"Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 949 қаулысы.

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01. 2021 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 949 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 25 қаңтардағы
№ 64 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарына:

      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;

      2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;

      3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;

      4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;

      5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі – білім алушылар мен тәрбиеленушілер) қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібін айқындайды.

      Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының алқалы басқару органы болып табылады.

2-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібі

      2. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бағытталатын қаражат көлемі кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету қажеттігі ескеріле отырып, жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде мемлекеттік білім беру ұйымдары арасында осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген санаттарға жатқызылған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің контингентіне тепе-тең бөлінеді.

      3. Кепілдендірілген әлеуметтік пакет түріндегі материалдық көмек осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілерге беріледі. Кепілдендірілген әлеуметтік пакет шеңберінде ұсынылатын материалдық көмектің түрлері мен көлемдері заңнамада айқындалады.

      Осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілерге (осы Қағиданың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілерді қоспағанда) арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакеттен тыс материалдық көмекке мыналар кіреді:

      1) киім, аяқ киім, мектеп-жазу құралдарын сатып алу;

      2) білім беру ұйымында болған кезеңде тамақтандыруды ұйымдастыру;

      3) қаржылай көмек көрсету;

      4) мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысу.

      Қаржылай көмек көрсету осы Қағидалардың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін жүзеге асырылады.

      Білім беру ұйымында болған кезеңде бір рет тамақтандыруды ұйымдастыру қаражатты жұмсаудың басым бағыты болып табылады.

      Киім, аяқ киім, мектеп-жазу құралдарын сатып алу жергілікті бюджеттен 1 (бір) білім алушыға немесе тәрбиеленушіге есептеліп бөлінген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      Жергілікті өкілді органдар жеңілдікпен жол жүруді ұйымдастыру, сондай-ақ қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдамалар беру үшін жергілікті бюджеттерде қосымша қаражат көздеуге құқылы.

      Қала сыртындағы және мектеп жанындағы демалыс лагерьлеріне жолдама алу, сондай-ақ білім алушылардың мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысуы осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілерге де қолданылады.

      4. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың не кәмелетке толған білім алушының өтініші негізінде бөлінеді.

      Білім беру ұйымында өтініштерді қарау үшін бірінші басшының шешімімен жауапты тұлға бекітіледі.

      Жауапты тұлға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржылық және материалдық көмек алуға өтініштерді тіркеу журналын жүргізеді.

      Ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың не кәмелеттік жасқа толған білім алушының (бұдан әрі – өтініш беруші) өтініші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру ұйымына оның бірінші басшысының атына беріледі.

      Өтініш қажетті құжаттармен бірге өтініш түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Өтініш беруші құжаттарды көшірмелерде және салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда ұсынады, содан кейін осы Қағидалардың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар санатын қоспағанда, түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады.

      Білім беруді басқару органы немесе жауапты тұлға өтініш берушінің осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар санатына тиесілігі жөніндегі, сондай-ақ осы Қағидалардың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың табысы туралы мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне сұрау салу жібереді.

      Өтінішке растайтын құжаттар:

      1) осы Қағидалардың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар санаты үшін отбасыларда тәрбиеленетін жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;

      2) осы Қағидалардың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлғалар санаты үшін "Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 46 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10325 болып тіркелген) бекітілген Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан авариялардың, зілзалалардың, апаттардың себептерін тергеп-тексеру актісі қоса беріледі.

      Осы Қағидалардың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың санатын отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру қорытындысы негізінде білім беру ұйымының алқалы органы анықтайды.

      Өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру өтініш берушінің, ал ол болмаған жағдайда отбасының кәмелетке толған, әрекетке қабілетті мүшелерінің бірінің қатысуымен жүзеге асырылады.

      Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеру қорытындысына алқалы басқару органның өкілдері, жауапты тұлға қол қояды және танысу үшін өтініш берушіге, ал ол болмаған жағдайда, оның қатысуымен отбасының тексеру жүргізуге қатысқан кәмелетке толған, әрекетке қабілетті мүшесіне ұсынылады.

      Өтініш берушінің, ал ол болмаған жағдайда – отбасының кәмелетке толған, әрекетке қабілетті мүшелерінің бірінің тексеру жүргізуден бас тартуы алқалы басқару органның өкілдері қол қоятын қорытындыда тіркеледі.

      Алқалы басқару органының отырыстары осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, оған алқалы басқару органның қатысып отырған өкілдері, жауапты тұлға қол қояды және білім беру ұйымының бірінші басшысының шешімімен бекітіледі.

      Қаржылық және материалдық көмек:

      1) көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсынған адамдарға (отбасыларға);

      2) материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша дайындалған алқалы басқару органының қорытындысына сәйкес материалдық көмек көрсетуді қажет етпейтін адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.

