"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 101-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қарашадан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 872 қаулысымен бекітілген |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 101-1-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тұрғын үй төлемдері – тұрғын үй төлемдерін алушыларға қызметтік тұрғынжай берудің орнына, сондай-ақ Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайларда бюджет қаражаты есебінен арнайы ақшалай қамтамасыз ету түрінде төленетін, өңірлер және отбасы құрамы бойынша сараланған ақша.
2) ағымдағы тұрғын үй төлемдері – тұрғынжайға мұқтаж деп танылған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне (бұдан әрі – қызметкерлер) осы тармақтың 6) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянатты тіркеген күннен бастап ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелетін төлемдер;
3) жеке арнайы шот – тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызу және Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға төлемдерді жүзеге асыру үшін қызметкерлердің өз таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банкте (бұдан әрі – банк) ашатын ағымдағы банктік шот;
4) тұрғынжайдың пайдалы алаңы – тұрғынжайдың тұрғын алаңы мен тұрғын емес алаңының жиынтығы;
5) тұрғын үй комиссиясы – қызметкерлерді тұрғынжайға мұқтаж деп тану, тұрғын үй төлемдерін тағайындау мәселелерін және тұрғын үй қатынастары бойынша басқа да мәселелерді қарау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган басшысының, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін орындайтын адамның шешімімен құрылатын комиссия. Тұрғын үй комиссиясы туралы ережені және оның құрамын осы Қағидаларда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органының басшысы, ал ол болмаған жағдайда, оның міндетін орындайтын тұлға бекітеді;
6) қызметкерге тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін оны тұрғынжайға мұқтаж деп тану күні – осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, тұрғын үй комиссиясы қызметкерді тұрғынжайға мұқтаж деп тану және оған тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы шешім шығарған жағдайда қызметкердің оны тұрғын үйге мұқтаж деп тану және тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы баянатының тіркелген күні.
2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Заңның 74-бабының 2-2-тармағында көзделген мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімінде тұрған, 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша және осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес тұрғын үй комиссиясының шешімі шығарылған кездегі Заңның 101-3-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін қызметкер 2020 жылғы 1 қарашадан бастап тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.
3. Тұрғын үй төлемдерін алушыларға Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайларда оларды алатын қызметкерлер жатады.
Тұрғын үй төлемдерін пайдалану жолымен тұрғынжайды жеке меншікке сатып алу құқығын қызметкерлер бір рет жүзеге асырады.
Егер ерлі-зайыптының екеуі де арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қызметкерлер және (немесе) әскери қызметшілер болып табылса, тұрғын үй төлемдері ерлі-зайыптылардың таңдауы бойынша олардың біреуіне жүргізіледі.
4. Қызметкерді Заңның 101-3-бабында белгіленген тәртіппен тұрғынжайға мұқтаж деп тану оған тұрғын үй төлемдерін тағайындауға негіз болып табылады.
5. Жүктілігі және босануы, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуы бойынша қосымша демалыстарда, іссапарда, оқуда, емделуде болған қызметкерлерге тұрғын үй төлемдері жалпы негіздерде жүзеге асырылады.
6. Қызметкердің отбасы мүшелеріне жататын адамдарды айқындау Заңның 101-10-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Тұрғын үй төлемдерін алушылар деп танылған қызметкерлерді есепке алуды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның кадр қызметтері (бұдан әрі – кадр қызметі) жүргізеді.
8. Тұрғын үй төлемдерін алушыларға төленуге тиіс соманы есептеуді кадр қызметінің жасаған тізімдері негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қаржы бөлімшесі (бұдан әрі – қаржы бөлімшесі) жүргізеді.
9. Тұрғын үй төлемдерінің нақты сомасы тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін қызметкер тұрғынжайға мұқтаж деп танылған сәттен бастап есептеледі.
10. Тұрғын үй төлемдері қатаң нысаналы мақсатта болады және қызметкер оны Заңның 101-5-бабында көзделмеген мақсаттарға пайдалана алмайды.
11. Тұрғын үй төлемдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган тұрғын үй төлемдерін алушының жеке арнайы шотына аударудан басқа мақсатқа пайдалана алмайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жоспарлаған, бірақ ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша пайдаланбаған тұрғын үй төлемдерінің сомасы жойылады.
12. Қаза табуына (қайтыс болуына) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына немесе қайтыс болды деп жариялануына байланысты қызметкерді жеке құрам тізімінен алып тастаған жағдайда оның отбасы мүшелері, ал олар болмаған жағдайда мұрагерлері оның жеке арнайы шотындағы тұрғын үй төлемдерін Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға пайдалануға құқылы. Бұл ретте мұндай қызметкердің жеке арнайы шоты тұрғын үй төлемдері толық пайдаланылғаннан кейін жабылады.
2-тарау. Тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу тәртібі
13. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшері қызметкер қызмет өткеріп жатқан Қазақстан Республикасының тиісті өңірінде абаттандырылған тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалға алудың құнын тұрғынжайдың алаңына көбейту арқылы есептеледі. Тұрғынжай алаңы қызметкердің өзін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің әрқайсысына он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен айқындалады.
14. Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі абаттандырылған тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалға алу құнының мөлшері мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған ағымдағы жылғы қаңтардағы жағдай бойынша деректеріне сәйкес белгіленеді.
Абаттандырылған тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалға алу құнының мөлшері әрбір қаржы жылының басында белгіленеді және өзгерту мен түзетуге жатпайды.
15. Елді мекен бойынша статистикалық деректер болмаған жағдайда абаттандырылған тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалға алу құнының мөлшері – аудан орталығының статистикалық деректері бойынша, ал аудан орталығында статистикалық деректер болмаған жағдайда облыс орталығының статистикалық деректері бойынша белгіленеді.
16. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелеріне тұрғын үй төлемдері біржолғы ақшалай өтемақы түрінде жүргізіледі. Біржолғы ақшалай өтемақының мөлшері бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемдерінің сомасы шегеріле отырып, қызметкер қаза тапқан кездегі отбасы құрамына сәйкес келетін пайдалы алаң нормасын мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын ағымдағы жылғы қаңтардағы деректеріне сәйкес ол қызмет өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңірінде жаңа тұрғынжай сатудың бір шаршы метрінің бағасына көбейту арқылы айқындалады.
Осы тармақта көзделген біржолғы ақшалай өтемақының мөлшерін есептеу үшін елді мекен бойынша статистикалық деректер болмаған жағдайда, бір шаршы метр үшін баға аудан орталығының статистикалық деректері бойынша, ал аудан орталығы бойынша статистикалық деректер болмаған жағдайда – облыс орталығының статистикалық деректері бойынша айқындалады.
17. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметкердің қаза табуы (қайтыс болуы):
1) өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізген жағдайларды қоспағанда, өзіне-өзі қол жұмсауы салдарынан;
2) қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде;
3) алкогольдік, нашақорлық, психотроптық, уытқұмарлық (сол тектестер) масаң күйге ұшырататын заттарды қолдану салдарынан;
4) біржолғы өтемақы алу немесе қызметтен жалтару мақсатында өзіне-өзі қандай да бір дене жарақатын (өзінің дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өзінің денсаулығына өзге де зақым келтіру салдарынан болғаны дәлелденсе, осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген біржолғы ақшалай өтемақы төленбейді.
Қызметкерлердің қызмет өткеру кезеңінде қаза табуының (қайтыс болуының) және қызмет өткеру кезеңінде науқастануының себепті байланысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.
18. Қызметкер үміттеніп отырған тұрғынжай аумағының есебі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айқындалады.
3-тарау. Тұрғын үй төлемдерін тағайындау тәртібі 1-параграф. Тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін құжаттарды қарау
19. Тұрғынжайға мұқтаж деп тану және тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін қызметкер тұрғын үй комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес отбасы құрамы туралы мәліметтерді көрсете отырып, тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына, ал ол болмаған жағдайда, тұрғын үй комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы тұлғаның атына өзін тұрғынжайға мұқтаж деп тану және тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы баянат;
2) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған, қызметкердің және оның отбасы мүшелерінің осы елді мекенде меншік құқығында тиесілі тұрғынжайының жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
3) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған, мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырылған жалдаушы бойынша (қызметкерге және оның отбасы мүшелерінде осы елді мекенде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрақты пайдалануға берілген тұрғынжайының болуы немесе болмауы туралы) ақпарат;
4) жұбайының (зайыбының) жұмыс орнынан (бұрынғы жұмыс орнынан), оның ішінде зайыбы (жұбайы) мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның жұмыскері болып табылған (бұрын болған) жағдайда, баянат тіркелген күнге дейін бір ай ішінде алынған, осы елді мекенде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алмағаны туралы мәліметтер қамтылған анықтама.
Егер жұбайы (зайыбы) әскери қызметші болып табылса (бұрын болса), анықтамада оның қызметтік тұрғынжайды өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алмағаны туралы мәліметтер көрсетіледі.
Егер жұбайы (зайыбы) арнаулы мемлекеттік органның қызметкері немесе әскери қызметші болып табылса, анықтамада оған Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй төлемдері төленбейтіні туралы мәліметтер көрсетіледі.
Егер жұбайы (зайыбы) арнаулы мемлекеттік органның қызметкері немесе әскери қызметші болып табылса (бұрын болса), анықтамада оның қызмет орны бойынша төленген тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы Қазақстан Республикасының аумағында тұрғынжайды меншігіне сатып алмағаны туралы мәліметтер көрсетіледі.
Егер жұбайы (зайыбы) ішкі істер органдарының қызметкері болып табылса және қызметкермен бір елді мекенде қызмет өткерсе, анықтамада оған осы елді мекенде тұрғынжайды жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төленбейтіні туралы мәліметтер көрсетіледі;
5) егер бұрынғы қызмет өткеру орны бойынша қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілсе, бұрынғы қызмет орны бойынша қызметтік тұрғын үйді тапсырғаны туралы анықтама;
6) ипотекалық ұйымның қызметкермен жасасқан негізгі міндеттемесі орындалмаған ипотекалық шарт туралы анықтамасы;
7) қызметкердің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, оның ішінде балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
8) неке қию (некені бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы туралы куәліктердің көшірмелері;
9) кейбір созылмалы аурулардың (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен аурулардың тізімі бойынша) ауыр түрлерімен ауыратын отбасы мүшелері бар болған кезде, олармен бір үй-жайда (пәтерде) бірге тұру мүмкін болмаса, денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы;
10) он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болған он сегіз жастан асқан бала (балалар) болған кезде мүгедектігін растайтын құжаттардың көшірмелері;
11) осы Қағидалардың 39-тармағында көзделген жағдайларда тұрғын үй төлемдерін пайдаланғандығын растайтын құжаттардың көшірмелері;
12) қызметкер тұрғынжайды сатып алған сәтте тұрғынжайға мұқтаж мәртебесі болған жағдайда Заңның 101-5-бабының 3) тармақшасында көзделген мақсаттарға бұрын жүргізілген шығыстарды растайтын құжаттардың көшірмелері;
13) отбасы тұрып жатқан тұрғынжай белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, қызметкер санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының түпнұсқасын қосымша ұсынады;
14) отбасы тұрып жатқан тұрғынжай белгіленген техникалық талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда қызметкер сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аттестатталған сарапшының техникалық қорытындысының (тұрғын үйді техникалық тексеру нәтижелері бойынша) түпнұсқасын қосымша ұсынады.
20. Кадр қызметі қызметкердің баянаты тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады және тұрғын үй комиссиясының отырысына материалдарды дайындайды.
Осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген қажетті құжаттар болмаған кезде кадр қызметі қызметкерге ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады. Қайтару себептері жойылған жағдайда қызметкер ұсынылған құжаттар қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кадр қызметіне қайта жүгінеді, бұл ретте баянат ол алғаш тіркелген күні берілген болып есептеледі.
Құжаттарды пысықтауға қайтарғаннан кейін қызметкер оларды уақтылы ұсынбаған немесе ұсынбаған жағдайда, кадр қызметі ұсынылған құжаттарды қарамай, қызметкерге қайтарады. Бұл ретте қызметкер осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген тәртіппен өзін тұрғынжайға мұқтаж деп тану үшін қайта жүгінеді.
21. Тұрғын үй комиссиясы баянат тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасымен ресімделетін осы Қағидалардың 2-тармағы 6) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, қызметкерді баянат тіркелген күннен бастап тұрғынжайға мұқтаж деп тану және оған тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы (тұрғын үй төлемдерінің есебін жасау үшін тұрғынжай алаңының мөлшерін және қызметкерді тұрғынжайға мұқтаж деп тану күнін көрсете отырып) немесе тұрғынжайға мұқтаж деп тануға және тұрғын үй төлемдерін тағайындауға негіздердің жоқ екендігі туралы шешім шығарады.
22. Қызметкер Заңның 101-3-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда тұрғын үй комиссиясы қызметкерді тұрғынжайға мұқтаж деп танудан және оған тұрғын үй төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.
23. Хабарлама немесе тұрғын үй комиссиясының хаттамасынан үзінді қызметкердің назарына қол қойғыза отырып жеткізіледі және оның жеке ісіне тігіледі. Қажет болған жағдайда тұрғын үй комиссиясы отырыстары хаттамаларының көшірмелері және (немесе) олардан үзінділер қызметкердің жазбаша өтінішінің негізінде ғана беріледі.
24. Қызмет өткеру орны бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай берілген қызметкерлерге тұрғын үй төлемдері жүргізілмейді.
25. Тұрғын үй комиссиясы тұрғын үй төлемдерін тағайындауға арналған құжаттарды қарап және тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімін бекіткеннен кейін, қызметкер қызмет өткеріп жүрген бөлімшенің кадр қызметі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес анықтама түрінде оны тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін, сондай-ақ осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген құжаттарды қызметкердің жеке ісіне тігеді.
Қызметкерге жеке арнайы шот ашу үшін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадр қызметі жасаған анықтама беріледі.
2-параграф. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімін және есебін жасау
26. Тұрғын үй комиссиясы шешімінің негізінде кадр қызметі тұрғын үй комиссиясының төрағасы тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасына қол қойған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімін жасайды.
27. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі негізінде қаржы бөлімшесі кадр қызметі осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген тізімді ұсынған күннен бастап бір ай ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің есебін дайындайды.
28. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің есебін дайындаған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі және ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің есебі кадр қызметі дайындайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органы басшысының, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін орындайтын адамның бұйрығымен бекітіледі.
4-тарау. Тұрғын үй төлемдерін қайта есептеу
29. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу:
1) отбасы құрамы өзгерген, оның ішінде он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болған балаларды қоспағанда, балалары кәмелеттік жасқа толған;
2) осы Қағидалардың 39-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бір елді мекеннен басқа елді мекенге көшуіне байланысты қызмет орнын ауыстырған;
3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ағымдағы жылғы қаңтардағы жағдай бойынша деректеріне сәйкес белгіленетін Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі абаттандырылған тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалға алу құны жыл сайын өзгерген кезде жүргізіледі.
Осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу тұрғын үй комиссиясының шешімі және осы Қағидалардың 19-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес қызметкердің баянаты негізінде шығарылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган басшысының, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін орындайтын адамның бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган басшысының, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін орындайтын адамның бұйрығы негізінде жүргізіледі.
30. Осы Қағидалардың 29-тармағында айқындалған жағдайларда тұрғын үй төлемдерінің нақты сомасы оқиға іс жүзінде орын алған сәттен бастап есептеледі.
5-тарау. Тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру тәртібі
31. Тұрғын үй төлемдеріне арналған жеке арнайы шотты осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтаманы қосымша бере отырып, "Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14422 болып тіркелген) көзделген тәртіппен тұрғынжайға мұқтаж деп танылған әрбір қызметкер дербес ашады.
32. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган, қызметкер және банк арасында осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй төлемдері туралы үшжақты шарт (бұдан әрі – шарт) жасалады.
Шартқа сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган қызметкердің жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аударады, ал банк қызметкерге Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға сәйкес тұрғын үй төлемдеріне билік ету құқығын береді.
Қаржы бөлімшесі осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шартты және қызметкердің жеке арнайы шотын қызметкерлердің тұрғын үй төлемдері туралы шарттарын және жеке арнайы шоттарын тіркеу журналына тіркейді.
33. Қаржы бөлімшесі тұрғын үй төлемдерінің есепке жатқызылған және төленген сомалары бойынша осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй төлемдерін алушының талдамалық есеп карточкасында есепті жүзеге асырады.
34. Ағымдағы тұрғын үй төлемдері қызмет өткеру орны бойынша ай сайын өткен ай үшін ағымдағы айда жүргізіледі. Желтоқсан айында ағымдағы ай үшін тұрғын үй төлемдері 25-і күнінен кешіктірілмей төленеді.
Қызметке кіру және шығу айында ағымдағы тұрғын үй төлемдері нақты қызмет күндеріне пропорционалды түрде жүзеге асырылады.
35. Қызметкер қызметтен ауысқан, босатылған кезде қаржы бөлімшесі талдамалық есеп карточкасының көшірмесін қоса бере отырып, ақша аттестатында өзіне жүргізілген тұрғын үй төлемдері туралы мәліметтерді көрсетеді.
36. Арнайы жедел тапсырмаларды орындау үшін айрықша тәртіппен қызмет өткеретін және штаттық жасырын қызметкерлерге тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру тәртібін Заңның 101-1-бабының 1-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысы бекітеді.
6-тарау. Тұрғын үй төлемдерін тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау тәртібі
37. Тұрғын үй төлемдері Заңның 101-4-бабында көзделген жағдайларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган басшысының, ол болмаған жағдайда оның міндетін орындайтын адамның бұйрығына сәйкес мынадай мерзімдерде:
1) қызметкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органнан шығарылған жағдайда жеке құрам тізімінен шығарылған немесе ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесі болып табылмайтын бөлімшесіне ауыстырылған күннен бастап;
2) қызметкерлер Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алынатын тұрғынжайдың жалға алу төлемдері үшін жасалған шарт бойынша міндеттемені орындамаған жағдайларды қоспағанда, қызметкерлер тұрғынжайға мұқтаж мәртебесінен айырылған күннен бастап;
3) қаза табуына немесе қайтыс болуына, заңда белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына немесе қайтыс болды деп жариялануына байланысты қызметкер жеке құрам тізімдерінен шығарылған күннен бастап;
4) қызметкердің тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына жазылған тұрғын үй төлемдерін алудан бас тарту туралы баянаты тіркелген күннен бастап тоқтатылады.
Қызметкердің жеке арнайы шоты жабылған кезде банк пайдаланылмаған қаражаттың қалдығын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органының шотына қайтарады.
38. Қызметкер орнын ауыстырған кезде тағайындалған ағымдағы тұрғын үй төлемдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам шығаратын жеке құрам бойынша бұйрық күшіне енген күнінен бастап тоқтатыла тұрады және осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген тәртіппен қайта басталады.
39. Тұрғын үй төлемдерін алушы қызметін одан әрі өткеру үшін басқа өңірге ауысқан жағдайда, егер Заңның 101-5-бабының 1), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алынатын тұрғынжайдың жалға алу төлемдерін төлеу үшін онымен тиісті шарт жасалса, ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшері алдыңғы қызмет атқарған өңірі бойынша сақталады.
Бұл ретте отбасы құрамы көбею жағына қарай өзгерген жағдайда отбасы құрамының көбеюіне себепші болған отбасы мүшесіне ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу қызметкер қызмет атқарып жатқан өңірдегі соманың негізінде жүзеге асырылады.
Тұрғын үй төлемдері тұрғын үй комиссиясының шешімі және осы Қағидалардың 19-тармағында белгіленген қажетті құжаттармен қоса, қызметкер баянатының негізінде шығарылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган басшысының, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адамның бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
40. Қызметкерге тұрғын үй төлемдері тоқтатылған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган банкке тұрғын үй төлемдерін тоқтатудың негіздемесін баяндай отырып, хат жолдайды.
7-тарау. Тұрғын үй төлемдері бойынша төлемдер аударылған кезде қате табылған жағдайда қызметкердің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның және банктің іс-қимыл тәртібі
41. Тұрғын үй төлемдерін алушы тұрғын үй төлемдерінің сомалары туралы мәлімет алған кезде арнайы жеке шотында төленген тұрғын үй төлемдерінің жекелеген сомасының жоқ екенін анықтағанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адамға қате табылғаны туралы (құқыққа қайшы немесе артық аударылған және (немесе) аударылмаған тұрғын үй төлемдері) (бұдан әрі – қате аударылған) және тиісті мәліметтерді алу және жіберілген қателерді түзету шараларын қабылдау үшін банкке тұрғын үй төлемдерін аударғаны туралы кез келген уақыттағы төлем құжаттарының көшірмесін және төлем құжаттарына қоса берілетін жеке тұлғалардың тізімінен жеке өзіне қатысты үзіндіні ұсыну туралы баянат жолдайды.
42. Егер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган тұрғын үй төлемдері сомаларын аудару кезінде жол берілген қателерді тапқан немесе қызметкердің қате тапқаны туралы баянатын алған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган қателерді кейінгі тұрғын үй төлемдерін аударуды реттеу арқылы түзетеді. Кейінгі тұрғын үй төлемдерін аударуды реттеу арқылы қатені түзету мүмкін болмаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган банкке осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қате аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтару туралы өтініш жасайды. Қате аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтару туралы өтінішке осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемдерін алған қызметкердің жеке арнайы шотынан қате есепке жатқызылған соманы есептен шығаруға келісім беру туралы өтініші қоса беріледі.
43. Қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемдерін қайтару туралы өтініште: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның атауы және деректемелері (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), банктік сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), қайтару себебі, қателерге жол берілген төлем құжаттарының деректемелері (№, күні және сомасы), сондай-ақ жеке арнайы шотынан кері қайтару жүргізілетін алушының деректемелері және қайтарылуға тиіс жеке сомалар көрсетіледі. Өтінішке сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган басшысының немесе ол анықтаған тұлғаның және бас бухгалтердің қолы қойылып, мөрмен куәландырылуға тиіс.
44. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемдерін қайтаруға арналған өтініші түскен кезде банк өтінішті алған күннен бастап операциялық он күн ішінде:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның хатында көрсетілген тұрғын үй төлемдерінің қате түсу фактісін тексереді;
2) қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемдерінің расталған түсімдері бойынша қайтару фактісінің болмауын тексереді;
3) оның жеке арнайы шотына қате түскен ақшаны банктің есептен шығаруына бенефициардың келісімінің болуын тексереді;
4) қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға қайтаруды жүзеге асырады немесе себептерін негіздей отырып, мұндай қайтарудың мүмкін еместігі туралы хабарлайды.
45. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға қызмет көрсететін банк электрондық төлем тапсырмаларын ресімдеген кезде қате жіберген жағдайда банк "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жіберілген қателерді реттеу бойынша шаралар қабылдайды.
46. Банктің кінәсі бойынша қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемдері сомаларын қайтаруға арналған өтініште: атауы мен бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), банктік сәйкестендіру коды (БСК), төлем құжаттарының көшірмелері, өткізу күні және қайтару себебі көрсетіледі. Өтінішке сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган басшысының немесе ол анықтаған тұлғаның және бас бухгалтердің қолы қойылып, мөрмен куәландырылуға тиіс.
47. Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі банктен тұрғын үй төлемдерінің қате есепке жатқызылған сомасы түскен күннен бастап операциялық үш күн ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемдерін қайтару туралы хабарлайды.
48. Қызметкердің жеке арнайы шотында қаражат болмаған жағдайда қызметкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган басшысының, ал ол болмаған кезде оның міндетін атқаратын адамның бұйрығының негізінде ағымдағы жылы заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның кассасына не кейіннен қалпына келтіру үшін екінші деңгейдегі банк арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік шотына, өткен жылдардағы төлемдер бойынша – тиісті бюджет кірісіне аудару үшін қалпына келтіреді.
49. Қызметкер заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтарудан бас тартқан немесе қасақана жалтарған жағдайда өтеп алу сот тәртібімен жүргізіледі.
__________________________________________
бойынша ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің есебі
(сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме)
Р/с № | Құрылымдық бөлімшенің атауы | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Төлемдер басталған күні | Үміттеніп отырған тұрғынжайдың алаңы (2-қосымшаның 8-бағанынан) | Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша өңірдегі тұрғынжайдың 1 шаршы метрін жалдау құны (теңгемен) | Айына төлем сомасы (4-баған*5-баған) (теңгемен) |
---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Қызметкер бойынша жиыны | ||||||
Мемлекеттік мекеме бойынша жиыны |
Мемлекеттік мекеменің басшысы_______________ _______________________ (қолы) (тегі, аты жөні) Қаржы бөлімшесінің бастығы _______________ _______________________ (қолы ) (тегі, аты жөні)
20 ___ жылғы "__" _________
Ескертпе:
1) ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің есебін мемлекеттік мекеменің қаржы бөлімшесі толтырады;
2) 1-5-бағандардағы мәліметтерді осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекеменің кадр қызметі ұсынады.
Қызметкер алуға үміттеніп отырған тұрғынжай алаңының есебі
Р/с № | Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Заңның 101-1-бабының талаптарына сәйкес қызметкер, оның ішінде отбасы мүшелері үшін тұрғынжайдың пайдалы алаңының нормасы (ш.м.) | Тұрғын үйдің іс жүзіндегі (бар) пайдалы алаңы (ш.м) | Үміттеніп отырған тұрғынжайдың алаңы 3-баған – 4-баған (ш.м.) | |||
---|---|---|---|---|---|---|---|
барлығы (5-баған+ 7-баған) | қызметкер | отбасы мүшелері | |||||
туыстық дәрежесі | алаң көлемі | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Кадр қызметінің басшысы _______________ _______________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
20 ___ жылғы "__" _________
Ескертпе: қызметкер алуға үміттеніп отырған тұрғынжайдың алаңы туралы мәліметті мемлекеттік мекеменің кадр қызметі толтырады.
Баянат
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
байланысты мені қызмет өткеріп жатқан өңірде тұрғынжайға мұқтаж деп танып, тұрғын үй төлемдерін тағайындауды сұраймын.
Отбасы құрамы:
(бірге тұрып жатқан отбасы мүшелері болған жағдайда көрсетіледі *)
№ | Қызметкердің және оның отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | ЖСН | Туыстық дәрежесі |
* отбасы мүшелері:
1) зайыбы немесе жұбайы;
2) ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің баласы (балалары);
3) ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болған он сегіз жастан асқан баласы (балалары).
Қосымша: құжаттар _____ парақта.
Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушы туралы анықтама (қызметкердің жеке ісіне тігу үшін)
______________________________________________________________________
(қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Тұрғын үй комиссиясының 20 _ жылғы "__" _______ №____ хаттамасымен және_________________________бұйрығымен
(мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы, күні, бұйрық нөмірі)
20 ____ жылғы "____"______________________ бастап тұрғынжайға мұқтаж деп танылды.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 44-2) тармақшасына сәйкес осы қызметкер тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылады.
Ағымдағы тұрғын үй төлемдері______________ теңгені құрайды.
Тұрғынжайға мұқтаж деп танылған отбасы мүшелері туралы мәліметтер:
Р/с № | Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Қызметкердің отбасы мүшелері | Туған күні | Тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күні | Туыстық дәрежесін растайтын құжат |
---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Кадр қызметінің басшысы ______________ ___________________________ (қолы) (тегі, аты-жөні)
20 ___ жылғы "__" _________
Ескертпе: осы анықтаманы қызметкер қызмет өткеріп жүрген бөлімшенің кадр қызметі толтырады және оның басшысы қол қояды.
____________________________________________________________________
(мемлекеттік мекеменің атауы)
Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушы туралы анықтама (банкке ұсыну үшін)
_______________________________________________________________________
(Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Тұрғын үй комиссиясының 20___жылғы"____" _________ №____
хаттамасымен 20____ жылғы "____"_____ бастап тұрғынжайға мұқтаж деп танылды.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 44-2) тармақшасына сәйкес осы қызметкер тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылады.
Ағымдағы тұрғын үй төлемдері______________ теңгені құрайды.
Мемлекеттік мекеменің басшысы ____________ ______________________ (қолы) (тегі, аты-жөні)
20 ___ жылғы "__" ____________
М.О.
___________________________________________________________________
бойынша (мемлекеттік мекеменің атауы)
ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі
Р/с № | Бөлімшенің атауы | Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Отбасы құрамы |
Үміттеніп отырған тұрғынжай алаңы (2-қосымшаның 8-бағанынан) (ш.м.) | |
---|---|---|---|---|---|
отбасы мүшелері | адам саны, оның ішінде қызметкер | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Қызметкер бойынша жиыны | |||||
Мемлекеттік мекеме бойынша жиыны |
Мемлекеттік мекеменің басшысы ____________ ______________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
Тұрғын үй комиссиясының төрағасы ____________ _____________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
Кадр қызметінің басшысы ____________ ______________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
20 ___ жылғы "__" ____________
Ескертпе: ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімін қызметкер қызмет өткеріп жүрген мемлекеттік мекеменің кадр қызметі толтырады.
Баянат
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
байланысты сізден _____________________________________________________
(тұрғын үй комиссиясының атауы)
_________________________________________________________________________
тұрғын үй комиссиясының 2020 жылғы " " ________________________ хаттамасына (күні) (айы) сәйкес тұрғын үй комиссиясының шешімімен тағайындалған ағымдағы тұрғын үй төлемдеріне қайта есептеуді сұраймын.
Отбасы құрамы:
(бірге тұрып жатқан отбасы мүшелері болған жағдайда көрсетіледі *)
№ | Қызметкердің және оның отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | ЖСН | Туыстық дәрежесі |
* отбасы мүшелері:
1) зайыбы немесе жұбайы;
2) ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің баласы (балалары);
3) ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болған он сегіз жастан асқан баласы (балалары).
Қосымша: құжаттар _____ парақта.
_________________
(қолы, күні)
Тұрғын үй төлемдері туралы шарт
Бұдан әрі "банк" деп аталатын ______________ банкінің атынан _____________ негізінде әрекет ететін ____________, бұдан әрі мемлекеттік мекеме деп аталатын _____________________ негізінде әрекет ететін "________________" мемлекеттік мекемесінің атынан ____________________________ және бұдан әрі "алушы" деп аталатын_________________________ берген №_________ жеке куәліктің негізінде әрекет ететін алушы__________________ бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20__ жылғы "__" _______ №___ қаулысымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде төмендегі туралы осы шартты (бұдан әрі – шарт) жасасты:
1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тұрғын үй төлемдері – тұрғын үй төлемдерін алушыларға қызметтік тұрғынжай берудің орнына, сондай-ақ Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайларда бюджет қаражаты есебінен арнайы ақшалай қамтамасыз ету түрінде төленетін, өңірлер және отбасы құрамы бойынша сараланған ақша;
2) жеке арнайы шот – тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызу және белгіленген мақсаттарға төлемдерді жүзеге асыру үшін алушыға банкте ашылатын ағымдағы банктік шот.
2. Шарттың нысанасы
2.1. Алушы анықтаманы (Қағидаларға 5-қосымша), мемлекеттік мекеме мен алушы қол қойған шартты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес ағымдағы шотты ашу үшін қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін Банк алушының тұрғын үй төлемдерін алуы үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде ашылған мемлекеттік мекеменің тиісті шотынан алушыға теңгемен жеке арнайы шот (бұдан әрі – шот) ашады.
2.2. Мемлекеттік мекеме тұрғын үй төлемдері ретінде көзделген ақшаны алушының банкте ашылған шотына аударады.
2.3. Алушы тұрғын үй төлемдерін Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарда пайдаланады.
2.4. Банк алушының шотынан тұрғын үй төлемдерін аударуды оның нұсқауы негізінде жүзеге асырады. Төлем құжатында Заңның 101-5-бабында көзделген оларды пайдалану мақсаттары көрсетіледі
2.5. Шот ашуды, жабуды, жүргізуді, сондай-ақ шот бойынша операциялар жүргізуді банк, мемлекеттік мекеме және алушы "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 31 тамыздағы 2016 жылғы № 207 қаулысына, банктің ішкі құжаттарына және шартқа сәйкес жүзеге асырады".
3. Шотты жүргізу
3.1. Банк шот бойынша мынадай операцияларды жүзеге асырады және оған қызмет көрсетуге байланысты банк қызметтерін көрсетеді:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде ашылған мемлекеттік мекеменің тиісті шотынан қолма-қол ақша емес жолымен келіп түсетін тұрғын үй төлемдерін теңгемен шотқа есептейді;
2) осы шарттың 2.4-тармағына сәйкес шоттан ақшаны аударуды жүзеге асырады;
3) осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес шот бойынша операцияларды тоқтата тұруды жүргізеді;
4) алушының жазбаша келісімімен оның талабы бойынша мемлекеттік мекемеге, сондай-ақ алушыға шотта қалған ақша туралы және/немесе ақшаның шот бойынша қозғалысы туралы анықтамалар береді;
5) осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік мекеме қате аударған ақшаны шоттан қайтаруды жүргізеді.
Осы тармақта көрсетілмеген операцияларды банк шот бойынша өткізбейді.
3.2. Банк шоттан қолма-қол ақшаны бермейді.
3.3. Осы Шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік мекеме қате аударған ақшаны шоттан қайтару кезіндегі комиссияларға шығындарды қоспағанда, шот ашу, оған қызмет көрсету және ол бойынша жүргізілетін операциялар үшін комиссияларды алушы төлем күні қолданыста болған банктің тарифтеріне сәйкес банк кассасына төлеу жолымен дербес төлейді. Мұндай жағдайда мемлекеттік мекеме қате аударған ақшаны шоттан қайтару кезіндегі комиссияларға жұмсалатын шығындар мемлекеттік мекеменің есебінен банктің ағымдағы шотына аудару жолымен жүргізіледі.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4.1. Мемлекеттік мекеме Қағидалар мен осы шартқа сәйкес алушының шотына тұрғын үй төлемдерін аударуға міндеттенеді.
4.2. Мемлекеттік мекеменің қате аударылған тұрғын үй төлемдерін осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіппен кері қайтарып алуға құқығы бар.
4.3. Алушы:
1) тұрғын үй төлемдерін Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға бағыттауға;
2) отбасы құрамы өзгерген жағдайда бұл туралы азаматтық хал актілерін тіркеген және заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті куәлікті алған күннен бастап 10 (он) күннен аспайтын мерзімде, сондай-ақ он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болған балаларды қоспағанда, балалардың кәмелеттік жасқа толған күнінен бастап мемлекеттік мекемеге хабарлауға;
3) тұрғынжайға мұқтаж мәртебесінен айырылған, сондай-ақ Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алынатын тұрғынжайдың жалға алу төлемдері үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаған кезде бұл туралы тұрғынжайға мұқтаж мәртебесінен айырылған және осы міндеттемелер орындалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік мекемені хабардар етуге;
4) шоттан ақша алушымен шартты бұзған жағдайда мақсатына қарай пайдаланылмаған ақшаны шотқа қайтару бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
4.4. Алушы:
1) шотта пайдаланылмаған тұрғын үй төлемдерінің сомаларын жинақтауға;
2) қайда қызмет өткеріп жатқанына қарамастан, Қазақстан Республикасының кез келген өңірінде тұрғын үй төлемдерін олардың мақсаты бойынша пайдалануға;
3) мемлекеттік мекеме мен банктің келісімімен тұрғын үй төлемдерінің пайдаланылмаған сомаларын осы шартқа қосымша келісім жасау арқылы бір банктен басқасына аударуға құқылы.
4.5. Банк алушының операциялары бойынша құпиялылыққа кепілдік береді.
4.6. Осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес алушы банкке алушының қосымша келісімінсіз (акцептісіз) мемлекеттік мекеме заңсыз немесе артық аударған ақшаны шоттан есептен шығару құқығын береді.
4.7. Алушы өз деректерінің (жеке басын куәландыратын құжаттарының деректері, ЖСН, тұратын мекенжайы, телефон нөмірі, e-mail электрондық мекенжайы, факс нөмірі және банкке жолданған құжаттардағы басқа да мәліметтерінің) өзгергені туралы банкке олар өзгерген сәттен бастап 5 (бес) күннен кешіктірмей жазбаша хабарлауға міндеттенеді.
5. Есеп айырысу тәртібі
5.1. Тұрғынжайға мұқтаж деп танылған әрбір алушы тұрғын үй төлемдеріне арналған шотты өз бетінше ашады және оған қызмет көрсетеді.
6. Дауларды шешу тәртібі
6.1. Осы шарт бойынша тараптар арасында туындаған даулардың барлығы келіссөздер арқылы 10 (он) жұмыс күні ішінде шешіледі.
6.2. Тараптар келіссөздер жүргізу арқылы келісімге келмеген кезде, даулар мүдделі тараптың бастамасымен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген сот тәртібімен қаралады.
7. Қосымша шарттар
7.1. Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар олар жазбаша түрде жасалған және Тараптар қол қойған жағдайда жарамды.
7.2. Осы шарт Тараптардың келісімімен ғана бұзылуы мүмкін.
7.3. Осы Шарт Заңның 101-4-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік мекеменің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.
7.4. Осы шарт заңдық күші бірдей, әрбір Тарапқа бір-бірден үш данада жасалды.
7.5. Осы шарт оған Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
7.6. Осы шарттың талаптары құпия болып табылады.
8. Тараптардың жауапкершілігі. Жауапкершілікті алып тастау
8.1. Тараптар осы шарт бойынша өздеріне алған міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, сондай-ақ Тараптардың келісімінсіз мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
8.2. Кез келген жағдайларда шарттың талаптары бұзылған кезде банктің жауапкершілігі банктің заңсыз әрекетімен/әрекетсіздігімен алушыға келтірілген нақты залалдың мөлшерімен шектеледі.
8.3. Алушы шот бойынша үзіндіде көрсетілген шот бойынша операцияларды даулау туралы өтінішті мұндай операцияны жүргізу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде беруге құқылы.
9. Тұрғын үй төлемдері бойынша төлемдерді аудару кезінде қателер анықталған жағдайда алушының, мемлекеттік мекеменің және банктің іс-қимыл тәртібі
9.1. Алушы тұрғын үй төлемдерінің сомалары туралы мәліметтерді алған кезде шотта төленген тұрғын үй төлемдерінің жекелеген сомаларының жоқ екенін анықтағаннан кейін мемлекеттік мекеменің басшысына қатенің (заңсыз немесе артық аударылған және (немесе) аударылмаған тұрғын үй төлемдерінің) (бұдан әрі – қате аударылған) табылғандығы туралы және тиісті мәліметтер алу және жіберілген қателерді түзету шараларын қабылдау үшін оған кез келген уақытта банкке тұрғын үй төлемдерін аудару туралы төлем құжаттарының көшірмелерін және төлем құжаттарына қоса берілетін жеке тұлғалардың тізімдерінен жеке өзіне қатысты үзіндіні беру туралы жазбаша өтініш жібереді.
9.2. Мемлекеттік мекеме қате анықтаған немесе алушының тұрғын үй төлемдерінің сомаларын аудару кезінде жіберілген қателердің анықталғаны туралы жазбаша өтінішін алған жағдайда қателерді мемлекеттік мекеме тұрғын үй төлемдерінің кейінгі аударымдарын реттеу арқылы түзетеді. Тұрғын үй төлемдерін кейінгі аударуды реттеу арқылы қателерді түзету мүмкін болмаған кезде мемлекеттік мекеме қате аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтару туралы өтінішпен банкке жүгінеді. Қате аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтару туралы өтінішке қате аударылған тұрғын үй төлемдерін алған алушының қате есепке жатқызылған сомаларды оның шотынан есептен шығаруға келісетіні туралы өтініші қоса беріледі.
9.3. Қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемдерінің сомаларын қайтаруға арналған өтініште: мемлекеттік мекеменің атауы мен деректемелері (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), банктік сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), қайтару себебі, қате жіберілген төлем құжаттарының деректемелері ( № , күні және сомасы), сондай-ақ шотынан қайтару жүргізілетін алушының деректемелері және қайтарылуға тиіс жеке сомалар көрсетіледі. Өтінішке мемлекеттік мекеменің басшысы, қаржы бөлімшесінің бастығы (бас бухгалтер) қол қоюға және ол мөрмен расталуға тиіс.
9.4. Қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемдерін қайтаруға мемлекеттік мекеменің өтініші түскен кезде банк өтінішті алған күннен бастап он операциялық күн ішінде:
1) мемлекеттік мекеменің хатында көрсетілген қате тұрғын үй төлемдерінің түсу фактісін тексереді;
2) қате есеп жатқызылған тұрғын үй төлемдерінің расталған түсімдері бойынша қайтарымдардың болмау фактісін тексереді;
3) банктің өз шотына қате түскен ақшаны есептен шығаруына бенефициардың келісімінің болуын тексереді;
4) қате есеп жатқызылған тұрғын үй төлемдерін мемлекеттік мекемеге қайтаруды жүзеге асырады немесе себептерін негіздей отырып, мұндай қайтарудың мүмкін еместігі туралы хабарлайды.
9.5. Электрондық төлем тапсырмаларын ресімдеу кезінде мемлекеттік мекемеге қызмет көрсететін банк қатеге жол берген жағдайда банк жіберілген қателерді "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеу жөнінде шаралар қабылдайды.
9.6. Алушының шотында қаражат болмаған жағдайда алушы мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығы негізінде мемлекеттік мекеменің бюджеттік шотына кейіннен қалпына келтіру үшін мемлекеттік мекеменің кассасына заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемдерін қалпына келтіреді.
Бұл ретте заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемдерін мемлекеттік мекеменің бюджеттік шотына қалпына келтіру үшін комиссияны төлем күні қолданыста болған банктің тарифтеріне сәйкес алушы төлейді.
9.7. Алушы заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтарудан бас тартқан немесе қасақана жалтарған жағдайда өтеу сот тәртібімен жүргізіледі.
10. Әртүрлі
10.1. Шоттың құқықтық режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленеді.
10.2. Шарт оған сәйкес шот жабылғанға дейін қолданылады.
10.3. Шотты жабу Тараптардың келісімі бойынша жүргізіледі.
10.4. Осы арқылы алушы банктің мемлекеттік мекемеге шартта көзделген тәртіппен және шарттарда шот нөмірі, шот бойынша ақша қозғалысы, шотты жабу туралы ақпаратты және өзге де мәліметтерді беруіне өз келісімін береді.
11. Шартты өзгерту тәртібі
11.1. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісімге қол қою арқылы енгізіледі.
12. Форс-мажор
12.1. Осы шарт бойынша міндеттемелерді орындамау күтпеген жағдайлардың, атап айтқанда: орындауға тікелей әсер еткен қауіпті табиғи құбылыстар, өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, эпидемия, соғыс іс-қимылдары салдарынан болса, Тараптар шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
13. Тараптардың орналасқан жері мен төлем деректемелері
Мемлекеттік мекеме: |
Банк: |
Алушы: |
Қызметкерлердің тұрғын үй төлемдері және жеке арнайы шоттары туралы шарттарды тіркеу журналы
Р/с № | Тіркеу күні | Тұрғын үй төлемдерін алушы қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Тұрғын үй төлемдері туралы шарт |
Банктің атауы | Қызметкердің жеке арнайы шотының нөмірі | |
---|---|---|---|---|---|---|
күні | № | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
20 ___ жылғы "___" __________ _____________________________ (қала, ауыл)
Ескертпе: Қызметкерлердің тұрғын үй төлемдерін және жеке арнайы шоттары туралы шарттарды тіркеу журналын мемлекеттік мекеменің қаржы бөлімшесі толтырады.
Тұрғын үй төлемдерін алушының № _________ талдамалық есепке алу карточкасы
ЖСН _______________________ | |
Жеке арнайы шоттың нөмірі | |
___________________________ | |
Банктің атауы________________ | |
___________________________ |
______________________________________________________________________
(қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
тұрғын үй комиссиясының 20__ жылғы "__" ________ №__________ хаттамасымен және _________________________________________________________________
(мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы, күні, бұйрық нөмірі)
бұйрығымен:
1) 20_____ жылғы "___" ____________ бастап тұрғынжайға мұқтаж деп танылды;
2) ағымдағы тұрғын үй төлемдері ________________ теңгені құрайды;
(сома)
келесі беті |
Р/с№ | Кезең | Басындағы сальдо (теңгемен) | Бір айда есепке жазылды (теңгемен) | Аударылды | Соңындағы сальдо | ||
---|---|---|---|---|---|---|---|
Сома (теңгемен) | төлем құжатының нөмірі, күні | төлем құжатының сомасы | |||||
1 | 2 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Қаңтар | ||||||
2 | Ақпан | ||||||
3 | Наурыз | ||||||
4 | Сәуір | ||||||
5 | Мамыр | ||||||
6 | Маусым | ||||||
7 | Шілде | ||||||
8 | Тамыз | ||||||
9 | Қыркүйек | ||||||
10 | Қазан | ||||||
11 | Қараша | ||||||
12 | Желтоқсан | ||||||
Жиыны | 0 | 0 | х | х |
Мемлекеттік мекеменің басшысы ____________ ______________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
Қаржы бөлімшесінің басшысы ____________ ______________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
Кадр қызметінің басшысы ____________ ______________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
20 ___ жылғы "___" __________
Ескертпе: тұрғын үй төлемдерін алушының талдамалық есепке алу карточкасын мемлекеттік мекеменің қаржы бөлімшесі толтырады.
Мемлекеттік мекеменің тұрғын үй төлемдерінің қате аударылған сомаларын қайтару туралы өтініші
1. Тұрғын үй төлемдерін төлеушінің деректемелері
1.1 ________________________________________________________
(мемлекеттік мекеменің атауы)
1.2. БСН ___________________________________________________
1.3. БИК____________________________________________________
1.4. ЖСК___________________________________________________
2. Қате аударылған төлем тапсырмасының деректемелері
2.1. № ______________________________________________________
2.2. 20____ жылғы "___" _____________ № ______________________
2.3 Төлем тапсырмасының жалпы сомасы________________________
3. Тұрғын үй төлемдерін алушы қызметкердің деректемелері
3.1 Тегі _____________________________________________________
3.2 Аты _____________________________________________________
3.3 Әкесінің аты (бар болса) ___________________________________
3.4 Туған күні _______________________________________________
3.5 ЖСН ____________________________________________________
3.6 Жеке арнайы шотының нөмірі ______________________________
3.7 Тұрғын үй төлемдерін алушының төлем сомасы _______________
3.8 Қайтарылуға тиіс сома _____________________________________
4. Қайтару себебі _____________________________________________
____________________________________________________________
(қайтаруды талап ететін себеп көрсетілсін, мысалы, қызметкер жұмыстан шығарылды, механикалық қате, банктің қатесі және т.б..)
Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргізуді сұраймыз:
Мемлекеттік мекеме _________________________________________
БСН _______________________________________________________
БИК _______________________________________________________
ЖСК ______________________________________________________
5. Мемлекеттік мекеменің басшысы_____________________________
(тегі, аты-жөні, қолы)
6. Қаржы бөлімшесінің басшысы________________________________
(тегі, аты-жөні, қолы)
7. Бас бухгалтер______________________________________________
(тегі, аты-жөні, қолы) М.О.
Тұрғын үй төлемдерін алушының жеке арнайы шотынан қате есептелген сомаларды есептен шығаруға келісімі туралы өтініш
Мен, ________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні)
ЖСН_____________________________ __________ менің жеке арнайы шотыма
_____________________________________________ көлемінде (сома жазбаша)
(қате есептелген тұрғын үй төлемдерін бірнеше төлем тапсырмалары бойынша қайтару қажет болған жағдайда әр төлем тапсырмасына қайтарылуы тиіс сомалар бөлек көрсетіледі) қате аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтаруға келісім беремін.