"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Кәсіпқор" холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамы "Talap" коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. "Кәсіпқор" холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2012 – 2021 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1751 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 979 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Нұр-Сұлтан қаласы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-129-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"21-129. "Talap" КеАҚ".
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 222-33-7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"222-33-7. "Talap" КеАҚ".
3. "Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысында:
Премьер-Министрдің ұсынысы (ұсынымы) немесе оның келісімі бойынша бірінші басшылары қызметке тағайындалатын немесе қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімінде:
реттік нөмірі 29-жол алып тасталсын.
4. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
реттік нөмірі 48-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"48. "Talap" комерциялық емес акционерлік қоғамы.".
5. "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:
"Ұлттық компаниялар" деген бөлімде:
реттік нөмірі 36-жол алып тасталсын.
6. "Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 шілдедегі № 785 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық ғылыми кеңестердің құрамында:
"Мәңгілік ел" ғылыми негіздері (XXI ғасырдағы білім беру, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер) деген бөлімде:
реттік нөмірі 17-жол алып тасталсын.
7. "Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 116-ө өкімінде:
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамында:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Кәсіпқор" холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша) деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Talap" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)".