      5. Осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген санаттарға жатқызылған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім алуы кезеңінде қаржылық және материалдық көмек алу құқығы оқу жылында бір рет, осы Қағидалардың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілерді қоспағанда, білім беру ұйымына құжаттарды ұсыну арқылы расталуға тиіс.

      Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге материалдық көмек көрсетуді білім беру ұйымдары, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынған өнім берушілер қатарынан көрсетілетін қызметтерді берушілерді материалдық көмек алушылардың өздері таңдауын көздейтін электрондық жеткізгіштерді және бағдарламалық, техникалық құралдарды пайдалана отырып жүзеге асырады.

      6. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттың мақсатты жұмсалуын білім беру ұйымдарының бірінші басшылары қамтамасыз етеді.

      7. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттың түсуі мен пайдаланылуын есепке алуды білім беру саласындағы уәкілетті органның немесе білім ұйымының қаржы қызметі жүзеге асырады.

      Білім беру ұйымдары 30 қыркүйекке, 30 желтоқсанға, 30 наурызға және 30 мамырға дейінгі мерзімде еркін нысан жергілікті атқарушы органға жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша есептілікті ұсынады.

  Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының мемлекеттік
атаулы әлеуметтік көмек алуға
құқығы бар отбасылардан,
сондай-ақ мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек алмайтын, жан
басына шаққандағы табысы ең
төменгі күнкөріс деңгейінің
шамасынан төмен отбасылардан
шыққан білім алушылары мен
тәрбиеленушілеріне және жетім
балаларға, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалып,
отбасыларда тұратын балаларға,
төтенше жағдайлардың
салдарынан шұғыл жәрдемді
талап ететін отбасылардан
шыққан балаларға және өзге де
санаттағы білім алушылар мен
тәрбиеленушілерге қаржылай
және материалдық көмек
көрсетуге бөлінетін қаражатты
қалыптастыру, жұмсау бағыты
мен оларды есепке алу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Қаржылық және материалдық көмек алуға өтініштерді тіркеу журналы

Р/с № Тіркеу нөмірі Өтініш қабылдан ған күн Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Өтініш берушінің тұратын мекенжайы Қарауға берілген күні Қорытынды қабылданған күн














Кестенің жалғасы

Көмек түрі (қаржылық/материалдық)


Білім алушы мен тәрбиеленушіге қаржылай немесе материалдық көмек көрсету үшін тағайындалған жалпы сома (теңге)







  Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының мемлекеттік
атаулы әлеуметтік көмек алуға
құқығы бар отбасылардан,
сондай-ақ мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек алмайтын, жан
басына шаққандағы табысы ең
төменгі күнкөріс деңгейінің
шамасынан төмен отбасылардан
шыққан білім алушылары мен
тәрбиеленушілеріне және жетім
балаларға, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалып,
отбасыларда тұратын балаларға,
төтенше жағдайлардың
салдарынан шұғыл жәрдемді
талап ететін отбасылардан
шыққан балаларға және өзге де
санаттағы білім алушылар мен
тәрбиеленушілерге қаржылай
және материалдық көмек
көрсетуге бөлінетін қаражатты
қалыптастыру, жұмсау бағыты
мен оларды есепке алу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Ұйым басшысы
  _______________________
  (Т.А.Ә)
  _____________________
(Өтініш берушінің Т.А.Ә.)
_______________________
(үйінің мекенжайы)
_______________________
(мобильді тел., Е-mail) 

Өтініш

      Сізден _____________________________байланысты ________сыныптың

      (себептер мен осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар санатына

      жататыны көрсетіледі)білім алушысы, тәрбиеленушісі ______________________

      (Т.А.Ә.)

      ____________________________________________________________түрінде

      материалдық/қаржылық көмек беруді сұраймын. Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауапкершілік туралы маған ескертілді.

      "____" ________________ ___________________(күні, Т.А.Ә., қолы)

      Ескертпе:

      Осы Қағидалардың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар өтініш беруші өзінің санатқа жататындығын растау үшін әлеуметтік қорғау органдарына жүгінгеннен кейін өтінішпен жүгінеді.

  Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының мемлекеттік
атаулы әлеуметтік көмек алуға
құқығы бар отбасылардан,
сондай-ақ мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек алмайтын, жан
басына шаққандағы табысы ең
төменгі күнкөріс деңгейінің
шамасынан төмен отбасылардан
шыққан білім алушылары мен
тәрбиеленушілеріне және жетім
балаларға, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалып,
отбасыларда тұратын балаларға,
төтенше жағдайлардың
салдарынан шұғыл жәрдемді
талап ететін отбасылардан
шыққан балаларға және өзге де
санаттағы білім алушылар мен
тәрбиеленушілерге қаржылай
және материалдық көмек
көрсетуге бөлінетін қаражатты
қалыптастыру, жұмсау бағыты
мен оларды есепке алу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Қаржылық және материалдық көмек алуға өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы 20__ жылғы "___" ________________________________________ (елді мекен)

      1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      __________________________________________________________________

      2. Тұрғылықты мекенжайы

      __________________________________________________________________

      3. Жұмыс орны, лауазымы

      __________________________________________________________________

      4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есепке алынады) _____

      адам, оның ішінде:

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Туған күні Өтініш берушіге туыстық қатынасы Білімі Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны, тәуелсіз қызметкерлер, жұмыссыз) Жұмыспен қамтылмау себебі Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелуі туралы деректер Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы туралы мәліметтер


















Еңбекке қабілетті барлық адам_____________.
Жұмыссыз ретінде тіркелгендері ______адам.
Жұмыспен қамтылмаудың басқа да себептері (іздеуде, бас бостандығынан айыру орындарында)______ адам.
Кәмелетке толмаған балалардың саны _______ адам, оның ішінде:
толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі білім алушылар _______ адам, жасы ________;
жоғары және орта арнаулы оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ________ адам, оқу құны жылына бір оқушыға ______________теңге.
5. Тұрмыс жағдайлары (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын
үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын кооператив, жеке тұрғын үй немесе өзге)
(қажеттісінің астын сызу)
____________________________________________________
____________________________________________________
Ас бөлмесін, қойманы және дәлізді есептемегенде бөлмелер саны _____
Тұрғын үйді ұстауға бір айдағы шығыстар ________________
6. Отбасы табысы

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Табыс түрі

Өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы сома

Жеке қосалқы шаруашылық (үй жанындағы учаске, мал және құс), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер)











      7. Мыналардың бар-жоғы:

      автокөлік (маркасы, шығарылған жылы, құқық белгілейтін құжат, оны пайдаланудан түскен мәлімделген кірістер)

      ____________________________________________________

      ____________________________________________________

      қазіргі уақытта тұрып жатқан тұрғын үйден басқа тұрғын үй (оны пайдаланудан түскен мәлімделген кірістер)

      ____________________________________________________

      ____________________________________________________

      8. Отбасының өзге табыстары (нысаны, сомасы, көзі):

      ____________________________________________________

      ____________________________________________________

      9. Көрініп тұрған мұқтаждық белгілері

      ____________________________________________________

      10. Әл-ауқатының көрнекі белгілері

      ____________________________________________________

      ____________________________________________________

      11. Тұрмысының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы

      ____________________________________________________

      12. Басқа байқалғаны:

      ____________________________________________________

      ____________________________________________________

      Алқалы басқару органының өкілдері:

      _____________________________ _____________________________________

      Білім беру ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты тұлға:

      __________________________ _____________________________________

      __________________________ _____________________________________

      __________________________ _____________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Жасалған актімен таныстым:

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

      ____________________________________________________

      Тексеру жүргізуден бас тартамын

      ____________________________________________________

      (Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларына
  4-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету жөніндегі отырысының 20__жылғы_ "__"______ №_ хаттамасы

      (Орналасқан жері) (Уақыты мен күні)

      1. Алқалы басқару органының құрамы: ______________________________ (құрамын көрсету) (Т.А.Ә.)

      2. Қаржылық / материалдық көмек алуға өтініштер тіркеу журналына сәйкес хронологиялық тәртіппен тіркелген:

Р/с
Өтініш берушінің Т. А. Ә. Білім алушының/тәрбиеленушінің Т. А. Ә., сыныбы Күні/өтініш нөмірі Көмек түрі
Қаржылық Материалдық

1.






2.






3.







Жиыны





      өтініштерді қарау кезінде барлық қатысушыларға жария етілді.

      3. Алқалы басқару органы растайтын құжаттармен бірге өтініштерді қарап, ашық дауыс беру арқылы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1) Мына өтініш берушілерге көмек көрсетілсін:

Р/с
Өтініш берушінің Т. А. Ә. Білім алушының/тәрбиеленушінің Т. А. Ә., сыныбы Күні/өтініш нөмірі Санаты Қаржылай көмек, теңге Материалдық көмек
түрі сомасы, теңге

1.








2.








3.









Жиыны







 
2) __________________________________________________ (негіздеме)
себебі бойынша көмек көрсетуден бас тартылсын.
Бұл шешім үшін дауыс берді:
Қолдайды ______ дауыс (алқалы басқару органы өкілдерінің Т.А.Ә.);
Қарсы ______ дауыс (алқалы басқару органы өкілдерінің Т.А. Ә.).
Алқалы басқару органының өкілдері:
_______________ ___________________
_______________ ___________________
Білім беру ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген
жауапты тұлға
_______________ ____________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Жасалған актімен таныстым:
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы