Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіт

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 872 қаулысы.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 101-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қарашадан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 872 қаулысымен
бекітілген

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 101-1-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) тұрғын үй төлемдері – тұрғын үй төлемдерін алушыларға қызметтік тұрғынжай берудің орнына, сондай-ақ Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайларда бюджет қаражаты есебінен арнайы ақшалай қамтамасыз ету түрінде төленетін, өңірлер және отбасы құрамы бойынша сараланған ақша.

      2) ағымдағы тұрғын үй төлемдері – тұрғынжайға мұқтаж деп танылған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне (бұдан әрі – қызметкерлер) осы тармақтың 6) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянатты тіркеген күннен бастап ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелетін төлемдер;

      3) жеке арнайы шот – тұрғын үй төлемін алушылар тұрғын үй төлемін есепке жатқызу және төлемді Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға жүзеге асыру үшін өз таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банкте (бұдан әрі – банк) ашатын ағымдағы банктік шот;

      4) тұрғынжайдың пайдалы алаңы – тұрғынжайдың тұрғын алаңы мен тұрғын емес алаңының жиынтығы;

      5) тұрғын үй комиссиясы – қызметкерлерді тұрғынжайға мұқтаж деп тану, тұрғын үй төлемдерін тағайындау мәселелерін және тұрғын үй қатынастары бойынша басқа да мәселелерді қарау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган басшысының, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін орындайтын адамның шешімімен құрылатын комиссия. Тұрғын үй комиссиясы туралы ережені және оның құрамын осы Қағидаларда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органының басшысы, ал ол болмаған жағдайда, оның міндетін орындайтын тұлға бекітеді;

      6) қызметкерге тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін оны тұрғынжайға мұқтаж деп тану күні – осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, тұрғын үй комиссиясы қызметкерді тұрғынжайға мұқтаж деп тану және оған тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы шешім шығарған жағдайда қызметкердің оны тұрғын үйге мұқтаж деп тану және тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы баянатының тіркелген күні.

      2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Заңның 74-бабының 2-2-тармағында көзделген мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімінде тұрған, 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша және осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес тұрғын үй комиссиясының шешімі шығарылған кездегі Заңның 101-3-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін қызметкер 2020 жылғы 1 қарашадан бастап тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.09.2022 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Тұрғын үй төлемін алушыларға Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайда алатын қызметкерлер, сондай-ақ қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкерлердің отбасы мүшелері жатады.

      Қызметкерлердің тұрғын үй төлемін пайдалану арқылы тұрғынжайды жеке меншікке сатып алу құқығы бір рет жүзеге асырылады.

      Егер ерлі-зайыптының екеуі де Заңның 13-1-тарауында көрсетілген қызметкер және (немесе) әскери қызметші болып табылса, тұрғын үй төлемі ерлі-зайыптылардың таңдауы бойынша олардың біреуіне жүргізіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.09.2022 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қызметкерді Заңның 101-3-бабында белгіленген тәртіппен тұрғынжайға мұқтаж деп тану оған тұрғын үй төлемдерін тағайындауға негіз болып табылады.

      5. Жүктілігі және босануы, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуы бойынша қосымша демалыстарда, іссапарда, оқуда, емделуде болған қызметкерлерге тұрғын үй төлемдері жалпы негіздерде жүзеге асырылады.

      6. Қызметкердің отбасы мүшелеріне жататын адамдарды айқындау Заңның 101-10-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Тұрғын үй төлемдерін алушылар деп танылған қызметкерлерді есепке алуды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның кадр қызметтері (бұдан әрі – кадр қызметі) жүргізеді.

      8. Тұрғын үй төлемдерін алушыларға төленуге тиіс соманы есептеуді кадр қызметінің жасаған тізімдері негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қаржы бөлімшесі (бұдан әрі – қаржы бөлімшесі) жүргізеді.

      9. Тұрғын үй төлемдерінің нақты сомасы тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін қызметкер тұрғынжайға мұқтаж деп танылған сәттен бастап есептеледі.

      10. Тұрғын үй төлемдері қатаң нысаналы мақсатта болады және қызметкер оны Заңның 101-5-бабында көзделмеген мақсаттарға пайдалана алмайды.

      11. Тұрғын үй төлемдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган тұрғын үй төлемдерін алушының жеке арнайы шотына аударудан басқа мақсатқа пайдалана алмайды.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жоспарлаған, бірақ ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша пайдаланбаған тұрғын үй төлемдерінің сомасы жойылады.

      12. Қаза табуына (қайтыс болуына) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына немесе қайтыс болды деп жариялануына байланысты қызметкерді жеке құрам тізімінен алып тастаған жағдайда оның отбасы мүшелері, ал олар болмаған жағдайда мұрагерлері оның жеке арнайы шотындағы тұрғын үй төлемдерін Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға пайдалануға құқылы. Бұл ретте мұндай қызметкердің жеке арнайы шоты тұрғын үй төлемдері толық пайдаланылғаннан кейін жабылады.

2-тарау. Тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу тәртібі

      13. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшері қызметкер қызмет өткеріп жатқан Қазақстан Республикасының тиісті өңірінде абаттандырылған тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалға алудың құнын тұрғынжайдың алаңына көбейту арқылы есептеледі. Тұрғынжай алаңы қызметкердің өзін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің әрқайсысына он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен айқындалады.

      14. Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі абаттандырылған тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалға алу құнының мөлшері мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған ағымдағы жылғы қаңтардағы жағдай бойынша деректеріне сәйкес белгіленеді.

      Абаттандырылған тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалға алу құнының мөлшері әрбір қаржы жылының басында белгіленеді және өзгерту мен түзетуге жатпайды.

      15. Елді мекен бойынша статистикалық деректер болмаған жағдайда абаттандырылған тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалға алу құнының мөлшері – аудан орталығының статистикалық деректері бойынша, ал аудан орталығында статистикалық деректер болмаған жағдайда облыс орталығының статистикалық деректері бойынша белгіленеді.

      16. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелеріне тұрғын үй төлемі біржолғы ақшалай өтемақы түрінде жүргізіледі. Біржолғы ақшалай өтемақы мөлшері қаза тапқан кездегі қызметкердің өзін қоса алғанда, оның отбасы құрамына сәйкес келетін пайдалы алаң нормасын мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемінің сомасы шегеріліп, өз интернет-ресурсында жарияланатын ағымдағы жылғы қаңтардағы деректерге сәйкес қызметкер қызмет өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі жаңа тұрғынжайды сатудың бір шаршы метрінің бағасына көбейту арқылы айқындалады.

      Осы тармақта көзделген біржолғы ақшалай өтемақының мөлшерін есептеу үшін елді мекен бойынша статистикалық деректер болмаған жағдайда, бір шаршы метр үшін баға аудан орталығының статистикалық деректері бойынша, ал аудан орталығы бойынша статистикалық деректер болмаған жағдайда – облыс орталығының статистикалық деректері бойынша айқындалады.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.09.2022 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметкердің қаза табуы (қайтыс болуы):

      1) өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізген жағдайларды қоспағанда, өзіне-өзі қол жұмсауы салдарынан;

      2) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде;

      3) алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық (сол тектес) масаң күйге ұшырататын заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну салдарынан;

      4) біржолғы өтемақы алу немесе қызметтен жалтару мақсатында өзіне-өзі қандай да бір дене жарақатын (өзінің дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өзінің денсаулығына өзге де зақым келтіру салдарынан болғаны дәлелденсе, осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген біржолғы ақшалай өтемақы төленбейді.

