік
73. Қайтыс болуы туралы куәлік
74. Бірыңғай ұлттық тестілеудің бланк құжаттамасы
75. Мүгедектігі туралы анықтама
76. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
77. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат
78. Мақта қолхаттарының бланкілері
79. Қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияға рұқсат
80. Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты
81. Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты
82. Қалалық қатынаста жол жүру үшін жолаушылар ұзақ пайдаланатын жол жүру билеттері
83. Қандас куәлігі
84. Білім беру грантына арналған куәлік
85. Жол жүруге арналған рұқсат (Жолаушылар мен жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіруі (шығуы), Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтуі үшін)
86. Шетелдік тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағынан (аумағына) үшінші елдерге (елдерден) тасымалдарды орындауына арналған рұқсат
87. "А" түріндегі рұқсат (Қытай Халық Республикасының аумағына кіретін автомобильдер үшін)
88. "В" түріндегі рұқсат (автобустардың Қазақстан Республикасына(н) кіруі/шығуы)
89. "С" түріндегі рұқсат (жүк автокөлігінің Қазақстан Республикасына(н) кіруі/шығуы)
90. Импорттық карантин рұқсаты
91. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде отандық және шетелдік автокөлік құралдарының бақылаудан өту талондары
92. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және ірі габаритті көлік құралдарының (шетелдік көлік құралдарын қоса алғанда) жүруіне арналған арнайы рұқсаттар
93. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және ірі габаритті көлік құралдарының (шетелдік көлік құралдарын қоса алғанда) жүруіне арналған арнайы рұқсатқа бақылау талоны
94. Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификаты
95. Фитосанитариялық сертификат
96. Карантин сертификаты
97. № 1, 2, 3 нысандардағы ветеринариялық сертификаттар
98. Халықаралық автокөлікпен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі
99. Автокөлік құралдарына жіберу карточкасы
100. Машиналар (құрастырылған арнайы жабдықтармен бірге тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін қоса алғанда, тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер және механизмдер, олардың тіркемелері, өтімділігі жоғары арнайы машиналар) кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
101. Теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлік
102. Кемеге меншік құқығы туралы куәлік
103. Бербоут-чартер шарттарында жалға алынған шетелдік теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік
104. Кеме билеті
105. Кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығы туралы уақытша куәлік
106. Кеме куәлігі
107. Шетелдік теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік
108. Жасалып жатқан кемеге құқықты мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
109. Кеме немесе жасалып жатқан кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
110. Шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
111. Кейбір қауіпті жүктерді тасымалдауға АКҚ жіберу туралы куәлік
112. Қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсат
113. Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік
114. Кәсіби диплом (кемелердің ішкі жүзу үшін)
115. Ветеринариялық препараттарды, жем-шөп пен жем-шөп қоспаларын тіркеу куәлігі
116. Энергетикалық сараптама жүргізуге арналған рұқсат
117. Босқын куәлігі
118. Жол жүру құжаты
119. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі
120. Теңізде жүзу кітапшасы
121. Қайтып оралуға арналған куәлік
122. Кәсіптік дипломның бланкісі
123. Кәсіптік дипломды растау бланкісі
124. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы
125. Доктор дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом
126. Азаматтығы жоқ тұлға куәлігінің бланкісі
127. Автокөлік құралының параметрлерін өлшеу (салмағын өлшеу) актісі
128. Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақ
129. Шағын кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақ
130. Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
131. Шағын экипаж құрамы туралы куәлік
132. Жүргізуші куәлігінің бланкісі
133. Көлік құралын тіркеу туралы куәліктің бланкісі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1162 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау туралы, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1222 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 561-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1222 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қарашадағы № 1975 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 56, 484-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1222 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 691 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 42, 375-құжат).
4. "Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау туралы, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1222 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 967 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 54, 758-құжат).