      Қызметкерлердің қызмет өткеру кезеңінде қаза табуының (қайтыс болуының) және қызмет өткеру кезеңінде науқастануының себепті байланысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.09.2022 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Қызметкер үміттеніп отырған тұрғынжай аумағының есебі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айқындалады.

3-тарау. Тұрғын үй төлемдерін тағайындау тәртібі 1-параграф. Тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін құжаттарды қарау

      19. Тұрғынжайға мұқтаж деп тану және тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін қызметкер тұрғын үй комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес отбасы құрамы туралы мәліметтерді көрсете отырып, тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына, ал ол болмаған жағдайда, тұрғын үй комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы тұлғаның атына өзін тұрғынжайға мұқтаж деп тану және тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы баянат;

      2) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған, қызметкердің және оның отбасы мүшелерінің осы елді мекенде меншік құқығында тиесілі тұрғынжайының жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;

      3) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған, мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырылған жалдаушы бойынша (қызметкерде және (немесе) оның отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрақты пайдалануға берілген тұрғынжайдың болуы немесе болмауы туралы) ақпарат;

      4) жұбайының (зайыбының) жұмыс орнынан (бұрынғы жұмыс орнынан), оның ішінде жұбайы (зайыбы) мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның жұмыскері болып табылатын (бұрын болған) жағдайда баянат тіркелген күнге дейін бір ай ішінде алынған Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алмағаны туралы мәліметтер қамтылған анықтама.

      Егер жұбайы (зайыбы) арнаулы мемлекеттік органның, ішкі істер органдарының қызметкері немесе әскери қызметші болып табылса (бұрын болса), анықтамада оның қызметтік тұрғынжайды өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алмағаны туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Егер жұбайы (зайыбы) арнаулы мемлекеттік органның, ішкі істер органдарының қызметкері немесе әскери қызметші болып табылса, анықтамада оған Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй төлемі төленбейтіні туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Егер жұбайы (зайыбы) арнаулы мемлекеттік органның, ішкі істер органдарының қызметкері немесе әскери қызметші болып табылса (бұрын болған), анықтамада оның қызмет орны бойынша төленген тұрғын үй төлемін пайдалану арқылы Қазақстан Республикасының аумағында тұрғынжайды меншігіне сатып алмағаны туралы мәліметтер көрсетіледі;

      5) егер бұрынғы қызмет өткеру орны бойынша қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілсе, бұрынғы қызмет орны бойынша қызметтік тұрғын үйді тапсырғаны туралы анықтама;

      6) ипотекалық ұйымның қызметкермен жасасқан негізгі міндеттемесі орындалмаған ипотекалық шарт туралы анықтамасы;

      7) қызметкердің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, оның ішінде балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

      8) неке қию (некені бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы туралы куәліктердің көшірмелері;

      9) отбасында бір үй-жайда (пәтерде) бірге тұру мүмкін болмайтын кейбір созылмалы аурулардың (денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен аурулардың тізімі бойынша) ауыр түрімен ауыратын мүшелері болған кезде денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы;

      10) бала кезінен мүгедектігі бар кәмелетке толған бала (кәмелетке толған мүгедектігі бар балалар) болған кезде мүгедектігін растайтын құжаттардың көшірмелері;

      11) осы Қағидалардың 39-тармағында көзделген жағдайларда тұрғын үй төлемдерін пайдаланғандығын растайтын құжаттардың көшірмелері;

      12) қызметкер тұрғынжайды сатып алған сәтте тұрғынжайға мұқтаж мәртебесі болған жағдайда Заңның 101-5-бабының 3) тармақшасында көзделген мақсаттарға бұрын жүргізілген шығыстарды растайтын құжаттардың көшірмелері;

      13) отбасы тұрып жатқан тұрғынжай белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, қызметкер санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының түпнұсқасын қосымша ұсынады;

      14) отбасы тұрып жатқан тұрғынжай белгіленген техникалық талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда қызметкер сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аттестатталған сарапшының техникалық қорытындысының (тұрғын үйді техникалық тексеру нәтижелері бойынша) түпнұсқасын қосымша ұсынады.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.09.2022 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Кадр қызметі қызметкердің баянаты тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады және тұрғын үй комиссиясының отырысына материалдарды дайындайды.

      Осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген қажетті құжаттар болмаған кезде кадр қызметі қызметкерге ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады. Қайтару себептері жойылған жағдайда қызметкер ұсынылған құжаттар қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кадр қызметіне қайта жүгінеді, бұл ретте баянат ол алғаш тіркелген күні берілген болып есептеледі.

      Құжаттарды пысықтауға қайтарғаннан кейін қызметкер оларды уақтылы ұсынбаған немесе ұсынбаған жағдайда, кадр қызметі ұсынылған құжаттарды қарамай, қызметкерге қайтарады. Бұл ретте қызметкер осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген тәртіппен өзін тұрғынжайға мұқтаж деп тану үшін қайта жүгінеді.

      21. Тұрғын үй комиссиясы баянат тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасымен ресімделетін осы Қағидалардың 2-тармағы 6) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, қызметкерді баянат тіркелген күннен бастап тұрғынжайға мұқтаж деп тану және оған тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы (тұрғын үй төлемдерінің есебін жасау үшін тұрғынжай алаңының мөлшерін және қызметкерді тұрғынжайға мұқтаж деп тану күнін көрсете отырып) немесе тұрғынжайға мұқтаж деп тануға және тұрғын үй төлемдерін тағайындауға негіздердің жоқ екендігі туралы шешім шығарады.

      22. Қызметкер Заңның 101-3-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ Заңның 101-3-бабының 3-тармағында көрсетілген негіздер болған кезде тұрғын үй комиссиясы қызметкерді тұрғынжайға мұқтаж деп танудан және оған тұрғын үй төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.09.2022 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. Хабарлама немесе тұрғын үй комиссиясының хаттамасынан үзінді қызметкердің назарына қол қойғыза отырып жеткізіледі және оның жеке ісіне тігіледі. Қажет болған жағдайда тұрғын үй комиссиясы отырыстары хаттамаларының көшірмелері және (немесе) олардан үзінділер қызметкердің жазбаша өтінішінің негізінде ғана беріледі.

      24. Қызмет өткеру орны бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай берілген қызметкерлерге тұрғын үй төлемдері жүргізілмейді.

      25. Тұрғын үй комиссиясы тұрғын үй төлемдерін тағайындауға арналған құжаттарды қарап және тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімін бекіткеннен кейін, қызметкер қызмет өткеріп жүрген бөлімшенің кадр қызметі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес анықтама түрінде оны тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін, сондай-ақ осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген құжаттарды қызметкердің жеке ісіне тігеді.

      Қызметкерге жеке арнайы шот ашу үшін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадр қызметі жасаған анықтама беріледі.

2-параграф. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімін және есебін жасау

      26. Тұрғын үй комиссиясы шешімінің негізінде кадр қызметі тұрғын үй комиссиясының төрағасы тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасына қол қойған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімін жасайды.

      27. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі негізінде қаржы бөлімшесі кадр қызметі осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген тізімді ұсынған күннен бастап бір ай ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің есебін дайындайды.

      28. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің есебін дайындаған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі және ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің есебі кадр қызметі дайындайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органы басшысының, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін орындайтын адамның бұйрығымен бекітіледі.

4-тарау. Тұрғын үй төлемдерін қайта есептеу

      29. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу:

      1) бала кезінен мүгедектігі бар адамды (адамдарды) қоспағанда, отбасы құрамы өзгерген, оның ішінде баласы (балалары) кәмелетке толған;

      2) осы Қағидалардың 39-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бір елді мекеннен басқа елді мекенге көшуіне байланысты қызмет орнын ауыстырған;

      3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ағымдағы жылғы қаңтардағы жағдай бойынша деректеріне сәйкес белгіленетін Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі абаттандырылған тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалға алу құны жыл сайын өзгерген кезде жүргізіледі.

      Осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу тұрғын үй комиссиясының шешімі және осы Қағидалардың 19-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес қызметкердің баянаты негізінде шығарылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган басшысының, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін орындайтын адамның бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган басшысының, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін орындайтын адамның бұйрығы негізінде жүргізіледі.

      Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.09.2022 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      30. Осы Қағидалардың 29-тармағында айқындалған жағдайда тұрғын үй төлемінің нақты сомасы оқиға іс жүзінде орын алған кезден бастап есептеледі.

      Бұл ретте қызметкер тұрғын үй комиссиясына осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген құжаттарды оқиға басталған күннен бастап үш айдан кешіктірмей ұсынады. Қызметкер құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған жағдайда ағымдағы тұрғын үй төлемін қайта есептеу ағымдағы тұрғын үй төлемінің мөлшерін қайта есептеу үшін берілген баянатты тіркеген күннен бастап жүзеге асырылады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.09.2022 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5-тарау. Тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру тәртібі

      31. Тұрғын үй төлеміне арналған жеке арнайы шотты тұрғынжайға мұқтаж деп танылған тұрғын үй төлемін алушы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтаманы қоса беріп, "Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген) көзделген тәртіппен дербес ашады.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.09.2022 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      32. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган, қызметкер және банк арасында осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй төлемдері туралы үшжақты шарт (бұдан әрі – шарт) жасалады.

      Шартқа сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган қызметкердің жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аударады, ал банк қызметкерге Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға сәйкес тұрғын үй төлемдеріне билік ету құқығын береді.

      Қаржы бөлімшесі осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шартты және қызметкердің жеке арнайы шотын қызметкерлердің тұрғын үй төлемдері туралы шарттарын және жеке арнайы шоттарын тіркеу журналына тіркейді.

      33. Қаржы бөлімшесі тұрғын үй төлемдерінің есепке жатқызылған және төленген сомалары бойынша осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй төлемдерін алушының талдамалық есеп карточкасында есепті жүзеге асырады.

      34. Ағымдағы тұрғын үй төлемдері қызмет өткеру орны бойынша ай сайын өткен ай үшін ағымдағы айда жүргізіледі. Желтоқсан айында ағымдағы ай үшін тұрғын үй төлемдері 25-і күнінен кешіктірілмей төленеді.

      Қызметке кіру және шығу айында ағымдағы тұрғын үй төлемдері нақты қызмет күндеріне пропорционалды түрде жүзеге асырылады.

      35. Қызметкер қызметтен ауысқан, босатылған кезде қаржы бөлімшесі талдамалық есеп карточкасының көшірмесін қоса бере отырып, ақша аттестатында өзіне жүргізілген тұрғын үй төлемдері туралы мәліметтерді көрсетеді.

      36. Арнайы жедел тапсырмаларды орындау үшін айрықша тәртіппен қызмет өткеретін және штаттық жасырын қызметкерлерге тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру тәртібін Заңның 101-1-бабының 1-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысы бекітеді.

      36-1. Тұрғын үй төлемін алушы жеке арнайы шоттағы ақшаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген тиісті шарт негізінде Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға ғана пайдаланады.

      Ескерту. 5-тарау 36-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.09.2022 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      36-2. Тұрғын үй төлемін пайдалану мынадай мақсаттар бойынша жүргізіледі:

      1) тұрғынжайды меншігіне, оның ішінде төлемді бөліп төлеумен немесе ипотекалық кредитті (қарызды) пайдаланып сатып алу – Қазақстан Республикасының азаматтық және тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй төлемін алушы мен сатушы арасында жасалған тұрғын үйді сатып алу-сату шарты негізінде.

      Бұл ретте төлемді бөліп төлеумен сатып алынатын тұрғынжайдың шаршы метрінің құны ағымдағы жылғы қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын деректерге сәйкес жайластырылған тұрғынжайды қайта сату құнынан аспауға тиіс;

      2) тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу – Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қызметкер мен жалға беруші арасында жасалған тұрғынжайды жалдау (жалға алу) шартының нотариат куәландырған көшірмесі негізінде;

      кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкер мен уәкілетті компания арасында жасалған кейіннен сатып алынатын тұрғынжайды жалға алу шарты негізінде;

      3) бұрын алынған ипотекалық кредитті (қарызды) өтеу – қызметкер тұрғын үй төлемі есебінен сатып алған тұрғын үйді сатып алу-сату шарты негізінде;

      4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кезінде жарна төлеу – Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасына сәйкес қызметкердің тұрғын үй құрылысына қатысу шарты негізінде;

      5) тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу кезінде жарна төлеу – Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес қызметкердің тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарты негізінде;

      6) қызметтен шығарылған адамдарды қоспағанда, "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатынан басқа талап етуге болмайтын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі жинақты толықтыру – Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт негізінде;

      7) "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсарту – тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тарау 36-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.09.2022 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      36-3. Осы Қағидалардың 36-2-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған шарттарды, егер уәкілетті компания көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жөніндегі міндеттемелерді орындамаған немесе мұндай міндеттемені тиісінше орындамаған жағдайда қызметкердің жеке арнайы шотына ақшаны қайтарып, қызметкердің бастамасы бойынша бұзуға жол беріледі.

      Ескерту. 5-тарау 36-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.09.2022 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      36-4. Тұрғын үй төлемін Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарда пайдалану фактісі бойынша қызметкер оқиға басталған күннен бастап бір айдан кешіктірмей тиісті растайтын құжаттарды қоса беріп, бұл туралы уәкілетті органға баянатпен хабарлайды.

      Ескерту. 5-тарау 36-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.09.2022 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      36-5. Қызметкер қызмет өткеру орны бойынша кадр бөлімшесіне жылына бір рет мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы отбасы құрамы бойынша алынған анықтама;

      2) жеке арнайы шот бойынша ақша қозғалысы туралы анықтама.

      Ескерту. 5-тарау 36-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.09.2022 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6-тарау. Тұрғын үй төлемдерін тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау тәртібі

      37. Заңның 101-4-бабында көзделген жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган басшысының, ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқаратын адамның бұйрығына сәйкес тұрғын үй төлемі:

      1) қызметкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органнан шығарылған жағдайда жеке құрам тізімінен шығарылған немесе ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесі болып табылмайтын бөлімшесіне ауыстырылған күннен бастап;

      2) қызметкер Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайдың жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемені орындамаған жағдайды қоспағанда, тұрғынжайға мұқтаж мәртебесінен айырылған күннен бастап;

      3) қызметкер қаза табуына немесе қайтыс болуына, заңда белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына немесе қайтыс болды деп жариялануына байланысты жеке құрам тізімінен шығарылған күннен бастап;

      4) қызметкердің тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына жазылған тұрғын үй төлемін алудан бас тарту туралы баянаты тіркелген күннен бастап.

      Бұл ретте тұрғын үй комиссиясы қызметкерге Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемені орындамаған жағдайда осы тармақшада көзделген негіз бойынша тұрғын үй төлемін тоқтатудан бас тартады;

      5) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында өзге де тұрғынжай сатып алған күннен бастап тоқтатылады, бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан аз үлестің болуы не мұраға қалдырылған меншік құқығындағы тұрғынжайдың пайда болуы есепке алынбайды.

      Қызметкердің жеке арнайы шоты жабылған кезде банк пайдаланылмаған қаражат қалдығын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның шотына қайтарады.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.09.2022 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      38. Қызметкер орнын ауыстырған кезде тағайындалған ағымдағы тұрғын үй төлемдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам шығаратын жеке құрам бойынша бұйрық күшіне енген күнінен бастап тоқтатыла тұрады және осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген тәртіппен қайта басталады.

      39. Тұрғын үй төлемін алушы қызметін одан әрі өткеру үшін басқа өңірге ауысқан жағдайда, егер онымен Заңның 101-5-бабының 1), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін тиісті шарт жасалса, ағымдағы тұрғын үй төлемінің мөлшері өзі қызмет өткерген бұрынғы өңір бойынша сақталады.

      Бұл ретте отбасы құрамы ұлғаю жағына өзгерген жағдайда отбасы құрамының ұлғаюына байланысты отбасы мүшесіне ағымдағы тұрғын үй төлемінің мөлшерін қайта есептеу қызметкер қызмет өткеретін өңірдегі сома негізінде жүзеге асырылады.

      Тұрғын үй төлемдері тұрғын үй комиссиясының шешімі және осы Қағидалардың 19-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды қоса беріп, қызметкер баянаты негізінде шығарылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган басшысының, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адамның бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

      Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша қызметкердің міндеттемелері болған кезде оның жеке арнайы шотындағы артық тұрғын үй төлемі тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеуді қоспағанда, жыл сайын тек көрсетілген міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге ғана жіберіледі.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.09.2022 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      40. Қызметкерге тұрғын үй төлемдері тоқтатылған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган банкке тұрғын үй төлемдерін тоқтатудың негіздемесін баяндай отырып, хат жолдайды.

7-тарау. Тұрғын үй төлемдері бойынша төлемдер аударылған кезде қате табылған жағдайда қызметкердің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның және банктің іс-қимыл тәртібі

      41. Тұрғын үй төлемдерін алушы тұрғын үй төлемдерінің сомалары туралы мәлімет алған кезде арнайы жеке шотында төленген тұрғын үй төлемдерінің жекелеген сомасының жоқ екенін анықтағанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адамға қате табылғаны туралы (құқыққа қайшы немесе артық аударылған және (немесе) аударылмаған тұрғын үй төлемдері) (бұдан әрі – қате аударылған) және тиісті мәліметтерді алу және жіберілген қателерді түзету шараларын қабылдау үшін банкке тұрғын үй төлемдерін аударғаны туралы кез келген уақыттағы төлем құжаттарының көшірмесін және төлем құжаттарына қоса берілетін жеке тұлғалардың тізімінен жеке өзіне қатысты үзіндіні ұсыну туралы баянат жолдайды.

      42. Егер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган тұрғын үй төлемдері сомаларын аудару кезінде жол берілген қателерді тапқан немесе қызметкердің қате тапқаны туралы баянатын алған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган қателерді кейінгі тұрғын үй төлемдерін аударуды реттеу арқылы түзетеді. Кейінгі тұрғын үй төлемдерін аударуды реттеу арқылы қатені түзету мүмкін болмаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган банкке осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қате аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтару туралы өтініш жасайды. Қате аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтару туралы өтінішке осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемдерін алған қызметкердің жеке арнайы шотынан қате есепке жатқызылған соманы есептен шығаруға келісім беру туралы өтініші қоса беріледі.

      43. Қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемдерін қайтару туралы өтініште: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның атауы және деректемелері (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), банктік сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), қайтару себебі, қателерге жол берілген төлем құжаттарының деректемелері (№, күні және сомасы), сондай-ақ жеке арнайы шотынан кері қайтару жүргізілетін алушының деректемелері және қайтарылуға тиіс жеке сомалар көрсетіледі. Өтінішке сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган басшысының немесе ол анықтаған тұлғаның және бас бухгалтердің қолы қойылып, мөрмен куәландырылуға тиіс.

      44. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемдерін қайтаруға арналған өтініші түскен кезде банк өтінішті алған күннен бастап операциялық он күн ішінде:

      1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның хатында көрсетілген тұрғын үй төлемдерінің қате түсу фактісін тексереді;

      2) қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемдерінің расталған түсімдері бойынша қайтару фактісінің болмауын тексереді;

      3) оның жеке арнайы шотына қате түскен ақшаны банктің есептен шығаруына бенефициардың келісімінің болуын тексереді;

      4) қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға қайтаруды жүзеге асырады немесе себептерін негіздей отырып, мұндай қайтарудың мүмкін еместігі туралы хабарлайды.

      45. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға қызмет көрсететін банк электрондық төлем тапсырмаларын ресімдеген кезде қате жіберген жағдайда банк "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жіберілген қателерді реттеу бойынша шаралар қабылдайды.

      46. Банктің кінәсі бойынша қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемдері сомаларын қайтаруға арналған өтініште: атауы мен бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), банктік сәйкестендіру коды (БСК), төлем құжаттарының көшірмелері, өткізу күні және қайтару себебі көрсетіледі. Өтінішке сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган басшысының немесе ол анықтаған тұлғаның және бас бухгалтердің қолы қойылып, мөрмен куәландырылуға тиіс.

      47. Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі банктен тұрғын үй төлемдерінің қате есепке жатқызылған сомасы түскен күннен бастап операциялық үш күн ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемдерін қайтару туралы хабарлайды.

      48. Қызметкердің жеке арнайы шотында қаражат болмаған жағдайда қызметкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган басшысының, ал ол болмаған кезде оның міндетін атқаратын адамның бұйрығының негізінде ағымдағы жылы заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның кассасына не кейіннен қалпына келтіру үшін екінші деңгейдегі банк арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік шотына, өткен жылдардағы төлемдер бойынша – тиісті бюджет кірісіне аудару үшін қалпына келтіреді.

      49. Қызметкер заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтарудан бас тартқан немесе қасақана жалтарған жағдайда өтеп алу сот тәртібімен жүргізіледі.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл жөніндегі уәкілетті
органның жедел-тергеу
бөлімшелерінің қызметкерлеріне
тұрғын үй төлемдерінің
мөлшерін есептеу, оларды
тағайындау, қайта есептеу,
жүзеге асыру, тоқтату, тоқтат
тұру және қайта бастау
қағидаларына
1-қосымша

      __________________________________________

      бойынша ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің есебі

      (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме)

Р/с № Құрылымдық бөлімшенің атауы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Төлемдер басталған күні Үміттеніп отырған тұрғынжайдың алаңы (2-қосымшаның 8-бағанынан) Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша өңірдегі тұрғынжайдың 1 шаршы метрін жалдау құны (теңгемен) Айына төлем сомасы (4-баған*5-баған) (теңгемен)
1 2 3 4 5 6 7







Қызметкер бойынша жиыны





Мемлекеттік мекеме бойынша жиыны





      Мемлекеттік мекеменің басшысы_______________ _______________________ (қолы) (тегі, аты жөні) Қаржы бөлімшесінің бастығы _______________ _______________________ (қолы ) (тегі, аты жөні)

      20 ___ жылғы "__" _________

      Ескертпе:

      1) ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің есебін мемлекеттік мекеменің қаржы бөлімшесі толтырады;

      2) 1-5-бағандардағы мәліметтерді осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекеменің кадр қызметі ұсынады.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл жөніндегі
уәкілетті органның жедел-тергеу
бөлімшелерінің қызметкерлеріне
тұрғын үй төлемдерінің
мөлшерін есептеу, оларды
тағайындау, қайта есептеу,
жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата
тұру және қайта бастау
қағидаларына
2-қосымша

Қызметкер алуға үміттеніп отырған тұрғынжай алаңының есебі

Р/с № Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Заңның 101-1-бабының талаптарына сәйкес қызметкер, оның ішінде отбасы мүшелері үшін тұрғынжайдың пайдалы алаңының нормасы (ш.м.) Тұрғын үйдің іс жүзіндегі (бар) пайдалы алаңы (ш.м) Үміттеніп отырған тұрғынжайдың алаңы 3-баған – 4-баған (ш.м.)
барлығы (5-баған+ 7-баған) қызметкер отбасы мүшелері
туыстық дәрежесі алаң көлемі
1 2 3 4 5 6 7 8








      Кадр қызметінің басшысы _______________ _______________________

      (қолы) (тегі, аты-жөні)

      20 ___ жылғы "__" _________

      Ескертпе: қызметкер алуға үміттеніп отырған тұрғынжайдың алаңы туралы мәліметті мемлекеттік мекеменің кадр қызметі толтырады.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл жөніндегі уәкілетті
органның жедел-тергеу
бөлімшелерінің қызметкерлеріне
тұрғын үй төлемдерінің
мөлшерін есептеу, оларды
тағайындау, қайта есептеу,
жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата
тұру және қайта бастау
қағидаларына
  3-қосымша
  Тұрғын үй комиссиясының төрағасы
  ___________________________
  ___________________________
  (тұрғын үй комиссиясының
атауы, тұрғын үй комиссиясы
төрағасының аты-жөні, тегі)
  кімнен ______________________
  ___________________________
  (қызметкердің лауазымы, тегі,
  аты, әкесінің аты (бар болса)

Баянат

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.09.2022 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      байланысты мені тұрғынжайға мұқтаж деп тануды және қызмет өткеру орны бойынша тұрғын үй төлемін тағайындауды сұраймын.

      Отбасы құрамы:

      (бірге тұрып жатқан отбасы мүшелері болған кезде көрсетіледі *)

Р/с

Қызметкердің және оның отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

ЖСН

Туыстық дәрежесі





      * отбасы мүшелері:

      1) жұбайы (зайыбы);

      2) сот шешімі негізінде бөлек тұратын алдыңғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан (ерлі-зайыптылықтардан) туған баланы (балаларды) қоспағанда, бала (балалар), оның ішінде ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің баласы (балалары);

      3) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, алдыңғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан (ерлі-зайыптылықтардан) туған мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) қоспағанда, ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүгедектігі бар баласы (мүгедектігі бар балалары), оның ішінде жасына қарамастан, бала кезінен мүгедектігі бар адам (мүгедектігі бар адамдар).

      Қосымша: құжаттар ______ парақта.

  _________________
  (қолы, күні)
  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл жөніндегі уәкілетті
органның жедел-тергеу
бөлімшелерінің қызметкерлеріне
тұрғын үй төлемдерінің
мөлшерін есептеу, оларды
тағайындау, қайта есептеу,
жүзеге асыру,тоқтату, тоқтата
тұру және қайта бастау
қағидаларына
4-қосымша

Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушы туралы анықтама (қызметкердің жеке ісіне тігу үшін)

      ______________________________________________________________________

      (қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Тұрғын үй комиссиясының 20 _ жылғы "__" _______ №____ хаттамасымен және_________________________бұйрығымен

      (мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы, күні, бұйрық нөмірі)

      20 ____ жылғы "____"______________________ бастап тұрғынжайға мұқтаж деп танылды.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 44-2) тармақшасына сәйкес осы қызметкер тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылады.

      Ағымдағы тұрғын үй төлемдері______________ теңгені құрайды.

      Тұрғынжайға мұқтаж деп танылған отбасы мүшелері туралы мәліметтер:

Р/с № Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Қызметкердің отбасы мүшелері Туған күні Тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күні Туыстық дәрежесін растайтын құжат
1 2 3 4 5 6

      Кадр қызметінің басшысы ______________ ___________________________ (қолы) (тегі, аты-жөні)

      20 ___ жылғы "__" _________

      Ескертпе: осы анықтаманы қызметкер қызмет өткеріп жүрген бөлімшенің кадр қызметі толтырады және оның басшысы қол қояды.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл жөніндегі уәкілетті
органның жедел-тергеу
бөлімшелерінің қызметкерлеріне
тұрғын үй төлемдерінің
мөлшерін есептеу, оларды
тағайындау, қайта есептеу,
жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата
тұру және қайта бастау
қағидаларына
5-қосымша

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік мекеменің атауы)

Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушы туралы анықтама (банкке ұсыну үшін)

      _______________________________________________________________________

      (Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Тұрғын үй комиссиясының 20___жылғы"____" _________ №____

      хаттамасымен 20____ жылғы "____"_____ бастап тұрғынжайға мұқтаж деп танылды.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 44-2) тармақшасына сәйкес осы қызметкер тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылады.

      Ағымдағы тұрғын үй төлемдері______________ теңгені құрайды.

      Мемлекеттік мекеменің басшысы ____________ ______________________ (қолы) (тегі, аты-жөні)

      20 ___ жылғы "__" ____________

      М.О.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл жөніндегі уәкілетті
органның жедел-тергеу
бөлімшелерінің қызметкерлеріне
тұрғын үй төлемдерінің
мөлшерін есептеу, оларды
тағайындау, қайта есептеу,
жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата
тұру және қайта бастау
қағидаларына
6-қосымша

      ___________________________________________________________________

      бойынша (мемлекеттік мекеменің атауы)

ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі

Р/с
Бөлімшенің атауы Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Отбасы құрамы Үміттеніп отырған тұрғынжай алаңы
(2-қосымшаның 8-бағанынан) (ш.м.)
отбасы мүшелері адам саны, оның ішінде қызметкер
1 2 3 4 5 6






Қызметкер бойынша жиыны




Мемлекеттік мекеме бойынша жиыны




      Мемлекеттік мекеменің басшысы ____________ ______________________

      (қолы) (тегі, аты-жөні)

      Тұрғын үй комиссиясының төрағасы ____________ _____________________

      (қолы) (тегі, аты-жөні)

      Кадр қызметінің басшысы ____________ ______________________

      (қолы) (тегі, аты-жөні)

      20 ___ жылғы "__" ____________

      Ескертпе: ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімін қызметкер қызмет өткеріп жүрген мемлекеттік мекеменің кадр қызметі толтырады.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл жөніндегі уәкілетті
органның жедел-тергеу
бөлімшелерінің қызметкерлеріне
тұрғын үй төлемдерінің
мөлшерін есептеу, оларды
тағайындау, қайта есептеу,
жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата
тұру және қайта бастау
қағидаларына
7-қосымша
  Тұрғын үй комиссиясының төрағасы
  ___________________________
  ___________________________
  ___________________________
  (тұрғын үй комиссиясының
  атауы, тұрғын үй комиссиясы
  төрағасының аты-жөні, тегі)
  кімнен _____________________
  __________________________
  (қызметкердің лауазымы, тегі,
  аты, әкесінің аты (бар болса)

Баянат

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.09.2022 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      байланысты Сізден ___________________________________________________

      тұрғын үй комиссиясының атауы

      ___________________________________________________________________

      тұрғын үй комиссиясының 20 ____ жылғы "_____" _______________ (күні) (айы)

      № ______ хаттамасына сәйкес тұрғын үй комиссиясының шешімімен тағайындалған ағымдағы тұрғын үй төлемін қайта есептеуді сұраймын.

      Отбасы құрамы:

      (бірге тұрып жатқан отбасы мүшелерінің құрамы өзгерген кезде көрсетіледі *)

Р/с

Қызметкердің және оның отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

ЖСН

Туыстық дәрежесі





      * отбасы мүшелері:

      1) жұбайы (зайыбы);

      2) сот шешімінің негізінде бөлек тұратын алдыңғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан (ерлі-зайыптылықтардан) туған баланы (балаларды) қоспағанда, бала (балалар), оның ішінде ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің баласы (балалары);

      3) сот шешімінің негізінде бөлек тұратын, алдыңғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан (ерлі-зайыптылықтардан) туған мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) қоспағанда, ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүгедектігі бар баласы (мүгедектігі бар балалары), оның ішінде жасына қарамастан, бала кезінен мүгедектігі бар адам (мүгедектігі бар адамдар).

      Қосымша: құжаттар _____ парақта.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл жөніндегі уәкілетті
органның жедел-тергеу
бөлімшелерінің қызметкерлеріне
тұрғын үй төлемдерінің
мөлшерін есептеу, оларды
тағайындау, қайта есептеу,
жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата
тұру және қайта бастау
қағидаларына
8-қосымша

Тұрғын үй төлемі туралы шарт

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.09.2022 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Бұдан әрі "банк" деп аталатын, ________ негізінде әрекет ететін ________________ банк атынан, бұдан әрі мемлекеттік мекеме деп аталатын, _____________ негізінде әрекет ететін _____________ атынан ____________________ мемлекеттік мекеме және бұдан әрі "Алушы" деп аталатын,_____________ берген 20__жылғы " " ______ №______ жеке куәлік негізінде әрекет ететін алушы __________________, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20__ жылғы "__" _____ №___ қаулысымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде төмендегі туралы осы шартты (бұдан әрі – шарт) жасасты:

1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) тұрғын үй төлемі – тұрғын үй төлемін алушыларға қызметтік тұрғынжай берудің орнына, сондай-ақ Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайда бюджет қаражаты есебінен арнайы ақшалай қамтамасыз ету түрінде төленетін өңірлер және отбасы құрамы бойынша сараланған ақша;

      2) жеке арнайы шот – алушыға тұрғын үй төлемін есепке жатқызу және белгіленген мақсаттарға төлемді жүзеге асыру үшін банкте ашылатын ағымдағы банктік шот.

2. Шарттың нысанасы

      2.1. Банк алушы анықтаманы (Қағидаларға 5-қосымша), мемлекеттік мекеме мен алушы қол қойған шартты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес ағымдағы шотты ашу үшін қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін алушының тұрғын үй төлемін алуы үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде ашылған мемлекеттік мекеменің тиісті шотынан алушыға теңгеде жеке арнайы шот (бұдан әрі – шот) ашады.

      2.2. Мемлекеттік мекеме тұрғын үй төлемі ретінде көзделген ақшаны алушының банкте ашылған шотына аударады.

      2.3. Алушы тұрғын үй төлемін Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарда пайдаланады.

      2.4. Банк алушының шотынан тұрғын үй төлемдерін аударуды оның нұсқауы негізінде жүзеге асырады. Төлем құжатында Заңның 101-5-бабында көзделген пайдалану мақсаттары көрсетіледі.

      2.5. Шот ашуды, жабуды, жүргізуді, сондай-ақ шот бойынша операциялар жүргізуді банк, мемлекеттік мекеме және алушы "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысына, Қағидаларға, банктің ішкі құжаттарына және шартқа сәйкес жүзеге асырады.

3. Шотты жүргізу

      3.1. Банк шот бойынша мынадай операцияларды жүзеге асырады және оған қызмет көрсетуге байланысты банк қызметтерін көрсетеді:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде ашылған мемлекеттік мекеменің тиісті шотынан қолма-қол ақшасыз жолмен келіп түсетін тұрғын үй төлемін теңгеде шотқа есепке жатқызады;

      2) осы шарттың 2.4-тармағына сәйкес шоттан ақша аударымын жүзеге асырады;

      3) осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес шот бойынша операцияларды тоқтата тұруды жүргізеді;

      4) алушының жазбаша келісімімен мемлекеттік мекемеге оның талап етуі бойынша, сондай-ақ алушыға шотта қалған ақша туралы және/немесе ақшаның шот бойынша қозғалысы туралы анықтама береді;

      5) осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік мекеме қате аударған ақшаны шоттан қайтарады.

      Банк осы тармақта көрсетілмеген операцияларды шот бойынша жүргізбейді.

      3.2. Банк шоттан қолма-қол ақша бермейді.

      3.3. Осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік мекеме қате аударған ақшаны шоттан қайтару кезіндегі комиссияға жұмсалатын шығынды қоспағанда, шот ашу, оған қызмет көрсету және ол бойынша жүргізілетін операциялар үшін комиссияны алушы төлем күні қолданыста болған банктің тарифіне сәйкес банк кассасына төлеу арқылы дербес төлейді. Мұндай жағдайда мемлекеттік мекеме қате аударған ақшаны шоттан қайтару кезіндегі комиссияға жұмсалатын шығын мемлекеттік мекеме есебінен банктің ағымдағы шотына аудару арқылы жүргізіледі.

4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      4.1. Мемлекеттік мекеме Қағидаларға және осы шартқа сәйкес алушының шотына тұрғын үй төлемін аударуға міндеттенеді.

      4.2. Мемлекеттік мекеме қате аударылған тұрғын үй төлемін осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіппен кері қайтарып алуға міндетті.

      4.3. Алушы:

      1) тұрғын үй төлемдерін Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға бағыттауға;

      2) мемлекеттік мекемені отбасы құрамы өзгерген кезде бұл туралы азаматтық хал актілері тіркелген және заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті куәлікті алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, бала кезінен мүгедектігі бар адамды (мүгедектігі бар адамдарды) қоспағанда, балалардың кәмелеттік жасқа толған күнінен бастап хабардар етуге;

      3) мемлекеттік мекемені тұрғынжайға мұқтаж мәртебесінен айырылған, сондай-ақ Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаған кезде бұл туралы тұрғынжайға мұқтаж мәртебесінен айырылған және осы міндеттемелер орындалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде хабардар етуге;

      4) шоттан ақша алушымен шарт бұзылған жағдайда мақсатына қарай пайдаланылмаған ақшаны шотқа қайтару бойынша шаралар қабылдауға міндетті.

      4.4. Алушы:

      1) шотта пайдаланылмаған тұрғын үй төлемінің сомасын жинақтауға;

      2) қайда қызмет өткеретініне қарамастан, Қазақстан Республикасының кез келген өңірінде тұрғын үй төлемін мақсаты бойынша пайдалануға;

      3) мемлекеттік мекеменің және банктің келісімімен тұрғын үй төлемінің пайдаланылмаған сомасын осы шартқа қосымша келісім жасасу арқылы бір банктен басқасына аударуға құқылы.

      4.5. Банк алушының операцияларының жария болмауына кепілдік береді.

      4.6. Банкке алушы өз деректемелерінің (жеке басын куәландыратын құжаттарының деректері, ЖСН, тұратын мекенжайы, телефон нөмірі, e-mail электрондық мекенжайы, факс нөмірі және банкке берілген құжаттарда қамтылатын басқа да мәліметтер) өзгергені туралы өзгерген кезден бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша хабарлауға міндеттенеді.

5. Есеп айырысу тәртібі

      5.1. Тұрғынжайға мұқтаж деп танылған әрбір алушы тұрғын үй төлеміне арналған шотты өзі ашады және оған қызмет көрсетеді.

6. Дауларды шешу тәртібі

      6.1. Осы шарт бойынша тараптар арасында туындаған даудың барлығы келіссөздер арқылы 10 (он) жұмыс күні ішінде шешіледі.

      6.2. Тараптар келіссөздер жүргізу арқылы келісімге келмеген кезде дау мүдделі Тараптың бастамасымен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген сот тәртібінде қаралады.

7. Қосымша шарттар

      7.1. Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар олар жазбаша түрде жасалған және Тараптар қол қойған жағдайда жарамды.

      7.2. Осы шарт Тараптардың келісімімен ғана бұзылуы мүмкін.

      7.3. Осы шарт Заңның 101-4-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда мемлекеттік мекеменің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.

      7.4. Осы шарт заңдық күші бірдей, әрбір Тарапқа бір-бірден үш данада жасалды.

      7.5. Осы шарт оған Тараптар қол қойған кезден бастап күшіне енеді.

      7.6. Осы шарттың талаптары құпия болып табылады.

8. Тараптардың жауапкершілігі. Жауапкершілікті болғызбау

      8.1. Тараптар осы шарт бойынша өздеріне алған міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, сондай-ақ Тараптардың келісімінсіз мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

      8.2. Кез келген жағдайда шарттың талаптары бұзылған кезде банктің жауапкершілігі банктің заңсыз әрекетімен/әрекетсіздігімен алушыға келтірілген нақты залал мөлшерімен шектеледі.

      8.3. Алушы шот бойынша үзіндіде көрсетілген шот бойынша операцияны даулау туралы өтінішті мұндай операцияны жүргізу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде беруге құқылы.

9. Тұрғын үй төлемі бойынша төлемді аудару кезінде қателер анықталған жағдайда алушының, мемлекеттік мекеменің және банктің іс-қимыл тәртібі

      9.1. Алушы тұрғын үй төлемінің сомасы туралы мәліметтерді алған кезде шотта төленген тұрғын үй төлемінің жекелеген сомасының болмауын анықтағаннан кейін мемлекеттік мекеменің басшысына қатенің (заңсыз немесе артық аударылған және (немесе) аударылмаған тұрғын үй төлемінің) (бұдан әрі – қате аударылған) анықталғаны және тиісті мәліметтер алу және жіберілген қатені түзету шараларын қабылдау үшін оған кез келген уақыт үшін банкке тұрғын үй төлемін аудару туралы төлем құжаттарының көшірмесін және төлем құжаттарына қоса берілетін жеке тұлғалардың тізімдерінен жеке өзіне қатысты үзінді көшірмені беру туралы жазбаша өтініш жібереді.

      9.2. Мемлекеттік мекеме қатені анықтаған немесе ол алушының тұрғын үй төлемінің сомасын аудару кезінде жіберілген қатенің анықталғаны туралы жазбаша өтініш алған жағдайда қатені мемлекеттік мекеме тұрғын үй төлемінің кейінгі аударымын реттеу арқылы түзетеді. Тұрғын үй төлемін кейінгі аударуды реттеу арқылы қатені түзету мүмкін болмаған кезде мемлекеттік мекеме қате аударылған тұрғын үй төлемін қайтару туралы өтінішпен банкке жүгінеді. Қате аударылған тұрғын үй төлемін қайтару туралы өтінішке қате аударылған тұрғын үй төлемін алған алушының қате есепке жатқызылған сомасын оның шотынан есептен шығаруға келісетіні туралы өтініш қоса беріледі.

      9.3. Қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемінің сомасын қайтаруға арналған өтініште: мемлекеттік мекеменің атауы мен деректемелері (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), банктік сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), қайтару себебі, қате жіберілген төлем құжаттарының деректемелері (№, күні және сомасы), сондай-ақ шотынан қайтару жүргізілетін алушының деректемелері және қайтарылуға тиіс жеке сома көрсетіледі. Өтінішке мемлекеттік мекеменің басшысы, қаржы бөлімшесінің бастығы (бас бухгалтер) қол қоюға және ол мөрмен расталуға тиіс.

      9.4. Қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемін қайтаруға мемлекеттік мекеменің өтініші түскен кезде банк өтінішті алған күннен бастап он операциялық күн ішінде:

      1) мемлекеттік мекеменің хатында көрсетілген қате тұрғын үй төлемінің түсу фактісін тексереді;

      2) қате есеп жатқызылған тұрғын үй төлемінің расталған түсімі бойынша қайтарымның болмау фактісін тексереді;

      3) банктің өз шотына қате түскен ақшаны есептен шығаруға бенефициар келісімінің болуын тексереді;

      4) қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемін мемлекеттік мекемеге қайтаруды жүзеге асырады немесе себептерін негіздеп, мұндай қайтарудың мүмкін еместігі туралы хабарлайды.

      9.5. Электрондық төлем тапсырмаларын ресімдеу кезінде мемлекеттік мекемеге қызмет көрсететін банк қателікке жол берген жағдайда банк жіберілген қатені "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеу бойынша шаралар қабылдайды.

      9.6. Алушының шотында қаражат болмаған жағдайда алушы мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығы негізінде мемлекеттік мекеменің бюджеттік шотына кейіннен қалпына келтіру үшін мемлекеттік мекеменің кассасына заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемін қалпына келтіреді.

      Бұл ретте алушы заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемін мемлекеттік мекеменің бюджеттік шотына қалпына келтіру үшін комиссияны төлем күні қолданыста болған банктің тарифіне сәйкес төлейді.

      9.7. Алушы заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемін қайтарудан бас тартқан немесе қасақана жалтарған жағдайда оны өтеу сот тәртібінде жүргізіледі.

10. Әртүрлі

      10.1. Шоттың құқықтық режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында айқындалады.

      10.2. Шарт оған сәйкес шот жабылғанға дейін қолданылады.

      10.3. Шотты жабу Тараптардың келісімі бойынша жүргізіледі.

      10.4. Алушы банктің мемлекеттік мекемеге шартта көзделген тәртіппен және шарттарда шот нөмірі, шот бойынша ақша қозғалысы, шотты жабу туралы ақпаратты және өзге де мәліметтерді беруіне келісімін береді.

11. Шартты өзгерту тәртібі

      11.1. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісімге қол қою арқылы енгізіледі.

12. Форс-мажор

      12.1. Тараптардың шарт бойынша міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамауы немесе тиісінше орындамауы осы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына тікелей әсер еткен күтпеген мән-жағдайдың, атап айтқанда: орындауға тікелей әсер еткен қауіпті табиғи құбылыс, өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, эпидемия, соғыс іс-қимылы салдарынан болса, мұндай орындамау үшін жауапкершіліктен босатылады.

13. Тараптардың орналасқан жері мен төлем деректемелері

Мемлекеттік мекеме:
_______________________
(толық атауы)
________________________
(мекенжайы)
________________________
(телефон)
________________________
(аты-жөні, тегі)
________________________
(қолы)
20__ жылғы "__" _____

М.О.

Банк:

________________________

(толық атауы)

________________________

(мекенжайы)

________________________

(телефон)

________________________

(аты-жөні, тегі)

________________________

(қолы)

20__ жылғы "__" _____

М.О.

Алушы:

_________________________

_________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

_________________________

(ЖСН)

_________________________

(мекенжайы)

_________________________

(телефон)

_________________________

(қолы)

20__ жылғы "__" _____

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл жөніндегі уәкілетті
органның жедел-тергеу
бөлімшелерінің қызметкерлеріне
тұрғын үй төлемдерінің
мөлшерін есептеу, оларды
тағайындау, қайта есептеу,
жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата
тұру және қайта бастау
қағидаларына
9-қосымша

Қызметкерлердің тұрғын үй төлемдері және жеке арнайы шоттары туралы шарттарды тіркеу журналы

Р/с № Тіркеу күні Тұрғын үй төлемдерін алушы қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Тұрғын үй төлемдері туралы шарт  
Банктің атауы
Қызметкердің жеке арнайы шотының нөмірі
күні
1 2 3 4 5 6 7







      20 ___ жылғы "___" __________ _____________________________ (қала, ауыл)

      Ескертпе: Қызметкерлердің тұрғын үй төлемдерін және жеке арнайы шоттары туралы шарттарды тіркеу журналын мемлекеттік мекеменің қаржы бөлімшесі толтырады.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл жөніндегі уәкілетті
органның жедел-тергеу
бөлімшелерінің қызметкерлеріне
тұрғын үй төлемдерінің
мөлшерін есептеу, оларды
тағайындау, қайта есептеу,
жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата
тұру және қайта бастау
қағидаларына
10-қосымша

Тұрғын үй төлемдерін алушының № _________ талдамалық есепке алу карточкасы

  ЖСН _______________________
  Жеке арнайы шоттың нөмірі
  ___________________________
  Банктің атауы________________
  ___________________________

      ______________________________________________________________________

      (қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      тұрғын үй комиссиясының 20__ жылғы "__" ________ №__________ хаттамасымен және _________________________________________________________________

      (мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы, күні, бұйрық нөмірі)

      бұйрығымен:

      1) 20_____ жылғы "___" ____________ бастап тұрғынжайға мұқтаж деп танылды;

      2) ағымдағы тұрғын үй төлемдері ________________ теңгені құрайды;

      (сома)

  келесі беті

Р/с№ Кезең Басындағы сальдо (теңгемен) Бір айда есепке жазылды (теңгемен) Аударылды Соңындағы сальдо
Сома (теңгемен) төлем құжатының нөмірі, күні төлем құжатының сомасы
1 2 2 3 4 5 6 7

1

Қаңтар







2

Ақпан







3

Наурыз







4

Сәуір







5

Мамыр







6

Маусым







7

Шілде







8

Тамыз







9

Қыркүйек







10

Қазан







11

Қараша







12

Желтоқсан







 Жиыны

0


0

х

х


      Мемлекеттік мекеменің басшысы ____________ ______________________

      (қолы) (тегі, аты-жөні)

      Қаржы бөлімшесінің басшысы ____________ ______________________

      (қолы) (тегі, аты-жөні)

      Кадр қызметінің басшысы ____________ ______________________

      (қолы) (тегі, аты-жөні)

      20 ___ жылғы "___" __________

      Ескертпе: тұрғын үй төлемдерін алушының талдамалық есепке алу карточкасын мемлекеттік мекеменің қаржы бөлімшесі толтырады.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл жөніндегі уәкілетті
органның жедел-тергеу
бөлімшелерінің қызметкерлеріне
тұрғын үй төлемдерінің
мөлшерін есептеу, оларды
тағайындау, қайта есептеу,
жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата
тұру және қайта бастау
қағидаларына
11-қосымша

Мемлекеттік мекеменің тұрғын үй төлемдерінің қате аударылған сомаларын қайтару туралы өтініші

      1. Тұрғын үй төлемдерін төлеушінің деректемелері

      1.1 ________________________________________________________

      (мемлекеттік мекеменің атауы)

      1.2. БСН ___________________________________________________

      1.3. БИК____________________________________________________

      1.4. ЖСК___________________________________________________

      2. Қате аударылған төлем тапсырмасының деректемелері

      2.1. № ______________________________________________________

      2.2. 20____ жылғы "___" _____________ № ______________________

      2.3 Төлем тапсырмасының жалпы сомасы________________________

      3. Тұрғын үй төлемдерін алушы қызметкердің деректемелері

      3.1 Тегі _____________________________________________________

      3.2 Аты _____________________________________________________

      3.3 Әкесінің аты (бар болса) ___________________________________

      3.4 Туған күні _______________________________________________

      3.5 ЖСН ____________________________________________________

      3.6 Жеке арнайы шотының нөмірі ______________________________

      3.7 Тұрғын үй төлемдерін алушының төлем сомасы _______________

      3.8 Қайтарылуға тиіс сома _____________________________________

      4. Қайтару себебі _____________________________________________

      ____________________________________________________________

      (қайтаруды талап ететін себеп көрсетілсін, мысалы, қызметкер жұмыстан шығарылды, механикалық қате, банктің қатесі және т.б..)

      Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргізуді сұраймыз:

      Мемлекеттік мекеме _________________________________________

      БСН _______________________________________________________

      БИК _______________________________________________________

      ЖСК ______________________________________________________

      5. Мемлекеттік мекеменің басшысы_____________________________

      (тегі, аты-жөні, қолы)

      6. Қаржы бөлімшесінің басшысы________________________________

      (тегі, аты-жөні, қолы)

      7. Бас бухгалтер______________________________________________

      (тегі, аты-жөні, қолы) М.О.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл жөніндегі уәкілетті
органның жедел-тергеу
бөлімшелерінің қызметкерлеріне
тұрғын үй төлемдерінің
мөлшерін есептеу, оларды
тағайындау, қайта есептеу,
жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата
тұру және қайта бастау
қағидаларына
12-қосымша

Тұрғын үй төлемдерін алушының жеке арнайы шотынан қате есептелген сомаларды есептен шығаруға келісімі туралы өтініш

      Мен, ________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні)

      ЖСН_____________________________ __________ менің жеке арнайы шотыма

      _____________________________________________ көлемінде (сома жазбаша)

      (қате есептелген тұрғын үй төлемдерін бірнеше төлем тапсырмалары бойынша қайтару қажет болған жағдайда әр төлем тапсырмасына қайтарылуы тиіс сомалар бөлек көрсетіледі) қате аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтаруға келісім беремін.